Меню Закрыть

Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.

Название:Қазақстан тарихы для 5 класса
Автор:Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К.
Жанр:Школьный учебник по истории Казахстана
Издательство:Атамура
Год:2017
ISBN:978-601-306-753-7
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 13


IV ТАРАУ. ҮЙСІНДЕР МЕН ҚАҢЛЫЛАР

§36-37. ҮЙСІНДЕР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Сақ, савромат және массагет тайпалық одақтары ыдыраған соң, олардың орнына бірнеше мемлекеттік бірлестіктер қалып­тасты. Қытай мен Римнің жазба деректерінде олар: үйсін, қаң лы, сармат деп аталады.

Б.з.б. IV ғасырда тохарлардың тайпалық одағы Юечжи мем­лекетіне айналды. Ғұндармен ұзақ соғыста иран тілді юечжи- лер талқандалды. Тохарлардың бір бөлігі ғұндарға бағынды, қалғандары қазіргі Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанға қоныс аударып, Кушан мемлекетін құрды.

Осы оқиғаға дейін юечжилерден оларға бағынышты үйсін тайпалары бөлініп, Жетісу жеріне қоныс аударды да тұрақтап қалды. Хань шудыц мәліметі бойынша, үйсіндер өз мемлекетін құрды. Бірақ археологиялық деректер көрсеткендей, үйсіндер сақтарды ығыстырып б.з.б. III ғасырдың өзінде Жетісуға қо­ныстана бастаған. Сыртқы бет әлпеті жағынан олар монғо- лоидтық нәсілдің азғана белгілері байқалатын азиялық еуро- пеоид өңдес келген.

Жазба және археологиялық деректер бойынша, үйсіндердің аумағы негізінен Іле алқабында орналасты. Батыс шегарасы Шу, Талас өзендері арқылы өтіп, қаңлы елімен шектескен. Шығысында ғұндармен, оңтүстігінде - Ферғанамен шегаралары ортақ жатты. Үйсін мемлекетінің билеушісі гунъмо өз билігін мұрагерлікке қалдырды. Қытай жылнамаларында гуньмодан басқа қызметшілердің болғаны айтылады.

Хань әулетінің елшілері үйсін халқы 630 мың әскер саны 288 мың екенін хабарлайды.

Үйсіндер батыста Шу өзенінен, шығыста Тянь-Шань сілемдеріне дейінгі, солтүстікте Балқаш көлінен, оңтүстікте Ыстық-көл жағалауына дейінгі аралықты жайлады. Үйсіндердің ордасы Чегцчэн (Қызыл Аңғар) қаласы болды. Ол бұрын Ыстықкөл

жағасында орналасқан, бірақ көлдің, су деңгейі көтерілгенде су астында қалған. Жазба деректерде суреттелгендей, бұл жанында елді бірқатар мекендері бар бекініс-қала болған.

Үйсін мемлекеті сол кездегі дәстүр бойынша екі қанатқа бөлінген. Үйсіндерге бірқатар көрші тайпалар бағынған. Қытай­дың Хань мемлекеті ғұндармен бәсекелесіп, Шығыс Түркістанның қала-мемлекеттерін, үйсіндер мен қаңлыларды бақылап отыруға тырысқан. Үйсіндердің тойтарыс беретін күші аз болғандықтан, олармен амалдау саясатын жүргізген.

Үйсін қоғамы біртекті болмады. Онда байлар, тайпа, ру бас­шылары, жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілердің қарапайым бұқарасы өмір сүрді. Үйсіндерде жекеменшіктің да­мығанын қазба кезіндегі табылған қыштан, тастан жасалған мөр­лер растайды. Кейбір үйсін әскербасылары мен билеушілердің алтын, мыс мөрлері туралы жазба деректерде айтылады.

Үйсіндерде малға ғана емес, жерге де жекеменшік орнықты. Бірқатар деректер қоғамның жоғары бөлігінде басқарудың жақсы жетілген жүйесі болғанын көрсетеді. Қоғамда қауымның еркін мүшелерінен басқа, негізінен тұтқындардан шыққан құлдар да болды.

Үйсіндердің шаруашылығы. Қытай деректерінде үйсіндер мал өсірушілер ретінде суреттеледі. Онда «Олар егін шаруа­шылығымен де, бақ өсірумен де айналыспайды. Тек шөбі шүйгін, сулы жерлерге малмен бірге көшіп-қонып жүреді» деп жазған.

Сақтардағы сияқты үйсіндердің өмірінде мал шаруашылығы басты рөл атқарды. Жетісудың табиғат жағдайы тау бөктерінде мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысуға қолайлы еді. Ауқатты үйсіндер Мойынқұм құмдары мен Балқаш дала ларындағы қыстауларынан Алатаудың баурайындағы көгалды шалғындарына жаз айында малымен көшіп баратын. Мұнда мал тез қоңданып, семіретін. Жазғы және қысқы жайылымдардың арасы онша қашық емес еді. Тау мен тау бөліктеріндегі жайы­лымның ылғалы көп болғандықтан, шөбі шүйгін келді. Сон­дықтан үйсіндер жазғы және күзгі-көктемгі жайылымдарда ұзақ отыратын. Үйсіндер тау жазықтары мен қысқы жайылымдарда тас пен кірпіштен үй тұрғызып, жанына егін, бақша екті.

Сонымен, үйсіндердің шаруашылығы кешенді мал шаруа­шылығы мен егіншілік болды. Жылқы мен қой, ешкі, сиыр, түйе өсірді. Жайылымда жылқы мен қой басым болды. Дерек­терден ауқатты үйсіндердің 500-ге дейін жылқысы болғаны белгілі. Жылқылардың тұқымы әртүрлі, оның ішінде асыл тұқымды сәйгүліктер де бар еді. Теңлік обасынан табылған ал­тын қаптырмада салт атты адам ірі, биік жылқының үстінде бейнеленген.

Қолөнер мен сауда. Атақты адамдар жібек пен жұқа ма­тадан тігілген киім киді, ал қарапайым адамдардың киімі қа­лың маталардан, теріден тігілді. Жібекті жылқыға айырбас­тап немесе сыйлық, алым есебінде Қытайдан әкелген. Үйсіндер қолдан тоқылған маталарды өздері дайындады. Жібек пен басқа материалдарды Қытай мен Үндістаннан алды.

Әйелдер қыш ыдыстарды саздан жасады, еркектер қайыңнан үстел-табақ, саба, қымыз құнтын ожаулар ойды.

Тянь-Шань тауларында үйсін кәсіпшілері мыс пен қорғасын, қалайы өндірді. Олар темірді балқытып, одан пышақ, қылыш, қанжар, жебе ұштарын жасады. Темір бұйымдар ұста көрігінде қыздырып, соғу арқылы жасалды.

Үйсіндердің зергерлік бұйымдары

Темірден орақ, пышақ, қылыш, жебелер дайындалды. Түрлі түсті тастар мен бағалы металдардан моншақ, сырға, киім әшекейлері әзірленді. Әшекей бұйымдарға ұсақ алтын түйір­шіктерін жабыстырып, асыл тастармен безендірді. Үйсіндерде тоқу, иіру, тері өңдеумен бірге сүйек пен тастан заттар жасау ісі кең тарады. Дән үгу үшін екі жалпақ тастан қол диірмен жасаған.

Үйсін қоғамы байлар мен кедейлерге бөлінді. Көсемдердің қолындағы орасан байлық қайтыс болған соң өзімен бірге жер- ленген. Үйсін көсемінің обасынан киімге тігілген алтын сал­пыншақ, сырғалар, темір күрзі, қола айна табылды. Осы қорым­да қатардағы қарапайым үйсіндер де жерленген. Олардың қа­бірінен сүйекпен бірге қыш ыдыстар, темір пышақ, жебе ұштары шыққан.

Ыдыстары қыш пен ағаш, теріден жасалған. Үйсіндер қолөнері жалпы үйішілік сипатта дамыды. Тұрмыста жиі қолданылатын зат­тарды өздері жасаған.

Әшекейлер мен сапалы қолөнер бұйымдарын олар егінші ха­лықтардан айырбастап алды. Сонымен бірге алыс жорықтардан әскери олжа ретінде әкелген.

  1. Картадан үйсіндердің мекен еткен аумағын көрсетіңдер.
  2. Қандай деректерде үйсіндер туралы айтылған?
  3. Үйсіндердің қоғамдық құрылысын сипаттаңдар. Үйсін билеу­шілерінің лауазымы қалай аталды?
  4. Үйсіндерде қолөнер көбіне тұрмыстың сипатта болғанын дөлелдеңдер.
  5. «Үйсіндердің тарихы мен шаруашылығы» кестесін толтырың­дар.
Үйсіндер туралы деректер 
Үйсіндердің шығу тегі 
Аумағы 
Ордасы 
Халқының саны 
Бет бейнесі 
Қоғамдық құрылысы 
Кәсіптері 

 Қосымша тапсырма

«Үйсіндердің саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен мәдениеті» тақырыбында хабарлама әзірлеңдер.

Ауызша хабарламаға қойылатын талаптар:

  1. Тақырыптың езектілігін ашып көрсету.
  2. Қойылған мақсат-міндеттерді айқындау.
  3. Зерттеу ерекшелігіне тоқталу.
  4. Негізгі түйіндерді тұжырымдау.

Хабарлама мына талапқа сай болуы тиіс:

  1. Мазмұндылық, ойдың нақтылығы;
  2. Баяндаудың дәлелділігі, өз пікіріне сенімділігі;
  3. Сөйлеудің мәнерлілігі.

Хабарламаның негізгі мазмұнын ашатын слайдты таныстырылым дайындау қарастырылады.

§38. ҮЙСІНДЕРДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ

Үйсін обалары. Жетісу жеріндегі үйсіндердің оншақты оба­сы қазылды. Үйсіндердің қабірлері тау бөктері мен тау жа­зықтықтарында, өзен жағаларында орналасқан. Әдетте олар өзен бойымен созылып жатқан обалар тізбегі болып келеді.

Обалардың көпшілігінің диаметрі - 6 20 метр, биіктігі - 0,5-1,5 метр. Олар: топырақ, тас немесе тас-топырақ аралас­қан үйінділер. Үйсін қорымдарында басқаларынан үлкен, диа­метрі 50-80 метр, биіктігі 8-12 метрлік обалар кездеседі.

Мұндай обалардан археологтер көптеген алтын әшекейлер — киім салпыншақтары, алтын сырғалар, қола айналар, ағаш қоб­дишалар тапқан. Олардың кейбірі тоналған.

Обалардың ерте тобы б.з.б. III—II ғасырларға жатады. Бұлар - III Қапшағай, III Өтеген, Қызылеспе, III Қызылауыз, Қызыл- қайнар обалары. Әрқайсысы 5—6-дан топтасып, солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан.

Келесі орта кезеңге б.з.б. I ғасыр мен б.з.-дың I ғасырына жататын обалар: I, II Өтеген, I Тайғақ, I Қарлақ, Алтынемел, Қаратұма, Талғар, Ақтас. Бұл кезеңдегі обалар жүйесіз орна­ласып, тізбекке үш обадан топтасқан. Үшінші, кейінгі кезеңге ІІ-ІІІ ғасырдағы Қапшағай, Шолақжейде, IV Қалқан обалары жатады.

Қоныстар. Үйсіндерде адамдардың елеулі бөлігі тұрақты өмір салтына көшкен. Археологтер үйсін қоныстарында тұрғын үйдің екі түрін: балшықтан және тастан тұрғызылған үйлерді тапқан. Әрбір тұрғын үйде үлкен бөлме, ұсақ қосалқы жайлар және мал қамайтын қашалар болған. Бөлмелердің жер еденін балшықпен сылаған. Бөлмелердің еденінде айнала тас қаланған ашық, шаршы жерошақтар болған. Жерошақтар үйді жылыту, тамақ пісіру, жарық түсіру үшін пайдаланылған.

Үйсіндердің үйлері жайпақ әрі тегіс келген. Астына тіреу қойыл­ған. Қыс кезінде үй тіршілігі ошақтың айналасында өткен. Бес-алты үй бір ауылды құраған. Мал шаруашылығымен айналысатын үйсін­дер жазда ғана киіз үйде тұрды. Жиналмалы, жеңіл қаңқасы бар құрастырылмады үй таудағы мал өсірушілеріыің бірден-бір қолайлы жайы болды. Қыстыгүні олар тұрақты мекенжайында тұрған.

Үйсіндердің алғашқы қоныстары Шу алқабынан, Луговой ауылына жақын Қырғыз Алатауынан табылды. Тянь-Шаньның таулы аудандарында үйсін қоныстары тау шатқалдарынан көп­теп кездеседі. Солардың бірі — Қурайлы өзенінің жағасындағы қазіргі Кеген ауылына жақын Ақтас қонысы. Бүл жерден тас­тан қаланған бес тұрғын үй және шаруашылық құрылыстары ашылған. Қоныстың жанынан арықпен суарылатын ежелгі егіс­тіктің ізі анықталды. Ақтас қонысына жақын жерден канал­дардың орны, егіншілік құралдары: тас кетпендер, қола орақтар мен дәнүккіш табылды. Шу мен Кеген өзендерінің аңғарынан үйсіндердің ескі қалаларының орны кездесті. Алматы маңындағы Қарғалы шатқалынан табылған, б.з.б. Ш-ІІ ғасырларға жататын асыл тастармен көмкеріліп, таза алтыннан жасалған Қарғалы тәтісі үйсін қолөнерінің ғажайып туындысы саналады.

Үйсіндер ет пен сүт тағамдарын тұтынды, астықтан нан пісірді, бауларда жеміс-жидек өсірді. Үйсіндер өмір сүрген кезде Алмалы шатқалынан бүкіл әлемге әйгілі алма тұқымы тарады.

  1. Үйсін обалары қайда орналасқан?
  2. Әр кезеңдегі қорымдардың кандай ерекшелігі бар?
  3. Үйсіндердің қоныстары қандай болды?
  4. Үйсіндердің еңбек құралдарын атаңдар.

 Жұп болып талқылаңдар.

Өзіндік жүмыс

Өз сыныптастарыңа 5 сұрақ өзірлеңдер (өр карточкаға 1 сұрақтан, сырт жағында жауабы болсын).

Карточкаларды басқа топпен алмастырыңдар.

Топ 4 адамнан турады.

  1. Топ басшысы берілген сұрақтарды оқиды. Топ мүшелері планшет­ке жауабын жазады, дайын болғанын білдіріп, бас бармағын көрсетеді.
  2. Топ басшысы белгі берген кезде бөрі жауаптарын жинайды. Түсініксіз сұрақтар талқыланады.

Қосымша тапсырма

«Қарғалы тәтісі» тақырыбына эссе жазыңдар.

Эссеге қойылатын талаптар:

  1. Өз көзқарасын білдіру.
  2. Пікірді дәлелдеу.
  3. Терминдерді қолдану.
  4. Үзінділер келтіру.
  5. Өртүрлі көзқарастарды көрсету.
  6. Дербестік, даралық таныту.
  7. Салыстыру мен қорыту әдістерін пайдалану.
  8. Сауатты жазу.


Перейти на страницу: