Menu Close

Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов

Аты:Абай жолы 1 кітап
Автор:Мұхтар Әуезов
Жанр:Литература, роман
Баспагер:
Жылы:1997
ISBN:
Кітап тілі:Қазақ
Жүктеп алу:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Бетке өту:

Страница - 16


Дәркембай Абай тапсырған жұмысты дұрыс түсінген. Түннен бері дәл таң атып, ел тұрғанша тыным таппаған. “Өзіндейлерге айт!” деген сөзді ол анық үнаткан. “Малы бардың несі қурайды. Қолы ұзынның өрісі де кең. Сыйластыкпен, жегжаттықпен немесе, тіпті, азын-аулақ акы берумен де Ырғызбайға, Құнанбай, Байсалдарға сыйысып кетеді. Бөксе бастыны көргенде, көп көреді ғой. Азын-аулақ талшығынан айрылса, шұбырып, кор боп кететін де сол ғой!” деп, Дәркембай өзі көптен айтып келе жаткан осы сөздерін Базаралыға да айтқаны бар.

Көптің күйін зілді кып айтқан Базаралы да осындай кісілердің аузынан анық жайларға мейлінше қанған болатын. Сол Дәркембай Абайдың сәлемін ылғи ғана Қарабатыр, Торғай, Борсак, Жуантаяқсиякты осы манайдағы жерсіз, малсыз елдерге таратты. Солардың ішінде де 15—20 қойлы, 30-40 қойлы елсіздерге барды.

Мұсақұл, Жидебай, Барақ сияқты үш үлкен қорықты жағалай отырған саны көп, дәрмені аз ғана ауылдарды күншығыс жақтан бастап, күнбатысқа шейін шарлап шыққан.

Аязды, боранды түнде асығып кеп, терезе қаққан жүргінші, әдет- тегідей суық хабар әкелген жоқ. Үміт хабарын жеткізген. Жұрт үш күннен бергі боран туралы: "Қолда барды әп кеггі” деп қойған, ышқынып кеп шуылдай түсіп, терезені дүбірлетіп, үскіріп соққан жел ұйқыны қуған. Кәрі-құртаң жалбарынуда. Шаруа иелері күрсінуде. Ер-азамат, катын- калаш бел шешуден калған. Күндіз-түні дамыл алмай, мал кораның ішін шарлайтын.

Маңындағы төбешіктердің боз қарағаны болса, шауып әкеледі. Жақын жердегі ши атаулының басын күзеп, қолтықтап келген болады. Тіпті, болмай бара жатқанда, онсыз да жаман, жыртық кораныңтөбесін- дегі қамысын суырып берген болады. Бірақ ол талшықтары қарлығаштың канаты әкелетін тамшыдан да әлсіз еді. Арамза туған қойына бере ме? Сүтін күткен бірлі-жарым сиырына бере ме? Болмаса, жапа-жалғыз түйесіне асата ма? Қайсысына берсе де қарық қылмайды. Тек, әйтеуір, соңғы еңбегін, “өзге өлсе де, осы қалса екен” деген шаруа сүйенішіне ұсынған болады.

Ауқатты көрші мен жері жақсы сыбайластан үміт ету бұл елдерде жоқ.

Дәркембай мына түнде сол сөнген үмітті сергіте келді.

Сонымен дәл күн шыға бере, Құнанбайдың үш қорығына қарай жан-жақтан мал шұбырды. Бұл кезде Абай мен Ербол ат үстінде болатын. Ұзын қорықты жағалап, желе шауып отырып, әр ауылдың шоғырларын қарсы алып жүр. Азын-аулақ қойлар мен төртті-бесті ірі қараның айналасында қатын-қалаш, кәрі-құртаң, ер-азамат көп-көптен келеді.

Жарап қатқан қойлардан ажар кеткен. Жүндері үрпиіп, ұйысып калған. Жамбастары сарала боп баттасып қалғандары бар. Анда-санда шыдамсыз ешкілер бақырып-бақырып тұрып, омақасып жығылып та жатыр. Бірнеше ауылдың өз қыстауларынан осы қорыққа қарай жүрген жолы кадау-кадау белгі қалдырыпты. Ол белгілер: ұшып өлген ешкі, лақ, арык тоқтының өлімтігі. Ақ қардың үстінде, кең жазықта қарауытып қалып жатыр.

Қой алты күн аштыққа шыдайды десуші еді. Мынау түрлеріне қарағанда, бұл малдардың аштығы әбден шыңына жеткен көрінеді. Енді екі- үш күн өтсе, тегіс жусайтын халде екен.

Қарды бұзып жүретін мұршалары да жоқ. Сондықтан бірен-саран көтерем жылқы мен арық түйені немесе жалғыз-жарым сиырды қойдың алдына салып, соған кар бұзғызып келеді. Ашыққан қойлар, алдарында әрең ілбіп келе жатқан ат пен сиырдың құйрығын жалмап қояды.

Осындай тегіс кем-кетік, дімкәс болып, ілбіген сорлы малдың айна- ласындағы адамдар да жүдеп, салдырап біткен екен. Қартаң жандардың беттерінде әжім қалыңдапты. Барлық жүздер қуаң тартқан. Белдер жіңішкеріп бүгілген.

Киімдері жыртық, жүдең. Бастарына ескі-құскы ораған әйелдер ғана емес, сақалды ерлер де бар. Аяқтарында, көбінесе, сырған киіз...

Қорықтың шетіне ілінер-ілінбесте, барлық жұрт күрек, шоттарын омбы карға салып, шидің түбін, қорық үстін аршуға кіріседі. Абайлар әр топты бір-бірінен алысырақ түсіріп, жер көлемін кеңірек беріп жүр. Үш қорықтың бір қасиеті калың шилі болушы еді. Шеңгел, итмұрын сияқты бұталары да көп. Омбы қар қорықтың шет-шетінде калың болғанмен, дәл шилердің ішіне кіргенде оншалық катты емес, күпсек екен. Және аршыған жердің кай тұсынан болса да, калың шөп шығып жатыр.

Осындай жерлерге жетуге жараған мал тегіс талшық ала бастады. Абай мен Ербол жұрттың көбін орналастырып болған кезде түс болды. Қорыққа келген ауылдардың жиын саны елуден асты. Тәкежан жалғыз сиырдан коритын қорықка, бүгін түскен қой саны мыңнан асып тұр. Ірі кара көп емес. Неше күннен бері карды канша тепсе де, астынан құр такыр көріп келген азын-аулақ аттар енді соңғы күштерін өлмес қамына салып жатыр.

Абай бүл келген елдің бәрін көріп, жай-күйлерін сұрастырып, тегіс жайластырып шықты. Бүріскен мал мен жүдеген жандар бағанадан бері Абайға үлкен ауыр ой салды. Жаз жайлауда, арка-бас кең шақта ғана елдің іргесі бүтін, белі бекем сияқты көрінеді. Мынау жұттың күндері калың көптің соншалық панасыздығын, қорғансыздығын көрсетті.

Жиырма-отыз қойы бар, үш-төрт қарасы бар үй — қалың елдің көпшілігі. Жыл он екі айда ішері, мінері сол. Сояры, сатары да сол. Киер киімі, бас панасы да сол айналдырған аз тұяқ. Аман тұрған күннің өзінде бүл кандай тапшылық. Ал бүгінгідей қысылған шағында, мынандай апат, ауыртпалық көрген шағында, каншалық әлсіз, осал. Осы азын-аулағы- нан айрылса, тірлік не болмақ? Кешегі “іргелі ел” деген, “жұрағат, жұрт” деген осы-ақ болғаны ма?

Жұт деген жоқшылық, қысталаң, апат деген осындай боп каккасына келгенде. Абай ел тірлігінің барлық қайғылы сорын көрді.

Өз ойының ауыртпалығы Абайға барлық тірлікті соншалық татымсыз, жалған етіп көрсетті...

Малдарын күресін кардың арасына тығып, қоянның кеуегіндей оптың ішін паналаған жандарға жаны ашыды.

Әрбір ауылдың үлкендеріне соңғы рет қайтадан соғып:

— Тоңғандарың мына тұс-тұсыңдағы ауылдарға барып, жылынып кайтыңдар. Бір-бір мезгіл ыстық ішіндер. Осы қорықтарда отырған ауылдардың бәрі де ағайын ғой. Қумайды. Жасканбандар!.. — деді.

Онсыз да малдары үшін Абайға алғыс айтып жаткан көрілер енді біржолата жұттан кұтылғандай көтеріліп калды.

Абай осы бетінен аттан түспей жортып отырып, үш қорыктағы бар қыстауды аралап шықты. Әр ауылдың Ызғұтгы сияқты үлкендерін және, әсіресе, ас иесі кексе катындарын тысқа шақыртып алып:

— Мынау апатпен алысып жаткан ағайынға кайырым егіндер’ Ауылда неше қазан болса, соның бәріне ыстық істеп, күніне бір-бір рет қорек беріңдер’ — деп, қадағалап, тапсырып шықты.

Осымен әр ауылдың күтетін аш-арығы белгіленіп, түс-тұсындағы түтіндерді меншіктеп алды.

Абай мен Ерболдың ең соңғы келгені Мұсакұлдағы Тәкежан аулы. Тәкежан өзі жок екен. Ол түнде Жүмағүлдың хабарын естісімен Абайға бармай, тура Қарашокыға тартыпты: “Содыр, сотқар” Абайдың үстінен Кұнанбайға арыз, шағым әкеткен.

Енді Тәкежан қорасының алдына келіп, өзі аттан түспей тұрып, Ерболды үйге жіберді. Қайнысының шақыруымен тыска шыққан Тәке- жаннын келіншегі Қаражан тістеніп, сұрланып келеді. Ұзын бойлы, кесек мұрынды кара сұр келіншек, тегінде, зілді, зәрлі болатын. Өз күйеуі- нс қыжал мінез көрсетіп, кысып-кымтап ұстаушы еді. Жаста болса, қьгты- мырлығы айқындап, ас пен дүниеге сараң бола бастаған. Ол мінезі күйеуі- не сай келіп, осы кезде бұл үй тез байып келе жатыр. Үлжан үйінің мол- колдығын ұнатпай, ертерек сөз шығарып, еншіні тез алғызған да осы Қаражан.

Ол Абайдың Төкежаннан кіші бола тұра, жақсы атты жігіт боп бара жатқанын жақтырмайды. Қызғанып жақтырмайтын. Абай да жеңгесінің сол ішін біледі. Қаражан тақап келсе де, Абай амандасқан жок.

Аз ғана тебіне түсіп, көк аттың тұмсығын түндегі Жұмағұлдың кеудесіне тірегенден, бұған да тақап қойды. Келген жұмысына тура кірісті.

— Күйеуің менің үстімнен шағым әкетіпті ғой. Мен өз жазамды өзім тартып жатармын. Ал қазір саған міндет тапсыра келдім, соны бұлжытпай орындайсың, білдің бе?

— Не міндет?

— Мынау маңайдағы ел .жұтап, қырылып жатыр. Бас аманда пішеніңді шабатын, құдығыңды қазатын, малыңды суаратын, барып-ке- ліне жүретін сол ағайын болатын. Қазір қысылып, басына күн туып кеп тұр. Малдарына жайылыс бердік. Өз қыстаулары алыста. Күн болса суық. Осы маңдағы барлық ауылға кісі үлестіріп беріп келеміз. Біздің ауылда 40—50 жан болады! Орын жетпей жатыр. Жаңа өздеріне атап тапсырдым. Сенің аулыңнын тұсында жиырма кісі бар. Төрт ауылдың адамы. Соларға күніне бір мезгіл ыстық істеп беріп отыр...

— Өй, шырақ-ау, о не дегенің?.. Біздің үйімізде өзіміз ішерлік азықтың өзі жок.

— Өтірік айтпа! Әнеу күні ак шомшыдан алғызған үш кап ұның бар. Тіреліп тұрған бес қап бидайың бар. Соғым етің бітпек түгіл, орта- ланған да жоқ. Барыңды түгел санап кеп тұрмын... Бұл жолы қалжыңым жок, бар шыным. Үлесесің мынау аш-арық жұртпен! Қарсылассаң жақсы болмаймыз.

— Е, өзіміз аш калсын дейсің бе? — деп, Қаражан кырыстана берді. Абай қатты долданып, ақырын жіберді:

— Аш қалмақ түгіл, қырылып кал!.. Бересің!.. Бермей қырыстанып көр осыдан! Күнде кешке кеп тексеріп тұрамын. Орындамасаң, өзіңнен көр! Мені тап осы өңірден айдатып жібермесе, сендік әлім бар. Маскара қып тұрып көндіремін! Білдің бе!.. Қолымнан алатын Тәкежан жоқ.

Көзіңді ашып кара! Орындайсың, сол’ — деп, қадалып карап, үндемей тұрып калды.

Он колы ұзын камшысын кымтып ұстай бастаған екен... Каражан соны байкады да, жауап айткан жоқ. Түнде Тәкежан аулының үстіне кеп орнаған Дәркембайлар. Абай жаңа Дәркембайдың өзін ере жүр деп ша- қырған-ДЫ. Қазір сол да кел жеткен екен. Анадайдан құлақ салып, Абайдың ашулы үнін есітіп келе жатыр. .

Касына Дәркембай келгенде. Абай Қаражанға тагы түйіле карап түрып:

— Міне, сенің аулыннан ас ішетін кісілерді мына Дәркембай бастап кеп тұрады. Жалғыз өз үйің емес, осы ауылда неше түтін, неше казан бар, соның бәрін асқызып отыр. Бар аул ың қызмет етсін! — деді. Қара- жанда әлі де үн жоқ.

Абай атының басын бұра беріп, Дөркембайға:

— Сен бұл ауылдың күйеуі емессің’ Күмілжіме, білдің бе? Жұмысыңнан келгенде, тура “ас бер!” де... Бермесе, бөгесе менің тап өзіме холма-кол кеп айтып тұр. Осыдан айтпай, жасырып калсан, Дәркембай болмай, қатын боп кал! Үктың ба? — деді де, Абай жүріп кеггі.

Таңертеңнен тыным алмаған Абайлар Жидебайга екіндіде жетті. Келсе шешелердің үйінде Тәкежан мен жорға Жұмабай тосып отыр екен. Тәкежан түнделетіп шауып отырып Құнанбайға жетіп, енді Қарашоқы- дан Абайға арнап бұйрық әкелген.

Абай Үлжанның шақыртуымен үйге келді. Жолшыбай даланнан, шошаладан, ауыз үйден өтіп келе жатып. Абай бұл ауылдың неше алуан кдмдарын көрді. Бар жерге казан асылып, ыстық істеліпті. Үш жерге үлкен ағаш келіні орнатып алып, жұмысшы қатындар келі соғып, бидай түйіп жатыр. Піскен қазандардан астау-астау көже мен азын-аулақ ет түсіріп, үй-үйлерге әкетісіп барады. Аш-арықты күтуге Абайдын шешесі кіріскен көрінеді. Көктемде, азық азайған кезде, бір үйден мол тамақ табу оңай емес. Күту де бір күн емес, бірталайға баруға мүмкін. Сондықтан бидай түйгізіп, көже істеуді өнімдірек көрген тәрізді.

Қарсы үйде бір кезек боп келген он бес-жиырмадай еркек-ұрға- шы, сол ыстық асты ішіп жатыр екен. Абай астарын қымсынбай ішсін деп, ол үйге бармады. Үлкен тамға кірді.

Келген жерде сәлем беріп, жорта Жұмабаймен амандасса да Төке- жанға қараған жоқ. Екі туысқан суық кездесті. Аз отырған соң Жұмабай Абайға әкесінің сәлемін айтты. Бірақ Тәкежан түндегі булықтырған ашу үстінде көп жайды аңғармапты. Шағымын аз ғана ғып апарыпты. Ол Дәркембайды ғана сөз қылған екен. Мына бүгін таңнан бері маңайдағы тамам елдің келіп, ошарылып жатқанын жеткізбепті. Дәркембайдың өзін келтіргенді сұмдық көрген Тәкежан мынандай бәле болар деп, тіпті, ұй- гармаған-ды. Қазірде осы ауылға кеп білгелі, біржолата жарыла жаздап отырған.

Жұмабайдың айтуынша, Дәркембайды паналатқанды Құнанбай теріс депті. “Татымсызға еткен жақсылықтың қайырымы жоқ. Дәркем-

бай менің басыма бір кезде кас ойлаған адам болатын. Оның амандығы да өзіне олжа. Абай жақсылық істейім десе, доска істесін. Мынаған ара түспесін! Қайтарсын!” — депті. Абай бұған көнген жок. Және ұзак жауап та айткан жок...

— Әкем елге өнеге айтар мұсылманмын дейтін. Мұсылманшылық қаза көрген халыққа рақымшылық етуді фарыз етеді. Тәкежанның дегеніне иланбасын. Мен мұндағы халыққа уағда беріп қойдым... Асырап жатырмын. Ренжімсй рұқсат етсін! — деп бір қойды.

Тәкежан тырсиып күйіп отыр еді. ¥рса жөнелді:

— Ондай сопы болсаң, басыңа сәлде киіп, Дәркембайға арнап кұшыр жисаншы!

— Қажет болса, кұшыр да жиям. Халық қырылар болса, амандығым садаға!..

— Ендеше бар, әне, ел ақтап кет!..

— Оған кетуден бұрын, әуелі өзімде бар мен сенде барды ортаға шығарып, үлеске салып кетемін.

— Онсыз да салыпсың ғой!.. Бір Дәркембай емес, қыруар елді кап- татыпсың! Сен бір өзің емес, бәрімізді қара жерге отыртайын депсің!.. Ол, ол ма? Ен әуелі мына шешелеріңді де аштан өлтірерсің, бүйте берсең!

— Шешелерімнің қамын сен жемей-ақ қой, білдің бе? Менің ана- ларым інде жаткан суыр емес, анау сенін Қаражан деген сараң қатының сиякты. Барын ортаға сала біледі. Халық көргенді бірге көрсе де, қабақ шытпайды. Мен осы кісілердің өздері тапсырған сон істеп отырмын. Өзінің қарынбайлығын әкеп мұндағыларға пана қылмақ қой... Үйдеген- ше, осы аналардың тәрбиесінен садаға кетсеңші Қаражан екеу ін! — деп, Абай Төкежанға қатты қадала қарады. Соңғы сөздері әкенің балаға ұрыс- канындай бір түрлі ірі, салмакты.

Тәкежанның бұдан арғы айтайын деген жауабын Үлжан айтқызған жоқ.

— Жә, жетті! Болды енді екеуіңнін салысуың! — деп тоқтатып қойып, өзі Жұмабайға бұрылды да:

— Сен енді кайта бер! Абай бұндағы аш-арық ағайынды шақырып койыпты. Біз болсақ, барымызды бөле жерміз. Әзір қысталаң жоқ. Біз үшін қиналмасын ондағылар. Беріп жатқанымыз өз сыбағамыз. Баласының абыройын төкпесін, екі айтқызбасын елге! — деді.

Тәкежан ұрыстан тоқтаса да, шеше сөзіне көнген жоқ. Мойнын сырт қайырып, тымағын киді де, шығуға айналды. Мұның осы ажарына карап қойып Үлжан қатты сөйледі.

— Әй, сен ана Қаражанға сәлем айт! Аулына барған аш-арыкты қыңыратқымай, оң шыраймен күтсін, құтырмасын!.. Ол әкелген мал жоқ! Көзін ашып қарасын! — деді.

Тәкежан мен жорға Жұмабай кетіп қалды.

Бұлар үш қорықты түгел аралап шықты. Келген ауылдар мен барлық мал санын көріп, санап алды да, Қарашоқыға қайта тартты. Ендігі шағымдары, тіпті, үлкен болатын.

Қыруар мал мен дүйім елді бұлай жосылтып келтіру Абай мен шешелерінің ісі емес. Ондайды істесе, жер-дүниенің иесі Құнанбай ғана істеуге болар еді.

Абайдың бұған жеткені — әкені елемегені. "Жер мүліктің иесі өзім” деген. Құнанбай Жидебайдағы істер туралы Жұмабай мен Тәкежан сөздерін түгел тыңдап алды да, Абайларға енді ыза болды. Шынында, бұл мінез ырыктан шығып, құрық әкету.

Әкесінің ашуланған пішінін байқап, Тәкежан ырза бола бастады. Томырылған ашумен катгы бұйрық айтар деп дәмеленіп еді. Бірақ Құнанбай мұның көзінше шешілген жоқ. Тек қана: “Тыю салу керек” деді, г?

Сөйтті де бұл екеуін қойып, Жакыпты шақыртты. Тәкежанға: "Қайта бер” деп бұйрык етті. Келесі күн таңертең Жақын Жидебайға келіп, тағы да Зеренін үйінде отырып, Абайға әке сәлемін айтты.

Әке жағынан екінші рет кісі келіпті және жұмыстар тұсында, ауыр бұйрықпен жүретін Жақып келітпі. Осал белгі емес. Тегінде, ауыл-аймақ болсын, ағайын ортасы болсын, Құнанбайдың сәлемдерін әркашан жіберген кісілеріне қарай, салмактап танитын. Мысалы, "алып кел, айдап кел!” дегендей бұйрық болса, ол Қарабас, Қамысбай сиякты атшабарлар түрінде келеді. "Айтып, білдіріп кел!” десе, Ызғұтгы, Майбасар боп келеді. "Ұғындыр да бағындыр!” десе, жорға Жұмабай пішіндес болады. Кейде ондай сәлеммен Құдайберді, Абай да жүріп қоятын. "Қорқытып, ызғар тастап, үйіріп кел!” десе, осы Жакып шығады. Ол бірақ рулар арасындағы келелі сөзге, іргелі кеңеске жүретін. Ал іс, тіпті, үлкен боп, көп елмен қаржаса- тын кез болса, ондайда Қаратай шығады.

Мына жолы Жақып кепті. Абай жаңағыдай сәлемшінің ауысуына қарап, Қарашоқыдан шығатын бұйрықтың саты-саты салмақтана бастағанын еске алды. !штей әзірленіп отыр.

Түсі салқын, томсарған, ашулы сияқты. Жақыптың жүзіне қарамай, қырындау отырып, барлық сөзді киястана тыңдап отыр.

Құнанбайдың бұйрығын айтудан бұрын Жакып бірнеше дәлел айтты. Өз сөзі кып айтса да, Абай төркінін танып отыр. Әкесінің ойы мен сөз тәрізін бұл күнде Абай оңай танитын болған. Жақыптың айтуынша, әке бастайтын іс бар да, бала кірісетін іс бар. Екі арасын айыру керек. Балаға әкенің ісі де абырой әпереді. Әкеден киғаш кетіп, өздігімен кісілік іздеу балаға бедел бітірмейді екен.

Абай мұны місе қылған жоқ. Баласының кісілігін ойлап, абыройлы болуын тілейтін әке мінезі де болады. “Өз ықтиярын, өз әмірін баласының мойнына, үнемі кескек кып тағып отырмайтыны да болады” деді.

Жақыптың екінші сөзі: - "Жер беріп паналыкетсе, қысылып отырған малды-басты ауылдар бар, соған ету керек. Күндердің күні керекке жарайды. Мыналар кім? Бұлардың бәрін жисан, тым құрыса, бір аттың сауырын, бір түйенің қомын да бере алмайды” деген еді. Бұл сөздің шетін Жұмабай да айткан.

Оған Абай тағы да көнген жок. Жақыптың айтқанын "Құда тамырмен істейтін алық-берік” деп бағалады. Оның аты қайырым емес, жақсылық емес. Көпке мәлім сауда деп таныды.

Абай дау айтып болмады. Сонан соң Жакып катайып алып, салмақ салды.

— Сен өзің мал иесі, жер иесі ме едің осы? Сен тапкан не бар еді? Мынау ісіңмен әкеңнің жиған-тергенін шашқалы отырған жокпысың? Осы ауылдағы мал мен Тәкежан колындағы мал ертең қоса жұтайды. Тым құрыса, мына шешелеріңнің талшығын аясаңшы! — деді.

Бұл да жаңа сөз емес. Бірак кеше Тәкежанға айткан сөзді Жакып* қа айтуға болмайды.

— Сөзіңіз дұрыс. Мен, тегі, шешелердің ырзығын шашып, қиянат етіп отырмын ғой! — деп кекетіп қойды. Зереге карап, — Ал мына отырған жалғыз менің шешем емес. Әкемнің де шешесі. Мал-дүниенің шын иесі осы кісі. Ендеше, бәріміз де әжемнің төрелігіне тоқтайық. Не дейді екен? Қазір өз аузынан естіңіз! — деді де. Абай әжесінің касына таман сырғып келді.

Әжесінің бұл күнде өні қуарып, катты жүдеген. Әжім атаулысы бір түрлі молайып кеткен. Абай жақындағанда ол құлағын түрді. Немересі айқайлап сөйлеп, барлык жайды айтып берді. Қысқа айтса да, ұғымды айтты. Бұйрық пен байлауды бір өзінен күтетінін білдірді.

Зере күрсініп отырып, қабағын түйді де, Жақыпка карап:

— Балама сәлем айт! Көп өмірім калған жоқ! Зарлаған аш-арықтың қырғынын көрерім қалды ма? Жетім-жесір, кәріп-кәсердінтелегей- теңіз жасын көрерім қалды ма? “Мені енді ал” деп тілеп отырмын жарат- қаннан. Жаназаға жиылған жұртты да ас беріп асырайды ғой. Тимесін, қу масын! — деді.

Жакып бұны естігенде іркіліп, үндей алмай калды.

Кәрі әжесін осындай зар тілекке жеткізген мінездерге Абай күйіп кетіп:

— Әнеки, шешенің қамын жегендерің шын болса, жылатпасандар- шы! Қуғызбаймын! — деп бір-ак байлады.

Жакып Зере сөзінен соң қайтыңқырап қалса да, Абайға ызғар тастап кетпек.

— Не деп отырсың өзің? Біреудің бетінен алайын дегенбісің? Сөзіңнің аңғарын мен ұнаткам жоқ. Тіліңе уақып бол! — деді.

Абай бұл тұста да ашуынан кайтқан жоқ.

— Не деп отырғанымды түсініп отырсыз. Мұндағы жұрт қызыл қарын жас бала емес. Өлмесін білетін болған. Өз қамын өздеріне ойлат- сын да, тыныш жатып, анау қызығын көрсін! — деп салды.

Бұл күнге шейін Құнанбайға карсы мүндайлықсөз қатқан Ырғыз- байды Жакып көрген жоқ-ты. Абайдың тұспалын ұкса да, казір ол жас жігітті аса тентек санады.

— Доғар! Доғар, шырағым, ендігіні! Мына сөзіңді мен айтып бармаспын? Бірак исі Ырғызбайдың жүрегін шайлықтыратын суық сөзді сенен есіттім деп кетермін!.. Сол да жетер болды! — деп атқып тұрып кетті.

Абайдың жаңа кейіндеп кеп айткан тұспал сөзінде көп мән бола-

тын. Ол Құнанбайдың осы кыс ішінде істеген бір ерекше мінезін ауызға алған-ды.

Жакып кеткеннен кейін Жидебайға қайта оралған кісі болған жок. Баска уакыт болса, сөз аяғы бұлай аяқталмас еді. Үнсіз, жым-жырт кдлуы- на да сол Құнанбайдың жаңағы оқшау ісінің өзі себеп болды.

Тегі, соңғы екі айдан бері Абай мен Үлжандар Құнанбайға өкпелі, салқын болатын. Өйткені, Құнанбай осы қыста жасы алпыстың ішіне кіргеніне қарамай, жас тоқал алған. Жидебайдағы екі әйелі Үлжан мен Айғыз болса, Қарашокыдағы бәйбішесі Күнке болса, солардың үстіне төртінші катын етіп Нурғаным деген қызды алды.

Нұрғанымның жасы Құнанбай түгіл, Абайдан да кіші. Сондайлық баласынан кіші қызды аларын Құнанбай үй ішінін ешкайсысына білдірген жоқ. Бұл жөндегі әңгіме, байлау Қаратаймен екі арасында ғана болған. Жұмыс басталғанда да оқыс басталды. Бас себебі Қаратай болатын.

Өткен жазда Қаратайдың қатыны өлді де, кәрі ақылшы қатынсыз жүрді. Соған Құнанбай бір күн кездескенде:

— Қатын алуды ойлаймысың? Неге алмай жүрсің? — деген. -. я

Қаратай бұл жайды өз ішінен ойлап, шешіп қойған екен. • - — Құнанжан-ау, өзім катынмын, мен қатынды кайтемін?! — деп еді. Құнанбай ол байлауын мақұл көрмеген.

— Олай емес қой, Қаратай. Жас күнінде жолындағының бәрі саған катын. Күтім керек, көрік болатын шақ дәл осы кәрілік кой. Қатынның шын керегі осы шағың, — деген.

Сөйтіп, Қаратайға қатын алғызды.                                                                  ж

Сол Қаратай өзі алған күні Құнанбайға да қозғау салып, “енді айтқаның шын болса, өзің де ал’ Саған да сол айтқаның енді керек. Бардың бәрі баламен, өз қақымен кетті. Саған енді “өзін” деп отыратын оңаша бір жас иіс керек” деген.

Осының артынан екеуі ақылдасты да, Құнанбай алатын қызды тапты. Онысы Нұрғаным болған.

Нүрғаным - Бердікожа дейтін қожаның қызы. Бердіқожа Тобықты іші емес. Сыбан арасында, Аркат деген тауды мекен ететін. Ол бұл Арқаға беріде келген. Әуелде Қаратауға Түркістаннан шығып, көп туыс- кан шоғырмен келіп еді. Қаратаудан Аркаға көшкен ұзақ жолында осы Нұрғаным бес-алты жасар, кебежеге мінген бала болатын.

Бері келе Бердіқожаның бірталай туысқандары Түркістанға қарай кайта тартып кетті. Арканы жерсінбей және “ак патшаға бодан болған елде тұрмаймыз” деп кетіп еді. Өзі қартайып, балалары жас болған Бердіқожа азын-аулақ үйлермен қозғалмай калды. Сыбан мен Тобықты ішіне беделі бар қожа болды.

Құнанбай, Қаратайлармен, әсіресе, сыйлас еді. Өзі бірбеткей қыңыр және ойдағысын ірікпей сөйлейтін қатқыл мінезді адам. Көргені мен түйгені көп. Дін жайына жетік, молда кісі. Құнанбай сонысын ұнатып, әрдайым әңгімелее, мәжілістес бола беретін. Сол Бердіқожаның Бура- хан деген баласын өз аулына шақырып, бірталай уакыт қонақ етіп те жібе-

ретін. Қарқаралыға барған бір сапарында касындағы нөкерлерінің ішіне қосып, ертіп те жүрген. Құнанбай, тегінде, жігіттің денелі, бітімділігін ұнататын. Бурахан аса сұлу және денелі жігіт еді. Соның тұлғасын тамаша етіп, бір күні: “Бір үйдің ішіне жүз кісі кем-кетікті жиып, соның ортасына Бураханды кіргізіп отырғызып койса, аналардың кемдігі көзге көріне ме?” деген. Осындайлық бітім-тұлғасын ұнататын жігітінің бірі — Базаралы. Жігітекпен азғантай татулық шағы болса, Базаралыны да мақтай беретін. '

Сол Бураханныңкіші қарындасы Нұрғанымныңбасы бос екен. Өзі жас та болса кесек, ірі денелі, нұр жүзді болатын. Әсіресе, толқынды қою қара шашы мен бет бітімі бөлек. Жүзіндегі әдемі қызылымен қатар, бет тұлғасы да сұлу. Шошақтау біткен үлкен қара көздерінде аса бір қайратты ашудың және естіліктің оты болатын.

Осы Нұрғанымды Қаратайдың ақылымен Құнанбай токалдыққа ұйғарды да, Бердіқожаға кісі салды.

Көп қатын алу әзірше өз тұкымына салт болмаған қожа әуелде үркіп кетті. Және Нұрғаным мұның жақсы көретін баласы еді. Өзі ерке, тентек қыз болса да, көп қақпайтын. Құнанбай сәлемін есіткен жерде, Бердіко- жа томырылып калып:

— Е, мен баламды кәрі Кұнанбайға кішілікке беруші ме ем?! — деді. Бірақ әкенің бұл арынына Қожаның өзге балалары жібермеді. Бастығы Бурахан боп салмақ салып, екі-үш күнде көндіріп берді.

Құнанбай аулына жиі барып, ат мініп, ойын-сауык салып кайтып жүретін Бурахан қарындасын беріп, туысқан болуды қатты ұнатқан-ды.

Бердікожаның көнген хабарын алысымен, Құнанбай қалың малды, жыртысты бір-ак жібертгі. Сөйтіп, осы бір қыстың ішінде Нұрғанымды алып та койды. Үлжан мен Айғыз жана тоқал хабарын Күнке жіберген сәлемшіден естіген. Үлжанның өз басы бай қызғанайын деген ойда болмайтын. Ер жеткен төрт ұлы бар. Және немере сүйе бастаған тоқтамды ана. Құнанбайды бұл күнде бай деп те санамайтын. Ол - балаларының әкесі. Көп өмірі, көп азабы, көп машық мұңы табыстырған жай ғана туысы сиякты. Содан басқа сезімдер суалғандай еді.

Бірақ сонда да ол Құнанбайдың қатын алғанына қарсы болды. Жорға Жұмабайды шақыртып ап: “Біздің тілді өмірде бір ескеретін болса — алмасын, реніш туады. Балаларынан ұялсын, олар ренжиді” деген.

Үлжан өзі естіген хабарды Абайға айтқан еді. Сонда Абай бір түрлі қатты түршігіп, жиреніп кеткен. Әкесі туралы аса қатал сөйлеп, сынап кеп: “Әке деп сый көруден қалсын. Біржолата жат болсын деген мінез ғой. Осыншалык қыруар жанды адам құрым санамағаны ғой. Шешемен неге ақылдаспайды? Өмір бойғы жолдасы — сендермен неге санаспайды? Бізден кіші қыз алып отырып, солар ұялар-ау деп, бізді неге ойламайды? Құптамаймын! Қайта кінәлаймын! Сенде мақұлдама!.. Әйтеуір, бізді адам санамаған жан ғой. Отқа түссе де, жалғыз өзі барып түссін. Ренжітіп кеткенін біліп кетсін! Айтып жібер!” деп, шешесіне Жұмабайды өзі жеткізіп берген.

Кұнанбай Үлжан сөздерін естіген сон, Күнкемен сөйлесті. Оған біраз жылы ұшырап: “Өзгелер акылсыз болды деп, сен желікпе! Сен акыл тап та, мендік бол!” деген.

Күнке әркашан бұкпа есепке бейім тұратын. Үлжанның балалары көп. Оларға болысып отыратын Зере де бар. Сол себепті Жидебайдағы ауылға Құнанбайдын кырын карап жүргенін әрдайым озіне пайдалы коретін. Әсіресе, Үлжанның айналасындағы үбірлі-шүбірлі молдықты, кеңдікті сүймейтін. “Түбінде солар көптейді-ау!.. Артық үлес, үлкен сыбаға әкетеді-ау!” деп, үнемі қызғанумен болатын.

Мынау үлкен іс байының өмірі үшін, тіпті, өзі үшін де өзгеше болатынын Күнке біледі. Басында көнбейтін боп, наразылыққа беттеген.

Бірақ сол наразылығының үстінде де Үлжанды бақты. Егер бұл тулап, байды үркітіп жүргенде, Үлжан көніп койса, жаман болады. Байдың сүйенішінен біржолата айрылып калады. Сол себепті, өзінше кулыкойлап, Үлжан жағына түрткі салған. Ол жақтан ойдағыдай карсылык келді. Құнанбайды күйдіргендей наразылық айтыпты. Енді бұл тұста Үлжан арқылы келетін Күнкеге деген кауіп жок. Соны ойлады да, Кұнанбаймен шында- сып келгенде, Үлжанды жамандап шыға берді. Өзі кең ақыл болған боп рұқсат етті. Және “Нұрғанымды өз қолыма әкеп түсір! Менімен бір болсын! Үлжан күн көрсетпес” деп, тіпті, камқор бон та шықты. Сол Күнкенің дегені болды да, Кұнанбай Нұрғанымды Қарашокыға келтірді. Бірак осының орайына, екі айдан бері Жидебайға катынаскан жок.

Сөйтіп, Жидебайға Жакып пен Жұмабайларды келтіріп жаткан істің кезінде, Кұнанбаймен үлкен аулы араздық халінде еді.

Жакыппен сөйлескен сөздің аяғында Абайдың тұспалдап, түйреп өткені осындай ескі жара болатын. Күйзеліп жаткан көрші елдің ауыр күйі соған кеп қосылған. Ішті-тысты екі жаранын уыты бірігіп кеп, Абайды осылай еткен.

Әлденеше айға бергісіз боп созылған он бес күн өтті. Шаруаларды күйзелте бүрістірген ауыр қыстың аяғы осы болатын. Биылғы жұтты халық соңғы кардан, ұзак бораннан көрді. Әсіресе, осы көкек пен мамыр арасында көрді. Көктем айы деп санайтын мамыр соншалык сұрапылдай тигендіктен, жұттың атын “мамырдың жұты” деп, бұрынғы жұттардан бөлек санады. Кейде “ақ қардың" жұты дейтін. Онысы да мамыр ішінде жауған соңғы қарларды атағаны.

Кедей көршілер Жидебайға кеп тығылғанға он бес күн өткен соң, күн жылынды. Оңтүстіктің жылы желі, ескегі соқты. Осыдан бір ай бұрын сокса, жұрт оны “жыл әкелді", “игілік әкелді” деп, қуанышпен карсы алар еді. Биыл қуанта алған жоқ. Бірақ сонда да қалғанды құтқара келді.

Абай мен Үлжан Кұнанбай бұйрығынан құтылған сон, бар ынтасын көпті күтуге жұмсаған. Солардың малы мен өз бастары бұл екеу інін ерте-кешті дамыл алмай ойлайтын міндеті боп алған. Абай күнұзын ат үстінде жүріп, катты жүдеді. Қап-қара боп, тотығып кетті.

Бірак Дәркембайларға арналған еңбегі мен бейілі текке кеткен жок. Елу ауылдың мын жарымдай қойы мен барлық ірі қарасы шетінен жан сактап, аман калды.

Көктемнің ескегі соға бастасымен, маңайдың кары ағыл-тегіл тез кетті. Бір ғана қорық емес, адырлар, далалар да әр жерінен ойылып, карауыта бастады. Мезгілінен асып, ұзак жатып калған кар енді, тіпті, асыға жөнелгенден болды. “Жер аяғы кеңіген" дегендей уакыт келді.

Күн көзі де әбден жылынып, аспанда жазғытұрдың ак мамык бұлттары жөңкіліп көшті. Жидебайға жиылған ел осы уакьпта оз қыстауларына жетуге асықты. Іші аман калған саулықтардың алды қоздай бастаған. Өзгеге пана танса да, өз төлдері бар мынау ауылдар жас қозыларға пана таба алмас еді. Қауырт шұбап келген ағайын, енді бір-ак күн ішінде соз байласты да, тезінен кайта серпілді.

Кетер кезде барлык кәрі-жастың Зере мен Үлжанға айткан алғысы ұшан-теңіз болды.

Қонақтар сейіліп болған күні Ұлжан кыскы соғым мен сүрдің така біткенін айтты. Кәрі қойшы Сатай да осы күні бұл ауылдың өз шығынын есептеп кепті.

Көп қойдың күрек аршуы ойдағыдай болмаған. Сондықтан дәл осы он бес күн екі жүз койды әкетіпті. Абай атка мінген сайын, қыстау маңында өлген қойлардың саны молайып келе жатқанын байқаса да, ауылға айтып келмеуші еді.

Үш қорықтың иелері боп отырған бес-алты ауылдың ішінде мұндай шығынды көрген жалғыз осы Жидебайдағы ауыл. Тәкежан болса, қол- дағы малынан жалғыз токты бермей, аман шықты.

Жұт көлемін халық атаулы тек кыстаудағы малдан айырмайды. Кар әбден кетіп, жер дегдіген кезде отардағы жылқы кайтты. Анық сор көрген жануарлардың ажары осы жылқыда болатын. Талай күн бойында ілбумен ғана жүріп, Жидебай тұсына жеткен Құнанбай қосы сан жағынан бірталай кеміп қапты. Әсіресе, шошытатын жылқының түсі. Нелер атпал айғырлар мен сақа биелердің өзі де алты айлық аурудан тұрғандай, көлеңкесі ғана калған. Жүндері ұзарып, үрпиген. Аяқтары жуандап, сүйек- сүйегі адырайып кетіпті. Тарамыс, шандыр атаулысының бәрі білініп тұр.

Жылкы ішінің тағы бір жат көрінісі — арасында кұлын жок. Аман калды деген Құнанбай жылқысы мен барлык Ырғызбай қостары және бірен-саран Сүйіндік, Байсал, Байдалы ауылдарының қостары. Бірі артынан бірі ілесіп, жылжып, сырғып келіп жатыр. Бәрінің халі де мұсылман кітаптары суреттейтін мақшар күніндей. Адамзат өлшеусіз ұзак заман көр азабын шегіп жатып, ақырет күні кебіндерін жамылып, көлең- кедей калт-құлт етіп бой көрсетеді деуші еді ғой. Мына жылкы тегіс сондай екен.

Құнанбай мен Байсалдар осы қостардың аман қалуына бар күштерін салған. Атыраптағы жері тәуір, аз ғана руларға кыс бойы шапқыншы айдап шыккан. Қостарын калың кардан кашырып, бір күзектен екінші күзекке салып отырып, әйтеуір, ірі жағын аман сақтап калыпты. Арықта болса, колға жетті. Қыс кетті. Енді қайтадан қатарға кіреді. Мұның аты “амандық”. Өйткені, өзгеге карау керек.

Басқа рулардын қостары өз халдерін осылай деуге жараса, тіпті, жұт көргеміз жоқ дер еді. Шынында, көп-көп қостар көз ұялтарлык боп, жұрдай боп келді. Кос деген Тобықты ішінде мын жылқыдай мөлшерді білдіретін болса, Торғай. Жуантаяқ, Топай, Жігітек. Бөкенші сияқты елдердің бір қосынан қырык-елу, жетпіс-сексен гана мінгіш калғаны бар...

Көп елді шошытып, жағасын ұстаткдн, таңдайын қақтырған сұмдық апат содан білінетін.

Әркім өз аулы, өз жайының күйігіне кетті. Біреуге біреудің қатынас хабары да азайды. Көп ауылды жайратып, үй жығып кеткен дауылдың артындагы хал сиякты. Арық-түрағын күтіп, көктемнің қара суығы- нан аман алып қалу шарасы жалпақ елді жаппай басты.

Жылкы қамынан аман болған Жидебайдағы ауыл ғана. Қостар келісімен Құнанбай Шыңғыска айдатып алып, барлық ендігі күтімдерін өзі басқарған.

Күн әбден жылынды. Көк те шыға бастады. Енді Жидебайдағы қыстаудың айналасындағы жемтік иістеніп барады. Күн асқан сайын соның өзі бір дерт әкелетін сияқты. Үлжан осыны ойлап, киіз үйге шығып, қыстау басынан жылжып қонайық деген.

Ертең таң атысымен жүк шығартуға бұйырып еді. Бірак дәл осы күні кешке Зере сырқаттанды.

Кәрі әженің сырқаты біліне салысымен кысып кетті. Басында ыңқылы күшті боп, тынысы ауырлап келіп еді. Келесі күні дәрмен азайып, өздігімен қозғала алмайтын болды. Абай мен Үлжан катты сескенді де, Зеренің қасын күзетті. Сусыны, төсегі, бар күтімі екеуінін ғана мойнын- да. Өзге жанды көп кіргізген де жок. Жұрт аяғын ауырлайды деп, үй ішін оңаша ұстауға тырысты. Зере науқасының келесі күні түнінде Үлжан енесінен күдер үзе бастаған болатын. Абайға айтпастан, Үлжан Кара- шоқыға кісі жүргізді. Сөйтіп, түн бойы ұйықтамай күзетіп отырған келіні мен немересіне Зере таң алдында ең соңғы рет көз салды. Әжесі көзін ашқанда Абай үміттеніп қалып, қадалыңқырай түсті. Науқас ана бірдеме айтайын деген тәрізді. Ол ажарын Абай өзі таныған жок. Үлжан байқады. Екеуі де қатар сыргып, жақындай түсіп, төніп келгенде, Зере бір нәрсені сыбырлай бастады.

Дене күші бітсе де, ойы сап-сау. Тек үні әлсіз.

— Өнегем... болса... тірлігімде көрсете алдым ба, жоқ па? Өсиетім болса... құлағым, тілім барында айтып болдым ба, жок па? Қайтейін!.. Енді қайтейін!.. Бүгін мынау әлім біткен шағымда, не дәме етесің екеуің!.. Не күтіп маған телміресің?..—деді. Осы сөздерін көп қиналып, ұзақ айтып еді.

Сөйлету зорлықсиякты. Бірдемені айту да орынсыз. Абай екі колын төсіне койып, әжесіне тағзым етті де, басын иді. Өзінше: “Бар жүрегімнің құрметі, өулиедей ана, саған арналған” дегені. Сөйтіп, аз отырды да, әжесінің екі колын үстап, кішкентай алақандарына бетін басты. Иіскеп сүйіп отырғанда бірнеше ыстық тамшылар да сол әлсіз жүдеу алақандарға тамып еді.

Әжесі тағы да сыбырлап:

— Қарағым... жалғыз қарашығым! — деп, Үлжан жакка қарады да, — анаңды күт’ — деді.

Осыдан кейін тағы бір толастан соң:

— Ішімнен шыққан жалғыз еді ғой... Жалғызға топырағым бұйырсын’—деді. Бұл сөзді, тіпті, ап-анық айтты да, кайтып үндеген жок. Көзі тағы да жұмылып кеггі. Жаңағы айтқаны Құнанбай екенін Абай лезде түсінді. Сол сөзді бастай бергенде, Үлжан басын изеп: “Тыныш болыңыз, орындаймыз” дегендей белгі еткен.

Қадірлі ана осы таңға жетпей қайтыс болды.

Абай мен Үлжан таң аппақ атқанша үн қатқан жок. Зеренің дана жүзіне мүлгіп, жүдеп, қадалып отырды. Екеуі де жаңа ғана қастарынан ғайып болған ана туралы өз шерімен, өз ойларымен болып, бар дүниені үмыткан сиякты.

Абайдын өзі ес білгелі шын жақын жаннын өлімін көргені осы. Кәрі анасының қазіргі жүзі көкшіл сұрғылт тартса да, бір түрлі бір зор тыныштыққа жеткен тәрізді. Өлім емес, қиналу емес. Қайта көптен көксеген арманына жеткендей. Соншалық ырза және мейір шафкат нұрын талқандай.

Күн шыға бергенде, барлыкауыл хабарланып, бала атаулыға шейін тегіс жиылып келген еді. Немерелері мен келін-кепшік үнсіз жыласты. Көрші-колан, малшы атаулы да шын күйініп, ауыр-ауыр күрсінді.

Осы таңертеңде Қарашокыдағы, Шыңғыстағы көп туысқан да кеп жетті. Алдымен келген Құнанбай, Күнкелер болатын. Қалған Ырғызбай да осы күні түске шейін түгел келді.

Бұл өлімді барлық жұрт тегіс ауыр алғанмен, жыласкан жоқ. Үндемей күлі. Келесі күн жаназасы болғанда әнеугі елу кедей көршілер де тегіс келген екен. Көп кауым боп, түгел ардақтап қойды.

Құнанбай мен Күнкелер Зеренің жетісіне шейін Жидебайда қалды.

Әжесінің артын күтетін кезде мүншалык көп қара құрықтың болғанын Абай өзі ұнатпаған. Бұ күнде ешкіммен сөйлескісі де келген жок. Зерені койып қайтқан күні кешке, әжесінің төсегіне отырып алып, құран аударуға кірісті. Анасының аруағына арнайтын дағдылы құран хатымды молдаға оқытпай, өзі оқитын болды.

Бір жұма бойы сол құранды екі аударып шықты. Осы күндерде ас үстіндегі бір әредікте Құнанбай Абайға:

— Жай аударады екенсің!—деп еді. Абай жауап айткан жок. Құнанбай мұндайда үш-төрт аударып тастайтын, сыдырткыш молдаларды есіне алып айтқан. Абай болса, ішкі себебін айткан жок. Ол да жылдам оқи білуші еді.

Абай анасына сауап болсын деп, құранды өзгеше ықыласпен, асықпай, соншалык мүлгіп, мінажат кып оқиды. Құраннын кейбір парасының үстінде ұзак отырып кап, жалғыз, жасырын ойлар да ойлайды.

Онысы — әжесінің адамшылық, аналық қасиеттерін жоқтау еді. Өз ішіндегі адал алғысын бағыштау да дұғалык, тілек есепті көрінетін.

Осы жеті күн ішінде, үй оңаша калған бір шакта, Абай Ұлжанның бір сөзін үлкен ықыласпен тындады.

Шешесі көзіне жас алып отырып, өз-өзінен:

— Анаң, ана-ак еді-ау, жарыктык! Осы кісінің өсиеті, тәрбиесі болмаса, мен де бір түйіліп калған қу түйіндей үндемес катыбас болар ем. Сен екеумізде карызы бар еді. Тым құрыса, аруағы ырза болсын. Артын жақсы күтейік! — деді.

Абай оз шешесінің де қартайып калғанын байкады. Мұның да мейірімді жүзінде ой ауырлап, уайым қалыңдапты. Айткан сөзін құп алды да, үндеместен бас иді.

Зсренің жетісі толып, кұран хатым болған соң, Құнанбайлар кайтып кетті.

Аз уақьпта, жылдағы дағды бойынша, жұрт жайлауға көшті. Абай әжесінің кыркына шейін, тыска шықса, ертелі-кеш анасын жоқтап, зар өлеңдер айтады. Тау басына шығып, даланы кезіп жүрсе де, анасына бағышталған мұнды ойлардын қасірет жырлары орала береді.

Әсіресе, Шыңғыс асып, көп елдің күйін көргенде, бір түрлі жат, жаңа дерт тапты. Байқаса, бұрынғы қыруар елдер кішірейіп, бір-ақ уыс болып калған. Өлкеге сыймайтын малдың орнына окта-тектс көрінетін, шашылып жаткан бесті-онды ғана кара бар. Малы аз болған соң, талай ауылдар бірігіп кетіпті. Шыңғыс сыртының ен қоныстары, мол адырлары, иен жайлаулары көбінше қанырап тұр. Сонымен қатар ел ішінде күңірену көп. Жоқ-жітік. қайыршы көбейіпті. Абайдың өз анасы өлгенде, ел ана да төсек тартып, дертке шалдыккан сиякты.

Осыны көріп, ойланған сайын Абай өзгеше бір айықпас зарға батты. Қаралы көңіл ашылмастай боп екі иығынан басып алды. Үстіне киген киімге, мінер атка, ішетін асқа да бейілі жок. Көп адаммен тіл де қатпай, үнсіз боп барады. Бірақ енді өз анасы Зерені ойлаумен бірге, халық деген ананы катар ойлап кетеді. Әрі-беріден соң екі шер бір қосылып, бір жырға, бір зарға айналды.

Абай әжесінің кыркына жетті. Жайлаудағы көп ел жиылып, Зерені соңғы рет естеріне алды.


Бетке өту: