Menu Close

Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов

Аты:Абай жолы 1 кітап
Автор:Мұхтар Әуезов
Жанр:Литература, роман
Баспагер:
Жылы:1997
ISBN:
Кітап тілі:Қазақ
Жүктеп алу:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Бетке өту:

Бет - 4


Көштер Шыңғыска кіре бере, сайды өрлеп, өзді-өзінің жылдағы қыстау-кыстауына карай тартты. Бөкенші, Борсақтын Шыңғыс ішінде қыстау еткен жерлерінің ені оншалык мол болмайтын. Сол жердің орта тұсы Жексен қыстауы — Қарашоқы. Көктемде Қодарды асып өлтірген жер осы.

Бірнеше көштерді сай-саймен өз жолдарымен жіберсе де, Сүйіндік, Жексендер бастаған еркектер тобы жұбын жазған жоқ. Бірталай қалың көштерді арттарына салып ап, тура Қарашоқының тоғайлы өзеніне кіріп,

соны өрлеп келеді. Аздан соң бөктер тауды аралап өтіп, Қарашоқының бауырындағы көк алаңға шыкты. Қодар құлаған құз жартас та көрінді. Соның етегіндегі кең шалғын тегіс орылып, мая-мая боп үйіліп қапты. Жексен қорасының үстіне қаптаған сиыр, түйе, жартастан жоғарылай қонған көп үйлі ақ ауыл. Түтіні будақтап, кой-қозысы шұбартып, бықып жатыр. Бұл ара Жексен қыстауы емес. Осы мына отырған ауылдың мекені болғанға ұқсайды.

Жартастан бері Сүйіндіктердің карсы алдында, калың жылқы ендеп, жайылып келеді. Екі шеті сайдың екі жак иығыңдағы сар тұмсықтарға шашырай шығыпты. Ішінде жирені мен кұласы көп, Құнанбай жылқысы.

— Құдай ұрды десеңші! Қарағым, Сүйіндік-ай.енді кайтгім?—деп, Жексен көзіне жас алды.

— “Жайлауыңды жау алды, қыстауыңды өрт алды” деген сұмдық осы да’ — деп, құр күрсінгеннен басқа Сүйіндік түк айта алмады. Жат сыбысты естігенмен, дәл мұндай болар деген ой бұл тогггағы кәрі-жастың ешкай- сысында да жоқ еді. Бұлардың ішінде, әсіресе, күйгені Жетпіс болатын.

— Бір Жексен емес, бар Бөкенші, бар Борсактың жерін бір-ақ басып алғаны ғой. Бұл қорлықка шыдағанша, өлген артық' — дегенде, Бөкенші, Борсактың тағы бірнеше жас жігіттері аттарын тебініп, ілгері шыға берісті.

— Жер ашуы — жан ашуы!..

— Бұдан арғы амандықсадағам!..

— Бөкенші, Борсак құмадан туып па?!

— Қашанғы шыдаймыз?

— Қорка-корка тапканың осы ғой!

— Бұға-бұға болдыңдар ғой осы!..

— Етекбасты кып өлтірдіңдер ғой осы, сендер-ақ!.. — деп бәрі де Сүйіндік, Сүгірге кадалды.

Сүйіндік бұл сөздерді өз басына тиген камшыдай сезіп, катты ши- рықты. Ерік берсе, осы топ мына бейбіт жылкыға тиіп кетуден де тайынатын емес. Бірак жаңағы сөйлегеннің бәрін байқап қараса, шетінен аталы ауылдың адамдары емес. Ылғи жоқ-жітік шаруа көрінеді. Атақсыз көпшілік. Бұлар бір қимылды істеуін істеп тастайды. Бірақ салмағы кімге түспек?

Бәрін бастап кеп, жылқыға тиген, ауылға шапкан Сүйіндік болады ертең... Осыны ойлағанда Сүйіндік сескеніп, шошып кетті. Малмен де, баспен де жауап беретін осы Сүгір, Жексен үшеуі болмақ. Ол атының басын іркіп тұра кап, катты зіл тастап:

— Әй, жігіттер, тоқта былай! — деді. Жұрттың бәрі іркіліп, соның аузына қарады.

— Сөздеріңнің түрі мынау болса, бәленді аулақ тарт! Мен бұл тобында жоқпын! Бар, әне, бара бер’ Құнанбай сенің шошайған жиырма сойылыңнан қорқар деп пе ең? Қорықса бүйтер ме еді. Сен жиырма болсаң, ол жүз, сен жүз болсаң, ол мың болады, әне! — деп ауылға қарай иек какты. Жұрт жаңа байқады. Ауыл мен жартас жақтан және екі жағадағы жота-жотадан мына калың жылкыға карай жай бастырып келе жаткан

көп атгылар бар екен. Бөрінің де сойылы бар. Біреулері көлденең ұстап, кейбіреулері тақымына қыстырып немесе білектеріне іліп, сүйретіп алыпты. Кем койса, жүз қаралы сойыл соғар. Бәрі де аз уақытта жылқының ішіне кеп кіріп, енді бастары қосылып, Сүйіндіктерге таман жылжып келеді.

Сүйіндік сөзінен соң үйлыгып қалған Бөкенші, Борсақтар үнде- меді. Бәрі де аттарын баяу бастырып, ана жиынға қарсы жүрді.

Ендігі басу айтқан Сүгір еді. Бөкенші ішінде көп көк ала жылқысы бар, ең үлкен бай осы болатын. Сөзін ақырын бастап:

— Ағайын бар, ел бар. Бізге де есе тиер! Айтармыз, жұрт келесіне салармыз. Тек кызу үстінде, бәле бастай көрмеңдер! — деп жалына сөйледі.

- Осыдан бәле басы болғаның, сол бәленің тауқыметін тура өз мойныңмен көтересің! Қашан айтып ендеме! —деп, Сүйіндік бар сөзді бір-ак түжырды.

Жылкы ішінен бұларға қарсы қозғалған қалың топтың тап ортасында Құнанбай бар екен. Ұзын торы ат басын шүлғи тастап, кекілін желпіп сермеп, жай басып келеді. Сүйіндіктерге карсы Құнанбай бар тобымен келген жок. Жылкыдан бері карай біраз шыққан соң, өз касын- дағы көп аттыны кейін қайтарып жіберді.

Қасында он шақты ғана үлкен кісілер калган еді. Сүйіндіктерге осы тобымен кеп кездесті. Пішіні суық, ызгарлы екен. Жуандык ызғары “кайте қоясыннын” ажары. Жота жүнін үрпитіп, үдірейіп тұр. Ірге бермек емес. Атқамінер атаулынын, әсіресе, Құнанбайдың сырт айдыны осылай келетін. Соның домбытпа екенін білсе де, Сүйіндіктер әрқашан мұндай түстен ығыса жүретін. Бөкенші тобы бұрын сәлем берді. Құнанбай ернін қыбыр еткізіп қана, үнсіз сәлем алды. Біраз үндеспей тұрып барып, Сүйіндік:

— Мырза, мына атгылар не? — деді. Құнанбайды бар Тобықтының атқамінері “мырза” деп атайды.

— Жай, мына жылқыға, отарға шығар алдында танба бастырайын деп ем. Соған жиылған ел, — деді Құнанбай.

Бұл сөз одан әрі өрбіген жок. Жексен бұрылып артына қарап еді, көштің алды бөктер адырдан бері шығып калган екен.

— Жә, мырза, мынау келе жаткан біздің көшіміз еді. Қыстауымызға келе жатыр ек. Мұнда болса, бүйтіп капты. Бұл калай болды? — деді.

— Е, саған көшіп кел деген кім бар? Омыраулап, баса-көктеп көшпей-ак, хабарласып, тілдесіп алсаң нетуші еді? Көшің кейін кайтады!

— Әкім елге ие, ел жерге ие емес пе еді?

— Әкім аспанда тұрмақ па екен? Исі Шыңғыстан Ырғызбайга қыстау тимесін деген кімнің бұйрығы?!

— Бір Шыңғыс демесең, осы өңірде кыстаулык жерін аз да емес, олқы да емес еді ғой, мырза! — деп Сүйіндік енді араласып еді. Құнанбай іле сөйледі.

— Ей, Кішекен, Бөбең, — деп бастады. Жігітек пен Бөкеншіні сыпайы айтканда осылайша: “Кішекең, Бөбең” десетін. Құнанбай казір солардың бар руын бір араға жиып ап, соның бар кауымымен бетпе-бет

кінәласып, жүгінісіп тұрған кісі тәрізді. — Аға болдың, бұрын жеттің. Көлденең созылған Шыңғыска көлбей орнадың. Ырғызбай аз еді. Сенен кіші еді. Ен Шынғыстан бірде-бір кұйкалы кыстау бермепсің. “Өзге кыстау” дейсің... Шыңғыс тұрғанда өзге жер кыстау ма? Мен болсам, енді кашанғы көне берейін. Қашанғы кұр қалайын. Ырғызбайға да Шынғыстай арка тірек пана керек... Ырғызбай да етек алған ел болды. Жатың емес, туысқаның. Есе бермей, құмадан туып па? — деді. Дауын да, байлауын да өзі айтты.

— Сонда Бөкеншіден қанша қыстау алмаққа ұйғардың, мырза? — деп, Сүйіндік енді бұл салықтың көлемін байқайын деді.

— Бөкенші Шыңғыстың бүл тұсындағы бар қыстауды береді.

— Е, біз қайда кетеміз? — деп Жетпіс күйіп кетті.

— Шығара куылған Бөкенші болғаны ма?

— Ауып кетсін деген сөз ғой бұл?!

— Жанашырдың жоқ болғаны ғой! — деп, бағанағы көпшілік тағы козданайын деп еді, Құнанбай Сүйіндікке қадалып тұрып, қамшысын жаңағы сөйлегендер жаққа нұсқап:

— Тоқтат аналарыңды! — деп ақырып калды. Сүйіндік өз басын аршып, Құнанбай жағына тайсалактап, жігіттеріне:

— Әй, өрекпіме демеп пе ем, көп шуылдак! Қысқарт енді! — деді. Жұрт еріксіз басылып калды.

— Бөкенші, Борсақ! Қыстауыңды алғанмен далаға каңғытады деп пе ен? Алсам, текке алмаймын, беріп алам. Осы Шыңғыстың өз бойынан кыстау беріп алам. Ана Жігітек пен Көкшенің арасына барып орнайсың. Төрі — Тал шоқы, ылдиы — Қарауыл, Балпаң. Бар да сонда орнай бер. Мына көштеріңді қайырып, солай беттендер, байлауым сол! — деді.

. Осы кезде күнбатыс жақтан және күншығыс жақтан да бірнеше аттылар кеп, Сүйіндік тобына қосылып еді. Батыс жақтан келген екі ат- тының біреуі Сүйіндіктің үлкен баласы Асылбек болатын.

— Біздің қыстауға Жакып, Жортар қоныпты... Енді қайтгік?! — деді. Шығыс жақтан келген Сүгірдің көршісі Қабас еді.

— Біздің қыстауларға Ырсай, Мырзатай, Үркер орнапты... Көшті қайтгік? Жүк түсіре алмай дағдарып тұрмыз,—деді. Осындай қыстаудан, ата қоныстан айрылған ауылдардың жас, кәрі азаматы енді жан-жактан, төртген-бестен келіп жатыр. Бәрініңтүстері сұрланған. Түтігіп, ыза кернеп, булығып келген кісілер.

Арттағы, көштегі еркек-әйелдердің — бәрінің де наразылығын, қарғысын, ашу-намысын ала келген сияқты.

Бөкенші, Борсактобы көбейе берді. Бірақ Құнанбай қайысар емес. Сүйіндік өз елінің күйзелгенін танып тұр. Өзінің де қор болып, аяқасты болғанын әбден түсінді.

— Қайтейін, мен қайтейін?.. Жаттан көрсек бір сөрі еді, — дегенде, Жетпіс:

— Әділет деген құрығаны ғой! — деп калды.

— Жанашырдың біткені ғой!..

— Бүйткенше, каңғьгтып кусашы, бұл кор болған Бөкенші, Борсак- ты! — деп, көпшілік тағы ашу жия бастап еді. Дәл осы уакьпта Құнанбай

қасына екі топ аттылар келді. Алдыңғы тобы — он шақты кісі. Мұны бастаған Байсал екен. Қасында Көтібақ ішіндегі ең ірікті атқамінерлер. Бұлар бастығы Байсал боп кеп Кұнанбаймен ашык-жаркын сәлемдесіп:

— Коныс кайырлы болсын, мырза’

— Қайыры ұзақ болсын!..

— Мекенің кайырлы болсын!., — десіп, жабырлап құттықтап жатыр. Осы топтың артынан іле тағы бір топ келді. Бес-алты кісі еді. Мұны бастаған шал — Құлыншақ. Торғай руының ең жуаны. Құлыншақтың қасында бес азамат баласы бар екен. Белгілі “бескаска” деп атанған өңшең жауынгер, найзагер, батыр ұлдары.

Құлыншақ та Құнанбайға тақап кеп:

— Қарағым, Құнанжан, амансың ба? Қонысың кайырлы болсын!.. — деді.

Бөкенші, Борсак енді таныды. Ырғызбай жалғыз Ырғызбай боп, мына зорлықты істеп отырған жоқ. Көтібақ, Торғай, Топай руларының да бар жуан, содырлары Құнанбай ісін құптаған тәрізді.

Сүйіндіктің дәме кылары Көтібақ еді. Тым құрымаса, “біртоға, берік Байсал, Құнанбай ісінен сыртқары болар” деп ойлаушы еді.

Астыртын не сөз болған? Не сыр бар?.. Мәлім емес. Қалай да мына ажарына қарағанда, Құнанбай исі Олжайдың бар жуандарын түгел соңынан ертіп алған көрінеді.

Амандаса келген, кайырлы болсын айта келген Байсал, Құлыншақ дәл бүгінгі күн, кұр амандасу емес, Бөкенші, Борсакка қыр көрсете келіп тұр. Құнанбай соны әдейі істетіп отыр.

Мұны жалғыз Сүйіндік емес, Жексен де сезді.

— Апырай, ата қонысым еді. Одан қала берсе, осы жиын, осы бөріңнің көз алдында, кешегі көктемде ғана, осы мынау тастың бауырында Борсактың бір баласының каны тамып еді ғой. Ер азаматымның қаны тамған жер еді ғой! — деді. Бұл сөз — дәл бұл жиынның күтпеген сөзі. Сүйіндік өз ішінен: “Алдырған албырт деп оның несін айтты екен?” деп жақтырмады.

Құнанбайға да бүл сөз, тіпті, тосын болатын. Оны дау үстінде дәлел, далбай қылатын кісі болар демеген. Сондықтан жауабын ойламай айтты. Жексен айткан сөзді Бөкенші, Борсакка тағы осы жерді алуына бір ұпай қып пайдаланбақ болды:

— Не деп тұрсың? Алжығанбысың? “Ерім” дейсің! Ерің сол болса, сенің елдігінде не қасиет калды? Ол ер емес, Борсак әруағынан садаға... тіпті, Тобықты әруағынан садаға!.. Ол — сұмырай еді. Мен сол сұмырайды құртып, соның ізі-тозы бітсін деп, бұл жерді, бұл өңірді әдейі басқанын мекені етіп тұрмын. Сандалған несі? — деді.

Бөкенші, Борсактың калың жиынына мына сөз таспен ұрғандан тиді. Бәріне де бір сәтте Қодар өлімінің сыры, Бөкенші жерінің алыну сылтауы бір-ак шешілгендей болды.

Бұған келгенде Сүйіндіктің де шыдамы таусылып еді.

— Ойпырай, не дейсің! Әгген, аузыңнан айналайын Бөжей-ай, Қодар өлгенде: “Бұл шылбыр Қодардын мойнына ғана түскен жок. Бұйырса, Бөкенші, Борсак сенің мойныңа да түскен шылбыр болар” деп едің... Ар-

манда кетіпсің ғой, есіл ерім, Қодар-ай, — деп үні өшіп, атының жалын кұшып, бүгіліп тұрып калды.

— Уа, кара бет басым! Қара басқан ку басым! Мен қуарған не еткен ит едім? Ойбай бауырым!.. Бауырым, Қодар! — деп Жексен өкіріп жылап, атын борбайлап, Қодар қыстауына қарай шаба жөнелді. Сол-ақекен бар Бөкенші, Борсак тегіс: “Ойбай бауырымдап” Жексеннің артынан шаба-шаба жөнелісті. Сүйіндік те солармен кетгі. Байсал мен Құнанбай бұл арада енді тұра алмай, үндемей томсарған күйлерінде сырт айналып кетіп еді. Құнанбай өз ішінен: “Жаңағы сөзді оғатайтгым-ау, кап!” деді. Бірак Байсалға да сыр берген жок. Қайта Бөкеншінің мына мінезіне сылтау іздеп, өзінше соны таптым деді.

— Құтыртқанның кім екенін көрдің ғой! Шымбайына батқан соң, шыңырауда жатқан сырын айтқанын көрмеймісің? Қолтығына дым бүріккен Бөжей. Анық Бөжей. Тобықты ішінде мені тосқан қанды қақпан сол болмақ қой. “Береке-береке” дейсің. Кінә кімде? Көрдің бе! — деп. Байсалға қадала қарап алды да:

— Бірақ құдай ақта, көріп-ақ алармын! — деді. Аздан соң Байсалға құпиялау қып:

— Сен Сүйіндік пен Сүгір, Жексен үшеуіне айт, көпті қоздырмасын! Бассын! Шыңғыстың кай тұсына орнықтырсам да, ол үшеуінің сыбағасы олқы емес. Өкінбесін! Өкіндірмеймін! Осы сертіме сенсін! — деді.

Олжайдың алғашқы орнында қалған жиынының ортасында тұрған Майбасар болатын. Ол тұмсық асып шапқылап жылап бара жатқан Бөкеншілерге қарап:

— Уай, жарандар! Бұл түстен кейін маңырайтын ақсақ қой дейсің- дер. Тіпті, ол емес!.. Мына Бөкенші екен ғой түстен кейін маңырайтын. Көктемде өлген Қодарға күземде кеп сүйекші болған кімді көрдің? Мұны көрген кім бар десеңші, — деп карк-карк күлді.

Көктемде Қодардың сүйегіне жан жоламай кеткенде, Жәмпейіс пен Әйтімбет койшы ғана кеп жоқшы боп еді. Жексен ол күні өз аулының катын-баласын: “Неге жылайсың, көзің аксын!” деп шетінен бықпырт тигендей сабап, Қодар өлігіне жолатпай қойған. Жәмпейіс пен Әйтімбет- ке солардың өзіндей қойшылар, жаны ашыған кедейлер ғана болысқан. Соның барлығы екі өлікті Құтжан бейітінің басына апарып, зар кағып жылап, жоқтап жүріп, таза арулап койып еді.

Қазірде Құтжан бейітінің екі жағындағы жаңа қабірлер Қодар мен Қамканыкі болатын.

Бөкеншінің барлық азаматы шапқылап ат қойып кеп, осы бейіттің үстіне шұрқырап, жылап түсіп жатты. Сүйіндіктертобы келместен бұрын бейіттердің басында 3-4 қана адам отыр еді. Ол — Жәмпейіс, Әйтімбет және бір-екі басқа койшы болатын.

Жаз бойы келе алмай, бүгін көшпен жетіп, ең алғаш еске алып, құран окып отырған солар еді.

Кейін осылардың үстіне шулап келген нөпірді көргенде, мына кәрілер таң болды. Жылағанның ішінде Сүйіндік бар. Ол бір жұмбақ.

Әсіресе, бұларды қайран еткен Жексен мен Жетпіс... Екеуі де үш кабірді кезек-кезек құшақтап:

— Кеше гөр, арысым, кеше гөр!

— Ағакем, кеше гөр’ — десіп кеп зар-зар етеді. Көздерінен шын өкініш жасгары ағыл-тегіл шығады.

Бірак Жомпейістін жүрегі жылыған жок. Ол Қодар мен Қамканың қайғысынан осы жазда біржолата белі бүгіліп, қатты солып кетіп еді.

Қамқаның бейітін құшақтағалы еңіреп келе жатқан Жексенді кеудеден қойып кап:

— Өй, көзің аксын, көзің аккыр өңшең!.. — деді.

Аз уакытта үш қабірдің басына еркектер ғана емес, барлық көштердің әйелдері де, жас-кәрісі де үйілген еді.

Қалың ел болып, зар еңіреп, улап-шулады.

3

Бөкенші, Борсак Шыңғыстан кайта серпіліп көшкенмен, Кұнанбай атаған жаңа кыстауларға бармады. Қызылшоқы, Қыдыр, Колкайнар- ға жаппа тігіп қонды да, көшпей отырып алды.

Бүл кезде өзге елдердің бәрі де кыстау-кыстауына жетіп, жайласқан болатын. Қора басына пішендерін тасу, тоңын аудару, қыс жағатын қиларын қалап алу, мал қораның жыртык-тесігін бүтіндеу, үй сылау, пеш түзету сияқты істері қыстық мекені бар елдердің бәрінің де тегіс жұмылған науқаны.

Осындай істерден сырт қалған және барары мәлім емес Бөкенші, Борсак аз күннің ішінде ауған, боскан ел тәрізденді.

Құнанбай жорға Жұмабаңды Сүйіндік пен Сүгірлсрге жіберіп: “Ана Қарауыл, Балпаң, Талшокы бойынан таңдаған қоныстарын алсын! Және жайлауына көлденең Шалқарды тұтас алсын! Бірак көпке мұрындық болмай, тез барып орныксын!” деген. Шыңғыстан бір-бір қыстау алса, Қарауыл, Балпаң тиее және әсіресе, жайлаудағы екі өзен жеке меншіктеріне тиее, тіпті, өкініші жок.

Осымен Сүйіндік, Сүгірлер өз есептері ұтылмайтынын білген соң, көш-конын ойлап, кыбырлай бастап еді. Бүгін өзге Бөкеншіге айтпастан Сүйіндік, Сүгір, Жексеңдер таң атысымен түйелерін ұстатып, аркан-жібін қамдап, жаппаларын да жыға бастады. Бұлар осылайша іріткімен екшел- генде өзге Бөкенші, Борсактан жиырма-отыз кісі атка мінді. Ендігі жиын — қара шаруа жиыны. Араларында зор денелі, орта жасты Дәркембай бар.

Ол Қызылшоқының шеткі қонысында отырған Жексен аулына келді де, Жексен мен Жетпісті шақырып:

— Елді тастап, бас сауғалап, қайда барасың,түге? Тапжылма! Көшпе! Не көрсең, бірге көресің! Жықпа жаппанды! — деді.

Жексен қарсыласа алмады. Жалғыз-ақ қиялап:

— Жандарым-ау, не білгендерің бар? — дей беріп еді.

— Онан да қазір екеуің де атына мін’ Ер бізге! Анау Сүйіндік, Сүгірге барып сөз байлаймыз! — деді.

Жексен мен Жетпіс еріксіз ерді.

Осы топ Сүйіндік пен Сүгірге де көп сөйлеген жок. Бұйрықтарын шолақ айтып, көштерін тоқтатып тастады. Сүйіндік бұлардың айтқанына амалсыздан бағынды да:

— Ал бірақ тапкан ақылдарыңды айтшы! Қылышын сүйретіп қыс келеді. Кемпір-шалды күркілделіп, баланың жағынан боздағын шығарып, қашанғы отырамыз? Қайда барамыз? — деді.

Дәркембайдың жауабы әзір болатын:

— Сүйіндік, Жексен, Сүгір үшеуің де алдымызға түс! Аттарыңа мін! Жүр,әне, Бөжейге! Елден жырыла кашып оңбайсың,түге! Бөжейге барамыз. Ағайынға салмақ саламыз. Тіпті, жанашыр жоқ болатын болса, арғысын содан әрі көрерміз! — деді.

Сүйіндік пен Сүгірді, Жексенді қосып алған осы топ дәл осы күн түсте Шыңғыстағы Божей аулына келді. Оның қыстауы Тоқпамбет дейтін қалың шалғынды, мол тоғайлы, ең бір құйкалы кыстау еді. Бөжей өз атасы Кеңгірбайдан ата қоныс есебінде мұра кып калган жер осы.

Бөкенші тобы келген соң, Бөжей лезде кісі жіберіп, жакын жердегі Байдалы мен Түсіпті шақырып алды. Не де болса, Жігітектің ақылы бір жерден шықсын дегені.

Бұ топта Сүйіндік шешіліп сөйлеген жоқ. Кібіртіктеп, қылғынып сөйлегендей болды.

— Ағайының келіп отыр. Ақылыңа қоңсы қона келіп отыр. Не дейсің? Нұсқайтұғын бетіңді айт! — деді.

Бөжей мұның ішкі сырын білмеп еді. “Дағдылы коркактығы, Қүнан- байға қарсы шаба алмайтын ежелгі маймактығы” деп, мырс етіп, мұрт астынан күліп койды. Бірақ Сүйіндік сондай солғын болғанмен, өзге көпшілік олай емес. Оның ажарын сүймей, мойнын сырт кайырып, сұрланып отырған Дәркембай, Бөжейдің күлкісін сезіп қап:

— Божіке, кібіртіктей-кібіртіктей болдық қой. Тура баспас тобан аяқ болған соң иыққа ит те, күс та шығад та!.. Тек қана “шөк-шөк” дей бермей, осы бізді де ел қылатын, ер қылатын ақыл айтшы! — деді.

Байдалы осындай ер мінезді жақтайтын. Тура айтқанды сүйетін, өзі де қайратқа, қимылға бой ұрғыш адам. Жігітектің қол күші көбінесе осы Байдалы басынан айқын көрінетін.

— Өй, Сүйіндік, сен ақылды мына Дәркембайдан сұрасаң етті. Еркектің сөзі мына кедейде жатыр ғой, мынау ер кедейде! — деп кеудесін көтеріп, Дәркембайға сүйсіне карады.

Бөжей бұл тартысты әуелі қолмен емес, жолмен бастап көргенді макұл деп білген. Қолдан келсе, бұл жолы Құнанбайды келеге салып әшкерелеп, көп алдында тентек кып алмақ. Мына келген Бөкеншіге, ертең болатын бәленің артын да ашып айтып, танытып қоймак. Әуелі осыдан бастау лайық.

— Бөбең, Борсақ бауырымсың. Саған тигені — маған тигені. Сенен шет қалып, амандық, тыныштық іздемеспін. Бірақ Құнанбайдың дегені болса, сені мен мені де тату кып, туысқан кып қоймак емес-ау. Талшокы, Қарауыл, Балпаң деген жерлерді атапты деп есіттім. Осының түбін ойлай- мысың? — деп, бар жиынға барлай қарап, аз үндемей отырып: — Мұнысы Кішекең, Бөбеңнін жер жапсары бір болсын. Екі атаның ұрпағы жерлес болса татулықтан кетеді. Жақын отырып, бес тал көде мен бір ұрттам суға да қиталасып таласа берсін дегені. Атадан нәсілге арылмас жік қалсын дегені ғой. Бірақ оның ойлағанының бәрі бірдей өрге баса

бермес. Туысқандығым туысқандық. Күндердің күні боп, Талшокы мен Карауылға келер болсаң, орның әзір. Барымды ортаға сап, түс шайыс- пай-ак үлесемін. Ол өзі бір төбе. Ал бірак одан бұрын айтысып көрейік. Ара ағайын Кішекенекен. Біз кіріспей кім кіріседі?—деп Түсіпке қарап отырып, — Ағайын келесіне мынауың тентек, мынауың зорлық дегенді айтып көрейік. Қалған іс пен сөзді содан соң шешейік... Мақұл ма? — деді. Бөкенші жиыны да, Байдалы, Түсіп те бұны мақұл десті.

— Ендеше, Түсіп, сен атқа мін! Осы сөзді алып, Құнанбайға барып жауабын бүгін әкел! — деп Бөжей сөзін бітірді.

Түсіптің баратыны осымен шешілген соң Байдалы:

—Тек, жалғыз-ақ, арыла сөйлее. Айтатынның бәрін айтып кел. Бұға- бұға болғамыз. Ат кекілін кессең де, қатты айтып, ел өкпесін түгел жеткіз! — деп, Түсіпке өзі де ашумен сөйлеп, нық қайрат берді.

Осы сөзді қатты ұстап, Түсіп сол күні кешке Құнанбайға кеп сөйлесті.

Құнанбай Карашокыға үлкен бәйбішесі Күнкені қыстатпақ болған. Өзі сол ауылда екен. Түсіп екінді кезінде келді де, Құнанбайды онаша шығарып, дөң басына барып отырып, ұзақ сөйледі. Алыстан бастап, “бе- реке-бірлік” керегін айта кеп, ең аяғында:

— Мынау ісіңе Бөбең емес, исі Кішекең де наразы... — дей беріп еді, Құнанбай бұған жалт қарап, қатты зекіп:

— Наразының жоқшысы Кішекең болмақ па? Ендеше, мынау Ке- рей, Уақ, анау Сыбан тегіс наразы. Оңды-солды бәрі өкпелі. Кімге өкпелі? Үрлады, барымталады, ақ малымның есесін бермейді деп, дәл Кішекеңнің өзіне наразы. Байдалы, Бөжей, мына Түсіп сен... дәл сендерге наразы. Бокеншіні айтканша, өз басынды ақтап ал! Үры менен қарынды тыйып ал! — деді.

Түсіп бұл араға қатты ашуланып еді, даусы да қатаң шығып кетті.

— Телі мен тентек қайда болса да бар болатын, Құнанбай! Бөжей мен Түсіп өзі ұры ма еді? Ара ағайынның сөзін айттың, қарындастың көз жасын айттың деп, тағы жазғырмақ па ең? Ақ та болсам, жоқ сылтаумен тағы арандатпақ па ең? Бөжей, Түсіп арам болса айтарсың! Ак болса, жазықсыз болса, неңді айтасың?

— Айтканым айтқан, жазықгысың, арамсың...

— Ендеше, міне, зауал уақта... сал мойныма арамымды? — деп, Түсіп дір-дір етіп, жүгініп алды.

— Арамың сол — Бөжей маған какпан құрғанын койсын! Біреудің сыртын бетке ұстап жүріп, маған арнап оқ атқанын қойсын! Енді осыдан қоймайтын болса, ағаш оғын аямасын, тегіс атсын! Бірақ қашан айттың демесін! Ендігі керді тап өзі көреді. Өз басы көреді! Ал Керей, Уактың малын бересің! Бергіземін! Ертең үстіңе сияз құрғызамын. Бұл — бір. Екінші, Бөкенші сөзінен аулақ кетсін. Тартсын аяғын. Тарт аяғыңды! Ара ағайын сен емессің. Саған сынататын сөзім емес. Бәле іздемесең, кіріспе! Кіріссең, алысқалы әдейі кірістің деп білемін. Бар, айт осынымды!.. Тегіс жеткіз Бөжей мен Байдалыға! — деді.

Сөз осымен бітті де, екеуі екі айрылып кетті.

4

Осының ертеңінде түске таман Майбасардың екі атшабары — Кдмысбай, Жұмағұл шапқылап кеп, Жігітек ішіндегі есіктерінің ар жағына сүңгіп-сүңгіп кетті.

Қыстауының жанында отырған аяты үйдің барлық игі абалап шығып еді, атшабарлар ақырып, қамшы үйіріп ұмтылып, бездіріп жіберді.

Әрбір үйдің есігін жамылып, баспа ғып тұрған балаларда мына тентек қонақтардан қорқып, інге кірген тышкандай, есіктерінің ар жағына сүңгіп-сүңгіп кетті.

Үркімбайдың үлкен қоңыр үйінде бірталай еркектер отыр еді. Үй иесінің өзінен баска Қаумен, Қараша бар-ды. Бұл екеуі — Бөжейдің жақын ағайындары. Үркімбайдың кішкене тұлымды қызы, есіктен кашып кеп әкесінің қолтығына кіріп кетті де:

— Атшабар, атшабар! — деді.

Атшабар келсе, жанжал келетінін балаға шейін сезетін.

Мойындарына былғары сөмке салған, төсіне каклактай үлкен-үлкен жез знактар таккан екі атшабар үйге кіріп келгенде, тұлымды кыз:

— Әне, әнеки, әке! — деп, әкесінің койнына жабыса түсті.

— Өй, жандарым, немене шулатып жүргендерің? — деп Үркімбай жақтырмай қарсы алды.

— Іс тығыз, бұйрық тығыз... асығып жүрміз! — деп Қамысбай төрге шықты. Жұмағұл от басына бір тізелеп отырып калды. Қараша:

— Е, не бұйрық? Немене тағы, ел көшті, жау жетті деп шетіңнен? — деді де, қабағын түйіп, Қамысбайға ашумен қарады. Бірак кырыс атшабар кайыскан жок.

— Бұйрық сол, үй тігесіңдер. Қараша, Қаумен сендерді іздеп келеміз. Осы Үркімбай, Қаумен, Қараша — үшеуіңнің ауылдарында сияз болады. Ел жиылады. Керей, Уақтың даугерлері келеді. Ел мен елді ақыл- дастырамыз, ұрыдан мал әпереміз дейді...

— Кім айтады? — деп Каумен тіксінді.

— Әперетін кім? — деп Қараша қайтадан қадалды.

- Үрыдан әпере ме, жок, ұры емеске де салмақ түссін дей ме? — деп Үркімбай да жалт қарады.

Сияз деген мол шығын. Ол — көп елдің калың даугерлері келіп орнайды деген сөз. Осы елдің жуан, семіз, мешкей билері, күндіз — түстік, кешке конакасы жеп, асықпастан ай жатады деген сөз.

Ежелден мәлім: кай ауылдың үстінде сияз болса, сол ауыл мол шыға- сылы болмақ. Елден ерекше мазасыздықка ұшырамақ. Ұлық кай ауылға сияз құрса, сол ауылды қырына алғаны.

Қамысбай бұл отырғандардың сиязға оңай көне қоймайтынын ертеден біледі. Старшын мен аға сұлтанға айтпаса да, атшабармен көп кита- ласады. Бірақ Майбасар бұйрығы катты болатын. Бөгелуге болмайды.

— Бұйрық ұлықтікі. Құнанбай мен Майбасардікі. Мен шығарды деп пе ең? — деп, Қарашаға сыздана бір карады да, — Бол, болыңдар! Ақылдасыңдар да, үй камдандар. Үшеуіңнің ауылдарыңдағы бар киіз үйді осында әкеп тігіндер. Сойыс жайын ақылдасыңдар. “Жігітек әуелі елу қой

сойыс үлессін” — деген. Соны кай-кай ауылға саламыз. Қазір осының жайын кенесейік, — деді.

Атшабармен сөйлесіп сөзге, жолға жарымайтынын Қаумен жақсы біледі. Сондықтан ол егес сөзді молайтпай, жақындағы Байдалымен ақылдасып алмақ болды. Үркімбай мен Қарашаға:

— Екеуің бері карандаршы,—деп, біраз үндемей кадалып отырып, — біз ғана емес, Жігітекке тегіс келген селебе ғой. Мына жерде Байдалы бар. Бөжеймен ақылдасуға қашаң боп түр. Қараша, сен тез атка мін де, барып Байдалымен ақылдасып, мына атшабарлардын жауабын алып кел! — деді.

— Дұрыс, сүйт! — деп Үркімбай да қостады, атшабарлар да карсы болған жок.

Қараша лезде тұрып, үндеместен жүріп кетті.

Осымен атшабарлар орнығып отырып, шай ішіп жалы. Үркімбай олармен жауаптаспаса да, өз ішінен Майбасар бұйрығына катгы ашулы. Бар Тобықтының ішінде бір үй қазанына арам ас салмады десе, сол ең алдымен осы Үркімбай үйі болатын.

Атшабарлар көп тосқан жоқ.

Үй сыртына бірнеше атты кісі дүсірлетіп кеп, шапшаң түсіп, аттарын тез байлап жатыр.

Келген — Қараша. Қасында Байдалы мен Қарашаның өр атанған ұры түсіргіш жігіттері. Жұмағұл атшабар кулау болатын. Ішінен мыналардың келісін жақтырмады.

— Е, не ғып ереуілдеп жүрсің бөрің бірдей?—дей беріп еді, Қожақан деген ұзын кара жігіт:

— “Атаңды жау шапса, бірге шап” деген. Сендерге Жігітектің бар малын тартып әпергелі келдік, — деді.

— Бар мал емес, елу-ақ кой керек. Қалған малың көп болса, ана иесі келгенде жетектетерсің... Асыққаның не?—деп, Қамысбай зәрленіп ашу шақырайын деді.

— Соны әперетін осы сенбісің? — деп, Қараша Қамысбайдың дәл қасына жүгіне отырды.

— Мен болғанда қайтейін деп ең?..

— Сен қанкұйлы, тәмам елді жылатып болдың ғой, осы итаршылықты қоямысың?..

— Өй, сандалма әрман! Одан да ана Байдалының жауабын айт.

— Жауабы ма?.. Ендеше, жауабы міне, — деп, Қараша қолын- лағы тобылғы сапты жуан қамшыны сермеп жіберіп, атқып тұрып, Қамысбайды бастан тартып-тартып жіберді...

Малдарын құрып отырған Қамысбай да жалма-жан тұра беріп еді... Үркімбай барлык осы үйдегі өз жігіттеріне ақырып, бұйрық етіп:

— Үста! Сой екі итті! — деді.

Жұмағұл да, Қамысбай да арпалысып, айқайлап, боқтық астына ала бастады. Бірақон жігіт ырық бермеді. Үндеместен жабылып, екеуін алып- алып соқты да, тізерлеп басып-басып алды.

— Байдалының жауабы сол. Екі иттің бауыр сыртынан дүрені соғып- соғып, Майбасарға қып-қызыл жоса кып кайтар!.. — деді. — Ал!.. Тұр

бәлем!—деп кеп. Қараша Қамысбайдың басына өзі мініп алып, құйрығы мен жонынан шыкпырта берді. Жұмағұлды Үркімбай мен өзге жігіттер де сондай сабады.

Екі атшабар таяқты Жігітектен мейлінше жеп алып, бетгегі қызыл жоса қандарын айғыз-айғыз қылған бойында, сүртпестен шапқылап отырып, Қарашокыдағы Құнанбайдың алдына тура кеп кірді.

Құнанбайдың қасында Байсал, Майбасар бар екен. Жоне Құлыншақтың батыр ұлдарынан Наданбай. Манас отыр. Ырғызбайдан — Жұман, Төлепберді, тағы да баска үй толы жігіттер бар екен.

Құнанбай әуелі үн қатпай сазарып отырып барып, аздан соң екі атшабардың бетіне нұсқап отырып Байсалға:

— Міне, көрдің бе? Қайтып ағайын болайын? Мына қамшы мыналарға емес, маған жұмсаған қамшысы ғой Бөжейдің... Тұр тегіс! — деп, бар жігітке катты ақырып, бұйрық берді. — Қазір барыңдар да, сол өз үйінде сабатқан Үркімбайды кол-аяғын байлап тұрып, дәл менің алдыма сүйретіп әпкеліндер! — деді.

Басқа бір кісі бір ауыз сөз айткан жоқ. Құнанбай да мұнан әрі ләм деген жоқ. Он жігіт атқа міне-міне шаба жөнелді. Ішінде Құлыншақ балалары бірге кетті.

Осы топ ымырт жабыла Үркімбайдың аулына жетіп, барлық ауылдың еркектерін бықпырт тигендей сабап жүріп, Үркімбайды өз үйінен сүйреп алып шықты. Үркімбай үйде қарсыласқанмен, таяқ тиетінін байқаған сон, енді кайтып үн қатқан жоқ.

Бетінде жалғыз тамшы қдн жоқ. Ашудан көкпеңбек боп, булығып алған еді. Ернін тістеп, қабағын тастай түйіп ап, шыдай бермек болды. Тыста мұның колын артына байлап, бір семіз шабдар атқа мінгізді де, артына Төлепберді карғып мініп алды. Ашулы топ Қарашокыға карай тасырлатып шапқылап жөнелді.

Қазірде кас қарайып, іңір қараңғысы әбден болған екен. ™

Бұлар Шыңғыстың қалың ішіндегі Үркімбай қорасынан төмен беттеп, өзенді бойлап шауып келеді.

Аз уақытта өзенді кесіп өтетін бөктер жолға жетті. Енді күнбатыс жақтағы Қарашокыға қарай бұрыла беріп еді.

Бірак алдарында көлденеңтұста бір топ биік терек болатын. Соның арасынан бір сәтте қалын нөпір боп:

— Қапта, капта!..

— Түс-түс!

— Өлтір иттерді, өлтір! — деген қалың шумен, оншен бір көк атгылар тиіп кеп кетті. Ұзын саны отыз-кырықтан кем емес. Қолдарында өңшен шоқпар мен сойыл. Құнанбай жігіттері қарсы айқайлап:

— Келсең кел!..

— Омай!..

— Түссең түс! — деп, сапырылысып, араласып кетті. Бұларда да сойыл, шоқпар сай еді.

Үзын-үзын ақ сойылдар кезек-кезек қағысып, сарт-сарт тиіседі...

Қараңғыда тосқауылда тұрып шабуыл жасаған Қараша болатын. Оған Байдалы күндіз бұйрық беріп:

— Бір қимылды істеуін істедің. Бірак енді сак бол! — деген.

Караша содан кешкі ымыртка дейін тау басында, ат үстінде жүрген. Кешкі ала көлеңкеде Үркімбай аулына карай суыт кетіп бара жаткан калың шоғырды ол мезгілімен-ак көріп еді. Тегін емес екенін де білген. Содан шапкылап отырып, таудан түсіп өз аулынын бес-алты жігітін атка мінгізіп ап. жолдағы Қаумен жігіттерін де атка мінгізіп алғанша со болды.

Неде болса Үркімбай аулында жауды баса алмайтынын білген соң, осы кайтар жолдан кеп тоскан.

Караша кара сойылға мыкты болатын. Өз аулының жас жігіттері де шетінен ат үсті төбелеске мойымайтын, “іздегенге сүраған” дейтін Кожакан сияктылар еді.

Қоян-колтык жерден жаксы килікті. Кұнанбай колын бұл ұрыста бастаған — Құлыншақтың батыр ұлы Манас. Ол алдарынан тоскауыл болатынын білген кісідей екен. Аналар каптап коя бергенде, түк сасқан жоқ.

Такымындағы кара шоқпарын суырып ала, бар жігіттеріне бұйрық беріп:

— Ал саспаңдар, көп те болса, қорықпай ұрыс’ Таймай соқ! — деп араласқан.

Осымен калың топ жапыр-жұпыр бірнеше рет айқасты. Манас қолынан екі Жігітек құлап түсті.

Төлепберді бағанадан бір ақыл ойлап алып еді. Тіпті, үлкен қысылшаң болса, ол Үркімбайды аударып тастап кетпек болатын. Осы ойын өзі орындағанша, Қараша кеп жетіп, еріксіз істетті. Қолы байлаулы жүрген Үркімбай бір айкасып өткен уақытында, Қарашаның атын танып қалған. Сол арада айқайлап:

— Қараша, мен мұндамын, мені айырып ал! — деген. Қайта айналып оралғанда Қарашаның куғаны осы екі кісі мінгескен жер қылаң ат болды. Жақыптың жүйрік шабдар аты жеткізбей, көп әлек қылды.

Бірак Қараша калатын емес. Топтан жырып алып, куып кетті. Төлепберді артына алақтап, алдына карай алмай келе жатты. Үркімбай осы кыс- талаңмен пайдаланып, аттан өзі сусып, кұлай түсіп кетті.

Осымен Жігітек Үркімбайды айырып алып калды. Құнанбай жағынан бұл түнде қолға түскен кісі болмады. Жігітек тауды басына көшіріп, ұран сала берді. Сонымен тобы көбейе бастады. Жан-жақтан:

— Қайда? Қайда?..—деп андыздап шапқан атгылардың сарыны молайып кетті. Осыны байқап алған Манас өз жігіттеріне:

— Енді жөнел!.. Қаша ұрысу керек!.. Сал кдша ұрысты!.. Ал тарт! — деп өзі бастап тартып берді...

Үркімбай босағаңнан кейін, олар жосытып шапқылап, тау асып кетті. Құнанбай жігіттері қолға түспесе де, Жігітек қолынан қоркып, қашып кетті. Үркімбайды әкете алмады, тастап кетті.

Бұл түнде бар Жігітекке Үркімбайды айырып алуда, күндіз Құнан- байдың екі атшабарын сабаған сияқты күш асырып, бел бітірген іс болды.

5

Осының ертеңінде күн райы өзгеше бұзылып, кыс ызғары біліне бастады. Шыңғыстан аса соғатын катгы жел бар. Көктемде бұл жел игілік желі. Қарды қағып, бөктер мен шиді карайтып кететін жел. Қыстыгүні де Шыңғыс желі шаруаның досы. Тау ішімен бөктерде бір жұмадай, он күндей үзілмей сокканда, кыс кысталаиын сейілтіп, мал жайылысын кеңейтіп, шаруаның аркасын жазып кететін.

Бұл өзі оңынан соғатын жел. Сондықтан оншалық көп суық әкелетін жел емес. Бірақ соғуының қаттылығы тым ерекше болады. Бөктерде қиыршық тастарды ұшырып соғатын қара жел.

Шөп атаулыдан да, қой оты — мық жусан мен ұсақ, тырбықай бетеге болмаса, өнге бойшаң, тамыры босаң шөптерді жұлып, ұшырып әкететін әдеті бар.

Тегінде, Шыңғыстың асыл шөбі — мық жусан. Бұл — қойдың ырысы. Ал кыстау атаулы қойға жайлылық жағынан бағаланады.

Қойдың құты Шыңғыс болған соң, көп елдің жақсы кыстау іздегенде тығылатыны да сол Шыңғыс.

Шыңғыстың кара желі өзге уақыттың бәрінде жақсы болғанмен, дәл күздігүні жайсыз-ак. Күнді суытып, аспанды сұрлантып келеді. Бүгін кара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады. Биылғы жылдың ең алғашқы қары осы.

Суық жел киіз үйде отырған ауылдарды тегіс бүрістірді. Шыңғыстың бөктері мен койнауындағы ауылдар бұл уақытта қыстау-қыстауына мінбелеп қонып, күн райын бағып отыр еді.

Бүгін сол елдің бәрі де киіз үйлерін жығып, жүктерін қораға тасып, жылы үйлеріне қауырт кіріп жаткан. Көпшілік осы қарбаласта болса, Құнанбайдың Қарашоқыдағы аулы, ас берген ауылдай, өз әлегімен өзі ұйкы-тұйкы боп жатыр.

Үркімбайды ала алмай көрген қарсылықты тегіс айтып Манастар келгелі, Құнанбай аулынан жан-жаққа карай үсті-үстіне шапқыншылар ұшыртып кетіп жатыр.

Кешегі Байсал бастаған барлық үлкендер жиыны осы ауылдан тараған жок-ты. Олардың үстіне қазір маңайдағы бар Ырғызбайдың еркек кіндіктісі түгел аттанып келген. Шапқыншылар кеткен беттерден онда- ған, жиырмалаған аттылар лек-лек желе жортып келіп жатыр.

Осы келген топтардан он шақты жігітті іріктеп шығарып, бастығын Майбасар етіп, Құнанбай әуелі Бөкеншіге жібертті.

Қызылшокыдағы Бөкенші әлі де көшпей отыр еді.

Мыналар бара сала, тығыз бұйрық етіп, Талшокы мен Қарауылға қарай сол Бөкеншіні бір-ак көшіртгі. Сүйіндік, Сүгірлер осындай сылтауды күтіп, қос қанатын қомдап отыр екен. Алдымен көшкен солар болды да, өзге Бөкеншілер де еріксіз тартып кетті.

Бүгінгі күн көшкен жалғыз Бөкенші емес, Құнанбайдың өз ауылдарынан көшкендер де бар еді. Ол Өскенбайдың үлкен үйі — Зере отыр-

ған ауыл. Және сонын касындағы Ызғүтты. тағы бірнеше Кдрабатыр, Жуан- таяқ ауылдары болатын. Қысы-жазы Үлжандармен бірге көшіп жүретін Жидебай, Баракты қыстайтын ауылдар.

Құнанбай бұл уақытқа шейін ол ауылдарды қыстауларына жібермей, өз тобын бір арада жиып ұстамақ боп келіп еді. Енді суық түскенде, кәрі шешесін және Үлжан колындағы жас балаларын тоңдырып отыра беруге болмады.

Зере мен Үлжанға бала атаулынын барлығы: “Қыстауға көшейік, тоңдық” деп, салмақ салған. Осымен Зере Құнанбайға ұрсып, еріксіз бүгін көшетін етті.

Осы ауылдарын көшіріп, жөнелтіп болған соң, Құнанбай дәл бүгінгідей Шыңғыс өңіріндегі әбігер мен қарбаласты тез пайдаланбақ болды.

Бағана танертеңнен бері үсті-үстіне келіп жатқан атгылар қазір түс кезінде қалың нөпір, үлкен қол болды. Тегіс сойыл, найза, айбалта, шоқпар ұстаған шабуыл мен соғысқа әзірленген қол.

Бүл келгендер Ырғызбайдан басқа Торғай, Топай, Жуантаяқ, Әнет, Сақ-Тоғалақ сиякты рулардың топтары. Және бір қалың нөпір Көтібак болатын. Осы елдердің бәрі де Шұнай, Ши, Жидебай, Қыдырдан бастап Шыңғыска шейін созыла қыстайтын елдер. Қарашокыға жақын келетін кыстаулардың елдері.

Бәрін жиғанда да Құнанбай әуелі әр елдің ру басыларын қасына алып отырып, арттағы көпшілігіне сол ру басылармен өз атынан сәлем айтып жиғызған. Көтібак Байсал мен өз атынан айрықша сәлем айтып, шапқыншы қылып та Көтібактың өз жігіттерін жұмсап еді.

Соңғы уақытта да өзі Қарашоқыны алғаннан бері Құнанбай Байсалға бір уәде берген. Шынғыстағы қыстауы аз, саны мол Көтібактың жерін молайтпак еді. Көтібак Жігітекпен жерлес. Бұрын барТобықтыны билеген Ксңгірбай тұсында Шыңғыс ішінен жақсы, құйқалы қыстаудың бәрін басып қалып, әлі нық баурап келеді. Енді басы өскен, малы өскен және ол күндерде жер есесі дұрыстап тимеген Көтібакты ол Жігітектен жер әперіп ырзаламақшы.

Жаз ортасынан бері жатып алды. Бөжейден жырып алып бауырына тартқанда, әсіресе, айқын сездіріп, қызықтырып қоятұғын. Сол Байсалдың өз сыбағасына арнаған бір қыстау болатын, ол қыстау бүгін Бөжей отырған атакты Токпамбет.

Құнанбай әзір өз басы алар жерін алғанмен Байсалды жайлатқыз- ған-ды. Оның бер жағында Байсал Жігітек жерін келемен, жолмен алатын шығармыздеуші еді. Құнанбайдан “әперемінді” естігенде Байсалда үндемейтін. Екеуі бірге жасасып, қабақпен ұғысатын болғаннан бері, тегінде, Байсал үндемесе, ол көнгені. Қарсы болған жерінде ол қолма- қол бір-ақ томырылатын. Мына жолы әлі күнге сол үндемеумен келеді. Көтібакты жаздан бері Құнанбайдың дегенінен шет жайылдырған емес. Билетіп, ырқымды, түсімді беріп көрейін, қайда, қалай апарар екен деп байлаған еді.

Ал сонғы екі-үш күннін іші шатасып, шиеленісіп барады. Енді Тоқ- памбет зорлықпен тимесе, берекемен тиегін емес. Зорлықпен жылатып тартып алып береке таба ма? Және, әсіресе, Жігітек әрі көп, әрі аталы мықты ру, өзінде Кұнанбаймен тіресіп жүрген Бөжей бар. Ол Көтібакка ата қыстауын ұзақ бауратып, құтты қоныс қып қоя ма? Зорлықтың да кайта оралар орайы болмай ма? Сонда Бөжей Байсалға Токламбетті байырғы, тұрақты қыстау етіп неғып шыдап отырады? Неғылса, зорлықпен алғанның түбі қайыр болар деп айту қиын. Бір алуын алса да, артынан аударып тастап жібермесе.

Міне, бүгінгі күн үндемей, ауыз ашпай Кұнанбай қасында жүрген Байсалдың іші осылай еді.

Дәл шаңқай түс кезінде Кұнанбай шарт киініп. Байсал. Майбасар- ды ертіп тыска шығып, барлық елге:

— Ал ағайын, мін енді тегіс аттарына! — деп айғайлап тұрып, бұйрық етті.    -

Жүрт жапыр-жұпыр атка мінді. Ырғызбай жігіттері каруларын колға алған. Өзге ел де тегіс қару алды.

Бұл уакытга жел қатайып, күн суытып, таңертеңгі қиыршық қар енді бетке сабап, қалыңдап түсіп түр. Айнала бұлыңғыр. Шынғыстын биіктерінен бүктетіліп, булығып түсіп, ағындап өтіп жаткан тұманды шаңыт та бар екен.

Кұнанбай ұзын торы аттың үстінде тұрып, айналаға, күн реңіне карап алып, ішінен: “Кол қарасы көрінбейді, мұнысы, тіпті жайлы” деді.

Кастарының арасынан түскен екі сай әжімі болушы еді. Сонысы казір тереңдеп, қапы түйіліп алыпты. Бетінде ұзарып карауытып шық- кан түктер бар. Үлкен, өткір жалғыз көзі канталап, шапшаң карап, жалт- жұлт етеді.

Жұрт тегіс атка мініп болған соң, екі жағында тұрған Байсал мен Майбасарга карап, бұйыра:

— Бас! — деді.

Кара каткак болған бөктерді дүбірлетіп, тасырлата басып, калың кол Жігітекке қарай тартты.

Колдың алдында Кұнанбайлар. Катты жүріп, сау желіп келеді.

Кұнанбай колы осы күні, түс аумастан.Токпамбепің батыс жағын- дағы салбыраған тұмсыққа желе жортып шыға-шыга келді.

Бөжей қыстауы қозы өрісіндей жерде тұр. Кораға кірген екен. Мүржелерінен сары кидын түтіні быкси, шалқып шығып жатыр.

Кораның айналасында, мұнда да нөпір көп екен. Бірақ жаяу жүргендер. Дәл кораның өз жанында, сай тұрған аттар бірен-саран ғана. Күнан- бай тез байкады. Ерттеулі аттың барлығы да, қыстаудан жоғары, төмен созылған тоғайлы қалын шабындының бойында өрелеулі жүр екен...

Ырғызбай жағынан шыккан калың қолды кәрісімен, ауылдағы барлық жиын аттарына қарай асыға жүгірісті. Колдарында сойыл, найзалары бар. Қарсылыққа бекінген жиын.

Енді бір азғантай аял болса, бұлар да тегіс атка мініп алатын сиякты. Онда карсылык, шаппа-шап келген соғыска айналмақ. Осыны есептеп алған Құнанбай, пұшпақ тымағының құлағын байлай бере, торы атты тебініп, қамшылап алып:

— Қапта, қапта’ Олжай, Олжай! — деп, ұран салып, ағыза жөнелді. Барлык калган кол да айғай салып:

— Ырғызбай’ Ырғызбай!

— Топай! Топай!

— Олжай! Олжай! — деген ұрандармен дүрк жөнелді.

Қатты жел күні каптап жанған каудай болып, жер күңіренткен жайын үн шыкты. У-шу, дүр-дүр етіп, дүрілдеген дүлей күштің суық үні.

Бөжей аулындағы жиынның саны мынау қолдан сонағұрлым аз ғана.

Жігітек, тегі, сайлана алмай, қамсыз калган сияқты. Соғыс болса, мұндайда бұрынғы көпке мәлім әдет бойынша: “Тұрысатын жерін айтсын” десіп ап, содан кейін қол жиюшы еді. Құнанбай оны істемеді. Шұғыл келді.

Бөжей касына қазір жиылған — Шыңғыс ішіндегі Жігітектің ғана біраз қауымы. Ойдағы Балпаң мен Шидегі Жігітек хабарсыз қалған.

Тіпті, таудағының көбі де бүгін қораға кірудің әбігерінде.

Исі Бөкенші ішінен, қазірде Бөжей қасынан табылған он шақты кара шаруа ғана. Оларды бастап келген Дәркембай. Жидебай, Мұсақұл- дан. Қыдыр мен Көл кайнар, Қызылшокыдан сойыл ұстап Қарашокыға карай шапқылап кетіп жаткан лек-лек аттыларды көріп, Дәркембай: “Осы тегін емес. Жігітекке қарсы, Бөжейге карсы жиылып жаткан кол!” деп байлаған.

Бөжейге де, өзге Жігітекке де, бағана түстен бұрын кеп, Құнанбай жағының жаманатын жеткізуші дәл сол Дәркембайлар болған...

Жолшыбай Байдалы мен Қараша, Қаумен, Үркімбайды да атка мінгізіп, асықтырып ерткен солар.

Қазірде Бөжей қорасының алдында тұрған кырык шамалы кісі бар. Бұлардың ортасындағы Бөжейдің өзі. Қасында Божейді жалғыз тастамайық деп қоршап қалған сол Дәркембайлар және Байдалы, Қараша, Үркімбай, Қаумен, Қожакандар еді.

Бұл сиякты егде кісілермен катар Құнанбай шабуылын тосып тұрған бір топ жас жігіттер де бар. Ол — Қауменнін екі мықты баласы Базаралы, Балағаз, Қарашаның баласы Абылғазы. Және Жігітек ішіндегі өзге жанкүйер ағайынның жас азаматтары Бейсембі, Әбділда, Оралбай дегендер болатын. Бұлар әуелі:

— Кенгірбай, Кеңгірбай! — деп ұран салып, жаяу болса да, қолдарына шоқпар, сойылдар алып, қыстау жанында тұрған бесті-онды ерттеулі атқа мініп, карсы шыкпак еді.

Байдалы ақырып бұйрық етті де:

— Токта! Е, мына Божейді жалғыз тастаушы ма едің? Өлсең, қасында өл! — деген... Құнанбайлар тақап калды. Іркілер емес. Айбар шегіп, сойылдарын көтеріп ұстап, жаланып келеді.

— Кап, кор болдык кой! Қапыда калған басым! Қапыда кеттім ғой тағы да! — деп Бөжей катты ширыкты. Бұлардың аз ғана сенімі, қыстаудың жоғарғы жағы мен төменгі жағындағы жігіттер еді. Олар аттарына жетіп калған екен. Бестен-оннан топталып сойылдарын көтеріп, жауға карай жосытып көлденендеп шауып берді. Бірак алды солай болғанмен, арттағы көпшілігі аттарын тез ұстап міне алмай жатыр.

Енді Олжай колы бұл жаяулардың көпшілігін атка мінгізбей басатын болды.

Құнанбай шауып келе жатып, оң мен солдың екі жағына да, жүз каралыдан, екі калың топты жыра жөнелтті. Солар өреде жүрген аттарды киқу-айғаймен шошытып бездірді.

Сойылдың астына алып, үстеріндегі ер атаулының барлығының қастарын талқан етіп, қиратып жүр.

Жігітек жағынан алғаш атка мініп қарсы шапқан селдір топтар Құнанбай бастап келе жаткан калың нопірдің өзін жанай шауып еді. Оларды да көптің селі басып кетті.

Екі жаққа бөлінген топтарынан баска, Құнанбайдың артындағы нопірдің өзі де, тіпті, мол.

Көлденеңнен киліккен жігіттердің аттары әп-сәтте ойнап шыға берді. Бір жігітке тақ қырық-елу сойыл қарсы келген болу керек. Оп- оңай ұйпап кетті.

Аттарына жете алмай, жаяу калған жігіттер, өздерінің үстіне барған калың топтармен:

— Қайт! Қайт! — деп тұрып, жаяу күйде соғыспақ еді. Бірак атты мен жаяу соғыса алсын ба? Аттың екпінімен кеп сойылды соққанда, ат үстіндегілер жаяуларды қағып жығып, домалатып-домалатып кетті.

Осымен қыстаудан оқшау кеткен азаматтың барлығының да еріксіз титығы құрыды. Көптігіне сеніп, өркештеніп алған және мыналардың қамсыздығын көріп, біржолата дандайсып алған жаулар енді ұран менен айкай-шуды, тіпті, катты үдетті.

— Айдос! Айдос!

— Ырғызбай! Ырғызбай!

— Топай! Торғай! Топай! Торғай! — деп, арғы ұраны Айдосты бір атап, одан кала берсе бергі әруактарын да жиі шақыра жүріп, Жігітек жігіттеріне тақай бергенде:

— Қыр! Жой! — деп барынша шошытып, зәрін шашып келеді.

Енді бөгет атаулы жапырылып болған соң, барлық қолдары жан- жақтан қыстауға қарай лап берді. Жер-дүние азан-казан. У да шу айғаймен, тасыр-тұсыр әлекке толды. Нағыз шабыншылықтың жат сарыны басты.


Бетке өту: