Атамекен — Елшібеков Жанат

Название: | Атамекен |
Автор: | Елшібеков Жанат |
Жанр: | Қазақ көркем әңгімелері |
Издательство: | Жалын |
Год: | 1984 |
ISBN: | |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 1
Жанат Елшібековтың «Атамекен» атты кітабы өзара сабақтас төрт тараудан тұрады.
Алғашқы бөлімде автор Отанымыздың жүрегі — Москва, революция бесігі Ленинград туралы сыр толғаса, кебінгілерінде ұлан-байтақ республикамыздың бүгінгі қарышты қадамы, нұрлы келбеті жайында әңгіме өрбітеді.
ОТАНЫМЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІ
МОСКВА!
Қашанда асқақ та, салтанатты естілер осынау жалғыз ауыз сөзді ең алғаш қай жасымда, қай күні айтқанымды білмеймін. Әйтеуір, «апа», «көке» тәрізді тілашар санаулы сөздердің бірі болғаны анық.
Базарлы бал-дәурен шақтың ұмытылмас сәттері көп- ау. Жадыңда мәңгі ұялар, есіңде ұзақ сақталар өткен жылдар жаңғырықтары лүп-лүп соққан жұдырықтай жүрегіңнің нәзік қылын әрдайым тербеп отырса керек.
Міне, тап қазір сол күйді кешудемін. Сананы билеген сиқырлы күш Москва топырағында көз алдыма мыңдаған шақырым шалғайдағы туған аулымды көлденең тартады.
Көгілдір Балқаштың сары қамысты қолтығында орын тепкен аядай балықшы аулы — Сарыесіктің сыртқы келбеті де жұпыны. Небары елу-алпыс түтін — екі көше. Шаһар біткеннен, ең ақыры, аудан орталығынан тым жырақ Сарыесіктің соғыстан соңғы ұрпағы — біздің күн ұзаққа алаңдарлық өз думанымыз таусылмайтын. Мектеп табалдырығын әлі аттай қоймаған қарасирақтардың бар ермегі теңіз жағалаумен өтеді. Иә, әуелгі әдетпен Балқашты «теңіз» деймін. Неге екенін қайдам, ауылдың үлкен-кішісі Балқашты әсте «көл» деген емес. Сонау көгілдір көкжиекпен астасып жататын шетсіз де шексіз айдынды шалқарды кішірейткісі келмегені ғой...
Боз ала таңнан ау торуға аттанған балықшылардың алды түс ауа орала бастайды. Көз ұшында толқын жалында тербелген қадау-қадау ноқаттарды жазбай аңғарамыз— қайықшылар! Тымық күндері, я болмаса жел желке тұстан көтерілгенде қайықшылар жағаға ерте-ақ жетіп келеді. Ал теңіз самалы қарсы беттен тұрғанда әлгі ноқаттардың тапжылмай бір орында шайқалып тұрып алатыны бар. Жоқ... жағалаудан қараған бізге ол осылай- ша көрінетін. Әйтпесе қайықшылар қолдарының қары талғанына қарамастан ілгері жылжиды, алға ұмтылады. Ақ жалдары күжірейген тентек толқындардың бірін белден турап, енді бірінің жағасына жармасқан әлгіндегі түймедей қайықтар бірте-бірте зорая бастайды-ау. Артынша көш бастаушылар қамысты қолтыққа енеді.
Тырнадай тізілген қайықшыларды көптен көріспеген жандарша мәре-сәре қарсы аламыз. Теңіз тарландары-

мен бірге көк айдын төрінен келген қисапсыз шағалалар да тынымсыз шаңқылдайды-ай. Жарқ-жұрқ ойнаған су бетінде мың мәрте аударылып-төңкерілген қанаттылардың бұл жөңкілісі бөлекше қуанышты аңғартады.
— Құлындарым-ау, әлі су жағалаумен жүрсіңдер ме?
Зілсіз таныс дауыс. Толқын жалында билеген қара қайықтың үстінде қорбаңдаған әке үні үзік-үзік естіледі. Сөз мақамынан-ақ көңілді кейпін аңғару қиын емес. Демек кезекті сапардың олжалы болғаны! Бауыры

күмістей жарқыраған сары сазандар ағаш қайықты төңкеріп жіберердей үздіксіз шоршиды.
Күбірлек Дөкей шалдың (алпамсадай Жақып атайды ауылдың үлкен-кішісі осылай атап кеткен) даусы да жар- қын-жарқын шығады:
— Ой-хой, үйді неғылсын, өңкей қара домалақ! Алдағы жаз бұларды теңізге бірге алып шығу керек. Аудың бір құлағын ұстап, оны тараштауға да жәрдемші қажет.
— Тек көгілдір шалқарда бастары айналып жүрмесе...
Дөкей шал өзінің пікірін құптай қоймаған әкемнің бұл сөзін жақтырмаған.
— Бұлардың жасында айдын төсіне үрейленбей-ақ шығатынбыз. Басымыз айналмақ тұрмақ, жүрегіміз лоб- лыған емес әсте. Ал балықшының баласы тулаған толқында қалтырамай қашанда нық тұруы тиіс.
Сол-ақ екен қарт балықшыны үзеңгілестіре қошемет- теп, кеу-кеулеп әкетті.
— Ақсақалдікі дұрыс.
— Орынды сөз!..
Қауқылдасқан үлкен-кіші қайықтарын қаңтарып жағаға көтерілгенде бізге —«қара домалақтарға» тағы бір назар аударары анық. Бұл жолы олардың қай-қайсысы да ерекше сезімге бөленеді. Әсіресе, Дөкей шалдың

нұрлы жүзін көрсёң, шіркіні Толқын шайған ақ шағыл 6е- тіндегі күні бойғы ермегіміз —«сурет көрмесін» оның балаша тамашалайтынын қайтерсің. Әр бейнені, әр сызықты жазбай аңғарады.
— Москва ғой, нақ өзі. Міне, Қызыл алаң мен Кремль. Қалай аудырмай салған. Жарайсыңдар!..
Сол сәттегі кеуде керген қуанышты жасыру мүмкін емес. Төбеміз көкке екі елі жетпейді, мәре-сәреміз. Осынау мезетті пайдаланып тұс-тұстан әрқайсымыз кө- кейдегі сауал тиегін ағытатынымыз бар.
— Ата, Москваны өз көзіңізбен көрдіңіз бе?
— Қызыл алаң қып-қызыл шығар?
— Кремль сағатының тілі кісі бойы деген рас па?
— Ленинді осы ауылда сізден басқа ешкім көр- мепті ғой?
Бізбен жарыса ересектердің өздері де әлденені сұрап жатыр. Ал ой тұңғиығына шомған ол үн-түнсіз. Әл- гіндегі күлім көздері де өзгеше сыр ұшығын байқатады. Шағыл құмдағы шым-шытырық сурет сызықтардан жанар аудармаған қалпы... Балықшы қартты серіктері де мазалаған жоқ. Тағатсызданып отырған балалардың жағдайын сезді ме, ақсақал әңгімесін әріден өрбіткен. Тынысын терең алған ол шағыл бетіндегі бейнені қолындағы қамыс шыбықпен көрсетіп:
— Қырық екінші жылдың суық күзінде соғысқа тура осы жерден аттандық. Қызыл алаңдағы әскери парадқа қатысқан біз лек-легімізбен Батысқа бет алдық қой. Қардай бораған жау оғына кеудемізді тосып Москваны қорғадық. Қуандығым мен Сүйіндігімді майдан даласында жолықтыратындай үлкен үмітпен тек ілгері ұмтылған күндер неге естен шықсын. Амал нешік, тағдыр маған қос құлыныммен жүздесуді жазбады.
Үлкен кісінің жылағанын алғаш көруім. Дөкей атай- дың кірпігінен үзіліп түскен жас моншақтары әжімді жүзін одан бетер айғыздап, еңкіштеу бойын бұрынғыдан да кішірейтіп жібергендей. Тағы да үн-түнсіз ұзақ отырды. Екі бірдей ұлы соғыста қайтыс болған қарияны қатты аяп кеттік. Ересектердің де көңілдері пәстеу. Айтатындары: «Талай шаңырақты шайқалтып-ақ кетті ғой». Біз өзіміз салған Москваның суретіне үңілеміз. Шағыл беті самсаған іздер. Қайсыбір өшіңкіреген кескіндерді Дөкей шал шыбығымен сызғылап айқындай түскен. Кремль мұнарасының ұшар басына бес бұрышты жұлдыз орнатты. Артынша қыранша қомданып, еңкіш бойын тік-

