Menu Close

Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов

Аты:Абай жолы 1 кітап
Автор:Мұхтар Әуезов
Жанр:Литература, роман
Баспагер:
Жылы:1997
ISBN:
Кітап тілі:Қазақ
Жүктеп алу:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Бетке өту:

Бет - 6


Кдска тілмаш Құнанбай мен Майырға кезек жалтақтады. Жүгінген бойында құнысып, қозғалақтай берді. Бір жағынан, орысша тілі жеткілікті болмаса, екінші жағынан, екі ұлықтың біріне-бірі айтатын ашу сөзді тұпа-тура жеткізуден, әсіресе, тайғақтайтын. Әлі бөгеліп отыр... Кейде жер шұқып кап, кейде кымыңддл, қозғақ қағады.

Құнанбай мұның бөгелгеніне ыза боп:

— Ей, тілмаш, осы саған “әке” дейін, жарықтығым, тек дегенімді түгел жеткізші!.. Ін аузында отырған аккөт торғай сияқты қылп-кылп еткеніңді қойшы осы!.. —деді.

Торғайды айтқанда Майбасар шыдай алмай күліп жіберді де, Құнан- байдың ашулы түсіне имене карап, тәуба қыла калды. Ішінен күлкіден өлердей кысылып отыр еді. Абайға да бұл теңеу аса қызық көрінді... Оның көз алдына тұрымтай салып жүргенде, ін аузында қылпылдап отыратын шакшак елестеп еді... Шынында, мына сорлы тілмаш дәл соның өзі сияқты. Бірак сөздің беті катты. Күлер жер емес. Абай Майбасардың жаңағы жеңілтек күлкіден қысылғанын таныды да, өз бойын тежеп калды.

Тілмаш бөгеле отырса да Құнанбай сөзін жеткізген еді. Майыр сасқан жоқ Саңқылдаған зор дауыспен катты сөйлеп, шұбыртып кетті...

— Әкімшілік өш кісіден кек алу үшін берілмейді бізге... Бөжей Ера- линовтан түскен кағаз көп, тексеру керек! Және ол үшін ренжигін кісілер де көп. Айдатпай тоқтай түр! — деді.

Осыдан соң екі жағы да шапшаң сөйлесе жөнеліп еді...

- Сүйтіп, арпалыстырып ұстамақсың ғой? Көздегенің сол ғой?

— Жалғыз мен емес... Бұрын аға сұлтан болған Құсбек, Жамантай- лар да солай қарайды. Тіпті, мына Алшынбай білетін Баймұрын да солай ойлайды.

— Олар кім? Бірен-саран!.. Олар аздар’ Және күндестікпен сүйтеді. Көп елдің көп атқамінері менің сөзімді құптайды. Көрмей отырмысың соны?

— Аз болса болсын. Бірак закон — патша законы, олардың куәлігін де тыңдайды. Олардың сөзі де жетеді жоғарғы ұлыққа.

— Жеткізетін сенсің ғой! Айыпкерді сен ұстаған соң, бел аспай кайтеді?!

— Құнанбай мырза, сен мені айыптама үйтіп! Бұл екі жүзді семсер сияқты жұмыс.

— Білемін. Қоймаңның сырын білемін сенің!

— Аға сұлтан! Орныңызды ұмытпаңыз!.. Біз екеумізді де корпус сайлаған, — деп Майыр трубкасын тұтатып алып, түрегеліп, үй ішінде әрлі-берлі жүріп кетті. Ашумен катты қызарып алған еді.

Құнанбайдың ендігі жауабын Алшынбай айтқызғысы келмеді. Ду- анның екі бастығы бұдан әрі сөйлессе, ұрысқа кететін түрі бар. Ол орынсыз. Алшынбай өз көз алдында бұған ырық беруіне болмайды. Құнанбай үшін де және, тіпті, өзі үшін де залалды. Ол бағанадан үстелге шынтақтап, қыбыр етпей отырған калпынан тез шалқайып:

— Ей, мырза! Ей, Майыр! Сабыр етіңдерші! — деп қатты айтты.

Алшынбайды жалғыз Құнанбай емес, Майыр да сыйлайтын. Талай қиын істе әлденеше рет істес болған. Әлі күнге түс шайысқан жерлері жок. Және Алшынбай өзі ұлық болып көрмесе де, түптеп келгенде, талай старшынды, тіпті, кейде аға сұлтанды да сайлаушының ен мықтысы болатын. Оны да Майыр жақсы біледі. Есептеспеу қиын. Алшынбай үн қатқанда түрегеп тұрған Майыр Құнанбайға көз киығын бір тастап байқап өтті. Құнанбай да Алшынбайды тыңдайтын тәрізді.                                                                 *,

Майыр танаурап, катты демігіп, орындығына кайта кеп отырды. Алқымында әлі айықпаған ашу бар еді. Демі дірілдей шығады.

— Сендер бұлай шал қиыспаңдар, ұлықтар!.. Мақұл емес! — деп Алшынбай сөйлей бастағаннан-ак каска тілмаш Майырға карай қисая түсіп айтып жатыр.

— Біріңе-біріңсеріксің, ынтымақты болсаң, ел билейсін. Ынтымақсыз болсаң, неңді билейсін? Өз бәлең өзіне жетіп, жұрт та калар, жұмыс та калар. Ұғысып істендер. Ал өздігіңмен ұғыспасандар, мына біздей, арадағы кісінің сөзін тыңдаңдар. Ол жайы сол!., — деп, екі ұлыққа кезек карап, екеуінің де кайткан түрін аңғарып ап, Алшынбай: — Ал жаңағы ақырғы жұмыстарыңа келсек, мына мен осы үйге, Құнанбай мырза, саған, — деп, Құнанбай жакка ырғала түсіп, — сол жұмыспен келіп отырмын. Бүгін кешке шейін осы жұмыс туралы пұрсат беріңдерші! Майыр, казір сен кайта тұр. Тұрақты бір жауабын бүгін кешке мен жеткізейін. Сендер екеуің боп, осы жайды сөйлегенді әзірше қоя тұруға бармы- сың?Соны айтындаршы’ Осыны мен сендерден сұрап отырмын! — деді.

Алшынбай әңгімесінің тұсында Қарабас ауыз үйден қамыс тегене-

ге толтырып кымыз әкеп еді. Шүңет келген сырлы сары тегене. Қазірде Майбасар, Абайлар дыбыссыз ғана қозғалып, үстел үстіне асжаулык жайып, үлкендердің алдарына жылтыр сары тостағандарды толтырып кымыз қойған.

Бетінде азғантай ғана күрым белгісі бар сап-сары кымыз, аркар мүйізінен істелген үйрек ожаумен Майбасар сапырғанда, көпіршімей, шып-шып етіп шымырлап кана толқиды.

Дастарқан үстіне үш табаққа сап ашыған бауырсақ қойысты... Жаңағы Алшынбай сөзі аяқтала берген кезде Қарабас ауыз үйден үлкен табак ыстық ас әкелді. Бұл дағдылы ет, қуырдақ емес, Құнанбайдың қымызбен қоса жейтін жаубүйрек деген тамағы еді.

Алшынбай сөзін аяктасымен Құнанбай Майырға да, Алшынбайға да асты нұсқап:

— Жеп, іше отырыңдар... көні’ — деп, бата кып бетін сипады.

Мешіт салам деп, имам кдзіретгермен көп айкдскдлы, Құнанбай өзі арапша оқымаған адам болса да, діндар, тақуалау кәрілердің жаңағы бата кылғыш, бет сипағыш, “пісмілдашыл” машықтарын көп істейтін болғанды.

Алшынбайдын әлгі сөзінің аяғына ас кеп калганы бір сылтау болса, екіншіден, бұдан әрі сөйлеген сөздің орны да жоқ. Алшынбай кірісіп, “аяқтап көрем" деген соң, Майырдың да әктей коятын жөні жоқ. Жайсыз шешсе, кейін көреді. Ал дұрыс боп шешілсе, мұндай істі Алшынбайға бергеннен абзалы жоқ.

Алшынбайға:

— Айтканың дұрыс, мен тоқтаймын. Жауабын өзіңнен күтемін... — деді де, келген жұмысын тез доғарды. Содан кейін өзінің қымызқұмар- лығына салып бес тостағанды үсті-үстіне жұтып-жұтып жіберіп, жаубүйректен аз ғана асады да, қоштасып жүріп кетті.

Тілмаш тамақ аяқтағанша кетпей кейіндеп калып еді, сол шыккан- ша Құнанбай жаңағы сөз туралы “ләм” деген жок.

Аздан соң тілмаш кетті. Содан кейін барып кана Құнанбай:

— Параға жемсауы толған ғой, әлгі піскен бастың. Бет алысын көрмей-місің? Баймұрын аркылы Бөжей, Байсал тығындаған ғой...—деп, бағанадан желісі үзілмеген ойының бір түйінін айтты.

Алшынбайдын ойы да осы туралы еді. Ол бірақ Құнанбайдан гөрі арырақ ойлап, ойына әр түрлі жайсыз күдіктер түсіп, күңгірт тартып отырған.

Құнанбай сөзіне шапшаң жауап кайырған жок. Сарандап барып:

— Пара деген бір сәрі ғой. Пара жемейтін ұлық бар ма, тәйір? Оң- солынан кабат алып, кдбат кылғып та кыбын тауып жүрмей ме? Мына жердің тетігі ол ғана болмай тұр,—деп, бүгін әдейі Құнанбайға өздігімен айтпакка келген сөзіне ауысты. Кейде маңдай терісін жиырыңқырап, екі көзін жұмып сөйлей бастайтын әдеті бар еді, соған салып:

— Мен осы қыбырдың бәрінен көз алмай, көлденеңнен бағып отырған кісімін ғой... “Тоғыз құмалақты ойнаушыдан да көлденең көргіш келеді” деуші еді біздің би,—деп өз атасы Тіленші биді есіне алып, — сол айтқандай, Тобықты ішіндегі ойындардың енді баска бір белге шығатын кезі жетті. Аяқтамаса, насырға шабатын түрі бар!—дей түсіп бір тоқтады.

(Чұнанәата құдасының сұл осі алысы оқыс жанадық еді.

— Ал шеке! Бөжей мен Байсал Тобықгыда аяғымнан алам десе, дуан- ға келіп жағамнан алмакшы. Аянар жерім қалмады ма осы? — дей беріп еді, Алшынбай сол қолын үстелден аз көтере беріп:

— Алысар болсаң, аянбассың. Алысқан соң о да аянбас. Бірақ жаңағы Майырды аңғарсаңшы! Ол ғана емес, ар жағында анталап жүрген кешегі хан тұқымы төрелерді анғарсаңшы!.. Сөзқұмар, бәлеқұмар Баймұ- рындар аз ба?.. Соның бәрі аға сүлтандық қолымыздан мүлдем кетті деп жүрген жоқ. Ылғи әр кезеңнен баспа кып, “түрт сайтанмен" жүр. Тегінде, өз басыңмен байланысқан сөздің өршігені құрысын... — деп, шетін нәзік жайға тұспал жасады. Кұнанбай енді түсіне бастады. Бағанағы Майыр да, енді, тіпті, Алшынбай да Кұнанбай, Бөжей тартысының түбі — бас араздық екенін тұспалдайды. Бара-бара “аға сұлтан басымен Бөжейдің аулын шапты, өз қолымен қыруар елді қырқа матады... дүре- леді” деген сөздер бәле боп, ұлғаймай тұра ма?.. Бөжейдің “арызы” деген — “аяспау” деген сияқты, әр жерден шаң беріп жаткан жайдың бәрі сол дүмпудің белгісі...

Кұнанбай Алшынбайдын жүзіне ойлана карап: “Ендеше, барыңды айтшы!” дегендей, үндемей тосып қалды. Алшынбай енді Құнанбайға қадала карап отырып, жіті сөйлеп:

— Бүгін мына мешіт бітіп, абыройың асып отыр. Атағың көпке кетіп жатыр. Соны күндейтін де кісі көп. Алдымен анау көрпіс, мына жаңағы Майыр күндейді. Кішіреймейсің, кешірім етесің. Ак көңілің мүлде ағарсын. Мұның да бір Күнанбайлығың болсын. “Игі жұмыс үстінде кірбең- нен арылам” дегенің болсын. Ана Бөжей ағайыныңды жау қып жатқа жіберме!.. Бауыр қып қасыңа тарт, татуласшы осы! — деді.

Кұнанбай көпке шейін үндеген жок. Татулықты Алшынбай сұрағанда, кай жауабын болса да ойланбай айту қиын. Анығында, бар Карка- ралы дуанының шын дүмшебайы осы Алшынбай. Көп рудың нелер үлкен дауы да осының алдынан тарайды. Одан бері де ана бір кезде Құсбектей төре Алшынбайды өкпелетіп алған соң, аға сұлтандығынан айрылған.

Алшынбай достығы арқылы аз ғана Тобықтының Кұнанбайы аға сұлтандықты алған... Және Бөжейді жау кып куа берсе, астында жатып та аяғын шайнайтын түрі бар. Аңғар солай боп барады. Онан соң істесе Бөжейге бұл істеді, Бөжей әлі бұған не істеді?.. Алшынбай сұраса, бергеннен абзалы жоқ екен деген байлауға кеп еді. Өздігімен “тез келермін” деген байлауы ембе екені рас. Алшынбай емес, өзге кісі айтса да бүйтіп тез кайтпас еді. Енді мына тұс оның бәрінен бөлек... Сол себепті Кұнанбай бекінді де:

— Алшеке, айналаны көріп, болжап айтып отырсың ғой. Достықпен айтып отырсың. Аңғармасам айыпты болар ем. “Кайтпас-ақпын” деп едім. Бірак жалғыз катыбас мен болайын ба? Ақыры құдай білсін, өзің біл, өзің аяқта! — деді.

Сөз сонымен бітті де, Алшынбай біраз отырып үйіне кайтты.

Абай Бөжей үшін ырза еді. Тіпті, Алшынбайға да іштей көңілі жылы тартқандай болды... Түсі суық, рақымсыз жаулықтың енді беті жылынып, татулыққа айналғанын Абай “уһ” деп, күрсіне сүйсініп қабылдады.

          Мұхтар Әуезов Жолда                     

3

Осы сөз болған күннің кешінде Абай Қарқаралы қаласын жапа- жалғыз аралап кетті. Кейде бір іші пысып, жүдеу тартса немесе бір нәрсеге ырза боп, коңілі өрбісе, осылайша жалғыз кетіп калушы еді... Күн кешкір- генмен әлі батқан жоқ екен. Қала желкесіндегі әсем таудың қарағайлы жотасында қызыл арай сәуле бар. Тау басында жел тұрды, білем. Тоғайсыз ашық жондарда сырғақ көрінеді. Жаяу борасындан, ұйтқи түсіп қызғылт құйын ұшқындайды.

Қала ішінде желсіз, шыңылтыр аяз білінеді. Жайсыз суық емес. Бойды ширыктырып, жинақы ұстататын жеңіл мезгіл. Таудың калага қараған бетін кеш көлеңкесі басқан. Жақын жердегі жақпар тастардың өзі де қазір көкшіл көлеңке ішінде көгілдірденіп, алыстай түсіп, түнге бейімдеп барады...

Абай өз пәтерлерінен екі-үш көше ұзап кетіп еді... Бір уақытта пұшпақ айналып, даурыға сөйлеп келе жатқан жаяу топты көрді... Көп адам болса да, ішінен Абайға таныс кісі білінбеді. Күлісіп, дабырласып сөйлеп келе жатқан ылғи жұпыны киімді жатақтар... Жаяу жүрістерінен де каладағы қаракет адамдары екені танылып түр.

Бүгін Абай көңілі дүниенің бар көрінісінен бітім, жарастық іздеген бір мейірімділік халінде. Жас, кәрісі аралас тегіс құрдастай күлісіп келе жаткан топ Абайға қызықты, жарастықты көрінді.

Себепсіз жымия күліп, осы топты Абай көше ортасында аңырып, тосып қалды. Бірақ топ ішінен мұны байқап, елеген бір жан да жок. Аяқтары шыны қарды шақыр-шұқыр басып жақындап калды. Абай енді байқады. Бар топтың ентелеп камағаны — үлкен ақ сақалды, келісті карт екен... Өзі де күліп, топты да күлдіріп келе жатқан сол.

Бір тосын, ғажап нәрсе — шалды екі жағынан қолтықтасып келеді. Шал өзі басын тік ұстап, ілгері басып келе жатқаны болмаса, ешқандай бет бұрмайды. Сөйлегенде де ешкімге қарамай, тура бет алды на қарай сөйлеп келеді...

Абай мынадай өзгеше шалды бірталай аңырып, қайран қап тұрып зорға аңғарды. Қарт соқыр екен...

Топтың мұны байкамағаны, тіпті, жаксы болды... Қасынан өте бергенде Абай да қосылып, ере жүрді. Осы көше бойында жалғыз Абай емес, какпа алдында отырған, қарсы келе жатқан кісінің бәрі де шал тобына қызығып, ілесе келеді...

Кейінірек келе жаткан бір бурыл сакалдыдан Абай:

— Бұл кісі кім, аға?., — деп еді. Анау таңданып:

— Е, білмеуші ме ең Шожікеңді?.. О не дегенің?.. Бұл — Шөже акын емес пе? —деді.

Шөженің атына Абай канық, бірақ көргені осы. Атын ести сала ол бурыл сақалдан сытыла жөнеліп, топтың алдыңғы қатарына ілесіп, Шөжені жақсылап қарап, сөзін тыңдай бастады.

- Шөжіке, бізге жүр!.. Біздің үйге келдік, міне, айтып тұрған мына мен, Бекбергенмін, — деді бір қырма сақал жаяу...

— Жо, бізге барады...

— Уа, қойындар, мен өзім алыстан ертіп келемін!..

— Ой, не денсіңдер? Шөжікеңнің түскен үйі біздікі!.. Аты біздікінде тұр! — деп, тағы біреу үн берді.

Осындай керіс үстінде топ тегіс иіріліп, тоқырап калды. Әрлі-берлі өткен жүргіншілер тағы кеп қосылып жатыр. Жанап»! даурыктардың бәрін естіп, тоқыраған Шөженің озі. Ол катты, ашық дауыспен қарқылдап сүйсіне күліп:

— Уай, жарандар, мен бір акыл айтайын ба?.. — деді.

Жұрт тегіс қадірлі қарттың аузынан шыққан лебізін күтіп:

— Айт, айт... Шөжіке!.. Уа, төресін өзін айт!

— Уа, қайда қонасың, өзің таңда! — десіп, анталай бастады. Шөженін даусы бұл дабырдың бәрін баскандай зор екен.

— Уау, осы жегізбегін—асың, жаймағын —төсегің ғой... Дән ырзамын, ағайын... Бірак ырзамын деп қана қоймаймын, осы жаңағы “маған- маған” деп даурыкканыңнын бәріне де барам... Бәріңнің де асынды ішем... Шөженің көмейіне тас тығылып кала қоймас енді бұл бес-он күнде... Сол сарайым сау болса, жаңағы үн бергеніңді тегіс мұрныңнан тізіп тұрып, бір күн түстік, бір күн конакасы жеймін... Ал казір болса, күн ызғырық тартты. Кешкірді, білем. Менің кәрі сіңірімді соза бермей, осы ең жакын какпаның біріне бұрамысың, әкелер?., — деді. Бастан бергі сөзінің барлығын күле тыңдап тұрған жұрт еріксіз тоқырады... Ең жакын үй осы какпасының алдында жиын тұрған үй еді.

Қора иесі қалбалақтап, ішке карай жүгіріп кетті. Жиын тарқай алмай, Шөжені қимай тұр.

Конакасы жайынан тоқтам тапқан ел енді Шөженің бірер ауыз сөзін естімей кете алатын емес.

Шөженің қасында тұрған бір картаң кісі ақынға қозғау салғысы келді, білем:

— Уа, Шөжіке, дуанға жаңа келдің ғой, мұндағы дакбыртгы естіп жатырмысың? — деп еді, Шөже:

— Е, е, айт! Не дейді? Не деп жатыр дуаның? — деді.

Жаңағы картаң кісі кала жаңалығынан хабардар екен. “Құнанбай салған мешіт бітті. Алшынбай, Құнанбай соны той етпек және аға сұлтан Құнанбай ағайынымен бітісетін бопты. Ұлық пен Алшынбайлар табыстыратын бопты!” — деді.

Абай мына сөзге аса қайран болды. Өз әкесінің атын дәл мына жерден естимін деген жок еді. “Мешіт бір сәрі, тіпті, оның араз-құразы да иен жұртка мәлім екен-ау!” — деп таңданды.

— Е-е, араздасам деп, ұлыктығынан айрылып қалмасын дейді ғой.

— Құнанбайдың камқоры Алшынбай бопты ғой.

— Әрине, бәр-бәрін жалғастырып, септестіріп жүрген сол Алшынбайлар...

— Тобыктыға абырой әперіп, ұлық қып, үске шығарып қойған да сол өздері.

— Енді, міне. Тобықтының жемпаздары қасаптың да семізін, лап- кенің де қызарғанын құртып барады. Осы маңдағы қос атаулының дг қысыр тайы мен ту биелерін түгел жемей кететін емес... — деседі.

Шөже осы жайларды күле тыңдап тұрып, бір кезде оп-оңай өлеңдете коя берді. Ашык даусы саңқылдап:

Болыпты бір ақсақ таз және соқыр, дуранды мысық сопы молдаң оқыр, Балганда ақсақ дария, соқыр қарга, Ортасын дарияның қарга шоқыр, —

деді. Жұрт тегіс ду етіп күліп жіберді... Шапшаңдығына, айтқыштығына кайран боп таңдай қаккандар да бар.

— Аксақтазы — Алшынбай...

— Соқыры — Құнанбай.

— Не кыл дейсің? Ал кайтпас кәрің жалғыз ауыз өлеңмен жайратты да салды! — деп жұрт жапырлап сөйлеп жатыр... Абай бұл сөздерден катты ұялып қысылды да, шеттей берді.

Осы кезде үй иесі шығып, Шөжені ерте беріп еді... Жиын тарамас - тан бұрын Абай жалғыз бөлініп, оз үйлеріне қарай асыға жөнелді.

Төмен карап келе жаткан Абайдың құлағынан жаңағы бір ауыз өлең өлі айыққан жоқ. Бар сөзі есінде... Ішінен қайта-қайта айтады. Жаттап апты.

Мынау жалғыз ауыз өлең бағана, күні бойы күмбездей боп үлкен көрініп отырған екі рудың екі шоқысын бір-ақ соғып, жермен-жексен етгі. Тайпитып кеткен сияқты көрінді.

“Алшеке, Алшеке” дегендері — “ақсақ газ” аталды. Алшынбай сылти басады, ақсақ екені рас. Ал “аға сұлтан”, “мырза” атанған өз әкесі — “қарға!” Қандай карға? Қарқаралының ен байлық, ел дариясының жалғыз еркесі. Жақсы, жайлысын жапа-жалғыз қызықтап, шоқып жеп отырған қарға!..

Әлемде сөзден күшті не бар екен? “Сөз өңменіңнен өтеді ғой” деген Қаратайдын тағы бір тапқыр сөзі есіне түсті.

Осындай өз ойымен өзі боп, ішінен аса катгы теңселткен бір күшті сезген Абай көшені де, көшедегі жүргіншіні де аңғармай, көрмей келе жатыр.

Бір пұшпаққа жақындап калған екен. Дәл бұрыштан бұрылып, бұған қарсы шыққан үш аттыға көзі түсті.

Аңырып тұра калды да, тез таныды. Келе жатқан Бөжей, Байсал, Байдалы екен. Ортадағы түлкі тымақты, күрең төбел атты — Бөжей. Ақ сұр жүзі жабыңқы. Қоңыркай мұрты менен сақалына кешкі аяз қылау салыпты.

Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, атгылардың алдына жұмысы бар кісідей көлденендеп кеп, тосып тұрды. Атгылар мұның қозғалысын оқыс көрді ме немесе таныды ма, аттарын баяу бастыра бастап еді, жақындап тұстас келді.

Сол уакытга Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап:

— Ассалаумағалайкүм!.. — деп сәлем берді.

Медреседе жүргенде: “Көшеде қазіретгі көрсең, осылайша тағзым ету керек” деп халфелер үйретуші еді.

Абай көптен бері ешкімге бүйтіп сәлем беріп көрген жоқ. Қарқаралыға келгелі Бөжейдің көрінгені осы. Шешесінің жүрердегі сөзі есіне

■түсті ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне сай келді ме?.. Қалайша бүйтіп әдеп -шығарғанын Абайдың өзі де байқамай калған-ды.

Өзге казактан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпайылыққа Бөжей оң назарын салды, білем... атының басын тежей беріп:

— Уағалайкүмәссәләм, балам!., — деп тоқырай қалды.

Байсал Абайды жаңа таныған еді. Жақтырмай, мұрнын тыржитып:

— Өй, мынау екен ғой, жә, жүрші! — деп, атын қозғай беріп еді, Бөжей:

— Тоқташы! — деді.

— Ей, сол антұрғанның баласының сәлемін алушы ма ем?.. — деп, Байсал Абайға қабағын түйе қарады.

Абайдың екі беті ду етті. Оқыс жалын беті емес, ішін де шарпып өткендей. Кінәлап, ренжіген жазықсыз баланың отты көздері жарқ етіп, Байсалға қадала қарады.

Бөжей Абай күйін жақсы таныған сияқты еді. Байыптап қарап алып:

— Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең, сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңмен істедің бе? — деді.

— Бөжіке, әкем емес, өзім беріп тұрған сәлемім сізге!..

Абай болса, күндізгі өзін көңілдендірген күйін ұмытпаған болатын. Қарқаралының кейбір көше қазағы естіген татулық жайын Бөжей, Байсалдар әлі естіген жоқ-ты. Жаңа кешке жакын ғана Алшынбай бұл үшеуі- не кісі жіберіп, өз пәтеріне асқа шақырған екен. Не сөз барын білмесе де, соған аттанып бара жат-кан беті осы еді.

Абай жауабын естіген соң, Бөжей ықыласпен қарай түсіп, жақындады да:

— Әкең айтпай, өзің білген болсаң, батамды берейін. Көзіңнен жақсы жанар көрдім ғой, шырағым!., — деді.

Байсал бұл сөзді де жақтырмай сырт қарай беріп еді, Бөжей оның қозғалысын танып:

— Ей, Байсал, сен бата бермегенмен, мынау болайын деп тұрған бала ғой, — деді де, Абайға бұрылып:

— Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!.. Жалғыз-ак өзгені берсе де, әкеңнің қаттылығын бермесін! — деп, бетін сипады. Абай да Бөжейге қадала карап тұрған калпында бата қылып, бетін сипап еді...

Аттылар жүріп кетті. Байдалы бағанадан үндемеген еді. Енді ғана Бөжейге карап:

— Екі көзі сексеуілдің шоғындай жайнап тұр екен өзінің... — деді.

Абай тұрып-тұрып барып қана қозғалды.

Шын ба? Шын айтты ма? Жоқ, әлде, Байсалдың қаттылық, алмастық мінезі балаға ауыр тимесін деп, жаны ашығаннан айтты ма? Бөжей не мәнмен мұндай жақсы бата берді! Ойда жоқтан, оп-оңайдан, осындай гаудай үлкен сый бола ма?.. Мырзалық па? Жок, әлде, Абайды аз білсе де, тез танығаны ма? Үлкендер көреген, танығыш, сыншы ғой! Шыны- мен-ак танып айтқаны ма?.. Олай болса, Абай жаман кісі емес, жақсы кісі болмақ кой!..

Бүл жайды ойлаған сайын балалық өзімшілігі катты ырза болды. Абайдың іші ала қызып, бір түрлі қуана серпіліп, тез-тез құлаш сермегісі келгендей. Әлдеқандай өріс іздегендей.

Енді асыға жүріп келеді. Күн казір ымырт бопты, оны да жана байка- ды. Екі көше адасып, пәтерінен асып кетіпті. Мұны да жана білді. Кайта жүрді.

Ауылда жүргенде қысы-жазы дөң басында өтетін кеш, казір тағы да бір өзгеше боп серпілтіп, өз қуатын айрыкша білдіріп, Абайға катты әсер етеді...

Өзі салмаса да, Абай каршыға салған үлкендердің қасына өткен жазда көп еріп еді. Сонда ымырт жабыла бергенде, апақ-сапакта, кеш қараңғылығы қоюланған сайын, көк каршыға, өртгей каршыға, секунд санап жалындай шалқып, жайнай беруші еді... Абай оз ойын, өз көңілінің күйін мына кеште дәл сол шабьптағы беті кайтпас каршыгадай сезді. Бүгін бір түрлі сергектік, сезімділік бар...

Өзге күндерден дәл бүгінгі күннің уақиғалары әлдеқайда бөлек. Күндізгі әкелер, әлгі Шөже, жаңағы Божейлер... Бір Қарқаралы қаласының алақандай аясының ішінде болғанмен, осы адамдар арасы соншалық кереғар. Тіпті, дүниенің төрт бұрышындай алшақ жатыр. Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез... Аралары және бітімсіз боп, әр салада жатқаны несі!.. Бәрі бір орынға жиылып, ынтымақпен бір арадан табылса не етер еді?..

Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді де... және, тіпті, өз ойы сиякты көрінді. Анығында: “ақыл, кайрат...”, “акыл мен бақыт, байлық” дегендердің өзара дауы, таласы деген “парсы, түрік” тіліндегі кітаптардан былтырлар бір окыған нақыл әңгімесі бар-ды.

Қазірде Абай соны өмірден тапканына да дән ырза... Өз ақылымен тапты... Тапты да: “Осының бәрі бір жерде, бір кеудеде, бір адамның ішінде болмаққа лазым...” деп, өзгеше бір сенімді байлау жасады.

Осы оймен катар, өзін осы Қаркаралыға келгелі катты өсіп, ұлғайып қалған кісі сияқты көрді. Талай жанды көріп, талай сөздерді ұкты... Тііггі, Шөже ақынды да өз құлағымен есітті.

Талай ру, талай жерлерді де білді.

Тыстан аса көңілді әсер алған Абай ымырт әбден жабылғанда Май- басардың пәтеріне кеп кіріп еді. Ауыз үйде етігінің өкшесіне каткан карды Абай бүгін өзге күндерден қаттырақ, ширақ тепкілеп түсірді де, табанын жылдам-жылдам сүйкеп, сүйрете сүртіп, төргі үйге кіріп келді. Екі беті кешкі аяздан қып-қызыл. Үлкен көзінің ақ-карасы ап-айқын боп, жалт- жалт етіп, ширақ бір оттылыкпен қарайды...

Үйде Майбасар, Жакып бастаған туған-туыскандар көп екен. Бағана тайдың етін жей алмай кеткен жиын, енді шындап ниет кып, кайта тегіс жиылған тәрізді. Үлкен сары самауырды жаңа ортаға алысыпты... Шайды “сорап-сорап” тартысып жатыр... Майбасар Абайдың түсіне сүйсіне карап:

— Абайжан! Тонған жокпысың, кайда жүрдің! Кел, шешін, шай ішіп жылыншы! — деп, капала беріп, өз касынан орын босатты... Абай асықпай шешініп болып, шайға кеп отырды.

Жакып шайды сілтей түсіп:

— Бол, бол! Шайды тез-тез ішіп, әзір отырыңдар, жігіттер! — деп, барлық жиынды асықтырып отыр екен.

— Рас, рас... Қаратай! Ызғұтгыдан хабар келісімен, жөнелу керек... — деді Майбасар да.

— Е, ас әзір, үй әзір... “Жасығ” намазынан соң келеді деді ғой қонақтарды...

— Ол намазды жаңа мешіт ішінде ұзак оқитын да шығар...

— Е-е, енді Хасен молда жаңа имам болғаны осы. Бұл намазды тез бітіре қоймас...

— Бәсе, “Ясин” мен “Тәбарактің” бірін оқымай не бопты? Өзін мак- амдап оқымай тоқырамас! — десіп, күле түсіп Төлепберді, Бурахан, Жұмағұл сияқты жас жігіттер шайдан оп-оңай шыға қойғысы келмей отыр...

— Өй, не айтасыңдар, тәйір!.. Тез болыңдар! Өздерің жаңа мешіт- тегі намазға бармаймысың, әуелі?.. Майбасар, бармаушы ма ең намазға? — деп, Жақып қайта дегбірсізденді.

Майбасар дәл намаз үшін онша асыға коятын тәрізденбеді. Мойын бұра беріп күліп, Абайға карап:

— Е, жаңағы калың жиынның ішінен мешіт ішінде орын тиеді деймісің, тәйір! Төріне кетсең қонақ шыққанша үйге жете алмай қаласың... Онда Ызғұтгы: “Қонақтан бұрын келмейсің” деп, бауыздалып әлсін...— деді.

— Е, шығар ауызға, жақын жерден-ақ сапка кірсең болмай ма... Бармасақ ұят қой! Тіпті, мырза білсе, ұрсып жүрер!.. — деп, Жақып күдік айтып еді:

— Мырзаңа “бардық, оқыдық” деп өтірік айта саламыз... — деп, жұртты ду күлдіріп Майбасар, — жарықтық мешіт жақсы болғанмен, босағасында қайдан отырам... Намаз оқимын деп, өңшең киіз төбе Бошан, Қарашордың саптамасын күзетем бе?.. Соның жалпақ табаны ба- скан жерге бас қоям ба? — деп, намаз жайын біржолата қылжаққа сала бастады.

Абай Майбасардың үп-үлкен басымен балаша кылжақтап отырғанына қызығып күле бастады.

Дәл мешіт ашылғалы тұрған жерде және Қарқаралы елінің бар шонжарлары сонда жиылып, алғаш намаз оқып, Құнанбайға алғыс айтатын сағатта Майбасардың былайша қылжақ еткенін Жақып жақтырған жоқ еді. Ішінен: “Дағдылы, бейпіл ауыз, мінезсіздігі” деп ойлады да, өзге көпке бүгінгі кештің ерекше кеш екенін ескертпек болды.

— Бұл мешіт, біле білсеңдер, біздің мырзаға да, онан соң, осы отырған бәріңе де зор абырой әперетін мешіт қой, жарықтық! — деді.

Майбасар бұл тұста қайтадан нығызсып, дардия түсіп:

— Е-е, соны айтсаңшы!.. Дұшпан атаулының аузына құм құймай ма, бұл мешіт? Бәлем. Бөжей де осыны сезген болар. Татулықты іздеген тәрізді ғой! — деді.

Татулықты кім іздегені бұларға мәлімсіз еді. Бірақ Құнанбай айналасы: “Бөжей ығыпты! Бөжей әлі жетпесін біліп, татулық сұрапты!” дегенді енді осылайша бастамай отырмайды. Ондайды алдымен айтатын, әрине, осы Майбасарлар.

— Байғұс Ал шекең де дос-ақ қой! Біздің мырзаның анық тілеуі, адал жақыны сол бақыр ғой... — деп, Жақып Алшынбайдың күндізгі

мінезін еске алып еді. — Қызғанады... Абыройыңды төре-каранын бар желауызы кызғанады, тіпті, ұлық та қызғанады. Алдымен әлгі Майыр қызғанады деді ғой... Дұп-дұрыс қой, мешіт салып, абырой асып, елдгалып, Еділді алып бара жатқан соң, өзімнен иығы асып ырық бермей кетеді, — дейді ғой Майыр.

— Майыр, піскен бас, қызғанудан бұрын әуелі Бөжей, Байсалдан параны да соқты ғой!.. Сол гой оның әктеп отырғаны, құлқынын таны- маймысың?.. — деп, Майбасар өзінің күндізден байлаған шешуін айта кеп, — Ал енді Бөжеймен татуласу да осы бүгін кешке болады. Осы намаз, осы астың үстіне олар да келеді, оны есіттің бе? — деді.

Дәл бұл арасын Жақып та, өзге бұнда отырған жігіттер де естіген жок еді. Абай да білмейтін. Бөрі де аз аңтарылып калып, іштерінен Бөжейдің бүгінгі татуласа келетін пішінін көргісі келді.

Майбасар осы жайдың бәріне токмейілдене түсіп:

— Бар жақсылықтың басында, әйтеуір, бір Алшекең... Берген мал адал, адал ғой Алшынбай аулына! — деді де, касында отырған Абайға иіліңкіреп, төне түсіп:

— Ұктың ба? Бәлем, осы жолы бармай кұтылшы кдйныңа! — деп, Абайды тағы қолға ала бастады. Бірақ Абай дәл осы жолы бұрынғыдай жасыған жок. Әншейінде, бұндай топ ішінде Майбасардың осы қалжыңынан терлеп-тепшіп қысылатын болса, бүгінгі кеште олай емес. Үйдің іші Абайға карап ақырын күлісе бастады. Майбасар Жақыпка қарап көз қысып отыр еді...

— Майеке, тағы бастадың ба, бармаймын, тіпті!..—деп, үлкендерге бұрылды да, күліп койды.

— Өй, жаман!.. Жаман бола ма деймін, осы шіркін! “Өлі-тірісін берген соң, өлі күйеу жата ма?” деп, өзің қалайсың? Иегі ителгінің та- мағындай боп үлпілдеп келін отыр анда. “Келмей кетсінші, бәлем!” деп ол сені сынап отыр осы жолы. Өзің сүйекке намыс болатын жайды ойламасаң керек мүлдем! — деп, Майбасар Абайды шындап айналдыра бастады.

Абай өлі де қысылмай, күле карап Майбасарды мысқыл еткендей мырс етті де, арт жағында тұрған домбыраны алып, даңғылдатып тарта бастады. Жауап катқан жок.

Майбасар жауап ала алмай аз отырып, қайтадан қадалып:

— Ал айтсаңшы!.. Қасына жолдас қып мына отырған барлыкатпал жігіттерді ертем. Тек емеурінінді білдірші! — деді.

— Майеке, қойыңыз дейім!..

— Уа, тіпті де коймаймын!.. Білдің бе?..

— Япыр-ау, осы сізге түсер олжа бар ма? Тым құрыса, жеңге болсаңыз бір сәрі еді!..           іМ

— Жеңге болмасам, жеңгеден артық айызым кансын!..

Абай күліп жіберді де, бір ерекше ойнакы тентектік тауып:

— Осы бір емес, екі емес... шын қоймайсыз ба? — деп, домбырасын тоқтатып, алдына көлденең салып, Майбасарға капала қаралы. Күлімсіреп караған үлкен көздерінде аса бір қызулы жалын көрінгендей еді.

— Ал, коймадым!.. — деп Майбасар, “кайтер екен” дегендей ежірейе қарады.

Абай өзі көрген Шөженің қалпына салып, күлімсіреген көзін сығырайтып, басын жоғары көтере беріп соктырта жөнелді:

Уа, қой десе, бір қоймайсың Аз балды ма, Майеке, Осында көрген қызыгың? Кертіп жеп-ақ жүрсің гой, Қарқаралы халқының Жал-жаясын, шүжыгын. Алган, жеген аздай ақ Тагы бірді тауыпсың. Уа, Алшынбайдың қызы кім? Адақтамақ сертің бе, Осы өңірдің елінің Жүйрігі мен жортагын? Айтпай-ақ қойсаң не етуші еді, Сонда да бар ма ед ортагың? Гүж-гүждеп бір қоймайсың, Бүқасы ма ең қашырар Сал ауылдың торпагын? Біле білсең осы сый Жетер еді, қайнага, Орайы болмас қолқаның... —

деп сақылдап күліп, Абай Майбасарға қарай жантая кетті.

Үйдің іші әрі кайран боп, әрі сүйсініп, қарқылдай күле жөнелді. Майбасар кысылғаннан, үнсіз ғана лекітіп күле беріп, Абай бітірген уақытта, басын шайқап, дымы құрып, боқтап жіберді де:

— Кап! Кап! Мына жаманның қылығын-ай!.. Енді қайттім, бәтір- ау?! — деді.

Абай күліп, мысқылдап:

— Бол, айтатын болсаң өлеңмен айт, Майеке, әйтпесе, тыңдамаймын! —деп, басын шайқады.

— Ал бәлем, соңынан қалмайсың!.. Алар сыбағаңды алдың ба?.. Шоқ!.. Шоқ енді!., — деп, Жақып қып-қызыл боп, ішек-сілесі катқанша күлді.

— Кап, мына Шаншардың жиені!.. Үлжан жеңешем-ау, сені бүйткізіп отырған... Бәлем, ауылға барған соң сыбағаңды берермін шешеңе айтып!., — деді Майбасар.

Төлепберді, Бурахандар да мына сөздің төркінін ұғып:

.; — Бәсе, нағыз Тонтай!

— Тонтайдың жиені ғой!..

— Сайқымазақ Шаншардың шанышпасы ғой мынау! — деседі.

— Уа, бұл өлеңді бір жерден қойнына салып әкелді ме дейім?! Өлең айтушы ма еді, бұл жаман?.. — деп, Майбасар әлі қайран боп отыр.

Шынында, Абайдың өлең жазып, өлең айтатынын бұл үлкендердің көрген, сезгені осы ғана. Абай өзінің қалжыңынан мұндай үлкен әсер болады деп ойлаған жоқ еді. Енді қайтадан өз-өзінен кысылыңқырай бастап:

— Өз өлеңім емес,—деді мынау үлкендердің шамасын біраз кылжақ еткендей боп, — бағана кешке Шөжені көріп ем, соның өлеңі, — деді.

Үйдегілер нанар-нанбас боп, жапырлап сұрастыра бастағанда. Абай бір қалыпты күлімсіреген жүзбен сыр білдірмей отырып:

— Осында бір Майбасар деген ағам бар. Күнде сүйтіп маза бермейді, соған жауап үйретші деп ем, сол кісі үйретті, — деді.

Шөженің бағанағы мыскылшыл, ойнакы, ашы күлкісі Абайдың казір көз алдында. Жаңағылай Майбасарды жайратып салғанына Абай өзі де ішінен катты ырза болатын.

“Шөжеге ұксадым-ау!.. Шындап ұксай алар ма екем?!” — деп, ішінен кызғана кұмарткан жай бар-ды. Үй іші мұның “Шөже” деген сөзіне шала нанып, жаңағы окыс мінезін әлі тамашалап отырғанда, сыртқы есік ашылып, жылдам басып Карабас келді... Дырду тез басылды. Карабас үйге басын суға бере, табалдырықтан аттамай, даурығып:

— Болыңдар! Намаз бітті! Қонақтар мырзаның пәтеріне беттегелі жатыр... Қаратай мен Ызғұтты жетсін! деді. Ал тегіс, шапшаң! — дегенде, үйдегі жұрт дүрк түрып, асығып киіне бастады.

Абай неғыларын білмеді. Өйткені Жақып бұған: “Сен конак күтіп,- табақ тасуға жарамайсың, ал әкең қасында үлкен кісілермен тағы да отыра алмайсың... Орын тар болар. Одан да бүгін осында жатсаңшы!” — деген.

Абай өзі де осыны “тапқан акыл екен” деп еді. Бірак Майбасар мен Карабас:

— Е-е, ен болмаса қонақтарды көріп, сәлем беріп қайт!

— Мына шаһардың көп қонақты калай сыйлайтынын көріп қайт!.. — дескен.

Өзге жұрттан кейіндеп калса да, Абай жаңағы соңғы сөздерді біраз орынды көріп, ақырын аяңдап әкесінің үйіне келді. Жалғыз келіп еді. Өзге барлық үлкендер киіне сала асығып, калбақтап, жылдам басып кеткен екен.

Ұзақ намаздың артынан түнгі аска карай шабыттанып қозғалған жұрт Абай келгенше тегіс орналасып калган тәрізді.

Қора ішінде күтушілер, аспазшьыар болмаса, өзге жүргіншілер жоқ. Бірақ қақпаның іші-сырты толған ерттеулі ат екен. Түнгі аязбен үстері кылауланып, шаңьпып тұр. Әдемі шана мен камыт-саймандары сықырлай түсіп, жегулі дара аттар, пар-пар аттар да көрінеді. Ылғи жақсы жеңіл шаналар... Бұл қала байларының аттары болу керек. Сеңсең тондарына оранып, шана ішінде калғып отырған бірен-саран көшірлер де байқалады.

Үлкен ағаш үйдің кораға шығатын кең есігіне карсы кішілеу ас үй бар еді. Соның есігі дамыл таппай ашылып-жабылып жатыр екен. Табақ- табак ыстық асты жаңағы Майбасар пәтеріндегі жігіттер жүгіре басып тасып жүр. Ас үй мен қонақ үйдің арасында Майбасар, Жақып та қарбаласады. Үй ішінен қонақ қасынан бұларға да орын тимеген екен.

Барлық ас жакты баскарып жүрген Ызғұтты.

Ол:

— Былай... Бас аяғыңды!.. Әпкел! Бол!.. Бол шапшаң! — деп, Майбасар, Жакыгпарға да шолақ-шолақ бұйрықтар береді. Жеңіл бешпет ішік киіп, білегін сыбаныңқырап алған ЬІзғұтты аңшыдай шапшаң, ықшам. Кұнанбайдың бүгінгі қонағынан аяған жаны жоксиякты.

Абай үлкен үйге кіретін есікке тақай бергенде, карсы алдынан Казакпай жүгіре шықты. Ас үйге қарай ұшып барады екен. Оған жол беріп, енді кіре берейін деп еді, арт жағынан:

— Былай, былай тұр!., — деген Ызғұттының қатты бұйрығы естілді.

Екі қолдарына екі-екі үлкен жасаулы табақтар алып, Бурахан, Төлепберді, Жұмағұл, Қарабастар келеді екен. Абай тағы тоқтап, жол берді. Дәл қасынан буы аспанға шығып, табақ-табақ ет өтіп жатыр. Ылғи бір түрілген қазы, төңкерілген жас құйрық, сары алтындай балқыған жал, желін майлар... Әрбір екі табақтың бірінде, өлгінің үстіне бір-бір қоңыр бас орнапты. Бұларды кіргізіп жіберіп, Абай енді үйге қарай қозғалайын деп еді, үй ішінен тағы бір нәрсемен қарбаласып, Қаратай шығып келеді екен. Ол Абайды, тіпті, қағып кете жаздады.

— Өй, тұздықтарың... қайда?.. Жеке қоятындарың қайда?.. — деп келеді екен.

— Бар! Бар тұздық! Әне! Міне келеді! — деп, Ызғұтгы Қаратайды қайга қайырды. Абайды бұл екеуінің есік алдындағы қарбаласы тағы кіргізбеді.

Бағанадан бері кірген-шыққанға есік ашушы сияқты боп тұрғанына Абай ыза болып, енді Ызғұггыны ығыстырыңқырап үйге кірді. Бірақ кіре бере Ызғұттының шынтағын қағып қалып еді. Бұған сырт қарап тұрған Ызғұтгы жаңағы тұздықты бөліп құйып тұр екен. Қозғалып кетіп, тұздығының біразын жерге төгіп алып:

—Өй, тәңір алғыр!.. Бүл кім өзі?., — деп, ашумен сырт айнала беріп, Абайды көрді де:

— Өй, Абай, сенбісің?.. Ай, шырағым-ай, бір тыныш жерде отырсаң етті!.. Бұл қарбаласта не бар еді саған?.. — деді.

Абайдың мұнда келгенін жалғыз Ызғұтгы емес, өзгелер де онша мақұл көрмеген сияқты. Бұны қорғайтын қабақ байқалмады.

Жалғыз-ақ, бір тәуірі, бөтеннен ешкім жоқ екен. Бұл үй, тегі, кісі отыратын үй де емес, далан сиякты еді. Бөлменің едені мен іргесі толған, жапырлап тізілген кебіс, калош, саптамалар екен.

Осы кіре беріс бөлмеден төрге карай және оң жак, сол жаққа қарай бірнеше бөлме бар еді. Дәл оң жақтағысы Құнанбай жататын үлкен бөлме... Сол үй жақтан зор дауыспен көңілдене сөйлеп отырған Алшынбай, Майыр үндері келеді... Тұтасқан катгы күлкі де естіліп қоядыГКеңі- нен көсіліп, күлдіргі сөздер айтып отырған Алшынбай сиякты. Төрдегі бөлмелер екеу еді. Онда да жағалай тізіліп, малдас құрып, сығылыса отырған қонақтар екен. Бұндағы қонақтың көбі қаланың татар саудагерлері, казак байлары және тап ортада жаңа мешіт имамы Хасен молда көрінді. Бұл бөлме әлгідей емес, ақырын сөйлеп, аз күледі. Ылғи бір бой тежеп, сыпайылық бағып отырған ауыр кісілер тәрізді. Сол жақтағы бөлмеде Бошан, Қарашор руларының жуан-жуан атқамінерлері мен бірнеше төрелері бар екен. Ол бөлме де даурығып сөйлегіш, бірін-бірі мыскылдағыш, күлегеш, қызу бөлменің бірі көрінді.

Абай қонақ үйлердің есік-есігінен бір-бір қарағаны болмаса, ешқайсысына кірген жок.

Бір есептен, осы аралық бөлмеде қалып, жан-жағының бәріндегі өзгешеліктерді ести тұрудың өзі жақсы. Тек ашуланшақ Ызғұтгы тағы қақпайламаса болғаны.

Бір бұрышта ұмыт қалғандай боп, жалғыз серейіп қалған орындық

бар екен. Абай соған отырып, табақшылардың асығыс, қарбалас қимылдарына қарайды,

Жеті-сегіз жігіт бағанадан бері өлі күнге шейін табақ тасудан дамыл алған жок...

Үлкен-үлкен төрт бөлменің бұл сағаттағы мешкейлік қарекеті калың топыр, қан жайлаудағы бәс пен астан бір кем емес. Бағанадан бері бірнеше ту бие, қысыр тай, төл емген жабағы, талай-талай ісек, ту қойлар жұтылған болар.

... Бір уакьпта табақшылардың әбігері қайтадан қыза жөнелді... Бос табақтар бөлме-болмеден сумаң-сумаң шығып, тағы да ас үйге қарай тай- пия қалқып кетіп жатыр... Сол бос табақтардың ең соңғылары Құнанбай бөлмесінен шығып бола берген кезде, ас үй жақтан тағы-тағы қайқайма табақ палау каптады... Оның да беті булана түсіп, қызара бөртіп: “Мені кайтіп жемейсің, мені қайтіп тастайсың?*’деп келе жаткан сиякты. Ауыз үйде ешкім үн шығарып сөйлемейді. Құнанбай жігіттеріне Ызғұтгы үйреткен тәртіп сол болу керек. Үш есіктің тұсында қазірде Жакып, Майбасар, Ызғұтгы үшеуі тұрып ап табак жақындай бергенде, қонақ үйдің есігіне қарайды да, табақшыларды үндемей нұсқап, рет-ретімен кіргізіп жібереді.

Палау... Палаудан соң үзім суы, одан әрі шай... Әйтеуір, ел жататын уақыттан асып, калың ұйқының бір мөлшеріне барғанша төрт бөлме дамыл алмай, болдым демей жеп, жұтып, ішіп жатты.


Бетке өту: