Menu Close

Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов

Аты:Абай жолы 1 кітап
Автор:Мұхтар Әуезов
Жанр:Литература, роман
Баспагер:
Жылы:1997
ISBN:
Кітап тілі:Қазақ
Жүктеп алу:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Бетке өту:

Бет - 7


Абай есінеп, түрегеліп, енді Майбасар пәтеріне кайтпақшы еді. Әлі күнге мұнымен бір ауыз тілге келер ағайын жок. Күтушілер әлі дс сол алғашқы қарбаласта.

Тиін ішігінің түймесін салып, еңді сыртқы есікке қарай баса бергенде, Абай Құнанбай бөлмесінен шырқай шыққан үн есітті.

Табақшының біразы да бұған елең етті. Абай да барып, есікті біраз ашыңқырап қарап, көз салды... Шоқша бурыл сақалы бар, жал тұмсық, сұр жүзді бір кісі екен. Домбырасын безілдете ойнакшытып, зор қайырманы басып ап, содан әрі домбыраны көлденең салып койып, тақпақтай соғып, желдіртс жөнелді...

- Бұл кім?

— Бұл қайсысы?..

— Қай ақын?..—дескен үндер өзге бөлмелерден де және табақшылар арасынан да естіліп еді...

Құнанбай бөлмесінен ауыз үйге қарай басын шығара беріп, Қара- тай:

— Балта, Балта ақын! — деді.

Жанынан шығарып, сілтеп отырған, Алшынбай қасында жүретін Балта ақын екен...

Алган жарың жамандап, Асқанды қайдан табарсың. Ақ тоныңды жамандап, Атылас қайдан табарсың?

&з басыңды зор етіп. Теңдес қайдан табарсың? Агайынды жат біліп, Жақынды қайдан табарсың?

Араз болсаң, еліңе.

Жамандық айтар хабаршың. Тату болсаң, агайын, Сонау қатын-балага Сүйінші айтар хабаршың, —

деп токтады. Үй ішінен:

— Пәлі, пәлі сөзіңе!..

— Бәрекелде, әбзел сөз!..

— Уа, сөз төресі осы да!.. — деп, даурығып, мактау айтып жаткан Алшынбай, Қаратай, тілмаш үндері келді.

Осындай үлкен ауыр жиында мынадай суырып салма сөз және аразды табыстыратын бітім, жамау сөз Абайға бір алуан кызык сияқты көрінді... Ол тағы тыңдай түсейінші деп, ентелеп, бағанағы орындығын әкеліп, осы арада отыруға бейімдеп еді... Бірақ акын жыры қайта шыкла- ды.

Үй іші қайтадан томсарыңқы қоңыр әңгімеге кірісті.

Абай Бөжейдің пішінін жаңа жақсылап көрді. Ажарында ашу жок. Бірақ соншалык ашык-жаркын, сауык, қызықта жоқ. Салқын, тыныш кана тартымды сабыр бар екен...

Құнанбай пішініне Абай көзі түсіп еді, ол жинақы боп, әр нәрсеге сергек карап отыр екен. Күлкі, сауыкка ол да оншалык бой ұрайын деп отырған жоқ.

Бұл үй әңгімесін қоңыр кеңеске айналдырған Алшынбай мен Баймұрын. Еңгезердей үлкен бойлы, сары Баймұрын Бөжейді татуластыра әкелген кісі болатын. Қазір Алшынбай екеуі ғана сөйлейді. Өздері үшін емес, Құнанбай, Бөжей сияқты екі жақ үшін сөйлейді.

Абай Балтаның жыры тоқтап, салқын кеңес басталғанын көрген соң есіктен кайта бұрылды. Осы уақытта Каратай ауыз үйге шығып, Ызғұтты мен Майбасарды шақырып ап:

— Татулықболды, татуластырды! Алшекен мен Баймұрын екі жақтың да бар сөзіне ие боп өздері сөйлеп, өздері шешіп отыр. Осылай етің- дер деп мырза да, Бөжей де ерік беріп еді! — деді.

— Ал байлау не болды?.. Тынымы не болған екен?., — деп, Майбасар ентелей түсті.

— Тынымы да өзгешелеу болды, білем... Араларың алыс болса, кыз алысып, құда болысыңдар дер едік. Ағайынсың, жакынсың, бірақ сол жақындығың кайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар! Бөжей Құнан- байдан бала ауысып, бауырына салсын. Сүйтіп, иістерің аралассын! — десті.

— Осыған тоқтасты ма?..

— О не қылған бала?.. Өзінен туған бала ма?.. — деп, Майбасар, Жакып қайталай сұрасып еді...

— Тәйірі, айттым ғой!.. Өз баласы!.. Асырауға алады!.. — деп, Қаратай асығып кайта кетті...

Абай мына байлауға қатты аңырып, аң-таң болумен бірге, ішінен бір түрлі түршігіп қалды.

— Кай бала?.. Кім беріледі?.. Оспан ба, Смағұл ма?.. — деп, еркек

балалар беріледі екен деп ойлады. Жаңағы атаған екі інісінің ешкайсы- сын да ана койнынан алып, өзге жакка жіберуге кия алатын емес...

Ана койнында уайымсыз, жазықсыз жаткан інілерінің біреуінен өлі айрылғандай көрді.

4

Осы кештен жиырма күндер өткен мөлшерде Құнанбай елге кайтатын болды.

— Құдай бұйырса, ертең аттанамыз. Жол жарағы сай болсын’ Оша- рылып бөгеп жүретіні болмасын!.. Атка ерте конайык! — деп, Құнанбай Қарабас, Жүмағүлдардан хабар таратты.

Осы сөз шығысымен Құнанбайдың өз касындағылар да және Жакып, Қаратай пәтерлеріндегі Тобықты атаулының барлығы да соңғы бір күнді қарбаласпен өткізді...

Елге кайтудың хабары бұл топтың жас-үлкенін тегіс сергітіп, қуан- ткан еді. Әсіресе, елді катты сағынған Абай болатын.

Ол соңғы уақытта Жидебайдагы шешелерін, ауыл-аймағын түсінде де көре беретін. Барлық пәтерлерде бүгін әбігермен катар, күлкі, калжың, қуаныш та көп.

— Жүреміз... Жақында кайтамыз’ — деген сөздің естілгсніне бес- алты күн болғандыктан, бұл жұрттың ат-тұрманы әзір-ді. Жалғыз-ак Қарқаралыда ұзақ тұрғаннан бері мінілмей, жемде ғана тұрған семіз сәйгүлік аттары майланып кеткен болатын. Соңғы бір жұма бойында сондай аттардың аз-аздап терін алып, ішін тарттырып, суытып, таң асты- рып, қыстың ұзақ жолына сартап кып алмак карекеті де болатын. Абайдың қайтар жолда мінбегі “Аймандай" деген бір кара жал, қара құйрық, сұлу құла ат еді. Аяңшылдан жол жорға боп кеткен, жүрдек, әсем, нағыз бозбаланың аты.

Өзге үлкендердің атымен бірге бұл да бөлек бір қорада бағылатын. Абай жүріс хабарын білісімен, Аймаңдай атты көргелі келді. Маңдайының төбелі шын-ақ айдай боп жарқырап, басын шұлғи түсіп байлаулы тұр екен. Абай көптен мінбей және көп күннен бері көрмей де жүрген еді. Атын да сағынып қапты. Таңертеңгі аяздан қырауытып тұрған жалы мен жонын бір уыс шөп алып сипап, сүртіп тастады. Содан кейін көп үлкендердің дағдысы бойынша, Аймандайдын жалын ұстады. Абайдың саласы ұзын, ашаң колын Аймандай аттың казіргі жалы кере түсті. Құла ат та катты семіріпті. Абай шегіне түсіп, бүйірден бір байкап карап еді, жоны да жұмырланыпты. Үлпершек майы да білеуленіп, білініп тұр екен.

Атына кайта жақындап кеп, мойнын кұшактап қысыңқырап тұрып: “Ертең емес, бүгін-ак, казір-ақ жүрсек етті!” деп ойлады. Ер-тоқымды жайлы кып ерттетіп, қалың ат көрпені баптап салып, тымақтың құлағын шарт байлап ап Абай атына мініп, қорадан шыкты.

Әрдайым тізгінін созып жіберіп, басын шұлғып тастап, көңілді аяңдайтын Аймандай бүгін, тіпті, жеңіл басып, дәл жел қайықтай лыпып тұр екен. Осы күні кешке шейін Абай атынан көп түскен жок. Жұмысы жок болса да каланың шетіне бір шығып кетіп, базарын бір кезіп, Тобықты- лар жаткан пәтер-пәтерді аралап жүрді.

.и л Түс кезінде әкесінің касынан түстік жеп, шай ішіп, қайта аттанып, тағы да базарға барды. Бұл жолы қасында Ызғұтгы бар еді. Құнанбайдың ақшасы Ызғұттының жанында болатын. Ас уақытында Абай әкесінен ақша сұрағанда, әкесі Ызғұтгыга бұрылып:

— Базарға ертіп бар да, шешелеріне, інілеріне алатын базарлығы болса, өзің таңдап алып бер! — деген.

Екіндіге шейін Ызғұтгы екеуі талай дүкенді аралап жүріп көп нәрсе алды. Әсіресе, кәрі әжесі шайшыл, кағаз шайшыл болатын. Абай сол шайдан бастап қант, кәмпит, мақпал, дүрия сияқты көйлек, камзолдык нәрселер алды.

Өзінің артына бөктерген үлкен қоржынның екі басы әбден сықап толған соң, содан аскан нәрселерді Ызғулының қойны-қоншына тыккы- зып алып, кеш бата әкесінің касына кайта кеп еді.

Жүрер алдында өзге жұрттың да кам-қарекеті осы сияқты шаруалар болу керек.

Ертең жүретін Құнанбайды Майыр, тілмаш, старшын, билер бүгінгі кеште тағы басып жатыр екен. Абай әкесі отырған бөлмеде болмай, басқа бөлмеде, Қарабас, Ызғүтгымен қоржындарын тіктіріп, жолға әзірленумен болды.

Жатар уақытта ғана Құнанбай касынан кайтқан Майырды Ызғұт- ты шы-ғарып салып кайтып еді.

— Мырзаның дүниесін кім кызыктамаған, ең аяғы піскен бас Майыр да жаңа бір карбытып асап кетті! — деді.

— Немене, мал алды ма, ақша ма? — деп Қарабас сұрастырып еді.

— “Ұлықсың ғой, көрнекті боп жегіп жүр!” деп, анау Берікқарадан келген үш қара атты берді. Ақшалай бес жүз сомды тағы асатты! — деді...

Соңғы күндер Құнанбайдың бергені жалғыз бұл Майыр емес. Тілмаш та бірталай алған. Әсіресе, кешегі күнде қырык-елу қараны Алшынбай аулына да Майбасар мен Қаратайдан айтып жіберіп еді. Абайлар жата бергенде, түнделетіп олар қайтып келді. Ертеңгі жүрісті бөгей ме деген солардың кешігуі еді. Енді олар да жетігтгі.

Осыдан екі-үш күн ілгері, Майбасар Алшынбай аулына барардан бұрын Абайды тағы қажап көрген... Бірақ анада Абай өзін күлкі кып, қатты тойтарып тастағандыктан, енді туралап айтпай, қиялап кеп: “Келіннен ұят болды-ау!” деп еді.

Ызғұтгы сиякты үлкендерді көмекке шақырып, соларға айтқандай боп айтып еді. Абай онда да: “Бармаймын” деп, бір-ак қайырған... Сонымен, қайынға бару әңгімесінен Абай арылған-ды...

Құнанбайдың жүріске байланғаны Абайды қазір кайындатайын де- мегені болды. Енді ертең жүреді. Бірақ төсекке жатып, ұйқыға кетер алдында Майбасарды кайта есіне алып, оның Ділдә тұрған ауылға барып қайтканын ойлап, Абай ен алғаш рет өз қалыңдығы туралы құпия, ыстық бір сезімді сезгендей еді.

Бармады... Бірақ көргісі келуші еді... Қандай екен? “Иегі ителгінің тамағындай” деп Майбасар суреттеген, Абай көз алдына ителгі, каршыға, тұйғын сияқты қырандардың сұлу мойындарын келтіріп, шынымен сондай нәзік, ақшыл тамак иектердің болатынын ойлады, бір бүгін емес мұның алдында да бірнеше рет Ділдә жайын өзгеше бір толқынмен ойлаушы еді.

“Барса нетер еді?" деп, әлдекандай белгісіз бір қызумен ойы тұман- дайды. Бірақ Майбасардай катан, тұрпайы адамдардың мінезі мұның ойындағы құпия сезімін аямай қылжақ ететін тәрізді. Олардың тілеуі мен қақпайына еру — өзін-өзі аямау. Қадірлі, қасиетті сырын былғау сиякты. Ділдәні бұл іздейді. Іздегенде “кайындау” деген сияқты ырым- жырымы көп, ыңғайсыздығы көп жолмен іздегісі келмейді. Ол ұялтады!.. Сондықтан баруға бата алмайды.

Осындай екіұдай көңілмен көп аунакшып жатып ұйқыға кетті.

Ергенінде, Құнанбай айткандай-ақ, ерте аттанысты. Әрбір топ өзді- өз пәтерінен жеке-жеке шоғыр болып шығып, қала сыртында тоғысқан.

Қаладан Құнанбайды шығарып сала келген старшын, би, төрелер де көп екен. Жиыны жүз шамалы кісі боп, біраз токырап тұрысып, ақыры: “Қош, қош, мырза!.. Жолың болсын!.. Сапарыңды оңғарсын!" дескен тілектермен калды да, Құнанбайдын отыз шамалы тобы Тобықтыға карай тартты.

Қарқаралыдан Шыңғыска шейін жүретін жол ұзақ. Жердің алыстығынан баска, кар калың, жол да ауыр болатын. Ой-қырдың баршасы да сіреу боп, қыс көрпесін калың жамылыпты.

Арканың дағдылы катты желі биыл кыста да көп соққан. Кейде бір жұма, кейде, тіпті, он күндей айықпай, ак боран боп түтеп тұрып алған кездері болған.

Ақпан, кантар, бірдің айы — баршасы да казір Абайлар жүріп келе жаткан сар дала, қоңыр адыр, сай-сала, корық-қойнауларға өздерінің ак ирек, сар-кідір омбыларын, оқаптарын, мұздак жалтырларын жапкан көрінеді. Қарлы оюлар ышқынып соққан жел іздерін дәлелдейді. Даңғыл кара жол жок. Коп аттылар, тегіс катар жүру былай түрсын, тіпті, үш салт аттының қатар жүретін жерлері де оқта-текте кездеседі.

Сол себепті барлық жүргінші кайткан тырнадай, ұзақ салқар көштей боп, ылғи шұбалып, тізіле жүріп отырады.

Жолаушылардың маңдай алдында Құнанбайдын өзі. Астында семіз сары жорға аты бар. Арт жағы тегенедей жұмыр келген, ак жал, сары жорға ат көп жорғадай күдіс емес. Қабырғалы, жазаң және зор болатын. Құнанбайдын калын жылқысының ішінде әрдайым ұзак жолға, әсіресе, кыскы жолға мінетін аты осы еді. Үстінде қара құлын жарғағы бар, күміс кісе буынған, кара мақпалмен тыстатып, кызыл түлкі тымақ киген Құнанбай сырт жағынан қарағанда, тіпті, зор, көрнекті еді. Қара жарғақ сары атка жақсы жарасады. Тайпалған катты жорға өзге жүргіншінің бәрін сар желдіріп келеді. Абайдың Аймаңдайы кейде Кұнанбай жүрісі баяуласа, жол жорғасын салады да, сары жорға катты тайпалып кетсе, амалсыздан желе жөнеледі. Желісі бір түрлі катты, мазасыз.

— Ойпыр-ай, желісінің катгысы-ай!.. Дәл бір бөренеге мінгізіп қойып, солқ-солқ ұрып отырған сияқты, — деп, Абай Қарабаска Аймаң- дай аттың жүрісін шағып қояды. Шынымен, алғашқы күнгі жүрісте Абайдың іші-бауыры солқылдап, етегін де қымтай алмай, икемі кетіп отырды.

— Іштене етпейді. Аздан соң етін катып, үйреніп аласың... Етегіңді кымтап отыр!.. — деп, Карабас ақыл айтып қояды.

Абайдың еркіне салса, асықпай жол жорғамен жүрер еді. Бірақ елге жету үшін бірнеше күнді санап ап, сол мөлшерде жетем деп тарткдн

Құнанбай жүріс шамасын өзгеге билететін емес... Жолды-жолсыз жердің барлығында суыкка қарсы каскарып ап, топты бастап келе жаткан себебі де сол. Әншейінде аямайтын атшылар мен шабармандарды да алдына салмайды.

Осы жүріс бір бүгін емес, талай күндік жолдың бойында үнемі осылай боп отырды. Бірак күндізгі уакытгар Құнанбай асығып, суыт жүргенмен, жолдағы белгілі-белгілі ауылдарға кеп түскенде үнемі тез аттана алмай калады. Жол бойындағы Шұбартау, Абыралы, Дегелең, сонан соң Шынғыстың батыс жак сілеміндегі Тобықтының шеті болсын, барша- лық қоналкаға түскен ауылдары Құнанбайды қажыдан келе жаткандай карсы алады.

Бәрінде де аксакал, атқамінер, молда, сопынын аузыңда: “Мешіт, мешіт”. Кейбір жағымталсыған кәрілер: “Қарадан хан тудың!” деп, “Қырғында қылау салмай шықтың!” деп, “Қоңырауды бұйра нардай болдың?!” деп, көпе-көрінеу қошемет, жорғалықта істейді. Құнанбай аттанып кеткенге шейін мұндай ауылдар “құрақ ұшып”, қалбақ қағып күтеді.

Жол бойындағы осы бірталай ауылдардың атқамінер адамдары Қарқаралыда дәл қыс ішінде Құнанбай алдында болып, дау-шарын бітіріп кайтқан екен. Ақы төлеуін, айып-анжысын алып, есебін айырып, егескен жерлерінен Құнанбай арқылы өш алғандары да бар екен.

Шұбартау, Абыралы ішінде төрт-бес жерде осындай ауылдар Құнанбайды аттандырар кезде, оңашарак шығарып ап, жүрістен бөгеп, жасырын сөйлесіп те калады. Және сондай ауылдың барлығынан жетек аттар, ту биелер қосылып калады.

Осындай олжадан түскен екі қара жорға, бір қызыл ат, тағы үш торы ат, қазірде Қарабас сиякты атшылардың жетегіне ілесіп жүретін болды. Абай бұл жетектерге таңқалса да, алғашқы күндер көңіл бөліп, мәні- жөнін ескерген жок. Бірак ілгері жүріп, Тобықтыға карай баскан сайын осы жетек молая берді. Әрі-беріден соң қосарына жетек ат алмаған жүргінші бірен-саран-ақ боп калды. Тобықты шетіне ілінер кезде осы жылқылардың саны он беске жетіп, енді жетек емес, топталып, жеке айдалып отыратын болды...

Мұның бәрі аға сұлтан сапарының “олжа мен сыйдан қоюланып келе жатқанына” айғақ еді. Құнанбай аулында дәл осы күнде құмалақ салған кісі болса, жүргіншілердің “Бүйірі ток, қанжығасы берік, қос- косардан олжасы бар!” дер еді. Жорыққа аттандырған барымташыға түсетін құмалақ бұларға да түсер еді.

Қоналка жерде бөгелгені болмаса, түстікке аялдамай, күндіз баласында үнемі суыт жүріп отырған топ Қарқаралыдан шыққанына жетінші күн дегенде Шыңғыс тауының батыс жақ тұмсығына кеп ілінді.

Осы жетінші күні Құнанбайлар Төлепберді мен Қамысбай, Бура- хан үшеуін куып жетті. Абай олардың неге бұрын кеткенін білген жоқты.

Алдағы бір сар жотадан калың жылқы айдап бара жаткан топты көргенде, Майбасар:

— Әне, анау сол біздің жігіттер болар! — деген.

Айтқандай, сол жаңағы үш жігіт, Құнанбайдың мал айдатқан

адамдары екен. Олардың алдында жүз каралы жылқы бар. Өңшең бір төңкерілген доға жал ту бие мен ылғи іріңдей, ірікті аттар екен.

Қарабас айдап келе жаткан он бес ат та осыған қосылды.

Құнанбай жылқы ортасына кеп, айдаушылармен сараң амандасты да, азын-аулақ бөгеліп, тұрып қалған еді.

Абай катгы бір күдік ойлап, Қарабастың касына келіп сұрастыра бастады.

— Бұл не қылған жылқы? Кімнің жылқысы өзі?

— Е, олжа, әкеңнің олжасы емес пе?

— Олжа не? Кімнен алынған?

— Өй, тәйір, баламысың?.. Әкеңнің қол астына қараған халық аз ба? Қарқаралыда күні-түні басып жаткан кара нөпір ел кәне... Сондағы енбек үшін акы алмай ма? Текке істей мс? — деді.

Абай бұдан әрі сұраған жоқ. Бірақ барлық өзгеше жайды ұғынып, өз-озінен кысылды да, қып-кызыл боп кетті. Дәл қасында жүргенмен, мынау әкенің, мынау барлық үлкеннің қиын сырын сезбеген екен.

Шөже есіне түсті... “Ортасын дарияның қарға шоқыр...” деп еді. Шөже Құнанбайдан алыс, шалғай жүргенмен, бар сырды біледі. Білгендіктен соны айтқа» екен ғой.

“Не деген ұят?!” деп, Абай көңілі, әсіресе, Шөжеден ұялғандай болды.

Жүргіншілер тағы да соқтырып жүріп кетті. Абай желіп келеді. Бүгін бұлар Қарашокыдағы Күнкенің ауылына да жетпек. Туған-туыскдн баршасын осы кеште көреді. Бірақ көптен асықтырған сағыныштың өзі де Абайдың жаңағы ауыр сезімін айықтыра алмады.

Ойлап, бойлай берген сайын тағы талай құнсыз істер тапты. Алшынбай аулына жіберілген елу қара да осы шоғырдың бір бөлегі. Қалыңмал... Абайға әперетін келіннің қалыңмалы да бұлдырдан...

“Иегі ителгініңтамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық? Ділдә’.. Мұның жары’ Не боп барады’.. Көңілдегі кандайлықкүнәсіз дүние кірленіп, жүдеп, нәрсіз боп барады... “Жар!” деген атта соншалық жазықсыз қалпынан, қасиетті орнынан осындай боп қор болады екен!” деп ойлады. Абай өзі үшін де, Ділдә үшін де наразы боп кетті, наразы ғана емес, ашулы еді.

Парақорлық—кітап айтатын күнәнің үлкені... Парақорлық бұрынғы Кенгірбай сиякты атақты бидің де сүйегіне басылған таңба еді. Өшпес міні, кешпес сұмдығы сол болатын. Ол, әсіресе, қысылған жандардан, жазықсыз жұрттан түсетін жем. Көпшілікке айтқызсаң, Барлас, Шөже- лерге айтқызсаң — ол ен бір кешірілмейтін күнә. Абырой, атақ әперіп отырған “құдай үйінің” өзі де көптен-көп осындай малдан салынбады ма екен!..

Парадан жиылып та мешіт боп қалқиып тұрады екен. “Арамнан салындым” деп қаусап қалмайды. Оның ішінде де құдай аты аталып, пай- ғамбар атынан “құтпа”, “уағыз” сөйленеді. Сәлделі имам көзін сүзіп, “тәбәрәкті” созып, “Бұқар мақамын” күнірентеді екен. Жақсы көрдім деген баланың, жақсы тілеумен айттырдым деген келіннің ақ тілеуі, ақ күмбезі де жем-парадан үзік жамылып, жем-парадан шымылдық тігіледі екен”.

Осы күні кешке Қарашоқыға жеткенмен. Абай әке касында, Күнкенің аулында калган жок. Қасына Жүмағұлды ертіп ап, Жидебайга карай асыға жөнеліп, жол бойы ылғи шауып, жортып отырды.

Терезе түбінен катты жүрген аттылар өтіп, ауыл игі шабаланып үріп коя берген уакытга үйдегі шешелер ояу еді. Кешкі астарын ішкен де жок екен.

Бойы ұзарып, ірілеп калган, беті тотыккан бала жігіт сәлем беріп кіріп келді. Байсалды бір үлкен жолаушыдай боп, қалың киім киген. Салмақпен басады. Осындай тұтқиылдан Абай кеп кіргенде Жидебайдағы үлкен үйдің іші катты қуанып, шу етіп:

— Абай!..

— Абайжан!..

— Қарағым!..

— Қоңыр қозым!.. Абайжан! — деп дабырлай сөйлеп, ерекше шат боп карсы алды.

Үй іші тегіс аман-сау!.. Әжесі мен шешесі күйлі!.. Екеуі Абайды кезек-кезек сүйіп жатыр. Оспан да ұйықтамапты. Айкдйлап куанып кетіп, секіріп-секіріп түсті. Өзін-өзі санға шапалақтап, ойнақтап жүр.

— Әпкел, базарлығыңды әкел!.. Тәттің көні?.. Берсеңші шапшаң? — деп Абайды шешелерімен де, Ғабитхан, Тәкежандармен де амандас- тырмай асықтырып жатыр. Қойнын тінтіп, қалталарына қол жүгіртіп, қайта-қайта:

— Әпкел!.. Бол енді! — деп дегбірсізденіп қояды.

Осыдан үш-төрт күн өткенге шейін Абай үйде болды. Ешқайда қыдырған жок. Әсіресе, әке қасына барған жоқ. “Қарашокыда калың жиын бар екен. Күнкенің аулын қонақ басып жатыр екен. Мырзаға сәлем бере, амандаса барған ел ұшан-теңіз екен” дескен хабарлар Жидебайга күн сайын келіп жатты. Бұл ауылдан Кұнанбай касына кеткен Төкежан ғана болатын.

Ол Абай келген күннің ертеңінде Жұмағұлдан олжа жылқылардың жайын есітіп:

— Ылғи сәйгүлік аттар дейді. Бар жақсысын тағы да Құдайберді тандап, меншіктеп қояды, — деп, Күнкеден туған ағасы Құдайбердіден жақсы аттарды кызғанып, — Таңдаулысын алам! Алып келем!.. Осы жол ма?.. Көрер-акпын? — деп, асыға жөнеліп еді. Сол кеткеннен әлі кайтқан жоқ.

Абай бұл күндерде екі шешесі мен Ғабигханга Қарқаралыда көргендерін, сезгенін көп-көп әңгіме қып айтып жүрді. Кейде мұның әңгімесін тоқал шешесі, сұлу Айғыз кеп тыңдайды.

Бөжеймен болған татулықты да айтты. Бірақ бала беру жайын білдірген жоқ. Ол өз ішінде жаткан ауыр күдіктің, қиын уайымның бірі еді. Әкенің өзі айтып білдірмесе, Абай мынау аналардың қуанышпен қарсы алған күндерін мұңайткысы келмеді. Бұл аналар әкеменен не деседі? Оны көрер, әзірше Абай аузынан естігенде ең алғаш сезері, айтары — ашу, күйік болуға мүмкін. Ондайды мезгілінен бұрын шығарып Абай кайтеді? Ендеше, кинамай тұра тұру кажет.

Абай Жидебайга келетін күні осы жайды ойлап ап, жанындағы Жұмағұлга да: “Бұл ауылға айтпай-ақ тұра тұр” деп тапсырған.

Осымен төрт-бес күн еткен шамада: “Бөжей де келіпті” деген хабар жетті.

Құнанбай сол қарсаңда Жидебайдағы үйіне Қарабасты жіберген екен. Сол Зере мен Үлжанға кеп:

— Мырза сәлем айтты, ертең көп кісімен осында келеді. Және Бөжеймен бас қосып табысатын осы үй, осы үйдің қара шаңырағы болты. Мұнда Бөжей, Байсалдар да келеді. Осыған кам істеп, күтіп алсын деп тапсырды! — деді.

Үлжан ол хабарға сасқан жоқ. Айғыз екеуі екі күндей қам істеді. Үлкен-үлкен теңдерді шешіп, қымбат кілем, әсем тұскиіз, алаша, көрпелерді алып, Зере отырған үлкен үйді де, қонақ үйді де, Айғыз үйін де жақсы жасап қойысты. Астау-астау бауырсақ пісіріп, кой үйгіп, құрт ездіріп, астарын да ықшамдады. Бірнеше карындағы сары майдың ішінен тұзы дәл, дәмі жаксы, түсі асыл майды таңдап ап, сондай қарынды әдейі арнап бұздырды.

Келесі күні, айткднындай Құнанбай, Бөжейлер бар нөкерлерімен тұтас кеп, ошарылып қалды.

Бөжей үлкен үйге кіргенде, Зере орнынан түрып, карсы барып бетінен сүйіп жылады да:

— Қарағым, бауырың суып, қатыбас боп кетпедің бе? Балам сен едің де, анаң мен емес пе ем?., — деді.

— Алда жарықтык-ай!..

— Алда бақыр анамыз-ай!.. — десіп, Байдалы, Сүйіндік сиякты Бөжейге ере келген кісілер де босаңсып еді.

Бөжей де шынымен шіміркенді. Зерені құшақтап, қысып түрып, қатты күрсінді де, қолымен ақырын ишарат қып орнына апарып отырғыз- ды. Өзі де Зеренің қасына отырып калды.

Аздан соң үндемей отырып, басын изеп, осы үйдегі балаларды көрді. Абай әжесінің төменгі жағында отыр еді. Бөжей ең алдымен соны шақырып ап, бетінен иіскеп, содан кейін Оспан, Смағұлды да беттерінен сүйді. Зере мінезіне орай етіп істеген туысқандық Жауабы.

Бөжей, шынында, бұл үйді бөлек бағалайтын. Құнанбайдың ғана үйі емес, осы бір атаның ортак үйі және жалпыға мейірбан, момын, адал үй деп санаушы еді.

Бөжейлер жайласып отырғаннан кейін, осы бөлмеге Құнанбай да кеп кірді. Қасында Қаратай, Майбасар, Құлыншақ сияқты нөкерлері көп екен.

Абай Бөжей мен өз әкесінің беттесіп отырған пішінін көруден ұялғандай. Өзінен-өзі именіп төмен карады. Үлкендерге орын босату керек. Соны сылтау кып, бұл үйден шығып кетті.

Осымен бұл кеште де, ертең таңертеңгі аста да әкелерінің үстіне кірген жоқ. Жай сырттан, шешесінен сұрастырғанда, Бөжей мен Құнанбай көп үндеспей, шешіліспей, сыпайы ғана сыйласты дегенді есітті.

Ертеңінде Бөжейлер жүрер кезде Абайдың Қаркаралыда есті ген жат сөзінің шешуі жетті.

Өз үйінде жер бауырлап жылап, Айғыз жатыр екен. Қарабас мұның қолынан Кәмшатты алып, шарт киіндіріп, үлкен үйге апарыпты. Екі көзі карақатгай жайнаған, аппақ Кәмшат мұндағы барлык үлкендерге:

— Аға, ата’ Ата... аға! — деп, кішкентай нәзік саусактарын созып, жалт-жалт қарайды.

Мұның әлдеқандай жалынышты түрін көруге шыдамай Ұлжан шығып кетті. Үнсіз жылап, бүк түсіп Зере калды. Үлкендердің арасынан аяз лебін сезгендей боп. Абай да атқып шығып кетті.

Құнанбай босаңсыған пішіндердің барлығына жалғыз көзін оқтай қадап, атып жібергендей қарайды. Каркаралыдағы байлау бойынша, мұның Айғыз қолынан тартып алып, беріп отырған баласы осы.

Үй ішінде түк өзгеріс сезбеген, бұрынғысынша былдырлаған Кәмшат, тысқа қарай бір бөтен, үлкен кісі ала жөнелгенде ғана шошынып еді.

— Апа!.. Апа!.. Әже!., — деп, шырылдап қоя берген.

Кішкентай жүрегін қорқыныш қысып, зар қаққан бала дәл бір от басып алғандай шыр-шыр етеді.

Осы зарлаған үні Бөжейлер аттанып ұзап кеткенше басылмады, алыстаған сайын отқа өртеніп не суға жұтылып бара жаткан жанның зарындай боп, ызың-ызы есітіліп тұрды.

Шытырманда

Абай Қаркаралыдан кайтқан соң атка мініп, ел аралаған жок.

Көбінесе Жидебайдағы ауылда шешелерінің қасында болды. Көктемге шейін күндіз-түні кітап оқуга салынды. Медреседен кайтқалы кітапқа аныктап оқталғаны осы еді. Арап, парсы тілін, бірталай сөздерін үмьгтыңқырап, қарайып қалған екен. Алғашқы бір жұмадай Ғабитхан- ның тәпсіріне карап, бұрынғы білген тілдерін кайта құрастырып алды. Содан әрі мұның колына түскен әрбір калың кітап соншалык бір катты сағынып жолыққан ыстық, қымбат досы тәрізді болды. Ғабитхан да кітап оқығыш болатын. Соның кітаптарының ішінен өзін қызықтырған көп- көп асыл бұйымдар тапты. Мұнда Абұлкасым Туси-Фирдоуси, Низами, Физули, Науам, Бабырлар бар. “Жәмшид”,.“Сеидбатгал Ғазі”, “Мың бір кеш”, “Табары жазған тарих”, “Жүсіп — Зыликалар”, Ләйлі — Мәжнүндер”, “Көрұғлы” сияқты хикая дастандар да бар. Абайдың бас алмай оқығандары осылар. Аздан соң, кешкі шайдан аска шейінгі мезгілде Абай кейбір окып шыққан кітаптарын үй ішіне әдемі әңгіме қып, айтып беріп отыратын әдет тапты. Бұған әжесі себеп болды.

Зере Абайдың кітапқа берген ықыласын байкап бір күні кешке:

— Қарағым, осының ақыл. Ішкен менен жегенге мәз боп, мойны- басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүрген бай баласы аз ба? Осы ала қағазыңнан айрылма! Ұқсама аналарға!., — деген.

Әжесі кітап қадірін жақсы айтқанға Абай ырза болып, жаңағы сөзден соң, күн сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. Шешелер, малшылар, балалар боп—баршасы телміре тыңдайтын. Анда-санда Айғыз да кеп естуші еді. Ол Кәмшат кеткелі катты жүдеу. Үлкен қара көздері ала- рыңқырап, барлық жүзі сұрланып ақшыл тартыпты. Шеке тамырлары көкшілденіп, әдемі жүзіне уайым көлеңкесі түскен тәрізді. Үнсіз уайымдаған ана қаралы. Абай бұл шешесінің күйін кабакпен таниды. Ол келген кештерде әңгімесін ерекше ықыласпен айтады.

Абай әңгіме айтуға бір түрлі шешен, шебер боп барады. Ғабитхан, тіпті, өзі оқып шыққан кітаптарды Абай хикая қып айтқанда, бар бейілімен, жақсы ілтипатпен тыңдайтын.

Бір жаманы, жалғыз-ақ көктем болып, мал төлдей бастаған уақытта қызық кітаптың бәрі тегіс оқылып, бар әңгіме айтылып калды.

“Әңгіме, әңгіме” деп, Абайға емініп отыратын үй іші енді алғаш Абай айтқан әңгімелерді кейбір малшы қатынға немесе балаларға кайта айгкызып, кайта тындасатын болды.

Бірак олардың айтуы Абайдай емес, дәмсіз, үстірт.

Үлжан соларын сезіп, кей кезде тоқтатпақ боп:

— Қыс өтті. Жаз шығып, мал төлдеп қалды. Ертектің кезі өтті. Әйтпесе, қыс аяғы ұзап кетеді. Қой-ақ қой! — деп қалжың етіп, токыра- тып тастайтын.

Бірақ шешелер оңашада Абайға жақсы кітаптың жақсы хикаяларын қайтадан ескерте беруші еді.

Ғабитхан мен Абай екеуі маңайда кітабы бар молда сүрей, кәріден, шала сопылардан бірен-саран кітап тапқызып алысты. Тағы бір кезде Ғабитхан әдейілеп тұрып, Қарашоқыға, Күнкенің аулына барып, екі қоржын басы кітап әкелді.

Құнанбай Қарқаралыда Хасен молда арқылы, тағы баска оқымысты кісілер арқылы үйде отырғанда оқып отырам деп, бірталай қызық кітаптар алғызған еді. Оны елге де жеткізген. Бірақ Абай бір рет:

— Бізге беріңіз! — деп сұрағанда:

— Қасымда отырып, өзіме де естіртіп оқып бер! Сүйтсең берем. Әйтпесе, қызығын өзім көріп, өзім ғана білем дегеніңе бермеймін! — деп бергізбей қойып еді.

Абай әке қасына барғысы келмегендіктен, ол кітаптардан да құр қалып жүрген. Ғабитхан соның есесін тауып, бірер күн сұрап жүріп, алып келді. Үй ішіне де, Абайға да Ғабитханның табысы үлкен олжа еді.

Бірақ дәл осы кітаптар келген күннің ертеңінде Абайға шақырту кеп, Қарашоқыға жүріп кетті.

Күнкенің аулына Абай келісімен, Құнанбай мұны Құлыншақ аулына жұмсады. Әкесінің Құлыншаққа айтатын сөздерін Абай ұғынып ап тысқа шыкканда, мұнымен бірге барғалы Қарабас әзір тұр екен.

Құлыншақ аулы алыс емес болатын. Қарашоқының күнбатыс жағы, бұрынғы Қодар қыстауының арғы жапсары Торғай руына тиісті. Құлыншақ — сол Торғайдың басты кісісінің бірі.

Қарашоқыны бөктерлеп, Аймандай аттың жол жорғасымен жүріп отырып Абай:

— Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау! — деп, айналаға көз жіберіп келе жатты.

Аласа алкүрең бетеге даланы да, бөктер, беткейді де тегіс көгертіп, жасарта бастаған. Бірақ аспан ашық емес.

— Жалғыз-ақ, осы бір суық жел мен бұлт айықпайды екен! — деді.

Екі-үш күннен бері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Және қыстың соңғы салқын тынысы сияқганып бір суық жел білінуші еді.

— Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық болатын әдеті ғой!—деп, Қарабас қыстыгүні кар болатынын айткандай, мерзім айтты.

- Неге? Сәуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? Жылда бүйтеддеймісің?

— Жылда сүйтеді. Сәуірді, осы, жұлдызша не дейді?

— Апрель дейді.

— Ендеше, сол апрелің осы. “Сәуір болмай, тәуір болмас” деп, бұрынғылар текке айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды дегені, — деп, Қарабас Абайға ай-айдың мәнін айта бастады.

Бұл жөнде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен. Сәуір — бұл айдың арапша аты. Қазақша — мамыр. Одан соң маусым... Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды.                                                                                                                    і -

Бірақ сәуір турасындағы жаңағы сөзді алғаш есіткені осы еді. Жазға салымның ең жайсыз кезін әнеугүні әжесі “отамалы” деп атап еді.

— Осы “отамалы” немене? Не деген сөз өзі?—деп, Абай соны сұрады.

— Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі сонда. Отамалы деп атан- ғаны бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Сол бакыр күн қайырады екен-ау! Көкектің суығы басталған уақытта, әлгі: “Қойды жайылыска шығармайық, боран болады. Қойдың қыстан титықтан шыққан кезі, малыңнан айрыласың”, десе, байы бір діні катгы кәпір екен. “Сен тоғышарлық кып алдап отырсын” деп, Отамалыны сабап-сабап, койды жайылыска шығартады. Сол күні, құдай көрсетпесін, бір катгы боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қой ығып кетіп қырылыпты да, қойдан кдлмаймын деп, Отамалы бакыр да үсіп өліпті. Көкектің суығы — “отамалы” атанғаны содан дейді. Әжең бакыр соны біледі ғой, — деді Қарабас.

Осыдан соң: “Айдыңтоғамы” деген не?, “Өліараның” не мәні бар?, “Қыркүйек” неден қойылған? Абай осыларды да сұрастырып, көп кызық әңгімелер есітті. Аздан соң есепшілер жайын, есепшінің тәжірибесін де сұрастырып:

— Күн кайырып, есеп айтуға өзің қалайсың? — деді, жанағының бәрін біліп, бәрін жаксы әңгіме еткен Қарабас есепшіден аман емес шығар деп ойлап еді Абай.

Карабас күліп:

— “Күнәң аз болса, күн есепте!” дейді екен осы күнде молда, қожа. Бірақ қолдан келсе, есепші болған жақсы-ақ қой. Мен құнт қылмай, құр калып жүрмін. Болмаса, есепшілердің айтканы аумай келетін жылдар болады,—деді.

Бірқатар жол жүріп кеп, екі салт атты Қодар корасынын тұсына жетті. Абай Қодар мен Қамканың басына бұрылып кұран окып, үндемей, томсарған күйінде ілгері тартты.

Анада көрген катал суық суреттер көз алдына дәл бүгін таңертең көргендей боп кайта елестеп еді. Өзінің сол күні аккан ыстық жасы, қасірет жасы да есіне түсті.

Ауылға кеп түскенде Абайдың түсі үлкен кісінің түсіндей боп томсарған, салқын еді.

Құлыншақ аулы әлі қыстауда екен. Күн жылынған кезде тамнан шығып, қыстау жанына киіз үй тігіп отыратын әдет болушы еді. Қара- шокыдағы Құнанбай аулы сөйткенмен, Құлыншақ олай етпепті.

Өзін бала көргенмен, Құнанбай жібергенін ескеріп, Құлыншақ Абайды үлкен кісідей қарсы алды. Қонақтар отырып, амандасып болған соң:

— Уай, катын, казан кетер мына қонакка! — деп бұйрықетгі. Құлыншақтың “бес каска" деп атанған, бес мықты ұлы болатын. Олардан казір Манас кана үйде отыр. Бұл “каска” десе дегендей, еңгезердей екен. Жалпақ маңдайлы, нұр жүзді, балуан тұлғалы жас жігіт Құлыншақтың немересі еді. Үндемей отырып, домбырасын тынкылдатып тартады да, қонақтарға салқын карап қояды.

Үйде әзір тұрған шай бар екен. Манастың келіншегі дастаркан жайып, шай жасай бастады. Жүзі жұкалау келген, самай шашы жып- жылтыр, қырлы мұрын, кара торы келіншек аса бір таза, шапшаң көрінді. Бар қозғалысында әдемі сыпайылықпен катар, ширақ сергектік бар. Отырған үйіне жылылық, жарастық бергендей келісті әйел.

Соның кірген-шыккан қимылына қарай отырып, Абай:

— Құлыншақ аға! — деп сөз бастады.

Құлыншақ Абайға қарай түсіп, үлкен сары шақшасын тырнағымен сыртылдата кағып отырып, бір кезде көк бұйра насыбайын екі танауына құшырлана тартып қойды.

— Әкем сізге сәлем айтып еді...

— Сәлемет болсын...

— Айтқаны, мына жердегі Бетқұдық жайы. Бұрын Борсаққа тиісті қоныс екен. Ақперді Борсақ қыстауын алған соң, қонысы мен өрісін тегіс алдым дейді ғой. Соған былтыр күздігүні қыстауға кірер алдында сіздің ауыл қоныпты. Бірталай отырыпты. Қазір жаз шыға: “Қорасының жаны болған соң, тағы қонып жүре ме? Мен ірге тигізбей, күздігүні пішенін шауып алайын деп ем. Осыны Құлыншақ маған киса екен’ Қонбаса екен!” деп әкеме өтініш айтыпты.

— Е-е, Ақперді оны айтсын, ал әкең не дейді?

— Әкем Акпердінің осы сөзі орайлы ғой. Құлыншақ қонбаса жақсы болар деп, осы сәлеммен жіберді, — деді.

Қысылған да, іркілген де жоқ. Баппенен, үлкен кісідей айтып шықты.

Құлыншақ үндемей, басын изеңкіреп отырып мырс ете берді де:

— Шай іш! Кәне, жақындаңдар! — деп, шайға қарай қозғалды. Абай да шай іше бастап, Құлыншақтың жауабын күтіп отыр.

Құлыншақ бірер шыны шай ішкенше үндемей, сазара түсіп, бір уақытта Абайға окыс бұрылды да:

— Уай, балам, әкең осы Беткұдықтың мәні-жөнін ұғынып, түбін тексерді ме екен? Борсақ отырған кезде мен кезек қоныс етуші ем ғой? Көгі болса бұрын да орылушы еді. Қақ бөлісуші ек қой. Осыны білді ме? — деді.

— Оны білген көрінеді. Бірак, тегінде, меншік бар да, келісім бар ғой, аксакал. Даусыз иесі Борсақ еді. Соның меншігі еді. Құлыншақ иелік жөнімен емес, келісім ретімен үлес алып келген еді. Келіссе, Акперді- мен де соны істер. Тек, меншік Ақпердінікі екенін ойласын деді.

— Е-е, ат иесі Ақперді десеңші! Ендеше, алдына ат иесі мінед те, артына бізді тілесе мінгізіп, тілемесе мінгізбес. Қыстауының іргесінде, желі басындай жерде тұрса да, Беткұдықтан бетті жу десеңші! — деп, Қүлыншақ наразы боп, томсарып калды.

Абай Құлыншақтың ренжіген жайын ұғады. Өз басы ренжітейін деп те ойлаған емес. Басында әке сәлемімен келсе де, мұның арты үп- үлкен шаруа жайы екенін онша бағалаған жоқ-ты. Енді мынандай үлкен, нығыз адамның амалсыз ренішіне карай, өзі айтқан жайдың ауырлығын ұкты.

— Менің әкелгенім осы бір сәлем. Арғысын өзіңіз біліңіз.

— Қайтпек керек? Акперді! Акперді! Аклердіге күдай бак берді, — деп, Құлыншақ ащы бір мысқылмен күліп койды.

Абай Құлыншақтың сабырлы сықағына қызығып, күліп жіберді. Тартысам деп келген емес. Және әке қарызынан құтылды. Сондайды шапшаң болжап шыққан Абай жаңағы Құлыншақ калжынын іле жөнеліп:

— Бак берген емей немене,

Борсактан калған аз жерді

Менікі деп тап берді деніз, — деді.

Абайдың бұл мінезіне үйдің іші тегіс күлді. Шай құйып отырған Манастың келіншегі, әсіресе, ырза болды білем, қып-қызыл боп, катгы күліп жіберіп, Абайға жалт етіп карап, тамсанып қойды.

Құлыншақ шалқая беріп, Абайға:

— Е, балам-ай, мынау лебізің қалай жақсы еді. Тек осыныңды Акперді есіткей етті! — деп ырза боп калды.

Осыдан Құлыншақ Бетқұдык әңгімесін былай қойып:

— Шырағым, осы анада Бөжейге берген жас бала қалай екен? Айғыз бишара жылап қалды деп еді, ол қалай? — деп, Абайдың үй ішін, Зере жайын, Ұлжан күйін сұрастыра бастады. Кәмшат туралы Абай еш нәрсе айтқан жок. Құлыншақ кайта оралып:

— Айыпқа мал бермеді деп, Бөжей жағы қомсынады, білем. Сол кішкене қарындасыңның күтімі де келісті емес деп есітгім-ау! Айғыз бакыр соны сезіп қайғырады ғой! — деп, қайдағы бір көңілсіз, шетін жай- ларды қозғай бастады.

Абай бұл арада ол әңгіменің ешқайсысына сыр беріп, ішін ашпақ емес. Құлыншақ жетектеген сөздерге басқан жоқ.

Азырақ үндемей отырып, өзінше бір жөн тауып:

— Ақсақал, осы сіздің балаларыңыздың “бес қасқа” атанатын себебі не? Соның мәнін ұқтырьіңызшы! — деді.

Құлыншақ мына баланың жаңағы сөздерге ілеспегенін түсінді де, ішінен: “Байыпты бала-ау өзі. Салмақ бар ғой. Сыр ашпайын деп отырғанын қарашы. Бұған да үйреткен екен...” деп ойлады. Алғашқы сөздерін тастап:

— “Қасқа дегені — батыр деп айтқаны” деп болмайды ғой мыналар, түге. Жөнін мынаның өзінен сұрасаңшы,—деп Манасты нұсқап қойып: — Батыр боп кімді мұқатып жүргенін кім білсін? Әйтеуір, қолтыққа дым бүрку ғой. Болмаса, анау бір кезде Бөкенші, Борсак “Қарашоқыны бер- мейім, өлісем” деп келгенде, әкеңнің жалғыз ауыз сәлемін есітіп, осы бес баламды ертіп барған мен едім. Сонда иесі кетіп жаткан иен жерден, тым құрыса, бір құдық тиер деп ем. Тигені мынау ма? Қасканың тұмсығы тасқа тигені осы да! — деп алғашқы сөздеріне тағы бір оралып соқты.

— Бүлінген елден бүлдіргі алма дегені қайсы? Бөтен болса бір сәрі. Бөгде емес, Бөкеншіні қуып алған кімге құт болады дейсіз? Өкініп қайтесіз? — деп, Абай аса бір байсалды мәслихат айтты.

Манас пен келіншегі осыны жақсы ұғып ұнатса да, Құлыншақ көнген жок. Ол осыдан соңғы әңгімелерде Құнанбайға өкпелі болған кісінің қабағын білдірді.

Абай ар жағынан байқап кеп, Құлыншақтың ойы: “Бөкенші, Борсактан жер олжа қылмадым” деген арман екенін білді. Соны ұғынумен

катар, жерден басканы, жемнен басқаны тыңдағысы келмеген Құлыншаққа ішінен наразы боп аттанды.

Абай әкесіне Құлыншақтың көн ген ін айтса да, өкпесін айтқан жоқ. Істеп келген ісін қысқа ғана баян етіп еді.

Бөлек жерде Құнанбай Қарабастан да сұрастырған. Абайдың айткан сөздерін түгел есітті. Қарабас Абайдың бүгінгі мінездеріне ырза екен.

— Балаңыз сөзге ысылып қалыпты. Тіпті, бір үлкен кісідей орамды жатыр. Құлыншақ екен-ау, ұтылады екем-ау демеді. Қалай болса да тең сөйлеседі’ — деп, мақтай бастап еді.

Құнанбай “Жетті, доғар” дегендей ишарат қылды да, Қарабасты тоқтатып тастады. Осының ертеңінде Құнанбай Абайды және жұмсады. Қасына тағы сол Қарабасты қосып, енді Сүйіндікке жіберді.

Сүйіндік аулына Абайлар ел орынға отыра келді. Өз қыстауынан айрылып, Қарауылдың бас жағын — Түйеөркеш деген жерді қыстаған Сүйіндік аулы казір тамда емес, киіз үйде екен. Мал-жаны көп, бай ауыл осы орынды қыстауға лайықтап алғанмен, әлі жаңа қыстау сала алмай, ескілеу тар қораға сыя алмай, күннің көзі жылынысымен киіз үйге шығыпты.

Сүйіндіктің аппақ үлкен үйі жылы екен, іші тола тірелген жүк, буу- лы тең менен сандықтар. Онын ар жағы екі босағаға шейін текемет, алаша, тұскиізбен қоршалыпты.

Саптама мен тиін ішікті өлі тастамаған Абай бұл үйде тоңазитын емес. Биылғы көктемде алғашқы рет киіз үйге қонғалы отырғаны осы. Мұнда бір жеңіл салқындық, кең тыныс бар. Көктемдегі киіз үй Абайға әрқашан таңсық болатын.

Үлкен үйдің ортасында ала көлеңкелеу жанған тас шам бар. Сүйіндік бәйбішесімен және екі баласы — Әділбек, Асылбекпен — бәрі де қонақтармен бірге бодды. Бұл үйге, әсіресе, өзгеше көктем нұрын енгізген бір жан бар. Ол Сүйіндіктің қызы — Тоғжан. Абай келгеннен бері Тоғжан үлкен ағасы Асылбектің отауынан осы үйге бірнеше рет келіп кетті. Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғ- жанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бас- тағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері — баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толыкша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған кас жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.

Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса, сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып толқып қояды. Елбіреп барып дір еткен канат дебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем канатындай. Биікке, алысқа мегзейді... Абай көпке шейін Тоғжан жүзінен көзін ала алмай, телміре қарап қалады.

Қыздың көп кіріп-шығысы қонақтардың камы екен. Аз уакытга дастарқан жайғызып, күтуші әйелге шай кұйғызып, өзі әкесінің төменгі жағына отырып, шыныларды әперіп, үй ішіне қызмет көрсете бастады.

Абай Сүйіндіктен де қысылған жок. Бала емес, ысылған ашық, үлкендерше сөйлейді.

Тоғжан кеп отырғаннан кейін Сүйіндікке карап:

— Сүйіндік аға, осы мына сіздін жердің алдындағы Қарауыл дейтін жалғыз биік не себепті Қарауыл атанды екен? —деді.

Сүйіндік:

— Кім білсін, шырағым’ — дей түсіп, аз отырып, — Е, Тобықты мен Матайды» шабуылы, жаулығы калған ба? Сондағы қуғыншы мен жортуылшының бірі қойған аты-дағы. Өзі озге таудан бөлініп, айдалаға оқшау барып тұр ғой. Содан қарауылдамай, кайдан қарауылдасын! — деді.

— Сүйтіп, бүл атты Тобықты қойған дейсіз бе? Тобықты келмес бұрын сондай ат жок па екен?

— Қайдан болсын? Бұл өнірдегі барлык атты Тобықтының озі қойған.

— Әй, білмеймін-ау! Бар атты өзі қойса, Шыңғыс дегені несі екен? Шынгыс деген Тобықты бар ма?

— А, жок! Мынауың жаны бар сөз. Бөсе, бұ Шыңғыс деген осы үлкен алцп таудың аты неге Шынгыс атанды екен бұл? — деп, Сүйіндік өзі де ойланып калды.

Әділбек әкесінің мүдіргенін намыс көріп:

— Шыңғыс деген сөз “шын кыс” дегеннен, қысының қаттылығынан болыпты-мыс деседі ғой! — деп еді.


Бетке өту: