Menu Close

Атамекен — Елшібеков Жанат

Аты:Атамекен
Автор:Елшібеков Жанат
Жанр:Қазақ көркем әңгімелері
Баспагер:Жалын
Жылы:1984
ISBN:
Кітап тілі:Қазақ
Жүктеп алу:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Бетке өту:

Страница - 11


АҚША ЦАР АЙШЫҚТАРЫ

ТАҢ АТҚАНША шуылдап шығатын телеграф сымдары сәл сәтке болсын әдеттегі әуенінен жалыққандан, болар- болмас ызың ғана. Бағана біткеннің ұшар басына түйін түйіп жүгірген темір қыл пернелер қашанда өз нотасын ойнап жатқаны. Осынау толқынды дыбыстар көңіл күй әуездерін тынбастан шертеді. Көп ретте елең ете бер­мейтін кімде-кімнің бүгінгі күні қырау басқан қос ішектей тартылған болат сымдарға көз тоқтатары сөзсіз. Әуеде қалқыған аспалы ақ жолдардың тура өзі. Аспанымыз толған айқыш-ұйқыш ақ жолдар екен ғой. Небір алыптар жүрегіне қан жүгіртіп, білектерге күш үйіртіп, көгіне күн күлдіріп алға асыққан осынау ақ жолдардың әсем суретін түн бойына ақша қар сызып шыққан еді...

Бұл кеш ерекше тұманытып, күннің ұясына қай кезде қонақтағанын да аңғармаған. Лезде сап тыйылған қара­шаның қара желі қыс қақпасын ашуға ыңғай танытқандай, жылып қоя берді. Кешкі тұман біртін-біртін қоюланып, ымырт өз бояуын жақты. Сол-ақ екен алғашқы қар ұшқындары қылаулай бастады. Көптеп күткен, сағынып жеткен қисапсыз ақ «көбелектер» жер құшып жатыр. Ақ көңілдей — аппақ мамық. Әлгінде үйді-үйіне тарай баста­ған ойын балаларының бастары қайта біріккен. Ақша қардағы алғашқы іздер жазылмаған парақ бетіне түскен әріптей сайрайды. Бал күлкілер толассыз естіледі. Мәре- сәре... Бірін-бірі қарға аунатып ойнаған балалардың аяқтарына оралып, салпаң құлақ күшіктер де жүр. Маңай біткен қас қағым сәтте ақ көрпесіне оранып шыға келді.

Шыңылтыр аяз терезе әйнектерін оюлап, неше алуан суреттер өрнектеп үлгеріпті’ Бұлт-бұлт етіп секірген тор- ғайлар жеделдетіп жеткен желтоқсанның мына мінезіне қайран. «Кәрі құдаң қыстың сықырлап-ақ келіп қалғаны ма?» Бой мұздап, дір-дір етеді. Дән теріп, безектеп жүр­ген торғайлар енді шуақ көзін іздейді. Селдір бұтақта қонақтаған осы бір жалғыз торғай мүлгіп ұзақ отырды. Қыс қиялына шомып кеткендей. Көз ұшында мұндалай- тын қарағай тоғайының бір түн ішінде ғайып болғанын түсіне алмайды.

Төңірек біткен ақ мамыққа бөленген. Сыр ақтара бермейтін сұлу шыршалар да ақ «шәлілерін» тартып шығыпты-ay. Ақ тонын киіп алған қоян сылаң түлкіні көп әуреге салды. Көз алдында орғыған жырық еріннің сан

Ақша қар айшықтары

ұрғызып кеткеніне ызалы. Қай бұтаны тасалана қалды екен?» Қар да аппақ, қоян да аппақ. Бет-аузын мұз мон­шақтар басқан қызыл түлкі ақша қарға түскен әлгі бір ізді қуалай жөнелді. Күн нұрына шағылысқан күміс қар көз қаратпайды. Бар қызығын өзімен бірге ала келген ақша қар қыраулы қыстың айшықтарын жаза бастады. Ауыл сыртын айқыш-ұйқыш шаңғы іздері сызып тастады. Күн ұзаққа қан сонар қызығына түскен аңшы кері қайта алмай күн батырды.

Шыңылтыр аяз бет шымшиды. Шықыр-шықыр... Тағы да қар ұшқындай бастады. Айнала төңірек әсем бір құбылыс — ақша қар айшықтары.

КҮНШУАҚ

ҚЫР АСТЫНАН күлімдеп күн көтеріліп келеді. Соңғы тәуліктер наурыз шуағы боп табиғат біткенді нұрлы шұ­ғыласымен тербетіп тұр. Күннің мейірімді мінезіне қара жер де иіп қоя берген. Күнгей қабақтардан жылтырап жылғалар жарысады. Ескі арнаға құлаған миллион мөл­дір моншақтар күн сәулесіне шағылысып жарқ-жұрқ ой­найды. Жер тершіп жатыр. Майда леп, көктемнің ескек желі бусанған жердің маңдайын жылы алақанымен сипайды. Маңдайдан мөлт-мөлт төгілген маржан тамшы­лар «шаруа күндер енді басталады-ау» дейтін сияқты,.. Ұзақ күнге өз думанымен болар ойын балаларының көңілдері де әжептәуір марқайып қалған еді.

Жылға-жылғаны қуалап жүгірген кез келгенінің қолын­да бір-бір қағаз қайық. Бірін-бірі жетектеп алға асыққан майда толқындар көңілдене сықылықтайды. Кішкентай- лар да мәз. Қызыл күнді өз ұясына қонақтатып барып тарасатын бүлдіршіндер келер таңға тағатсызданады.

Дарқан даланы дүбірге ораған көктем таңы мазасыз еңбек күйін шерткелі де біраз уақыт. Қыр төсінен талып жеткен трактор гүрілі, қиқулаған құстар үні түннің бір уағына дейін естіліп жатар шақ. Ең алғаш түрен салған құрыш білектер қара жер бетіне айқыш-ұйқыш із тастап, жаңа бір еңбек жырын жазып жүрсе, көз ұшында қалық­таған жыл құстары көктем әнін әуелеткенін де енді ғана байқайсың. Тамаша әуез, құлақ түбінен кетпей-ақ қойған. Құстар салған көктем әні ауыл сыртына, қызғалдақты қырға шақырады. Кеше ғана жауып өткен құсқанаты әне- міне дүр сілкініп шыға келмекші бәйшешектерді тағы да ақ көрпесіне қымтаған. Бүршік атуға шақ тұрған бәй­шешекті алқапты көктемнің апақ-сапақта ызылдатып өте­тін қара суығынан қорғағыштағанын ешкім байқай бермес.

Оралған жыл құстарының тізбегін әр ауылдың аспа­нынан көресің. Олар салған сиқырлы үнге жаныңмен беріле ұйисың. Құстар әнін осы мезет жалықпай тыңдай берер еді кімде-кім. Мінеки, алғашқылардың бірі боп жеткен қос қараторғай да өз ұясын жазбай тапты. Қашан­да құстар тобы — бүлдіршіндер орнатқан ағаш ұя өте ыстық көрінген-ay. «Шиқ... шиқ...» Бұтадан бұтаға секір­ген құстар салар өз әуендері бар.

Одан да бұрын күн шуағына шомылған аққулардың көңіл-күйін, табиғаттың осынау маусымы кезіндегі мінезін

байқасаңыз, шіркін! Селдір бұтақты ағаштың ұшар басы­нан әрмен көк күмбезіне көк тіккен құс еркесі де әлде­нені сезетін сияқты. Бауыр басқан көлін тастай салып қи­ырларға заңғар биіктерге самғауды ойлады ма екен. Ауыр қалқыған аққулар қанатымен су сызған күйі тар көлшіктің бетінде ерсілі-қарсылы көшумен болды. Қайсы- бірі айна-толқынға қарап, бойын сылап ұзақ таранды. Алыс жолға, қанат талдырар сапарларға әзірленген қалып танытады. Сиқырлы да сазды сұңқылына салған. Бәрібір олар үшін мынау бауыр басқан шалшықты көлшік тым

Бауыр басқан ұялар

ыстық, бәрінен де адамдар тым жақын. Аққудың адам­дарды қимайтыны да сондықтан шығар.

Мүлгіген орман да ұйқысынан оянып, алыс жағалау- лардан келген қонақтарына құшақ ашты. Қыс бойына қаңырап тұрған ұяларға бас тіреген жолаушы-құстар ерекше көңілдене сайрайды. Әрқайсысы өз кәсібіне кірі­сіп те кетті. Бірі жаңа орнын сайласа, енді біреулері бұрынғы «үйлерін» жөндеуге кіріскен...

Көктем шуағы мөлдіреп құйылып тұр. Табиғат-суретші тағы да жаңа туындысын жазуға кірісіп кетті. Көктемнің алғашқы күндеріндегі осынау бояуларды — суреттерді «Күншуақ» деп атадық.

СӘУІР САЗДАРЫ

ІҢІР ҚАРАҢҒЫЛЫҒЫ қоюлана көк күмбезінің алыс төріне біртіндеп шырақтар іліне бастады. Тұс-тұстан көңілдене көз қысқан аспан шоқтары тым таяудан қол бұлғап тұрғандай. Кешкі самал ағаштардың бүршік-мон- шақты сидам бұтақтарын тербейді. Сәл сәтке болсын, айнала-төңірек мызғып кеткен. Күн ұзақ дабыл жалықты­рып жығылтқан ба дерсің. Мүлгіп тұр. Өрістен құлаған табын соңы үздік-создық жиналған. Қыс бойына қора маңынан ұзап шыға алмаған төрт түліктің қай-қайсысы- ның болмасын, бойлары жазылып қалған шақ. Қылтиып көк көрінгеннен бері түнделетіп оралатын. Қазір де, міне, кешкі ұйыған тыныштықты бұзған дауыс «ау-хау-ау-хау- ға» басқан. Ағаш біткеннің басында сеңдей соғылысқан құстар бірін-бірі қонақтатқызбай, бұтақтан бұтаққа қуған еді. Шырылдаған, шиқылдаған құстар үні көпке шейін тыйылсайшы. Қанат талдырар ұзақ сапарларды тәуліктер бойы самғаған олардың кез келгені өз мекендеріне — ыстық ұяларына құлағанша асыққан. Содан бері де біраз күндер өтті. Құстардың қоныстану тойының думаны әлі басылар емес. Әлгіндегі бұтақтан бұтаққа қуғыштап, көңілдене шуылдасқаны да сол. «Аухаулаған» мына дауыс лезде қалғып кеткен құстарды сыбыр-сыбыр өткі­зіп барып тыныштандырды. Іргедегі көлшіктен су сабала­ған аққу қанатының сусылы талып жетеді- Ұйқы дегенді білмейтін құс тәңірісі түн бойында көл бетінде өз сайра­нын салар еді. «Аққу көлінен» жетіп жатқан сиқырлы әуен сазымен төңіректегі құстар қалғығалы қашан.

Тек бұлардың ішінде қарлығаш жоқ. Жол торуылда­ған қанаттылар серіктестерінің енді-енді жолға шыққанын жақсы біледі. Одан да бұрын үй біткеннің аспанында шегеленген қарлығаш ұясына кіріп-шыққан сайын көз тікпей өтпейтін үлкен-кішінің жүректері мазасыз. Ақ тамақ қарлығаштарды сағынбағандар некен-саяқ. Әсіресе, бүлдіршіндер көңілін сезсеңіз. «Қарлығаштар қашан келеді?» Баршасының бойынан байқайтының осынау са­ғыныш сезімі.

Табиғатты құлай сүю, оны қорғау адамға ғана тән. Сон­дықтан болар, кішкентайлардың да өз ортасына үлкен құштарлықпен, аса байқампаздықпен көз тастайтыны. «Қарлығаштар жаңбыр жауып, күн күркірегенде келеді». Үлкендер аузынан естіген осы бір сөз олардың қашанда

Алакелдің реликті шағалалары

жадында... Көктемгі күннің күркіреуін тағатсыздана күт- кен-ді. Бірақ... Тәтті ұйқы құшағында түн бойына әйнек шертіп шыққан сәуір тамшыларын, көк жүзінде шатыр- шұтыр ойнаған алғашқы найзағайды байқамады. Бүгінгі түнде тұңғыш рет күн күркіреген еді. Ертеңгісін дарқан дала жүзін жаңбыр суына жуып оянды.

Бір түннің ішінде бүршіктер мөлдір моншақтар тағып шыға келген. Мың-сан лағыл моншақтарды кешкен ауыл балалары ерекше шат. Өйткені, қарлығаштар келер күн жақын ғой. Телеграф сымдарында айқыш-ұйқыш отырған шоқ-шоқ ақ тамақ қарлығаштар көз алдыңа нота жазула­рын елестетеді. Әркім-ақ өз қиялынан сәуірдің осынау суретін іздейді. Жападан-жалғыз жүргенде жаныңнан шықпайтын да, қиыр сапарларға жол сілтейтін де — қар­лығаштар. Күткен күн — қарлығаштар келген күн. Әр үйдің есігінен бірге кіріп, бірге шығып, тіршілік-қаракеті- не қызу кіріскен қарлығаштар сан-алуан түрге енгізіп, әсем әуенін де шырқаған. Заңғар биіктерге жетелеген де құлаққа таныс—«Қарлығаштар әні...» Құстар мен жан- жануарлар жүрегі адамдардың жылы алақанын өздерін- ше сезеді-ау!

Керімсал көктемнің кербез сұлу шақтары сәуір сазда­рын шым-шым сіміріп жатқандай.

МАМЫР МОНШАҚТАРЫ

РАУАНДАП ТАҢ атып келеді. Түн бойына ауыл аспа­нында ойнап шыққан жыпырлаған шырақтар да сиреген. Көк күмбезіне ілінген қадау-қадау жұлдыздар соңғы рет жымыңдаған күйі қол бұлғап барады. Көктемгі салқын самал бұта басын баяу ырғайды. Таудан құлаған асау өзеннің даусын таңғы тыныштық тұс-тұсқа үздіксіз тара­тып жатыр. Ақ көбік толқындар бірін-бірі бүктеп ілгері ұмтылады, ілгері асығады. Жол-жөнекей тасқа ұрған әлгі асау толқындар қас қағымда қисапсыз моншаққа айналып көкке секіреді. Артынша-ақ мөлдір моншақтар қайта жауады. Аппақ шыңдардың басынан сығалаған күн нұры­мен осынау маржан моншақтар одан бетер құбылар еді. Жарқ-жұрқ... Қыстайғы мұз құрсауынан енді ғана еркін босанған тентек өзен ашуын баса алар емес. Буырқанып жатыр. Алты ай қыста әлденеше рет мұз кеудесін үңгіп шыққан түйдек-түйдек толқындар күн күлімдегеннен бері ерекше көңілді. Тау өзенінің кәнігі мінезі. Қазір де мәз, сылқ-сылқ күледі. Сансыз моншақ шашып, алға асығады.

Тау өзенінің көгілдір көктемдегі осынау мінезін көр­сең, шіркін! Өр өзеннің өршіл даусын естуге әркім-ақ құмар. Ал сол үнді естігің келсе таң алагеуімнен өзенге бар. Тек кешікпегей. Күн көтерілісімен тіршілік біткен өз қаракетінің соңына түседі. Тағы бір мазасыз күн үйрен­шікті күйін шертеді. Сан сырлы ертеңгі әуезге тау өзені де қосылар еді. Іргедегі өзеннің даусын күн ұзаққа ести алмай дел-сал күй кешуің де неғайбыл емес. Өйткені тіршілік біткеннің өз тынысы, өз лүпілі бар. Күн жылынысымен ең бірінші болып өзен бойын қуа­лай жасыл «кілем» төселеді. Сидам-сидам балғын бұтақ­тар бір түннің ішінде, онда да кешегі жауыннан соң бүршік-моншақтар қадап шыға келді. Кешқұрым үйіріл­ген қою бұлт әуелде төгіп-төгіп жіберген. Іле-шала күн күркіреді. Жауын басылғанша күннің күркірегені де үз­дік-создық тұс-тұстан жетіп жатты. Көктемнің алғашқы жаңбыры. Тағатсыздана күткен әркім-ақ. Булығып еркін көтеріле алмай тұрған қыр асты көк жасылға оранды. Өзен-көлдердегі орман-тоғайдағы құстар думаны боз ала таңнан қас қарайғанша бір толастасайшы. Жыныс тоғайдың, миуалы орманның айтар өз ертегісі бар. Тек соны жүрегімізбен ұға білейікші, осы...

Шүрегей үйректің үясы

Көктем жауынды болып тұр. Түнімен мөлдір моншақ­тар үздіксіз билеп шығады. Ақ жауын таң құлан иектене сап басылады. Қол созымда жаңбырдан кейінгі ақша бұлттар қалқиды. Ағаш бұтақтарындағы мың-сан май моншақтары күн шұғыласына шағылысып жарқ-жұрқ ойнайды.

КӨЛДІҢ СӘНІ — КӨГІЛДІР құс

КҮНІ КЕШЕ ғана секілді. Асау өзеннің арнасынан ақ­тарылып, ақ көбіктене ағыл-тегіл тасығаны-ай! Бір түннің ішінде ауыл іргесінде телегей-теңіз шалқып жатты. «Өзен тасып келеді...» Бірден-бірге жеткен көктем жаңалығы аядай ауылды шарлап та кетті. Өзен тасып келеді!

Басқаларды кім білген, кішкентайлар — балалар жағы осы сөзді көктем шыға тағатсыздана күтетін. Жылдағы сағыныш «бүгін-ертеңмен» жеткізген күндер қызығы мен қуанышы бүлдіршіндер үшін тым ерекше. «Қаратал та­сыпты»,— дескен бала біткен ауыл іргесінен өтетін ескі тоған табанына түсіп, зыр жүгіретін. Қос өкпелерін қол­дарына алғанша жарыса жүгіре берер еді. Ауылдан ұзағандарын сонда ғана байқайтын олар. Көк күмбезіне ілінген құстар тізбегін алғаш көргендеріне шат. Құрақты жағалауларға — көз ұшындағы Балқашқа құлаған құстар үнін жоғалтып алмауды ойлайды.

Аз күннен кейін өз әнін әуелетіп ләйлек те келеді. Тек өзеннің тасығанын күтіп кешігуде. Іргеден басталар тақия көлдердің айна сәулесіне маңғаз таранып, бойын сылаған қос-қос көкқұтандар да кімді болсын сағындыр- ған еді...

Сондықтан да балақтарын тізеден түсіріп, шалшық- шалшықтан шаршағанша балық қуып, көлшіктердің бойынан ұя іздеп әрқайсысына күні бұрын «ен» салып иемденетін сәтке асығады-ау. Содан жұмыртқалар санап көбейткенше, сары ауыз балапандарды көргенше жете­лемек бала жүрек...

...Қаратал тасып өткелі қашан. Әншейінде айна бетін­де сақина иірімдер жарқ-жұрқ ойнаған күйі ілгері жүгіру­мен жөнелетін өзен мінезі әуелден белгілі. Қашан көрсең де көз алдыңда — сол таныс сурет. Майда толқындардың күндіз-түні тынбай дірілдейтіні; шағалалардың аспандата лақтырған тастай жұмырлана құлдилап барып бауыры­мен су ұрғаны; әр тұстан шоршыған шабақтардың шолпы- лы; Арғы жағалауда жарқабаққа тырмысқан селдір бұ­тақты жалаңаш ағаштың ұшар басын айналсоқтап қос қанатты ұзақ қалқыды. Әлсін-әлсін сиқырлы сұңқылына да басқан. «Ләйлек қой». Иә, иә көлдің сәні — көгілдір құстар емес пе...» Жұбын жазбаған қос ләйлек ағаш басындағы өз ме­кендері — бөрікті ұяны зорға таныды. Ескі ұяның шөпте-

Ләйлектер
Кешқұрым

рін, бұтақтарын кезек-кезек түртпектеп байқастаған да. Артынша дүр сілкініп көтерілген қанаттылар шарықтаған бойы қарсы айрылып бара жатты. «Аяқ астынан неден секем алды екен, құс құдіреті? Әлде көктемгі тасқында түбін су шайып, үңгіген ағаш басындағы жылы мекенде­рін мәңгі санамады ма?..» Еш уақытта жұбын жазбай қа­тар қанат қағып күн кешетін ғажайып құстардың мына қылығы кімді болсын толқытар еді. «Шынымен айрылы­сып, қол бұлғап кетті ме екен? Қанат талдыратын ұзақ сапарда Құсжолында кезіккен болар».

Жоқ... Ләйлектер қайтып оралды. Жаңағы ағаш басын­дағы ыстық ұяға әлгіндегідей сақтықпен емес, бірінен соң бірі тым асығыс құлаған. Бауыр басқан жайлы жайды осы жолы жазбай таныды. Әуел баста толып жатқан ұя­лармен шатастырған олар енді ғана барып айнала төңі­ректі шоли жіті көз жүгіртті. Бәрі-бәрі... Жедел «үйлерін» жөндеуге кіріскен көгілдір құстардың қылықтары барған сайын қызықтыра берген... Қызықтыра берді.

Сиқырлы саз жан дүниеңді еріксіз толқытып, әлде­қандай тебіреніс бір күйге баурап барады.

АЛТЫН БОЯУЛАР

СОНАУ КӨКЖИЕКТЕН көлбеңдей көтерілер қаз бауыр бұлттардың көк күмбезінде көшіп жүргеніне де екі-үш тәулік. Аспан аясын торлап алған бұйра бұлттар тым төмен қалқиды. Ұшар басын күнге сүйдірген заңғар шыңның да әншейіндегі айна-жүзін көре алмайсыз. Тұс- тұстан жиналған кезбе бұлттар бүкіл тауды құшақтаған бойы аймалап сүйіп жатқандай. Бірін-бірі жетектеген күйі етекке құлап келеді. Терістіктен лекіген салқын са­мал одан бетер асықтырған. Сол-ақ екен енді-енді сіркі­рей бастаған жаңбыр тамшылары ағытылып кеткен жақұт моншақтай ебіл-себіл құйды-ай кеп! Таудан құла­ған ерке бұлақ та табан астынан мың бүктетіліп, өзгеше асау мінез байқатқан. Мың-сан ақжал толқындар өзді- өзін қуалап ілгері жүгірді. Жаңбыр тамшылары үздіксіз билейді. Алғашқы күз моншақтары еді бұл. Айнала-төңі- рек жаңбырға рақаттана шомылып тұр. Көше толы — қол шатыр. Әр шатырдың астында — қос-қос жұп. Күміс күл­кіге бөлеп барады. Сыңғыр-сыңғыр... Ақ жауын басылар емес, бірқалыпты себезгілейді. Сәлден соң бұлтты бұлт­қа жанып күн күркіреді. Қазір сары ала күз. Ал «күзде күн күркіремейді дейтіні қайда?..» Жоқ алтын күзде де күн күркірейді екен. Зеңгір аспан көгіне алуан түрлі лен­тадай кемпірқосақ та ілінді...

ТАҢҒЫ АУА дымқыл. Күн ұзаққа әйнек шерткен мөл­дір моншақтар іңір қараңғылығы қоюлана тыйылған-ды. Қазанның қара желі шылқыған суды түнімен сорғытып шыққанға ұқсайды. Сөйтседағы жаңбырдың ізі сайрап жатыр. Ойдым-ойдым іркілген қақтың беті дір-дір етеді. Жауын тоқтасымен іле-шала жапырақтар жауған ба дерсің. Аткөпір сарғыш жапырақтардан аяқ алып жүргі- сіз. Сағағынан иілген жез жапырақтар жерге түскісі келмей көпке шейін ауада ұлпадай қалқиды. Жеп-жеңіл тербетіле ұшқан әлгі жапырақтар кімді болсын ерекше әсерге бөлейді. Өйткені сары жапырақ — күздің символы емес пе? Ағаш бұтағында отырған кішкентай қос қанат­тының үніне құлақ түрген жан көп жайды сезері хақ. Сәл сәтке болсын уақыт ізіне үнсіз ғана үңілері белгілі. Әнше- йінде елей бермейтін сиқырлы әуез. Ол қандай әуен? Мүмкін ыстық ұямен, болмаса құтты мекенмен... Жоқ, әлде жадыраған жазбен қоштасар кездегі ән бе екен? Түстікті бағытқа алған құстардың үдере көшкеніне

Бәйшешектер

де біраз. Күндіз де, түнде де құлаққа шалынары құстар қанатының суылы. Қайтқан құстар тізбегін әр ауылдың аспанынан ұшыратасың-ау. Соңғы күндері теріскейден ызғар білінген. Жез жапырақтар үздіксіз жауып тұр. Тең- геше сыңғырлайды. Көз ұшында — құстар көші. Сиқырлы саз талып жетеді. Сары күздің жеткені емей немене?..

СЕНТЯБРЬДІҢ АЛҒАШҚЫ таңымен өз дабылын соққан күз қоңырауының жаңғырығы сайын даланы дүбірлі ду­манға ораған кез. Сонау көгілдір көктемде басталған шаруаның мазасыз қарбаласы енді міне, алтын күзге ұласып отыр. Күні кеше ғана секілді. Майда самалмен әсем де кербез ырғатылған жасыл алқаптың миллион толқынды тербеп жататыны. Сол алқап күз бояуына шо­мылып шыға келген. Күз реңі тура көз алдыңа ғажайып суреттей елестейді. Қырдан көтерілген арайлы шуаққа жүзін жуған жезмұрт масақтар да бадана бастарын көте­ре алмастан жалқау найқалады. Алтын алқапқа тұс-тұстан шыға келген дала кемелері еңбек әуенін қайта жалғады. Жал-жал дестелер... Баяу тербелген ойдым-ойдым астық теңізінің арасынан арагідік дуадақтар ұшырасады. Оқта- текте болсын күміс қанат қырғауылдар жол кескектейді. Маңайыңның бәрі күз ырғақтарын шертіп жатқандай. Ас- тьіқ бастырып жүрген адамдарды қимаған құстар тізбегін алтын алқапты дала аспанынан да жиі кездестіретін сәт.

Өзара астасқан алтын бояулар көркем күздің айшық­ты ажарын одан бетер әсем әдіптей түскен...

КҮЗ ДИДАРЫ

...ОЛ ӘЛДЕҚАНДАЙ күбір-күбірден оянып кетті. Таң себезгілеп атып келеді екен. Туырлықтың маңдайша тұсындағы оймақтай саңылаудан ішке бозғылт сәуле құйылып тұр. Әншейінде жанар қаритын жарқыл емес-ау.

Тарқатылып кеткен қос бұрымын саусақтарымен тара- ғыштаған күйі орнынан қозғалмаған. Тұрып-ақ кетпекші еді. Жылы төсек құшағында тежей түскені—шешесінің сөзі. Өз-өзінен жымиды. Үй іргесінде әкесі мен шешесі­нің ертеңгі ыстықтарын ішіп отырғанын айтқызбай сезіп жатыр. Неге білмесін?! Ұлан жазға әлденеше мәрте қайталанған, көзқанық сурет. Екеуден-екеу бүкіл ғұмы­рын қыр төсінде, қой соңында өткізген олардың құба төбел өміріне енді ғана тереңірек бойлағандай. Байқаса жыл он екі ай бойына жапанда жалғыз үй отырғаны. Демалысқа келгендегі аз мезгілде нені зерделесін. Сол ұшқыр уақыттың бір жыл... бес жыл... жоғ-ау, ондаған жылдар басын құрайтынын да жаңадан түсінген еді. Иә, осы уақытқа дейін ештеңені аңғармағаны анық.

«Сонда қалай?! Айнала-төңірегіне жіті көз тастатқыз­баған балалық бал-дәуреннің бір-ақ күнде бұлбұл ұшқаны ма? Шынымен-ақ күні кешегі мектеп бітіру кешінде қоштасқан ақ бантик лезде есейтіп жібергені ме?.. Ең ақыры өзіңді аялап өсірген туған табиғаттың не бір тылсым құпиясын, сұлу сырын ұқпағанымыз-ай! Әсемдікті шарқ ұрып тек жырақтан іздеп жүр екенбіз ғой. Қандай ақыл болған — оқуға шапқыламай ата-анам­ның қасында қалғаным...»

Ой орманын шарлаған қиял құсы тым шарықтап кет­кен. Үн-түнсіз. Қос жанары шаңырақтың күлдіреуішіндегі қарлығаштың ұясында. Ақ тамақ қарлығаштардың сан құбылтып салған сырлы әнінің естілмегеніне де біраз. «Қоңыр күздің есік қаққаны ма, шынымен...»

Әкесінде үн жоқ. Оқта-текте сыңғыр еткізіп, шай ішіп отырған шынысын шешесінің алдына сырғыта салғаны байқалады. Ал құлаққа жып-жылы естілер анасының майда үні дала дастарқанын тербеп отырғандай.

— Іші пыспағанда қайтсін. Жападан-жалғыз не бітіре­ді, құдайдың мына құла түзінде. Әйтеуір, ермегі — кітап. Шырақты көлегейлеп алып ұзақ түнге кірпік ілмейді-ау. Көз майыңды тауысасың дегеніме де құлақ аса бермейді. Иә, басқа алаңдайтын не бар мына жалғыз қара

үйде. Шал-ау, тездетіп қыстауға жылжиық. Қанша айтқанмен елдің шеті ғой. Қарлығаштарың да балапан­дарын темірқанаттандырып қайтты емес пе? Енді қарай­лайтын нең бар. Қараша да түсер- Бірер күн-деумен қашанғы отырмақсың. Ауылдың іргесіндегі «Өзек» бойы сенің бір отар қойыңа жетер. Қалай ұшып тұрғанын да байқамады. Табанының астындағы сыртылды да сездірместен үй сыртын айнала берді. Ертеңгісінгі салқын ауа денесін шымырлатып

Қанаттылар сирағындағы жеп-жеңіл сақина олардың дүние жүзінің кез-келген түкпіріне үшып баратынын дәлелдеп берді

жіберген. Дір-дір етеді. Қос білегі де құсеттеніп шыға келді. Артынша-ақ бойы үйренейін деген. Жапырақ мұхи- тын кешкен ол күндегі әдетінше үй іргесіндегі Жиделісай- ға түсті. Мың бұралған Қараталдың осынау тұсы бейне бір көрме төріндегі алып картинадай ғажайып әсерге

бөлейді. Майда толқындар үңгіген жарқабақты жағалай жүріп, суға сұлық құлаған үлкен қара талдың үстіне жайғасады. Сүйікті орны. Аяғын суға салбыратып жіберіп, бетін салқын сумен көміп-көміп жуған. Жаздайғы әдеті, бір күн ұмытсайшы. Сағаттар бойына отырса да, дір-дір еткен Қаратал толқындарынан жалыққанды, зеріккенді білмейді.

«Туған жердің әсем саясын қашанда жан дүниеңмен, жүрегіңмен ұққанға не жеткен, құлыным!..»

Қара танымайтын анасының аузынан шыққан осы бір орамды тағы да іштей қайталаған.

Қос жағалауын оқалы тондай көмкерген жасыл жы­ныстың малынып тұрғаны күні кеше-тін. Енді міне, айнала төңірек алтын күздің әсем бояуына шомылған. Ағаш та, қыр да, жапырақ та — сап-сары, Табиғат-суретшінің күз тақырыбына жазған бір-бір кесек туындыларындай көз алдымызда көлбеңдейді. Алтын күздің ғажайып бейнесі тағы да ойға шомдырған.

«Күздің де өз дидары бар екен ғой. Осы уақытқа дейін неғып байқамағаймын, неғып көрмегеймін... Жоқ, мүмкін емес. Бұдан бұрын тамыз таусылмастан сүйікті ұямыз- орталықтағы мектепке асығушы едік. Сөйтіп жүріп қыр­дың қоңыр күздегі келбетін көкейімізге ұялата алмаған екенбіз. Иә, солай... Әйтпесе тойларға толы, шаттыққа толы сары күздің, берекелі күздің өз жыры мен сыры бар екен...»

Ол өзен жағасында ұзақ отырғанын енді барып байқа­ды. Шешесінің даусы да талып жеткендей.

Жапырақ мұхитын кешкен күйі қол созым жердегі қараша үйге жеткенше асықты. Жүрегі алып-ұшып бара­ды. Неге... неге?..

Алғаш рет көк күмбезін күздің түсі суық қорғасын бұлттары торлай бастаған. Ауада дымқыл сыз бар.

«Ендігі жол қыстауға түсетін шығар...»


Бетке өту: