Меню Закрыть

Алгебра және анализ бастамалары для 11 класса — А. Е. Әбілқасымова, В. Е. Корчевский, З. Ә. Жұмағұлова

Название:Алгебра және анализ бастамалары для 11 класса
Автор:Әбілқасымова А.Е., Корчевский В.Е., Жұмағұлова З.Ә.
Жанр:Школьный учебник по алгебре
Издательство:Мектеп
Год:2019
ISBN:
Язык книги:Казахский, Русский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 1


АЛҒЫ СӨЗ

Құрметті оқушылар! Сендерге ұсынылып отырған оқулық 10-сьшып- тың жаратылыстану-математака бағытындағы “Алгебра және анализ бастамалары” курсының жалғасы болып табылады.

11-сыныпта алғашқы функция, анықталмаған және анықталган интегралдар, рационал және иррационал көрсеткішті дәрежелер, пші дәрежелі түбір. логарифм. дәрежелі, көрсеткішті және логарифмдік функциялар, комплекс сандар, дифференциалдық теңдеу, дискреттік және интервалды вариациялық қатар ұғымдарымен танысып, осы аталған ұғымдардың қасиеттерін меңгересіңдер.

Сонымен қатар, иррационал. көрсеткіштік. логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін, дифференциал тендеулерді шешуді, дәрежелік, көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың туындысын табуды үйренесіңдер.

Жоғарыда айтылғандарды игере отырып, жазық фигуралардың аудандарын және денелердің көлемін анықталған интеграл арқылы табуды үйренетін боласыңдар.

Оқулық 8 тараудан, 28 параграфтан тұрады.

Әр параграфтың оқу материалдарының соңында оқушылардың өздігінен орындауына арналған сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылған.

Оқулықпен жұмыс барысында әрбір параграфтағы жаттыгулардың алдында берілген сұрақтарға назар аударған жөн. Әр тарау соңында тараудың материалы және математикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары берілген.

Оқулықта берілген материалдарды меңгеру процесін жеңілдету үшін өр параграфтың алдында тірек ұғымдары, сондай-ақ есептерді шығару жолдары көрсетілген.

Әр тақырыпты терең игеру үшін:

А — барлығы үшін міндетті тапсырмалар;

В — күрделілігі орташа тапсырмалар;

С — күрделілігі жоғары тапсырмалар ұсынылған.

Сонымен қатар, оқулықта * таңбасымен ерекшеленген есептер бар. Олар шығармашылық деңгейді қажет етеді.

В тобының тапсырмаларын орындауға А тобының есептерін шешу дағдыларын меңгерген соң кіріскен жөн. С тобынан жеке тапсырмаларды орындай отырып, математика пәнін терең меңгеру қабілеттеріңді да­мыта аласыңдар.

Сонымен қатар, оқулықта 10-11 сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталауға арналған жаттығулар және практикаға бағытталған тапсырмалар бар.

Оқулық материалын меңгеру кезінде өздігімен жұмыс жасауға, яғни мәтінді өздігімен түсіну, жаттығуларды өздігімен орындауға арналған тапсырмалар берілген.

Қажет болған жағдайда кейбір ұғымдарды еске түсіру үшін оқулық соңында глоссарий ұсынылған.

Жаттығулардың дұрыс шығарылғанын тексеру үшін оқулықтың соңында жауаптары келтірілген.


Перейти на страницу: