Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев
Аты: | Ғибратты ғұмыр |
Автор: | Қ. Сұлтанғалиев |
Жанр: | Казахская проза |
Баспагер: | «А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе |
Жылы: | 2003 |
ISBN: | 9965-691-36-3 |
Кітап тілі: | Қазақ |
Страница - 22
АБЗАЛ ATA ЕСТЕЛІГІ
Мен онымен әрдайым сырласып жүремін. Әр сырласу санама соны суреттер салады. Онымен коймай ойлантып, толғантады. Абзал атаға деген сүйіспеншілігімді арттыра түседі.
Жуыктағы бір әңгіменің әсері мүлдем өзгеше. Бұл жолы Баязи Мұханұлы алдыма сұрапыл жылдар окиғасын жайып тастады.
-Ел басына күн туған кезде әрбір ер-азаматтың ұраны: «Бәрі де Отан үшін, бәрі де майдан үшін!» болатын, - деді ол әжімді жүзін суытып. - Еңбек те, ерлік те соған арналды. Ақыры жеңіп шыктык. Бірак, 1418 күн мен түн сарыла күткен сол Жеңіс канша кымбатка түсті десешзші?! Талай боздак кыршынынан киылып, талай кала мен село қирады. Ең жеңілі денедегі жаракат болсыншы. Оның өзі де көрген көзді каймыктырмай коймайды.
Бәкең осыны айтты да селеу шашы әзер-өзер жасырып түрған жаракатын көрсетті. Бас сүйекте карлығаш ұясындай ойык тұр. Жүрегім оқыс дір ете түсті.
- Майданға, - деді ол әңгімесін жалғастырып, - 1942 жылдың 11 июнінде Қосшағылдан аттанғанмын. Содан маршал Мерецков баскарған Волхов майданынан бір-ак шыктым. 3139-шы номерлі винтовка тиді. Байланысшы болдым. Сөйтіп, жүргенде катты жаракаттанып, 1943 жылдың 1 июлінде елге оралдым. Келе сонау 1925 жылдан жаныма серік болған мұғалімдігіме қайта кірістім.
Иә, Баязи Мұханұлының жауынгерлік өмірбаяны мұнымен аякталмайды. Оның куәгері уакыт сарғайтса да мөнін жоймаған документтер.
Бірінші документ - Бас қолбасшыға 1944 жылы жолданған телеграмма. Онда былай делінген: «Қазак ССР Жылыой ауданыныц Абай атындағы Құлсары орта мектебінің оқытушылары мен окушылары Кызыл Армияньщ кас дұшпанға — неміс фашизміне карсы үрыстағы тамаша жеңістерімен рухтанып, өз қорынан танк жасауға 17000 сом берді. Қызыл Армия Сіздін данышнандық басшылығыңызбен жауды біржолата талқандап шыкқанға дейін оны аяусыз қирата берсін!
Мектеп директоры Шокеев, комсомол комитетінің секретары Баймүханова, оқытушылардан: Монастыренко, Нургалиева, Меңдияров, окушылардан: Қүлынбаев, Соболев, Саксонова, Токсанбаев».
Екінші документ - Бас қолбасшының 1944 жылғы 8 майдағы жауап телеграммасы. Онда былай делінген: «ҚазакССР, Гурьев облысы, Жыльюй ауданы Абай атындағы орта мектеп директоры Шөкеевке, комсомол ұйымының секретари Баймұхановаға, окытушылар: Монастыренкоға, Нұрғалиеваға, Меңдияровка, оқушылар: Құлынбаевка, Соболевке, Саксоноваға, Токсанбаевқа.
Абай атындағы Құлсары орта мектебінід танк жасауға 17 мың сом жинаған окытушылары мен оқушыларына менің ыстык сәлемімді және Қызыл Армияныц алғысын тапсыруыңызды сұраймын».
Үшінші документ - генерал-майор Липодаевтың хаты. Онда былай делінген:
Абай атындағы Құлсары орта мектебінің окытушылары мен оқушылары жіберген каражатқа танк жасалып, подполковник Шешин баскаратын бөлімге берілді (67973 дала почтасы).
Бұл туралы танк жасау үшін қаражат жинағандардың бәріне хабарлауыңызды өтінеміз».
Бакен асыл казынадай сактап жүрген документтерін мұкият жинастырып, бізбен қош айтысты.
Мен жетпістің жалынан тарткан абзал ата - Шөкеев Баязи Мұханүлымен өрдайым сырласып жүремін. Өр сырласу санама соны суреттер салады. Онымен коймай ойландырып, толғандырады.
Кеудесі күйсандык іспеттес осындай жандардьщ бізбен катар жүргені кандай жаксы, қандай жарасымды!
ЖЕҢІМПАЗДАР ОРТАСЫНДА ӨТКЕН ОТЫЗ МИНУТ
- Айдарларынан жел ескен жарыс жүлдегерлері мен женімпаздарды іздесеңіз, консерв цехында болганыңыз жөн. Коллектпивтпің 105 мүшесі қазірдің езінде он бірініші бесжылдық есебіне еңбек етуде («Гурьеврыбпром» өндірістік бірлестігі партия комитетінід секретари Ғ.Мүрсалиевтың эңгімесінен).
- Ә, ә, қош келдіңіз! Біздің цехтың өзіндік өрнегі мен өнеге-өсиеті, ерен еңбегі мен мерей мұраты талайларды тамсандырган. Ортамызда аз болсацыз айыптамаймыз, көп болсацыз қуанамыз (Бұл - консерв цехи партия ұйымынын секретары Ә.Таңжарықовтың жүрек жарды сөзі).
...Балык өндеушілер бөлмесі. Тамаша сурет: ак желеңді кыз-келіншектер тізбегі айдындағы аккулар секілді; толассыз кимылдаған ақ білектер мен сүйрік саусактар комданған канаттардан бір аусайшы!
Міне, жүлге куалаған бос калбырлар жоғарыдан төмен карай кұлдырай ағылып жатыр, ағылып жатыр... Олар сәлден кейін балыкка толып, тағы бір жүлгемен ілгері жөңкілді. Байкасам, сол қалбырларға «салмак арткан» өнім мынау аккудай тізілген арулар колынан өтіп жатыр екен-ау.
Аз-кем аягарылып калғанымызды аңғарған цех бастығы Таисия Никитична Вьюркова сөз бастап кетті.
- Цехтың нағыз шамшырактары міне осында. Анау шеткі кондырғы жанында Хадиша Шәріпова тұр. Одан кейінгілер Балажан Тәжікенова мен Макпал Ідірісова. Айнаш апай бүгін демалыста.
- Онда бұл бөлмені цехтың үлкен отауы деген дұрыс болар.
- Ия, солай...
Бүгін оныншы бесжылдыктың елу сегізінші айына риза көңілмен нүкте койғалы жаткан коллективтің енбек тынысы алыптын адымын таныткандай. Бес жылда еңбекші дастарханына 94 миллион шартты кұты консерв ұсынуды жоспарлаған балық өңдеушілер әркез уәде биігінен көрініп келеді. Қазірдің өзінде кулинария тағамдары, азыктык үн жөніндегі жылдык жоспар асыра орындалды. Ал, бекіре тұкымдас балык өнімдерінен консерв жасау көрсеткіші бұрын болып көрмеген дөрежеге жетіп, 280 проценттік межеден әрі асып түсті. Өнімнің үш түріне мемлекеттік сапа белгісі берілді.
Цех коллективі осы каркынмен декабрьдің бірінде бесжылдык, жиырма сегізінде жылдық жоспарды орындап шықпақ.
Таисия Никитична тағы да шалки сөйледі.
- Құсты канат, ерді талап ұшырар дегендей, еңбек озаттарының игі ісі, берекелі бастамасы данқымызды асырып-ак келеді. Коллективімізде съезд карсаңындағы дүбірлі жарыстан шашау қалған біреу жоқ. Сонда да болса съезд ашылатын күнге сегіз, жеті жылдык жоспарды шашу етуге серт берген Айнаш Байжігітова, Хадиша Шөріпова, Жанипа Өмірзакова, Мұхит Құстанов шоқтығының биік тұрғаны сөзсіз, - деді ол. Біз консерв цехынын өзіміз «Үлкен отау» деп атаған бөлмесінен алыстап барамыз. Онда өткізген отыз минуттың әсері жүрегімізге жылу кұйып, еңбек каһармандарының өр кимылды сом тұлгалары көз алдымыздан кетпей қойды.