Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов
Аты: | Абай жолы 1 кітап |
Автор: | Мұхтар Әуезов |
Жанр: | Литература, роман |
Баспагер: | |
Жылы: | 1997 |
ISBN: | |
Кітап тілі: | Қазақ |
Жүктеп алу: |
Бет - 10
Бел-белесте
1
Күн түске жетпей-ак Баканас бойы қайнап, шыжып кетті. Аспанда теңгедей бұлт жоқ. Бүл атырапта бұлт көрінбегелі және бір тамшы жауын жаумағалы талай күн болды. Шынғыс сыртының өзге жайлауы коңыр салқын, жауынды келсе, дәл осы Баканас суынан оңтүстікке қараған жақ өзгеше бір бүк. ыстық болушы еді. Суы молдығына және көк шалғынымен катар қарағанды, көкпекті, ақ от, қара отына қарап коныс етеді. Әйтпесе, мынау теріскейдегі калың қара биіктің арғы сыртынан артық жер жок.
Абай үй ішінен катты пысынап тысқа шыққанда, бүл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп жүр екен.
Үлкен ақ үйдің жанында жүндес сары ала төбет тілін салактатып, аузын арандай ашып, катты солыктайды.
Бойдақ жылқының бәрі жайылысты тастап, сонау биік адырдың басына шығып ап үйездеп тұр.
Өрістен кайткан коралы кой да су маңына шұбырып, бауырын сызға төсеп, бүйірін соғып жатыр. Жайылысты ойлар емес. Кумаса су қасынан түрар емес.
Сиыр атаулы Баканас суынан бөлінген қара су, шалшық суларға кіріп, көлбей-көлбей жатып апты. Бірен-саран оқшау шыққан тайынша, құнажын болса, сәйгелдің қуғынына ұшырап, кұтырғандай жосып жүр. Құйрығын шаншып алып, кос танауы делдиіп, екі көзі дәл бір сойғалы жаткандай аларып, ежірейіп ап, жынданғандай жүйткиді.
Барлық жұрт түндіктерін жауып, іргенің көбін белдеуге шейін шал- қита көтеріп, түріп тастапты.
Абай қайда барарын білмей, бір түрлі мең-зең боп, есінеп, іші пысып тұрды да, өзенге карай тартты. Мұрнының ұшы тершіп, басынан күн өтіп, Баканастың ыстығына наразы боп, асығып келеді. Өзен жағасына келсе Оспан, Смағұл бастаған көп кішілеу балалар салқын, мөлдір суда асыр салып, шулап, ойнап, мәре-сәре боп жатыр екен. Абай бұлардың қасынан оқшауырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. Осы жазда малтып үйренген. Баканастың кең қара суын әрлі-берлі екі жүзіп өтті. Бойы катты сергіп, көңілденіп ап енді сүңги бастады.
Өзге балалардың шуында Абайдың жұмысы жоқ-ты. Бірақ анадайдан Абайдың сүңгігеніне қызығып тұрған Оспан бар баланы ертіп келді. Өзін-өзі жалаңаш санына шапалақтап, Абайға айқайлап:
— Сүңгі, сүңгі’ Тағы сүңгі’ Солай’ — деп бұйырып келе жатып, бір сәтте жолындағы Смағұлдың арқасына секіріп мініп алды. Смағұл мұны лақтырып, түсіріп тастаймын деп бұлқынып еді.
— Иә, жығарсың’ Сен түгіл кысырдың асау тайы — ақтай да жыға алмаған Оспанды. Қанша мөңкісен де түспеймін! — деп, Смағұлдың мой- нын құшақтап қысып ап, екі аяғымен тепеңдеп тебініп кояды.
Смағұл Оспанның зорлығына еріксіз көніп, жүгіріп жортып, Абай касына келді де, суға Оспанмен бірге шолп етіп кұлай кетгі.
Абай Оспанның тентектігінен мезі болатын. Осыдан бірер жыл бұрын бұл інісімен өзі де ойнап, асыр сап кететін болса, биылдар беймаза көріп, шеттей беретін. Тіпті, ыза қыла берсе, зекіп ұрсып, куып жіберетін.
Қазірде де Оспандар шулап келгенде, Абай жақтырмай, тайкып шыкты. Киіне бастады.
Оспан Абайдың тұнжырлығын елеген жок.
— Абайша сүнгимін, — деп, саяз жерге етпетінен жата калады да, артын тоңкитып, моңкіген тайдай, екі аяғын шаншыта береді.
Абай асықпай киініп боп, енді үйге кайтпакка артына бұрылып еді. Жар жағасына Тәкежан кеп тұр екен. Сұлу киінген әдемі бозбала Тәкежан ат үстінде, қолында қаршығасы бар. Астындағы жирен жал құла дөнені катгы терлепті. Күміс жүгеннің ауыздығын тістеп, әрлі-берлі көлбектеп, ет қызуын баса алмай тұр.
Тәкежаннын қанжығасында бір сары ала каз, екі үйрек бар екен. Барлық бала соны көре сала:
— Ей, аға!..
— Әй, ағатай, маған!
— Маған!.. Маған берші! — деп, судан ырши-ырши жүгірісті.
Тәкежан құс салып кайтқанда, осындай алдынан шығып жүгірген балаларға кейде аң олжасын беретін. Бірак балаларды шетінен зар қақты - рып, жалындырып, көп-көп сұратып барып кана беретін.
Тез бермейтінін біліп, балалар да талмай сұраушы еді.
Тәкежан Абайға карап мақтана күлді. Өзінің жігіт болып, қаршығаға күс ілдіретінін Абайға әрқашан бұлдаушы еді. Оны әлі өзінің шерігіне де татымайтын бос, болбыр бала көретін. Өйткені, Тәкежан осы жазда кайнына да барып келді. Өзінін жігіт-желең жолдастары да бар. Қазірде түн сайын кыз андып, ауыл-ауылды шулатып та жүреді. Абай ондайдың біріне жараған жоқ.
Оспан мен Смағұл Тәкежан касына катар жалынып, жүгіріп барып елі. Тәкежан ол екеуіне үлкен кісіше зіл тастап, әуелі боқтап алды. Абай- дан бөлек, бір үлкендік белгісі тағы осындайында. Ол аса боқтампаз. Құнан- байдын алдында мысықтай үндемей отырып, былай шыға бере, бала- шаға, малшы-жалшыны сыкпыртып боқтап жүру оның дағдысы болған.
Оспан мен Смағұлды жалындырып алды да, екі үйректі қанжығасынан шешіп беріп жатып:
— Жаман ененді... қос қара’ Ертеңді-кеш суды ылайлағанша, тым құрыса, бүлдірген терсендерші! — деді.
— Бүлдірген?
— Қай бүлдірген?
— Бүлдірген кайда?
— Ей, ағатай, айтшы! — деп, Оспан мен Смағұл тағы жалынды.
Бала атаулының жаз болады десе ерекше сағынатыны — бүлдірген. Бірақ Баканастың өз өңірінде ол өспейді. Өзге қай жерде бар? Пісті ме, жок па? Онысынан да әлі хабар алысқан жок-ты.
Бүлдірген дегенде Абай да елең етіп, сұрастыра бастады. Тәкежан жана ат үстінде жүріп есітіпті. Баканаспен катар ағатын Жәнібек суы бар. Соның анау кара адырының ар жағында, Шынғыска караған бас жағында бүлдірген тұнып тұр деп есітіпті.
Бүгін-ертең ол араға Жігітек, Бөкенші көшіп келеді. Ел келсе, мыналар тере алмай калады. Ендеше асығыс барып, теріп кайту керек.
Тәкежан осыны айтқанда, жаңағы көп бала алағызып:
— Жүр, ендеше, барайық!
— Барып теріп кайтайық!
— Жүріндер!
— Ал ат ұстаңдар!
— Иә, сәт, бүлдірген, бүлдірген! — десіп, бар бала ойнақ салды.
Бүлдіргенге баруға Тәкежанның өзі де әзір екен. Ол Абайға да: “Жүр!” деді. Абай ойланып, баяулап тұрды да, акырында, тым құрыса, атка мініп, сергіп келмек боп коса көнді.
Сонымен, бір шай кайнатым арасында Абай, Тәкежан бастаған барлық ұсақ бала тай-кұнандарына мініп-мініп ап, желе шауып шыға келісті.
Араларындағы үлкендері Абай мен Тәкежан.
Үсак балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-саранда- ры екі-екіден мінгесіп алып, Абайларға ілесе шыкканда жұртгыңбәрінің артында калған Оспан болды.
Ол биешілердің “Жуас тай мін” дегеніне көнбестен, бүгін ғана үйретілген қысырдың асау тайы — ак тайды таңдаған.
Ак тай - соңғы үш-төрт күннен бері Оспанның есінен кетпейтін кұмары.
Дередей үлкен, өзі жұп-жұмыр ақ тай — кысырдың тайы. Енесі — асау көк бие. Ақ тай енесінің асаулығынан былтыр байланбаған. Биыл арда емеді. Шу асаудың өзі. Соған жақында көзі түскен Оспан жас биеші Масақбайға жабысып жүріп, бүгін таңертең биенің бас сауымының тұсында бұғалықтатып, шыңғыртып ұстатып алған.
Масакбай — осы жылкыдағы асау атаулының албастысы. Оспанның жалынғаны еріксіз көндіріп, Масакбай таңертеңнен бері сол тайды үйреткен-ді.
Тайдың асаулық қияңқылығы сондай екен, біресе шапшып мөңкіп, біресе шыңғыра тулап кетіп, Масақбайды да екі рет жыккан. Бірақ өзге асаудан көрмеген ызаны көріп, екі жығылып алған Масакбай, ак тайға қатты ызаланып алған. Құлақтан басып, бұғалықпен буындырып, екі езуін шұрайлап, тайды өлердей жазалаған. Үстіне үлкен жабу салып, оны басқұрмен шандып-шандып, карғып мініп алған. Баска-көзге төпелеп, шапкылатып, кан сорпа кып кеп, бағана желі басына байлап тастамақ болған.
Бірақ Масакбайдың өнеріне қызығып, өзі де қызып алған Оспан, гай әлсіреп келген кезде, жұрттың “Токта!” дегеніне болмастан карғып мініп алған-ды. Екі езуі кан боп жыртылып калған тай әлі де өлердей қияңқы екен. Оспан мінген жерде тағы да кайтадан шапшып секіріп, көп қияңқылық етті.
Өзі жеңіл балаға оңай көнгісі келмей, қанша кырсык жасаса да, Оспан жығылмай қойған. Оның бағана Смағүлға мақтанғаны да сол. Казір желі басында қалғанда, Оспанды бөгеген сол ақ тай болатын.
Тай ежелгі асаулыққа салып, тағы мөңкіді. Бірақ Оспан жығылып, корқудын орнына, құшырланып сабай береді де, езу тартып күліп қонды.
Баланы жыға алмаған тай ақыр аяғы ала қашып, шаба жөнелген. Оспанның тілегені сол. Ол өзі ағызып келе жатқан тайды онан сайын борбайлап, баска-көзге төпеп:
— Аруақ! Аруақ! — деп ұран салып, жосытып отырып Абайларды қуып жетті.
Ақ тай Оспанның ырқына әлі көніп болған жоқ екен. Ағызған күйінде сынар езулеп, мойнын бұрып, қырындай шауып кеп. бар денесімен Тәкежанның құла бестісін қойып кетті.
Жұрттың бәрі де ығысып, бөгелендеп калды. Оспан тайын бұрып, көптен сытыла бергенде, ақтай тұра қалып, мойнын ішіне алып, шыңғырып жіберіп жаман мөңкіді.
Абай Оспанды аяп “Мерт бола ма?” деп қорықты. Жалғыз-ақ Оспанның пішініне көзі түскенде қайран болды. Баланың үлкен көздері от шашып, ортгей жанып алыпты. Асаумен алыскдн арпалысты жаны сүйген- дей. Қорқыныштан биттей елес жоқ. Қайта “Тулай түс” деп қызыққан сияқты. Тай бұдан құтылмақ боп, нелер қиястык жасаса, соның бәріне де сол секундта Оспан колма-кол тәсіл жасайды.
Бұл кезде Оспанның балалық жындылығы, ұрда жықтығы біржолата жоғалғандай. Ол Абай көзінде — алыс-жұлыстың бір балуаны сияк- танды.
Жұрттың бәрі амалсыз иіріліп тұра қалып, ақ таймен Оспанның арпалыс майданына қарады.
Тәкежан да таңдайын қағып, Оспанды боқтай түсіп, сүйсініп тұр.
Тайдың мөңкігенінен сескеніп, Оспанға болысайық деген ересек балалар болып еді.
Оспан асығып айқайлап, шолақ бұйрық етіп:
— Тиме! Аулақ? — деді.
Осы кезде ак тай мойнын ішіне алып, басынан асырмақ боп орт- қып мөңкіді. Оспан екі аяғын тайдың қос қолтығына тығып ап, шалқалап жатып алды.
Түсіре алмаған тай лезде екі артқы аяғын аспанға сермеп тепкіленді. Онда Оспан тағы да тақымын жазбастан еңкейіп ап, тайдың мойнын құшақтап жатып алды.
Тағы бір сәтте ақ тай оқыс шапшып қап, таласқан иттей қос аяқтап шаншылып еді. Оспан мынау қимылға, тіпті, сүйсініп кетті, білем. Екі беті қып-қызыл боп, қайратты шаштары үдірейіп, жалт етіп Абайларға карап, сақ-сак күліп жіберді.
Жағалай үнсіз тұрған жұрт та тегіс сүйсіне күлді. Тәкежан өз басы өмірінде мұндай қимыл жасал көрген емес еді.
Оспанның ерлігіне қайран қап:
— Түу, сарамас. Мынау неткен көз жоқ бетбақ еді? — деп, құла бестіні қамшымен бір салды да, желіп кетті. Барлық балалар қоса қозғал-
ған. Актай да қайтадан көндігіп, шаба жөнелді. Оспан тағы да қамшылап борбайлап:
— Аруақ! Аруақ! Масақбай! — деп, асаудың албастысы Ма- сақбай биешіні аруақтай сыйлайтынын көрсетті. Бағанадан бері Оспанның шын сыйынғаны сол Масақбайдың айла-тәсілдері болатын.
Бүлдірген иісі аңқыған, көк майса шалғыны бар, жасыл беткейде балалар жеміс теріп жатқалы көп боп еді. Күн екіндіге қарай жақындап, адыр-адырдың көлеңкесі молайып, сай-сайларда қоңыр салқын самал соға бастаған.
Аттарын тұсап-тұсап тастаған балалар бүлдіргеннің қызығына әлі қанған жоқ. Алғаш кеп түскен бір беттен жылжымаса да, сол алаңның өзінің жемісін де мойыта алған жоқ. Жегеннен асқанды тақия, тымақ, дорба, қалталарға да сықап жатыр.
Бір мезгілде бар баланың құлағына ап-айқын боп дүрілдеген қалың үн келді. Қаулаған өрт, қаптаған қолдың шабысы сияқты.
Балалар елең-елең етісті. Араларындағы үлкені Тәкежан мен Абай қарасты.
Абай бұл дүбірдің мәнін ұққандай, саспай ғана Шыңғыс жақтағы бір белеске карап отыр екен. Сол белестің ар жак деңгейін жалбылап келе жатқан қалың жылқының жоны көрінді. Кең сайға қарай түсіп келе жатыр. Кыланы көп, шұбарткан жылкы жиі-жиі пысқыра түсіп,-жіті басып келеді.
Араларында тай, құлындар кісінейді. Өзге жылқыдан озғындап шығып, ойнақ салып шапқылаған құнан-дөнендер де көрінді. Балалардың тайлары бұл дүбірді байқап, тегіс алағыза бастаған екен. Тұсауларымен қарғып, сол жылқыға қарай тартқысы келгендер бар.
ТаЙ-кұнандар бастарын тегіс көтеріп, қос кулактарын калың жылкы келе жаткан жакка карай кайшыландыра шаншып ап, үйірсек үнмен шұрқырай кісінеді.
Бала атаулы тегіс аттарына жүгірді. Елсіз өңірде көрінген қалың жылкы — көшкен елдін жылқысы екен.
Балалар аттарына мінісіп, беттерін ауыл жакка бұрғанда, жаңағы жылкы аскан белден асып, ойға таман түсіп келе жаткан калың көш көрінді. Он бес түйені тізген бір көш өзге нөпірдін алдын ала оқшау шықты. Соған тіркее он түйелі, тағы он бес түйелі, сегіз-тоғыз түйелі сал- кар-салқар көштер бірі артынан бірі шығып, шүбарыта, шұбатылып келеді.
Алғаш өткен жылқының артын ала көп атгылар келеді екен. Қолдарына сойыл, шокпар, баулы кұрық ұстаған еркектер бар. Әредікте то- мағалы бүркіттерін балдағына қондырып алған ықшам жігіттер де көрінеді.
Бұл топ Абайлар жакындағанша киыс өте берді. Соның артынан келе жаткан ең алдыңғы үлкен көш Абайдың да, барлық балалардың да көздерін еріксіз тартты.
Бүл көштің айналасын қоршаған атгылар көп, барлығы да әйелдер. Өңшең сәнді киінген кыз-келіншек пен егде тартқан бәйбішелер. Мінген аттары ылғи семіз жорғалар мен келісті бедеулер.
Әйелдердің ер-тұрманы, тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүгендері тегіс жалпақ күміске малынған. Жарық күнге шағылысып, жарқ-жұрқ етіседі.
Үлкен көштің алдында есік пен төрдей жерде аттарын қатар бастырып бір топ қыз келеді. Тап орталарында ерттеулі күйде бос жетектелген, кекілі күзелген қара көк ат бар. Сол топтан әнтек кейін үлкен көштің алдын бастап келе жатқан сұп-сұр жүдеу бәйбіше екен. Басына жұқа кара желек жамылыпты. Бұл бастаған он бестүйелі көштің сәні өзгеше көрінді. Бар түйенің үстіне артылған жүктерді жапқан өңшең қара кілем, қоңыр алаша, қара ала текемет көрінеді. Жүкті түйелердің екі жағы сол үлкен қара ала жамылшылармен баяу ғана желпіне түсіп, өзгеше бір ауыр тыныс алып келе жаткан тәрізді.
Көштің түріне таңданып, үнсіз тоқтап қалған балалар тобы мынадай салтанатты көріністің алдын кесіп өте алмады. Енді амалсыз көш өткенше карап тұратын болды.
Басында бұларға көш адамдарынан көз салған кісі жок еді.
Бірак алдыңғы қыздар тобы енді жакындап, қастарына кеп калған екен. Солар ғана өзінше, бір түрлі түйсінгендей болды, білем. Аралары азырақ ауысып, аз ғана бөгелісті де, бір кезде бір топ қыздар ортасынан екі қызды ілгерірек бөліп шығарды.
Бағанағы кекілі кесілген қара көк ат сол екі қыздың орталығында жетекте екен.
Оспан аңырып таңданып, Абайдың касына кеп:
— Бұлар кім? Бұл қандай көш?—деп тақаттаба алмай, ағасын қамшымен түрткілеп, мазасызданып тұр еді.
Қазір екі қыз бөлініп алға шыққанда, олардың көрінісіндегі елден ерекше бір жайды байкап, Оспан катты күліп жіберді.
— Ойбай, Абай, анаң қара! Тымақты кара! — Абай бұған ашулы түрмен жалт карап, катты түртіп қап:
— Токта, құтырма! — деді. Оспан Абайдан сескеніп кап, аузын басып, тайының жалын құшақтап, үнсіз күліп жатты.
Бұған ерсі көрінген сурет - Абайдың өзінің де өмірде ең алғаш көрген көрінісі.
Бұл көш каралы көш екенін — Бөжей көші екенін Абай мен Тәкежан бағана-ақ таныған болатын. Өзге көштен бөлек болатыны мәлім. Бірак казір мына екі қыз істеген іс сол бөлектің ішінде де бір өзгеше болды.
Олары өзге қыздан бөлінгенде байқалды. Бастарына еркектің бас киімін киіпті. Қара мақпалмен тыстаған жұка кара елтірі тымақтары бар. Қыз кимейтін бас киімнің артын алдына келтіріп, теріс киіпті. Енді ғана анық көрінді, орталарына жетекке алған тұлдаған кара көк аттың үстіне Бөжейдің ер-тоқымы ерттеліпті. Ер үстіне сол Бөжейдіңосы өткен кыста Қарқаралыға киіп барған кызыл күрең ішігі жабылыпты. Ердің касына қамшысын шаншып, соған да теріс каратып Бөжейдің кыскы түлкі тымағын кигізіпті.
Екі кыз бөліне салысымен мына көлденең карап тұрған аттыларды көріп, шырқай созып, каралы мұңды дауыс айта жөнелген. Көш бойын-
да ауыл үстінен өтсе немесе бөгде жүргіншілер жанынан өтсе, каралы көштін кара жамылған осындай қыздары дауыс айтатын салты. Қыздар соны бастаған екен.
Бір күліп, жыны қозып алған Оспан бүндай жайдын бәрін қайдан ұксын. Өзі ес білгелі, дәл өз үйлерінен өлім шықпаған. Өлімді бұлайша күтуді көрмеген бала, бұл жерде ұктырам десе де ұқпас еді. Оған жаңағы көз алдынан өткен көріністің бәрі ерсі көрінді де соған күлді. Абайдан қорыққанынан басын көтере алмады. Бірак тайының шоқтығына жабысып жатып көзінің қиығымен сығалап карап кояды да, екі иіні дірілдеп, ішек-сілесі катады. Алгашкы екі кыз киыс өтіп, дауыс бастасымен, кейіндеп келе жаткан бес қыз да аттарының басын катарластырып ап, баяу бастырып отырып, анау екеуінің даусына каралы дауыс косты.
Абай бұларға көз сала беріп, оқыстан елең етіп, аласұрып калды. Қамшысының бүлдіргесін саусағына ілген күйде, оң колын шұғыл көтеріп кап: “Тоқтасаң нетті?” дегендей, өтініш айтқандай. Бірак үн ката алмады. Жүрегі лүпілдеп соғып, өңі сұрланып, әлсіз қолын шарасыз халде, құла бестінің жалына сылқ түсірді.
Өтіп бара жаткан бес қыздың тап ортасында, жібек жал ақ жорға атка мінген Тоғжан екен. Көктемнен соң көргені осы.
Судыраған кара жібек бикасаптан әдемі жеңіл шапан киген. Басында жап-жаңа кара кәмшат бөрік. Мойнында әсемдеп, кең ораған құбылма түсті торғын шәлі. Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жаткан Тоғжан, мынау ат үстінде, мынадай топ қыздың тап ортасында, дәл көп жұлдыз арасындағы Шолпандай.
Ат үсті жүріс, шырқап айткан дауыс және құрбы қыздары — Бөжей қыздарына жаны ашуы бар - баршасы Тоғжанның қазіргі жүзін бір түрлі мағыналы нұрға малғандай. АқмаңдаЙ, аппак жұмыр мойнына, қолаң жібек шашына бетінің үлбіреген қызылы соншалық жарасып тұр.
Қара шапан сыртынан белін шымкай буған сарғыш жібек белбеуге оң колын сүйеп, мықынын таянған. Маңайға бүрылып қарамастан, шырқап жылап, жоқтау айтып келеді. Абай кірпік қақпай қадалып, тыныстары да тыйылып, Тоғжан үнін тыңдаумен тұр. Топ өтіп кете бергенде, өзге төрт кыз үнінің ішінен Тоғжанның өзгеше жібек талды, бөлекше үнін анык есітіп анғарғандай болды. Шын Тоғжан үні ме? Жок, баска қыздікі ме? Білу киын болса да, Абайға мы нандай топтан жырылған бөлекше сұлу ырғақ Тоғжан комейінен ғана шығатындай.
Сырттап бара жаткан Тоғжанның арттан көрінген мүсіні де өзгеше екен. Атка отырысының өзінде де бір нәзік еркелік пен соншалық биязылық, мықтылық та бар сияқты. Жылтырап өрілген жуан бұрымдарының ұшында үлкен шолпы ырғала түсіп, шылдырап барады. Сонау сағынышты көктемде көңіл өртеген, одан бері де көзін жұмса әрдайым құлағына шылдырлай түсіп, сылдыр етіп: “Есінде бармын ба!” деп кететін осы шолпының осы үні.
Өзгеше көрініс лезде бұлт сөгіліп, сұлу айды жарқеткізгендей болды. Абайды естен тандыра биледі де, өзгеше бір нұр шұғыласына бас идір- гендей боп кетті. Бірак бұл сезім бір ғана сәт еді. Осымен кабат, жас жігіт
көңіліне, тағы талай алай-түлей ұйтқып кеп, бір өзгеше жүрек құйынын соктырғандай болды.
Жылаған Тоғжан, жылаған Бөжей қыздары, барлық қаралы көш, иесіз, тұл кетіп бара жаткан анау қаралы киім, тұл ат — баршасы осы барлық кауымның қайғысын да Абайға өзгеше терең түсіндірді. Жаназаға шакырмай, Құнанбай қылмысын кешпей, жылау зарына араластырмай келе жаткан осыншалык мол кауым. Ортасында Тоғжандай гауһары бар кауым Абайларға: “Былай тұр! Көрме’ Саған рұқсат жоқ!” дегендей, суык, қатал. Бірак әділ үкім айтып бара жаткан сиякты. Абай жүрегіне бұл серпу өзгеше өкініш, өксік әкелгендей.
Жылаған ғашығы, жылаған жақын бауыр, кауым ел, өліп кеткен кешегі Бөжей — баршасы да Абайдың өз басын да жазалағандай. “Мен жазықты ма едім!” дегендей болса да, налытып тұрып кінәлағандай. Бұл, әсіресе, ауыр толқын. Абай үнсіз мүлгіп, зарлы жоқтауды бар жанымен тыңдап тұрып, өзін-өзі де, бар дүниені де ұмытып кетіпті.
Бір сәтте қасында тұрған біреу түртіп кап, “жүрейік” дегендей болды. Абай жаңа оянғандай, алаң етіп жалт карады. Тәкежан екен. Ол Абайдың түсін көрді де, тыжырынып кекете күліп:
— Өй, неменеге сораңды ағызып тұрсың, — деп, тіпті, зекігендей.
Абай кабағын қатты түйіп, селт етіп, бетін сипады. Жыладым деп ойлаған жоқ-ты. Көзінен үнсіз ауыр, ыстық тамшылар ағып кеткенін байқамаған екен.
Үлкен көш өтіп кетіпті. Артқы көштермен екі арасында ұзақтау алаң пайда болған екен. Тәкежанмен бірге барлық топ қозғала берді.
Бағанадан бері тайының жалын құшып тұрған Оспан ыржактап күлуден әлі басылмаған. Енді басын көтеріп ала сала, касындағы бір баланың тымағын жұлып алып, теріс киіп жіберіп, сақылдап күліп, ақтайды тебініп кеп қалды.
Қалжақ пен тентектікке есі-дерті кетіп қалған Оспан актайдың асау екенін ұмытып кетсе керек. Жайбарақат еркін отырып, тақымын да кыс- пастан тебініп қалғанда, актай секіріп мөңкіп кеп кетті. Оспан тізгінін де қымти алмай калып еді. Байқаусызда тулаған тай тентек баланы оп-оңай ыткыгып, топ ете түсірді. Бірақ Оспан жығылса да, есінен жанылған жоқ. Тайының шылбыр-тізгінінен айрылмай, жабыса түрегелді. Түк көрме- гендей ыржактап күліп, екі беті нарттай жанып тұр. Ақ тайға ес жиғыз- бастан кайта карғып мініп алды да, борбайлай қамшылап, қүйғыта жөнелді.
Өзге балалар да шаба жөнелісті. Тәкежан мен Абай жай аяңдап қозғалды. Тәкежан інісіне жанағының үстіне тағы да бір үлкендік көрсетпек болды.
— Баламысын, жоқ, катынбысың? Сен ненің ақысы деп жыладың осы? —деді.
Абай Тәкежанға енді ыза болды. Кінәлай сөйлеп, қарсы ұрысты.
— Сенің үлкен боп, ес білгенің со ма? Бауыр емес пе еді? Бөжекеңе өзің неге жыламайсың?
— Е, жыласатын не калып еді? Жаназасына да шақырмай қойған жок па? Соны да ұкпаймысың?
— Үккан екенсің, карык қыпсың! Шақырмаған тірілер! Сол үшін өлі Бөжей жазықты ма?
— Бөжей әкеңмен араз болғандыктан шақыртпады!
— Бәсе, араздық... сол араздыққа кім кінәлі? Кім жаулықты көп етті? Соның бәрінін ак-карасын сен айырып, танып болған шығарсың?
— Болайын, болмайын, мен әкемнің жағындамын!
— Бәсе, оданда сонынды айтсаңшы! “Үлкенмін, ақылым бар, кісіге де ақыл айтам” дейсің! “Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандыктан ереді” дейсің ғой.
— Өй, сен не сандалып келесің осы? Үйдегі алжыған әжеңнің ақылынан баска акыл жоқ деп алғансың ғой өзің, тіпті.
— Ал сен болсаң, сол өзің қостаған әкеден де түк ұғып, түк ақыл алмайсың!
— Е, мені бір жайын өскен жабайы деп пе ең өзің? Енеңді... ”
- Бар “өстім” дегенде тапқаның осы боқтығың ғой! Малшы-жал- шыны жазықсыз боқтап, мардамсығаннан басқа түк үлкендігіңді көрсемші!
— Бәлем, тұра тұр, осыныңның бәрін де әкеме айтам!
— Айтсаң айта ғой! Мен де сенің жаңағы “алжыған” деген сөзіңді әжеме айтайын! — деп. Абай Тәкежанға қайсарлана қарады.
Тәкежан бұл жерге келгенде ерегістен амалсыз тайкып кетті. Тегінде, үлкен жанжалға тауаны жоқ, бұдырсыз болатын. Әкеге шағым жеткізу алыс та қиын. Айтқанын мақұл көре қоя ма, жок па? Онысы тағы екіталай. Ал мынау Абай сүйенген “әже” деген — әлдеқайда катер жер.
Тегінде, Зере көп ашуланбайды. Ал бірақ оқта-текте қатуланып түйілсе, әлі күнге аса зәрлі. Осы биылғы көктемнің өзінде Тәкежан көрші үйлердің бір кексе қатынын байқаусыз боқтап алып, жаман бәлеге калған. Жазықсыз қатын қатты ренжіп, жылап отырып, Зере мен Үлжанға барғанда, кәрі әже ашу шакырып, күйіп кеп, Тәкежанды алдына дереу шақыртып алып тергеуге салған.
Тәкежан әжесінің аяздай суық ашуынан, катты түйілген көзінен корқып, өтірік айтпақ, танбақ боп жалтарып көрген. Ақыры, тіпті, ант ішуге де барып кап еді. Сол арада Үлжан мен Зере өзгеше ашуланып кетіп, кәрі әже колындағы ак таяқпен мұны басқа салып-салып кеткен болатын.
Сол уақиға осы жаңада ғана Тәкежан “Жігіт болдым, қайныма барам” деп әзірленіп жүрген күннің өзінде болған. Осының бәрі жаңағы ерегіс аяғында Тәкежанның есіне түсті де, енді осы бәленің бәрін жуып- шаймақшы болды.
— Өй, кетші әрі енеңді... — деп шіреніп тұрып бір боқтады да, құла бестіні борбайлап шаба жөнелді.
Абай бұдан кұтылғанына ырза боп, кейін калды. Ақырын аяңдап келе жатыр. Жаңағы сезімдерін, жаңағы Тәкежанмен дау үстіндегі ойла- рын кайта есіне келтіріп, соған тереңдеді.
Дау үстінде, ойда жоктан тіліне оралса да, “Бөрінің артынан бөлтірік акылды болғандыктан ермейді” деген сөз мұның өзіне казір бір өзгеше мәні бар, өрісті ойдай көрінді. Жынысының шиырымен шұбыру, жы-
мын басу кімнің қолынан келмейді? Жыртқыш хайуан екеш, о да біледі. Бола алсаң — ол болма, адам бол! Жалғыз келе жаткан Абайды ендігі бағындырған ойы осы. Дәл осы бетте бүгін Абай өз тұқымының бір жанымен дауға түсті. Осынысы өзіне бір ажарлы, басқаша беттің басы тәрізді боп сезілді. Сондайлык салқын сыншы ойлар арасына осы жолда кайта - кайта Тоғжан келбеті келеді. Сәт сайын оралып, гүл жібектей бұралып кеп, мұны жақсы болуға үндейді. Мінсіз таза махаббатқа шақырғандай, жанашыр рақымға шақырғандай болады. Бар дүние, бар адамзатты коса сүйгізіп, қоса қымбат санататын аса бір қадірлі игілікке ымдап жетектегенден. Бұл қиялға мүлгігенде Абай Баканаска қалай жеткенін байқамай да калды.
Бөжей ауылдары Жәнібекке көшіп келгенін Абайдан естісімен, сол күні түнде Зере мен Үлжан Байкошқардағы Құнанбайға кісі шаптырды.
—Дәл қасымызға келіп қонып отыр. Енді аялдасақ ағайынның бетін кайтіп көреміз? Бата оқырын калай жасасын дейді? Және Байкошкар, Баканастағы екі ауыл қосыла бара ма? Соны тез шешіп, жөн айтсын! — депті.
Құнанбайдың өзінің күткені де осы кез сиякты екен. Ол дәл осы түннің өзінде қасына Күнкені алып, тағы он шакты қарт-қария, жігіт- желең алып Баканаска келді. Сонымен Баканастағы барлық жиырма шакты ауыл ерте камданып саба жиып, сойыс әзірледі. Әр ауылдың апаратын шамасына лайық — қой, қозы сойыстары сол таңертенде сойылып, асылып та калған.
Құнанбайдың үлкен үйі үш саба, бір ту бие, бір тай сойыс апарады және азаға салғаным деп Зере мен Үлжан түйе апаратын болды.
Осындай қамның бәрі биенің бас сауымына шейін түгел бітгі. Қалың топ — бата оқыршы, шаңқай түс кезінде сансыз көп салт атты боп күнба- тыстағы Жәнібекке карай тартты. Барлық жиын—елу каралы еркек, отыз- қырықтай катын. Араларында Абай, Тәкежан сиякты жастар, Оспан сиякты балалардан да бір топ бар.
Жұрттың бәрі ат үстінде. Тек Зере мен Үлжан және сол екеуінің қасына мінген Сары апаң деген әйел мен екі жас келіншек кана арбала. Құнанбай бұл арбаны өзге жұрттан ерте камдатып, бұрын жүргізіп жіберген.
Сол арба жарым жолға барды-ау деген кезде өздері атганған-ды. Баканас өзені мен Жәнібек өзенінің екі арасы тай шаптырымдай-ак жер.
Құнанбай қасындағы көп кошеметшінің ішінде Ырғызбайдан — Майбасар, Жакып, Ызғұтгы сиякты туысқандары. Және Құнанбай жағында жүрген әлденеше рулардын ақсақал, карасакалы бар.
Ат үстіндегі әйелдер бөлек топ боп кейінірек келе жатыр. Олардың ортасында Құнанбайдың үлкен әйелі Күнке, сонан сон Айғыз және Калика сиякты абысын-ажын. Кәріден — Таңшолпан сияқты шешелер де бар еді.
Аттылардың калың тобы осындай лек-лек боп, Құнанбай шоғырын алдына салып келе жаткан. Бір сәтте осы жұрт екі қоныстың ара- сындағы сар жазықты айғай-шуға батырып, оң жақтағы биік қара адырды бөктерлеп Жәнібекке карай ат қойды.
Бұл елдің ежелгі ырымы бойынша, өлімге бата оқи барудың ең үлкен шарты осылай алыстан айқайлап: “Ойбай, бауырым!" деп, жылай шабу болатын.
Сол шабысты ең әуелі үлкендер бастамақ керек. Бағанадан калың топтар Құнанбай шоғырына карап келе жатыр еді. Қазір сол Құнанбай- лар өздері де үн салып, аттарын борбайлап, еңкейе шауып жөнеліп берді. Арттағы еркек, әйел, бала-шаға топтары да сол сәтте дүрк жөнелісті.
Абай орта бір топтың ішінде келе жаткан. Қасында Күнкеден туған ағасы Құдайберді, атшабар Жұмағұл, жорға Жұмабай және Тәкежан, Оспан сияқты аға-інілері болатын.
— Ойбай бауыре-е-ем!
— Ағаекем!
— Асқар белім!
— Құт, берекем! — деп. Абай касындағы кекселеу кісілер шыркап жылап, үн салып келеді.
Атшабар Жұмағұл мен Тәкежан болса, аттарының екі жағына кезек қисайып, құлап кететін кісі тәрізденіп, ауытқып жосытады.
Сырт ажарлары шынымен егілген, есінен танып, бауыры езілген кісілер тәрізді. Абай жай ғана, тұра шауып келе жатып, ана екеуінің соншалық сырт құбылысына сенген жоқ.
Тартымды, бір калыпты шапқан, бірақ шынымен “ой бауырымдап” шапқан Абай касындағы Құдайберді сияқты. Абай, тегінде, аз айласып жүрсе де, осы ағасының мінезін ұнатушы еді. Қазірде өзін соның шамасында ұстап, “сол істегенді істесе, мақұл болар" деп білді. Дүркірей ағылып, шулап шапкан топ Жәнібектің көк майса кең саласында жыпырлай қонып отырған сансыз көп ауылдардың үстінен шыға келді.
Зерелердің арбасы да дәл осы кезде қалың ауылдардың тап орта- сындағы үлкен ак күмбез үйлі — Бөжей аулына жеткен екен. Жапыр- жұпыр көрісіп жаткан сияқты. Ак үйдің өзі өзге үйлерден окшауырақ, белдеуінде кара тігулі тұр. Каралы ауылды мына кейін шыққан атгылар- дың тануы оңай болған.
Көп ауылдың сыртындағы сар жотаға шығып, барар бетті тез аңғарып алған шапқыншылар, енді ыра төмен жосылды. Қою шұбар селдей боп шулап, аңырап ақты. Абай орта тұста келе жатып, ақ үйдің сыртында окшауырақ жерде, ұзын-ұзын ак таяқтарға төстері мен қос қолдарын тіреп, бүгіліп тұрған отыз шамалы еркекті көрді. Бата окыршыларды тосып, жылап тұрған жанкүйер жакындар. Шауып кеп түсе бере таны- ды. Тап ортада Байдалы, Байсал, Қараша, Түсіп бар екен. Шеттеу тұста Балағаз, Базаралы сияқты жас жігіттер де ақ таяқтарға таянып, егіліп ТҰР
Шауып келген үлкендердің аттарын анадайдан жүгіре-жүгіре шығып, ұстап-ұстап алып, иелерін қолтықтап түсіріп, еркектерге көрістіргелі жетектеп әкетіп жаткан көп-көп ықшам жігіттер бар.
Барлық бата окыршыға сондай бір-бір күтуші тап келгендей, мол жеткендей болды.
Жылаған Байдалы, Байсалдарды көргенде, Абайдың сай-сүйегі босап кетті. Аттан түсе бере, шын аяныш жас төгіп, еңіреп жіберді.
Тыстағы еркектермен бір-бір құшақтасып, көрісіп болған үлкендерді сол арада қолма-қол ақ үйге қарай айқайлатып, жылатып әкетіп жатыр. Жылаудың үлкені сол үйдің ішінде, қатындар ортасында. Көп еркектің арасына Абай да кірді.
Үлкен күмбез ак үйдің іші, оң жақ босағадан дәл төрдің ортасына дейін қатар тізіліп, мықындарын қос қолдарымен таянып, аңырап жылап отырған қатындарға толы екен.
Тап орта тұста басына қара желек жамылған Бөжейдің бәйбішесі аңырап отыр. Көзінен шын жас, зар жасы бірсін-бірсін ағып жатыр. Одан жоғары, төрт-бес қыз дауыс айтып отыр. Үйдің іші бұл кезде тұтас аңырап зарлаған мол жылау еді.
Отырған әйелдердің алдына жылап келген еркектер тізе бүгіп отыра кетіп, құшақтасып көрісіп жылайды.
Абай Құдайбердінің артында. Бағанадан бері соның ізімен кезек алып келе жаткан.
Жағалай отырған бар қатынды адақтау тым ұзақ болар еді. Және босағадан төрге шейін бос отырған бір қатын жоқ. Соны аңғарған Құдай- берді тура Бөжейдің өз бәйбішесіне карай жылап барды. Сол кісі алдыңғы көрісушіден босаған соң, құшақтап аңырап:
— Ағаекем, бауырым! — деп бас салды.
Абай да сол жерден бастап көрісіп, жоғары отырған қыздар жаққа қарай ауысты.
Үй іші осындай жаппай көріс үстінде бірқатар жыласып ап, енді тегіс ажырасып, жағалай отырысты. Еркектер бұл кезде ақырын жыласып отыр да, әйелдің де көбі басылып калды. Тек Бөжейдің қатыны мен бес қыз ғана зарлап отыр. Арманын, жесір қалғанын, ерте айрылғанын айтып бәйбіше жылап, жұртты егілдіре түсті де, ақыры саябырлай барып тоқтады.
Сонан соң үлкен ұзақ жоқтаудың сарынына түскен қыздар. Олардың өзгеше бір суық зарлы жоқтау ырғағы бар. Дауыстары құйып қойғандай дәл бірдей шығады. Жалғыз-ақ бес қыз тұтас ұзақ айтқан жок. Бәйбіше тоқтаған соң, өзге қыздар да басылып, екі-ақ қыз адақтап шықты. Ол - Бөжейдің екі бойжеткен қызы.
Бұлар бар сөзін анық кып, анда-санда “аһ” деп, жалын атып қойып, сұңқылдап зарлап отыр.
“Әкекем... жеткізбей кеттің... арманда кеттің... зармен кеттің, жетім бейбақ біз болдық... пана кім?.. Неге аңыраттың?" деген сиякты жерлерге келгенде, барлық үйдің іші кайта егіліп, тыйыла алмай, тұншыға жы- ласады. Абайға да шын жылаудың ең ауыр кезі осы болды. Ол көз жасын, тіпті, ірке алмай қойды. Буына жаздап, булыға жылап отыр.
Осымен біраз барды да, екі қыз әкелерінің өміріне, өміріндегі ерлік, жақсылық істеріне түсіп кеп, бір сәтте дауыстың мәнін аса бір тосын жайға салды.
Бөжейдің өзін қойып, тұстастарын айтып келіп, әркімді атай отырып, үйдің іші тегіс жым-жырт тына қалған уақытта, бір кезде Құнанбай атын сап еткізді.
Төрде төмен карап, тымағын көзіне киіп, тұнжырап отырған Құнан- байды мынау екі кыздын катал даусы баска соккандай болды.
Бірак бұл — дауыс. Намаз сиякты бұзылмайтын жол-жора. Айтар сөз, тыяр тыйым, істер шара жок.
Екі кыз сөздерін барған сайын қатайтып, қадалып кеп:
Жау боп шықты Ыргыэбай Айыпқа бердің бір қыздай ай, — деп бір кетіп және бір сәтте:
Оның аты Қунанбай, Жүйріктігі қуландай. Шубарлыгы жыландай... —
деп жарып өтті. Жалғыз көзге дәлдеп тұрып камшы ұрғандай катал жаза.
Құнанбай қасындағы үлкендер бәле шығып кете ме дегендей қобалжи бастады. Жөткіріп, қақырынып, қозғалак какты. Бірақ Құнанбай тістеніп ап, сыр бермей шыдап берді. Абай дәл бұл кезде ұялып қысыл- ғаннан өлердей боп отыр. Ол үй ішімен көрісіп кеп отырған соң байқады. Анау бір топ қыздың ішінде Тоғжан да отыр екен. Бірақ ол бетіне салы жамылып, сырт беріңкіреп, қырын отыр. Абайдың ары, әсіресе, сол Тоғжаннан ұялғандай, енді ішінен: “Ойпырмай, мынаны көргенше жер жарылып, жұтып кетсеші бізді!” деген бір ой ойлады.
Сөйткенше, төрде отырған біреудің қатты тамсанған үнін есітті. Караса — Сара апаң екен. Ол ашулы түспен түйіліп, кара шапанды басына жамыла беріп, жүрелей отырып ап, айқайлай жөнелді.
Сөзінің басы Бөжейді мақтау мен сол жаксыны жоқтау еді. Соның аяғын шұбыртып кеп:
Мына да қарлар не дейді?
Жақсыдан жаман көбейді.
Ескінің асыл көзі еді, Үрлап та көмдің Бөжейді, —
деп, катты айқайлап, қалт тоқтады.
Екі жақта: “Айтамыз, жеткіземіз” деген орайлы сөздерін осы әйелдердің ауыздарымен айтысты. Осыдан әрі қайталаған да, өршіген де сөз болған жоқ. Қос қыздың даусы тағы біраз созылып барып тоқтап еді. Сол кезде Зеренің дәл касында отырған Ғабитхан молда жүгініп, жөткіріп алды да, бұхар мақамымен тәбәрәкті соза жөнелді. Үй іші тегіс жым-жырт. Сілейіп, қатып, мүлгіп калды.
Құнанбайдың Бөжейге жасаған бата окырыныңтүрі осы боп еді.
Әйелдерді осы үйге қалдырып, еркектерді бөлек оңаша үйге апарып, каралы ауыл қонақ етті. Ауыл иесі, күтуші болған Байдалы, Түсігтгер. Бірақ шай, қымыз үстінде де, ет үстінде де, бата окыршылар мен ауыл иелерінің арасында шүйіркелескен сөздер болған жок. Анда-санда Байдалы мен Құнанбай жауаптасқан уақытта, біріне-бірі сыпайы ғана сөйлейді. Байдалы Құнанбайдың шынысын өзі әперіп, шайына сары майды өзі салып, бейіл көрсетіп отыр. Бірак барлары сол ғана. Сөйлесейін десе, сырттары сыпайы болысканы болмаса, айтысар жай жок сиякты.
Тек бірер кез, мал тойыны туралы, шөптің бұл өңірдегі биылғы шығымы туралы ғана сөздері болды. Тағы бір рет көршілес Керей мен
Тб7
Найманның осы жаздағы аттаныстарын, бір-бірімен барымта алысып, шабысып қалғанын айтысты.
Құнанбайлар екінді мен актам арасында аттанар кезге шейін дәнекер болған осы әңгіме ғана. Бата окыршылар сол кеште үнсіз, коныр тартып, жайлау-жайлауына қайтысты.
Бір карыздан күтылғанына “уһ” дегендей боп, Күнкені ертіп, Байкош- карға қайтты. Жол бойында бәйбішесіне оның айтқан жалғыз сөзі:
— Күтсең, Сары апанды күтсендерші! — деген ғана байлау еді.
Күз келді. Үш күннен бері сілбілеген ак жауын айықпай түр. Жайлаудан қайтып, Шыңғыс асып, кыстау-қыстау үстінде аз ғана аял етіп, пішен шапкызып болған ел енді күзекке беттеп келе жаткан. Жидебай, Мүсакүл, Қарауыл, Шүйгінсу сиякты пішені шабылып алынған қорықтарда жиі қонып отырған ауылдар көп. Шыңғыстың ұлан-ұзак, мол қыс- таулы бөктерімен Қыдыр, Қызылшоқы, Борлы сияқты балақ таулары да, адыр-қатпарлары да ауыл-ауылға толы еді.
Жұрт жазғы үлкен үйлерді қоймаларға тастап, енді кішілеу-кішілеу қоныркай үйлер көтеріскен. Жазғы күндей емес, қазір жылы киімдер киюмен бірге, баспананы да от жағып, ішіне киіз тұтып, ықшамды кып отыратын болу керек. Соған ыстан қорықпайтын киізі бүтін, бірақ коныр- кай кішілеу үйлер кажет. Әлі келгеннің бәрінің істеген шаралары осы.
Қазірде күздеуге қарай ауысқан ауылдардың жаздан бөлек тағы бір өзгешелігі, енді кой сауылмайды. Ересек тартқан қозылар қоралы қоймен бірге жайылады.
Ат үсті мал карайтын, сөз бағатын еркектер де бір жаңалық табысты. Суық түн, лайсаң күнге арнап саптама, калың шекпен, елтірі ішіктер киюмен бірге, меншікті мінгіш аттарын да ауыстырып келе жаткан. Жаз жайлайтын аттардың бұл кезде еттері ояздап болған. Енді қыс суығына шейін қон жиып алсын деп, оларды біржола қоя беріп, осы Шыңғыс асысымен күз мінетін, кыс мінетін құр аттарды ұстасқан еді.
Шаруаның шағын үйінен бастап, нелер малды, әлді дегендердің бәрі-бәрі осы күндерде калың майлы құр аттарын салкын-салкын кездерде міне бастады. Аяңмен жүріп, қызыл май қылмай, жиі-жиі суытып, оқта-текте таң асырып жүрген.
Бұл уақытта біреуден біреу қызыққан аттарының майын сұрап міну, сатып алу, айырбас жасау сияқты істер де көп болатын.
“Күз алды-салдысы көп мазасыз болар-ау!” десе, не “тосын жүріс, жолаушылық күзі болар” десе, сенімді аттарға қызығу, колка салу, әсіресе, көп болатын.
Қазір екінді — актам арасында, Қызылшокыдағы Құлыншақ аулына карай жауыннан ықтай түсіп, жедел бастырып келе жаткан Майбасар мен Құдайберді осындай бір ат жайынан туған сырт шаруамен келеді. Қастарында жорға Жұмабай мен атшабар Жұмағұл бар.
Күздің бұлыңғыр күндегі кеші мезгілді анық болжатпайды. Сондықтан жарықта барайык деп катгы жүріскен еді.
Құлыншақ аулы он шақты үй. Бүгін осында Құнанбай жағынан келетін бір келісті ерекше андып күткендей. Ауыл желкесіндегі тақыр қызыл кезеңге төрт атты қатты желіп шықкднда, Құлыншақ төбе басында, “бес қасқа” деген балаларының ортасында отыр еді. Елең етіп көрді де:
— Әне, келе жатыр! Құнанбай кісісінің алды осы! — деді.
— Жүрісі суық екен! — деп, бес қасқанын үлкені Тұрсынбай да көз тікті.
— Жә, енді не отырыс бар? Біреуің тез бар да, Пұшарбайға хабар айт! Алысқа хабар етер жайым жоқ. Пұшарбай барлық Көтібаққа білдірсін! — деп, Құлыншақ бастағанда: ^^
— Е, Жігітек, Бөкеншіге де солар жеткізеді.
— Көшіріп алуға жарайтын болса, жетсін тегіс!
— Уәделері шын болса, осы іңірде табылсын! — десіп, Құлыншақтың айналасын қоршап отырған Тұрсынбай, Садырбай, Мұңсызбай, На- данбай сияқты төрт ұлы қостай қоя берді. Бес қасқанын біріне Манас қосылатын. Ол бәрінен жас. Тегінде, Құлыншақтың өз баласы емес, ерте ер жеткен немере, анау Тұрсынбайдың баласы еді. Манас үлкендердің әмірін күткені болмаса, өзі үн қатқан жоқ.
Жаңағы бәрінің айткан бұйрығы соған қарай айтылып еді. Пұшарбай аулына хабаршыға тез кететін болып, Манас тек қана мына келе жатқан төрт аттының келісін күтті.
Майбасарлар Құлыншақ үйінің сыртына кеп тоқтағанда, төбе ба- сындағылар да жетіп еді.
Екі топ ақырын ғана салқын амандасты.
Бірак келгендерді тыста бөгемей, Тұрсынбай бастап:
— Үйге жүріндер! — деді. Тегіс ертіп, үлкен үйге кіргізді.
Сол кезде Манас тыста жалғыз кап, шеткі отаудың тасасында тұрған бөрте атка мініп алып, Қарауыл жаққа қарай дүсірлете жөнелді. “Келе жаткан кім екен?” деп тосып еді, ішінде Майбасардың өзі барын көрген соң, енді аялдайтын дәнеңе жок.
Майбасар бұл үйге ашулы пішінмен кірді. Белін шешпей, көк елтірі тымақтың бір құлағын жымырайта киіп ап, қамшысын қос бүктеп, мықынына таянып отырып, Құлыншақтарға ызғарлана қарады. Түсі сұрланып, екі танауы желбірей түсіп, тентек көздері жиреніш отын шашып отыр.
Отыра бере Құлыншаққа кадалып:
— Жә, ағайын, бұ кайткенің, атшабарымды неге сабайсың? Теріс болса, арыз айтар жер таппадың ба? Тым құрыса, мырзаның алдынан бір өтсең нетті? Оған да сенбей, оған да жоныңды көрсетейін дедің бе? Жуандығыңды көрсетсйін дегенің бе? Кеше ғана қатарда қолтықта жүрген туысқан емес пе ең? Жөніңді айт, бетіме айтшы, кәне! “Сонысын өз аузынан естіп кел” деп жіберді мырза. Мына баласы Құдайбердіні әдейі қосып отыр қасыма, — деді. Үй ортасында быкси жанып тұрған сары кидың отына шырт түкірді де, Майбасар Құлыншаққа бұрылып алды.
Бес қас каның төртеу і төмен қарап томсарып,түк естімегендей жым- жырт отыр. Мұңсызбай мен Наданбай, тіпті, басылып отырған да жок. Анадай жерде, аркаларын керегеге сүйеп, жүресінен отыр. Жондарын сыртқары қаратып, тұмсықтарын шекпен күлінің жағасына тығып апты.
Құлыншақ өзінің жер төсегінің үстінде отыр еді. Соның дәл кдсын- да. төменірек отырған Садырбай ғана Майбасардан көз алмай, суык карай- ды.
Құлыншақ азырақ көзін жұмып отырды да:
— Атшабарыңның сабалғанын айтасың. Жарықтығым Майбасар, басыма сырық, малыма құрық сілтеген өз қылығыңды, осы Майбасар қылығын сен неге айтпайсың? Мырза көрсе, әуелі соны неге көрмейді. Сені неге тергемейді? — деді.
— Теріс жайылма! Теріс көшпе, оңға көш, ақсақал! Мен кінәласка- лы, арылғалы келдім!..
— Теріс көшпе деймісің? Жоқ, мен көшкелі отырмын. Сенен ажырап, ана жаны ашитын ағайынның ортасына көшкелі отырмын!
— Оныңа ырзалығым, рұқсатым жоқ! Көшпесін, кетпесін, ұғыса- мын Торғаймен деп, сәлем айтты мырза.
— Сәлемет болсын! Бірақ енді бакыл болсын, мен көшем!
— Неге, не көрінді, аксакал?! — деп, осы арада Құдайберді сөзге кіріп. — “Бұл көшу, исі Торғайды маған жат кылам деген көшу ғой. Кінәллассын, айтысатынын айтсын, тіпті, алмағын алсын, олқысын атасын. Бірак көшуден тыйылсын, бармасын жауыма!” деді менің әкем, — деп еді.
Майбасар Құлыншақты тоспай киіп кетті:
— Кінәнды айтшы осы! Атшабарымды сабап отырған өзіңемеспісің?
— Мына бес баламның ортасында аяғының желі бар жалғыз-ақ ат— бөрте ат еді. Сұрадың, бере алмайтын ымды айттым. Үқсаң не етуші еді? “Ұстап әпкел!” деп, атшабарынды, итінді бөрідей кып, ак адал малыма шаптыратын не жөнің бар, Майбасар?
— Атты сұраткан мен емес! Мырза болатын. Мына бала, Құдай- берді, қызығып көңіл қылған соң? “Ат жалын тартып мінгені осы еді Құдайбердінің, Құлыншақ бір еркелікке ренжімес, көтерер” деп, мен жібергенім рас.
— Еркелік! Не еткен еркелік?!
— Кірмеге, құл-құтанга істейтін зорлықтың атын, алдарманға келгенде “еркелік” қойыпты! — деп, Тұрсынбай, Садырбай екеуі кекетіп койды.
Бөрте ат жөніндегі дауда екі жақ ұғыспады. Тартыс сөз үзіліп, біраз тоқырасып қалып еді. Аздан соң Майбасар Құлыншақтың бар Торғай руын бастап, Жігітек жағына көшемін дегенін мінеді. Соған шабуыл жасай бастады.