Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов
Аты: | Абай жолы 1 кітап |
Автор: | Мұхтар Әуезов |
Жанр: | Литература, роман |
Баспагер: | |
Жылы: | 1997 |
ISBN: | |
Кітап тілі: | Қазақ |
Жүктеп алу: |
Страница - 14
Соңғы айткан “мылжың”, “мақтаншақ”, “даңғой” дегендері осы арада шынымен төрт көзі түгел отыр еді. Мылжыңы мынау — сары сақалды Жұман. Даңғойы анау — Майбасар. Мақтаншағын айтса — Құнанбайдың ұлықтығын бу көріп, осы Ырғызбай шетінен бөспе болатын.
Зереге дау айтуға батылы бармаса да, Майбасар ішінен кыжалда- нып, мойнын сырт қайырып отыр. Бар Ырғызбайдың анасы. Өзінің ашуы әлі қатты. Томырылып кетсе, тіпті, Құнанбайды да қорқыту қолынан келеді! Оны Майбасар талай көрген. Енді, ыза болса да, амал жоқ.
Зере сөзін бітіргенде, Майбасар касындағы Ұлжан жеңгесін түртіп қойып, ақырын күңкілдеп:
— Қап, мына тентек кемпір ме! Исі Ырғызбайдың аксакал, кара- сакалын жиып ап, қылып отырғанын қарашы. Енемізді әбден ұрды-ау, масқара-ай! Даңғой дегені ғой, дәл мен, осының! — деп еді. Қасында отырып сөзін естіген жұрт күліп жіберді.
Майбасар Ұлжанның тасасына бұғыңқырап отырып, куланып, көзін қысып:
' — Әнебіреу айтқаны кім екен десеңші, тағы бұның? Ана “мылжың” дегенін айтам! Ондай да бар ма еді? — деп, токтай кап Жұмаңды көзінің астымен бағып отыр.
Сағал көз, сары сақал Жұман бұның мысқылын сезген жок екен.
— Ой, сыгыр мұңдар, білмей отырмысың? Мылжың деп, қырт кып, жазған, мені айтат та! — дегенде, жұрттың бөрі ду күлді. Енді сөз бітіп, жұрт қысыр кеңеске кететін тәрізді. Абайлар іске асығып, тұрып кетісті.
Топтан шыға бере, Абай Жұман мінездерін еске алып, күліп жіберді. Бұл туысқанның қыртгығы, шынында, дау-дамайсыз-ак айқын. Өткен күзде біреулер:
— Жидебай мен Мұсақұлдың арасы қанша шақырым келеді екен?— десіп отырса, осы Жұман:
— Жидебай мен Мұсақұлдың арасын мен айтайын. Былтыр айт намазынан кайтып келе жатып, қолдан санағам. Дәл бір мың екі жүз отыз жеті “Лә илаһа иллалла” болады екен! — депті.
Абай осыны еске түсіріп, ішінен Жұман үшін жаман ұялды. Мырс етіп:
— Құдай-ау, неткен көк мылжың? “Иллалламен” жер өлшеу неше атасынан калды екен мұның. Оны әрі айтып, әрі санау неткен бейнет? Не деген мылжың жуандылық? — деп ойлаған.
Осы түнді тынымсыз қарбаласпен өткізген үлкен ауыл таң сарғайып атысымен, тағы бір үлкен көшті жөнелтті. Арасында үлкен үйлері, қостары, ұраңкайлары бар — жиыны сегіз үй, ас ошағының басына тігілетін боп кетті. Ас пісіргіш еркектер мен катын да, отыншы, сушы қызметшілер — баршасы да осы көшпен жөнелді.
Күн шығып, ел тұрған соң кең пәуескені үш атка жеккізіп, қасына Айғыз, Сары апаң, Қаликаларды алып Ұлжан да жүрді. Артта калған ендігі іс — сойыстың малы. Соны таңдап ұстатып алып, Қазбалаға тез жеткізу бар. Абай мен Ызғұтгы қастарына үш-төрт жігіт алып, сол шаруаға калған.
Бойдақ жылқыны ауыл қасына ерте айдатып келіп, Құдайберді, Ызғұтгы, Абай үшеуі ат үстінен түспей жүріп, түндегі аталған он байталды іріктеп таңдады.
Әрқайсысы әр айғырдың үйірінен белгіленген. Бұл байталдың бәрі де өмірі жүген, құрық тимеген шу асаулар. Көп мықты жігітті қашаған * қуғыш бедеулер мен жүйрік ат-айғырға мінгізіп, қолдарына ұзын құрық, мықты бұғалық беріп, асауларды ұстауға кірістірді.
Жайын кұландай безіп кашкан байталдар оңай ұстатқан жок. Бірне- шеуі жеткізбей жосып әлек етсе, кейбіреулері мойындарына түскен құрықтарды жұлып әкетіп, бар жылқыны үркітті. Ауыл үстінен кашкан- дарын иттер қуып, Ботакан бойы азан-казан болды. Жігіттердің көбі ас- тарындағы аттарын қан сорпа кып, өздері де талған кезде жеті байтал ұсталып болды. Енді бір жирен, екі құла байтал шығанға шығып, мойын- дарындағы бұғалығымен босып жүр.
Олардың соңына Масакбай түсіп, сойылдап ұрып жүріп, қорқытып әкеп, калың жылқының ішіне тықты. Сол кезде барлық аттылы-жаяу
тұрған жиын байталдардың мойнында сүйретіліп жүрген арқандарға үштен, төрттен жабысып, табандап жатып алысты. Сөйтіп, соңғы қашағандар да тегіс ұсталды. Шыңғырып, бұлқынған жас асаулар түздің тағы- сындай арпалысса да, бастарына тегіс ноқта киіп, мойындарынан қосақталып, Казбалаға қарай кетті.
Жиырма еркек кой да бұл кезде жарым жолға барып қапты. Керетінін бәрі түгелденген соң, Абай мен Ызғұтгы да жортып отырып ас басына келді.
Аталған жерлерге қонақ үйлер де, ас үйлер де тігілген екен. Іштері де реттеліпті. Әр үйдің күтуші жігіттері оз үйлерінің жанынан табылды. Үй басына екі босағаға екі-екі үлкен саба орнаған екен. Абайдың артын ала ілесе келіп жаткан қымызшылар үлкен-үлкен мес пен сүйретпелерді толтырып әкеп, жаңағы сабаларды кезек-кезек күрпілдетіп пісіп жатыр.
Ұлжан да өз міндетіне сыбана кірісіпті. Ол ас ошағын Қазбаланын суына жақындатып каздырып, мал сойғызуға кіріскен екен. Жиырма шақты жігіт биелерді ақтармалап сойып жатқанда, Ұлжан тағы бір топ жігіттерді алып, жиырма қойдың он шақтысын Қазбаланын жағасына апарып, әр жерде қалың-қалың от жаққызып, үйткізіп жатты. Мұнысы - ас пен тойда көп қонақкд істелмейтін сый. Бірак Ұлжан семіз жылкы еті мен жас қойдың етіне, үйткен қойдың дәмді құйқасын да араластырмақ бопты. Бейнет те болса, Абай үйлерінің ажарын арттыратын болды. Дәл нағашылардың ішіндегі үлкендеріне арнап екі кебеже сүр де әкелгізген. Қыстан қалған бар ескі иіс осы болатын. Қонақтың бәріне жеткізе алмаса да, ең елеулі тобына өзге астардың дағдысынан бөлек, сары ала тартқызбақ.
Абай тіккізген үйлер қазірде бұл өлкедегі қонақкд арналған үйдің бәрінен оқшауырак. Тысы да, іші де өзгеше боп айдынды көрінді. Ең сый қонақтардың түсуіне арналған жарастығы мол үй боп тұр.
Сүйіндік пен Байдалы бұл үйлердің рет-ажарын көріп, ас ошағының басына келіп, аттарынан түсіп, Ұлжанмен амандасты. Елден ерек қамдарды да әбден танып, іштерінен ырза болыскан. Байдалы атына кайта мінер кезде Ұлжан азырақ тоқтатып, оңашалап алды да:
— Тамақ пен күтімі бір басқа ғой. Ертең ат шабады, балуан күреседі. Әр алуан бәйгелер бар. Түйе бастаткан тоғыздан бәйге шығарыпсындар. Жақсы екен! Ағайынның аянып калатын жері емес қой. Менің балам ол үлестеріңнен де қалмаймын дейді. Соның ақылымен, мына бір бұйымды әкеліп ем! — деп, қалтасынан жібекке ораған бір кесек түйін алды да, Байдалыға ұсынып тұрып: — Бәйгенің бір тоғызының басы осы болсын! — деді.
Бергені үлкен кесек күміс — “тайтұяк” болатын.
Осы күні малдар тегіс сойылып болып, азық-түлік ас үйлерге әбден жайғасқан шақта, екінді кезінде Казбалаға калың қонақтың алды ағылып, жете бастады.
Байдалы, Сүйіндік, Ызғүттылар қонақ үйлердің орталық жеріндегі биікше төбенің басына шығып, келушілерді тосып тұрғалы бірталай уакыт
болған. Қонақтар төрт тараптың бәрінен кырық-елуден, жиырма-отыз- дан лек-лек болып, аттарын жай-жай бастырып, жылжып келе жатыр. Әр топтың алдынан кереші күтушілер шауып шығып, сәлем беріп, жөндерін біліп, үлкендер тұрған төбеге қарай бастайды. Дагды бойынша шет елдің сый қонақтары әуелі ас иелеріне сәлемдесіп, асқа береке тілеп барып, қонақ үйлерге түсу керек.
Күтушілер болса, әрқайсысы өзді-өз үйлеріне алатын қонақтардың руларын алдын ала білетін.
Абай жігіттері Жиренше, Ербол, Базаралы, Мырзахандар да сол қонақ тосушылардың тобында жүр.
Абай өзі қонақ үйлерінің қасында қырык-отыз жігіттермен Жетісу жағының қонақтарын тосып тұрған.
Басында жүздеп келген қонақтар күн батар шақта мыңға жетіп, одан да асып барады. Жігітек, Көтібақ, Бөкеншілер тіккен үйлердің бірталайы өз қонақтарын қабылдап, карсы алып жатыр.
Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді.
Бөжейдің шешесімен туысқан нағашы ағасы ақ сақалды, келбетті карт екен. Соның өзі кепті. Ол төбе басында, өзге қонақтардан бөлекше белгі жасап, атынан түсіп, барлык үлкендермен құшақтасып амандасты. Касындағы жиыны мол. Жетісудан келе жаткан Семіз-Найман, Жалайыр, Матай, Сыбан да тегіс осы кісінің маңында екен. Алды сол нағашының тобы. Олар елу-алпыс кісі. Солардың артынша Найман тымақты калың топтар қауырт көріне бастады.
Нағашы тобы мен артқы аттылардың бәріне жататын үйлерін көрсетпек боп Ызғұтты, Сүйіндік алға түсті.
Нағашылар жақындасып келгенде, Абайлар барлык жігіттермен сәлем беріп, түсіріп алысты. Ақсақал нағашыға Сүйіндік Абайды таныс етіп, Құнанбайдың баласы екенін айтты.
Абай “қош келдіңіз, нағашы” деп кол қусырып, тағзыммен карсы алған. Барлык мол үйлерден мынау он үй өзгеше, оқшау тұрғанын қонақ атаулы аттарынан түспей тұрып, ерте таныған еді. Бұл үйлерге өздері түспей, баска жерлерге орналасқан қонақтар: “Анау бөлек үйлер кімге арналған? Онда кім қабылдайды екен?” десіп, сұраса бастаған-ды. Сол ретте ол үйлер Кұнанбай баласы тіккізген, Бөжейдің нағашы жұртына арнап тіктірген үйлер екенін де білісіп калған.
Аксакал нағашыны касындағы үлкенірек кісілермен іріктеп отырып, Абайлар дәл ортадағы, ең жасаулы үйге кіргізді. Өзге топтарын да дамыл көрмей карсы алысып, катар үйлерге кіргізіп жаткан.
Нағашылар бәйгеге қосқалы бір баран, екі қылаң жүйріктерін әкепті. Құйрық-жалы сүзуді, үстеріне бала мінгізген, үкілі-тұмарлы аттар оқшау байланды.
Алыс-жақыннан келген калың топтардың бәр-бәрі де әзірше осылай бәйгелерін жұтындырып, көлбек кактырып келіп жатыр.
Алғашқы топ келісімен өзге қонақтарда іркілген жок. Көзбайлан- ғанша он үйдің алтауы толып калды. Әзірге Жетісудың алыс руының бәрі
аталып жатыр. Енді ымырт жабылар кезде Казбалаға төгіліп жаткан топтардың киім үлгілерін болжау киын. Кай рулар екендері мәлім емес. Тек кана кейбірінің кылаң аттысы көп, кейбірінің баран апылары көп — үлкен шоғыр боп көрінеді. Сам жакка карай бұрылса, күміс ер-тұрман жарқылдайды. Өлкедегі калың нөпірді көргелі жаңада мінілген үйірсек аттар кісінейді. Абай үйлеріне келушілер саябырлап, аз ғана толас болды. “Ендігі кісілер ертең келер” десіп, Абайлар алдыңғы үйлерге кымыз тарта бастаған. Осы уақытта Ербол Абайға келіп:
— Тағы бір қалың топ келді’ — деп, ақырын хабар берді. Бұл жиын Найманның Тобыктыға жакын отыратын руы — Сыбан екен. Арғы шеті — Аягөз, Қоңыршәулі, Акшәулі де, бергі жағы осы Шыңғыстың сілемінде болады. Тобықтымен сырмінез. Бірақ бәсекесі де көп, тайталас ру.
Абай жылдам басып, тысқа шығып, бар жігіттерін топтап тұрып, тағы да жақсы қарсы алды. Жері жакын болғандықган, өзге Жетісу елінің бәрінен Сыбандар мол келген екен. Абайга тиген қонақтың арты осылар. Бос тұрған үш-төрт үйге соларды түсіріп, Абай барлық қонақтарын жайғастырды да, енді тамам жігіттермен өзі қоса, сарп ұрып жүріп сыйлауға кірісті. Әуелі кымыз. Содан соң шай... Содан әрі атпен тартқызған табақ-табак ет! Алыс жолдан шалдығып келген, қарны ашып келген қонақтарды тыңайтып, күйлендіріп жатты.
Ет желін геннен кейін, шаршап келген қонақтардың алды жата бастады.
Бүгінгі жүріске мұкалмаған Сыбандар екен. Олардың үйлеріне еттен сон тағы да кымыз сапырылып еді.
Кеш бойы, көбінесе, нағашы жағының үйлеріне айналып жүрген Абай Сыбан қонақтарға енді оралып келді. Сыбан жиынының бұл келіс- тегі үлкені Кадырбай екен. Ол — ақын Қадырбай. Жас күнінде әйгілі Салак ақынмен айтысып, “Бала ақын” деген ат алып, сол Садақты өлең сөзде мүдірткен осы Кадырбай болатын. Оның көп өлеңіне Абай қанық. Бірқатарын жатка біледі. Өз қонағының ішінде Кадырбай болғанына Абай дән ырза болды.
Кадырбай болса, бағана түсер жерден-ақ бұларға арналған үй — Күнанбай үйлері екенін білген-ді. Арысы Тобықты, берісі Ырғызбай ішінін қатын-баласыпа дейін білетін Сыбанның бірнеше сөзуар кісілері тек отырған жоқ. Бағана кештен бері тыска шығып, кастарындағы күтуші Ерболдармен сөйлесіп, осы он үйдің жай-жапсарын, күтуші иелерін де Кадырбайларға мәлім еткен.
Кадырбай өзі де келгеннен бергі сары қымыздан, дастарқан мен ыдыс-аяктан, шай үстіндегі тәтгі-дәмдінің молдығынан әр жайды топшылап отырған. Әсіресе, түрілген жас қазының қатарында жүрген үйткен қойдың етінен — мынау үйдің сыйын өзге үйлердің сыйынан басқаша деп бағалаған. Ас атаулының бәрінде болатын жалпы құрғақ сыйдан бөлек жатыр.
Енді осы сыйды басқарып жүрген Кұнанбайдын бір жас баласы деген сон, Кадырбай сол бала өз қастарына келгенде ілтифат жасады. Абайға:
— Бері кел’ Отыр, балам! — деп шақырып ап, өз қолынан қымыз ұсынды.
Қызғылт қоңыр сақалы бар, келбетті, ақсары Кадырбай Абайға аса бір келісті кісі көрінді. Бұл қонақ Абайдан әке-шешелерінің саушылығын сұрастырды. Көрсетіп жаткан сый-кұрметіне алғыс айтты.
Абай өздігімен сөйлемей, тек кана Кадырбайдың сұраған сөздеріне жауап беріп отыр еді. Жауапты қыска болса да, байыпты, орнықты ғып айтады. Жас жігіттің түс-тұлғасын Кадырбай ұнатты білем, тағы да сөйлеткісі кеп:
— Осы Барлас акын маған бір әңгіме айтып еді. Кұнсксннің оқудан қайтқан бір жас баласы бар екен. Өзі өлеңқұмар екен. Ұлжаннан туған, Зеренің колындагы баласы десе керек еді. Сол әлде сенбісің?—деді. Абай ұялыңқырап күлді де:
— Барлас ақынның біздің үйге кеп азырақ қонақ боп кеткені бар еді, — деп, Кадырбайдың жүзіне тура карады.
Қадырбай күлімсіреп қойып:
— Балам, ендеше, сен көңіліңе алма, әкеңмен мен құрдаспын. Сондықтан еркін сөйлей берем. Айтпағым: өлең дегенді аса бір сүймейтін кісі сенің әкең еді. Сен неғып өлең сүйгіш боп жүрсің? Осының жөнін айтшы? —деді.
Үй іші Кадырбайдың қалжыңына күле бастады. Абай өзі үй иесі болғандыктан сыпайылық жасап, аз сөйлермін деген. Бірак мына Сы- бандар шет елдің адамдары сиякты емес. Тобықтының өз ауылдарының адамындай кең отыр. Жауап айтқысы да келеді. Айтар сөзі де даяр сияқты. Тек қонаққа кеп отырған үлкен кісімен жауаптасса, әдепсіздік болар ма екен? — деп екі ойлы болды. Өзі байқамастан тамсанып, басын шайқап еді. Кадырбай шалып қалған екен.
— Кәне, бірдеме айтқалы отырсын ғой. Ұялма, айт! — деді.
— Ендеше, Қадеке! “Әкесі құрдастың баласы құрдас” дейді ғой. Оғат айтсам ғафу етіңіз! Бірақ аса бір көңілі керең кісі болмаса, өлеңді сүймейтін жан бола ма? Менің әкемнің де сүйетін өлеңі болар. Жалғыз- ак, сіздің есіңізде калғаны, әлгі бір “Шұбарым, арғымағым, кер маралым, өз заңынша болкендік жандаралым!” деген өлеңді жақтырмай, сынап сөйлеген сөзі болмаса! — деді де, ақырын күліп қойды.
Үйдің іші тегіс елең етіп, Абай жауабын баққан Кадырбай қатты қарқылдап күліп жіберді.
— Япырай, мына баланың өзіме соғуын карай гөр. Сен бұл әңгімені естіген екенсің-ау, ө?—деп, үй ішіне жағалай қарады. — Мынаның айтып отырғанын көрдіңдер ме? Бұл менің Солтабайға айтқан өлеңімді нұскап отыр. Күнекең соны естігенде, маған: “Несіне жалына бергенсің?” деп, сын айтып еді. Балам, сен дауыңды тауып айттың! — деп тағы күлді.
Абай осыдан әрі үндеген жок. Тегінде, соңғы кезде барлық үлкендерге талас сөзде соқтығынкырап сөйлегенді катты ұнатушы еді. Өзі қоймай сөйлеткен соң, Кадырбайға айтқанына да өкінген жоқ. Кайта мұндайдағы қатқыл көңілі бір ырзалық талқандай болды.
• Бұл үйдегі қонақтар ұзақ отырып, кеш жатты. Орындарын жайластырып. тегіс жатқызып болып, түңліктерін жапкызып, Абайлар ас ошағына қарай қайтқанда, жаздын қысқа таңы сарғайып атып келеді екен.
Қазбаланың түстік жағындағы үлкен қоныр биіктер бозғыл тартыпты. Жұлдызы сиреген көкшіл аспанда Тезектің Карашоқысы айқындап көрінеді. “Таң келедіні” бұл атыраптың қатпарларына, ұйқысы калың көлеңкелі сай-саласына елдің алдымен сол мәлімдеп тұрған тәрізді.
Абай, Ербол, Ызғұттылар ас үйлерге жақындай беріп, өзара күңкілдесіп:
— Қазір таң атады. Бүгін ұйқы бола қоймас’
— Ұйқыны кояйық!
— Отын-су ерте қамдалсын’
— Қымыз’ Қымыз кешікпесін! Бар үйдің де сабалары сарқылып калды!
— Ұйқыны койып, тез қам қылайық! — десіп, келесі күннің қамына жұмылды.
Келер күн ең ауыр күннің өзі болды. Астың дәл үлкен күні осы. Абайға тиісті қонақтар бұл күні түске шейін кешегі үйлерінен қозғалған жок. Таңертеңнен бері шай, қымызбен сыйлап келіп, дәл түске тақай бергенде, барлык он үйге ет тартылды. Абайдың бұл жолы жасаған тәртібі қонақтарды да, көлденең елді де, ас иелерін де қатты сүйсіндірді.
Табақ тартуға өңшен жорға аттарды сайлапты. Барлық ат күміс ер- тоқыммен ерттелген. Күтуші жігіттер бастарына тегіс жібек орамал байлапты. Ас ошағымен екі арада бұлар кос табақтан алып, қатар ызғытып жөнелгенде, өлке бойы жайнап кеткендей болады. Нағашыларға арналған күтімнің қапысы жок, оқшау сый болды.
Астың күндізгі етін осы үйлер түгел жеп болған кезде, Байсал бір үлкен ак боз атка мініп, қасына кырық-елудей топ ертіп, қолына үлкен биік ағашқа орнатқан каракшыны алып, атой беріп шыкты. Қонақтар атка мінсін, әзірленсін деген белгі. Енді бәйге, күрес, ат үсті сауық басталмақ. Астың калың думан, қызу ордасы қайнады. Әңгіме, дүкен карақшы айналасында болады. Байсалдың хабарын құлақтана салысымен, барлык жұрт аттарына ұмтылды. Жал-кұйрығы сүзілген бәйгелер де киікше басып, ойқастап шыкты. Аз уақытта калың ел ат үстінде әзір болды.
Жиынын Абай тегіс болжай алмады. Ол атка мінбеген, мінбекші де емес. Өйткені, мұның сыбағасына тиген қонақтар алыс елдің адамдары болғандыктан бүгін тарамайды. Ендеше, кешкі сыйына тағы әзірленіп тұру керек. Сол себепті Абай мен Ызғұттылар өз шаруасының қарбаласында жүр. Манындағы жігіттері де тапжылмай, қастарында калған. Абай ешкайсысын босатқан жоқ. Тек жалғыз Ербол ғана көптің кызуына елігіп, шыдай алмай:
— Тым құрыса, сендерге хабаршы болайын. Не боп жатканын айтып келейін, — деп тұра жөнеліп, шапқылап кетет те, тез оралып келіп, тың хабарлар айтады. Кешеден бері жиылған жұрттың сан мөлшерін білген кісі жоқ еді. Ербол “талай мың бар екен” деп келді.
Абайдың конактары аттарына мініп, белгі күтіп тұрғанда. Байсал ұран салып, қарақшысын аспандата көтеріп, Тезектің Карашокысына карай шапты. Соның ар жағы - кен жазық. Істің бәрі сонда болмақ.
Қарақшы жонелісімен, соның бетін бағып тұрган барлық топ-топ атгылар да дүркірей шауып, қаптай жонелді. Абайлар енді көрді, көлденең өтіп, селдей ағып жаткан халыктын саны ұшан-теңіз екен. Бүл кезде ас үйлерден Үлжан, Айғыздар да шығып, барлық күтуші қызметші атау- лының баршасы тамашалап, карап қалысты.
Жер қайыстырып, ағыла жүйткіген жұрттың бір шеті осы ас үйлерлін жаны болса, анау шеті көз ұшында. Сол екі арада кара нөпір күмырскадай қайнап кетті. Талай уақыт арылмай, көшкен бұлттай жонкіліп жатты.
Алыс елдердің конактары бір сәрі болса, Тобықтының өзінен де ат жалын тартып мінген еркектен бірде-біреу кдлмагандай.
Бір уақыт Ербол шабатын аттың санын айтып келді. Жиынын Байдалы санатқанда, жүз елу ат бопты. Соның ішінен он атқа бәйге аталыпты. Бәйгенің бәрі де тоғыз-тоғыздан. Алдыңғы бәйге - түйе бастаткан тоғыз, екінші - жамбы бастаткан тоғыз. Ол жамбы кешегі Үлжан әкелген күміс еді. Содан арғы тоғыздар да түгел саналыпты.
Үлкен астың күресі де үлкен. Балуандар бәйгесі де сондайлык тоғыз- тоғыздан.
Абай осы хабарларды есітіп болып, өз істеріне кайта кірісті.
Бүгін түсте шешелері Абайды шакырып алып, мәлім етіп еді. Қонақтар ертең түстеніп аттанатын болса, ет аздық етеді. Үялып қалмас үшін қазірден кам ету керек. Абайдың ас кызығына бармай калғаны сол болатын. Ол Ызғұтгы мен Мырзаханды Ботакдндағы Құдайбердіге шаптырды. Бөгелмей, тез ғана қысырдын бес тайын ұстатып жіберсін деп тапсырды. Сол сойысты күтті. Және арттағы ауылдар ас бітті екен деп са- лаксып калып, ертеңгі қымыздан құр тастамасын. Өзге жұрттың дені кешке тараса да, Абай конактары кайтпайды. Соны білдіріп, қадағалау керек. Үздіксіз қиындық отын-су жағында. Оның қамы да Абай мойнында. Сөйтіп, астың ұлы дақпырты болмаса, қиын бейнеті болмаса, баска ешбір қызығын көрмеген Абай осы күнді және келер түнді түп-түгел тынымсыз қарекетпен өткізді. Қонақтар кешке жақын қайта кайтып келгенде, шаңытып, шөлдеп, түтігіп келді. Алдарынан дәл кешегідей сыпайы, конағуар, жылпос жігіттер кылан ұрып карсы алды.
Әуелі салқын сары қымызбен азын-аулақ шөлдерін бастырып ап, соның артынан шай тартты. Ылғи екі-үш жігіт көтерген, екі иіндерінен бусана түсіп тыныс алған сабадай-сабадай сар самауырлар кірді. Кірді де. бар қонақтың күйін келістіріп, көңілін тапты.
Бұл он үйдің бүгінгі бейіл-кұрметі кешегісінен асып түспесе, кем болған жок. Өзге көп үйлердің қонақтары күн батарда аттанып кеткендік- тен, Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер де осында келген. Оларды Үлжан мен Абай кеш бата әдейілеп шақыртып алып, нағашы қонақтардың тобының ішінде болсын, бірге отырып, өздері де қонақ болсын деген. Осы кеште
Абай істеген сый-кұрметке, жақсы ретке олардың өздерінің де көздері әбден жеткен.
Абай бұл түнде де ұйықтамады. Осымен ұйқысыз, ауыр түннің үшіншісі өтті.
Келесі күні түскі асты ерте астырып, қонақтарға ерте бергізген. Дәл осы астың дастарқаны жиыларда, Найманнан келген кәрі нағашы Абайды шақыртып алып, бсйілденіп бата беріп, үлкен алғыс айтты.
Дәл сол үшінші күннің түс кезінде Абайдың пішініне көздері түскен Ұлжан, Ызғұтгы, Ерболдар жас жігітті катгы мүсіркеді. Абайдың жүзі қан-сөлден айрылып, науқастан тұргандай. Екі көзі қанталап, кіртиіп, жақтары солып, бір түрлі жүдеп, үрпиіп қапты.
Рас, Ызғұтгы мен Ербол да сондай алжа-алжа болған екен. Үшеу- лсрі бір-бірінің ажарларын айтысып, күлісіп алды. Ербол:
— Тура кешегі ыстықта бәйгеге шауып, жолшыбай болдырып қап, түнде тағы таң асып шыққан Қарашаның көк шоқайындай боппыз, не керек’ — деді.
— Ендігі бар арман — бір ұйқы. Тек осы тұрған жерге құлай кеткен- дсй боп тұрмын! — деп, Абай біржолата титықтағанын айтты. Сол уақытта бұларды Байдалы келіп, Бөжей үйіне шақырды. Астың әлі аяқтамаған арты бар. Онысы Бөжейдің тұлдаған аттарын сою, үй ішінде былтырдан жиылған септі тарқату, каралы тенді бұзу.
Бұл істен жакын ағайын шет кала алмайды. Бастығы нағашылар болып, барлык Тобықтының калың жұрты енді соған беттеді. Байдалы- лар Бөжей үйінің жанына келгенде, үй ішіндегі былтырдан бергі каралы әйелдер тысқа шықты. Содан соң Байдалы белдеудегі қараны суырып алып. Байсалға берді. Ол ырымын істеп, қараны жерге сұлатты да, табанымен басып, сындырып тастады. Ас өтті. Каралы жыл толды. Енді азалы күндер бітті дегеннің белгісі.
Байдалының тапсыруымен Сүйіндік калың елді бастап ақ үйге кірді де, каралы теңдерді бұзды. Бұ да жанағыдай белгі. Осы уақытта Бөжейдің әйелі мен екі қызы оң жакка теріс карап отырып ап, дауыс айтты. Үй ішіндегі барлык жиын үндемей жыласты. Бөжейдің аруағына арналған соңғы дауыс, соңғы көз жас осы. Енді ең соңғы күран оқылып болған соң, жиын тегіс тысқа шығып тұрғанда, тұлдаған екі ат келді. Катгы семірген күрең мен қара көк асаусып кетіпті.
Екеуін де Бөжейдің туысқандары жыласып тұрып жықты да, Байдалының өзіне бауыздатты.
Жаңағы қараны жыққан Байсал, септі бұзған Сүйіндік, енді мынау тұл атты бауыздаған Байдалы үшеуі де кейін “жол” алды. Бұлар осы кауымның әрі үлкені, әрі Бөжейдің үзеңгі жолдастары. Сондықтан ас артынан болатын ырымның үшеуін сол үш кісіге орындатудың айрықша мәні бар.
Бүл аттың етін жемей кетуге тағы болмайды. Калғи-шұлғи отырып, сол еттің піскеніне Абай зорға жеткен.
Екінді кезінде Бөжей үйінен ет жеп болып, енді үлкендермен кош-
тасып, жүруге рұқсат тілеп еді. Сол уакьпта Байсал Абайды касына шақырып алып, маңдайынан иіскеді де:
— Балам, мен осы шаққа шейін сенімен тіл қатысып, жылы ұшырап көріскен жок ем. Бірақ барлық көргсн-сезгенім есімде. Ана бір жыл Қарқаралыда сенің ажарыңды ұнатып, мейірі түсіп кетіп, Бөжікен бата беріп еді-ау! Сондағы сөзі есінде болар. Сенен үлкен дәме ғып, бата берген еді. Мен онда жактырмап ем. Ағайынға әделст ойлап айткан жаксы лебізіңді есітіп жүрмін. Бүгін мынау күндерде Божікеңе адал іні боп, бетіңді аштың. Жаксы ағаның зор дәмесін әмсс өстіп ақтағайсың! Ақтарсын деп білемін’ Актар-аксын, шырағым. Тек өмір деген ит, жансақ бастырмаса екен! Өрісің алда! Бетін дұрыс! Дәл осы бетіңнен жарыл- ғасын! — деп бата берді.
Байдалы, Сүйіндік, Құлыншақта жақсы бейілмен қостап, бірге бата кылысты. Абай еш нәрсе айтпады. Тек кана үлкендерге еріп бата кылып:
— Рақмет! Батаңызға рақмет! Дегеніңіз келсін. Байсал аға! — деді. Осыдан соң үй ішімен қоштасты да, Ерболды ертіп атка мінді. Бұл уақытта Үлжан да арбасына мініп жүріп кеткен екен.
Абай мен Ербол желе жортып, ат жүрісіне зорға шыдап отырып Ботақанға жетті. Үлжан бұлардан бұрын келіп, қонақ үйді онашалап, сонда екеуіне де калың төсек салғызып қойған екен.
Абай келіп үлкен үйге кірген жерде әжесімен амандаса сала, Үлжан- ға карап:
— Үйкы, ұйқы' Апа, жалғыз ғана ұйқы! — деп, төрдін алдына жантая кетті.
Өмір бойында Абайдың ең алғаш рет ұйкысызтүндер өткізіп, кабагы катып, қажыған жолы осы еді. Қазір шешесінің үйіне кірісімен, дәл ерке баланың күйіне келді. Үлжан Абай мен Ерболға бір-бір кесе қымыз ішкізді де, өзі ертіп барып, конак үйге жатқызып, үстерін жауып салды.
Осы кезде жастыққа бас қойған екі жігіт осыдан осылай ұйықтап жарыскандай боп сілтесті. Келесі күн түсте бір оянып, қымыз ішіп алып, кешке шейін кайта ұйықтады. Ымырт жамыла және бір оянып алып, тағы қалғып отырысып, елден бұрын тағы ұйқыға кетті. Екінші күннің сәскесінде ғана барып бұл екеуі ел қатарына кіріп, анык сергіп тұрды. Екі түн, бір күн ұйықтаған Абай осы калың үйкының уағында өзінің кан- дайлық абыройлы, атақты, жаксы жігіт атымен оянғанын білген жоқ еді.
3
Бұл күндерде бар жайлауларды кернеген жалғыз әңгіме — Бөжей асы туралы. Ас берген ел, асқа барған ел және үйде калса да, барғандардан көп әңгімеге қанған ел — тұтасымен бір жайды аңыз етеді. Сол лакап бір Тобықтының іші емес, алыс-жақындағы, ой мен қырдағы калың ру- лардың баршасына да тарап, селдей жайылып кетіп жатыр. Абай өзі ас ошағы мен конак үйлердің арасында соншалык бейіл салып, сарп ұрып жүргендіктен, бұл астың каншалық ұлан-ғайыр уақиға болғанын байқа- магпы.
, Анығында, Бөжейдің асы бір Тобықты емес, тіпті, бұл өңір, бүл атырапта талайдан болмаған ас делінді. Молшылық, сый-сыяпат, рет сыпайылық - барлығы да үлгі-өнеге берерлік бопты.
Бүгінгі күн осындай ғып дақпыртын көрген кәрі-күртаң, жігіт- желең, катын-бала, әрине, бүл уақиғаны оңайлықпен ұмытпайды. Әңгіме етулері жаз бойы емес, күзге де, кыска да созылады. Дағды бойынша, мезгіл өтіп, уақыт алыстаған сайын, бұл астың айналасына талай қоспа әңгіме, жансақ жамаулар да жабысады. Сөйтіп, келесі жылдарда осы аста жыққан балуан, осы аста бәйгеден келген жүйрік, осы аста жақсы айтылған қалжың, жақсы сөзбен корінген шешен жандардың аты оқшауланып, ұмытылмай ере жүретін болады. Бұлай болатын себеп бар да, себепші бар. Ол сол ас берушілерден шығады. Ас өлік үшін ғана емес, әсіресе, тірілер үшін керек. Олар өлімді сылтау етіп өздерінің абыройын, атағын, мақтаныш, айдынын да асырады. Сондықтан асты кім болса сол жасамайды, тек жуан, бай, күдіреті күштілер ғана жасайды. Өмірде кедейдің асы деген ас болмайтын себебі де сол.
Ал атақтыға, жуанға, мыктыға жасалған ас, сол өліктің артқы тобын тағы ныктап, мықтай түседі. Сол үшін ас бергендер өз әрекетін жаңағыдай көпке әшкерелеуге ынтык болады.
Солардың данк беріп дәріптеуі бойынша Тобықты ортасы бұдан былай осы жылдарда туған баласының жасын Бөжейдің асымен санайтын болады. Ас жылы туған бала ғана емес, астан бірер жыл бұрын туған, бірнеше жыл кейін туғанды да сол астың “ар жақ-бер жағы” деп, асқар белден бастағандай, межелейтін болады. Бөжей асынын атағы сондай. Енді осы жыл түскен келін, осы жыл өлген жас-кәрі, осы жыл болған құдалық, бала сүндеттеу, күйеу келу де — баршасы да астың жылымен саналады. Тек адам жайы емес. Кейде кейіндеп барып атақ алатын бәйгелер болса, солар да Бөжейге ас берген жылы тай еді, құнан еді немесе іштегі құлын еді деп сөйленетін болады.
Ұлы дүбір, үлкен астың осындай боп, уақыт өлшеуіне айналып кететіні анық. Бірер буынға шейін ұмытылмастай есте қалатыны бар. Ерте күнде болған Төренің асы. Бопының асы дегендер дәл осындай боп, ұмытылмай келген.
Тобықты ішінің казір мол дабыры да сондай боп, ен жайлаудың барлык тау-сеңгірін, ой-өлкесін қатты жаңгырыктырды.
Міне, осындай ұлы дүбірдің арасында сол асқа жақсы қызмет етіп, жақсы атақ алған жандардың аттары да қазіргі күнде көптен-көп айтылып, ауызға ілініп кетті.
Асты жаксы баскарған Байдалы, Байсал, Сүйіндіктер бір төбе. Бірақ көп аузына олардан да бұрын ілінген жас кана жігіт — Абай аты бопты.
Айтушылар Абайды ен әуелі Кұнанбаймен шайкастырады. Тоңы жібімейтін, зәрі катгы кырыс әкені Абай катгы кінәлапты-мыс.
Талай мын қонақтың ішінде Абай күткен қонақтар өзгеше бір естен кетпес сый көріпті.
Барлык жиынның мейірімін түсіріп, тегіс баталарын алыпты. Сон-
дай бір жұртқа жаны ашитын, жақсылықты көксейтін, ақылы кемел бір бала шығыпты.
Бірталай үлкендер Зере мен Ұлжанға да көп алғыс айтады екен. “Бет нұсқайтын — Зере. Ел анасы боп, көптің тілеуін, көптің амандық, тыныштығын тілеуге түскен кісі ғой. Немересін баулып отырған өзі екен. Бірак ак сүті ақталыпты” десіп бір қонысатын. Баласына өзі еріп барып, жөн-жосыкты үнемі айтып, талмай еңбек еткен үлгілі ана Ұлжанды да мақтасатын. Бұл әңгіменін бәрі де Абайлар ұйықтап жаткан шақтарда, беренін аулына жан-жақтан ағылып келіп жатқан-ды. Тіпті, Көтібак, Жігітек, Бөкенші жайлауларынан келген бөгде кісілер де осындайды айтып келді. Көкшені аралап, Баканасты бойлап жүріп қайтқан Қаратай да қостап келді. Қазбаланың бойындағы Бөжейдің өз ауылдарынан тараған хабар да сондай екен. Баканас, Байкошкардың аяк жағын жайлайтын дуаны басқа Керей де тегіс солай есітіпті. Абай мен Ербол үшінші күні тұрып ап, өзен бойына барып, ұзақ жуынып, шешелер үйіне шайға келген еді.
Зере немересін өз касына шақырып ап, катар отырғызып, алдына шайын ұсынды да:
— Айналайын, қоңыр қозым,—деп, арқасынан кағып, маңдайынан иіскеді. Ұлжан бір табакка салған тоңазыған бас пен жамбасты Абайдың алдына қойып:
— Мынау сенің адам болғаныңа арнап, шешелеріңнің атап сойған малы еді, жеңдер’ — деді.
Абай таңданыңқырап сөйледі:
— Апа-ау, бұ ненің ақысы?
— Сенің кешегі күнгі еңбегіңе ағайын-анжы ырзалық айтыпты. Ұйқы басып, не білдім дейсің екеуің! Жұрт мақтап жатыр! Адам бопты дейді. Соның ақысы!
— Тәйірі, еңбек дейтін қай тауды кұлатыппыз. Көппен бірге қонақ күткеніміз бе? Бірақ, әйтеуір, сорлы қозының өліміне сылтау таусылған ба? Желік, Ербол, кел! — деп Абай етке кірісті.
Арада үш-төрт күн өтті. Бұл уақытта Ербол тағы да өз ауылдарына кетіп еді. Енді бүгін қозы жамырап жатқан кезде астындағы ақ сұр атын терлетіп, қатты жүріп кеп, дөң басында жалғыз жүрген Абайды тапты.
Жолдасының асығып келгеніне Абай бұл жолы жақсы үмітпен қарады.
Талайдан бері Тоғжан жақтан Абайға тәуір сәлем әкеле алмай жүрген Ербол, қазірде сөз бастамай тұрып, әуелі Абайдың басындағы тымағын жұлып алды да:
— Шүйінші! — деді. Екеуі де іштерімен танысып, күлісіп жіберді.
— Жол болайын деп тұр, не қыласын! — деді Ербол демігіп күліп тұрып. — Сүйіндіктің кіші баласы Әділбек бүгін қайнына жүрді. Ұрын кетті. Қасына Сүйіндік, Асылбек — бәрі де ере кетіпті. Көптен бір сөйлесе алмай жүр ем. Әділбек сезіктеніп ап, мені жақтырмайтын болған соң, Тоғжанның өзі түгіл, жеңгесіне де жолай алмадым ғой. Ал бүгін түсте
барып, Асылбек отауында кымыз ішіп отырып, жеңгемен әбден кеңестім. Тоғжан сені сағынып жүр. Қайта-кайта аузына ала береді дейді. Оның үстіне жақсы атағың елге жайылып, мактаушы жұрт екеумізге көп болысқан, білем. Осы өңірдің жасында Абайға тең жігіт жоқ кой деп, жеңге мен қайын сіңлісі қоса мақтасыпты. Енді өлген де бір, тірілген де бір. Дәл осы күндерде барып көздеріне бір көрінші. Соған келдім. Барлык жайды жолда сөйлесеміз. Тез, ат алғыз да бірге жүр! — деді.
Байлау осы. Абай катты толқып, қуанып кеггі. Екеуі ымырт жабыла бергенде Бокенші жайлауы — Жәнібекке тартты.
Абайдың мінгені ақ жал, сары жорға ат. Ерболдікі аксұр. Екеуінін шапан, тымақтары да сұрғылт түсті. Жеркылаң мінген, қылаңнан киген екі жігіт кешкі салқынмен есіп жүріп кеткенде, кер бетеге, боз көденің арасынан зорға көрінгендей. Түстері де, жүрістері де көзге түспей, ұрла- на жүруге бейімделіп апты.
Қара адырдың сыртымен жүрсе, жолшыбай ел калың, көзге түседі. Екі жас жігіттің мезгілсіз, түнделетіп жүргені сезікті көрінеді. Сондықтан бұлар Тезектің Қарашокысын бауырлап, жазықпен тартты. Жол қашаңдау келетін болды. Бірақ оны есеп қылмай, асыға жүріп, ақ жал аттың қатты жорғасымен келеді.
Аздан соң ай туып, аса бір тынық, жым-жырт, жайлы түн жылжып келді. Ак дала, алыс адырлар жеңіл, көкшіл тұманға батып, түн жібегін оранғандай. Момын, сұрғылт, елсіз дүние мұңға бейім. Биік көк жапанда жалғыз жүзген жүдеу реңді жарты айға карап, Абай күрсініп қояды.
Тоғжанды ойласа, Абай көңілі де бүл шакта арылмас мұңмен жүдейді.
Тіршілік бұны жігіт егіп өсіріп, жастық дәуреннің таны аткан шакта, сол аспанның асыл, әсем нұры бұл үшін Тоғжан боп танылып еді.
Кіршіксіз таза көңілдің бар киялы осы ғана. Бірак екеуінің арасына өмірдің үлкен бөгеттері, қарсылығы кеп төнді. Алаңсыз тілек, аласыз көңіл кол созып еді. Болмады! Бұның аяғында тұсау, оның басында ноқта. Енді міне, екеуін как айырған еріксіздік үстінде, бұлардың жүректері ғана бір-біріне талпынып ұмтылады. Бірак шынжырларын сезіп, шерлі мұңмен, өксік өкінішпен ұмтылады.
Қарқаралыдан қайтқан соң, Тоғжанға бір сәлем жолдап, көріспекті тілеген. Соған Тоғжан шыдамапты. Амалсыз ренішпен қиналып отырып шыдамапты:
— Көрісерлік не бар? Нені тілеп көрісеміз? Өзі соны сезбей ме? — деп, жүрегіне түскен каяуын сездіріпті.
Соған Абай ем таба алмады.
Рас, Ділдәні Абай сүйіп кайткан жок. Бірақ ендігі өмірге тағды- рындай көніп кайтты. Тоғжанның да Мөмбетейде атастырған күйеуі бар. Жалғыз-ақ ол бар екен деп, Тоғжан да ынтығып тұрған жоқ. Қайта Абайды сүйгелі, өзінің қайын жұртын ойламауға тырысатын. Жүрегі үркіп, жатырқап жүретін.
Абай бірак кайындап кетті. Енді кайтып көрсетпестей қиын белден асып кеггі. Тоғжан сол күндерде оңашада көп жылаған, жүдеп калған.
Катгы жүрген жігіттер ел жатар кезде Жәнібектің тұсына такады. Жалғыз-ак, жұрт жатып калды, көрісудің орны болмас десіп өкініп келе жаткан.
Жәнібектің кен шалғынды мол өлкесінің екі жағасы биікше сар кабак болатын. Соның батыс жактағы бір беліне кеп шыға бергенде, Абайдың құлағы алыстан талмаурап келген әнді шалып калды. Ербол да есітіпті. Дәл жотаның өзіне шығып, екі жігіт аз тоқтағанда ән айқынырақ жетті. Қосылып салған ән екен.
Күзетші әйелдердің әні сиякты. Жолаушылар тау басына бөгелмей, ойға карай құлады, ұзак, кең өлкенің бойы жыпырлаған ауылдар. Қораларының орталарында, үйрім-үйрім көбіктей боп, калың-қалың қойлар жатыр. Оттар ошкен, елсіз, жайын аралда катар-катар тізілген каз, үйректің ұяларында ағарып, дөңгеленіп жататын жұмырткалардай боп, ай астында манкиып, түндіктері жабық боз үйлер тұр. Алты-жеті үй — бір ұя. Он-он бір үй — бір ұя. Төрттен-бестен бір ұя жасап, дөңгеленіп тұрған ауылдар да бар.
Осы өлкенің бойында, барлык ұйқылы ауылдардың үстінен қалқып ән келеді. Жігіттер ілгері басқан сайын, ән айқындап, шақырып тұр. Өлкенің дәл ортасын как жарып өтетін кішкене өзен бар. Соның екі жағасы селдір біткен аласа тоғай. Абайлар сол тоғайды кұлдап төмен тартты.
Ербол енді аңғарды, ән Сүйіндік аулының тұсынан шығып жатыр екен. Сол ауылдың ар жағында Ерболдың аулы. Бұлар өн айтқан ауылдың үстінен өтетін болды. Жүрістері бәсеңдесе де, әлі де ақ жал аттың сумаңдаған жол жорғасымен келе жаткан.
Жалғызаяк жолмен кеп, өткелден өтіп, тоғайдың ар жағына шығысты. Кеңірек алаң бар екен. Сүйіндік аулы көрінді. Ән енді, тіпті, жакын естілді. Шырқап естіліп жаткан “Топайкөк” әні.
Абай мен Ербол Бошаннан үйреніп келген жаңа өн бұл өлкеге жайылып калған екен. Нәзік сұлу дауысты әйелдер “Топайкөктін” кейбір ырғағын теріс айтады.
Тоғайдан етісімен Ербол барлық жайды тез аңғарды:
— Бәрекелде, мына қызықты қара! Мынау ауыл алтыбақан теуіп жатыр’ — деп тоқтай калды да: — Ойбай, жақсы болды! Тура барайық! — деп еді. Абай аттың басын іркіп тоқтап қап:
— Тұра тұр!—деді.
Оншалық араласы жок ауылға ойын іздеп келгендей, мезгілсіз баруды Абай ыңғайсыз көріп еді.
— Барсак та атты тастап жаяу барайық. Кейінірек барайық. Әуелі сіздің ауылға түсейік! — деді.
Мұны Ербол мақұл көрген жок.
—Әдейі келген кісі болмаймыз! Есебін өзім табам, жүр! — деп, ілгері тарта берді. Абай екі ойлы болса да, Ерболға сеніп, еріп кетті.
Алтыбақан Сүйіндік аулынан кдшандау жерде, кең аланда екен. Ойынға жиылған жастар калың көрінді. Кәмшат бөрік, мақпал шапан, жібек шапан киген қыздар көп. Араларында қынай бел, әсем камзол ғана
киген кыздар да жүр. Шолпылары тоқтаусыз шылдырлап, көп үнге салады. Ак шаршы, кестелі кимешектерін әсем ғып салған күлкіші келіншектер де көп. Балалар да мол екен. Жігіт жағы сиректеу көрінді.
Мыкты ғып құрылған биік алгыбакднда сұңғақ бойлы екі қыз әлпен- шек теуіп тұрып, жаңағы “Топайкөкті” өлі шырқап жатыр. Абайлар тоғай ішінен шығып, сумаңдаған аяңмен дәл қастарына жеткенше, сауықшы топ байқамапты. Алтыбақанның қасына келе бере екі жігіт:
— Ойнар көбейсін!
— Сауық молайсын! — десті. Қыздар іркіліп қалды. Келіншектер екі жігітке карай жақындап келді. Араларында Асылбектің әйелі мен Сүгірдің келіндері бар екен.
Барлығы да Ерболды танып:
— Ербол! Ербол ғой!
— Қайдан жүрсіндер?—деп, сонымен сөйлесе бергенде, Асылбектің келіншегі Абайды танып:
— Абай! — деп, жарқын жүзбен амандасты.
Абай аты аталғанда, әлпеншек тоқталып, ән де басылды.
Алысырақ ауылдың сыйлы жігіті келгенде, бұл топ бөгелендеп калған. Алтыбақан теуіп тұрған Тоғжан мен Сүгірдің қызы Керімбала екен. Екеуі де тақап келді. Абайдың көзі Тоғжанды өлдекашан танып тұрған. Топ ішінде ұялыскандай шолақ кана амандасты. Бұл жиында барлық жұрттан еркін Керімбала екен. Бойы Тоғжаннан аласарақ. Құлағында үлкен сырғасы бар, ашық дауысты, күлегеш Керімбала Абаймен амандаса сала:
— Ал ойынымыздың үстіне келіпсіндер. Жатыркамандар! Аттарыңнан түсіп, алтыбақан тебіндер! — деді.
Өздігімен сөз бастауға ығысып тұрған Асылбектің келіншегі Керім- баланы тез қостап:
— Ал түсіндер! — деп күліп қойды.
Абайлар әлі де іркіліп тұр. Ербол әуелі өздерінің жайларын айтты. Мұндайда сезікшіл келетін жігіттер болады.
Олар әрі қызғаншақ, әрі жорымтал, аңдығыш. Соларға естіртіп:
— Мына Баканастағы Көкшеге бара жатыр ек. Жолшыбай кешігіп кап, біздің ауылға қонып аттанбақ боп келеміз, — деді.
— Енді қонатын болсаңдар, не сөзі бар? Ойынға да араласыңдар!
— Аттан түсіндер!
— Біз бастаңғы істеп жатырмыз.
— Тоғжан үйінің үлкендері жүріп кеткен соң, құрбылары жиылып бастаңғы істетіп жатыр. Әділбектің тоқымкағары да осының ішінде. Қызығымызға ортақ болыңдар! — деп, бірнеше кыз-келіншек шын шақырды.
—Түсіндер, аттарыңды байлап, тез келіндер! — деп, Тоғжанның жеңгесі соңғы сөзді айтты.
Ербол осы сөзді қостап:
— Ал мақұл! — дей берді. Керімбала бір жеңгесіне сүйеніп тұрып, ашык үнмен қалжыңдап:
— Ал енді, ойынымызды суытпай, тез оралыңдар. Қайындарынан жаңа кайтқан жігіттер ғой! Әндерін үйренеміз! Тамақтарыңды кенеп келіндер! — деді. Жұрттың бәрі мұны жақсы қостап, тегіс күлді. Керім- баланың ашықтығын, еркелігін бар жастар тұтас ұнаткан-ды.
Абайды көргелі үндемей, ойланып калған Тоғжан күлген жок. Бірак одан көз алмай тұр. Жас жігіттің үстінде желбегей киген жеңіл сұрғылт шапан бар. Ішінде ақ көйлектің сыртынан киген кара желеткесі көрінеді. Басында көкшіл сұрғылт жібекпен тыстаған жүка қара елтірі тымағы байқалады. Айға карсы карап тұрған ақшыл жүзінде жүдеулік бар. Ұнамды, ыкшам киім киіп, күміс ер-токымды сұлу ат мініп, ойда жокта келген әсем жігіт қазірде Тоғжан көзіне аса ыстық көрінді.
Абай мен Ербол тез келмек боп бұрыла берді. Ақжал ат бұған шейін шыдамсызданып, оң аяғымен жер тарпып, тізгінін соза түсіп, козғалак- тап тұр еді. Қазір де бір рет көлбең етіп, бұлаң берді де, сумаңдай жөнелді. Үстіндегі күміс тұрмандары айға карсы жарқ етіп барып, сөне берді. Ақжал аттың күлте құйрығы да ай астында күміс ағын төгілгендей жалт етті. Енді иреңдей түсіп, бұлдырлап, ұзап барады. Тоғжан алтыбақанның бір ағашына кеп үндемей сүйеніп, жым-жырт тұрып қапты.
Қайын сіңлісінің катты өзгерісін елден бұрын сезген жеңгесі. Ол сырт көзден өз сырларын жасырам деп, Тоғжанды құшақтап алды да, қонаққа әзірлейтін ас жайын сөйлеген болды. Такап келген келіншектерге ас жайын ақылдасып тұрмыз деп, тоқтата жауап беріп, өзі Тоғжанның құлағына сыбырлап;
— Еркем, ән сал!.. Әйтпесе, мына жұрттың сөзі мен көзі саған қадалғалы тұр! Уакып бол! — деді.
Осы кезде Керімбала жүгіріп кеп, Тоғжанды әлпеншекке карай тарта жөнеліп:
— Абай осы ғой? Анықтап көргенім осы ғана! Келгені жақсы болды ғой! Қайнының әнін өзіне айтқызып, жақсылап үйреніп алайық, жарай ма? — деді. Тоғжан үндемеді. Керімбала жалт карап, ақсия күліп:
— Сен немене? Ұяламысың? Ол бір егде кісі ме еді, өлгенше? Қой, “Ұялмаған бұйырмағанды алады” деген. Қайда өзі? Қазір-ак әнін айтқы- зам, тұра тұрсын! — деп, әлпеншекке Тоғжанның карсысына мінді де, “Топайкөкті” кайта шырқай жөнелді.