Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов
Аты: | Абай жолы 1 кітап |
Автор: | Мұхтар Әуезов |
Жанр: | Литература, роман |
Баспагер: | |
Жылы: | 1997 |
ISBN: | |
Кітап тілі: | Қазақ |
Жүктеп алу: |
Страница - 15
Тоғжан іркіліп, қосылмай қалды. Керімбаланың үлкен сұрғылт көздері, әдемі кызыл жүзі, ерке күлкісі ешбір дүниеден именген жок. Шолпысы сылдырай түсіп, сақылдап, рақаттанып күліп қойып, өнін жалғыз өзі айтты. Кеткен беттен көп бөгелмей Абайлар келді.
Келісімен Ербол ойынды меңгеріп, өзі бастап кетті. Керімбаланың жеңгесі Қапа, Тоғжанның жеңгесі және Ербол үшеуі алтыбақан тебу қонақтың жолы деп кеп, әлпеншекке Абайды мінгізген.
Қыз-келіншек тербетіп тұрғанда, жігіттің қарызы — өн салу. Абай енді әлпеншекті теуіп тұрып, іркілместсн әдемі шырқау ән бастады. Қар- сысына мінген Керімбала болатын. Ол жаңағы “Топайкөкті’’ айтайық деп өзі тілеген. Бірак қосылғанда теріс айтты. Жалғыз қайырмасы емес, орта тұсында бұзып айтады екен.
Тыңдап тұрған қыз-келіншектер:
— Абайдың айтуы басқарақ’
— Керімбала теріс айтады!
— Тентегім, сен теріс айтып жатырсың!
— Үйреніп, еріп айтсаңшы! — десіп, Керімбаланы каға берді. Керімбала ұялған жок, күліп жіберіп, тоқтады да:
— Ал, ендеше, баска бірің айта ғой! Тоғжан! Ал, Тоғжан, сен айт! — деп, ерікке қоймай Тоғжанды жетектеп әкеп, өз орнына мінгізді. Өзі жіптің бір жағын алып, Абайларды аспанға тербете бастады. Тоғжанның келгенін өзгелер де костады.
Құлаштай сермелген әлпеншекке Абай мен Тоғжан кезек-кезек биіктей түсіп, теңселіп тұрып ән шыркасты. Тоғжан алғашқы бір-екі ауыздың тұсында Абайды тындап айтып кеп, үшінші ауызға келгенде, еркін сермеп қосылды. Бұрын жаңылыс айтып келген жерлерді Керімбаладай емес, оңай түзеп алды. Ербол мен өзге тыңдаушының бәрі де:
— Ә-ө, жаңа түзелді!
— Тоғжан оңай үйренді!
—Ән жана келісті! Айт, айтыңдар... пәлі! — деп тегіс құптай жөнелді.
Жақсы жігіт, сұлу кыз — соншалық бір ерекше жарастықпен, жақсы үйлесті. Тоғжан жүзі айға қарсы келгенде Абай өзгеше бір нұр көрді. Бетіне жұқалаған кызыл сәуле беріп, іштегі терең сырдан, дос көңілден белгі етті. Сағынған сүйгенінің жанына жаны ұмтылып, айрылмаска, кетіспеске серт еткендей. Қазіргі әсем өнмен үйлескендері бауырға кіріп, жабысып тұрып құшканнан да жақынырақ, күштірек сиякты. Ырғағы көп сезімді сұлу өнге екеуі де бар шындығын тапсырып, бар сырларын бөледі. Ән айтқан жок, екі бірдей ынтық жан кауышып табысқан шаттыкайтты. Бар жиынға, бар дүниеге, барлық жұлдызды аспан, жарқын айға да: “Көрші бізді, кінәлап көрші!” дегендей.
Мінсіз сырына шындап берілген Тоғжан тоқтамай айта берді. Абай бір шақта, жас сұлудың жүзінің бала қуанышын көрді. Бақыт күлкісіндей бір рақат, ырзалық елес беріп, Абайға қадала қарап езу тартты. Келгеніне, тапканына сүйсініп, ішінен алғыс айтқан тәрізді. Қарлығаш канатының ұшындай боп, айдай сызылған жіп-жіңішке қастары көтеріліп-жа- зылып, Абайға өзгеше бір үн каткандай болды.
Бағанадан бері соншалық көп, тілсіз сәлем жолдаған Абай, енді әннің сөзін өзгертіп алып, басқаша айтып кетті. “... Сағындырған ғашық жар, ынтығы іште жүрген шерлі досын кінәлаудан токтар ма екен?.. Бар дүние, бар сырын, барлық бақыт тілегін бір өзінің шұғыласына құрбан етем деп келсе, не дер екен! Сол күнде де катгы болса, кайта серпісе, әділдігі, ракымы кәні?.. Ол шақта үміт бермей өртемес пе еді? Кінәламай, жазаламас па еді? Сондай қаталдықты көрерлік ғашығы қанша ғайыпты еді?” деген бір өзгеше сыр кетті.
Тоғжан алғашқы бір аузына тыңдай ғана ерді де, тоқтап калды. Сөз бұл өңірдің айтып жүрген белгілі өлеңі емес. Мәнін, шынын жалғыз Тоғжан өзі ұкты. Нұрлы кара көздерін төмен салып, үнсіз мүлгіп тыңдады.
Абай жалғыз өзі төрт ауыз өлеңді, сыры терең “Аққайың” әнімен айтып барды да, баяу ғана токтады. Жүрегі барлық бүркеулі шынын да, ыстық жалын сырын да осы әнге, осы арадағы өз сөзіне салған. Ол акын боп, мұңды жар боп шешілді. Осы әнніңтұсындағы Абай Ерболдың күнде көріп жүрген жолдасы емес. Көз алдына өзгеше боп өскелендеп, самғап шыққандай көрінді. Ән басылды. Абай әлпеншектен түсті де, шетірек шықты. Қасына Асылбектің келіншегі кеп, әнші екенсің ғой дегендей мақтау айтып тұр еді. Құр әдеппен жымиғаны болмаса. Абай оның сөзін аңғарған жоқ.
Алтыбақан касындағы ән мен ойын тағы біразға созылып барған соң, Ербол тың ойын бастады. Онысы — “ақсүйек”, содан кейін “серек құлақ” еді. Жастар тегіс қатты даурығып, шулап жүріп, үлкен желікпен ойнады.
Серек құлақ ойынында касқыр болған Ерболдың өзі. Ол "қой” алып кашатын. Абай көп қыздар мен келіншектердің арасында калжындасып отырып:
— Мен кой болам! — деген.
Ерболдың көп есебі бар екен. Ебі шебер касқыр болды. Әуелі бір- екі келіншекті, қыздарды алып кашып, далаға тастап, содан кейін бір кезде Абайды алып қашты. Жүгіртіп әкетіп бара жатып жолда:
— Сен анау шоқ талдың түбіне барып, мені аңды! Аздан соң Тоғ- жанды алып кашам! — деді де, кайта салды.
Абай тал арасында тұрып, Тоғжанның “қолды болуын” тосты. Көп күткен жок, Ербол алып қашты. Бірак, бұл жолы “кой” алу оңай болған жоқ. Көп ішінен, әсіресе, Керімбала катты айқайлап ұмтылды. Тоғжан- ды Абай тұрған жақтан баскарақ бір ағашка апарып, оған да бірдеңе айта салып, Ербол кайта шауып кетті.
Абай бұл кезде Тоғжанның жанына қалай жеткенін білген жок. Екеуі калын ағаштың арасында, ай сәулесі үзіліп түсіп тұрған бір алаңқайда кездесті. Бір-біріне ұмтылып келгенде, Тоғжан жылап жіберіп, Абайдың құшағына кіре берді. Жаска толған көздерін сүйген жігітінің төсіне басып тұрып қапты. Екі иығы шошынып кысылғандай, дір-дір етті.
Абай:
— Тоғжан, жыламашы! — деп, шашынан ғана сүйіп, катты құшақтап қысып тұрғанда, Тоғжан басын жоғарырақ көтеріп:
— Көрісейікші бір! Сағындым! — деді.
Дәл осы уақытта:
— Тоғжа-а-а-н! Қайдасын? Қасқырға берер Тоғжаным жоқ! Жүр, — деп айғайлап, күліп жүгіріп келе жаткан Керімбаланың даусы естілді. Абай Тоғжанды асығып кысып, бір-ақ сүйді. Қызарып толқыған ыстық бетінен сүйді. Керімбаланың жақындап калған сыбдыры естілгенде, Тоғжанның бөркін түзеп кигізді де:
— Ертең тос! Есебін тауып көреміз! Келемін! — деді. Қалың жапырақ арасынан түскен ай сәулесі, теңгедей бір жарығын Тоғжанның оң көзіне түсірді. Кірпігінде үлкен бір тамшы жас іркіліп тұр екен. Қаста-
рына Керімбала жүгіріп келгенде екеуі жай ғана катар тұрған. Керімбала әдемі ак тістерін ақсита күліп, бөркін шекесіне салып, бар денесімен бұраңдап, ойнай келіп:
— Е-е, мұнда ма едіңдер? Қозымды каскыр жей ме десем, қойдың өзінің де жегісі келе ме, қалай? — деп, барынша шаттанып күліп, Тоғжанның иығына бетін басты.
Жазықсыз ерке қыздың күлкісі сияқты. Бірақ мынандай ойдағы- сын ірікпейтін Керімбала, қазір айтқанын көпке де айтуға мүмкін.
Абай соны ойлап:
— Жала жаппаңыз, Керімбала! Басымызға күн туып, қолды болған соң бізге не жазық бар? Амал кане? Мұңымыз бір болғандыктан кездесіп тұрмыз! — деді.
Керімбала күлкісін тыйған жоқ:
— Әй, білмеймін, кімге салсақ та, құлқыным таза дей алар ма екенсіз, Абай? — деп сезігін айта бастады.
Мына сөзі әлгіден де жайсыз. Тоғжан ашумен тыймақ болып:
— Қойшы, Керімбала! Күлкінің де орны бар ғой. Не деп барасың өзің? — деп ұнатпай қалды. Керімбала Тоғжанға жалт етіп, ренжіп қарады.
Абай бұл қызды ашумен тыймай, майда мінезбен тыймақ.
— Керімбала, жұрт аузы жеңіл ғой! Ұшқары қалжың құрбыңа ауыр тиіп, жазықсыз жаманат келтіруі мүмкін. Ондай сөзге жұрт алдында сақ болу керек емес пе? — деді.
Керімбала бұл сөзді дұрыс түсініп, кайта күліп жіберді. Қазір ұялып күлгендей. Мінезі жақсы, жүрегі таза баланың ұялған күлкісі тәрізді. “Тоғжанды ренжіттім бе?” дегендей боп, құшақтай алып, ерте беріп:
— Ал енді ашуланба! Ендігәрі айтпай-ақ қояйын! — деді.
Үшеуі де топка кайтты. Осыдан әрі көптің ойыны созылса да Абай мен Ербол бөгелген жок. Ертең ерте жүреміз деп, ауыл иелеріне рақмет айтып, асқа да карамай кетіп калды.
Келесі күні айткан сөздерін актағандай боп, екі жігіт Баканаска кетті. Қаратайдың аулына барып түстеніп, кеш батканша сонда болды да, сол күні ымырт жабылып, ел аяғы басылған соң ғана Жәнібекке қайтты.
Акырын жүріп, дабырламай келді. Жерқылаңтүстее жігіттерді иттерде байкамай қапты. Ауылдың шетінде отырған Ербол үйіне жым-жырт кеп түсті.
Осы түн ел әбден ұйықтаған кезде, Абай мен Ербол үй тонайтын ұрыларша жасырынып бұғып, егггеп басып кеп, Асылбек отауының есігіне жетті. Екеуі де киіз есікті жамылып тұрып, іштегі ағаш есікті ашудың амалына кірісті. Үй ішінде ояу жаткан әйел бар екен. Шолпы сылдыры естілді. Кәрі кісі болмау керек. Бұл үйде шолпы тағарлык екі-ақ кісі болуға лайык. Оның бірі — жеңге, бірі — Тоғжан.
Ойлағандай жақын адам, жігіттерге:
— Акырын! — деп сыбыр етті де, есікті өзі ашты. Үй іші қараңғы. Жігіттер үйге кіргенде, жаңағы дауыс тағы сол сыбырмен:
— Абай... — деп дыбыс берді.
Абай кодын созды. Кимешегі бар жеңге екен. Абайды кодынан ұстап, төрге карай жетектей берді де, артына шала бұрылып Ерболға:
— Сен кайта бер! Өзі барар! — деді.
Дұрысы сол еді. Ербол ақырын басып, кайтадан шығып кетті.
Абайдың ілгері созып келе жаткан оң колы жібек шымылдыкка тиген кезде, алдынан карсы қозғалып келе жаткан Тоғжанның ыстық саусақтары мұның бетіне тиіп еді. Екеуі де шапшаң ұмтылысып кеп, катгы құшақтасты да, ұзақ-ұзақ сүйісіп, үнсіз жабысып тұрып калды. Дірілдеген демдері қосылып, ыстық еріндері енді айрылмастай табысқан-ды...
Тып-тыныш жаздың таңы сар қабақтан баяу атып, түріліп келе жаткан шақта Абай мен Ербол Жәнібектен жөнеле берді.
Аз ғана жүріп, карсы кабактан асты. Ай батқан, жұлдыздар да сиреп, бір-бірден сөніп жатыр. Боз көденің арасынан үркіп ұшқан торғай- лар аспандап ап, қалықтап тұрып сайрай бастады.
Абай жүрегі де сыр мен жырға толы. Жеңіл тымақтың бір құлағын жымырайта киіп, сары жорға аттың жайлы бір жүрісіне салып, Ботакан- ға қарай беттеп келе жатып ән бастады.
Ауылдан бірталай ұзап кеткен соң, Абай барлық ашық сұлу даусы- мен аса бір сезімді ырғаққа салып, көп жырлады. Жүрегін толтырған қуаныш та, назды мұң мен толқынды ыстық ой да — барлык пердесіз, қытықсыз шынын осы әнге табыс еткен. Сөзде бөлек... Қайдан шыққан? Қашан айтылған? Қандай нәзік жан осындай боп, бар шынымен сүйе білген? Мәлім емес. Шырқап келеді. Бір тоқтамай, мүдірмей, соншалық бір шебер жүйрік тіл тауып, жыр самғайды.
Қандай жолмен, қанша жүргенін де білмейді. Бір шақта Ботакан ошағында отырған ауылдардың төбесі көрінді. Абай сонда ғана әнін тоқтатып, Ерболға карады.
Жолдасы Абай күйін ұккандай боп, жымиып кана күліп, сүйсіне карап келеді екен. Абай атының басын іркіп, токтаңкырап тұрып, Ер- болды ат үстінен құшақтады да:
— Ербол, сынама мені! Өмірде атын ғана есіткенім болмаса, бақыт деген не? Шын шаттық деген не? Дәл осы түнге шейін соларды таныған да, татқан да емес ем. Несін айтасың? Көріп келесің. Жайым, барым сол емес пе? —деді.
Осы күннен соң, аз уақыт ішінде, Жәнібек жакка Абай тағы барды. Бірак оз қызығының жақсы дәурені біткен екен... Асылбек, Әділбек- тер қайтып кепті.
Келісімен Әділбек суық сөз есітіп, сезіктенген бе? Жаман бүлініп, жеңгелерін де, малшы-көршілерін де қатты бүріпті. Аулына өлердей сақ аңду койып, әлдекімге өшіккенін айтыпты.
— Аяғын Жәнібекке карай басып көрсін! Тірі кетпейді! — деп ке- сесіпті. Жол қиындап, жарық айды бұлт басты.
Онсыз да араздығы көп елдерді енді мынадай іспен өшіктіру, ая- мастық сиякты. Амал құрып, тағы да бір айықпас қасірет келді.
Осы кезде ел жайлаудан кайтып, ауыл-ауылдың аралары кашыктап кетті.
Абай өзін-өзі не күйде, не деген делсалдык дерт үстінде жүргенін аңғара алмай жүрді. Бар дүниеге гүлі солған, шырағы сөнген тұлдырдай карап, жүдеп кетті.
Әке-шеше өздері ұйғарып, бұйырды да, мұны тағы да кайнына жүргізетін болды. Жалыны да жок, тілегі де жок сұлык көңілмен Абай көне берді. Айдалып кеткен кісідей Қаркдралыға кетті.
Бұл жолы ай жарым жүріп, Ділдәні алып келді.
Бұл уакыт елдің кыстауға қонатын шағы. Өз ойының әуресімен жүріп және кайындап кетіп, Абай ел ішінің жайларынан окшау калған екен.
Осы күзге Құнанбай тағы да бір топ жанды қырына алыгтгы. Ендігі кезек — Құлыншақ аулынікі. Анау кездегі “бәле басы сол” деп, “көшіп кетті, жауға кетті” деп, бұларға көптен тісін басады екен.
Жер жағдайымен күздігүні өз қыстауларына қарай көшкенде, Құлыншақ аулы Құнанбайдың қасына кепті. Келгенде, былтырғы тобынан жырылып, жалғыз ауыл боп кепті.
Абай кайтып келгенде, Құнанбай сол Құлыншақтың Садырбай, На- данбай деген екі баласын Жетісуға жер аударып жіберіп, Мұңсызбайды кепілде болсын деп, Жакып аулының шетіне қондырыпты. Құлыншақ Манаспенен жалғыз үй калған. “Баламды ұрдың, інімді масқараладың” деп, малдарын да тізіп алып, айып-анжыны да баса салыпты. Ағайын ес жиярлық мезгіл бермей, ара түсердің бәріне білдірмей, бір-ақ күннің ішінде осыны етіпті де, баяғысынша түк болмағандай, “аксарбасын”, “көкқасқасын” айтып, ру басшыларын жиып, конакасысын көпіртіп жүре беріпті...
Абай кайтып келгенде, жұлыскан тартыс жоқ. Біракауыл үй, ағайын арасы тағы да томсарған наразылыққа, бітеу жараға толы екен.
Қияда
Абай үйленгелі бірнеше жыл болды. Ділдә түскен жылдың келесі көктемінде бұлардың үлкен баласы Ақылбай туды. Екі жыл өткенде Күлбадан деген қыз туды. Ол бүгінде бірден асты. Қазір Абай үшінші баланың әкесі болғалы жүр.
Ділдә екіқабат уақытында бірнеше айдай ауру адам сияқты болатын. Ас батырмау, басы айнала беру, ағарып, жүдеп, төсекке жантая беру мұның салты боп алған.
Аз жылдың ішінде бірнеше баланың әкесі болса да, Абай әлі өзінің осы халіне үйреніп болған жоқ. Оған үйлеріндегі үлкен шешелер де себеп болды. Акылбайды Ұлжан өзі бауырына салып, өз баласы кып алды. Тілі шығып қалған Ақылбай бұл күнде Абайды әкем екен деп білмейді. Жай анда-санда ас басында көрініп кететін көп үлкеннің бірі, бөгде таныстай көреді. Абай да оны ыстық көріп, бой тартқан емес. Өйткені, ол бала мұның жастығына зорлық еткендей боп, тіпті, ерте туды.
Ең алғаш 17 жаста Абай әке болды. Үйленудің өзі бір тәңір кұдіретіндей амалсыздық күні еді. Соның артынан ес жиғызбай, ілесе келген әкелік, тіпті, бір мазақтай, катал зорлықтай көрінген.
Алғаш Ақылбай туған күні Қаликадай жеңгелер:
— Балалы болдың!
— Енді, міне, сен әкесің!
— Қайырлы болсын!—десіп, күліп қамалаған болатын. Сонда Абай бір ұялып, бір қиналып, не қыларын білмей, атына мініп кетіп калған. Аулына үш-төрт күн өткенде бір-ак оралып еді...
Кішкене Күлбаданды да Абай өлі танып болған жок. Ол да күні бойы шешелер үйінде, солардың бауырында болады.
Ділдә бейнелее, ак сары, мазасыз қыз кеш болғанда ғана отауға келеді. Абайды әкелікке еріксіз көндірем дегендей боп, Күлбадан түні бойы ұйқы бермей жылайды. Сонысынын өзімен де, ол жас әкемен екі арасын бітімсіз кып қойды.
“Тыныш ұйқыдан кісіні шаяндай шағып оятады” деп, Абай оны “Сары шаян” дейтін.
Қазір сол Сары шаян тағы да жылап отыр. Кеш батып, үй іші қараңғы болса да, Ділдә от жақпапты. Өзі шымылдықты түсіріп, биік төсектің алдына көрпе-жастық салып, жантайып жатыр. Күлбадан шешелер үйінен жаңа келіп, төсекке жатпай, қиғылық салып отыр екен.
Абай бір топ кісімен үйге кірді. Тыста боран. Бұлардың үстері тегіс калың қар, қырау... Үйге шұбатыла кіріп, мол аяз алып келді.
Тыстан кірген суық пен көп кісінің дабырынан тынышы кеткен Ділдә басын көтерді...
Абай тымағы мен ішігінің карын қағып жатып:
- Ділдә, жарык жақсаңшы! Тыйсаңшы мынау мазасызды!.. Болмаса, апарып тасташы анау үйге’ — деді.
Ділдә жарык жағып, шымылдықты түріп койып, қонақтарға көрпе салды да, Күлбаданды колына алды.
Күтуші қызыл келіншек отауға кіріп, Ділдәмен сыбырласып алып, қонақтардың қамына кірісті.
Бұл қонақтар Абайдың қазіргі уақыттағы жолдастары, жас жігіттер: Ербол, Жиренше, Асылбек және Базаралы болатын.
Орталарындағы үлкені—Базаралы. Сол төрге шығып, шешініп отыра беріп:
— Жаным-ау, мына құдайдың күні қайтеді? Тағы боран! Әлі боран! Жүтатты-ау! Ақсүйек кып жұтаггы-ау ел сорлыны! — деп, уайым айтып, ұзын кара сақалын ұстап, ойланып қалды.
Еңгезердей мол денелі болса да, аса сымбатты, нұр жүзді Базаралы казір отызға жаңа ілінген. Ақ елтірі ішігін желбегей жамылып отырып, таңдайын қақты.
Ділдә дөңгелек үстелдің үстіне шам әкеліп қойғанда, жігіттер айнала отырды.
Бұл кезде Абайдың да денесі ірілеген. Жауырынды, сүйекті боп калған екен. Бойы ортадан биіктеу. Сүйегі ірілеумен қабат, бұлшық еттері де толып, бар мүсіні балғын, кесек тартыпты. Бет пішіні де денесіне лайық дөңгеленіп, ірілеп калған.
Ұзынша қырлы мұрны көтеріңкі, үлкен. Жазық биік маңдайы шекесіне таман келгенде дөңкілдене түсіп, кең көсілгендей. Қыс суығынан бет, мұрны тотықса да келбетті маңдайы ақшылданып, айқындап тұр. Отты сұлу көздерінің ак, карасы өлі де тап-таза. Көзінің сыртқы шарасы том- пақтау және ұзынша біткен. Жіп-жіңішке боп кең созылған ұзын қастары мен ойшыл, отты көздері Абайды өзге жұрттың ішінен окшауырақ етіп тұрады. Жақсы туыс белгісі сияқты.
Әлі ұзармаса да, теп-тегіс боп,тебіндеп шығып келе жаткан коңыр- кай мұрты бар. Барлық тұлғасы сай келген кара сұр жігіт, сонау сұлу болмаса да, ұнамды, сүйкімді.
Оңаша отауға іріктелген жас жігіттер бұл кешті көңілді өткізсе керек еді. Бірак жаңа орнықпай жатып, Базаралы айткан уайым сөз бәрін де ойға салды.
Бұл жиынның Базаралыдан басқасы үш күн жүрген. Базаралы осы кеште ғана тау жақтан келген-ді. Қалың ел, көп кыстаулар сонда. Абай сол жұрттың жайын білмек боп:
— Немене, жұт өзі қауырт па? Жок, ойдым-ойдым ба? Көлемі кандай?—деп сұрады.
Асылбек, Жиренше, Ерболдар да Базаралыға қадала карап, хабар күтті.
— Анық жұт жаппай келмей ме? Бұл соның өзі ғой! Ел дегенде көпті айтамыз да... көп қысылды ғой!.. Мына боран айықпағалы, міне, үш күн болды. “Жыл мойны жакын ба” деп дәме қылысып еді... Көкек аяқтап,
мамырға да такадык. Бірақ ақпан-қаңтардай боп өлі қақап тұр. Енді не калды? — деп, Базаралы түніліп отыр.
— Қырылып жаткан кой ғой. Ал мына ірі кара жағы калай? Шың- ғыста одан үміт бар ма екен? — деп, Жиренше, тым күрыса, өзге малдың аман калары болар ма екен деп еді.
— Тобықтының малы жылқы мен қой емес пе? Ірі қара дегенде сиыр болса, ол кесел қойдан да жаман екен... Түйе де жұтка осал неме ғой... әйтеуір, колдағы малдың аманы болмас!., — деді Базаралы.
Шай үсті мен барлык осы іңірде жігіттердің әңгімесі елдің бүгінгі кысталаң халі туралы болды. Мал жұты ғана емес. Көпшілік, кедей көпшіліктің ашаршылыкка ұшырай бастағаны да білініпті. Соғымы тәуір ауқатты ауылдарға Шыңғыс ішінде ас-су іздеп шұбыра бастаған нашар- ларды да Базаралы коріпті.
Мұндайлардың алды осы Жидебайға, Абайдың шешелерінің үйіне де келіп жаткан. Бірер асым ет, бидай, тары болса сұрастырып, көмек әкетіп жатқан кемпір-шалдар бар-ды.
“Жұттан аман калар ел бар ма? Кдзірде тың тұяқ тұрған кімдер?” дескен уақытта, Базаралы:
— Аттөбеліндей аз ауылдар аман болар. Ырғызбай, Көтібақ, Жігітек, Бөкенші ішінде жақсы кыстау алып, жерді мол басқан ауылдар әзір қысылған жок, —деді.
— Әсіресе, Ырғызбай іші аман. Қыстаулық жері сайлы. Күзден алған пішені де бар, — деп, Ербол жаңада өзі көрген жайларын айта бастады.
Бағанадан бері үнсіз ойланып отырған Абай:
— Жалғыз Ырғызбайдың амандығы кімге медеу, кімге дәрі?—деді.
Базаралы Абайдың бұл сөзін ұнатып калды.
— Әйтеуір, күші бардың күйі бар болады екен. Құнекең әперген жер Ырғызбайды сақтайтын көрінеді ғой!
Абай қабағын түйіп, жалт етіп Базаралыға карап:
— Тәңір-аЙ, тартып алып жетіскеннің несі сөз? Ырғызбайдың иемденіп отырғаны жер ме? Көрінеу көздің жасы емес пе?
Асылбек пен Жиренше Абайдың мынау ашық сынына қатты сүйсініп, күліп жіберді.
— Япырай, Абайжан-ай, көптің көңілінде жүрсе де, аузы бармайтын сөзін өзің айтгың-ау! — деп, бағанадан бері уайыммен отырған Базаралы да жадырап калды.
Бұл жігіттер Абайдың әр жайдан шындасып сырласатын досы есепті. Әсіресе, Ербол бес-алты жылдан бері Абайдан айрылмайтын үзеңгі жолдасы боп алған. Сол арқылы Жиренше, Асылбек те Абаймен әбден жақындасып, кысы-жазы көп араласа беретін. Құнанбай болса, Абайдың дәл осы жігіттермен достығын сүймейтін. Сырттан бірнеше рет қатты сөйлеп:
— Ылғи кешегі жау ауылдардың бөлтіріктерін жиып апты. Дос тапқан екен! — деп тыжыртып, жақтырмай жүретін.
Бірак Абай өзі әке мінездерін сынағыш болғаннан бері, сол әкеден
қорлық көрген елдің кай-кайсысының болса да, сөз ұғар деген адамдарымен сырласа сөйлесе, әке мінездері, ел күйі, көптің мұңы сияктыны толык ұғынып, кең түсіне бастаған.
Абайдан екі-үш жастай үлкен болса да Жиренше, Ербол, Асыл- бектер бұл кезде әбден жақын құрбы-құрдастай боп ап, өз мандарын- дағы үлкеннен, кәрі-кұртаңнан есіткен шер уайымды да ірікпей айтып келе беретін.
Жалғыз-ақ мұндай бел шешісіп кеңескен сөздеріне Базаралы бұрын көп араласқан жоқ-ты. Ол өзі осы жұттың бұл өңірдің еліне аса қатты тистін бір себебі Күнанбайдан деп білетін. Жол бойы көріп келді. Кұнанбай оң қараған жуан ауылдар Ырғызбай ішіне малдарын айдап апарып, сонда жан сақтап жатыр. Ал Кұнанбай адам деп санамайтын аз ата, сансыз атсыз көпшілік болса, малы қайда барарын, басы кайда қаларын білмей, сендей соғылып жүр.
Өз ішіне талай түрлі ызалы, наразы ойлар жиса да, Базаралы өлі ешкімге тіс жарып айтқан жок-ты.
Енді Абайдан жаңағы сөзді есіткен соң, шешіле түсті. Көп ауыртпалықтың түп тамырларын қазбалап кеп:
— Көпшілік сорлы ғой. Санда бар да, санатта жок. Егесте сойыл соғар, еседе құм кабар. Атаусыз, жоқгаусыз кеткені ғой. Бүгін, міне, аппақ сүйек боп қырылғалы отыр. Кешегі “жақсы”, “басшы” дегендердің қайсысының қабырғасы қайысар екен?.. Көрерсіңдер ертең! Кім кынжылар, кім болысар екен’ — деді.
Абай Базаралынын өзгеден бөлек мынандай қамқор ойларына ішінен таңкалды. Жалғыз жүрсе де, Базаралы ел дауын шешен кып айтып, түкпірлеп ойлап жүрген сияқты. Өзі батыр бейнелі, өзі әнші, шешен Базаралы үлкендер сынынша бір тентек, сотқар көрінуші еді. Жалғыз жайылған сыйымсыз. Аузының дуасы жоқ. Ашы тілдің тыйымсызы боп аталатын. Казірде Абай байқаса, мына Базаралы ол емес.
Жұрт жайын ойлап жабырқау тартқан жастарға Базаралы:
— Жігіт болсаң, жігерің болса, мынау шұбырған елге пана болыңдар. Малың аманда жаның сақта... Әншейі нде есе бермесе, ең болмаса осындай кысылған күнде артығынан үлессін. Жерінен жайылыс берсін. Кыс- тау қорығынан пана берсін көпке’ Үлеске салсын жиған қорын. Елден ерек аман қалған Құнекең, Байсал, Байдалы, Сүйіндіктер мен тұтас Ырғызбай кімге тұлға болады? Бар ел жүген ұстап қалып, аштан шұбыратын күн болса, тіпті, оларды аман да отырғызбайды. Жер мекеніне босып кетуден бұрын, ең әуелі осылардың өзінде барды ұйпап кетпей тұра ма? Мұны ап-аман койып, өздері ауған қояндай құр жосып кетсе, оның, тіпті, елдігі кайсы? Кыскасы, ел кетпейді! Кетсе, тек кетпейді! — деді.
Бүл сөздері барлык жиынды катты ойландырды. Асылбек Базаралы дауының кейбір жерін теріс деп білген.
— Жұт деген киіз туырлықты казактың атам заманнан бергі зөулісі емес пе? Жалғыз бүгінгі күннің адамынан боп отыр ма? Сыңар езу кетіп, бір-ак жаққа салмақ сап отырсың... Осының оғат! — деді.
Базаралы дауласайын деген ойда емес. Көңіліндегі өзі ұғынған наразылық бетінен қайтқан жок. Асылбектің сөздерін: “Әкең Суйіндіктен келе жаткан жалтақтық қой!” деп, жақтырмай тыңдады. Асылбекке ажырая қарап, басын изеп қоя салды.
Жігіттердің осы әңгімесі аяқтала бергенде, аязды тыстан үш кісі кеп кірді. Үстері қар, сакал-мұртгары сіреу болған. Алдыңғы келген сенсең тымак, көне тонды, ұзын бойлы жолаушының кірпігіне шейін кырау тұрып қапты.
Бүл келген Бөкенші Дәркембай мен соның екі кедей коршісі екен. Абай Дәркембайды танып: — Шешініндер, — деп еді. Дәркембайдың жүрісі тығыз екен, шешінбеді.
Бұл Дәркембай анау жылы Токпамбетге Бөжей сабалатында Кұнанбайды атам деп мылтық оқтаған кісі болатын. Сол төбелестен бері Тобықты іші болсын, әсіресе, Құнанбай айналасы болсын, оның сондағы ісін есіткен.
Барлық Ырғызбай Дәркембайды содан бері көзге түрткі ғып, шетке кағып, кырына ала беретін. Абай шаруасын сұраған соң, Дәркембай іркілген жок.
— Шырағым, Абай, карындаска кайырымы бар бала деп естуші ем. Сондықтан кеп отырмын. Болмаса, ана Тәкежандай десем, келмес ем... Басыма күн туып кеп тұрмын. Мынау екі көршіммен үшеуміздін үйлерімізде жиыны 20-30-дан тұяқ бар еді. Сол азын-аулағымызбен бірге пана таба алмай ығып, бүрісіп кеп отырмыз... Жерімізде қылтанақ жок. Қойларымыз бұралып бітті. Казір, осы Мұсақүлға жеткенше, бес кой үсіп өлді! —деді.
— Өй, Шыңғыска неге тартпадың?.. Тым кұрыса, тау панасы бар ғой! — деп, Асылбек сұрай бастап еді.
— Ойбай-ау, боран Шыңғыстан соғып тұр. Өзі титыктап тұрған мал карсы баса ала ма? Және Шыңғыс қайда, біреу кайда? Мынау Мұсакұл, Жидебай өрі ыққа карай, өрі жакын және иелері бейіл берсе, бұл Мұсакұл, Жидебай, Барак сиякты үш қорық—талай қора қойға пана емес пе? Қарын аршысам да өлтірем бе! Шидін іші қойға пана ғой деп, бар үміт кып келгенім осы еді!—деді.
Абай Дәркембайдың жайын танып отыр.
— Дұрыс кепсің! Ал жая бер!.. Енді несін сөз кып кеп тұрсың?
— Оның рас-ау, қарағым! Бірак жаңа кеш бата, сол Мұсакұлға зорға кеп жетіп ек. Алдымыздан Тәкежан шығып, кайта қуды. Қасында әлгі Жүмағұл дейтін каныпезер бар екен. Басымызға камшы иіреді. Кет деп жатыр. Бар талшығымды қырам ба осы мен? Қырар болсам, тым құрыса, сен білсін, аш-арық ағайынның опқа түсіп жатқанын сол көрсін деп келдім.
Абай Дәркембайдың осыдан арғы сөздерін тоқтатып, тез байлау жасап, Ерболға карап:
— Ербол, жылы киін де, атка мін! Дәркембай, еріндер мынаның касына! Осы арадан азық алып кетіңдер! Ділдә, тұр! — деп, Абай келін-
шегіне бұйрык етіп: — Мына кісілер ашықпастай кып, ет, азык әзірлете бер! — деді. Ділдә лезде тұрып, шығып кетті.
Абай Ерболдан Тәкежанға сәлем айтты. “Қумасын!.. Қазынасын жемейді! Мынаның аз ғана малына жайыл ыс берсін және Жұмағұлды тыйсын!” деді. Ербол тез киініп алып, Дәркембайларды ертіп жүріп кетті.
Тәкежан бұл күнде Мұсакұлды қыстайтын. Ол Абайдан бұрын үйленіп, сол жылы енші алып, бөлініп шыккан. Қазір өзі аса малқор да және, әсіресе, жер корығыш, қызғаншақ болатын. “Жұрт көзіне түспейтін жер болса, тіпті, осы мына үлкен шешелерінің өз аулынан жайылған малды да куып тастап отырады” деп, барлық көрші малшылар қайран болу- шы еді. Абай Тәксжанның сол мінезін биыл есітіп, катгы наразы боп жүретін.
Көріссе, суык амандасатын.
Түнделетіп, борандатып кеткен Ербол аз уақытта қырауланып, ызаға толып, қайтып келді. Қыскалау тығыз кара сақалына қар тығылып, шал бетгендіріп апты. Үлкен, жуан тұмсығы кызарған. Қоныркай өткір көздері жиреніш, реніш сызын жасырмай білдіріп тұр.
Тымағының бауын шешпей бір тізерлеп отырып, сақалының карын аршып жатып:
— Тәкежаннан күткенше, тәңірден күткен жақсы ғой! Мұсақұл, Жидебай, Баракқа мен мал түсіртпеймін деп, Жұмағұлды кайта жұмсады. “Сабап-сабап айдап таста Дәркембайды” деп, көзімше бұйрық берді. Жұмағұл құдай ұрған, сол сөзді арқаланып, жаңа менімен ілесе шауып келіп, әлгі Дәрксмбайдың қойын сойылдап қуып жүр! — деді.
— Дәркембай ше? Ол енді қайтеді?
•’ — Түн ішінде мына боранда қайда барады?
— Қуғында өлгенше, Жұмағүлдың қолында өлсеші!.. — деп, үйдегі жігіттер жаман ширықты. Ербол тағы бір көргенін жеткізіп:
— Жұмағұлдай ит болмас, каныпезер! Елді кан қақсатып жүретін атшабарлыққа жаратқан ғой өзін кәпірдің. “Тым құрыса, сен аял бер- сеңші, таңға шейін тоқтасаңшы!” деп ем, өзіммен ерегесіп, аузына келгенін айтты! — деп тоқырап қалды.
Ербол бар есітіп, бар көргенін айтқан жоқ. Тәкежан Абай туралы қатты сөйлеген. Жұмағұл Ерболдың өзін де сабамақ боп ұмтылған.
Бірақ сол кезде Дәркембай қаны қайнап, қатты ашуланып: “Енді тек, қолың тарт! Болмаса, екеуміздің біріміз канжоса боламыз!” деп, араға түсіп барып, Ерболдан бетін қайтарған.
Бұл жайларды Абайға айтса “Екі туысқан арасына от тастаған” боп саналатыны бар. Өз басы ондай жанжалды сүймейтін Ербол мұндайда тартыншақ болушы еді. Абайды ұшкары істерге арандатпаймын дейтін. Ондайын артынан біліп, “неге айтпадың?” деп күйіп сөйлеген Абайға бұл сыр ашпайтын. Өзінше, Абайдай жақсы досын, тату жолдасын “сақтаға- ным”деп білетін.
Бірақ қазір оның ішіне іріккен үлкен ашуы Абайға ап-айқын боп білініп тұр. Жолдасына сырмінез болғандыктан, Абай қазір айг деп кысқан
жок. Тек жанағының ар жағында жаткан баска зіл бар екенін таныды да, аса катты долданып кеггі. Екі бегі бір сұрланып, бір карауытып, түнеріп алды. Азғантай уакыт шұғыл ойланып, Ерболға октай кадалып, кірпік какпай түйіліп отырды да, бір сәтте атып тұрды.
Базаралы, Асылбектер Абайдың байлауын ұклай аңтарыла калды. Абай демі дірілдеп, тістене сойлеп:
. —Түр, Ербол! Менімен бірге жүр! — деді де, өзі шапшаң киіне бастады. Жеңіл күпі кие сап, шарт буынып, колына камшы алды да, есікті катты ашып, аткып жөнелді. Ербол артынан кетті.
Қамшы алғаны үйдегілерге Абайдың атка мінбек болғанын білдірді.
Тыста екі көк ат ерттеулі күйде бораннан ықтан, кораны жанаса- лап тұр екен. Абай ең жакын тұрған біреуін шешіп жатып, жолдасына:
— Сен де мін!—дей салып, өзі лезде карғып мінді. Көк атка камшы басып, ак боранның ішіне кұйыктыра шауып, кіріп кеггі.
Бұл кезде Жұмағұл Дөркембайлардын елу-алпыстай аз ғана койын шоктай иіріп, тірсекке сабап куып жүр. Іштеріне талай күннен нәр түспеген, бүрсең койлар қашайын десе де жүгіре алмай, үйлығып, сығылыса береді. Қойдың жылдам баспағанына зығыры кайнаган Жұмағұл иесінен бастап боктыкастына алады. Артынан еріп келе жаткан жаяу шұбырған Дәркембайларды бірде-бір кұлакка ілмейді.
Қуғыннан, бораннан және бүгін кешкі аш жүрістен әбден титык- таған төрт-бес токты омакдта жығылып, тұра алмай да калды. Дәрксмбай қаны кайнап, Жұмағұлды ұстайын деп ұмтылып еді. Аты жарау, өзі сыр- кынды Жұмағұл маңайлатпай жосып жүр. Қойдың бір шетінен екінші шетіне карай омыраулап кеп тиіскенде, атының тізесімен буаз саулықтарды домалатып та кетеді. Жазыксыз жаулық көрген сорлы мал тілек тілей білсе, бұл түнде мынандай камалап тұрған кастық ортасында өлімнен басқаны тілеместей.
Жұмағұл бағана келгеннен бері боқтықтан тыйылған жок. Майбасар старшындықтан түскен соң, Жұмағұл атшабарлыктан да калған болатын. Піштірілген сәуріктей боп, діңкесі күрып жүріп еді.
— Жанжал мен төбелес, құдайдан аксарбас айтып тілесе де колына түспей, Жұмағүлдын мысы құрып жүр! — деп, жорға Жұмабай мыскыл ететін.
Бірақ осы соңғы екі жылда Жұмағұл орнын тапты. Оны Тәкежан жолдас кып алды. Рас, Тәкежан қолында әмір, құдірет жок. Бірақ кыс пен күзде жер коритын әдеттері бар. Сонда маңайдағы малы аз ғана, күші кем. адамы момын ауылдарға Жұмағұл мен Тәкежан атшабар мен стар- шыннан кем тимейді. Малшыларды сабайды, мал қуады, ат ұстап алады. Ағайынды көп жалындырып, жалпетек ететін талай істері бар-ды.
Өздері онсыз да бәле тілеп жүрген Жұмағұлдарға Дәркембайларды қатал құдайы өздігінен айдап кеп бергендей болды. Бұларға күні түсіп отырған кім десенші! Ол — әншейінде Тәкежан, Жұмағұлдың тістерін басып жүретін Дәркембайы...
Жұмағұлды аттандырар жерде Тәкежан дауыстап тұрып:
— Дәркембайды қолыма береді екен! Ата дұшпаным Дәркембайды! —деп кіжініп калған.
Соны есіне түсірген сайын Жүмағұл арык қойларды бастырмалатып, домалатып кетеді.
Осындай боп айықпас бораннан да бетер катты көр ғып жүрген кезінде ақ боранның ішінен шапқылап кеп шыққан екі көк атты көрінді. Қылаң аттар боран ішінде дәл жасырынып келгендей бопты. Жүмағұл бұл уақьпта аш қойлар мен Дәркембайды боқтағанын місе қылмай, тіпті, Дәркембайдың арғы атасы сонау Бөксншіден түсіп, соның атын атап құлдилатып жүрген. Боз атгылар келе бергенде, зілін қатайтып, тағы бір қатқан қойды кағып түсірді.
Асығыс жүрген атгылар үн шығармай, дыбыс бермей тұп-тура қоян- қолтық келді. Не жөн сұрап немесе ашу айтып ұрысқан да жок. Тек кана алдыңғы атты екпіндеп кеп, қой мен Жұмағұлдың атының екі арасынан кие берді де, шылбырдан алды. Жүмағұл ашу шақырып, тебіне түсіп, қамшысын оңтайлай беріп еді.
Осы кезде Абай ақырып жіберіп:
— Аш көзіңді, жауыз! — деді.
Жүмағұл Абайды тани берді. Бірақ танысы жаудан бетер боп шықты. Үн қатқанша аял болған жок. Абай оң колындағы камшысын құлаштап қайырып алып, Жұмағұлды как бастан тартып-тартып жіберді. Жүмағұл тебініп құтылайын деп еді, шылбырын Абай сол қолына орап апты, тапжылтпады. Екеуінде де үн жоқ. Абай аямастан тағы да батырла- тып жөнелді. Колы катты. Қамшысы сойылдай тиіп барады. Бұл қорлықты көргенше, өліп бағайын дегендей боп, Жүмағұл Абайдың өзіне ұмтыла берді. Бірақ дәл осы кезін баққан Ербол әзір тұр екен. Атын катты тебініп жіберіп, кимелеп кеп, Жұмағұлды жауырыннан ала түсті.
Бұл уақьпта:
• — Уа, құдай тілеуің берсін! Бәсе, бір адам баласы да бар шығар-ау! Жанның бөрі касқыр емес шығар-ау! А, құдай-ай, бері өкпеші! — деп, зар қағып жүгіріп кеп, Дәркембай да жетті. Жұмағұлды жағадан алып, бір-ак жұлқып, күпсек қардың үстіне доптай түсірді. Абай сол арада: “Қойды кейін қайыр!” деп, катты әмір берді. Иелеріне айдатып отырып, қорыққа кайта кіргізді.
Жақын жерде тұрған үлкен мая бар екен. Соған қарай айда деп бұйырды. Қой маяға жақындай бере, шұбай жүгірді. Дәркембай Құнанбайдың қорығына түсумен қоймай, пішеніне тағы ауыз салғаннан корқып:
— Қайыр! Қайтар! Пішенін жегізбе! — деп, өз кісілеріне айқайлай бастады.
Абай оған да зекіп:
— Токта былай! Барсын!.. Жесін! Маяға жабындар, жарамсақсы- май! — деп ақырды. Қойлар тегіс маяға жетті де, мол пішенге бас қойды. Жағалай жабысып, қатып тұрып калды.
— Таң атқанша осы маядан тапжылтпа! Боран айыкканша қыбыр еткізбе! Бұл жер, бұл шөгггің Тәкежан иесі болса, мен де иесімін! —деп, Абай бір жұмысты жайғалы да, енді Дәркембайды касына шақырды.
— Дәркембай, сенін екі жолдасын осы қойдың касында болсын. Айрылмайды. Ал өзің дереу мынау атка, мына жер қорығыш Тәкежан- ның атына мін де, қазір шапқылап отырып осы маңдағы өзіндей ауылдарға хабар айт. Мен жіберді де’ Шыңғыска жете алмай, осы жақын манда қойлары аштан бұралып, қырылып жаткан ауылдар тегіс жүруге жарайтын қойларын алып, азаматтарын сайлап, дәл осы үш қорыкка, Құнан- бай қорығына айдап келсін! Күрек-шоттарын ала келсін! Қойларын корықка салып, кар аршып, жан сауғаласын! Осы хабарды мына жакын жердегі Торғай, Жігітек, Қарабатыр, Бөкенші — барлығына айг! Ендігі жұтты көрсек, бірге көреміз! Бар! Шап! Жиып кел тегіс, — деді.
Дәркембай сол бүйрыклен атқа мінгенде, Абай Жұмағұлдын кеудесіне өз атының түмсығын тіреп тұрып:
— Сен антұрғанның бұдан былай итаршы болғаныңның алды-арты осы болсын! Білдің бе? Ал Тәкежанға айт, шыдамаса — өле қалсын! Жуандығы мен кәрі болса, жұтап жаткан қойға, аш-арык елге көрсетпесін, дәл маған көрсетсін! Жөнел!.. Жаяу бар!., — деп бұйрық етті.
Бағанадан бір ауыз үн кдтпаған Жұмағұл Тәкежан аулын жаяу іздеп кеткенде, Абайлар Дәркембайды өз қолдарынан жөнелтіп жіберіп, ауылға кайтты. Боран өлі бәсендемепті. Енді, тіпті, ышкына соғып, карсы алда- рынан катгы ысқырып, зәр төгіп тұр екен. Майда кар ұйтқып, жабысып, көз аштырмайды. Желдің соғуына карап, Жидебайға беттерін түзеп алып, екі жігіт жарысып кетті.
Таң атканда жел басылып, жауа бораған боран айығыпты. Алыстағы ақ белден жаңа көрінген күн қып-кызыл екен. Қысылып, қиналып шыккандай. Екі жактағы сұрғылт бұлттарға кызғылт-сары рең беріп, құлақтанып тұр. Маңайда шаңыт бар. Бірнеше күн ұдайы сокхан катгы жел енді бәсеңдеп, аяқтап келгенде жаяу борасындан кояды. Шытырлаған аяз білінеді.