Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.
Название: | Қазақстан тарихы для 5 класса |
Автор: | Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К. |
Жанр: | Школьный учебник по истории Казахстана |
Издательство: | Атамура |
Год: | 2017 |
ISBN: | 978-601-306-753-7 |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 1
«Қазақстан тарихы» - отандық тарих ғылымының қазіргі жетістіктеріне негізделген, 12 жылдық білім беретін мектепке арналган оқулық. Оқулық материалы айтарлықтай жаңартылған, ҚР БҒМ-ның бағдарламасы бойынша әзірленген. Қазақстан тарихының ежелгі кезеңінен бастап б.з.б. 5 ғасырға дейінгі мерзімді камтиды.
ҚЫМБАТТЫ ОҚУШЫЛАР!
Сендер оқулықтың, алғашқы бетін аштыңдар. Бұл — кітаптың беті ғана емес, сонымен бірге тарих әлемінің бастапқы жолы. Авторлар бұл жолды тартымды әрі танымдық сипатта беруді мақсат етті.
Біз әлемде аумағы жағынан 9-орын алатын үлкен мемлекетте өмір сүреміз. Елде 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Оқу жылының соңына дейін оқитын «Қазақстан тарихы» пәні сендерге еліміздің осындай үлкен аумаққа ие болуының себебін, қазақтың қайдан шыққанын білуге көмектеседі.
Оқулық көптеген жаңа ақпараттан тұрады. Оны оқи отырып, табиғаттың құбылыстары — мұздықтардың түсуі мен қайтуы, таулар мен теңіздердің пайда болуы, ауа райының өзгерісі т.б. үдерістерімен таныс боласыңдар. Ең бастысы, адамның жаратылуы мен қалыптасуы және дамуы, оның физикалық, интеллектуалдық, рухани өсуі барысын оқып біле аласыңдар.
Адам үнемі қоғаммен бірге өмір сүреді. Сондықтан сендер қоғамдық қатынастардың алғашқы қауымдық құрылыстан мемлекетке дейінгі даму барысымен танысасыңдар.
Бұл оқулықта адамзат тарихының: ежелгі заманғы миллиондаған жылдарға созылған тас дәуірі, металл өңдеуді меңгерген қола дәуірі, алғаш рет мемлекет құрған темір дәуірі туралы баяндалады.
Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары қалыптастырды. Сендер осылардың әрқайсысының мәдениеті, шаруашылығы мен дүниетанымдық көзқарастарын оқып- үйренесіңдер.
Қазақстан — көпұлтты, тәуелсіз ел, біз онда мекендей- тін барлық халықтың тарихы мен дәстүрін құрметтейміз. Еліміздің өткені—Қазақстан тарихын терең меңгеруге міндеттіміз.
Оқулықтың мақсаты — мектеп оқушыларына тарих барысын бірізділікпен, жан-жақты етіп түсіндіру, адам мен қоғам дамуының барлық кезеңін қарастырып, балаларға оның себеп- салдарлық байланыстарын үйрету. Мәселен, ауа райының суытуы киім мен тұрғын үй дайындауға себепші болды. Мұздықтардың еруі, үлкен аумақтарды су басуы адамдарды балық аулауға мәжбүрледі. Қайықты ойлап тапты, ау және басқа да құралдар жасады.
Оқулық 53 тақырыпқа бөлінген. Авторлар материалды логикалық және хронологиялық тәртіпті сақтай отырып, тарихи бірізділікпен беруге тырысты. Оқулықтың басында адамзат тарихының ежелгі кезеңдері — адамның пайда болуы, еңбек құралдарының шығуы, жаңа кәсіпшіліктің қалыптасуы т.б. қарастырылады. Мұнда ежелгі адамдардың шаруашылық әдістеріне ерекше көңіл бөлінді. Олар дамудың бүл кезеңінде табиғаттың дайын сыйын пайдаланып, өздері әлі ештеңе өндірмеген еді.
Келесі кезең — қола дәуірінде адамдар металл өңдеуді игере бастады. Бұл дамуда үлкен қадам жасауға мүмкіндік берді. Осы өзгерістер ерте темір дәуірінде одан әрі күрделене түсті. Темірді игеру —> шаруашылықтың жаңа түрі (бақташы- лық) —> еңбек құралдарын өндіру —> қоғамдық еңбек бөлінісі- нің қалыптасуы, даулы мәселелерді соғыс арқылы шешу —> меншік теңсіздігі туындады. Ежелгі тарих бізге «археология» деп аталатын ғылыми зерттеулер арқылы таныс.
Оқулықтың ерекше атап өтетін артықшылығы — адамның рухани және шығармашылық тұрғыдан өсуі мен дүниетанымының жетіле түсуін авторлар ғылыми таным-түсінікпен жеткізді. Қазақстан аумағындағы өркениет үлгісі адамның рухани жетілуінің айғағы болатын ғажайып археологиялық жәдігерлерден көрініс тапты. Оларға Таңбалы шатқалындағы петроглифтер, Қаратау беткейі мен Үстірттен табылған жәдігерлер, Есік, Берел қорғандары және т.б. орындардан кездесетін атақты «аң стилінде» жасалған заттар жатады.
Оқулықта берілген түрлі сұрақтар мен тапсырмалар оқу материалын терең меңгеруге көмектеседі. Олар жеке дайындалуға, сонымен бірге жұптасын, топпен жұмыс жасауға арналған. Әр тақырыпта оқушылардың қалауы бойынша орындалатын қосымша тапсырмалар да келтірілген. Тапсырмалар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жан-жақты білім алу мақсатымен өздігінен жұмыс жасап, қосымша дерек іздеуге арналған.
«Қазақстан тарихы» оқулығы ежелгі адамдар, алғашқы тылсым табиғат әлемі, қола және ерте темір дәуірлеріндегі тайпалар туралы нақты ақпарат алуға көмектеседі.
Халқының, туған жерінің тарихын оқыған жеткіншек елінің болашағын ойлайтын азамат болып шығатыны анық. Оқулықта көптеген айтулы оқиғалар, атақты тұлғалар туралы баяндалады. Сондықтан тарихты білу үшін бізге дейін өмір сүрген адамдардың жасампаздық істерінен үлгі алып, қателіктерін қайталамауға тырысу керек.
Тарихты адамдар жасап, өзгертеді. Оқушылар, біз сендердің «Қазақстан тарихын» жүйелі түрде оқып, терең меңгеріп шығуларыңа тілектеспіз.
I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІ
§1. «ТАРИХ» ПӘНІ ТУРАЛЫ
«Тарих» ұғымы. Тарих — адамзат туралы ғылым. Ол өмірде өткен маңызды оқиғалар, тарихи тұлғалар туралы ақпарат береді. Тарих үшін барлық үдеріс, адамзат баласының өткен өмірін еске түсіретін барлық оқиға маңызды.
Бұл бізге не үшін керек? Адамдардың бұрын қалай өмір сүргенін білу бізге неге қажет? Орта ғасырдағы атақты ғалым өл-Фараби былай деп жазған: «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын». Ағартушы ғалым А. Байтұрсынұлы: «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы - тарих» деген еді.
«Тарих» үғымы қандай мағынаны білдіреді?
Бүгіннен бастап меңгеретін «Қазақстан тарихы» сенімен бірге соңғы сыныпқа дейін оқытылады. Жыл сайын сен қазіргі заманға жақындай түсесің. Біз, осы оқулықтың авторлары, сендер бүгінгі кезеңге кездейсоқ келмегендеріңді түсінеді деп үміттенеміз.
Әр адамның «Біз қайданбыз?», «Кімбіз?» деген басты сұрағына ғылыми әдіспен жауап беруге тырысамыз.
Тарих — халықтар мен мемлекеттердің көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі басынан өткен оқиғаларды жүйелі түрде оқытатын пән.
«Тарих» сөзі көне араб тілінен аударғанда әуелі «уақытты анықтау» деген мағына берсе, кейін «оқиғалар тізбегі» дегенді білдірген. Бұл сөз алғаш рет тарихтың, атасы атанған ежелгі грек ғалымы Геродот (б.з.б. 484-425 жылдар) еңбектерінде қолданылған.
Геродоттың бізге жеткен «Тарих» атты еңбегі тоғыз кітаптан тұрады. Ол уақыттағы тарихтың міндеті - шынайылықты, оқиғалар мен дәлелдердің растығын анықтау болатын. Кейіннен өткен оқиғалар туралы кез келген әңгіме «тарих» деп атала бастады. Тарих өте қызықты ғылым саласы.
Тарих, біріншіден, дерек болып қалады, ол - Жердегі өміріміздің айғағы.
Ежелгі тарих барлық әлем бойынша екі цлкен кезеңге бөлінеді: «Алғашқы қоғам тарихы» адамзаттың пайда болуынан бастап, б.з.б. 1 мың- жылдыққа дейінгі және б.з.б. 1 мың- жылдықтан б.з.-дың 5 ғасырына дейін созылатын «Ежелгі тарих».
Ежелгі замандагы тарихи оқигалар туралы қайдан білеміз?
Тарихи деректер. Адамзаттың ертедегі өмірінен жеткен көптеген дүние бар. Олар археологиялық, жазба, этнологиялық дерек аталады.
Тарихи дерекке біз адамдар пайдаланған (киім, тұрғын үй, құрал-жабдық) заттар мен құралдарды, сондай-ақ бабаларымыз қалдырған жазба мәліметтерді жатқызамыз.
Көне және ежелгі жазба деректерге: «Авеста» - ежелгі иран деректері, Геродоттың «Тарихы», Страбонның «Географиясы», «Вехистун жазбасы», Гомердің мәліметтері, түркі тілді Күлтегін, Орхон-Енисей жазбалары және т.б. жатады.
Археологиялық деректерге адам қолымен жасалып, қазба жұмыстары кезінде табылған барлық зат жатады.
«Археологиялық қазба» дегеніміз не?
Бұл - зерттеу үшін жерден қазып алынған өткен дәуірдің көміліп қалған ескерткіштері. Қазақстанда көне қала Отырарда қазба жұмыстары жүргізілді. «Есік» қорғанындағы зерттеулер арқылы «Алтын адам» ескерткіші табылды. Ертеректе Алтайдан «Алтын қорған» қазылды. Осылардың бәрі еліміздің байырғы тұрғындарының мәдениеті мен тұрмысынан хабар береді. Ежелгі адамдардың тұрмыс-салты мен шаруашылығын білуге көмектеседі.
- «Тарих» сөзі нені білдіреді?
- Біз кімді «тарихтың атасы» деп атаймыз?
- Тарих ғылымы нені зерттейді? Неге өр адам өз елінің, әлемнің тарихын білуі қажет?
Жұп болып талқылаңдар.
Орта ғасырдағы атақты ғалым өл-Фараби былай деп жазды: «Тарих ты білмей өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын». Ағартушы ғалым А. Байтұрсынұлы: «Сөздің ең ұлысы - тарих» деген.
Сен осы ойшылдардың пікіріне келісесің бе? Неліктен?
Қосымша тапсырма
Интернет қоры мен әдеби деректерді пайдалана отырып, «Археолог тер - тарихты заттай дерек бойынша зерттеушілер» деген тақырыпта эссе жазыңдар.
Жазбаша тапсырмаға қойылатын талаптар:
- Тақырыпты ашу үшін маңызды деректерді таңдап алу.
- Түрлі суреттермен көркем безендіру.
- Негізгі ойды жүйелі түрде, нақты жеткізу.
Эссені бағалау өлшемі:
- Мәселенің мазмұнын ашу - 1 балл.
- Өз пікірін жеткізіп, дәлелдеу - 1 балл.
- Келтірілген дәлелінің мазмұны мен сипатын ашу - 3 балл.
Жоғары балл - 5.