теп жазғандай болды. Сосын әлгіндегі үзілген сөзін қайта сабақтады.
— Әркімге де Москваның орны бөлек қой. Әлі-ақ өздерің ер жетіп астанаға сапар шегесіңдер. Қызыл алаңды тамашалап, Кремльдің қасиетті қабырғасын алақандарыңмен сипайтындарың сөзсіз. Көсемнің Мавзолейіне кіріп, Лениннің дидарын да көрерсіңдер.
...Ие, содан бері де талай жылдар өз бедер-іэін жазып, тарих беті боп қатталды. Көп ретте сәбилік пәктікпен
зерделі сөз парқына жете мән бермейді екенбіз. «Әліп- пөні» парақтамастан бұрын жүректе жатталған Қызыл алаңның тас кірпіштерін тұңғыш басқан тебіреністі ми- нуттарда көз алдыма туған ауыл бейнесі жетіп келген. Арманымызды асқақтатып, қиялымызға қанат бітірген қарт майдангердің тұлғасы да қаз-қалпында елестеп өткен еді.
Бала жастан аңсап, көруге құмартқан Отанымыздың Бас алаңында тұрмын. Ерсілі-қарсылы толқыған адамдар ағысы. Тәй-тәй басқан бал бөбек... Топ-топ жастар. Қол ұстасқан ақ басты қариялар... Баршасының жүздері жарқын, жалт-жұлт жанады. Ұлан-ғайыр еліміздің түкпір-түк- лірінен бас қосқан отандастар арасынан шетелдіктерді де жазбай танисың. Африкандықтар мен француздар, ағылшындар мен жапондар, үнділер мен монғолдар, поляктар мен болгарлар... Алуан тілде сөйлесе де олардың ақ пейілдерін аңғару қиын емес. Айнала төңірегіне ынтық көңілмен назар аударады. Фотоаппараттың шыр- тылы да үздіксіз естіледі. Москва әсерлерін ұмытылмастай етіп ескерткішке түсіріп алып жатыр. Өздері де бірінен соң бірі Кремль қабырғасына, Ленин Мавзолейі қасына суретке түсуде. Сонау сұрапыл соғыс жылдары осы алаңда балқаштық Дөкей де жүрді. Сөз жоқ, ол да көз жауын алар Кремльдің мына жұлдызды мұнараларына, Қызыл алаңның әсем архитектуралық ансамбліне сан мәрте қызыға қараған болар. Кім білсін бұл жерді оның он сегізінде от кешкен Қуандығы мен Сұйіндігі тамашалаған шығар. Әбден мүмкін! Өйткені олар Москваны қорғаған еді...
Қызыл алаңның қайталанбас сұлулығы, салтанатты да сәулетті дара дидары қонақтарын бірден баурап алады. Tic-өрнекті алып қабырғаның іргесіндегі мәңгі жасыл шыршалар көзге тым ыстық.
Кремль курантының күмбірі! Бүкіл алаң Спасск мұна- расындағы Совет Одағының сағатына көз тікті. Жан дүниеңді ерекше сезімге бөлеген әуез!.. Біздің Отанымыздың ажырамас символдарының бірінен саналатын курант күмбірін ең тұңғыш рет қамысты қолтықтағы балықшының аядай үйінде естігенім анық. Мен онда жаңадан қаз- қаз жүре бастағанмын.
ҚЫЗЫЛ АЛАҢ — біздің жеріміздің ең қастерлі, ең қымбатты нүктесі. Еліміздің әр ошағынан басталған сан тарау жолдың бәрі де осында түйісіп жатады. Ендеше,
атамекеннің өзі де осы жерден басталса керек! Осындай тебіреністі сәтте өр дауысты дауылпаз ақын Тайыр Жаро- ковтың мына бір шумақ өлеңі көкейіме оралды:
Мен, Нью-Иорк қаласын Көрмедім, мүмкін, көрмеспін! Москваның бір тасын — Мың Лондонға бермеспін.
ТУ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС
ҚЫЗЫЛ АЛАҢДА түсірілген кадрлардың бірі алдымда жатыр. Қолыма алып қарай беремін, қарай беремін. Көзге оттай басылар дүние: Кремль, СССР-дің Мемлекеттік туы...
Ол ең алғаш мұнда 1918 жылдың көгілдір көктемінде, Совет үкіметі Петроградтан Москваға көшіп келгенде желбіреген еді. Владимир Ильич Ленин Кремль коменданты Павел Мальковты өзіне шақырып алып:
— Совет үкіметі қалайша жалаусыз болмақ? Жақсы емес,— дейді.
Комендант ойланбастан нық жауап береді:
— Жасаймыз!
Спасск мұнарасына жақын тұста ақ шаңқан сарай бой көтерген. Жап-жасыл шеңберлі күмбезі бар бұл ғимарат Совет үкіметінің Кремльдегі бірінші үйі саналады. Ұлы көсеміміз Ленин осында жұмыс істеп, осында тұратын. Сондықтан да совет мемлекетінің туын осы үйдің ұшар төбесіне қадау ұйғарылады.
Аса жауапты, маңызды іске Кремль жұмысшысы, сле сарь Берзин құлшына кірісті. Күмбезді шаңырақ үстінде ол бірнеше күн тер төгіп, ту-тұғырдың берік те, көрнекті орналасуына бар күшін жұмсайды. Кешікпей-ақ Отанымыздың, Ұлы Октябрьдің символы — Қызыл жалау жел- бірейді. Ол мәңгі-бақи алаулап тұрмақ. Жыл соңынан жылдар сырғыды. Біздің еліміз үшін нағыз сынақ тезіне айналған қилы-қилы кезеңдер мен бел-белестер бүгін аңыз болып сөйлейді. Азамат соғысының қанды күндерінде қызылармияшылардың қолдарында Қызыл жалау жүргені белгілі. Өздері опат болса да Ұлы Отанын жауға бермеді. Ту ұстаушылар ғұмырларының қысқалығын біле тұра үнемі майданның алғы шебінен табылды. Олар оққа ұшса да, Ту жерде жатпады. Оны басқа жауынгерлер көтерді. Сөйтіп, жеңіс күніне дейін жеткізді.

ЖЕҢІС ТУЫ!.. Осы бір сөз естілген мезетте-ақ кімде- кім көз алдына қырық бесінші жылдың шуақты май күндерінде фашистік Германияның тас қамалы—рейхстаг төбесінде желбіреген халқымыздың даңқты Қызыл Туын елестетер еді. Әлемді торлаған түнек бұлтын серпіп тастап, ашық аспан астында миллиондаған жүректердің қуанышы боп желбіреген Жеңіс Туы қашанда ыстық, мәңгі ыстық!
Ол СССР Қарулы күштері Орталық музейінің № 16 залында тұр. Жеңіс парадының алып көрінісі. Еденде рейхстагтан алынған қола бүркіт-герб пен неміс фашистерінің түрлі- түсті жалауы жатыр. Ал ортадағы үлкен шыны ішінен Жеңіс Туы жарқырап алыстан көзге шалынады. Салтанатты тыныштық. Қасиетті Тудың қасындағы стол үстінде нарт қызыл қызғалдақтар мен қалампырлар Жеңістің өшпес символындай алаулайды.

Мыңдаған адамдар үздіксіз ағылып келіп жатыр... үздіксіз өтіп жатыр... Мың-мыңдаған көзқарас. Күніне мұнда бес мың адам келеді екен. Олардың қай-қайсысы да Кутузов орденді 150-атқыштар дивизиясының сержанты М. А. Егоров пен кіші сержант М. В. Кантария рейхстаг күмбезіне қадаған қызыл полотноға тебірене, мейірлене үңіледі. Тудың шетіндегі кішкентай жыртығы да қаз-қал- пында. Ғасырлар ескерткіші болып қалатын Жеңіс Туының рейхстаг үстінде асқақтай желбіреген уақыты да музей мұрасына айналғанын айтқан жөн. Смоленск облысының Ельни қаласындағы музейге қойылған сағат әрдайым Москва уақыты бойынша 14 сағат 25 минутты көрсетіп тұрады. Бұл Жеңіс Туының тігілген уақыты еді. Сағатты музейге штурмға қатысушы, қарт майдангер Иван Кузьмич Быков тапсырған.
Ұлы Отан соғысындағы совет халқының Жеңіс Туы бүгінде бейбіт еңбек майданындағы ерен жеңістердің
туына айналып отыр. Соғыс жылдарында, ұрыстан кейін іле-шала, ерекше ерлік пен батырлық көрсеткен солдаттар өз бөлімшесінің туы астында тұрып суретке түсетін. Ал соғыстан кейінгі жас ұрпақ өкілдері — бесжылдық қаһармандары, социалистік жарыс жеңімпаздары, оқу озаттары аңызға айналған Жеңіс Туы қасында соғыс және еңбек ардагерлерімен бірге қатар түзеді. Осындай құрметті правоны иеленген еліміздің 30 мың комсомолец! сапындағы мыңнан астам қазақстандық жастар да бұл қуанышты оқиғаны ерекше тебіреніспен айтып жүретін болады.
Жеңіс Туының жанындағы қуанышты минуттар сәтінде өндіріс пен ауыл шаруашылық озаттарының кейбіріне жолығып қалдық. Соның бірі қызылордалық Ленин орденді шопан қыз Рәбиға Іздіқұловамен бұдан бұрын да әлденеше рет кездескенбіз. Сыр бойында... Отар басында... Комсомолецтердің үлкен форумында... Өзі жайлы, еңбектее құрбылары туралы тереңнен толғайтын ол астанаға әкесімен бірге келгенін айтты.
Ширақ та көңілді қарт бізді жайдары қарсы алды. Жүзінен Отанымыздың бейбіт болашағы жолында жастығын жаумен бетпе-бет шайқастарда өткізген жауынгердің бейнесін іздеймін. Ол сөйлеп отыр.