Menu Close

Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов

Аты:Абай жолы 1 кітап
Автор:Мұхтар Әуезов
Жанр:Литература, роман
Баспагер:
Жылы:1997
ISBN:
Кітап тілі:Қазақ
Жүктеп алу:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Бетке өту:

Бет - 5


Бөжей тобы әлі күнге қыстау алдында еді. Барлық бұл арадағы жиын сойыл шоқпарын көтеріп, арка жүнін үрпитіп, ер тағыдай тапжылмай түрған-ды. Енді айналаның барлығын жау алған соң, Байдалы катты дауыстап:

— Бітті ғой! Шарасы құрғыр бітті ғой’ Тарт енді, қораға тарт! Есік- есікті алып түрып, кораға кіргізбей ел ісіп көреміз! — деп, бар жиынды солай бастады.

Орталықта, үлкен есік аузында — Байдалы мен Бөжей. Бұларды қоршаған өншең ер жастар, Базаралы, Балағаз сияқты, Қожақан сияқты мыкты жігіттер болатын.

Жау атаулы калың нөпірмен кораның үстіне ақтарылды. Шапқылаған күйінде ағылып келіп, үйіліп жатыр. Барлығының үйірілгені Кұнанбайдың айналасы екен. Бұйрық, әмір күткендер. Тап ортада Құнанбай. Атының үстінен әлі түспей түр.

Дәл осы кезде, кораның ішінде, Дәркембай Бөжей мен Байдалы- нын арасынан ентелеп кеп, сирақты мылтықты көтере берді. Қораның ішкі жағынан жаңа жүгіріп кеп еді, қайдан алып шыққаны белгісіз, құлағы кайырулы, білтелі қара от койса тарс бергелі тұр. Асығыста Бөжейді топшысымен кағып, өтініш етіп:

— Мынау соқыр аяйын деп тұрған жоқ. Тағы да түбімізге жетті ғой. Атамын' Жайратамын' — деп, шақпағын шаға беріп еді.

Бөжей оны катты серпіп жіберіп, тоқтатып:

— Атпа, тарт былай! Аруақ бары рас болса, бұдан келген керді көрермін! — деді... Бүл кезде Құнанбай айғай салып, бұйрық беріп:

— Алып шык шеттерінен! Сүйретіп шық індерінен! Қол-аяғын байлап ап шык, өңшең тоңмойын құлдың! — деп, Майбасар бастаған барлық Ырғызбайды қораға қарай жаяу каптатты.

Олар есік-есіктің алдында іркіліп калғандыктан, Құнанбай тағы ақырып:

— Қапта, түс аттан! Қапта тегіс? — деп, Көтібақ, Топай, Торғай жігітгерін де тұтас айдап салды.

Байдалы мен Бөжейдің касындағы Базаралы, Балағаз, Дәркембай- лар катты-ак қимыл етіледі. Бірақ калың нөпірүркіп кірген калың койдай боп. кернеп басып кетті.

Тобесі аласа қораның ішінде Базаралы, Дәркембайлар сойылдарын да құлаштап түрып сермей алмады. Аз-ак уақыттың ішінде калың-калың топырлар Жігітектің қырық кісісін тағы да ұйпап, жеңіп алды. Жігітек- терді сүйреп-сүйреп алып шығып жатыр.

Қараша мен Үркімбайдан бастап, жас жігіт атаулының барлығын тысқа шығара сала, бес-он кісіден жабыла түсіп, торсылдалып дүре соға бастады... Беті кан, омырауы мен сырты кан болған Қараша, Дәркембайлар тілін тартпай, барлық қарғыстың бәрін Құнанбайдын дәл өзіне арнап, айғайлап айтып жатыр. Бірак көптің шуынын ішінде ол сөздер Қүнан- бай құлағына жеткен жок. Алып шыққанның бәріне карап:

— Саба, сал дүрені! Аяма!.. Қарсыласады ғой бұл Жігітек? — деп, өз бұйрығымен сабатып тұрған Майбасар.

Талмастан, бөгелместен камшы жұмсайтын жалаң қаққан жігіттер бар. Солардың басы екі атшабар — Қамысбай мен Жұмағұл.

Құнанбай алғашқы шыққандарға карап тұрған жоқ. Оларға беріліп жатқан жазаны да елеген жоқ. Үлкен қораның үш есігінен шығарып жатқан Жігітектердің пішіндеріне ғана қадалды.

Күткені, тісін басқаны біреу-ақ. Міне, енді, ең соңында оны да алып шықты. Бұл — Бөжей. Өзгелердей емес, әзір қыры сынбаған күйде, өз еркімен шығып келеді. Бас киімі — пұшпақ тымағы да өзінде. Баскалар- ша үсті де жыртылмаған. Итеріп шығарған да кісі жоқ. Тек екі жағын, алды-артын қамалаған Ырғызбай ғана көп екен.

Құнанбай атына қамшы басып жіберіп, омыраулатып келді. Мұның қасында тұрған Байсал да осы кезде катгы тебініп, катарласып кеп еді, Құнанбай Майбасар мен Қамысбайға ақырып әмір етіп:  уі

— Соқ дүрені! — деді.

Бөжейді сол сәтте Қамысбай мен Жұмағұл екеуі жағадан алып жұлқып, жығып салды.

— Сал дүрені’ Артын түріп қойып соқ’ — деп, Құнанбай қалшылдап кеп, төніп тұр.

— Көзің аққыр, көзің ақсын! Ей, Құнанбай, аруақ қаны. Қарғыс атқыр! — деп, Бөжей айғай салып еді, осы кезде оны жығып салып, тоны мен шапанын түріп тастап, Қамысбай қамшыны қай кайта көтеріп алды. Бөжейдің еті аппақ екен. Белі мен арқасы ашылып, көлденең жатыр. Барлык қалың жиын дәл осы сәтте жым-жырт боп, тына калды.

Қамысбайдың қамшысы сермелген бойында Бөжейдің аркасына төне бергенде, біреу келіп, өз денесімен Бөжейді жаба бере, құлап кеп түсті.

Бұл Құнанбаймен ере келген Көтібақ Пұшарбай еді. Бөжейдің Көтібак ішіндегі құрдасы, досы болатын.

— Уа, жетті, жетті ғой, Құнанбай’ Араша, араша, — деп айғайлап жығылды.

Құнанбай бұған катгы зәрленіп, оттай күйіп, ашуланып кетіп, өз қамшысын иіріп кеп:

— Соқ дүрені! Өзіне де сок бұл иттің! — деп ақырып жіберді. Сол кезде Құнанбайдың кақ қасынан катгы ашулы айғай шықты.

— Боқты соғарсың! — деп саңқ еткен Байсал еді... Құнанбай бұған атып жіберетіндей боп жалт карап тұрып, бұзылған түсін анық таныды. Бірақ өз дегенінен кайтқан жок.

— Сок! Екеуіне де сок!! — дегенде, Майбасар бастаған Ырғызбай мен атшабарлар батырлатып жөнелді.

Бөжейге де, Пұшарбайға да қамшы тиіп жатыр.

Байсал енді өз атын кимелетіп кеп, Майбасарды каға-маға, Пұшар- байды айыра берді. Барынша ақырып, айғай салып:

— Көтібақ! Көтібақ! Ер соңымнан, Көтібақ! — деп ұран салып, бар Көтібақты бір-ақ сәтте екшеп алды. Қалың нөпірмен Құнанбай тобынан лезде бөлініп ап, Жігітек жаққа шыға берді.

Бірақ бұл арада оған қосылып, төбелеске шығарлық Жігітек тобы мардымсыз. Сондықтан ол Құнанбай қолымен соғысқан жоқ. Осы арада

ашумен булығып кеп, Бөжей үшін, Пұшарбай үшін, барлык ағайын, ел үшін намысы кайнап, жаны ашып, Жігітек жакка жарк бергені анык.

Жұртгын бәріне де бұл жай оп-онай танылды. Майбасарлар енді бұдан ары Бөжейлі ұра алмады. Босатып, тұрғызып жіберді.

Бөжей тұрып алып, анадай жерде сырттап бара жаткан Құнанбайға айғайлап:

— і)й, Құнанбай’ Мен сені октан аяп ем жана, сен мені отка салдың ба? Осынынды ұмытпа’ — деп калды.

Құнанбай Көтібактан баска калған колын іріктеп алып, әлі де калың нөпір болып, Қарашокыға карай кайта тартты.

Жолда

1

Бейуак еді. Кеш қараңғылығы қоюланып келеді. Үлкен үйдің бұрыш-бұрышынан карауытып түн туып, тұтасып келе жатқан тәрізді.

Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі осы. Кілемді, текеметті, алашалы, көрпелі, меймандос, мол үй.

Абайдың кәрі әжесімен, өз шешесімен бірге тұратын үйі осы еді.

Әлі шам жағылған жоқ, жұрттың көбі тыста мал жайлап жүр. Кең үйдің іші кұлазығандай. Дағдыдан тыс оңаша. Шыңғыс жаққа қараған терезенің алдында қос тізерлеп, екі шынтағын терезенің алдына салып, иегін қолдарының үстіне қойып Абай отыр. Бұдан басқа оң жакта, жер төсектің үстінде бала уатқан Зере бар. Тізесімен тербетіп отырғаны — Айғыздан туған немере қызы, үш жасар Кәмшат. Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады. Өте бір өзгеше, ескі жыр. Абайдың өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыры. Бірақ кәрі әжесінің өзіндей соншалық жақын, ыстық, сүйікті жыры. Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы жырдың тербеуімен ұйықтайтын. Сол күндерден бір ыргағы ауыспаған, бір сөзі де өзгермеген, ана жүрегіндей айнымас жыр. Осындай қоңыр кештің қоңыр күйі. Бей уағы на жеткен әженің өмірлік гөй-гөйі. Сырт қарап отырған Абай әженің кейде шерлі, кейде мейірбан рақым күйін өзін тербетіп отырғандай сезеді. Аяқталмай созыла түссе екендейді.

Осы қыстауға қонғаннан бері, кеш сайын Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен онаша қалады.

Неге қалатынын әжесіне де айтпайды. Жалғыз-ақ кеш батып, қораға мал келетін уақыт тақалғанда, кіші шешесі Айғыздың үйіне барып, мына кішкене қарындасы Кәмшатты көтеріп, еркелетіп ойнап жүреді де, ақырында әжесіне әкеп береді.

Кәмшат тез ұйықтамайды. Қазірде, ала көлеңкеде кәрі әжесі байқап отыр — ән тоқтай қалса, кішкентай қыз қаракаттай қап-қара көздерін ашып алады. Ұзын кірпігін ұйқылы-ояу қағып, “тағы айт” дегендей, қыңқылдай бастайды.

О да құнығып алған. Осындайлық бейуақ шағын Абай әрқашан үнсіз, жым-жырт қана өткереді. Өзімен-өзі ғана болуын сүйіп, саяқ қалады. Егер ол кей күндер бұл шақта тыста болса, жапа-жалғыз төбе басына шығып кетеді. Қыр кеші бұның бір ұғымсыз әміршісі, сүйсіндіре мүлгіткен зор мұндасы тәрізді.

Құлағы әжесінде, екі көзі сонау алыс көк тау, қатпарлы қалың Шыңғыс жотасын қыдырады.

Жидебайдан жиырма шақырымдай жердегі Шыңғыс кешкі шақта ымырт жабыла, көкшілденіп, суық тартып алыстай береді. Жайын күштің жотасы тәрізденген қалың ауыр жоталар мен қатаң суық серек тастар болсын, баршасы да жым-жырт қана сілейіп, түнге бейім ұсынып барады.

Соңғы күндер ол тауларда не хал болып жатыр. Бұл ауылға әзір мәлім емес.

Бірак Борсак, Бөкеншінін Қарашокыдан куылғаны, күңірене көшіп кеткені анык. Калың Шыңғыс, қатпарлы бөктер бүл күндерде пәлелі бөктер екені анык. Абай соны ғана біледі.

Таудан соққан салқын ызғар, қатал мінездердің ызғары тәрізді. Ызылдаған суық лептің карсысына ана жыры, мейір-шапкат жыры үн қосады. Құшағына тартқан өзгеше күш, бар дүниені өзіне бағындырар орны бар, баяу да болса, басым саз. Абай бір түрлі сейіліп, іштей серпіліп алып, тау жотасынан биіктеп, аспанға қарады. Толық ай ашық көкті қалқып, сызып келіп, бір топ шоғыр кара бұлтқа кірді. Кірді де қызық күйге түсті. Абай соған карап өзге жайдың бәрін ұмытып, аңырып телміре калды.

Қара қошқыл кілегей бұлттың жоғарғы жақ шетін ала кірген ай, бір көрініп, бір сүңгіп, машығынан тыс жылдам жүріп, дәл жасырынбақ ойнағандай құбылады. Кейде біржолата білінбей батып кетіп, артынан тез жарқ етіп, куліп шыға келед те, лезде барып тағы шомады.

Келесі сәтте көзін қысып, сығырайтып, әдейі ойнағандай боп, бір жақ шетін ғана көрсетіп, сызып қалқып отырады да, тағы да сөне қалады. Абай дәл мұндай болып құбылған ойнақы айды ең алғаш байкағаны осы еді. Тағы бір рет, ай шеті қылдырықтай боп көріне түсіп, сөне қалғанда, еріксіз күліп жіберді... Мынау ай дәл бір құлдыраған жас бала тәрізденді... “Қу шұнақ, тәтті қылығы бар бала”.

Бір сәтте есік артында тасырлатып, салдыр-гүлдір асығып келе жатқан аяк дыбыстарын естіді... Сақылдап түрып, күле қашып, жүгіріп келе жаткан Оспан екен. Артында біреу өкшелеп куып келеді. Қуғыншы бақыра жылап, өлердей күйіп келе жаткан Смағұл. О да Абайдың інісі. Айғыздан туған. Смағұл Оспанмен түйдей құрдас.

Абай терезе алдынан атып тұрып, Оспанның анаған бір зорлық қылып келе жатқанын сезіп, алдынан шығып ұстай алды. Смағұл да кеп Оспанға жабыса түсті. Өз үйіне жетіп алған Оспан енді төбелеске әзірленіп, қарсы айналып:

— Ал кайтесің? — деп, Смағұлды жағадан ала бергенде, Абай еке- уін айырып жіберіп, Смағұлға қарады.

— Немене, нс қылды?—деп еді, Смағұл қорсылдап, жылап қоя берді.

— Құлжамды, қызыл құлжамды ұрлап мынау...

— Қашан? Әй, жылауық! — деп Оспан әуелі күліп алып, артынан өтірік корс-корс етіп жылаған боп,- “Кіжіл күлжәм”,- деп, Смағұлды мазақ қыла бастады...

Абай Оспанға тап беріп зекіп:

— Бер құлжасын! — деді.

Оспан:

— Алғам жок, өтірік... — деп тана берді.

Бірақ Абай ырық бермеді. Тінте бастады. Оспанның тінту бермек ойы жок. Барынша бұлқынып, Абайдан сытыла қашып, пеш қасына барды. Екі қолын артына ұстап, бұрышқа кептеле тығылып тұрып алды. Дәл жанында үлкен биік шелекке ашытып қойған түйенің қымызы бар.

Үлжанның күз уақытында Зере мен балаларға әзірлеп отыратын ағы осы.

Оспан әдейі сол араға тығылып тұр. Абай қыспаққа ала берсе, сол шелектің бір септігін көрмек. Тіпті, болмаса шелекті құлатып, Абайдың өзін де шатаққа ұрындырмак. Өзінен қайраты артық ағаға содан баска мұның істер дәрмені жок. Оспанның шатақ іздеп тұрғанын таныған Абай, енді оны сүйреген жоқ. Бірақ катты ыза боп, Смағүлға болысып кеп:

— Шығар шапшаң құлжаны’ Корсет қолыңды! — деп тұрып Оспанның құлағынан алып, аямастан жұлқып бұрай бастады. Оспан айқай салып шыңғыра беріп, күбі шелектің бетіндегі асжаулықты бір сыдырып түсірді. Шелектің өзін қағайын дегеніне Абай жібермеді. Сонымен келесі бір сәтте Оспан айқайын зорайта беріп, қолындағы қызыл құлжаны қымыз ішіне “шөп” дегізіп тастап жіберіп, екі колын көтеріп, Абайға:

— Міне’ Ойбай!.. Міне,түк жоқ’—деп зарлап қоя берді. Абай мұның не қылғанын байқаған жок еді. Бірақ Оспанның бар қимылын бағып тұрған Смағұл құлжаның қымыз шелекке түскенін байқап қалды. Ол тап беріп шелекке жетті де, білегін сыбана беріп, кір-кір қолын қолтығына шейін бойлата қымыздың ішіне салып жіберді. Жеңі де малынып, бірге жүзіп жүр. Қымыздың ішін салдырлатып сүзіп жатыр. Абай енді Смағұл- дын ақымақтығына ыза боп, Оспанды қоя беріп, ананы тартайын деп еді, Оспан дәл осы кезде Абайдан босай сала қымыз бетіне үңіліп тұрған Смағұлды желкесінен түйіп-түйіп қалып, қымыздың ішіне бет-аузы мен құлағына шейін батырып жіберді. Өзі және сақылдап кеп күле бастады. Смағұл құлжаны таба алмай, аузы-мұрнына қымыз кетіп, шашалып, ықы- лықатып, тағы бақыра тұрды. Барынша күйіп қайнаған калпында Оспан- ға жұдырық ала ұмтыла берді.

— Әй, қуарған-ай!.. — деп, соған қосып аса қатты, сұмдық бір боқтықты айтып қалды. Оспанға ұрысам деп Үлжанды боқтаған еді. Оспан калт етіп аңырып тұра қалды. Сасқанынан Смағұл сөзін анықтап аңғара да алмады. Бірак Абай өз анасы үшін катты күйіп кетіп:

— Өй, ақымақ!.. Ол оның шешесі болса, сеніңде шешең. Бұны кім үйретті, доңыз? — деп кеп, Смағұлды жақтан тартып-тартып жіберді.

Осы бәлені шығарғаны үшін Оспанды да аямай ұрды. Сонымен екі інісі екі жаққа бакыра-бақыра жөнелісті. Оспан барып әжесінің қасына құлап түскенде, Смағұл өз үйіне, өз шешесін іздей жүгірді.

Оспан мен Смағұл алысу мен төбелесуден көз ашпайтын. Татулықтары сәл болса, ұрыс-таластары күнұзын айықпайды. Бүгін Оспан кеш батарда Смағүлға барып, екеуі бір түрлі тату бола қалып еді.

Өйткені Смағұл өзінің барлық асықтарын төгіп, Оспанға жаңа боялған бір арқар асығы — қызыл құлжасын көрсеткен болатын.

Оспан осыны көргеннен-ақ Смағұл қасынан кете алмаған. Кеш бата үлкендердің бәрі мал жайлағалы тысқа кеткенде, екеуі сол үйде оңаша калған. Оспан үй ішінің ала көлеңке болуын тосқан екен. Жаңа іңір қараңғысы бола берген кезде, көп асықтың ішінен қызыл құлжаны қымқырып алып, өз үйіне қарай жөнеле берген болатын. Смағұлдың байқап қалып, іле қуғаны әлгі екен.

Абайдың көңіліне Смағұлдың жаман сөзі зілдей тиді. Өз анасына

жаны бір түрлі катты ашыл, үлкен бөлменің тап ортасында тапжылмай қатып түрып калыпты.

Бір сәтте Смағұлдыи бақырауық даусы кайта жақындап келе жатқанын байқады. Сол дауыспен қатар, шаптығып катты ұрсып, асығып келе жаткан кіші шешесі Айғызды таныды. Айғыз үлкен үйдін есігін сарт еткізіп шалқасынан ашып, табалдырықтан аттай бере, Смағұлды жұлқып ұшырып, үйге кіргізіп:

— Мә, жеңдер’ Талап түтіп жендерші бұл қуарғанды’ Жабылыңдар, мә дейім’.. — деп. Абайға катты төніп жетіп келді.

Абай:

— Кіші апа!.. — дей беріп еді, Айғыз оны сөйлетпестен қаптап кеп:

— Әлім жеттік қыласың ғой! Сендер бір шешеден төртеусіндер. көпсің.

— Кіші апа деймін!.. Не дегенін сұрашы, тым күрымаса!

— Керегі жоқ’ Ер жеткенде білгенің сол ғой’ Сен де күндестің баласы деп тұрсың ғой.

— Құдай-ай, не дейсіз?

— Ұрған жақсы болса, ертең оқудан келер Қалел де. Сенің сыбағаңды берер! — деп, орысша оқуда жүрген өзінің үлкен баласы Калелді де есіне алды... Жасактасып, төбелескелі тұрған екі күндес ауылдай.

— Ойпырм-ай, ана болғандағы ақылыңыз осы ма, кіші апа?

— Жағаласпа, шығарма тіліңді! Бұлар бәйбіше, бізтокал ғой... тепкі көрмекпіз ғой...

Абай өз үйінде, өз анасынан көрген мынадай әділетсіз зорлыққа жаман күйді. Сұп-сұр болып, булығып, дір-дір етті. Бірак жылаған пішінін білдірген жоқ.

— Түу’ Койыңызшы, сіз калай едіңіз? — деп, катты түңіліп терезе жаққа қарай бұрылып кетті. Сөз катар мұршасы жоқ. Зере бұл жанжалдың бәрін естімссе де, Айғыздың шаптығып келген түріне қатты ашуланған екен. Абайдың күйген ажарын да танып еді. Енді Кәмшатты жатқызып қойып, түрегеліп келініне жақындап кеп, катты ақырып:

— Жоғал әрмен, балаларымның арасына кіріп, іріткі салып не шатып тұрсың! Шык жаның барында! — деді. Айғыз кәрі әжеден жасқанып. кейін серпіле берді де:

— Тоқал демексің, мүйіздемексің ғой бірігіп ап... Көрермін... келсін ертең, — деді. Ескерткені Құнанбай. Сұлу токал байына ыстык. Бел қылғаны сонысы. Бүл сөздерін Зереге естірте айтпаса да. Абай естісін деген сияқты.

Дәл осы кезде Айғыздың сырт жағынан өте бір сабырлы және соншалык салқын үн шықты. Ол сөйлеген Ұлжан еді. Үйге кіргелі бірталай болса да, Ұлжан үндемей ғана барды тыңдап түр екен.

— Қой, жарықтығым, жетті енді! Сақтағаным балалар еді. Олар екеш оларды да, аямағаның ба? — деді.

— Өл де маған...

—Тоқтат, жаным’ Бар! Айтқаныңды қумаймын. Тек ашуыңды аулақ әкет’ Болды. Бар!., — деп жай ғана бітірді. Айғыз Смағұлды қолынан ұстап, Ұлжанға біраз қадалып тұрды да, үндей алмай шығып кетті.

Үлжан ақырын күрсініп, Айғыздың артынан карап, біраз жым-жырт тұрып барып, сырт киімдерін шешті. Қалтасынан шақпақ алып тұтатып, пеш қырында тұрған тас шамды жақты. Үй ішін әлсіз қызғылт сәуле жарық қылған уақытта шешесі Абайдың аса жүдеп, кабагын шытып, қиналып отырған калпын байқады.

— Абайжан, немене, балам?

— Апа-ай! Осы бір кеселді мінез кіші апамнан неге көп шыға береді! — деп, шешесінің қасына келді.

Баласы үлкен кісідей сыр сұрап тұр. Үлжан өзгеден бүксе де, Абай- дан іріккісі келмеді. Бұл баласына айта алады.

— Балам-ай, күндестің аты — күндес те! Қу жараны жалап жазған боламыз да. Әйтпесе, менің де кай сырымды біліпсің! — деді.

Абай шеше сырын іштен танығанмен, айтар жауап таба алмады. Үндемей сырт айналып кетті.

Осы кезде тыстан дабырлап, күле сөйлесіп, Абайдың үлкен ағасы Тәкежан мен Ғабитхан молда кіріп келді. Бұлар үйге көңілді, көтеріңкі шырай ала кіргендей.

Тәкежан Абайдан екі жас үлкен. Қалжыңбас, әзілқой болатын. Ғабитхан одан едәуір үлкен болса да, Тәкежан тату құрбысындай күліп, соқтығып ойнай береді. Молданың тілін қылжақ қылып, мазактап келеді екен. Ғабитхан — татар жасы. Осыдан бірнеше жыл бұрын солдаттан қашып, казак ішіне, Қарқаралы қазағының ішіне келген. Бертіс ішіндегі Ырғызбайдың сүйек-Шатыс бір аулына келген-ді. Олар сол жылы Өскенбайдың асы болғанда, бұл жігітке:

— Сен бір мықты адамның ығында болсаң, жақсы болар, — деп Құнанбайға әкеп, таныс етіп, табыс қылған.

Ғабитхан жас та болса, молдалығы жетік кісі саналып, Құнанбай колында тұрып қалған.

Мінезі аңқау, тілі қызық, өзі майда, сүйкімді адам. Бұл ауылдың үлкен-кішісі аса бір ғазіз адам санап жақсы көретін. Қылжақтай беретін жалғыз Тәкежан.

Ғабитхан соңғы күндерде әрбір кеште, үй ішіне “Мың бір түн” хикаяларын айтуды машық кып алған.

Бүгін де кешкі шайдан соң, Үлжанның қозғауы бойынша, кеше бітпей қалған бір қызық әңгімесіне — “Үш соқыр” хикаясына кірісті.

Бірақ бұл кеште ол әңгіме аяқталмай барып, үзіліп калды. Өйткені терезе түбінен дүбірлетіп, катгы жүріп келген салт аттының дыбысы естіліп еді. Үй іші:

— Бұ кім екен?

— О кім өзі! Қатты келді ғой? —десіп аңырып отырғанда, Жұмағұл атшабар кеп кірді.

Бүл амандасып болар-болмастан, кеше Токламбет үстінде болған төбелесті айтуға кірісті. Өзінің оң жақ бетінде жара да бар екен. Онысын да және барлық кеше таңертеңнен бастап болған бастан-аяқ халді де түгел айтты.

Зере естісін деп даңғырлап сөйлеп, қатты айтады. Бөжейге дүре соққан жерді құшырланып, әсіресе, сүйсініп айтқан тәрізді...

Зере Бөжейге соккы тигенін естігенде Жұмағұлға қадалып, ызғар- менен кайта сұрап, анықтап ап:

— Жанашырлық жақсының арты еді. Ардан кеткен екенсің, түге. Қуарған неме, оның несін каксап отырсын бала-шағаның көзінше? — деп, Жұмағұлды зекіп, тыйып қойды.

Үй ішіндегі өзгенің бөрі де Бөжейді соншалық үлкен, жақын са- нағандыктан ба, болмаса кәрі әженің сөзінен бе, әйтеуір, бір түрлі тіксінгендей боп, үндемей калды.

Әке мінезін сүйсініп қостаған жалғыз Төкежан болатын. Ол:

— Е, аяқтан алмасын, білсін, әнеки! — деді.

Үлжан бұған суық карап:

— Быксымай, кой әрман! Өзгенің қылғаны да жетер’ — деді. Бұл әңгімені Жұмағұлмен бірге кеп кірген мосқал қойшы Сатай да тыңдаған еді.

Аздан соң ол күндіз қой жайып жүріп өзі көрген жайды айтты. Бүгін түс кезінде Бөжей, Байсал, Байдалы бар—он шақты кісі Кенгірбай бейітіне әдейі бұрылып кеп кұран оқып, көп уақьпг үйіліп тұрысып, содан кейін күнбатыска — Шұнайға қарай сапар тартып кетіпті.

Атқосшыларының біреуімен Сатай тілдескен екен:

— Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы дуанға — Қарқаралыға кетіп барады. Мына атасының басына әдейі кеп, кұран окып аттанды, — депті.

Жүмағұл мұны ести сала өз шаруасын айтты. Құнанбай Абайды шакырта жіберіпті.

Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек. Абайды қасына ере жүрсін депті. Бұл хабарды үй іші үн қатпай тыңдады да, тегіс томсарып калды.

Ертеңіне түске жакын Абайды ұзак жолға аттандырғалы жакында- ры тегіс тыска шықты. Семіз құла жирен атты күміс ертоқыммен ерттеп, Абайды соған аттандырғалы Жүмағұл ұстап тұр екен. Абай ең алдымен кәрі әжесімен қоштасып:

— Қош, әже’ — деп кеп, екі қолымен әжесінің кішкене кәрі колын қысты. Әжесі Абайдың маңдайынан иіскеп тұрып:

— Әруақ қолдасын, жолын болсын’ Абайжаным’ — деді.

Өзгелермен алыстан ғана “кош-қош” десіп, Абай атына қарай жүре берді. Шешесі Жұмағұлдын қолынан құла жирен аттың тізгінін алып, Абайды:

— Кел’ — деп шақырып ап, — пісмілдә, — деп өзі аттандырды.

Баласы атка қонып, жүруге ыңғайланып, тізесін қымтай бергенде Үлжан өзінің үлкен ақсаусақтарын жирен апын жалына салды. Бір нәрсе айтатын сияқты. Абай осыны аңғарып, анасының жүзіне қарағанда, Үлжан бұған біраз көз салып тұрып:

— Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. “Күндестің күлі күндес” дегенді сен білмей-ак қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол’ Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жанашырдан айрылма! — деді.

Абай жүріп кетті. Артына бірнеше бұрылып қарағанда, аналары үйге кірмей, ұзақ карап тұр екен. Шешесінің соңғы сөзі Абайдың құлағына әлі естіліп тұрған секілді. Қазірде бұның жаны ашыған тілеулесі — Бөжей.

2

Абай әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды. Қазірде кыс әбден түсіп, кар бекіп алған-ды.

Құнанбай кішкене каланың тап ортасындағы көк шатырды, үлкен ағаш үйді жатақ еткен. Қазағуар, қонақшыл, татар саудагерінің үйі.

Бұл калага аға сұлтан көп туысқанын, көп нөкерін ертіп келген. Құнанбай пәтерінің маңындағы үш-төрт кварталдың әрқайсысында, өзді- өз тобымен ошарылып орнап жаткан Майбасар, Жакып, Қаратай сиякты Құнанбайға тарапты кісілер бар. Майбасар мен Құнанбай пәтерлерінен күндіз-түні табылып тұратын тілмаш, стражниктер болады. Майбасарға тиісті атшабар Қамысбай, Жұмағұлдан басқа Құнанбайдың өз жігіті, өз атшабары — Қарабас та бар-ды.

Бұлардан басқа жай ерте шыққан бір топ жігіт-желеңі тағы бар. Құнанбай жігіттерінің ажарын өзгеден баскарак көрсететін бірен-саран басқа тұқымның жігіттері де бар.

Тегінде, Құнанбай қолында Ғабитхан сияқты татардан, Ызғұпы сияқты қырғыздан, Бердіқожа сиякты қожадан келген, тіпті, шеркестен де келген жеке адамдар немесе тұтас ауыл, топтар көп болушы еді.

Жиыны отызға тартатын нөкерлер сегіз үйде жатады. Қарқаралының тап ортасы Тобықтының бір аулындай болды. Әке қасынан ерігейін десе, Абай анда-санда осы үйлерді шетінен аралап, өзінше ермек тауып кететін.

Бүгін де таңертеңгі шайдан соң, Абай әке қасынан шығып, Майба- сардың пәтеріне келе жатты. Күн шағырмак ашық. Қарқаралы атыра- бындағы өлке жота жалтырап, аппақсіреу боп жатыр. Қала желкесіндегі әсем таудың да қарағай атаулысын күпсек қар басқан. Абайға ағашты таулар казірде ақшидемін айналдырып киген, кыс кәрінің өзіндей көрінді. Шыткыл аяз бар. Терісінен ескен болымсыз ғана жел лебі білінеді. Абай түлкі тымағының бауын байлай бастап, әжесін есіне алды. Жүрерде: “Тымағыңның бауын байлап жүр. Құлақтан тиген шаншу жаман болады. Көресіні көріп отырмыз ғой, міні” деп, өзінің мүгедектігін мысал еткен. Суыктан сақтана жүруді көп айтқан.

— Сау ма екен өзі?.. Әрбір аяз, әрбір боран күні, әсіресе, еске алатын шығар-ау! — деп, Абай Жидебайдағы үйді тегіс есіне алды. Өзі де шешелерін сағынған-ды.

Аяғының астында шыныланған қатқыл қар сыкыр-сыкыр етеді. Үшкір тұмсық жаңа қара етігі бар еді. Саркідір болған қардан тайғанай береді. Абай бұл уақытта бала сияқты емес. Жас бозбалаша киінген. Қара мақпалмен тыстаған түлкі тымағы бар. Үлкендер пұшпақ тымақ кисе, соңғы жылдарда бозбаланың көбі осындай түлкі тымаққа ауысқан еді. Үстінде тиін ішіктің сыртынан киілген, жағасы қайырма қара барқыт қаптал шапаны бар. Құла түсті ықшам тігілген шапан. Аса ұзын жең емес. Кең қолтық, ұзын жең үлгіні осы Қарқаралы қазағы ғана киеді. Олардың жағасы да Тобықты үлгісінен басқаша, Тобықты тымағы Қарқаралы- ныкіндей төрт сай емес, алты сай болатын. Абайдың кигені сондай өз елінің тымағы. Белінде кісе белдік емес, жасыл түсті кәріс белбеу. Бұ да —- анық бозбаланың белгісі.

Абай көше бойында салт атпен топ-тобымен өтіп жаткан ел кісілерін көріп келеді. Көпшілігі - Құнанбайдын пәтеріне кетіп бара жаткан жандар. Күндеп машық бойынша келіп жататын атқамінер, даугер арызшылар.

Абай Майбасардын пәтеріне жетті.

Қақпадан кіре бере жабық қоралардың алдында топталып жиылып тұрған көп Тобыктыны көрді. Бөтен кісі жок. Тегіс өзіне мәлім ағайын, туысқандары. Ылғи үлкендер екен. Орта тұста, ак сеңсең ішігін желбегей жамылып, зор денелі, қызыл күрең түсті Майбасар тұр. Қасында Жақып, Төлепберді, тағы басқа бірнеше жас жігіттер бар. Өзге пәтерлерде жататын Тобықтының барлығы осында.

Жалы құлағынан асатын күрең кұнаншығарды жігіттер жығайын деп жүр. Абай біледі: Қарқаралыға келгелі семіз қой, ту бие, кысырдың тайы сияқты сойыс малы бұл топқа жан-жақтан, “Құнекеңнін сыбағасы” деген атпен күн санап келіп жататын. Майбасар бір семізді сойып, барлық өз тобын бір арада сыйламак тәрізді.

Бұл Ыргызбайлар Қарқаралыға қарай беттеген жол бойында да, мына қаланың өз ішінде де ылғи осындай күтім мен бап көріп келеді.

іштерінен осының бәріне жеткізіп, өзге казактан бұларды әрі жуан, әрі сыйлы кып жүрген Құнанбайға дән ырза. Күрең кұнаншығардың семіздігі сол алғыстарын естеріне кайта салды. Бұндайдағы дағдылары бойынша “мырзаны” тағы ауызға алысты.

— Осы жолғы мырзаның абыройы бөлек боп тұр-ау! — деп бастаған Жакып еді.

Аға сұлтан Құнанбайды Қарқаралы арызшыларымен бірге осы То- быктылар тегіс соңғы мезгілде Құнанбай демей — “Мырза” деп атаса- тын.

— Кызғанған дұшпанның іші күйсін! Ертең мешіт те бітейін деп тұр... Жұрттың тілеуі тегіс-ақбұрылды білем, біздің мырзаға, — деп Майбасар мазатсып қойды.

— Мешіттің өзі де келіскен-ак екен!..

— Бұ Қарқаралы көрмеген сәулет кой... — десіп, Бурахан, Төлеп- берділер де сүйсіне сөйледі...

Абай Қарқаралыға келгелі “мешіт” деген сөзді әкесінің аузынан да және баска атқамінерлердің аузынан да көп-көп есітетін. Әкесінің атак- абыройын осындай көп аузына катты жайып бара жаткан сол мешіт жөні екенін де жақсы біледі.

Құнанбай өткен жаздан бері бүл атыраптағы ең бірінші мешітті осы Қарқаралы қаласына өз әмір-құдіретімен салғызып жаткан. Сол мешіт бүгін әбден бітпек еді. Қала ішіндегі молда, калпе атаулы, ел ішіндегі атқамінер карт-кария атаулы мешіт салғызғаны үшін Құнанбайды шынымен көп дәріптейтін.

Құнанбайға екі күн бұрын келіп кеткен казағуар имам, молда Ха- сен Саратауы да:

— Қарадан хан туған өзіңсің... Мәсжідтің кәлам шарифтегі бір исмі Бәйтолла... Хұдай тәбарака уа тағаланып үйі... Оны надан кауым караңғы сахара ортасына салған сен, иеннің сүйген құлының бірі боларсың. Ын-

шалла... — деп, көп атқамінер, старшын, ұлықтар алдында алғыс айтып, фатиха беріп еді... Жаңағыдай бүл дүние мен ол дүниенің берекесін бірак берген казіретке Құнанбай сол жиыннан кайтар шағында бір ат, бір түйе беріп, үйіне апартып салған.

Абай өз әкесінің өзге атқамінер атаулыдан мықты, қайратты екенін сезеді. Қазір көп-көп ойлап, көп бағып, танып көргісі келетіні дәл осы өз касындағы өз әкесі. Жакын жерден, қасынан қарағалы әкесі бұған үлкен жұмбақ боп тұр.

Күрең күнаншығардын таңдамалы жылы-жұмсағы ас үйге қарай әкетілді. Өзге үйдегі Тобыктылар да қазір Майбасардыңтүстігіне жиыла бастап, қора ішінде жүріс молайып еді. Келген жұртты Майбасар үйге карай бастап, енді жайланып отырыспакка бет алған кезде, қакпа ашылып Қарабас кірді.

Жүрісі шапшаң екен. Майбасар соған карап, тосып тұрып қалды. Қарабас тақай бере:

— Алшекең келеді... Мырзаға қазір Алшекең келеді дейді. Соған сендерді шақырта жіберді... тез жүріндер! — деп, Майбасар мен Жақып- ка қарады.

Майбасар сеңсең ішігінің жеңін киіп, қақпаға қарай беттей берді. Жақып та солай басты. Абай өзгелермен қалайын деп еді, Майбасар артына бұрылып:

— Абай, сен де жүр!.. Атаң ғой, атаңа сәлем бер, — деп, мысқыл еткендей сылқ-сылқ күлді.

Осыдан екі жыл бұрын Құнанбай мен Алшынбай достығы құдалыққа соғып, осы Алщунбайдың Түсіп деген баласының Ділдә деген қызын Абайға айтгырысқан болатын. Алшынбай, сонымен, Абайға үлкен кайыната болушы еді.

Қарқаралыға келгелі Алшынбай Құнанбайға бірнеше рет келіп қонақ боп кеткен. Бүткіл бүл атыраптағы атқамінердің Алшынбай атын атауы басқаша көрінген. Оны Алшынбай деуші кісіні Абай әлі есіткен жок. Ылғи “Алшекең” дейді. Осы өңірде аға сұлтан Құнанбай атымен тең аталатын, кейде, тіпті, жапа-жалғыз аталатын ат соның аты...

Оның ата-тегін де бар Тобықты, бар Қарқаралы “Қаракөк” деп атайды, Алшынбай белгілі би Тілекшінің баласы, одан арғы атасы — Қазыбек би. Осының бәріне қарағанда, Абайдың қалыңдығы Ділдә, тіпті, бір үлкен, асқақ жердің қызы тәрізденеді. Сол қалыңдықтың қалың малы да осал болмаған болу керек. Өйткені, Құнанбай аулынан Қарқаралыға қарай шығатын топ-топ жылқы, түйе, көбінше, осы Алшынбай аулына бару- шы еді. Жалғыз ғана құдалық па, жок баска да ілік пе, әйтеуір, Алшынбай, Құнанбай әбден айқасқан, ішек-қарын араласқан дейтін жақындар- дың өздері.

Майбасар, Жақыптардың Алшынбай аты аталғанда аял қылмай жөнелетін себебі осы.

Алшынбай аты Абай бар жерде аталса, Майбасар ылғи ғана ұялтып:

— Қайын атаң осы!.. Бұл атыраптың үлкені осы. Үстіне баса кірме!.. Кірсең, тәжім ет,—деп тәлкек қыла беретін. Жаңағы мысқыл күлкісінің мәні де сол.

Абай Майбасардың күлкісінен жасканып, Алшынбайдан кашқа- лактап жүр еді. Бірак Құнанбай, Алшынбай екеуі еткен бір жолы бұны әдейілеп шақыртып алып, “ұялма” дескен... Жігіт боп қалдым деп жүрген шағында, ауылдағы келін-кепшіктей ұялтып, бұқтырып жүрген Алшынбай атын Абай оншалык ыстық көрмеуші еді.

Ал Майбасар мен Төлепберді сиякты немесе Жұмағұл атшабар сияқты, тіліне тыйымы жоқ мысқылшылардың “қайын”, “қалыңдық”, “жесір” деп Ділдәні ескерте берген сөздері Абайды, тіпті, Ділдәнің өзін ойлаудан да жасқандыра беретін. Қалыңдық жайын Абай әзірше ылғи жатырқай ойлайтын.

Қазір көше бойымен үшеу-төртеуі келе жатқанда Майбасар Абайға бұрынғыдан гөрі салмақты түспен карап, шынын айтқан кісі тәрізденіп:

— Мына мешіттің тойы өтіп, іс жеңілейсін. Кішкене қол босасын. Содан соң саған айтатын бір үлкен сөзім бар... Ашуланба, баламысың? Өзің зіңгіттей азамат болдың... Алшынбай аулына малды текке беріп жатыр ғой деймісің жұрт... Осы жолы Қарқаралыдан қайтарда өзіңе бір мәслихат айтам, — деді. Абай күндегі дағдысы бойынша, томсарды да үн қатпады. Іштей Майбасардың нені айтпағын сезеді. Көнейін деген ойы жок.

Карабас:

— Айтам деп еру кылғанша, “айттым, бастадым” десеңші, Абай оны сезбей келеді деймісің? Іші бәрін сезеді бұның’ — деп мінбелете бастады.

— Жә, жә! Осы ат мінгізгендей көрейін, тек осындаймен мақтаға- ныңды қойшы, тіпті, Қарекс! — деп Абай Карабастың иығына асыла түсті. Майбасардай емес, Қарабаспен еркін сөйлесетін. Және Карабастың тілін, мінезін жақсы көруші еді. Сондықтан ойнап, еркелей беретін.

—Тек іс бітсін... айтқаным айтқан... Сенімен әлі сөйлесем. Сөйлескенде бек сөйлесем!., — деп, Майбасар жаңағы сөзінің құпиясын молай- та берді. Абай ішінен: “Осыны әкеммен ақылдасып айтып жүр-ау деп ойлады. Онда қалжың емес, шынының өзі болғаны. Неткен бәле?..” деп, Абайдың кейпі бұзылды... Әлденеден... Әйтеуір, осы жайды айтса, кәдімгідей катгы мазасызданады... Сөйткен сайын Ділдадан көңілімен алыстай түседі. Оның аты бұған бір алуан зорлық ноқтасы сияқтанады.

Қабағын түйіп, екі көзі жалт етіп, жақтырмай қарағаны болмаса, Абай Майбасардай ағаға қатаң жауап айта алмады.

Осы кезде бұлар Құнанбай пәтеріне де жетіп, Қораның ішіне кіріп еді. Ыю-кию толып жүрген аттылар, жаяулар екен. Мол қораның әр жерінде үштен-төрттен, тоғыз-оннан топталып, қоралай отырып, келелі сөздерін сөйлесіп жаткан даулылар... Старшын, билер... Осы кеңестерде тергеу, билік, бата, серт, айып, кінә, татулық, араздық та сөз боп жатыр. Жиындағы жандардың көпшілігі Бошан тәрізді... Тымақ, шапандары соны баян етіп тұр. Оқта-текте ғана Балқаш бойынан келген Дадан Тобықтының үлгісі немесе Дағанды Керейінің қой жүні шекпені мен шошақ тымағы көрінеді.

Бұл кен ауладағы топтардың ру-руларын, киімдерінен баска тағы бір белгілері айқын білдіреді. Қарабас Абайға өр рудың атына баскан таңбасын да кеше күндіз айырып-айырып айтып беріп еді. Абай қора

ішінде келе жатып, әр топтың тұс-тұсында байлаулы тұрған аттарына карап, сандарынан таңбаларын көріп, іштен танып келеді. “Анау, “көз таңба” дейтін кос дөңгелек — Арғын, Бошан аттары. Мына біреу “ашамай” таңба - Керей. Ал ана біреу көк ат ше? Е, е, ол “шөміш” таңбалы — Найман екен ғой. Бұл жакта Найман да бар екен-ау!..” деді. Екі жерде араптың “шын” әрпіне ұқсаған Төре таңбасын да таныды. Абай тыста осы жайларға қарай түспек еді, бірақ үлкендер тоқтамады, бәрі де үйге кірді. Жақып алдымен жүріп кеп, Құнанбай отыратын бөлменің есігін ашты. Үшеу-төртеуі тұтас кіріп, сәлем берісті. Үлкен жарық бөлменің есігінен төріне шейін кымбат кызыл кілемдер жайылған. Қабырға атау- лыда қала сәнімен жиналған ішіктер, кестелі жайнамаз, оюлап жазылған дұғалыкгар. Төсек-орын, құс жастык, жібек шаршау, шілтерлер де көп. Үйде топсалы үлкен үстелдің жанында жуан-жуан ақ жастықтарға шынтақтап Алшынбай мен Құнанбай отыр екен. Мыналар даурыға сәлем бергенде, үйде отырған екеуінің еріндері болымсыз ғана жыбыр-жыбыр етісіп, сараң сәлем алысты.

Келгендер Құнанбай мен Алшынбайдың екі жағынан жарыла отырды. Сөйлеп отырған Алшынбай екен. Сөзін үзіп мыналарға карап, аз бөгеліп еді, Құнанбай: “Айта беріңіз!” деп ишарат етті.

Толық, дөңгелек денелі, кызыл жүз, ак сакдлды Алшынбай, тірсек жең қара камзолдың сыртынан пұшпақ ішігін желбегей жамылып отыр екен. Басында сұрғылт түсті сырма тақиясы бар. Қазақы тақия. Сол тақиясының екі самайдағы жиегінен ойдым-ойдым боп түскен ақ кұйқа көрінеді. Жаңада қырылған ак шашы кайта тебіндеп шығып келе жатқанмен, Алшынбайдың тазын жасыра алмай тұр.

Биік қырлы мұрнын көтере сөйлеп, Алшынбай есікке карап отырып:

— Баймұрын өзі де тыржыңдап, өкпе сызын білдіргендей, — дегенде, Құнанбай басын тез көтеріп ап, Алшынбайға бұрылды. Алшынбай Кұнанбайдың сұрланған жүзіне байыппен карап:—“Бөжейді қонақ асыға шақырсам, Құнанбай жақтырмайды дейді. Енді менің кдзанымды да То- быктыға билеткені ме Алшынбайдың” деп, маған кінә тағады, білем... — деді.

— Анамен сөйлесіп пе өзі? Оның сойылын не деп срғады екен Баймұрын, сонысын айтты ма?., — деп, Кұнанбай жаңағы өзін теріс қып көрсететін сөзден аттап түсті.

“Анау” дегені кім екенін Абай біледі.

Алдыңғы күні осы Алшынбаймен бірталай сөйлесіп кеп, аяқ кезде Құнанбай Бөжейге арнап бір катты суық сөз айткан: “Бөжей арыз беріп аяғымнан алғанын қойсын! Болмаса, сұр шекпенді кигізіп, бойын кездеп, айдатканша тоқтамаспын!” деп еді. Алшынбай мен осы Кдркаралы казагының тағы бір жуаны Баймұрын арқылы Құнанбай мен Бөжей арасының шарпыскан сөздері жүріп жаткан-ды.

Бүгін Алшынбай сондағы сөздің ендігі өрісі калай ауғанын айтаққа келген болу керек.

Баймұрынның Бөжей жақты ұстағысы келетіні жалғыз жаңағы сөз емес, одан басқа жерлерде, Құнанбайдын өр алуан ашу сөздерінен

білінетін. Әлгі бір леп соның сарыны... Оны Құнанбайдың тыңдағысы келмейтін, ұстасқан кісісі дәл Баймұрын емес.

Өкпелесе өкпелей берсін. Оның өкпесі батса, Алшынбайға батады. Құнанбайды оншалық қайыстырмайды. Екінші, Алшынбай Құнанбайға жаңағыдай білдіргені болмаса — “Сен үшін маған Баймұрын туысканым өкпеледі” деп, міндет қылатын кісі емес.

Соңғы жылдар бойында Алшынбай, Құнанбай достығы талай сыналған. Туыстан да “құдалық”, “достық” тәтті болып, екеуі бірі арқылы біріне келген жеңіл-желпі ауыртпалықты есептеспейтін. Сондықтан алғашқы сөзін өлгімен тастап, Алшынбай Құнанбай күткен жауапка көшті.

— Әуелі жауап сөзінің өзін айтайын, кейінгі шарасын ақылдасамыз ғой. Бөжей анау сәлеміне шапшып жауап беріпті. “Көк шекпейді біздің мырза пішкен жоқ, құдай пішкен. Кім киерін көрерміз...” депті. Баймү- рын ба, баска ма, дем беруші тапканы болар!.. — деді.

Бұл жауапты естігенде, бағанадан үндемей мелшиіп отырған Майбасар, Жақыптар селт етіп, қабақ түкситіп, ажырая қарасты.

Іштерінен:

“Мынау калай құтырады?”

“Мынаны бір түлен түрткен екен!”

“Мәрғау кетейін деген екенсің!.. Өз обалың өзіңе!” — деген сияқты ажарлары бар еді.

Абай Бөжейдің не дегенін естуге ынтық болатын. Жаңағы Алшынбай жеткізген сөзге ол да қайран калды. Ішінен: “Қандай ыза, кандай күйіктен туған сөз?.. Және неткен ер?” деп ойлады.

Құнанбай қайсар жауапты есітті де, басын жоғары алып, карсы терезеге жалғыз көзімен кадалып карап, үндемей отырып калды. Сұрғылт жүзі түнеріп, катты ашумен карайып бара жаткан тәрізді. Бетінде түк атау- лысы бозғылданып, біліне бастады.

Осыдан баска не бір дыбыс, не қозғалыс, не бір сөзбен сыр берген жоқ. Барды ішіне жиып, буылып, құрсауланып калды. Мұның бетіне екі рет көлденеңнен карап өткен Алшынбай, таңдана түсіп, сүйсініп калды.

“Берік, берік! Бүйрегі без емес, тас болар’..” деп ойлады. Құнанбайды өзі көріп жүрген атқамінер ішінде бөлекше бағалайтын бір себебі: осындай жердегі ерекше ұстамдылығынан, бойын бермес тұйықтығынан болатын.

Үй іші үнсіз еді. Бағана есік алдында, ауыз үйде калған Қарабас есікті ақырын ашып, ептеп басып кеп:

— Майыр кепті, мырза. Сізге келді, — деді.

Құнанбай оған да қыбыр еткен жоқ. Аздан соң есік ашылып, еңгезердей қызыл сары Майыр кірді. Қасында казак тілмаш Қасқа бар. Сақалы шошайған, өзі кағылез келген арық сүр. Бүл тілмаш күндіз-түні осында келіп-кете беретін.

Майыр Құнанбай, Алшынбаймен қол алысып амандасып болды да, жерге отырмай, Құнанбай карсысындағы жалғыз орындыққа отырды. Үлкен көк көздері кылилау келген. Бет-аузын калың бұйра сары сакал баскан. Шүйдесі кып-кызыл екі кайтар боп тұратын. Мұны казак атаулы өз атымен атамай, өзге майырлар сиякты, сырт белгілерімен атайтын.

Жалғыз-ак, бұрынғы майырларды бір-ак белгімен “сұлу майыр”, “семіз майыр” деп немесе бетінің секпіліне карап “тарғак майыр” десе, мынаның сырткы түсі, түгі талай ат атауға өз-өзінен сұранып тұрушы еді.

Сондықтан мұның атын неше сакка мінгізіп кеп, бірде “шапыраш” майыр, бірде “жүндес” майыр, бірде “піскен бас” майыр деп те атасатын. Құнанбай, Алшынбай айналасы оны ақылсыз деген болжалмен, көбінесе, сол “піскен бас” майыр деуші еді.

Бұл майыр Құнанбайдын дегеніне жүре бермейтін. Өз беті, өз жолы бар. Сондықтан Құнанбайға жаманатты көрінетін.

Қаркаралы деген округгің әміршісі — Құнанбай мен осы Майыр. Қазақокруггі “дуан” деп, мыналарды бірде “дуанбасы” деп, кейде Құнанбайды “аға сұлтан” дейді. Құнанбай округгі басқаратын приказдың бастығы, Майыр орынбасары болатын. Үшінші адамы — кіші сұлтан аталу- шы еді. Ол қазір калада жоқ.

Майыр Құнанбайға Бөжей жұмысымен кеп еді. Құнанбайдын жаңағы ашу үстінде Майырды керек кып отырғаны да сол жұмыс болатын.

Құнанбай мұндайда, ойдағы жұмысына күмілжімей, тұпа-тура кірісетін. Сол әдетімен тез сөз бастап:

— Майыр, сенің атаң аты Тобықты емес еді. Осы Қарқаралыға кеп бауыр тапканнан аманбысың? Бөжейді айдагу керек, кағазын дұрыста деп ем. Сары аурудай создың да кеттің ғой. Соның жанкүйері сен болып, бауыр тартып, бауырың езіліп жүр ме осы, немене?., — деді.

Тесіле карап, Майырдан жалғыз көзін алмай, сызданып отыр. Майыр “аудар!” деп, тілмашка карады.


Бетке өту: