Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов
Аты: | Абай жолы 1 кітап |
Автор: | Мұхтар Әуезов |
Жанр: | Литература, роман |
Баспагер: | |
Жылы: | 1997 |
ISBN: | |
Кітап тілі: | Қазақ |
Жүктеп алу: |
Страница - 18
“Бұл не қылған бөгде кісі екен? Білейінші” деп ойлап, Базаралы тосып калған. Аздан соң Қарашаның аулындағы шеткі үйдің тұсына екі атты кісі келді. Ол үй Абылғазынын отауы болатын. Алтылардың біреуі сонда калды да. екіншісі бері жүрді.
Базаралы ең әуелі Аккүйрык атты таныды. Балағаздың жалғыз аты. Белгілі жүйрік Аккүйрык ат. бүгін бір суыт жүріс көрген сияқты. Ши- рыға түсіп, сумаңдап келеді екен. Әуелде Базаралы: “Бұлар бозбалалык қылып жүр екен-ау!” деді.
Бірақ өзі орнынан қозғалмай, бой көрсетпей отырып байқаса, олай емес. Балағаз сойыл сүйретіп келеді. Базаралының жүрегі түршігіп кетті.
Өңі сұп-сұр боп, қадала калды. Енді көгалға жантайып жатып, білінбей бакыламак болды.
Дәл ауылға такай бергенде, Балағаз Аккұйрыктың басын тартып, ақырын ғана ілбіп келді, тіпті, жақындаған кезде атынан түсігі, жаяу жетектеп ап, ең әуелі колындағы сойылын өз отауының белдеуіне шаныш- ты. Күндеп тұратын орны сол болатын.
Осыдан кейін Аккұйрыкты жетектеп алып, ауыл касындағы бір жықпыл жартастың арасына қарай тартты. Базаралы байқап отыр. Аққұйрык кан сорпа боп келген сияқты. Мезгілсіз жүрген жігіт, өз жүрісін өз аулынан да жасырмақ көрінеді.
Аздан соң атын тас арасына бекітіп тастап, жалғыз кайтып кеп, үйіне кірді. Базаралы ел тұрганша ұйықтаған жок.
Қараша аулының сыртында да киын тастар бар болатын. Соған апарып бекіткен Абылғазының атын да көріп кайтты. Енді Базаралыда тақат жок. Іші толган ызалы, долы ашу. Үй ішіне үн қатпай, сұрлана береді. Анда-санда дірілдей түсіп, қиналып қалады.
Түс ауғанша бірдеңені тоскандай болатын. Ойлағандай, түс кия берген кезде, көрші ауылдан қайтқан Қаумен тағы бір хабар әкелді. Өткен түнде Ырсай жылқысы алыныпты.
Осы хабарды Базаралы есіткен кезде, Балағаз да ауыр ұйқыдан тұрып, тысқа шығып жүр екен. Базаралы беліне белдігін буынып, бір жаққа баратын кісі сияқты әзірленіп алды да, әкесіне келді.
— Сөйлесетін жай бар еді. Тысқа шығайықшы! — деп, әкесін ертіп шығып, дөң басына қарай бастады. Жолшыбай өзі дауыстап Балағазды да шақырды.
Ұзын бойлы, қапсағай денелі, қара сұр жігіт Балағаз да келді.
Аздан сон Базаралы қабағын түйіп ап, әкесіне суық карады. Әрқашан нұрланып тұратын қызғылт жүзі аппақ сүр болып, қанын ішіне тартып апты. Үлкен өткір көздері қанталап, қызарып кетіпті. Демі дірілдеп, даусы катты шыкты.
— Әке, жыртық лашықтың да шүкірі бар. Қарақасқа кедей болсам да, қара ниет болмаспын деуші ең. Жамандық сенің жатың. Қасиетің сол еді. Сен қартайған шағында бізді қара басайын деді ме?., — деп, үні бұзылып, тоқырап калды.
— Не дейді? Мына шіркін не деп отыр?! — деп, Қаумен үркіп калып, Балағазға карады. Балағазда үн жоқ. Базаралы іле жөнеліп:
— Оған қарама, маған қара! Менен сұра!.. Әнеугүнгі Майбасар жылқысы мен өткен түнде алынған Ырсай жылқысының ұрысы табылды. Үрысы — тап мынау отырған сенін ұлың, Балағаз, — деді.
Қаумен шошып кетті.
' ■ - — Не дейді?.. Не дейсін?
— Солай... сүйдеймін. Кәне, танып көрші? — деп, Базаралы енді ағасына қадалды. Балағаз да ашулы еді. Қоркақ емес-ті. Мынау жерде қысылса да, есінен айрылған жок.
— Айт! Не кордін, не білдің? Не деп ширығып отырсың? Жөніңді айтшы!
— Таңертең Абылғазы екеуің үрланып келгенде, мен тыста отыр- ғам. Аттарың анау тастарда казір осы шаққа шейін суып тұр. Өлсең де, шыныңмен өлші, тым кұрымаса... Ұрладың ғой. Танба’ Еркек болсаң, шыныңды айтшы! — дегенде, Балағаз жалтарған жок.
— Рас... Айтканын рас! — дей берді.
Қаумен өмірде естімеген сұмдығын коргенлей, сескеніп кетіп:
— Балағаз, кұдай төбеңнен ұрсын! Уа, құлай тобеннен ұрсын, Балағаз!.. — деп, зарлай берді.
Каре ысында отырған ағасына Базаралы каггы жирене карап кап, бір сәт қалшылдап кайнан кетті де, үн катластан тап берді. Қауменнің екі ұлы да арыстай үлкен, кабыландай қайратты болатын. Екеуінің қол- аяқтары, емен шоқпарлармен кагысқандай сатыр-сұтыр тиісті. Балағаз асығыста орнынан тұра алмай калып еді. Бірак лезде ашу шақырып, айла тауып, Базаралыны аяқтан қағып қалды. Інісі сүріне бергенде, сол бейімдеген жағына қарай қойып жіберіп, қүлатардай боп еді. Бірак бүдан гөрі айлаға басымырақ келген Базаралы майыса беріп, жалт бұрылды. Шапшаңдығы шалқыған жалындай боп, лап беріп кеп, Балагазды бас салды. Жыға сала, сол қолымен кеңірдектен буындырып жатып, оң қолын қынына сермен, өткір сары пышақты жарқеткізіп жұлып алды... Тізерлеп жатып, даусы шыкпай, қырылдап түрып:
— Бауыздаймын! Ағам болмақ түгіл, әкем бол!.. Жок қыламын! — деп, сары пышакты Балағаздың кенірдегіне тақап калды. Жалғыз-ақ Ба- лағаздын тыпыры мен ссрмслген қолдары ғана бөгеп жатыр.
Ағасынан Базаралының күші басымдап кетті. Сығымдап түрып жеңіп ап, енді бауыздарманға келіп еді. Сол уақытта мұның оң қолына әкесінің қос қолы кеп жабысып капты.
— Тоқтат! Ой, кет, ит! Не болды, екі ит?! Тұр былай! — деп кеп, Қаумен Базаралыны сүйреп алды.
Балағаз інісінің шеңгелінен босап, басын көтере берді. Бірак енді алысуды ойлаған кісі емес. Ес жиып, баскаша күш талқандай. Базара- лыға кінәлай қарады да:
— Ой, шіркін! Итте болсаң, ұяласымсың. Кіші басыңмен кеудеме шыққаныңды не дейін! Қиналсам да сол үяластығынды қиям ба? Білген ақылын со ма? — деп, соңғы сөзін зекіп, ақырып айтты.
Базаралыда үн жоқ. Түйіліп отырып қапты. Балағаз енді түзеліп ап. сатырлатып сөйлеп, суырыла жөнелді.
— Сен сұрадың, іріккенім жок! Сырымды аштым’ Тансам, қайтіп мойныма салар едің? Ұрыға мал азба? Мына тұрған Керсйді торып келдім десем, не дер едің. Құнанбай түгіл, кұдай болсын, із-тозын тауып көрсінші, кәне! Танытпайтын, таптырмайтын кып істедім. Бірак осы істегенім ұрлық па? Сұрасаншы. білсенші! Басым үшін істеп отырмын ба? Ауқымым үшін істеп отырмын. Арамға жерік боп істеп отырғам жок. Жиреніп істейім. Бірак істегенім істеген. Мен — жокпын, ол — бар. Менің жоқтығым оған барлыкбоп жабысқан. Жерім кайда? Кегім, есем кайда? Оның несі құриды? Асып-төгіліп жаткан артығы ғана шашырайды. Менің
аш-арығым өлімнен калады. Бойыма жимаймын. Айналамды ажалдан алып калам... Басым кетсін, маған десе. Бұл жолымнан тоқтатпайсың... Бардан алам, жокка берем. Жаман, сасык ұрыңды тапкан екенсің? Мен ұрысы емеспін, өшімін. Жок-жітікке, әлсізге тисем, айтсаншы!.. — деді.
Қаумен Балағазбсн салғыласқан жок. Айтқан сөзіне бойлаған да жок. Оның шошынғаны жалғыз-ак жай. Баласы не десе де, Қаумен қазанына кісі асын салмайды. Сондықтан бір-ақтүйіп байлағаны — Балағаз- ды өз қасынан қуу болды.
— Көш’ Көш! Қасымнан кет!.. Көрмеймін! Қазір көш! — деп бұйрық берді.
Базаралы үндеместен түйілді де, катып қалды. Әкелі-балалы туысқандар осы орнынан айрылысқан шағында, үшеуі үш бөлек ойда. Бір- бірінен шалғай болатын. Балағаз Қауменнің бұйрығын орындап, дәл осы күн көшті де, Қарашаның аулына косылды.
Сонда барысымен торт-бес күн өткен сон, Құнанбайдың дәл өз аулынан бес жылқы алды. Балағазға серік болған жігіттер аз ғана болатын. Әзірше бұлар Абылғазы мен Әділхан ғана. Осы үшеуі өз жүрістерін үлкен есеппен, еппен істеген.
Бұлар ең әуелі алыстағы Найман ішінен дәл өздеріндей үш-төрт жігіт серік тапты. Олар да жұт пен жокшылык салдарынан атка мінгендер. Шетінен шешен, ер, өжет жігіттер болатын. Жаз ортасында Аягөздің ар жағына жолаушы жүріп барып, Абылғазы сол жігіттермен сөз байласып кайткан.
Екі жағының да анык кесіскен байлауы өзді-өз ортасының мықты- ларын, калың шоғырларын торымак. Әлсізге тимекші емес. Сонымен, Семіз-Найман, Садыр, Матай ішіндегі Құдайсүгір, Қаптағай, Жұмакан сияқтылардан аналар алады. Тобықты ішінде Құнанбай, Ырғызбай, Қаратай. Сүйіндік сияқтылардан мыналар алады. Бұлар ешуақытта қалың шоғыр боп жүрмейді. Жалғыз аяқ жүргінші сиякты ғана болады. Тағы бір тәсілдері: Тобықты жігіттері Найман ішіне барғанда, өз қолдарымен мал алмайды. Ондағы жолдастары кімнен алуды, қанша алуды өздері шешіп, өздері шығарып береді. Тобықты ішінде Балағаздар да сөйтеді.
Екі жағы да жол мен жерге аса жүйрік. Жолшыбай кай сулар елсіз, кандай даламен жүргінші аз жүреді? Қандайлық елеусіз адырлар, сай- салалар бар - баршасын жаттап алыскан. Екі топтың да ең үлкен айласы қуғыншы мен жоқшыны адастыруға жұмсалады. Бұл орайда бөрінен шебер Балағаз. Өзі тапкан айла-тәсілін бар жолдастарына ол үнемі үйретіп отырады.
Сөйтіп, айналдырған алты-жеті жігіт, тура екі дуан елдің жуан-жуан жерлеріне құйындай соқтықты. Өншең өжет жандар, ұялас бөрідей тиді.
Құнанбай мен Байсалдардың ақылын тауысқан бір нәрсе: мал алушы жаулардың бірде-бір уакыт көзге түспейтін тығылғыштығы болатын.
Әрдайым таң ата жылқы алынғаны білінісімен, жок караушылар жабыла атка мінеді. Екіден-үштсн бөлініп ап, шапқылап отырып, айна-
ланың бәрін сүзеді. Керей, Найман, Қаракесек жақтарға кететін жау болса. соларды еріксіз көрсететін тұрғы-түрғынын бәрін алады. Күні бойы тас-тастан қарауыл қарап отырады.
Бірақ әрқашан: “Үшкан шыбын, жорғалаған қоңыз жоқ” деп қайтып келеді. “Іште қалады! Шынғыс ішіне тартады!” деп, ол жакты да арылтады. Сонда да дерек болмайды.
Балағаз болса, өз айласын қатерге сүйеп, үлкен ерлікпен істейтін. Ол қадалған аулынан қалаған малын алысымен каша жөнелмейді. Най- манға да тез жөнелтпейді. Кайта бес-алты күн өткенше, жүрт аяғы ба- сылғанша, Тобықтының өз ішінен тапжылгпайды. Алысқа да әкетпейді. Тіпті, сол мал жоғалтқан ауылдың дәл өзінің қасында, кой орісіндсй ғана жерде жүреді. Сезікті болатын қиындарға, қарауыл биіктерге әсте жоламайды. Бұл жазда ол жерлерді шалғыншылар ғана кезетін. Бір алғанда, жылқыны бес-алтыдан артық алмайды. Сол топты жылқы ішінен шығарып алысымен, Балағаз өз жігіттеріне тегіс мінгізіп қояды.
Жылқы алардың алдында бұл жолдастарын жаяу ұстайды. Оларда жүген мен ішпектен баска түк болмайды. Түн ішінде елеусіз бір адырларға соларды әкеп тастайды да, Балағаз, Әділхан, Абылғазылар жылқы әкеледі.
Алынған жылқыны жігіттер мініп алған соң, Балағаз өзі әрқашан қарауылда отырады. Аналар ойда жатып, мұның белгісін тосып отырады. Ауыл жақтан шыққан қуғыншы мен жай жүргінші көрінсе, Балағаз саспастан отырып, бетін бағады. Жігіттеріне бұйрық етіп аттарына мінгізіп қояды да, анау кісілердің бетінен ғана тайдырып отырады. Олар әсте каш- пайды, тек қана бір бел асып түсіп, бір колаттан екінші қолатқа ғана ауысады. Сөйтіп, кей уақытта жоқшылар мен бұл жігіттердің арасында бірақ кана далда, бір ғана бел қалып отырады. Малы алынып, сабылып жүрген ауылдың иегінің астында болады.
Тынығу керек болғанда, қуғыншылардың жаңа ғана арылтып келген жерлеріне барып бекінеді. Осындаймен бірнеше күн өткізеді де, жал- ғызак түннің ішінде, жолдастарының бетін Найманға қарай бір-ақ түзе йді.
Карашаның аулына Құнанбай жіберген кемпір бұл айланың бірін де білген жоқ. Ол түк білмей-ак кайтушы еді. Өйткені, Балағаздар өз үйлеріне мал соймайтын. Алған жылқыларын әсте маңайлатпаушы еді. Жалғыз-ақ, бір-ақ жол ғана Абылғазы ашқарақтық істепті. Найман жігіттерін алысқа ұзатып, қуғыннан құтқарып болған соң, елсіз судың басында бір семіз тай сойылып еді. Соның бір ғана телшесін Абылғазы өз үйіне әкепті.
Осы ет ел жатар кезде, түнде асылып еді. Бірақ кемпірдің мұрны жылқы етінің иісін біліп қапты. Ол ет піскенше, сырттан андып, дәл табаққа салып, Абылғазының алдына келген уақытта оқыс кіріп келіп, тел- шені көрген. Тайдың телшесі екенін де танып алған.
Құнанбай Байдалыға кісі салды. “Қараша туысқанын өзі каксын, сыбысы шықты. Айғағым бар. Тек арылып берсін. Егер Караша танатын болса, Кауменді кепілге өткізсін. Каумен сезетін болу керек. Жалғанға
жанын бермейді. Сенсем, тоқтасам, соның ар-иманына сеніп қана тоқтаймын” депті.
Байлады Қарашаға салмақсалған жок. Тұпа-тура Қауменге жабысты. Қаумен өзінің Қарашадан да, тіпті, Балағаздан да безгенін айтты. Байдалы болмады. “Не кара деп шық! Немесе ақтап кет. Құнанбай сенен жан алса ғана тоқтайды. Козің жетсе, адал болса, жан бергеннің күнәсі жоқ. Қайта ағайының мен туысыңды нақақ жаладан құтқарасың” деген еді.
Осы арага жеткенде Қаумен сыр берді: “Тастай алмай жүрген жаным жок, ақ екен деп кепіл болар жайым жоқ” деді.
“Қаумен тайқып шықты. Кепіл болмаймын. Ак деп ара түспеймін деп, аяғын тартыпты. Қарашаның аулы айыпкер боп шықты!” деп, Ырғызбай іші өрекпи жөнелді. “Ағайынмын деп отырып, жаттан бетер қастық етті. Жазығымыз не? Кешпейміз, аямаймыз, шауып аламыз, үйелменімен өртепміз” деп, Майбасар, Жақыптар лаулап кетті.
“Азуынды бас, аяма!” деп, Құнанбайға да салмақ салды.
Құнанбай дәл бұлардай емес. Биылғы жылдың ауыртпалығын ойлап, іштей сескеніп кап еді. Оның үстіне қазір Байдалымен шырайы тәуір болатын. Ұрылар да жалғыз Ырғызбай емес, Көтібак, Бөкеншіні қоса шығы- ндатып отыр. Байдалының өзін де аман қойған жоқ. Олай болса, енді сол Байдалының өзімен тізе қосып, іс істеу керек. Қолдан келсе, соның өзіне жаулату қажет. Тіпті, болмаса, Жігітекті кінәға жықпақ.
Сонымен Майбасарлардың алқынын басып:
— Өрекпімей тұра тұр! Қараша кайда барып қутылушы еді! Ең әуелі сабыр тап! — деді де, Жігітек ішіне кайта іске жіберді. Жөнелткені — Жұмабай.
Ол әуелі Байдалыға барды. Алдыңғы сәлемді орындап, Қауменді кағып бергені үшін Құнанбай Байдалыға ырзалык айтыпты. Соны жеткізді. Осыдан кейін Қараша мен Абылғазыны Құнанбай өз алдына шақыртқан екен, осыны білдірді. Байдалы да Құнанбайдың бұл мінезін кінәлаған жок.
— Ағайынын өзі көрсін! Өз аузымен арылсын! Мұнысы мақұл. Қарашаға жолдаған хабарын мен жеткізейін, —деді.
Бірақ шақырту жетсе де, Қараша мен Абылғазы Құнанбай алдына бармады. Байдалы зіл салып та көріп еді. Көндіре алмады. Сөйтіп, Қарашалар: “Әрі мал алады, әрі жауап бермейді" деген екінші түрлі айыпқа тағы кезікті. Құнанбайдың ұпайы көбейіп келе жатты.
Ырғызбай іші енді күндіз-түн Қарашаның аулын баққан. Абылғазы, Әділхан, Балағаз бар — бәрі де ел ортасында жок. “Сусып, тайқып кетіпті” дескен хабар шықты.
Сезік пен жорамалдың көлемі ұлғайды. Қараша, Қаумен ауылдарының үйде жоқ жігітінің бәрі де ұры атанды. Абылғазы жалғыз емес. Биылғы қимыл аз кісінің де қимылы емес. Бұлар көп. Енді солардың соңына көп ел болып түсу керек дескен дақпырт бар.
• Бұл сөздер, көбінесе, Ырғызбай ішінен шығып, көпке жайылып жа-
тады. Сондай лақаптар Абылғазы қатарына Балағаз бен Әділханды да әлдеқашан қосқан-ды. Алғашқы шақыртуына Абылғазы келмеген соң, Құнанбай тағы да кісі жіберіп, Балағаз бен Әділханды шақыртты. Қараша мен Қаумен Балағазға сәлем айтып, барып кайтсын деп еді.
Балағаз бармаймын депті. Жолдастарына бұл жерле айткан дәлелі:
— Құнанбай мені аяйын деп отырған жок. Қандай айламен қан құстырсам деп, соны ойлап отыр. Ендеше, мен несіне момақан боп, ал- дына барам? Неден аянам? Одан да әуелі қолына түсіріп корсін. Құлақтан басып, жығып алсын да, күл ноқтасын сонан соң кигізсін. Әйтеуір, сұм атанған екем. Оған жеткен соң “момын сұм”, “ақылды сұм”, “көнгіш сұм" деген жаксы атка құштар болар жайым жоқ. Өлсем де, ол жағына октемей әлем! — деген.
Балағаз бен Абылғазынын ендігі кияс мінезі Құнанбайды дағдарта бастады. Баяғы дағдыға салып шауып алайын десе, мынадай аш-арық боп, суық тартып жүрген елдің ішінен өрт шығарып алам ба деп қорықты.
Ойға келген бір шара — ұлыққа шағу еді. Ең оңайы — отряд шығар- тып, урядниктерге ұстатып, кісендеп тыю.
Бірақ осы тұста заң өзгеріп кетті. Бұрынғы аға сүлтандык қалып, “болыс” деген жаңалық кіргелі жатыр. Тобықтының дуаны да өзгерді. Жаздан бері бұл ел Семейге қарайтын бопты. Және түгел Тобықты бұрын бір ғана старшын еді. Тобықты енді үш болыс ел боп бөлінетін көрінеді. Жаңа дуан жаңа ұлықтың колында. Олармен жүз көрісіп, сырмінез болған Құнанбай да жоқ. Ертең сайлауы келеді. Сондай кездің қарсаңына өз елінің ішімен қағаздасын жату лайық емес.
Ен болмаса сайлау өткенше қоя түру қажет.
Бірақ аял қылайын десе, Балағаздар асып барады. Екі бұйрығын орындамады. Енді: “Біржолата құрық әкеткен боп, тіпті дандайсып кете ме?" деп тағы кобалжиды. Осындай шарасыздық үстінде Құнанбай бір топ мықты жігітті аттандырып: “Тау ішінде жүргенде үстінен түсіп, тегіс ұстап әкеліндер!” деп бүйырып еді.
Оған көнетін Балағаз емес екен. Мойынды қашыққа салып барды да, бірден-екіден бытырап кетті. Титығы құрыған қуғыншылар ел ішіне кайта айналып келгенде, Балағаздар да ілес оралды. Келе бере Құнанбай жылқысынан тағы алды. Бірақ кауырт алмай, біртіндеп тай, байталдан алды. Бүл уакьгг ел-елдің қыстауға конып, ақтан ажырап, нағыз күйзеу- лікке түсетін шағы еді. Ендігі бірен-саран ұсақ қараны аш-арыктыңсойы- сына алып жатқан сиякты.
Аз күнде Тобықты ішіне келетін болыстық сайлауын тосып отырып, Құнанбай енді Базаралыны шақыртты. Жігітектіңөзге жігіттеріндей емес, Базаралы іркілген жок, тез келді.
Құнанбай жас токалынын үйінде екен. Тамға жаңа кіріпті. Үй жылы. Жасау-жабдық жас жігіттің отауындай. Толық денелі, дөңгелек жүзді Нүрғаным сұлу да, сәнді екен. Әсіресе, коныркай келген, үлкен өткір көздері ерекше ажарлы. Жүзінде жастықпен саулық, токтык —баршасы да нұрлана түсіп шырай береді. Ақаусыз бетінде мөлдіреген тұтас қызы-
лы бар. Ерге біткен көрнекті мұрнының оң жағында кішкене, томпакша меңі бар екен. Нұрлы кызыл жүзіне біткен кап-кара мең, өзінше катты жарасып тұр. Ол-дағы Нұрғанымнын ерекшелігі. Өзге әйелге бітпеген нысанасы тәрізді.
Кұнанбайдың сөз бастауын күтіп отырып, Базаралы Нұрғанымды әбден болжады. Ішінен: “Япыр-ай, мына токалды калай таңдап, кайдан тауып алған?” деп тамашалай қызғанды.
Нұрғаным бір түрлі байыпты және еркін, батым көрінді. Кұнанбай мен Базаралыға шай жасатып, соны қызметші қатынға күйғызып беріп отырып, күйеуіне де, қонаққа да қымсынбай карайды. Бірер ұсақ шаруаның жайын да Кұнанбайға еркін айтты. Күйеуі мұны “калмақ” дейді екен. Шай аяқтап келгенде:
— Калмак, шайынды жиғыз! Мына Базаралымен сөзім бар,— деді. Нұрғаным асыклай отырып бұйрығын орындады да, малшы катынға: — Сен енді жүре бер! — деді.
Өзі Кұнанбайдан төменірек жерде малдас құрып, отырып калды.
Кұнанбай әңгіме бастағанда, Базаралыға катты сөйлеген жоқ. Балағаз бен Абылғазыны мұның өзіне шағып: “Сеніңде бетіңе шіркеу ғой. Адамшылығың да, арың да бар еді. Сол арыңа салмақ салғаны ғой олардың. Ақтамассың, ақтамайсың деп білем, не дейсің?” деп еді.
Базаралы бөгелген жок. Кұнанбайдың жүзіне тура қарап отырып, қысқа жауап айтты. Бұ да баяу бастап, сабырмен, салмақпен айтты. Шешен сөйлейтін тәрізі бар. Айткан жайы: “Актаймын деп келгем жок, кінәлаймын. Кінәлағандықтан аразбын. Атым туыскдн, ал жайылысы- мыз бөлек. Көріспей кетіскенімізге көп болды. Бірақ қолымда әмір құдіретім жок. Сондықтан істей алар шарам да жоқ...” деген еді.
Жылы үйге келіп, шай ішіп алғаннан бері Базаралының жүзіне жақсы күндердегідей нұр кірген. Батыр тұлғалы, ер сұлудың ойшыл сергек көзі де, ак сұр жүзі де еріксіз елеткендей. Бетінің кызылы да балкыған- дай боп, нұрланып тұр. Кең иық, зор кеудесі төменшіктеп, иілмейді. Салалы келген аппақ сұлу саусақтарына шейін өзгеше. Бітімді, жаксы туысты білдіреді.
Кұнанбай бұл шақка шейін Тобықты ішінің жасында өзімен бүйтіп еркін, тең сөйлескен жанды көрмеген. Ішінен Базаралының тұлғасына да, жауабына да шын сүйсінді.
Бірақ сөйте отырып, аз әңгіменің тұсында Базаралымен ырғасып кетті. Конак жігітіне Кұнанбай салмақ сала бастап: “Айыптайтын болсаң, тыю салуға көмек ет!” деп еді.
Осыған келгенде Базаралы:
— Айыптайтыным шын, жалған емес. Оны айттым. Бірак соларды осындай кып жіберген себеп не? Түп бәле неден? Ол кешегі жұттан, бүгінгі жоқшылықтан. Осы бәлелерге ілесе жүретін ағайынға әйгілі әділетсіздік бар, содан. Біреу аға болды. Барды алды. Біреу болса, кейін отырып, кенде калды. Кірме болып, есесіз калған тағы көп. Аяғында, міне, не болды? Бұрынғы аға болған аман калды. Бұрын мүйізделіп
жүрген көп көр бала күңіренді де, ол калды. Осыны ойлар жан бар ма? Жаны ашитын, қиналып ойлайтын ел ағасы бар ма? Менің сізге келген- дегі өз аузымнан сұрамағым, білмегім осы еді? — деді.
Жаңағы айтылған тілекке жауап бермей, сөзді басқаға бұрып кеткен Базаралыны үй иесі жақтырмай калды. Қыжырта карап, дау айтып кетті. Сөзінің салмағы — “құлай бұйрығы, тағдырдың жазуы” дегендер. “Жұтты адам әкелген жок. Кімнен көрмек керек? Бардың бәрі қарайласпай отыр ма? Бірақ қаншаға жетпек? Ер азығы - канагат. Тәнір бұйрығына көнбек керек” деген болатын.
Базаралы сол “Бұйрықтың” өзіне де тоқтамады. “Құдай бұйрығы калың елді кан каксатып қойды. Ел камкорымын дегендер комек ойласа, нетуші еді? Мынау ақылдары көргеніне көне бер деген ғой. Олай болса, құдай бұйрығы деп көрге барып тірідей кіре берсін бе?” деген.
Құнанбай Базаралымен көп салғыласуды енді өз бойына мін көре бастап, түсін суыкка салды. Дауды тұжыртып, токыратып кеп:
— Сенен де арылғаным осы. Енді аяспайтынға кеткен екеміз. Жалғыз-ақ Балағаз, Абылғазы арандайды. Жаман арандайды... Қашан айтты демесін? —деді.
Сөздің осымен біткенін Базаралы түсініп, жүруге камданып отырып, дәл кетер жерде:
— Балағазда жұмысым жоқ. Не болса, о болсын! Бірак көпті айтсам қорқытамын деп сіз әуре, ұктырам деп, ел әуре. Келісе алмас күн екен. Кереғармен кеткенімізде баяғы, — деп тымағын киді.
Соңғы сөзі жауапсыз калды. Базаралы асықпай түрегеліп, қош айтты да, есікке беттеді. Нұрғаным мен Құнанбай бұдан көздерін алмай, карап калды.
Ер жігіттің сырт сымбаты да соншалық өзгеше. Өр көңілді батыр бейнесіндей. Әрі байсал, өрі маңғаз. Тіп-тік бойы кымсынбай, кысыл- май кетті.
Құнанбай есіктен көз алмай ойланып кап еді. Аздан соң Нұрға- нымға карап:
— Шіркін, Базаралы! Бұл өңірдің жігітіне бітпеген сыртың мен нұрың бар. Ішінде жаткан тұнық мөлдір сырың да бар. Тек, сорлы жазған, қарымы шолақ Қауменнен несін тудың екен? — деді. Қызығып та, кызғанып та сөйлеген сиякты.
Нұрғаным Базаралы дауларын үлкен ынтамен тыңдаған. Күйеу інін жаңағы сөзі, мынау сұлу жігітке мұны әдейі қызықтырып сөйлегендей әсер етті. Қызғанышын алған жоқ. Қызыкканын алды. Жас әйелдің жүрегі әлденеден өрекпіп, тулап калды.
4
Ел ішіне сайлау келді деген хабар шығып еді. Жидебайда жаткан Абайға Құнанбайдан шақырту келді.
Абай күз бойы өзінше бір оқшау, жалғыз болған. Көбінше, домбыра тартып, күй күңіренте береді. Шешен қоңыр домбыра биыл, тіпті,
діл мэр болып алғандан. Көп-көп сырлар айтады. “Саймақтың сары өзенін” тартса да, “Қос қыздың жылағанын”, “Бозторғайдың шырлаға- нын” тыңдаса да баяғы сарын көп жайды баян ететін болды. Нелер айтады? Желді аяк желмаясын жосытқан Асан Қайғы да, ащы күйін бебеу- леткен Алшағыр да — барлығы да тыным таппай безек қағады. Ылғи бір көргеніне көне алмай, аңсағанын ала алмай, зар-зар шеккен күйінділер. Бәрінің де қасиеті — іздене талпынады, толғана ширығады.
Ендігі Абай ойының көбі, осы жазда Қадырбайдан естіген, соған өзі айткан үлкен толғаулардың жайы. Қадырбай сонда: “Өткен заман талай шерін тастап кеткен” дейтін. “Ақынның аңсауынан, әншінің ырғағынан, күйшінің кер толғауынан соны көр” дегендей болатын. Абай өз ойына, сол өткен күндер тілшісі болған көрі домбыраның сырын жалғайды.
Бұрынғы қызық, сауық дегеннің, жастық жүріс дегеннің бәрін де әзірше ұмытқан тәрізді.
Осы жақын шақта Ербол келіп, Абайды ертіп әкетпек болған. Еліктіріп, қызыққа салмақ болатын. Кейбір жүрістерді еске салып, сұлу қыздардың аттарын атап еді.
Абай бұған да салқын карады. Сол Ербол қонып жатқан күндерде, “Сап-сап, көңілім, сап, көңілім” деген ұзақ бір жыр жазды. Мұнысы Ербол ұсынған желіктерге өзінше жатырақ қарай бастаған бет сиякты. Ерболға айткан жауап та осы. Домбыраға қосылып, ұзақ әнмен айтып бергенде, Ербол дауласа жөнелді.
— Тәңір, өзің жас дәуренге қош айтайын дегеннен аманбысың? Жиырма беске жасың келмей жатып, бұ неменең? Ондайыңа көнетін кісі жок!.. — деген.
Абай Ерболдын наразылығын түсінді де, күліп койды. Оңаша кездерінде бұрынғыша домбыраға қосылып, көп ойларын термелеп айта беретін. Енді бірнеше күн бойынша, жалғыз күйі осы “Сап-сап, көңілім” ғана болды.
Ербол бұл өлеңнің түбін жақтырмаса да сөзін ұнатты. Сондықтан кейде Абай әніне қосылып та кетеді. Осымен дәл бір он күн бойына екі жас жігіт өздері кешіп өткен ең алғашқы албырт жастыққа ұзақ-ұзақ “кош-кошын" айтқандай болды.
Сөйтіп жүріп бір күні Ербол қайтатын мезгілге жеткенде, Абай тағы да сырласкандай боп:
— Кәрілікті шакырып жүргенім жок, Ербол. Жастығымды неге қияйын? Дүниенің оны айырбас етерлік қай тәттісі бар. Мәлім ғой. Тек енді, бала жастықпен албырт жастық орнына нәрлі жастық іздеймін. Бұл жолда да құштарым көп. Ендігі көксегендерімді айтсам да, көкірегім каре айрылады. Бір білерсің... айтармын’ — деген. Мұнысы анық сыры.
Құнанбайдың шақыртуы осы әңгімелер үстіне келген. Сол күні Ербол кайтып кетті де, Абай Қарашокыға тартты.
Ел орынға отырар кезде Абай Қарашоқыдағы қыстауға тақап еді. Тоғайлы өзекте, карсы алдынан келе жаткан жалғыз салт алыны көрді.
Бойы ұзын, екі иіні есіктей біреу екен. Жақындап келгенде өз інісі Оспан боп шыкты. Қараңғы кеште енді ғана анғарып, Абай таңданып калды. Әншейінде күнде көріп жүрген інісін дәл мұндай үлкен денелі деп білмейтін. Қазірде он сегіз, он тоғызға кеп калған Оспан, тіпті, алпамсадай боп кетіпті. Абайдан әрі биік, әрі сүйекті, ірі.
Оспан катты жүріп кеп, Абайды таныды да, шұғыл тоқтады. Тоқтай сала, күле сөйлеп:
— Бүгін әкемнің алдына бара кап ем. “Аузың ораза ма? Бес уақыт намаз оқимысың? Мүсылмандык парызын аткарамысың?” деп, дәл бір Мүңкір-Нәнкірдей тергеуге алғаны. Шынымды айтып, сол атағаныңыз- дың бәрінен осы жайын құлан қандай таза болса, мен де сондай тазамын дегелі бір тұрдым да. бата алмадым. Шатақ шыгатын. Сонан соң кайтейін? Е, бәрі де солай дегенім. Осыған ырза болып, өзімді мақтап, күні бойы қасында сарғайтпасын ба кеп?! Амал жок, дәретсіз намаз да оқыдым. Өтірік ораза да болдым. Бүйте берсе, шындығына біржолата көзін жеткі- зейін деп, өзімен бірге ауыз да аштым. Жаңа ауыз ашарға істеген барлық ыстықтамағын сыпырып-сиырып жеп, үйге кайтып келемін. Міне, сүйгіп, әкеңізді алдап соғып келе жаткан Оспан біз боламыз, — деп клркылдап, ұзақ күлді.
Інісінің рақат күлкісіне еріксіз елігіп. Абай да күлді.
Бірақ ойында мысқыл да бар еді.
— Өй, өзің әкеңе шыныңды айтсаң, мұндай қуанбас ең. Өтірік деген рақат екен-ау өзі, ә!.. Мәзсің ғой! — деп, Абай күлген бойында тебініп жүре берді.
Оспан оның мысқылына жауап таба алмай аңырып кап, күрең атты бір тартты да, жорта жөнелді.
Карашокылагы қыстауға келген соң, Абай ең әуелі әкесіне бармай, Күнкенің үйіне кірді. Мұнда Абайдың ең жақсы көретін туысқаны — Құдайберді көптен бері наукас болатын. Алдымен соған амандасып, жайын білмек.
Құдайберді биік төсек үстінде жөтеліп жатыр екен. Абайдың келгеніне сүйсініп калған сияқты. Аппақ шөлмектей боп жүдеген жүзіне жұкалаң қызғылт шыкты. Қап-кара сақалы казірде бір түрлі ұзарып, өсіп кеткен екен. Сүйек-сүйегі адырайып, көк тамырлары көрініп, салдырап капты.
Ағасының пақыр болған түріне Абайдың жаны қатты ашыды. Алыста тұрып, тез шешінді де касына кеп, төсекке отырды.
Жеңіп алған наукас еңсеріп әкетіп барады. Он бес күн бұрын бір келіп кетіп еді. Қазір көп төмендеп капты. Құдайберді Абайдың қолын ұстап, қысып, сипап жатып:
— Жаксы келдің ғой! — деді.
Аурудың жүдеу қолын інісі кос қолымен ұстап, өзіне таман тартып кеп, жүрегіне басты. Екеуінде де үн жок. Бірак адал туысқандардың арманды мұңдарын жүректері айтысты. Бірталайдан соң Құдайберді әлсіз ғана үн катты:
. —Әкеңе кірдің бе? —деп еді.
— Әлі барғам жок. Әуелі сізге келдім’
Осы уакьггта Абай келді дегенді естіп, карсы үйден үш бала келіп, сәлем берді. Үшеуі де Кұдайбердінің балалары. Үлкені — он бір-он екідей Шәке, екіншісі — сегіз жасар Шұбар, үшінші — бұл екеуінен де кішірек, токалдың баласы - Нұртаза.
Балалардың бәрін де Абай касына шакырып алып, беттерінен сүйді. Шәке мен Шұбар оку оки бастаған. Абай келген сайын олардың сабақтарын сұрастырып жүретін. Балалар бұған катгы үйір еді. Казірде дс бауырына кіріп кетті.
Құдайберді Абайға үйірілген өз балаларын көріп, кобалжып кетіп, бетін ірге жакка бұрды.
Абай осы қозғалысты байқап, балаларды аз алдандырды да, үйден кайта ұзатып салды. Науқастың касына тағы кеп отырды.
Құдайберді есікке көзімен нұсқап:
— Адам бола ма?.. Болар ма? Інілерің міне. Кім боларын... не көрерін кайдан... білейін? — деді. Қоштасып жаткан сияқты.
Інісінің көзінен екі-үш тамшы жас акты. Даусы да дірілдеп, жыла- ғандай шықты.
— Қарыздары мен болармын, Бәке! Әл-шамамның жеткенінше койным менен мойнымда өсірермін!
Құдайберді бұған өзі тоқтау айтты:
— Жылама... Жыламашы!..
Екеуі тағы да үнсіз ғана бір-біріне қадалып, қарасып калды. Аздан соң Құдайберді бойын жиып, оңалды да Абайға бетін беріп, қырынан жатты. Бірак қозғала бергенде тағы жөтелген. Абай оның көрпесін иығына көтеріп, қымтап койды.
Құдайберді енді баска сөзге ауысты да, екеуі жай ғана әңгімелесіп кетті.
— Әкеңнің сені неге шакырғанын білемісің, Абай?
— Жок, Бәке, әзір білтем жок.
— Ендеше, бүгін сайлаушы төре кепті. Әкем Жакып аулына түсіріпті. Мына жаңа орын — “болыс” деген бар дейді. Соған сені сайламақ. Үкгын ба? Не дейсің бұған?
— Өзіңіз не дейсіз? Маған не ақыл айтар едіңіз?
— Менің тілімді алсаң, — Құдайберді біраз ойланды да, — болма! Үлықгық қасиет емес екен. Көзіміз жетті ғой. Бектік бұзады екен және түбінен кайыр шықпайды, карғыс шығады екен. Жас өміріңді зая кылма!
Абай өз жауабын ойлаған да жоқ.
— Айтқаныңыздың бөрі шын, Бәке!
— Тіленіп жүрген көрінеді ғой әкесінен. Анау Тәкежан-ақ боп, қарық босын! — деп, Құдайберді тоқтап калды.
Бұл кеште, ел жатканша, Абай ағасының касынан кеткен жок. Науқастың тілегі бойынша домбыра алғызып, көп-көп к үйлер тартып отырды. Енді бағанағы балалар да келген. Абай ауруды ұйықтату үшін сол
балаларға айтқан боп, “Мың бір түн хикаясының” бір тарауын да айтып берді. Балалар бұның касынан шықпай, ертегісін телміре тындасты. Әрі домбырашы, өрі әңгімеші ағаны үшеуі бірдей жаксы көріп, төсекке де бірге жатты. Нұртаза мен Шұбар:
— Абай ағам қасына мен жатам!
— Жок, өзім жатам! — десіп, таласып кеп, екі жағынан қойнына кірді. Көздері ұйкыға барганша, Абайды кезек тартып кұшактап жатысты.
Құдайбердінің сөзі рас. Құнанбай Абайды болыс сайламақ болатын. Сайлаушы торе келіп, кешелер Қүнанбаймен көп сөйлескен болатын. Жана болыс туралы мұның айтқанынан шығатын емес. “Жана закон, жаңа сайлау болады” дегеннен бері Құнанбай өзі енді ұлық болудан тоқталмақ.
Бір кезде Арғынның бір дуан елін баскаратын аға сұлтандык барды. Оған Құнанбай қызығып барып, бастық болған. Содан келе кішірейе түсіп, Тобықтының старшыны болды. Бірак не десе де, түгел Тобықты “ашса алаканында, жұмса жұмырығында” болған.
Енді, міне, ұлық қолы ұзарып келеді. Тұтас Тобықты да жок. Үш бөлінетін бопты. Мұның бір бөлігіне ұлық болу оншалық мұрат емес.
Қайта болыс болмай сыртырақ отырса, бар Тобыктыға өз өмірі молырақ жүрмек. Ол — бір.
Екіншіден, ел арасы бүгін қиындап барады. Мынау Балағаздар сиякты тынышсыздық шықты. Онымен алысу керек. Бірақ алыс пен тартыстың басы тағы өзі болса, баяғы араздык қайтадан козданады. Өзінің тұстасы Бөжейлермен алысканы бір сөрі. Енді болыс болдым деп Жігітектің жас-желеңімен, бала-шағасымен алысатын болса, ол бойға лайық емес.
Қайта оларға колы батыл тиегін жасты салу керек. Өз тұстасымен өздері алыссын. Балалар болса, ер жетгі. Билікті соларға артып, ақылы мен өмірін өзі тыныш отырып жүргізеді.
Үшінші, Құнанбайдың жасы болса да жетпіске тақап калды. Енді ер жеткен баланың ішінен өз орнына кісі қамдайтын мезгіл жетті/
Осының бәрін іштей ойлап, таразыға салып келіп, жаңа болыстыкка Абайды лайықтаған. Оның да бір есебі бар.
Абай әке тәрбиесінен сыртқары кетті. Қайта бар мінез, бар жүрісі оны Құнанбайдың қасында отырған қатал сыншысы етіп барады. Соңғы жылдар, әсіресе, солай боп келеді. Әкесі Нұрғанымды токалдықка алғалы, Абай, тіпті, қашықтап жүр. Ол жөнде Құнанбай ішінен Үлжанды айыптайтын. “Баланды суық өсірдің” деп, биылғы жазда Үлжанға кеп кінә таққан.
Бірак алыс жүрсе де, сол Абайда акыл мен қайрат, тіл мен тәлімнің мол екенін әкесі танитын. Ендеше, мына тұста осындай шалғай кетіп бара жаткан баланы ұлыктыкпен қайта тарту керек. Ел билеудің салмағы жас басына түссе, Абай әкенің шырғасына еріксіз келеді. Егер әкенің ойындай боп, беті түзелсе, өзге жастың қолынан шала келетін жұмыс, Абайдың қолынан молынан келеді. Ол қайратына да Құнанбай сенетін. Ендігі байлаудың бәрі кат-қабат ойлардан туған.
Әкесі тұрып, шай ішіп болған кезде Абай келді. Дастарқан жиылған, үй іші жана сыпырылған, таза екен. Тәкежан Абайдан бұрын келіпті. Үкыпты шәкіртгей боп анадай жерде жүгініп отыр. Кұнанбай екі баласынан басқа кісіні үйден шығарды да, сөзге кірісті...
Айткан сөзінің бәрі де Абайға арналған сиякты. Өзінің қартайғанын айпы. Жаксы-жаман өмірді алыс-жұлыспен өткізгенін ескертті. Кім үшін алысқан. Осы нәсіл, осы балалардың алдыңғы тілеуі үшін алысқан. Енді, міне, бұлар ер жетті. Өз істерін өз қолына алатын мезгіл жетті. Дос тапса да, жау тапса да бұлар енді өздерінің тұстасынан табады. Өз заманының тілін де бұлар сырт буын кәріден онай ұғынады. Алыстың тәсілін де тез табады. Сондайға кезектеп кірісетін осы екеуі. Бірақ бүгін бірі болса, ертсн екіншісі болар. Жол, жүлдеге таласпасын. Әкенің ұйғарғаны — Абай. Соның болуын мақұл көреді.
Кұнанбайдың көптен бері Абайға ұзақ сөз қатқаны осы.
Абай ойланған кісі сияқтанып, аз үндемей отырып барып, ақырында тамағын қырнап алды да:
— Әке, сенгеніңізге рақмет! Ендігі міндетті бізге артқаныңыз орынды. Арка-басынызды бұдан былайғы ауыртпалықтан босату керек. Тыныштық өмір тілейтін кезіңіз болды. Жалғыз-ақ, жаңағы сөзіңіз маған айтылса, мен өзім болыстық, ұлыктықтан бас тартам. Мезіретім емес. Әрі ағалық жолы бар, ебі де бар, ұсынған орныңызға мына Тәкежан лайық. Осы болсын! — деді.
Абай осы соңғы сөздерін айта беріп, Тәкежанға көз тастады. Молда пішін, мүләйім боп отырса да, Тәкежан кып-қызыл боп қуанып кетті. Жаназада, підияны мол атаған жерде жымыңдап кетіп, қыбылжып қалатын, мысық солы қазіреттей көрінді.
Кұнанбай Абайға қайта-қайта қадалды. Болмайтын себебін екі қайтара сұрады.
Абай бір рет қысқа қайырып, “бола алмаймын” деген еді. Бірак әкесі екінші рет салмак салғанда, молырақ дәлел айтты. Халықты билеу үшін адам өзі кәмелетке жету керек. Оған Абай өзін әзірмін дей алмайды. Піспеген адамның колындағы билік, жас баланың колындағы ұстара пышақ есепті. Не өзі арандайды. Не өзгені арандатады. Абай өзін аямаса да. бұған еріксіз күні түсетін халықты аяйды. Болмағанда, сондықтан болмайды. Халық керегіне жарайтын боп жете қалса және елге пайдасы тиеріне көзі жетсе, ол күнде әкесі ұйғармай-акөзі сұрануға уағда береді. Әзірше, әке зорламасын... деген сөздер.
Кұнанбай бұл тұска келгенде шұғыл өзгеріп, тез тайқып шықты. Сол арада Тәкежанға бұйрық етті. Ол баласы оп-оңай “құп” деді.
Осыдан кейін он бес күндей уақыт өткенде, Тәкежан болыстыққа нық бекіп, бетін түзеп алды. Ақылшысы аз емес. Бір жағынан Кұнанбай болса, екінші жақтан Майбасар, Жақыптар да өз сабақтарын Тәкежан- ның құлағына құйып жүрді.
Жаңа болыс қалаға да барып кайтқан. Ол жерде Кұнанбай сәлемі бойынша Тінібек бай жетекшісі болды. Семей уезінің ұлығы Тінібекпен ашына, сыйлас екен.
Сондай іліктер арқылы Тәкежан алғаш барған жолының өзінде де бірталай істін басын кайырып келді. Сайлаушы төреге Құнанбай ұғындырып жіберген жайлар бар-ды. Соның үлкені Балағаз, Абылғазылар ісі болатын.
Үлык болысымен, ең алдымен әмірін елге танытпак болған Тәкежан бар күшін Балағаздарға салыпты. Қаладан Тәкежан кайткан орайда Семей уезінің жаңа пайда болған оязы Шыңғыс ішіне бес кісілік қарулы топ шығарыпты. Тәкежан озі болыс болысымен бір атшабарға Жүмағүл- ды алған. Екіншісі жас жігіт — Қарпык.
Солдаттарды бастап келген Жұмағұл ел құлақтанбасын деп, болыс кеңсесіне түн ішінде әкеліпті. Тәкежан мен Майбасар осы түнде он шақты жігітті отрядқа косып, Жігітек ішіне аттандырды.
Бұрын оқта-текте болмаса, Тобықты іші қарулы жасауылды көп көрген жоқ-ты. Ауылдарының үстінен көк темірлі, көп атгылар өткенде, бала-шаға, кәрі-жас катгы түршікті.
Қуғыншы отряд Балағаз бен Абылғазының тобына Шыңғыс тауы- ның ішінде оңай кездесті. Оқыс айқасып калған. Ұзак қуғын болды. Бірақ қаладан көп шықпаған, ел жайын, жер жайын жақсы білмейтін солдаттар бұл қуғында шоркактық істеді. Тау ішінде шаба алмай, ерлерінің касынан ұстап, бос өбектеп, кейіндей берген. Өздері және оба атаулының барлығын құбыжық санайды. ¥зын дүрбілерін кайта-кайта суырып ап, тесіле карап, күнұзын тұрып алады. Қашқындардың қарасын таныған Төлеп- берді, мына бөгелістерге жаман күйетін. “Осының, дәл осы бір кенірдек- тей немесін құртар ма еді? Сойылмен перейін бе осы кеп!” деп тісін қайрайды. Бірак амалы жоқ. Сөйтіп, отряд шабан болды.