11 сыныпқа арналған қазақ тілі. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт — Дауллетбекова Ж., Рай К., Юсуп П., Сарыбаева А.
Аты: | 11 сыныпқа арналған қазақ тілі. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт |
Автор: | Дауллетбекова Ж., Рай К., Юсуп П., Сарыбаева А. |
Жанр: | Қазақ тілі |
Баспагер: | Атамура |
Жылы: | 2020 |
ISBN: | 978-601-331-762-5 |
Кітап тілі: | Қазақ |
Жүктеп алу: |
Бет - 1
АЛҒЫ СӨЗ
Құрметті оқушылар! Міне, мектеп қабырғасында «Қазақ тілі» понінен алған білімдеріңді қорытындыдан, жинақтайтын соңғы межеге де жеттіңдер. Он жыл бойы ана тілінің қадір-қасиетін сезіндіретін сан алуан тілдік құбылыстармен, заңдылықтармен танысын, қазақ тіл білімінің ғылыми негіздерінен хабардар болдыңдар.
Бүл сыныпта меңгеретін білімдерің осыған дейінгі білім-біліктеріңді жетілдіреді. Сендер нақты лексикалық тақырыптармен қатар, шешендік сөздің негізгі категорияларын - ойталқы, ойкөкпар, пікірталас, әңгіме және дөңгелек үстел, айтыс, көпшілік алдында сойленетін сөздің ерекшелігі сынды шешендік шеберлікке қажетті дағдыларды оқып-үйренесіңдер. Лексикалық тақырыптар аясында берілген оқу мақсаттарына сай сөзді дүрыс қолдану шеберліктеріңді арттырасыңдар.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты - ойларыңды жүйелі, дәйекті, түсінікті етіп жеткізу, яғни коммуникативтік мүмкіндіктеріңді жетілдіру. Ал міндеті - шешен сөйлеудің шарттары мен қоғамдық-өлеуметтік мәні, тіл жүмсаудагы стильдің түрлері мен оны қолдану жолдары туралы ұғым бере отырып, сөз саптау тәсілдерін меңгерту.
Нақты тақырыптар шеңберінде берілген мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу, мәтін мазмұнын сыни түргыда бағалау, стильдің табиғатын меңгеру, мәтіндегі негізгі ойды анықтау, мәліметтер мен пікірлерді өңдеу, толықтыру сынды мақсаттар көзделген.
Оқулықтагы оқу материалдары қазақ тілінің шешендік онер, соз, пікірталас мәдениетіне қатысты теориялық тұжырымдармен ұштасты рыла берілген.
Одеби тіл нормалары мен мәтін мазмұнын тереңірек меңгерту мақсатында түрлі формада (жеке, жүптық, топтық) орындалатын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) тапсырмалар кешені дайындалған.
Ор бөлімнің соңында бөлім бойынша өткен материалды қорытуға және өзіңді тексеруге арналған тапсырмалар жүйесі де қарастырылды.
ООК-і оқулық және мұғалімдерге арналган оқыту әдістемесінен түрады.
Ана тілінің ғажайып сөз байлығын, теңдеесіз соз оралымдарын, шешендік сырларын терең түсінуге ұмтылыңдар.
Сендерге сәттілік тілейміз!
Авторлар