Menu Close

Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов

Аты:Абай жолы 1 кітап
Автор:Мұхтар Әуезов
Жанр:Литература, роман
Баспагер:
Жылы:1997
ISBN:
Кітап тілі:Қазақ
Жүктеп алу:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Бетке өту:

Бет - 9


Абай әкесінің жауабын ғана білмек еді. Ойландыратын жауап естіді.

Құнанбай аздан соң ғана барып, әлгіден де жуасынкырай түсіп:

— Адам пенде ғой! Пенденің жоқ-жіті толған ба? — деді.

Қияласа да өз мойнына кінә алып отыр.

Бұл кезде Абайға әкесі жадағай көрінбеді. Кінәға.дауға жүйрік Байдалы сиякты емес. Ол шешендіктен гөрі баскарак түкпірі бар жан сиякты. Оңай жан емес. Қабат-кабат шын сияқты. .

Құнанбай өз ойымен кетсе, Абай өз көңіліндегі түйінін аяқтата алмаған, өз дағдарысымен кетіп еді.

3

Жидебайға қайтардың алдында Абай әкесінен көш-кон жайын сұрастырған. Құнанбай үлкен аулына тез көшсін деп бұйрыкберді. Бірак биылғы көш жолы жылдағыдай емес. Бұрын Құнанбайға караған ауылдар осы Қарашокы тұсына жиылып ап жайлауға карай жөнелгенде, Шыңғыс тауынан Бөкенші асуын басып асушы еді.

— Қазір бұл түска келмей, Қарауыл өзенін өрлеп барып, Ақбайтал асуынан асыңдар! — деді. Және жазғы жайлау сол асудың тұсымен баратын Баканас суы болды.

Баканас, Байқошкар — бұл өнірдегі Тобықтының ең үлкен өзені. Шыңғыс сыртындагы мол жайлаудың ең арғы шеті сол екі су. Бірак Құнанбай ауылдары бурын Байкошкарды коныс ететін дс, Баканас өзені Көкшеге тиісті еді.

Қарағаймен кырбай болғандыктан, Құнанбай Көкшенің жайлауына ортак болғысы келгендей.

Бұның ар жағында бірталай есеп бар. Осы жазда Жігітек, Бөкенші, Көкше боп тағы да кайтадан бас құрасатын сияқты. Кешегі Байдалы айтқан сәлем тегін емес. Астыртын шеп біріктіріп жаткан елдің даклыр- ты тәрізді. Ендеше, солардың әр алуан ширап, сыбыр-жыбырын біліп отыру үшін, Құнанбай өзіне караган елдің біразын, дәл сол елдің арасына таман кірістіріп жіберу керек.

Жайлау аралас болса, кыдырыс-жүріс аралас болады. Сыбаға, қонақасы аралас болады. Сөйтіп, мал басы түйісіп отырса, ел тарту оңай. Ал мұндай есепке Зере отырған үлкен үйдің барғаны жақсы. Бұл көп Тобықтының үлкен санайтын, күтетін үйі. Және Күнкедей емес, Үлжан конағуар, кең бейіл, мырза. Оның асы мен көлігі, өң шырайы адамды дос етеді, тарта біледі. Ішіне кан қатқан, сонау катгы жаулық болмаса, ет пен терінің арасында жүретін уақ-түйек өкпені жуып-шайып отырады. Осының бәрі Құнанбайға ел әпереді.

“Ақбайталды басып, Бақанаска қарай көшіндер! Бөкенші, Көкше- менен қоныстас болыңдар’.” дегендегі Құнанбайдың ішкі есебі осы болатын.

Абай әке есебін білген жоқ. Тек өз аулының жекеленіп көшкенін лайықсыздау көрсе де, іштен аса құпия түрде бір қуаныш сезді. Қарауылды өрлеп көшу, Бақанаска шейін бару жаз бойы Сүйіндік аулына жақын жүру деген сөз. "Өмірі косылмас-ау, жуықтамас-ау!” деген өмір соқпағы енді мұны күтпеген кезде Тоғжан ұясына жақын апарды.

Соңғы күндердегі барлық жеңіл, ауыр сезімдердің баршасының қатарында Тоғжан бейнесі жас жігіттің көз алдынан кеткен емес-ті. Абай толқыған қуанышын жасыра алмады. Әкесіне белгісіз себептен кып- қызыл боп өзгеріп кетті. Құнанбай бұл өзгерісті байқаса да себебін сұрамады. Әрине, Акбайталға карай көшуге Абай қарсы болған жок. Жалғыз- ақ өз топтарынан бөлегірек жайлайтын болған соң, жалғыз ауыл кету тағы қолайсыз. Сойы ғана ескертіп еді. Құнанбай бұл жағын да топшылап қойған екен.

— Жалғыз ауыл болмайсыңдар. Неге жалғыз ауыл боласың? Тіпті, сол Жидебай, Мұсақұлдағы, Көлкайнар, Шуйгінсудағы Ырғызбай, Жуан- таяк, Қарабатырдан кем қойса, он ауыл сендерге ере көшеді. Бәріне де сәлем айтам! — деді.

Жуантаяк, Қарабатыр дегендері Құнанбай ауылдарын жағалап жүретін, қысы-жазы бірге көшетін момын көршілер еді. Абай оны да мақұл көрді. Осымен Жидебайға кайтып кетті.

Тоғжанды тағы көру үміті Абайдың Қарашокыдан алып кайтқан зор олжасы сияқты. Жол бойында бар дүниені ұмытып, бір Тоғжаннын елесін көз алдына келтіріп, нелер ыстық қиялға батты.

“Өмірдегі ең бірінші жалғызым, барым" дегендей неше түрлі еркелеткен нәзік сөздер өз-өзінен сан рет айтылып келеді. Жас жүрегі соғып кана қоймайды, казіргі Аймандай аттың асығыс дүсіріндей дүбір шығады. Бұл шактағы барлық сезімі құр ғана жас тіршілік белгісі емес, кеуде тола лаулап жанған жалындай.

Кара шоқыдан Жидебайга шейін катты жортып жүріп еді. Екі ау- лының арасында дәл осы күндей шапшаң жеткен күні жок. Қалайша оп- оңай келіп қалғанын өзі де байқамады.

Жидебайдағы ауыл да киіз үйге тегіс шығып алған екен. Биыл Қарауыл суы мол боп тасып, Жидебай, Мұсақүл үстіңдегі кең қорық көк жайқын қалың шалғын боп келе жатыр еді. Көп үйлі аппақ ауыл кеш мезгілінде бір түрлі бейілді, коналқаға көңілдене шақырып тұр. Ауыл айналасы калың кой. Қозы жамырап, иттер үріп, даңғаза боп жатыр екен.

Абай үлкен үйге де, шешелерімен амандасып болған соң көші-қон жайын айтты. Жылдағы әдет бойынша бұл ел әуелі бауырға қарай, коктемдік қоныстарға барушы еді. Үлжан солай көшерміз деп, қыстауда қалдыратын жүктерін, қоймаларын сайламаған екен.

Жайлау биыл ерте көктеді. Шынғыстағы ел бауырға көшпей, жайлауға асығып отыр. Сондықтан бұл ауыл да дүрмектен қала алмайды.

Ол жағын Үлжан ұқты. Бірақ баласы ойлағандай тез көше алмай- тынын білдірді. Үй ішін жеңілейту, теңдер буғызу, жатакшының жазғы күнін бейкам ету - баршасы да бұл ауылды не қылса да бес-алты күн бөгемекке керек.

Абай өз ішінен: “Сүйіндік аулы сыртка кетіп калады, жеткізбей ұзап кетеді-ау" деп тынышсызданып еді. Шынында, сыйлас ауылмен немесе достас жандары бар ауылмен катар көшкен қандай қызық. Ертелі-кеш бірге көшіп, бірге қонып отырса, күндіз-түн көрісе жүрудің сылтауы көп және жайлауға қарай тартқанда бұл елдің үдере көшем деп жаппалап қонып отыратын әдеті бар. Көңіл қосылар күн болса, жарық айлы түндерде ерке жардың онаша жаппасына кіру ертегідей рақат қой. Өзі көрмесе де, Абайдың өзге ересек жігіттерден көп естіген рақат шағы осы болушы еді. Бірақ шешесінің байлауы жаңағыдай шаруа жағына келгенде, бұзылмайтын байлау болады. Ондайда Үлжан Құнанбайдын айтқанын да орындамай, өз билігімен кететін.

Көңіл каншалық қиял құшып, аласұрса да, Абай амалсыз көнді.

Кешкі астың алдында Абай Зере мен Үлжанға Кәмшат жайын айтты. Естігенініңешбірін қалдырмай, катты айтты. Жыласа да, күйзелсе де, шешелерді аяймын деп Кәмшат жайын бүркеу мүмкін емес.

Зере күрсініп, күңіреніп кеп, Құнанбайды жерледі. Үлжан үнсіз, жым-жырт, қиналып отырып-отырып Абайға:

— Осы естігеніңнін бірде-бірін Айғызға айтпай тұра тұр. Онсыз да кан жүрегі қақ жарылып жүр ғой. Бүгін таңертең: “Түс көрдім. Кәмшат жер ошаққа жығылып қалып, үсті-басы лаулап жанып барады екен" деді. Сүйіндіктің қатыны, аналық мейірімі бар кісі. Бәрінен де соның айтқаны тек емес кой. Шыңғыска жетейік. Сонан соң өзің қасыңа бір ересек кісіні ерт те, тура Шырақтың аулына барып, Кәмшатты өз көзіңмен көріп, бар

жайын біліп кел. Айғызға содан кейін айтып, әкеңмен шындап сөйле- сейік, —деді.

Байлау осы болды.

Сол кештен он шакты күн өткен шамада Құнанбайдың үлкен аулы Акбайтал асуынан асып барып, Шынғыстың сыртындағы Жігітек, Бөкенші жайлауы болған Қопаның аузына қонды. Құнанбайдың айтка- нындай, он шақты ауыл боп көшіп еді. Дәл бүгін осы қоныска жеткенше бұл ауылдар өзге Шыңғыс бөктерінен көшкен Бөкенші, Жігітекті қуып жете алмаған. Ең шабан көшкен ауылдар болған-ды.

Алғаш “үлкен ауылдың ерулігі” деген табак-табак еттер, саба-саба қымыздар, көп-көп қыдырушы қатындармен ілесе келіп-келіп калды. Құнанбайға жұрттың көңілі әр алуан болғанмен, ежелгі салт-машык бойынша, бұл өнірдегі ағайын Зере отырған үйді жатсынған жоқ. Бірақ сыбаға мен ерулік окелушілер көп болса да, бұл келгендердің ішінде Бөжей, Байдалыдан немесе Сүгір, Сүйіндіктен келген белгі болмады. Келіп жатқанның барлығы момын ағайын. Араз-кұразға ынтасы мен бейілі жоқ, жай шаруаның ауылдары еді.

Үй іші келушінің барлығына ырза болды да, келмегендерді санаған жок. Жалғыз Абай ғана өз ішінен әр мінездің мәнін өзінше жорыды.

Шешелеріне әнеугі берген уәде бойынша, Абай Бөжей аулына баруға асыққан. Қопаға қонған күннің ертеңінде қасына Ғабитханды ертіп, солай жүріп кетті.

Бөжей аулы Қопаның аузынан алыс емес. Батыс жактағы көк кырка- нын астында Саркөл деген тұщы көлдің басында. Түс шағында екі жас жігіт сонда келді. Саркөл жағасында жағалай отырған ауыл көп екен. Бөжейдікін сұрастырғанда, бие қайтарып жүрген асау тайлы бала тап орта түстағы он шакты үйлі ауылды көрсетті. Бұл бай ауыл емес, бірен-саран гана бозғылт үйі бар. Көпшілігі қоңыр үйлі орташа ауыл тәрізді. Шынында, Бөжей бай болған емес. Орташа, дөңгелек кана дәулеті бар еді. Абайлар Бөжей үйінің сыртына кеп, аттан түсіп жатты. Қазіргі уақытта бұл ауылда бірде-бір бөгде кісі болмау керек. Кермеде де, белдеуде де ерттеулі ат жок. Жиын болса, көлдің арғы шетіндегі ақ ауылда болу керек. Саркөл айналасындағы топыры көп ауыл сол тәрізді. Жас жігіттер Бөжейдің өзін де үйде жок болар деп топшыласып еді. Сол ойлары шын болды. Бөжей анау ақауылдағы жиында. Сонда түстеніп отыр екен.

Аттарын байлап, енді үйге карай жүре бергенде, Абай осы үйдің ішінде әлсіз үнмен жалынып жылаған кішкене баланың үнін есітті. Ауру баланың жылаганы.

Абай жүрегі жаман белгіні сезгендей су етіп, катты аянышпен шаншып кетті. Үн - дәл Кәмшаттың үні сиякты. Абайлар үйді айналып есікке такай берді. Бірақ дәл осы кезде жаңағы баланың жылауына ызаланған ұрысқақ дауыс естілді. Бар сөзі басқа ұрғандан ап-анық шығып жатқан Бөжейдің бәйбішесінің даусы.

— Ырылдатпа! Ырылдатпашы.анау көзіңойылғыржетімекті!— деп, зекіп тастап, долы бәйбіше есікке қарады.

Киіз есік ашылып, екі бала жігіт кіріп келген екен. Абайлар төрге шықты. Үлкен үйдің іші сыртындай жұпыны емес, жасаулы, кілемді, ала-

шалы екен. Бірак салак үйдің белгісі — сыпырылмаған, төрде олак жиналған көрпе-жастықтан көрініп тұр.

Үй ішінде, төсек алдында ұршык иіріп үлкен, кара сұр қатын отыр. Танауы кусырылып, ерні катгы жыбырлаған кара катын аса бір ұрыскак, катал жан сиякты.

Биік төсектің бас жағында жер төсек бар екен. Соның үстінде Бөжейдің екі бойжеткен қызы кесте тігіп отыр. Жасына жеткен қыздардың пішіндері — сұлу да, сыпайы да емес. Түксиген, сүйкімсіз. Және шешелеріндей ашушаң, қатқыл адамдар сиякты.

Осы төсектердің бас жағынан Абайлар отырып, үй ішімен ақырын ғана амандасты. Мажырасып қарсы алған үй іші де болған жок.

Жылаған Кәмшат екен. Ол қонақтардың оң жағында, бір жаман жыртық жаялықтың үстінде бүк түсіп жылап жатыр. Басында жастықта жок. Тек бір жаман жыртык шапанның жеңі жасталыпты.

Кәмшат жаңа келген кісілерді танымады. Бірак үй ішінің қаттылығын осы жаңа келген жандарға шаққандан боп кемсеңдеп, иегі дірілдеп, бір түрлі әлсіз үнмен тағы жылады.

Бұрын топ-толық, қызыл шырайлы, қарақат көзді Кәмшат, қазір саткак ұрғандан арықтап, кұп-қу шөлмектей боп қалыпты. Қол-аяғы шидей. Бетінде ғазап пен сор көлеңкесі бар сиякты. Кірпіктері ұзарған. Екі ұрты кәдімгі кайғы шеккен, аштық көрген үлкен адамдардың бетін- дей боп, тозығы жетіп, жиырылып тұр.

Үлкейіп, алақандай боп кеткен кап-кара көздерінен кесек-кесек жастар тамшылайды. Күтімсіз, кор болған бала шын бишаралық калпында жатыр.

Осы жайды көріп, болжай сала, Абай мен Ғабитхан екеуі қатарынан Кәмшатқа созылды.

Бала танымай, теріс бұрылып, тартына берді.

Ғабитхан мынау көрген күйіне шыдай алмай:

— Ей, мазлұма! Нилер ғазап көргенсің сен бейгүнаһ мазлұма! — деп жылап жіберді.

Абай ыза менен азаптан, жанашыр мен қайғыдан қалтырап к еткенде й.

Үйдегі әйелдер мыналардың көзінше сыр бермеймін деген боп, анау-мынау жай айтып жатты.

— Өзге бала сап-сауЖалғыз осы бала бақырға бір жаман іш ауру тиіп, толас таппай қойғаны! — деп, бәйбіше жайма-шуақгаған болды.

— Ішің ауырса, аузың тый дейді! Бала неме біле ме! Өзі де кішкентай түзеле берсе болды, кешке шейін бар тамақты малшылайды!

— Сүйтіп отырып қайтып жазылсын!.. Содан... өзінен... ғой! — деп, екі қыз топас түрдегі бір кекселік айтып жатыр.

Абай бұл үйдің ішімен тілдескен жоқ. Жанашыр мейір жок, суық жандар келген жерден-ақ Абай көңіліне түрпідей тиген.

Бөжейдің қатыны шай қойғызбақ сияқты боп қам істей бастағанда, Абай:

— Ішпейміз, жүреміз! — деді.

Кәмшаттың мынадай тұтқында, аямас ғазапта жаткан бишаралығын көріп отырғанда, тамағынан ас өтер орын жок.

Жұрт кісі өлгенде "бауырым, бауырым” деп жылайды. Өлген соң “бауыр” деп танығаны не кажет? Абай енді біраз отырса, Кәмшатты кұшактап, бауырына кысып жатып, “Сорлы бауырым, жазыксыз бауырым!” деп, зар шегер болса да, мынадай іші дұшпандықпен катып калган көң көңілді жандардың алдында оны істесе, адасканы. Бір есеігтен жаңағы екі қыздың сөзіне катты ыза болып, намыстанып, талқан қып, ұрсып- ұрсып кетер еді. Алғаш бір ойлап, алқымына ашу тығылып келген күйі сол еді. Бірак ол мінезі Кәмшат үшін пайда емес. Кайта оның ғазабын арттыра түседі. Амал күрып отыр. Қатты сенделу үстінде бәйбіше берген қымызды да ішпеді. Тіпті, ұрттамастан жерге қойды. Кімге кектенеді! Кімді кінәлап ұрсады? Жалғыз осылар ма? Бұлар ғана емес! Абай осыны ойлап, теукоштасты да, Бөжей үйінен шыға жөнелді. Ерекше бір ыза мен шер өне бойын кернеп алды. Кеш бата өз ауылдарына кайта жеткен уакьпта Абай көңілінен осы күй бір сәт арылған жок, бір мысқал кеміген де жок еді.

Үлкен үй мен қонақ үйдің арасына тартылған кермеде Құнанбай- дың ер-токымы ерттелген ұзын торы ат тұр екен. Қасында бір-ак бөтен ат бар. Әкесі бұл аулына жаңа келген тәрізді. Окшау келгені жақсы болды. Абай Кәмшат арызын түгел жеткізбекке нык бекініп, үйге кірді.

Ойлағандай, Кұнанбай бүгін оңаша келіпті. Қасында жорға Жұмабай ғана бар екен.

Жігіттер үйге кірген кезде, осы үйге Айғыз да келді. Ана жүрегі бір жаманатты сезгендей бұны асықтырып, осылай жетектеп келген. Күндіз Абайдың Бөжей аулына кеткенін Айғыз білетін. Ол үйге кірісімен көп бөгелмей, Абайға карап:

— Не көрдің, не білдің, Абайжан? Білдің бе, әлгі сорға туған бейбақ бауырыңның күйін? — деді. Жалын атып тұрған шер үні.

Зере мен Үлжан да Абайға осыңдай сұраулар беріскен жүзбен бұрыла қарасты.

Абай әкесіне көз салып еді, үндемей, түйіліп, Айғызға аса салқын карап қалған екен.

Өзі күйіп келген Абай әке жүзінен қаймыға алмады.

— Көріп, біліп келдік. Кәмшат ауру. Әл үстінде. Бізді танымады. Бауыры суып, аямас кас көргендей барлық жанды... не айтайын? — деп тоқтап калды. Әкесінің алдында кісі зарын да, өз уайымын да еш уакьпта бүйтіп айтып көрмеген-ді.

Құнанбай окыс бұрылып, Абайға суық қарады да, үндемеді. Әйелдің бәрі үнсіз жылап, аһ ұрып, күрсініп отыр.

Түсіне ашу, көзіне жас толған Айғыз дірілдеген үнменен:

— Қарашығым, балапаным-ай, сормаңдай жетімегім-ай! Не карғыс- ка ұшырап туып ең! — дей беріп еді, Құнанбай сол қолын шұғыл көтеріп қап, “доғар!” дегендей ишарат қылды. Қарғыс шарпуынан бетін қорғаған сияқты қозғалыс.

Мұның әмірінен жасканып өскен Айғыз саябырлап калды. Бірақ сыбырлап сөйлеп, тұншыға жылады. Кұнанбай ақырып:

— Қыскарт енді, басыңа көрінгір, не көрінді, басыңмен кеткір! — деді.

