Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов
Название: | Абай жолы 1 кітап |
Автор: | Мұхтар Әуезов |
Жанр: | Литература, роман |
Издательство: | |
Год: | 1997 |
ISBN: | |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 13
Шайдан кейін күйеулер үйіне Тәкежан, Мырзахан сиякты, бағана бөлініп кеткен үлкенірек жігіттер келді. Солармен бірге әншілер, сауық- шы жолдастар және осы ауылдың өз жастары да коршалай кеп калды. Үй іші бұл топтар келісімен күле жайнап, даурыға көбейіп, әзілі, күлкісі молайып, жанданып кетті.
Күйеуді қоршаған қыз-келіншекте сан жок. Бірак осындай шат- шадыман думанның тап ортасында боларлык кісі — калындык болса, Ділдә болса, ол әлі көрінбеді.
Абайдың бұл келісі: ұрын келу деп, жыртыс сала келу деп, кейде есік көре келу, қол ұстау деп те аталады. Ең алғашкы келіс осы. Өзге келістердей емес, күйеу бүл жолы алғашкы күндерде талай нәрсеге көндіге білу керек. Сол өзгешеліктің үлкені — қалыңдықты оңай көрсетпеу.
Екі жақтан табысқан ата-ана әуелі осы келудің үлкен тойын жасау керек. Той оңай емес. Көп қиын қаммен, асықпай істеледі. Сол тойдың артынан барып кана кол үстау кеші болады.
Сөйтіп, Абай алғашкы күн ғана емес, тағы екі күн өткенше де өз қалыңдығы кандай екенін, кім екенін көре алған жоқ, білген жок.
Бұлар келген күннің ертеңінде Ербол ғана барып, Ділдәға амандасып, жүз көрісіп кайтты. Қалыңдықтың түсін, отырысын Ербол айтқысы кеп еді. Ол өзі Ділдәнің ажарына қатты ырза боп, сүйсініп келген. Бірак Абай айтқызбады. Сөзді басқа жаққа бұрып кетті.
Жастарды күттірген той Абайлар келген соң үшінші күнде болады. Бұл күні Абай отырған үйге келіп кеткен қатындардың саны айтып бол- ғысыз мол еді. Таңертеңнен бері әлденеше топ бәйбішелер, қыз-келін- шектер, ұрысқақ, тентек жеңгелер өтті. Бәріне сызылып сәлем етуге Жүмағұл мен Ербол жалыққан жоқ. Абайды үнемі қайта-қайта:
— Ал, тұр!
— Ал, келіп калды’
— Ойбай, ана кісілерді қара’ — деп. ылғи үркітіп тұрғызып, тәжім еткізумен болды.
Күйеу үйі бұл күні үздіксіз шыркаған ән, мәз-мейрам күлкі, дамылсыз шашу. Тоқтамай әкелініп жаткан қымыз, шай, жиюсыз дастарқан болатын.
Мезгіл түске такай беріп, жастар еттерін жеп болған кезде, тыстан:
— Той! Той басталды’
— Атка, атка конындар! — дескен үндер келді.
Абай мен барлық осы үйдегі еркектер тысқа шығысты. Күйеулердің аттары тегіс ерттеулі, кермеде екен. Ат үсті ойын-сауыкты көп жұртпен бірге көру үшін күйеуге де рұқсат етілетін. Қыз-келіншектер ауылда қалып, Абай өз жолдастарымен он-он бес кісі боп бөлек аттанып, әрлі- берлі жүрген калың топтан окшауырақ шығысты.
Күйеулер мен құдалар жағы ерте сайланып, ерте аттанған екен. Абай Алшынбай аулынан сыртқарырақ шыға беріп, Ерболмен бірге онашарақ тоқтап, мынау кең жазыктағы ауылдардың қонақ күткен көрінісін тамаша кылды.
Бұл той, Алшынбайдың үлкен той егем деген бір мерекесі екен. Жиылған қонақтардың аттары топ-топ. Үйірім-үйірім қара нөпір боп көрінеді. Жалғыз сол аттардың өзі де бір кос жылкыдай. Әсіресе, үлкен белгі — тойға тігілген үйлер. Солар саны елу-алпыс. Алшынбай аулынан бір шақырымдай жоғары, калың көк шалғынның ортасына ұзыннан-ұзақ екі катар боп тігіліпті. Ас пісірген жер ол үйлердің маңында емес, жаңа Абайлар шыққан ауылдың шетінде. Казір сол ас басынан анау алыстағы қонақ үйлерге қарай күтушілер жосылып жатыр. Күтушінің бәрі де ат үстінде. Бастарын ак шытпен керте байлап алған аспазшылар жиырма шакты жігіт.
Бір өзгеше салтанаты — осы жігіттердің бәрі де жорға мініпті. Аттары кан сорпа болған, өңшең желкайықтай жылмаңдаған жараулар. Сол жиырма кісі күтуші конақ үйлерге карай Алшынбай аулынан ағыза жонеліседі. Қолдарына қос табақ алған жігіттер, тізгіндерін ауыздарына тістеп алыпты. Арттарында егде тартқан жай шапқыншы сиякты үлкен күтушілер бар.
Олар табақшылардың атын қамшылап айдап, қуып отырады. Ыңғайлы, шапшаң табақшылар ат үстінен көсілтіп кеп, табақтарының сорпа-
тұздығын төкпестен ұсынып, конак үйлердің алды-алдына тұра-тұра калы- сады. Үй алдында тұрған нағыз күтуші аксакал, карасакалдар сол табақтарды шапшаң алып, үй ішіне сүнгітіп жатыр.
Сөйтіп, қазаннан жаңа түскен ет, бір колдан бір колға лып-лып етіп, салқындамай, тоназымай лезде жетіп тұр.
Конак үйлер дағды бойынша көп жеді. Сол үйлер мен ас үй арасында жиырма табақшы бір емес, екі емес, талай рет жорғаларын асыға тайпалтқан еді. Бүл сыйдың басы Абайлар тыска шыкпай тұрып басталса, енді бұлар тыста көп уақыт тосып тұрған кезде де аяқталмай, бітпей жатты.
Қонақ үйлердің ішінде, өр жерге орнатылған емізіктеген сабаларды бұрап болып, жаңағы табақтарды кұрғаткан кезде ғана тойшы халык аттарына міне бастады.
Тыстағы ойын: ат шабыс, көкпар, серке тарту, теңге алу, балуан күрестіру — баршасы да осы күні болды. Ойын бітіп, күн бата тарқар кезде, Алшынбайдын тойынан кайтқан кәрілер:
— Тойы той-ақ болды!
— Әкелген қалыңмалына сай Алшынбай да көл-көсір қылды!
— Күйеу келген той дәл бір астай болды, не кыл дейсің? — десіп, мақтасып кайткан.
Осы күні кешке Абай ең алғаш рет қалыңдығын көрді. юймЯ.
Күйеудің үйіне бұл кеште халык сыймай, кернеп кеткен. Қазір мұнда Алшынбай, Үлжан, Ызғұтгы бастаған екі жақтың үлкендері, бас құдалары лықтолы. Абайлардың алдына шымылдық түсіріліп, үлкендерден жастар жағын бөліп тұр.
Үй ішінде сөйлесе де, күлсе де, ашық үн кататын сол төрдегі үлкендер. Шымылдық ішінде тек сыбыр мен ақырын күлкі ғана бар. Онда да өз аулына еркін қыздар күледі.
Осы жаймен біраз отырған сон, есік жақта үлкен қозғалыс басталды. Босағаға жакын отырған келіншектер түрегеліп, шымылдықты есікке қарай созып тұрған уакьпта, тыстан бір топ кыздар кірді. Солардың ортасында басына қызыл жібек шапан жамылған, бетін түгел бүркеп алған қалыңдық бар.
Абайлар Ділдөнін бойын ғана көрді. Ол кебісін шешіп жатқанда сырт сымбаты талдырмаш, бірак аса сұңғақ бойлы, биік көрінді.
Абайдың төменгі жағынан орын босатылған-ды. Қалыңдық осы араға келіп, шапанын басынан алмай, күйеуге азырак сырт берінкіреп, кырындау отырды.
Абай амандасармыз деп ойлап еді. Қалыңдық бетін бұрған жоқ Сондықтан екеуі амандаса да алмады.
Ділдә келісімен ас жасалып, төр де, шымылдық іші де ас жеді. Бірак күйеу мен қалыңдық көп дәм татқан жоқ. Сол астың артынан төрде отырған, түсі Абайға көрінбейтін бір молда неке оқыды. Суық су құйған бір кесе төрдегі жұртты жағалап кеп, Абайға ұсынылды. Абай ұрттады да, Ділдәға берді.
Осының артынан екі жеңге акырын күлісіп кеп, Абай мен Ділдәнің алдына карсы отырып, екеуінің де оң қолдарын алып, біріне-бірін ұстат- тырды.
Екі қолдың арасында бір кабат сусылдаған жібек жүр. Сол арқылы ұстатады екен. Абай Ділдәнің жіңішке саусақтарын көбірек ұстап кап еді. Алдында отырған бір жеңге акырын мысқылдап, Абайдың қолын тарта беріп:
— Токта, жабысып қапсың ғой! Бері кел! Шаш сипа! — деді. Жақын отырған қыздар күліп жіберді. Жеңге Абайдың қолын өзі көтеріп апарып, Ділдәнің арқасындағы қос бұрымына тигізді. Әлі де Абай қолының астында жаңағы жібек жүр. Сол жібекпен Абай бір-екі рет сипап өтті.
Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы. Шаш сипар- дың алдында күйеу жақтан берілетін үлкен сыйы болады. Жаңағы Абайды мысқылдаған ашық жеңге сол шаш сипарды Ұлжаннан бір сыбаға ғып алған екен.
Некекияр мен той салтының бәрі өткен соң, үлкендер тегіс дауыстап бата қыл ысты да, жалп ыға айтқандай боп:
— Кайырлы болсын!
— ¥зак қызық болсын!
— Кұтгы, құтты болсын’ — десті. Шымылдық арқылы Абай мен Ділдәға айтқан ата-ананың тілектері еді. Осыдан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті.
Олардың артында іркіліп калған жастар да, бұл кеште көп отырмай, ерте тарасты. Күйеу, қалыңдықты оңаша қалдырудың қамы сияқты.
Абай әлі күнге Ділдәмен тіл қатысқан жоқ. Бір-бірінің жүздерін де жақсылап көріскен жоқ. Жалғыз-ақ, есіктен келіп, шымылдық ішіне кіріп, Абай қасына отыра берерде ғана Ділдә өз бетін ашпай, Абайды сығалап көріп қалған. Онда да бір-ак сәтке көрген.
Үй іші сейіле бере, жаңағы шаш сипарды алған жеңге Абайға:
— Жә, енді біз төсек жайлаймыз. Сен біраз тысқа шығып, сейіліп кел! —деді.
Абайға бұл сөз, бір түрлі түрпідей тиген катты тұрпайылық сияқты көрінді. Бірақ бөгелген жок, атып тұрып, тысқа шығып кетті. Үй маңынан барлық жұрт арылыпты. Күйеу жолдасы Ерболдар да кетіп қапты. Абай жалғыз. Түн жарық емес, бұлты бар ма, тастай қараңғы екен. Күйеу жігіт жапа-жалғыз аяңдап, ұзаңқырап бара жатты.
Ділдә да жолдас қыздарынан арылған. Жаңағы екі жеңгемен бірге калған еді. Оны бір жеңгесі ертіп, бөлек шығып кетті де, екінші жеңге үлкен төсекті бұзып, шымылдықты түсіріп, орын сайлай бастады. Ділдәні ертіп шыққан ең жақын жеңгесінің бірі болатын. Ол қалыңдықты құшақтап ап:
— Ал, еркем, күйеу қалай екен? Ұнаттың ба? — деп сұрады.
Ділдә қымсынған жок:
— Қайдан білейін? Бір жуан қара ғой! — деп, ап-ашық қомсынғандан сөйледі.
— Кой, байқамағайсың ғой. Қара торының әдемісі ғой! — деп, жеңгесі жұбаныш айтты.
Жалғыз кеткен Абайдың көңілі қазірде бір түрлі енжар. Жүрегін әлдеқандай реніш, өкініш басқандан. Өзінен-өзі суық тартып, сұлық түсіп, жүдендеп барады.
Барлық осы күйеулік жайын лезде кайта шолып өтті. Мол дүниемен, салтанат, нөкермен құда, күйеу бон келісті. Мұнда да қонакасы, күтім, той-жиын, сән-салтанат олқы емес. Өңшең ынтымақ. Мол тілек, жағалай бата. Бәрі де кім үшін? Екі жастың бағы, қызығы үшін дейді. Бірақ енді бағын қараса, олар үшін емес. Сол үлкендердің өз ойларын- дағы сыпайылық, сыйластық дәстүр үшін.
Ал Абай мен Ділдә болса, әлі, тіпті, пішіндерін де көріскен жок. Бірак үлкендер үшін ол, тіпті, ойландырар да іс емес. Күйеу мен қалыңдық ең алғаш біліскен, көріскенде анау салынып жаткан төсекте ғана білісу керек.
Абайдың оқыған кітабы көп. Ғашык дос, асыл жар дегендер бұның әлі күнге даксыз келген жүрегіне соншалық бір биік, пәк заттай көрінетін. Шұғыласына тал бойын ұйытқан, ой-киялын сондайлык мүшкіл еткен Тоғжан өзі каншалық алыста. Бұлт құшкандай шарықтап елестемеуші ме еді?
Ендігі бұның жары осыншалық сөлекет ырымдар, үйреншікті дәстүрлер ішінде бұған соншалық арзанға келгені несі? Екеуін малша табыстырып тұрған қолдар не деген сөлекет?
Неткен сезімсіз, тұрпайы? Абай осы ойларға жеткенде көңілі катты жабығып, іштегі киял мекені ойран-асыр боп кұлағандай көрінді. Жүректе де әлдебір нәзік сұлу шырақтар күрсініп өшкендей болды. Аяғы қайда басқанын байкамағаңдай екен. Сыбдыр есітті. Қараса, бағанағы жеңгенін бірі іздеп кепті.
Күліп, қалжың етіп:
— Немене, қалыңдығыңа бұлданып жүрмісің? Неге сонша күттірдің? — деді де, үйге карай алып жүрді.
Төсек салған жеңге жұмысын бітіріп кетіп капты. Мынау Ділдәні ертіп кеп, үй жанына койып, Абайды іздеп кеткен екен.
Абай үйге кірді. Шымыддықтүсірілді, төсек әзіртұр. Жеңге Ділдәні кіргізбей тұрып, Абайды шешіндіре бастады. Сырт киімін Абай өзі шешіп еді. Жеңгесі соны іліп келіп, дәл мәсіні шешерде, ырымды ескертті.
Етік тартар дейтін бір алым тағы бар. Күйеудің етігін жеңге шешеді де, тағы акы алады. Абайдың қалтасына шешесі салып берген ақша барды. Ішінен аса ыңғайсызданып отырып, Абай сол ақшаны жеңгеге тастады.
Шешінісімен Абай төсекке атқып шығып, шағи көрпені оранып, жатып калды. Ділдә үйге әлі кірген жок. Тыста анда-санда шылдыр еткен шолпысы білінеді. Бұ да жол болса керек. Тым құрыса, шам барда да кірген жок. Жеңге Абайды жатқызып, шамды алып тысқа шықты да, есік ашып Ділдәні кіргізді.
Қалыңдық қараңғыны жамылып, ар ұялар іске жүзін ғана ұялтып, өзі басып келе жаткан сиякты. Абай осы күйдің бәріне енді ыза болып, не кылсаң о кыл дегендей тек жатты.
Бірак Ділдәнің бар қозғалысын есітіп жатыр. Ол камзолын шешті. Мәсісін де тастады. Бір сәтте төсекке келді. Соншалық жасқанбай, тура келді де, көрпені аша беріп, орнын сипады. Абай төсектің шетіне жуық жатыр екен. Күйеу өзі алғаш қалай жатқанын байқамаған. Қырылдаңқы- рап шыққан қатқыл дауыспен калындык:
— Ары жатшы! — деді.
Талай күннен бері сан ырымды жасап, мәпелеп, аялап келген екі жардың ең алғаш тіл катысканы осы еді. Абай үркіп калғандай қатты серпіліп, ірге жаққа бір-ак аунады.
Казірде Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай жалынсыз. Әдетте, жетекке ергені болмаса, дәл жүрегінде ол да Абайды жатырқап келген. Соның үстіне сен Құнанбайдыңбаласы болсаң, мен Алшынбайдын қызымын деген өр көңіл де болатын.
Әлдекімше жасканып, қылымсыған жоқ. Жеңгелер не бұйырса, соны істеді.
Осы түннен соң Абайлар Алшынбай аулында он бес күн жатты. Ұлжан он күн өткен сон қайтып кетті де, күйеулер бес күндей кейіндеп барып аттанған.
Айрылысар кезде Абай мен Ділдә бір-біріне үйреніскен болатын, оқта-текте қалжыңдап та отырысады. Ділдә Абайға сүйкімді, сұлу көрінді. Абайдың пішініне Ділдә да үйренді. Бірак іштей екеуі де бір-біріне қабыспайды, салқын күйде қалысты.
Үлкендер зор меженің бірі деп білетін өмір белі ұрын бару болса. Абай содан асты. Бірак жас жүрегіне жалынды от қосып қайтқан жоқ. Қайта бірқатар жарықшақ, ақау салып, көңілмен әлдеқандай мосқал тарткандай боп кайтты.
2
Абайлар келгенде жұрт тегіс Шыңғыс сыртында жайлауда екен. Өз ауылдарының шеті Дөңгелек қоныста отырған Күнкенің аулы. Құнанбай сонда еді. Ауылды калың жиын конак басып жатыр. Абайлар топ ішінде отырған Құнанбайға кеп сәлем берді.
Құнанбай Үлжан келгенде қарсы алып, барлык жайға қанган-ды. Абайдан амандықтан басқа бөтен жай сұрамады.
Бірақ Құдайберді Абайды бұл күн өз аулынан жіберген жок. Бар жолдастарымен қонақ етіп, құрбыдай күтті. Тәуір көретін інісінің ержетіп, үлкенге қосылып, үйленуге айналғанын бұл ауылда жалғыз Құдайберді қуаныш еткендей.
Ол Абай мен Ерболдан Бошанның салтын, әдет-ырымдарын сұрастырып отырып, осындайдағы дағды бойынша қайын жұрттан сарқыт кып әкелген жаңа әндер айтыңдар деп қолқа салды.
Абай мен Ербол осы түні көп ән айтты. Әнге кірісер жерде Абай:
— Қарқаралы біздің елден әнші болады екен! — деп еді. Құдайберді күлді де:
— Қарқаралы әнші ме, жоқ, жаңа есік көріп қайтқан күйеудің көңілі әнші ме? Қайныңның әні де ыстық көріне ме, кім білсін? — деді.
Үйдегілер Құдайбердіні қостап бірге күлді. Абай бұрынғыдай емес, бұл жолы ағасымен дауласқысы кеп:
— Әділетін айтам, Бәке! — деді. Құдайбердіні Абай “Бәке” дейтін.
— Жок, сен Қарқаралының дауын айтпа, әнін айт!
— Рас, ол дұрыс екен! Дауын әннің озі айтсын! Кел, Ербол, — деп Абай бастады да, Ербол ерді. Бұл екеуі әдемі қосылып кеп, аса тамыл- жыған, шырқау ән — “Топайкөкті” айтып шыкты. Тобықты естімеген ән. Абай өз әндерінің үйдегілерге әсер еткенін байкап:
— Міне, бұл әнді не дейсіз? — деді.
Үйдегілердің бәрі сүйсінген екен. Солармен бірге Құдайберді де:
-Жақсы екен!—деді.
— Ендеше, тағы тыңдаңыз! — деп алып, Абай мен Ербол “Шырайлым” деген жаңа әнді де айтты. Құдайбердіге бұ да ұнады. Мақтай бастады. Осы кезде Абай мен Ербол күбірлесіп алып:
— Енді түпке сақтаған әнді айтамыз! — десті де, аса бір сәнді, салмақты, назды қоңыр ән айтып шыкты. Ән — “Ак қайың” болатын. Бұл әннің үш қайырмасы айтылды. Үйдің іші міз бақпай, үн шығармай, калта карап, қатып тыңдап қалған екен. Абай домбыраны қоңырлатып қағып тоқтады да:
— Ал, Бәке, бұған не дейсіз? — деді.
Үш әннің үшеуін де Абайлар Қарқаралыдан әкелген, бұның бірде бірін Тобықты әлі білмейді. #
Құдайберді бар ынтасымен шын сүйсінді де:
— Сенің сөзің дұрыс па деп отырмын. Жақсы ән өкепсіндер!—деді. Абай осы орайда Тобыктыдан өздері салып барған “Көккаулан”, “Мақ- палқыз” сияқты әндердің жарамсыз боп қалғанын айтты. Ол әннің бәрі Қарқаралыда мәлім екен. Балаға шейін білетін ескірген ән. Және оның өзі де Тобықты ішіндегіден артық өрнекпен айтылатынын сөйледі.
Кеңесе келе Абай Тобықтының өзі ән шығара қоймайтынын, әннің көбін сол Қарқаралы, Баян, Қараөткелден алатынын және сол алғанын да оншалық келістіре алмай, бұрып, ырғақсыз ғып әкететінін айтты. Құдайбердіні»! алғашкы қалжыңын енді тойтарғандай. Ағасы Абайға біраз танданыңкырай карай отырып, сөзінің бәрін мәнді көріп:
— Өзің осы жолы сыншы боп кайтыпсың ғой! — деп, бір қолымен құшақтап қойды.
Абай, шынында, бұл жолда әр нәрсеге үңіле қарайтын және көптен гөрі өзгешерек қарайтын каткыл сыншы мінез қосып алғандай.
Келесі күні өз шешесінің аулына келді. Мұнда барлык ел боп қуанып карсы алды. Кәрі әже әмсе ұзак игілік тіледі. Жас інілер сағынға- нын көрсетіп, мойнынан құшақтап, бауырына оралып, мәз болысты.
Ауыл жайлаудың аса бір кең көгалды, сұлу төбелі, мол сулы қонысы — Ботақан ошағы деген жерде. Кеше Күнкенің аулында да есітіп еді.
Бүгін өз ауылдарында, тіпті, айқын білді. Тобықтының барлық осы маңдағы қалың елі бұл күндерде бір үлкен мерекені күтіп жүр екен.
Баланыңда, жігіт-желеңнің де, егде-москал үлкеннің де—барлығының аузында бір жаңалық, бір хабар. Ол — осы жақында болатын ас туралы, Бөжейдің асы туралы.
Былтыр Бөжей өлген күндерде басына қара тіккен ағайын қыстан бері асқа әзірленіп келген. Жазға салым, қой қоздар кезде сауын айтылған. Сауын астың болатын ай, күнін, орнын жариялаған.
Сол сауын бойынша, қазірде Жігітек, Көтібак, Бокенші, Торғай былтырдан бері тобы-жігін сақтап кеп, Шақпақ, Қазбала деген мол қоныстарға жиыла қоныпты. Ас Казбалада болмақ. Мұнда үлкен бәйге болады. Соған лайықтай ас беретін жердің бір жағы ат шабарлық кең өлкеге таяу болуын ойласатын. Казбаладан, бір қабат кара адырды аса Досым- бай, Балқыбек, Акирек жактардағы кең далаға шығатын.
Бұл өңірде Жігітек, Көтібакка тиісті шағын қоныстардың ішінде, осы Казбаладан лайыктысы жоқ. Сол Казбаланың батыс жақтағы аяғы Ұлжан аулы отырған Ботакан ошағына жалғасады.
Абайдың шешелерінің аулы асқа әзірленіп жаткан калың елдің күнбе-күнгі қамдарын ертелі-кеш сұрастырып, есітіп отыратын.
Елді сағынып келген Абай мен Ерболға енді алдарынан шыққан мына хабар аса көңілді көрінді.
Ербол өз ауылдарының әзірлігін ести сала, кайтпакка асықты. Абай оған рұқсат етті. Бірақ Ербол екі күн ішінде кайта келіп, тағы табысып, бірге болысуға уәде берді. Абайдың тілегі солай.
Келген күннің ертеңінде Абай шешесімен ұзақ әңгімелесіп отырып, өздері кеткеннен бергі ел ішіндегі жаңалықтарды есітті.
Сол әңгімелерге қарағанда, Құнанбай көктемнен бері дамылсыз жиын жиып, тынымсыз қимыл үстінде екен. Алғаш келген кездегі көкқасқа, ақсарбас сойылған топтардан басқа, кейін де талай әңгіме-дүкен құрыпты.
Біреуге сый беріп, біреуге серт, уәде беріп, кейбіреулерді салқын ызғар, сәлем хатпен тартып, әйтеуір, бір ай шамасында талай руды қайырып, баурап апты. Сол ретте анықтап кеп қолтығына кірген Қаратай сиякты белділер бар. Бұрын ара ағайын боп, сұлык жүрген рудың көбін де жакынырак тартқан тәрізді. Қысқасы, ел сыртқа шығуға бет алып, қыс- тау-кыстау тұсынан қайтадан өтер кезде Құнанбай карсысында калған шоктай топ, белгілі үш-төрт қана ру бопты.
Олар болса қыстан бері Бөжейдің асына әзірленеміз деп, күш- кайраттын, сөз бен қамның бәрін соған салып жүр екен. Сонымен дәл сыртқа шығар кезде, Құнанбай он бес қыстауды кайта жоқтапты.
Байдалы, Байсалға күз бен қыста өзі уәде ғып, ағайыны қолдан берген жерлердің бәрін қайтадан қайтарып алатын бопты. Өткен қыс сол жерлерді қыстап шығып, меншіктеніп калған ауылдардың бәріне де сәлем айтыпты да, “Күздігүні бұл қыстаудан дәме қылмасын! Қоймаларын қоймасын! Жатақ қалдырмасын! Қыстау өзімізге кайтады” деп, әр ауылға
оқшау-оқшау хабар айткан екен. Барлыксәлеміне дау айтып, кисын айтпайды. Бұйрык жібереді. Сөйтіп, он төрт қыстауды кайтып алып, жалғыз ғана қыстауға келгенде, дегені болмайды. Ол — Шыңғыс ішінде. Байсал алған қыстау екен.
Қазір, міне, осы ауыл Ботаканда отырған Байсалға Құнанбай жарлығын апарған Қаратай мен жорға Жұмабай. Соларға Байсал әуелі жай ғана жөн айтты. Айтқаны:
— Мырзаға сәлем айт, бала жастан бірге жасасып келеміз. Содан бері менін қыстаусыз, жерсіз екенімді осы ел ішінде озінен артық білетін кісі жок. Кеше Бөжей қыстауы Токпамбетке шейін әперем демеп пе еді? Бүгін маған бір қыстау тиген екен. Мырза жерсіз емес. Он бес қыстаудың он төртін кайтып алыпты ғой. Маған тигенді кдлдырсын, орын теуіп, шығындап қалдым! — депті.
Сол сәлемін Құнанбайға әкелгенде, ол ашу шақырып, кәріне мініп, Қаратай мен Жұмабайды сол түнде кайта жіберіп, “Сөзді қойып, көшсін” деген бұйрык жолдапты. *
Байсал мұны естігенде катгы бұзылып, қарсы кайрат көрсетіп:
— Жөнімді айтып ем, жібімеді ғой. Жерге тигендіктен шықпайды, жетеге тигендіктен шығады жан ашуы. Мені тек жатайын десем де, сүңгілеп тұрғызайын деген ғой’ Сол жер деген боп, жегідей соңына түсіп, кешегі қадірлі Божейді де жұтып еді. Содан жаным ардақты емес. Айтка- нымнан кайтпаймын! Осы қыстаудан кия баспаймын! — депті.
Бұл жауагпы Қаратай тағы бір от шығып кете ме деп, майдалап жеткізбек екен. Бірак Құнанбай: “Байсал бұлай сөйлемейді, дегенін дәл жеткіз” деп, қадалып отырып апты да, Жұмабай түгел айтып беріпті.
Содан бері Құнанбай Байсал мен Байдалыға кайта кіжінулі екен. Жалғыз-ақ Бөжейдің асы келе жаткандықтан, сырттан тартынып отырған көрінеді. Бірақ Ұлжан түгел біліпті. Шыңғыс асып жайлауға көше бастағаннан бері Байсал ауылдары мен Құнанбай ауылдары әр қоныстың тұсында иыклен қағыскандай боп, ылғи тайталаса келіпті. Барлыбай жазығына бұл ауыл қонғанда, Тоңашаға Көтібақ қонған екен. Малын қудыра беріпті Құнанбай. Содан соң Байсал, Көтібақ қонысының Құнанбай аулы жақтағы шетіне ұдайы өз аулын қондырып, бұл жақ не істесе, соны істеп келіпті.
Қызылкайнар тұсында, Жыландыда, Балашакпакта да Байсал ау- лымен осы ауылдар ылғи сыбайлас боп, тіресіп келген екен. Күндіз-түн Көтібақ жігіттері Байсал аулының айналасында болады дейді.
Құнанбай аулы анау көрініп, жер шегіне іргесін кадап отыр. Болымсыз бірдеңе болса, от шығып, ұшкындап кететін сияқты. Құнанбай, әсіресе, омырау ғып, соған әдейі ізденіп жүр. Осы жайды аңғарған Зере мына Ботақан ошағына елден бұрын кеп, Байсалға өзі көрші боп қоныпты. Онысы Күнкенің аулынша тимей, малшы, қосшыны тыйып ұстамақ. Ұлжанның, әсіресе, қамығатыны, мына келе жаткан Бөжейдің асына да Құнанбай бұл қалыпта қырыс карап, шырай беретін емес. Өлінің топырағын көрмесе, тым құрыса, жыл өткенде жібімес пе? Осының бәрін көп
күрсініп отырып айткан Ұлжан Абайға үлкен ой салды. Ел ішінің мінезіне, әкенің тартысына баласының көңілін шындап бұрып, шүйлеп салға- ны осы. Үлкен ісіне араласатын кезі жетті деді ме? Барынша ширығып отырып, ашык сөйледі.
Абай өзінің катан ойларын сыртка шығарған жок, кабактүйіп, ішке жиды. Осы күн күні бойы ешкіммен жазылып сөйлескен жок. Түн бойы үйыктай алмай, аунақшып шыкты.
Ертеңінде түске жақын Ербол келіп, екі жігіт үлкен үйде қымыз ішіп отыр еді.
Тыста бір нәрсеге катты ашуланып, ақыра сөйлеп, аттан түсіп келе жаткан Құнанбай үні естілді. Жалғыз екен. Үйге кіре бере бөгеліп, есік алдында тұрып:
— Ей, Жұмағұл, Мырзахан! Кел бері! — деп әмір етті де, үйге кірді. Екі жігіт ілесе келді. Құнанбай төрге шығып отыра бере:
— Аулымның іргесіне егесіп кеп қонып отыр ғой. Егескендіктен жылқысын каптата жайып, бері өрістетіп отыр. Көрейін мен Байсалдың ызғары мен айбарын. Бар дереу, қолдарыңа шоқпар, сойыл алыңдар. Анау жылқысын сойылдап-сойылдап, дәл Байсал аулының ар жағына қуып тастаңдар! Бұлжытпай орында осы айтқанымды! — деді.
Екі жігіт жалт бере жөнелді. Бір кезде сойылдарының дыбысы естіліп, кермеден ат шешіп жатқандары білінді. Сол уакьпта Абай үйден шығып, екі жігітке:
— Ей, тоқтаңдар’ —деп үн катты. Ана екеуі аттарына мініп ап, тымақтарының құлағын жымыра байлап жатыр екен.
Абай катарына келіп:
— Сендер кайткелі тұрсындар! — деп еді, Жұмағұл сырт карап жауап берді.
— Бара жау тигендей етеміз! Несі бар?
— Тимейсің олай, бері кара?
— Е-е, мырзаның бұйрығын екі етуші ме ем? — деп тебіне берді. Абай осы кезде катты булығып жетіп келді:
— Құтырма! Токта! — деп ақырып калды. Екі көзі қанталап, өзі сұп- сұр боп апты. Жұдырығы түюлі. Екі жігіт тоқтай калды.
— Жылқыны кумаңдар! Сойылдама! Жай ғана жылқышысына айтыңдар да, кайтыңдар!
— Е, бұйрық ше?
— Бұйрық осы! Айтылды! Осыдан тек, жалғыз-ақ, бәле шығарып жүр, Жұмағұл, жазаның үлкенін сонда көресің! Тап мына менен көресің’ — деді. Даусы соншалық зілді. Сөзі сондай салмақты.
Жұмағұлдар еріксіз көнді де, аяңдап кетті.
Абай үйге кеп әкесіне ажарлана карап отырып:
— Әке, осы шілденің күнінде, ен жайлауда, шөп деген тұтып тұрған шақта жер қорыған, ағайынға реніш салған не қисынға сыяды? — деді.
Құнанбай бұған жалт етіп, суық карады.
— Немене, Байсалдың дауын айтар тіл, жақ жок деп пе ең? Қыстауымды кайырмай, қасарысып отырғанын да қостарсың сен?!
Абай кайтқан жок. Үні каткыл шыкты.
— Қыстау — жайлау емес кой.
— Қыстаудан жайлауға көшетін кекесін болмай ма екен?
— Ендеше, түп-түйінді айтады сксміз. Сонда кыстау жайындағы ашудың өзі вдел ет пе?
— Әделет, сенін ойынша, біреудің басына күн туса, сонын орнын тартып алу ғой?
— Тартып алғыштың басы, шынға келсек. Байсал емес, өзіміз ғой. Байсал алушы емес, алынушы боп келмеп пе еді бұл күнге шейін? Өмір бойы бір-ақ қыстау сұрап емінгені өзіңіз емес пе едіңіз? Сол бір қыстаудың зарынан кеше сіздің касыңызға еріп, қолыңызды қостап, тіпті, анау Бөжейді сабасуға да барғаны кані? Байсалға тиген бір қыстауды куған — зорлық. Содан ұшқындап кеп, мына...—дей бергенде, Құнанбай Абайды токтата берді. Бірақ алғашқы ашулы үні бәсеңдепті.
— Жә, суырылма!.. Менімен жарыса түспек пе ең? — деді. Абай бұған аз іркілді де:
—... Мына жайлауда, бөлінбеген бір елдің көдесі үшін түс шайысу, тіпті, жол емес! — деп тоқтады.
Бұрын Абай әкесіне осындайлық ел жайындағы сөздерді айтқанда, көсіліп сөйлей алмай, күрмеле беруші еді. Тілі де тұткыр тарта беретін.
Құнанбай баласының бұл жолғы үнінен өзгешелік көрді. Үй ішіне айнала карап, байкап еді, Зере, Үлжан да қалт карап, қадала тыңдап отыр екен. Жаңағы сөз жалғыз Абай сөзі емес пе, әлде? Құнанбайдың бетіне батып айта алмаса да, сырттан бар жакын, бар туысқан осылай десе ме екен? Осындай ғып ойландырған сұрақтармен Құнанбай тоқырап, үнсіз отырып қалды. Аздан соң тынышсызданып козғалактап барып, көлбей түсті. Шынтақтап жантая берді. Абай биік төсектен жастық әперді. Құнанбай сол жастықты қолтығына басып, Абайға сыртын беріп, ойға түсіп калып еді.
Алғашқы сөзіне карсы дүрсе коя берген ашуды көрмеген соң, Абай тағы бір сөз бастады.
— Үй іші болсын, бала, бауыр болсын, өз ойындағы мақұл дегенін сізге айтуы шарт кой. Айта алмай жасырып калса, лайық па? Сіздің де есітіп, білуіңіз лазым ғой!
Діндәр әкеге кітапшылап сөйлесе, парыз, уажып деген сияқтыны еске алуы мүмкін. Бұл есебі дұрыс болған сиякты. Құнанбай Абайға қырындай қарап, ендеше, айт дегендей ілтифат жасады. Абай енді бөгелген жоқ.
— Тағы бір жайды айтуға рұқсат етіңіз. Ол мына Бөжейдің асы туралы. Бұл жөнде біз ада қылмаған ағайын міндеті көп. Жалғыз-ак, енді мынау ас жалғыз Жіптекке сын емес. Бірнеше дуанның еліне сауын айтып отыр. Ағайынмын, адаммын дегеннің бәріне сын. Өлімінде оқшау кап ек, енді тым құрымаса, мынау асына ат салысайық! — деді.
Құнанбай өткен жылдың ызасын еске түсіріп:
— Мен қайтейін’ Кел демесе кимелеп барам ба? Барып тұрып, былтырғыдай кеудеге кактырам ба? — деді де, бұл сөзді жақгырмағанын сездірді.
— Ендеше, сіз бармаңыз. Бірак бізге рұксат етіңіз. Бір барамыз да, араласамыз. Сол жетеді. Карсы болмасаңыз, мен өзім ада қылайын. Тек касыма Ызғұттыны беріңіз. Және азын-аулақ мал-дүниенің шығынын осы үйдің, мына шешелер мен біздің еркімізге беріңіз!
Бұл тұста Абай көңілінде әзірлеп алған байлау бар сиякты. Онысы бір өзінен басқа ешкімге мәлім емес. Үлжан да казір баласының сөзін ойлана тыңдап қапты.
Құнанбай басын көтеріп, тымағын киіп, тұруға айналды. Үй іші жауап күтіп, қадала карап отыр. Салмақ салғандай. Соны жақтырмаған Құнанбай кырыстанып:
— Мейілдерің! Маған десе, аяғына бас ұр, Байдалы мен Байсалдың! —деді де, шығып кетті.
Көнгені осы. Қай көңілімен көнді? Қиналып, қынжылып көне ме? Кекесінмен көне ме? Оның ар жағын Абай елеген жок. Тек қарсы алыспаса болды.
Енді шешелерімен оңаша отырып, өз ойынша қалай араласатынын ап-айқын кып, таратып-таратып айтып берді. Байлауының бәрі де орынды екен.
Зере мен Үлжан осы іске көмекші болсын деп, Ызғүтгыны шақыртып, дәл осы күні Абайға акылшы ғып косып берген.
Абай өз ағайындарының ішінен Құдайбердінін болыспағын қажет деп білді. Оған өзі барып, ұзақ әңгімелесіп, бар ниетін айтып, ұғысып кайтты. Құдайберді Абай керек еткен жәрдемінің бәрін жеткізіп тұрмақ болды.
Осы кеште Ербол Бөкенші жакка кайтпақ еді. Атка мінер жерде Абайды оңашалап алып:
— Абай, бөтен сөзім жоқ. Тек бағана әкеңмен сөйлескен сөзіңді есіткелі өзіңе дән ырза боп, достығыма сүйсініп ем. Барым сол ғана. Енді мен ана жакка барып көптің ісіне қолдан келген көмегімді етейін! —деді.
Абай рұқсат етті. Жалғыз-ақ, Ерболдың ас жөнінде керегі болса, шақыртып алмақ болды.
Келесі күні Абай атка мінді. Қасына ерткені — жорға Жұмабай мен Мырзахан. Бұл үшеуі Қазбаланы өрлеп, Көтібақ пен Жігітектің қалың ауылдарын аралап отырып, сол өлкенің орта тұсындағы Бөжей аулына келді. Бұл өңірдегі ел тұтасымен астың камында. Бөжей аулының жоғарғы жағындағы кең бір төскейге сансыз көп үйлер тіккізіп жатыр. Астың күні жақындап қалған. Қарбалас мол. Ер атаулы ат үстінде. Аска тігілген үйлерді артқан көштер тізбек-тізбек боп, дамылсыз ағылып келіп, жаңағы төскейге құйылып жатыр. Абайлар ең алдымен Бөжейдің каралы үйіне түсіп, кұран оқыды. Белдеуіне кара тігілген, ішіне қымбат бұйым атау- лыдан сеп жиылған, каралы теңдер тізілген үлкен үй әлі сол калпында.
Бөжейдің жып уағын күтіп, азалы күйде түр. Тұлдаған киімдерде оң жакта ілулі күйінде. Әсем тұскиіздін үстінен ілініпті.
Осы ауылдың қасында* ас иелерінің жиыны түгел екен. Абайлар Бөжей үйінен қымыз ауыз тиіп, тыска шығып, сол жиынға келді. Кішілеу төбенің басында отырып, кейбір аттыларды шақырып алып, кейбіреулерін шапқыза жөнелтіп, әмір таратып отырған осы жиын. Ортасындағы үлкендері — Байдалы, Байсал, Сүйіндік.
Байдалы былтырғыдай бері недәуір қартайып қапты. Сакал-шашы- ның ағы көбейіп, бурылға жақындаған. Қастарына Абай келіп сәлем бергенде. бұл үлкендер бұрынғыдай емес, он шыраймен амандасты. Байдалы мен Сүйіндік Зере мен Үлжанның амандык-саулығын сұрап, жас жігітке қастарынан орын берісті. Осы үлкендердің бұйрығын күтіп, кас- кабақтарына карап жүрген жас жігіттердің ішінде Ербол бар. Абайдың бұрыннан жақсы білетін бір танысы Жиренше де осында. Байсал Құнан- баймен араздасып кеткелі, Абай мен Жиреншенің кездескені осы.
Жиренше де Абайға енді жылы ұшырап амандасты. Жаңа адамдар келген соң, үлкендердің өзге істері мен сөздері бөгеліп тоқырап калған. Аз ғана жиын біраз үндемей отырысты.
Абай осы уақытта Байдалыға карап:
— Байдаш аға, — деп алып, сөзіне кірісті.
Келген жұмысын қысқа айтты. Бірақ орнықты, байыпты кып жеткізді.
... Осы жиынға сәлем айткан Зередей аналары екен. Сол кісідей үлкендер жіберіпті. Бөжекеңнің асына ағайын боп ат салыспақ. Бұрынғы шақта капы болса, енді олай емес, қалыспаймыз деген адал ниетпен келіпті.
Байдалы Абайды тыңдап алды да:
— Шырағым, бұл сөзіңе ағайын ырза. Бетіннен жарылғасын. Енді қалай кірісесің, ойлағаныңды өзің айт? — деді.
Абай сонан соң кешегі шешелеріне, Ызғүтгыға, Құдайбердіге өзі айткан жобаларын айтып шықты.
Қонаққа тігіліп жаткан үйлердің ортасынан Абай өзі тіккізетін үйлерге бөлек орын тілейді. Ол үлкен үйді осы бүгінгі күннен қалдырмай әкеліп тігудің міндетін алады. Он үй — отыз-отыздан үш жүз кісі түсетін үй болмақ. Сол үйлерге арналған ішкі жасау, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ - баршасы үйлермен бірге келеді. Және он үйдің ертеңді-кеш ас азығы, бар сойысы, барлык күтімі өзіне бөлек. Ол АбаЙлардын өз мойныңда. Ас ошағын да өздері жайлайды. Аспазшы, күтуші, даяршы жігіттердің бәрін де Абай өзі қамдайды. Үлкендер осыған сенсін де, казір осы арада тапсырып, байлап берсін. Сонан соңғы Абайдын тілейтіні: әр рудан, әр жақтан келген қонақты осы маңдағы әр топ, әр ауыл міндетіне алып жатыр ғой. Ас келесі солай ғой. Ендеше, Абай да мынау үлкендердің бұған арнайтын қонақтарды атап бермегін сұрайды. Сонда және осы жиынға келетін ен қадірлі, ен сыйлы деген елдің қонағының бірін берсін, соны өтінеді.
Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер Абайдың өзін ендігі ақылдарының ішіне ала отырып сөйлесті.
Бұл аска Қарқаралының Арғыны, Жетісудын Жалайыры, Садыр- Матайы. Семіз-Найманы, Ылдидын Уақ, Бурасы, Дағандынын Керейі бар, талай үлкен рулар келмек. Бәрі де алыстан келеді. Бірақ осы топтардың ішінде, әсіресе, алабөтен, жолы баска бір топ бар. Ол — Найманнан келетін Бөжейдің нағашылары. Сол елде ертеректе Божей атты жақсы кісі болған. Кеңгірбай сонымен құда боп, өзінің Ералы деген баласына Бөжейдің кызын айттырған. Кейін сол Бөжей қызынан туған немересінің аты нағашысындай болсын деп Бөжей аталған екен. Байдалы қыстан бері соларға айрықша хабар жолдаған. Жақында жауап кепті. Бөжейдің сол нағашы жұрты жиенінің асына келмекке әзірленіп жатыр екен.
Қазіргі бар жиын Абайдың мейлінше жақсы ойлаған қамдарына сенген сияқты. Осы Бөжейдің нағашыларын күтіп алу, өзге қонақтан өзгерек ретті тілейді. “Тапсырғанда, соларды тапсырса кайтер еді?” деген сөздер шыға бастағанда, Абай:
— Ендеше, Байдаш аға, байлау сол болсын. Бөжікеннін нағашысын біздің күтуіміз жол екен! Бізге беріңдер! — деді.
Жиын іркілген жок. Кеше Құнанбай, Бөжейдің араздығын, жаманатын есітіп келген нағашы жұрт, енді артын күтіскенді көрсе, көрсін! Лайығы сол екен дескен...
Бұл жайды ашып айтыскан кісі жок. Бірак салған жерден Абай калай ашык түсінсе, өзгелер де солай таныған.
Абай осы ауылдардың өзге камдарын, ішкі реттерін жақсы білетін кісілерден бір үш жігіт берілуін сұрады. Оған Байдалы Ерболды, Жирсн- шені, Базаралыны атап берді.
Бар сөз шешілді. Бар кам, барлық қимыл алда түр. Енді бір сәтке де аял жоқ. Абай сол арада атына мінгелі орнынан тұра беріп еді, Сүйіндік бұған ырзалықпен қарады да:
— Жамандықтан жұққыш нәрсе бар ма? Оны тапқан, ақылды бол- ғандыктан таппайды. Және тапканымен қарқ болмайды. Шын тапқан деп, жақсылық тап канды айтатта! Бетін, ниетің дұрыс екен, балам! Тек, жолың болсын! — деді.
Абай осы тотың бөтені боп көрінбей, өз адамы сияқты боп санал- ғанына ішінен қуана түсіп, ырза боп, атына карай басты. Өзі атка мінісімен жаңағы бұған серік болатын Жиренше, Базаралы, Ербол үшеуін ертіп алып, үйлер тігіліп жаткан жерді аралады. Өз үйлерін тігетін орынды ақылдасып, сайлап алып, ас ошағын орнататын жерлерін де белгіледі. Ол орайда акыл айтып, орын көрсеткен Жұмабай болатын.
Барысымен үйлер көшіріледі. Мырзахан мен Ербол екеуі көшті ал- дынан тосып алып, жайлап қондыруға міндетті. Абай өзі ол жақтан келетін мал-дүниенің бәрін әбден сай ғып жөнелткен соң ғана келеді. Оған шекті, мұндағы істерге Базаралы, Жиренше бәрінің де бас-көз болуын сұрады. Байлауы шапшаң, сөзі де, ісі де жол көрген кісідей орынды, ширақ.
Абай мен Жүмағұл жөнеліп кеткенде, ұзын бойлы, сұлу жүзді Базаралы қалғандарға карап:
— Япырмай, мынау өзі ер жетіп, пісіп қашы-ау! Тек айтканы қолынан келсін, —деді.
— Қолынан келгенде, мықтап келеді! Көрерсің! — деп, Ербол сенімді сөйледі.
— Ендеше, бөтеннің қамы емес. Бір Бөжекеңнің аруағы ғой. Келіндер, көмегінде болайық! — деп, Базаралы байлауын айтты.
Жиренше де, Ербол да шын бейілмен құптады.
Абай Казбалаға жүрерде катгы тапсырып кеткендіктен, Үлжан ау- лында үлкен кдрбалас, әзірлік жүріп жатыр екен. Мұндағы істің басында Ұлжаннын өзі және Ызғұтгы, Құдайберді болатын.
Ботакан ошағына келісімен, қонақкд тігілетін он үй жығылып, артыла бастады. Үйлерді жаңағы үшеуі осы арадағы Ырғызбайдын бар ау- лынан таңдап тұрып атаған-ды. Абай сары жорға атпен сыдыртып жүріп, бар үйді тігілулі күйінде көріп шығып, бір-екі қоңырқай үзігі бар үйді алмай, орнына баска туысқандардың аппақ үйлерін жыктырды. Сонымен, кешкі жылқы суға келетін кезде, Казбалаға қарай салқар көш боп жөнелген үйдің бәрі бірдей үлкен, шетінен аппақ, келісті үйлер болатын.
Әр үйдің ішіне ұсталатын кілем, тұскиіз, сырмақ, текемет, көрпе- жастығы да бірге жіберілді. Көбінің ыдыс-аяғы да сай болған. Дастарқан, орамалдың да олкы болмай, жаңа болуын, таза болуын, Үлжан өз көзімен аткарып, қадағалап жіберткен.
Әр үйдіңтігушілері қазір бірге кеткен жігіттер. Кейін қонақ күтетін күтушілер де солар болмақ.
Өңшең пысық, елгезек, сергек жігіттер екен. Бәрі де Бөжей ісіне бұл ауылдардың бет бергенін іштей шынымен мақұлдаған жастар сияқты. Тегіс көңілденіп аттанысты.
Қонак үйлер жөнелтумен Абайлар істейтін істің басы ғана басталды. Үлкен, ауыр жұмыстар өлі алда жатыр. Көшті жүргізіп жіберіп, енді күн батар шақта тыста, үлкен үйдің алдында, Зерені ортасына алып отырып, төртеу-бесеуі ақылдасқанда, қалған істің қиынын Абай енді түгел түсінді.
— Не керек? Қайтпек керек? — дегенді кезек-кезек айта бастаған Үлжан мен Ызғұтгы еді.
Қазір енді ас ошағының басына тігілетін үйлерді де жөнелту керек. Оған Абай бір-екі үй жетер деп ойлап еді. Жок, сойылатын малдың еті үйде болу керек екен. Ендеше, бес-алты үй керек.
Онын бәріне ас пісіретін, отын-су қамдайтын халык керек. Ең алдымен сойыс не болады! Құнанбаймен ақылдасуға болмайды. Не де болса, өздері шешеді. Бірақ кең колдық, шығымдылық болса, осы жерде көрінеді. Оған Ызғұтгы іркіліп, еш нәрсе айта алмады. Абай, әйтеуір, сараң болмау керек дегеннен баска, не лайык екенін дәлді білмейтін. Бұл арада Құдайберді көмек етті.
.— Енді сенің бетің іркілмесін. Барған соң, басқаша боп бар! Он үйге арнап, он семіз байтал апарыңдар. Үй басы екі еркек кой барсын! — деді. Осы айтканы байлау болды.
Ұлжан ас ошағының басында үлкен қиындық барын, ақыл керек екенін айтып келіп, ертең өзі бармақ болды. Қасына Айғызды, Қалика- ны, Сары апаңды және бірнеше күтуші қатындарды ерте баратынын айтты. Осы кеште ұн, шай, тәтгі-дәмді дегеннің бәрін де бар ауылдан тығыз камдатты.
Өзге жайдың бәрін ақылдасып, шешіп келгенде, бәрінен қиыны қымыз болды. Сауын биені ол араға апарып байлауға болмайды. Жер тар, ел тығыз. Қымызын анау басқа күтуші ел де күнбе-күн жеткізіп тұрмақ. Ботақан ошағынан Қазбалаға қымызды мол қылып, калет қылмай, кешіктірмей жеткізіп тұру үшін бір Абайлар емес, осы артта калған ауыл- ауданның, кәрі-жастың бәрі кепіл болуы шарт.
Ел жатқанша осы маңдағы жиырма ауылдың бар үлкендерін Абай мен Ұлжан тегіс шақыртып ап, тағы кеңес жасады. Астың басы бір басқа. Осы ауылдың өзінде қалып, үнемі айдаушы боп отыратын аса мықты кісі осында керек. Құдайберді ол міндетті өз мойнына алды. Оған Жақып, Жұмағұл, Ырсай сияқты үлкен туысқандар айқайшы болмақ.
Ырғызбайдың осындай көпшілігі бас қоскан кеңесінде Зере сөйледі: — Байлауын байладың. Енді, түге, жат жиынның алдында жас балаларымның жақсы талабын жер қылмаңдар. Өліге еткен қызметтен бастарың кішіреймес. Араз-құразды ұмытыңдар, адам болсаң! Тірісінде алғыс алмасаң, енді, тым құрыса, өлі аруағынан қарғыс алма. Балаларым мен келіндерім, сендер де төбеңмен жүр! Отымен кір, күлімен шык қонағының’ Ердіңсыны шабуылмен шаптығуда емес—кішіпейіл, мейірде! Шал- дықсаң да қабақ шытпа! Қуанып, жарқырап жүріп күт! Дабырайып, желігіп те кетпендер! Жым-жырт, момын жүріп күтіндер! Болмаса мынау ағайынның төрт көзі түгел отыр ғой, міне, өл де маған! Бірі қырт, бірі дарақы, мақтаншақ, бірі ұр да жық, даңғой атанғанда — осындай көп жиын үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын! — деді.