Айғыз жауап қайырған жоқ. Бірак Абайдың қасында отырған Үлжан жаулығының ұшымен көзін сүртіп:

— Өртенсең де, үндемей өртен дегені ме? Кәмшатты ойласа, бүгін емес, көптен күңіренеді бұл жандар. Кімге айтады? Қайда айтады?—деді. Құнанбай оған да барын айтқызбай тежеп:

— Жә, бірің бастап, бірің қостамай’ Басалқы, басу айтады десе, о несі? — деді. Үлжанға Айғыздай зекірген жок, кінәлай сөйледі.

Үй ішінің наразы үнін осылай баспақ. Бірак онысына Зере болған жоқ.

— Қорқытпа келіндерімді!.. О несі? — деп, қатты зекіп кап, ілгері жылжып кеп, екі қолымен жер тіреп отырып, баласының жүзіне аса суық қарады. Абай өз әжесінің мұндай қайратты ашуын бұрын көрмеген сияқты.

Зере Құнанбайға әлі де қадала қарап, түйіліп отыр. Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаси түсті. Көзі де шеше көзінен тайқып кетті.

— Айында, аптасында бір көреді. Арыз, мұңын саған айтпай кімге айтады? Қатты болсаң қасыңа бол! Досыңа, қатын-балаңа қатты боп, қайда барасың өзің? “Жер тәңірісі сенсің” деп қошеметшің айтсын! Бұл жерде, бұл мекенде сен мойнындағы қарызы мол әкесің, білдің бе? Айтам ғой, “жер тәңірісімін” десең де, аяғың аспаннан салбырап түскен жок. Сен де пенденің ұлысың, анадан туғансың. Менмін сені тапқан. Мынау аналар аналык зарын айтады. Кәмшат турасында күйзелтіп, күңірентіп отырсыңдар сендер бізді. Тап енді, емін тап ақырғанша! Құтқар анау қаршадай жетімегімді! — деп, қатты бұйрық етіп тоқтады.

Үй іші үнсіз еді. Құнанбай тез жауап айта алмай, буылып калды. Талайдан естімеген үнін есітті; анасының үні — ардың үні боп, катты қадалып тұр.

— Қайтейін?.. Мен кайтейін?.. Кеше исі Арғынның игі жақсысы бұйырды! — деп, шешесіне арыз шағып бір тоқтады.

Абайдың аса теріс көргені сол бұйрықтың өзі.

— Рақым, мейірбандық жоқ, не деген жаны ашымас, қатыбас байлау — сол байлаудың өзі? Тату етер байлау да емес. Көңілге қату бітіретін байлау ғой және Кәмшаттан зорлықпен айырған Жігітекті мұндағы ана, бауыр кайтіп жақын көре алады? Мал алмай, мазасыз, масыл жас баланы алғанға олар кайтіп ырза болады? Олардың рақымсыз, надан, топастарына салсаңыз, Кәмшаттың барлығынан да бес байталды артық көрсе қайтесіз? Ендеше, ортамыздағы ең әлсіз, ең пұшайман бір ғарышы қайда тастап отырмыз? Ит жеміге тастап отырғамыз жок па?..

Әкесіне Абай сөзі ұтықты көрінді. Өзі, тіпті, ойға келмеген соны сөз. Бірак бұл баласы бірбеткей кетіп отыр. Казак жолы, ел салты емес, өзге бір сүрлеуге түсіп кетті.

—Әй, шалағай балам-ай, көңілің түзу болғанмен, жолдан тыс жайылып отырсың ғой!

Бағанағыдай емес, енді мынау үйдің ішін күйзелткен жайды бірге ойласкандай. Абайды “шалағай” десе де, акыл кеңесіне алған сияқты.

Және бұған жылы жауап айтқаны Үлжан, Айғызға да жалына бастағаны тәрізді. Анық соның белгісі. Тағы біраз үндемей отырып барып:

— Ағайын жолы бұлай ма? Араз елді жамастырам деп, калыңға қыз да беріседі. Күң есепті, катын есепті береді. Біз берсек, етЪауыр бала қыл деп беріппіз. Қорлықка бердік пе? Тек сын Бөжей басында ғой. Біле білсе, менің балам оның баласы болмайтын несі бар еді? Жат деп, жау ұрпағы леп, дұшпан коріп кірпідей жиырылса, қарыз оның мойнында емес пе? Тіпті, жазыкты болсам, мен жазықты шығармын. Бесіктен шығарып, адам ұлы деп, соның бауырына берген балам жазықты ма еді? Катын-калаш, ауыл-аймағына, тым құрыса, соны ұғындыра алмаса, Бөжейдің аяқтағы суға ағып өлгені ғой! — деді.

Бүл сөзінде Божейді жеңер дәлелі бар еді. Абайдың өзі де өмірінде алғаш рет Бөжейден түңілгендей боп қайтқан. “Қатыны антүрған болса, ең болмаса, аяқтап Бөжей жөнге салса нетті?” деп ойлаған. Бұл ойын бағана жолшыбай Ғабитханға айткан-ды.

Үлжан мен Жұмабай және Айғыз боп Бөжейдің қатынын кінәлады. Ол жақтан жалғыз кеп жаткан суық, катал сөздердің бірталайын айтысып өтті. Айғызтүп-тура аямай: “Дұшпандық етіп жүрген Бөжейдің каты- ны" деп байлады.

Осының ертеңінде Құнанбайдың сәлемімен Бөжей аулына Жұмабай барып кайтты.

Көршілес картаң қатынның бірін Айғыз да Бөжейдің бәйбішесіне жіберген. Оған:

— Балама өгейлік кып отыр. Акылы болса, ары болса, бүйтер ме еді? Күтімсіздікпен дертті кыпты, — деген кінәлар айтқызды.

Жұмабай Бөжей аулынан түнеріп кайтты. Ол келгенде Абай барлық Бөжей жауабына түгел канды. Бөжей касында Байдалы, Түсіптер бар еді. Қатыны да Айғыз жағынан есіткендерін жеткізген-ді. Үй ішімен, ағайынымен күңкілдесіп алып, Бөжей Қүнанбайға ашулы жауап айтыпты.

— Құнанбай жаққан отқа менің арым өртенді. “Жарасы жазылды, сынығы бітті” дей ме екен? Не жаны жүр деп ойлайды екен шыбын кеудемде? Әлде, өзгелер үйелменімен өртенсе де, өзімнен бұрау сынбасын дей ме? Құнанбайдан не шықты? Шашыраған бір ұрығы ма? Сұрау салмай, мазамды алмай тек жүрсін, күйдірмесін ағайын! — депті.

Үлкен ызаның сызы жатыр. Тоңы жібімеген араздық қайтадан тағы бір рет “Мен арылған жоклын!” дегендей жота көрсетті.

Құнанбай демігіп тыныс алып, қап-кара боп кетті. Бөжейдің бұл жауабынан Абай да катгы түңілген еді.

— Адамшылық рақым қайда? Өзге емес, ақылсыз, надан қатыны емес, Бөжей өзі әсте ме екен? Көз алдында соншалық жазықсыз нәрестені ұзақ өлімге бұйырып, сол үшін және биттей де шімірікпеу не деген қаттылық? Әншейінде мінезді, мейірбан көрінетін сырты екен ғой. Өзіне сын жетпей, жұртты сынап жүргенде сүйтеді екен ғой. Ендеше, жауығып қарсыласып, кінәлап жүрген Құнанбайдан кай касиетімен артты? —деп аса наразы боп қалды.

Құнанбай бұл арада шешілген жоқ. Жалғыз-ақ Абайға қарап:

— Менің балам адамзат баласы емес, өштескен қасқырдың күшігіндей көрінгені ғой. Көрге бірге кететін жаулық десеңші мынаны. Аузына осы тірі жүрген ұрпағымның қайсысы түссе де, шайнап тастағалы, көзге шұқып жоқ еткелі отырған түр ғой мынау! Жалғыз-ақ, тәуекел! Тостым, күттім артын! — деп тоқырап калды.

Осыдан кейін аз күн өткен соң, Бөжей аулынан Айғыздар күткен жаман хабар оқыс келді.

Кәмшат өліпті. Және таңертең өлген баланы сол күні түс ауа қойып та бітіріпті. Керек десе, Құнанбай аулына, Айғыздай көзі тірі шешесіне хабарда айтпапты. Айғыз бен Үлжандар есіткенде, бүгін қойшыдан есітіп отыр.

Жалғыз Құнанбай емес, бастығы Зере болып, Абай болып, Бөжей мінезіне шынымен аса қатты ренжіді. Әнеугі жауап бір көңіл қалдырған болса, мынау ісі, тіпті, бір қырыс надандық пен қаталдық тәрізді. Бөжей өзі осыны сезген болу керек. Кәмшат өлген күні ол: “Айғызға хабар қылсақ нетеді?” деп, үй ішімен, Байдалымен ақылдаскан еді. Бірак осы аз күннің ішінде Құнанбайдын Жігітек жерінен Бөкеншіге қоныс әперіп отырғанын айтып, Байдалы ырық бермеді.

Қопа мен Қаршығалы сияқты қоныстарды Бөкеншіге Жігітектен алып бергеннен бері, қазір міне, күн сайын көші-қон да, жайылыс-өріс, бие-бау да даулы болып, тату ағайын тоңырайысып барады.

Байдалы, Түсіптер күнде көріп, күнде сезіп: “Бөкеншіні өкпелетіп алмасақ екен, қолтығымыздан шығарып алмасақ екен” деп, дамылсыз күдіктеніп отыратын болған. Сол мазасыздықтың өзі де Құнанбайға бұларды өшіктіріп отырған. Бұл жайдың бәрін танып, сезген Бөжей Құнанбайға қатты ашулы еді.

Кәмшат жайы осындай күйіп жүрген күндерге дәл келген соң, Бөжейдің рақымсыз боп жүргені рас.

Абай көңілінде, Бөжейді Кәмшат үшін, жазықсыз жас нәресте үшін айыптаған үкімге актау жоқ. Үлкенмен араздық дәл бұндай адамшылық ар сыналатын жерге арашашы бола алмайды.

Хабар-ошарсыз Кәмшаттың қойылып қойғанына Құнанбай жаман қатуланды. Астыртын хабармен Құнанбайдың үлкен аулына Ырғызбай, Топай, Жуантаяқтардың көп ірі кісілері жиналып қалған. Солардың тобына Құнанбай Бөжей мінезін шағып, көпке кінәлатып отырып, тағы кісі жіберді.

Бұл жолы Жігітекке барған Жұмабай емес, Ызғұтты мен Жақып. Құнанбайдың жанкүйер жақындары.

Бөжейге кеп:

— Бұ не қылғаның? Шабындыдан келген күң бе еді? Құнанбайдың бел баласы, оң көзі емес пе еді? Тым құрыса, іштен шықкан анасына хабар айтып, топырақ бұйыртсаң етті! Бұ не деген білместік, не деген өштік?— деп сөйледі Ызғұтты.

Бөжей мен Байдалы, Түсіп бірігіп отырып жауап берді:

— Сыныққа сылтау таба алмай отырған Құнанбай ғой. Қаршадай қыз өлді деп сауын айтып, ас беруші ме ем? Тіпті, берсем де, басым ырық-

тан арылар ма еді? Кінәласа, күн тілесін енді менен. Бірак тек, әлі жетсе алып көрсін! — деп, Бөжей бір-ак томырылды.

Жер ашуы кайнар кезіне жеткен сиякты. Бұл сөздер биылғы жазды не кылса да үлкен ыланнын, зор бәленің жазы етуге айналған сөздер еді.

Ызғұтгы мен Жакыпты жөнелтісімен, Бөжейлер өздеріне караған бар ағайынды баталасуға шақырыпты.

Сол күні кешке Құнанбай да өз тараптарымен баталасып, жаулыққа бекініп жатқанда. Байсал, Қаратай, Сүйіндіктер боп, Бөжей аулында, Саркөл үстінде серт байлау жасасты.

Ел-слдің жайлаудағы өрісіне жеткен кезі емес. Әлі жаздың басы. Шыңғыстан жаңа гана асып қонысканы осы еді.

Енді екі жағы да тез-тез көшіп, Бақанас, Байқошқар, Қазбала, Жәнібек сиякты кең қоныстарға, алыс өрістерге жіті жетіп алмақ. Ендігі жаз күндері, барлық жайлау күндері, майдандасқан шептер мен жұлыс- кан топтардың күні, түні болатын сиякты түрі бар.

Жалпы Тобықты қауырт, асыға көшіп келеді. Жігіт атаулы сойыл, шоқпарын сайлап, жаз мінетін аттарын жиі-жиі тан асырып, асыға жаратып жүр.

Қызу өсіп, күн санап өрбіп келеді. Көршілес ауылдарда күн сайын тыныштығы кеткен мазасыз айкай-дырду көбейіп, кәрі-жас та, қатын- қалаш та “кеп қалды’”, “тиіп кетті”, “алды-жұлды!" деген суық хабарларды күтіп, елеңдеп ұйықтайтын болып еді.

Зеренің аулы осы дегбірсіздік, мазасыздык үстінде үдере көшіп отырып, Баканаска жетті. Қонғаны кеше гана еді. Маңында он ауыл емес, қазірде отыз-кырыкауыл оралып капты. Ертеңді-кеш калың жиын, қарулы азамат Үлжан, Айғыз үйлерін күндіз-түні басып жататын болды. Құнанбай Баканаска жеткенше осы аулынан кеткен жоқ. Топырдың бәрін осында жиып, ұлыктық әмір-бұйрықтарын да осы арадан атқарады. Барлық атшабар, старшын, билер де бүгіндер Бакднас бойында. Бұл атырап- тағы отыз-кырық ауыл тегіс, ендігі бір өзгеше жиынның ордасы сиякты боп алды. Сияз емес, сайлау емес, ас беріп, ат шаптырған емес не құдалық берекеде жоқ. Сылтаусыз болса да жиын айықпайтын бір шоқы боп алды.

Абай әкесінің ендігі сырын білмейді. Үлкен кісілер кеп, әке қасын қоршағаннан бері және Кәмшат өліп, үй ішін, аналар көңілін уайым бас- каннан бері Абай әке клрекетінен, ендігі мақсұтынан шетірек қалғанды.

Баканаска бүл ауылдар жеткен күннің ертеңінде көршілес Жәнібекке, Тезектің Қарашоқысына, Қазбалаға Жігітек, Бөкенші, Көтібак та жетсе керек еді. Бірак әлденеден олар келмепті. Сұрастырғанда, кейіндеп Ақтомар, Қаршығалы, Шақпақ тұстарында қапты деген хабар келді. Егескенде иін тіресе, таласа көшетін әдет болушы еді. Бастапқы екпін сондай-ақеді. Не болды екен? Немене есеппен бұғып калды екен?.. Осыны үлкенді-кішінің әрқайсысы: “Бұл қалай? Неліктен?” десіп, сұрасып жүргенде, түс кезінде Баканас бойына бір өзгеше хабар шұғыл кеп калды.

Ызғүтгынын аулына түсіп, сусын ішіп аттанған Бөкеншінің үш жолаушысы айтыпты: “Бес күннен бері Бөжей наукас еді. Соңғы күнде сол науқастың беті бұзылған тәрізді. Бөжей өзі шоши ма? Болмаса, сақтықта

корлык жок дей ме? Әйтеуір, кеше кешке бар жанкүйер ағайынын шақырып, арыздасып жатыр дегенді есіттік” депті.

Бұл жүргіншілердің сөзі ұшқары сөз емес, шын еді.

Бақанастың суық бетке әзірленіп жүрген елінің бүгін күні бойғы аузындағы сөзі осы болды. “Арыздасып жатыр дейді!”, Байсал, Байдалы, Түсіптер жыласып арыздасыпты дейді!”, “Науқасының бетінен ағайын шошиды дейді!”, “Жазым боп кете ме кайтеді” деседі. Далада малшы атаулы бір-біріне кездессе, қосақ басында қатындар кездессе, ат үстінде азамат кездессе, ас үстінде үй іштері — абысын-ажын күңкілдессе, тегіс сөйлейтін сөзі осы болды.

Осы күннің ертеңінде суық сыбыс анық боп, Бөжей қайтыс болды деген хабар да жетті. Өткен түні ел жатар кезде жантәсілім қыпты.

Бүл хабарды Жұмабай ат үстінде есітіп, Үлжан үйіне келгенде, ол үй таңертеңгі шайын ішіп отыр екен. Үйде Құнанбай, Зере, Үлжан бар. Балалардан Абай, Оспан, Тәкежан отыр еді.

Бөжейдің өлімін есіткенде үй іші тегіс аңтарылып, селт етті. Бірталай уакыт жым-жырт отырып, ұн ката алмай қалған үлкендер мынау тосын хабарды енді-енді әркім әр түрде сезіне бастап еді.

Құнанбай қатты сұрланып алып, түрулі тұрған есіктен алыстағы көк адырға кадалып отырып, ернін жыбырлатты да, баяу ғана бата қылды.

Зере жалын атып, зор күйінішпен күрсініп қойып, кесек-кесек жас ыршытты.

Абайдың екі өкпесі аузына тығылғандай боп, тынысы бітіп, жүрегі қатты соғып кетті.

Баканастағы Ырғызбайдың бұл ауылдары Бөжейдің өлімі туралы айрықша хабаршы келер деп күтті. Ағайын арасының ежелгі айнымас заңы бойынша, жаназаға шақырар деп еді.

Әншейінде каншалық қиян-кескі араз боп жүрсе де, “торқалы той, топырақты өлім” дегенге келгенде, араздық ұмытыла тұратын. Әсіресе, Бөжейдей кісінің өлімінде жыласпаған, қойыспаған ағайын болу мүмкін емес. Құнанбай да, Зере, Үлжан да осы сәскеге дейін хабаршы келме- генін түсіне алмай, аса дағдарған еді.

Жаназаға деп саба, сойыс, үй қамдап, өз жолымен барудың жайын да шолақ-шолақ сөйлескен болатын. Бірак кешке шейін тосса да хабаршы келмеді. Сұмдық көрінсе де, көнбестеріне шара жоқ. Бөжейдің өліміне Құнанбайды шакырмапты. Әдейі алалап тастапты.

Бұл не Бөжейдің өлердегі өсиетінен немесе артына ие боп отырған Байдалы, Байсал, Түсіптердің мінезінен. Қайсысы болса да осал соққы емес. Кеудесіне араздықтың қаны қатқан ағайын, енді міне, өлім екеш өлімімен де оқ атып кеткендей! Аталас жақын Олжай іші былай тұрсын, тіпті, қалың Тобықты ішінде, алыс аталардың арасында да дәл мынадай алалау, кеудеге түрту болған емес.

Құнанбай катгы қиналып, ақыр аяғы ызаға кетті. Кешпес қатал ызаға кетті. Өліге шара жоқ. Әсіресе, исі Тобыктыдан бері істелмеген катыбас, жат сұмдықты шығарып отырған Байдалы, Байсалдарға кінәсі көп.

Бірақ сонымен қатар енді бүгінге шейін келген әзірлік, жаулыкқа, жұлысуға беттеген әзірлік өзгеретін, іркілетін болды. Оны Құнанбай анык түйді. Сондықтан Баканастагы ауылдардың басшы кісілеріне және Ұлжан үйіне:

— Жай, шаруаларыңды бағып, тек тыныш тұра беріндер’ — деді дс, өзі Жұмабайды ертіп, Байкошкар суының басына кеп қонған Күнкенің аулына кетті.

Майдан болғалы тұрған ауылдардың үстінде енді майдан болмайды деген сөз. “Аласапыран болар, әлек-алкын жазы болар" деген бүл жаз, енді, тіпті, баскаша болатын тәрізденді. Қандай болар? Онысы анық мәлім емес. Бірақ калайда мынандай өлім үстінде ат мініп, аспап асынып жұлқысу жоқ болатын шытар.

Жаназаға, Бөжейдің жаназасына шақырылмаған Зере, Ұлжандар өлердей күйіп, өзгеше шерлі боп қалған еді. Бірақ істер шара жоқ. Кінәсіз екі мейірбан, жазықсыз екі жан Бөжейге деген көз жастарын үйлерінде отырып төкті. Бөжейге арналған құрандарын, “тие берсінін” өз үйлерінде, өз балаларына, Абай мен Ғабитхандарға оқытты. Шелпектерін пісіртіп, дастарқандарын жайғызып, бір жеті бойында өз үйлерінде аза қылып отырысты.

Бұл күндерде Қаршығалыдай кең қонысқа жайыла қонған Жігітек, Бөкенші, Көтібақ атаулының сансыз көп ауылдарының үсті калың нөпір, қара нор еді.

Ол өлкеге Бөжейді жоқтап ертенді-кеш, күндіз-түні “бауырымдап” аңыраған, андыздап ат қойып, ағылып кеп, төгіліп түсіп, жыласып жаткан әйел-еркек, жас-кәрінін ұшы-қиыры жоқ.

Алыс-жақындағы Бөжейдің бастас, тілеулес ағайындары бөлек- бөлек, үлкен-үлкен үйлері мен сойыстарын, сабаларын, күтуші еркек, әйелдерін түгел алып келіскен. Өлімді күтудің ерекше бір көптен бері болмаған салтанаты туып еді.

Алыс жайлауға, Құнанбай ауылдары жеткен өріске бұл өлкенің елі жете алмай калды. Ең болмаса, Бөжейдің жетісіне шейін немесе, тіпті, кыркына шейін “жыласатын ағайынды”, “бата оқырды" осы кең қоныс — шалкарда тоспақ болды.

Бөжей өлген күннің ертеңінде Байсал, Байдалы, Түсіп, Сүйіндік боп, ертемен байласқан байлау осы еді. Сол жаңағы адамдарға бейім ауыл- аймақтар тегіс, бір-ак күн ішінде осы Қаршығалыға кеп, Бөжейдің ауылдарын айнала қоршап, ортаға алып қоныскдн-ды.

Бөжей ұзақ ауырған жоқ. Жиыны бір-ак жұма ауырды. Бірақ катты жығылған бетінен бері қарай алмады. Алғаш төсек тартып жатысы- мен-ак денесін жер тарта бергендей болды да, бетін суыққа салды. Науқасының үшінші күнінде тыныштық, такат таба алмай, тынысы бітіп, жанталасып, өне бойы оттай күйіп жатты.

Өлімді көп көрген Байсал Бөжейдің тамырын ұстап, үнсіз, ауыр күдіктің үстінде отыр еді. Қастарында Байдалы, Түсіп, Сүйіндіктер бар болатын.

Аз ғана достарынан баска бөтен жан жок. Бөжейге осы сәтте айтып қалғысы келді ме? Әйтеуір, бір орайда Байсал отырып: , ииш вшиі. •

— Наукасы сокпа ғой! Сокланың осындай каткыл келетіні болушы еді, со ғой! Біртершыкса, калыңтер шықса, айығар еді! Буып тұрған тер ғой! — дегенде, Бөжей қабағын түйіп, тістеніп, бар қайратын жинап алғандай болды.

Қаны қашкан, сарғылт, жүдеу жүзіне көкшіл таңбадай ашу келді. Әр сөзін бөліп, бірде катты, бірде сыбырмен айтып, қылғынып, демігіп отырып:

— Сокпа! Сырттың соқпасы ма? Ішті жеген жегінің соқпасы ма? Әйтеуір... келді ғой толайым. Құнанбайдың жері кеңір!.. Мен... мен көшермін бұл дүниеден!.. Кетермін! Бөгет болмай кетермін!.. Бірақ... күндерің не болар? — деді.

Мынау отырған төрт досының ішінде сыр беріп жылаған — жалғыз Сүйіндік. Анау үшеуі үн қатқан жок. Тастай түйіліп сазарысты да, жым- жырт калды.

Бөжейдің арыздасканы да, тіл катып сөйлегені де сол. Осыдан кейін бір жанға бір ауыз сөз айтқан жок. Арада тағы төрт күн өткен сон қайтыс болған.

Құнанбайға хабар бергізбеген Байдалы мен Байсал. Ел жатар кезде Бөжейдін тынысы бітті де, түн ортасына дейін естерінен айрылғандай боп, барлық катын-калаш, бала-шағамен бірге жаңағы үлкендер де өкіріп, өксіп жыласып отырды. Байсал бір рет калың жиын жылап кеп, жағалай көріскен кезде, түрегеп тұрған калпынан төлтіректеп, жығылып та кетті. Сүйеніп тұрған таяқ та тіреу болмады. Талып кеткен уақты еді. Осыны көрген соң Байдалы Түсіп пен Сүйіңдікті ертіп, Байсалды жиыннан, жылаған шудан оңаша алып шығып, оқшау барып отырып:

— Жылағанмен жақсы Бөжей кайта ма? Тірілер болса, күңіренген дүние, төгілген жас аз ба? Әнеки, — деді. Түн аспанын как жара шулап, боздап, зарлап жаткан кыз-қатын, ер-азамат жакка қол нұсқады.

Жалын атып, аһ ұрып, күрсініп алып:

— Есті жи, Байсал! Белді бекем бу, түге! — деп өзгелерге де әмір, бұйрық сияқты сөз тастап. — Ақыл қосындар одан да! Хабаршы жөнел- тейік. Қамға кірісейік! — деді.

Қалған жай бәріне де мәлім еді.

Бұл үлкендер осы түнде қырык-елудей жігіт-желенді және бірер ақылшы кәріні қастарына алып, өліктің артын күтетін қамға кірісті.

Хабарды кімге беріп, кімге бермеуді Байдалы өзі атаған. Сол ретте Құнанбай ауылдарын қатардан әдейі шығартып тастаған-ды.

Огыз-кырык кісідей шапқыншы түн ортасы ауа бергенде, қос-қос атпен әзір болды. Жарау ат айғырды мініп, калың Тобықтымен көршілес Керейдін, Матайдың, сонау, тіпті, Қарқаралы жағындағы Шор мен Бо- шанның басты-басты жерлеріне де жат, суық хабарды алып, шашырай шауып жөнелген-ді.

Түн бойы ұйықтамаған Байдалылар күн шыға бергенде, Бөжейдің өз үйінің жанына, осы өлксдегі ең үлкен үй — Сүйіндіктің сегіз канат аппақ үйін әкеліп тіккізген. Үй тігіліп болысымен, ішіне бөтен жасау- жабдык кіргізбей, тек есіктен төрге дейін кілем ғана жайғызды. Оң жаққа үлкен сүйек төсек кіргізді. Үстін көмкерумен қара кілеммен тегістеп болып, сол төсекке Бөжейдің сүйегін әкеп салғызды. Жаназасын шығар- ғанша өлік осында болмақ.

Бөжейдің өлігін өз үйінен шығарып, мынау үйге әкеп қою каралы қатындар мен Бөжей қыздарының зарлауын катгы үдетіп еді. Байдалы сүйекті орналастырып болысымен, сол өлік үстіне тіккен ак үйдің оң жак белдеуіне өз колымен әкеп кара тікті.

Бұл жұмыс өліктің артын күтудің үлкен бір серті еді. Кара дегені — ұзын найзаның басына тігілген ту. Егер Бөжей жай кара казак емес, төреден шыккан болса, сол төрелердің өзді-өз тұкымының туларын тігер еді. Ак тулы, көк тулы, ала тулы деген төрелердің тұкым-тұкымы, жік-жігі осындайда көрінетін. Ал карадан кісі өлсе, тудың түсі өліктің жасына карай болады. Ол жөндерге келгенде Байдалы ескіге жүйрік Сүйіндікпен ғана ақылдасты.

Сүйіндік жас кісі өлсе туы қызыл болатынын, кәрі өлсе ақ болатынын айтып келді де, '‘Бөжейдей орта жасты кісінің каралы туы — бір жағы ақ, бір жағы қызыл болу керек” дегенді айтқан. Жаңағы Байдалы әкеп тіккен ту — қара дегені осы еді.

Бөжей өлген күннің ертеңінде тігілген осы кара Бөжейдің өлімі өзге өлімнен ерекше күтілетінін жариялады. Соның шарты — Бөжейге ас беріледі, жыл бойы арты катгы күтіледі деген болатын. Кара тіккен Байдалы халық атынан Бөжейдей арысына ас берем деген ырымын жасады. Бұл әдеттің екінші бір белгісі тағы бар. Байдалы қараны тігіп, барлык жиылып тұрған жанкүйер жакындармен бата қылған кезде, сол үйдің екі жак босағасына екі ат жетектеліп келді. Бірі — доға жал семіз күрең ат. Екіншісі — дом боп жарап қалған, сартап болған сұлу кара көк ат. Күрең ат — Бөжейдің кыс мінетін аты. Кара көкті — осы жаз басынан байлап жүр еді.

Бөжейдей азаматтарының ыстық көзіндей болған екі серік аты келгенде барлық үлкендердің өздері де еңіреп-еңіреп жіберісті. Біреулер таяғына сүйеніп, бірнеше кәрілер жер тіреп жыласып:      *ч

— Арысым-ай, арыстаным, бауырым-ай’ — десіп, күңіреніп еді.

Өзгеден бұрын бойын жиып алған тағы Байдалы болды. Ол әуелі оң жақ босағада тұрған күрең атка кеп:

— Жануар-ай, иең кетіп, тұл калдың ғой, сен бейбақ! — деп, жақындап келді де күрең аттың кекілін шорт кесті. Содан құйрығынан алып, уыстап тұрып, дәл тірсегінен жоғары келтіре, калың құйрығын да борт- борт кесіп алды.

Кара көк атка да соны істеп, тұлдаған екі атты барлық осы өңірдің өзге жылқысынан бөлек түске кіргізіп коя берді. Кара тіккен жерде ас берудің серті айтылды. Мынау тұлданған екі ат келесі жылға шейін мінілмейді. Кол тимей семіріп барып, жыл асқан соң иесінің асына сойылады.

Байдалы екі аттың артынан карап тұрып:

— Кара көктің жал-кұйрығы қара ғой. Каралы ат осы болсын. Көшкенде ерімнің каралы ер-түрмаңы осыған ертгелсін, тұлдаған киімдері осы жануарға жабылсын! — деді. Бұл сөзі байлау еді.

Осыдан соң Байдалы бастаған үлкендер кастарына Каршығалыдағы барлық басты ру, бай ауылдарының мал иелерін алып отырып, Бөжейдің жаназасына, підиясына байлайтын мал-мүліктің әңгімесіне кірісті.

“Өлім — бардың малын шашар, жоқтың артын ашар”, Бөжей бай болмасын, бірак жок емес. Әсіресе, ағайын тұрғанда, мынандай шебі бүтін тұкымы тұрғанда, неге жоқ болады? Тіріде тілеуі бір туысқан өлісінде неге ұмытады? Бет топырағы жасырынбай тұрып кайтіп ұмытады?

Осыны айтыспаса да, ойламаған ағайын жоқ.

Сондықтан олар Бөжейдің өз үйіне салмақ түсірген жок. Керек десе бір лақты да өзінен шығартпасқа бекісті. Ертең бата оқыры, конакасысы аз болмайды. Қара тіккен үй, әсіресе, өткен-кеткеннің бәрін шақырып тұратын үй болмақ. Шаршаған мен шалдыққан болсын, аш-арык болсын, алыс-жақынның бөгде жүргіншісі болсын - баршасы да бұл бір жылдың бойында, ылғи ғана Бөжейдің үйіне түсетін болады. Солардың тие берсіні, тілек батасы Бөжейге сауап. “Өлгендердіңартын күту, аруағын күту сол сауабын ойлауда" деп молда, қожа көп өсиеттеген сөздерді де Байдалылар еске алды.

Сонымен Бөжейдің өз үйінің шығыны әлі алда жатыр. Ол санаусыз көп. Ендеше, мынадай қауырт шығасыны ол үйдің өзіне салмай, бөліп әкету шарт.

Жиылған ағайын ынтымағы сараңдыққа бой ұрмады. Бұл өлкеде талайдан болмаған бай підия және де осы Бөжейдікі болатын болды.

Бастығы Сүйіндік, Байсалдар болып: “Азаға салганым”, “коска- ным”, “аруағына арнағаным” деп шеттерінен қос ат, інген, жамбы, тай- тұяқ, койтұяқ сияқты бұйымдар атасты. Сөйтіп, кеңес аяғында підиясы- ның өзі талай тоғыз болып саналды. Бас тоғызы түйе, екінші тоғызы жылқы, аяғы кой, ешкі тоғыздары және ішік-кілем сияқты тоғыздар еді.

Осы таңертенде, дәл осы кеңесте, мынау қара тіккен ақ үйге бұдан былай мол жасау, қаралы сәнді жасау жиюдың жайы да байланды.

Сүйіндік, Байсал, Байдалы бәр-бәрінің үйлерінде, тең, сандықтарында жаткан каралы қалы кілем, кымбат ішік, өзгеше тон, тұскиіз сияқты асыл бұйымдар тегіс осы үйге әкеліп жиылмақ. Түске жақын ақ үйдің ішіне әзірше жасау кып ілмесе де, ертең өлік шыққан соң ілетін боп барлық септің жасауларын да әкелісіп койысты.

Бұл кезде Бөжейдің өз үйінің ішінде қара сұр бәйбіше шаршысын шорт байлаған. Қара шашын тарқатып, екі иініне жайып салған. Қан- сөлден айрылып, сұрланып талған жүзінде көк тамырлары білінеді. Екі бетінің ұштары жылап жыртқан тырнақтың табын сақтап, жарадар боп тұр-

Бөжейдің екі қызы да бастарындағы бөркін тастап, қара салыны шорт байласып алыпты. Бұлар әкелері өлісімен, қайғылы, шерлі, бір ұзақ жоқтаудың сарынын тапқан екен. Бүгін таңертеңнен бері жаназашылар- ға көріскенде сол жоқтауларын айтумен отыр.

Барлық Шыңғыс сыртындағы ұшы-қиыры жоқ, ен өлке, кең сала, мол жайлау, құйқалы адыр, калың таулардан жұрт ағылды. Аңыраған ел жер қайысқан калың топыр боп кеп, бірнеше күн жыласып, аза салып болды да, ақыры Бөжейдің жаназасын шығарды. Сүйегін бұл жайлауға қоймай, Шыңғысты кайта асырып, қыстауының үстіне апарып, Токпам- бетке қойды. Бөжсйдей жұрт жоқтаған жанға топырақ салмай қалған жалғыз Құнанбай айналасы болды.


Бетке өту: