Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.
Аты: | Қазақстан тарихы для 5 класса |
Автор: | Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К. |
Жанр: | Школьный учебник по истории Казахстана |
Баспагер: | Атамура |
Жылы: | 2017 |
ISBN: | 978-601-306-753-7 |
Кітап тілі: | Қазақ |
Жүктеп алу: |
Страница - 14
§39-40. ҚАҢЛЫЛАР
Жазба деректердегі қаңлылар. Қаңлылар туралы алғашқы деректер б.з.б. II ғасырдан бастап кездеседі. Қанлылар үйсіндердің солтүстік-батысында орналасқан. Олар Отырар-Қаратау және Шаш алқаптарында өмір сүрді. Суармалы егіншілік, қолөнермен, кейін саудамен айналысты. Бірақ қоғамдағы билік Сырдарияның төменгі ағысында және Аралдың солтүстік-шығысын- да мекен еткен қаңлы мал өсірушілерінің қолында болды. Аралдың солтүстігінің қалған бөлігін сармат тайпалары жайлады.
Ертеректе қаңлылардың массагет тайпа одағының құрамында болғаны анық. Бас сүйектерді зерттеу барысы олардың қоңқақ мұрынды, шүңірек көзді азиялық европеоид нәсілінен екенін көрсетті.
Қаңлылардың біздің заманымыздың шегіндегі саяси тари- хы жеткілікті зерттелмеген. Қаңлылар да үйсіндер тәрізді Хань және Ғұн мемлекеттерінің арасында амалдау саясатын жүргізуге мәжбүр болған.
Мемлекеттің билеушісі Тарбан (ежелгі Отырар, Қытай деректерінде - «Битянь») қаласында тұрған. Халқы 600 мың, 120 мың түтіннен құралды. Олар б.з.б. 46-36-жылдары солтүстік ғұндардың көсемі шаньюй Чжичжиді Қытайға қарсы күресінде қолдаған. Бірақ кейіннен үйсіндер мен қытайдарға қосылып, олармен соғысқан.
Қаңлы елінің мәдениеті өркендеді. Мемлекеттегі билік ақсүйектерінің қолында болды. Елде қолөнер, зергерлік ісі, сыртқы сауда және қыш құмыра жасау, ғылым жоғары деңгейде дамыды. Мемлекеттің орталығы Тарбанда кітапхана болды. Кітапхананың болуы қаңлы ақсүйектерінің діни және ғылыми ақпаратты қажет еткенін көрсетеді. Қаңлылар елі әлемдегі өркениеттің елеулі бір ошағы деп есептеледі.
Қаңлылардың мәдениеті қалай дамыған?
Қаңлылар Үлы Жібек жолының Ферғанадан Хорезмге дейінгі бөлігін бақылауда ұстады. Бұл бағыт Сырдария өзені бойымен өтіп, осы аймақта көптеген қалалардың қалыптасуына әкелді. Қаңлылар өркениетінің экономикалық негізі сауданың дамуы еді. Бұл жерде отырықшы- егінші елдер мен далалық тайпа одақтары арасындағы делдалдық сауда жүріп жатты. Қаңлы көпестері жаңа сауда жолдарын ашты. Үлы Жібек жолының Сырдариядан жоғары өрлей Кавказға, Қара теңіз жағалауына, Иран, Таяу
Шығыс және Үндістанға қарай өтетін сілемдерінің салынуына себепші болды. Оны қалалар мен жерлеу орындарын қазғанда табылған заттар айғақтайды. Қаңлы жерінен қытай теңгелері мен айналары, үндістандық маржан-моншақтар, Еуропаның темір ілгектері, Иранның оймыш тастары табылды.
Қаңлылар кейін Түрік қағанатының құрамына қосылды.
Қаңлылардың материалдық мәдениеті. Қаңлылар Сырдария бойында көптеген ескерткіштер қалдырды. Олардың егінші Отырар-Қаратау, мал өсіруші Жетіасар археологиялық мәдениеті белгілі болып отыр.
Егіншілердің ескерткіштері Қаратау мен Сырдария өзенінің орта ағысында топтасқан. Қаңлылар өз қоныстарын біздің заманымыздың басында сала бастаған. Олардың барлығы дер- лік ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихында ірі қалаларға айналды. Қаңлылар үйлерін онша биік емес төбелерге салған, егінді суару үшін арық-каналдар қазған. Шыршық өзенінің оң жағалауынан ұзындығы 20 шақырымдай Зах арығының жұрнағы табылған. Қоныстарда үйлер бір-екі бөлмеден
тұрды. Әдеттегідей екінші бөлме шаруашылық мақсаттарына пайдаланылды. Үй балшық дуалмен қоршалып, шаруашылыққа жапсарлас жатты. Аулада астық сақтауға арналған ұра қазылған құрылыс орналасты.
Мал өсіруші қаңлылар Арал теңізінің солтүстік-шығысында өмір сүрді. Олар Жетіасар мәдениетіне жатады. Қаңлылардың бірқатар қорым-қоныстары зерттелді. Анағүрлым ірі бекіністер - Алтынасар (17 га жерді алып жатыр), Қурайлыасар, Қараасар, Базарасар, Томпақасар, Жалпақасар болды. Бекіністер жазықтан 2-10 метр биікте орналасқан. Бүл мәдениеттің қалашықтары Сырдария мен Ырғыз өзендерінің құрғап кеткен ежелгі салаларына жақын жатқан. Қалашықтың негізін екі-үш қабатты бекіністер құрайды. Бекіністің қабырғасын жағалай үйлер салынған. Тұрғындар суармалы егіншілік, мал шаруашылығымен, балық аулаумен айналысты. Мал өсіруші қаңлылардың жері арқылы Тянь-Шаньнан Еділ бойына дейінгі керуен жолы өтті.
1. Қаңлылар дегеніміз кімдер?
2. «Қаңлылар туралы тарихи ескерткіштер» сызбасын толтырыңдар.
Аумағы | |
Саяси тарихы | |
Орталығы | |
Халықтың саны | |
Мәдениеті |
3. Ұлы Жібек жолындағы қаңлылардың делдалдық саудасы туралы айтыңдар.
4. Қаңлылардың материалдық мәдениетін сипаттаңдар.
5. Отырар-Қаратау және Жетіасар мәдениетінің қандай айырмашылығы бар?
Жұп болып талқылаңдар.
Не себепті қаңлылардың «жері өркениеттің ошағы» атанды?
Қосымша деректер мен интернет қорын пайдаланып, «Үйсіндер мен қаңлылар: ұқсастықтары мен өзіндік ерекшеліктері* тақырыбында ауызша хабарлама өзірлеңдер.
Ауызша хабарламаға қойылатын талаптар:
- Тақырыптың өзектілігін ашып көрсету.
- Қойылған мақсат-міндетті айқындау.
- Зерттеу жұмысының ерекшелігіне тоқталу.
- Негізгі түйіндерді тұжырымдау.
- Ауызша хабарламаға берілетін уақыт - 7 минут.
Хабарлама мына талапқа сай болуы тиіс:
- Мазмұндылық, ойдың нақтылығы;
- Баяндаудың дәлелділігі, сенімділігі;
- Сөйлеудің мәнерлілігі.
Хабарламаның негізгі мазмұнын ашатын слайдтармен көркем безендірілген таныстырылым дайындау қарастырылады.
V ТАРАУ. САРМАТТАР
§41-42. ЖАЗБА ЖӘНЕ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДЕГІ САРМАТТАР
Сарматтар тарихы. Б.з.б. IV ғасырда Еділ мен Жем өзендерінің аралығын сармат тайпалары мекендеді. Сарматтар массагет тайпалары бір бөлігінің ыдырауынан құрылды.
Савроматтар кім екенін естеріңе тцсіріңдер.
Сарматтардың ежелгі шыққан жерлері Үстірттің шетінен Жем өзеніне дейінгі аралық. Осы жерден жылжи отырып олар савроматтардың бір бөлігін бағындырып, қуғынға ұшыратты. Савроматтардың біразы скифтерге қосылды, қалған бөлігі сарматтардың құрамына енді. «Сармат» атауы антикалық деректерде б.з.б. III ғасырдан бастап кездеседі. Грек, Рим тарихшылары Диадордың, Плинийдің, Полибийдің еңбегінен сарматтардың құрамына: роксалан, языг, аорс, сирак, алан (ас) тайпалары енгені белгілі.
Ежелгі сарматтар Еділ бойынан Жем және Аралға дейінгі жерді иеленді. Сарматтардың бір тайпасы мақтарды жаулап ала бастады. Б.з.б. II ғасырда Еділден өтіп, скифтерді жеңді және Понто-Каспий далаларына бақылау орнатты. Скифтер Қырым түбегінде шағын иелігін сақтап қалды.
Б.з.б. I ғасырда сарматтар Парфия билеушісі Митридат пен одақтасып, Риммен соғысқан. Осы соғыста римдіктер сарматтың бірқатар тай- паларын өз жағына шығарған. Римдіктер сармат тайпасы аорстармен бірігіп, екінші сармат тайпасы сирактарды жеңген.
Б.з.б. I ғасырда аландар Сырдарияның орта бойындағы алқаптарға, роксаландар Мидия шегараларына (Кіші Азия) дейін жетті.
Б.з.б. II ғасырда сарматтардың алан тайпасы Солтүстік ғұндармен бірге Батыс Қазақстанда мемлекет құрды.
V ғасырда сарматтар «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» қатысты. Аландардың кейбір бөлігі Испанияға жетіп, Солтүстік Африка мен Үндістан жеріне енді.
Жерлеу дәстүрі. Сарматтар тарихы археологиялық деректерде жақсы зерттелген. Сарматтардың көп бөлігі өлікті өртемей жерлеген. Қарапайым қауым мүшелері қабірінің үстіне аласа оба тұрғызылды немесе өзге кезеңдегі үйінділерге жерледі. Обалық ескерткіштердің ішінде сарматтардың ежелгі жерлеу дәстүрі көп сақталған.
Орта сармат мәдениеті аландар мен ас тайпаларының батысқа жылжуынан басталды. Ол Батыс Қазақстанға ғұндардың келуіне дейін созылады.
Кейінгі сармат археологиялық мәдениеті Батыс Қазақстан аумағында алан-гүн мемлекетінің өмір сүрген кезеңімен сәйкес келеді.
Сармат тайпалық одақтарының мәдениеті аталған кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырай қойған жоқ. Олардың археологиялық мәдениеті өте ұқсас, сарматтар жалпы біркелкі жерлеу дәстүрін сақтап қалды. Олар өздерінен кейін тек обалар қалдырған. Батыс Қазақстан аумағындағы обалардың басым көпшілігі сармат тайпаларына жатады.
Сарматтар қайтыс болған марқұмды жерлер алдында жауынгер тәрізді киіндірген. Әйелдер де осы ғұрып бойынша жерленді. Мәйіттің қасына темір ақинақ қойылды. Ағаш садақ сақталмайды, бірақ қола жебенің ұштары барлық қабірден кездеседі. Сонымен бірге аттың жүгені, бас жағына қыш құмыра қойылды. Археологтер мәйіттің аяқ жағынан тамақ толтырылған тері қапты тапқан. Қапқа қой сүйектері салынған. Топырақпен қабір шұңқыры жабылған соң, сарматтар қайтыс болған адамның дәрежесіне сәйкес оба үйіндісін тұрғызды.
Археологиялық қазба жцмыстарынын, нәтижесіне қарап сармат қогамындагы әйелдердің, орны туралы қандай қорытынды жасауга болады?
Жерлеу орындарынан табылған заттар мен бұйымдар. Ерлер мен әйелдердің жерлеу орындарында бірқатар айырмашылықтар бар. Ер адамдардың қабірінен қару-жарақ көбірек ұшырасады. Ал әйелдер жауынгер тәрізді жерленгенмен, әшекей бұйымдар, қола айналар, қыш, ыдыстар т.б. кездеседі. Сармат жерлеу орындарында қола айналарды күні бұрын сындырып салу дәстүрі байқалды. Айна сиқырлы зат есептелді. Қыш ыдыстар көзеші шарығында жасалмаған. Сармат әйелдері оны тарақ тісімен өрнектеп, өздері жасаған.
Қабірге қара көмір, қызыл бояу, сары күкірт, ак бордың кішкене бөліктері салынған. Қара көмір оттың сиқырлы күшіне сенуді білдірді. Көмір қабірде, үйіндіде де кездеседі. Қабірге көмір салу жаппай орын алмаған.
Көптеген қабірлерге бор себілген немесе мәйіттің бас сүйегінің қасына тазалық символы ретінде қойылды. Әйел қабірлерінде бор тазалық бұйымы түрінде қолданылды. Қабірлерде күкірт сынықтары жиі кездеседі. Күкірт от жағу үшін пайдаланылды, сонымен бірге марқұмды аза тұтуды білдірген. Ерте кезден бастап сары түс қайғы мен мұңның түсі саналған.
Әйел қабірлерінен қызыл бояу табылды, ол далап ретінде пайдаланылған. Өйткені үнемі айналармен бірге кездеседі. Бір қабірден тоқылған сөмкенің ішінен бояу, бор, сүйек түйреуіш пен қола айна ұшырасқан. Бояуды сақтау үшін ірі теңіз қабыршақтары қолданылған. Мұндай қабыршақтарды далаға көпестер жеткізген.
Атырау облысы Жылыой ауданы Аралтобе ескерткіші зерт- телінген. Көптеген жерлеу орындарында мәйіт ұзынынан, қолы ішіне қойылып, басы оңтүстікке қаратылып жерленген. Бірақ
кей қабірлерде сармат салт атты кейпінде, яғни тізесі көтеріңкі, атта отырғандай етіп жерленген.
Археологтер жасөспірімнің қабірінен, бала сүйегінің қасынан қызыл бояумен боялған 11 асық тапқан. Баланың ойыншықтарын бірге қойған ата-ананың әрекеті жан тебірентерлік. Олар о дүниеде өз туыстарын тауып, ойыншықтарымен ойнайды деп сенген.
Жас әйел қабірінде оның кеуде тұсына мысықтың баласы (марғау) қойылыпты. Туыстары әйелге сүйікті мысығы жа- қындарының орнын толтырса деп ойлаған. Ерекше жерлеу орындарының бірі Володарка (Батыс Қазақстан) ауылының жанынан табылған оба. 1980 жылы жауынгердің қабірінен қос фа- лар (аттың сәндік әбзелі) табылды. Оларда Барелефонт туралы грек аңызының сюжеті бейнеленген. Сарматтар фаларларды алыс жорықтардан әкелгені анық. Олар алтын мен күміс қоспасынан жасалған. Онын біреуі қазір Эрмитажда сақтаулы.
1. «Сарматтар туралы тарихи деректер» сызбасын толтырыңдар.
Сарматтар туралы қандай деректерден білеміз? | |
Алғаш рет сарматтар туралы қашан айтылған? | |
Сарматтар қай жерді мекендеген | |
Бет пішіні | |
Сармат тайпалық одағының құрамы | |
Саяси тарихы |
2. Сарматтардың жерлеу ғұрыптарын сипаттаңдар. Әйелдер мен ерлердің жерлеу ғұрпында өзгешелік бар ма? Болса, қандай?
3. Сармат жерлеу орындарынан қандай қызықты жәдігерлер табылды?
Жұп болып талқылаңдар.
1980 жылы жауынгер қабірінен табылған Барелефонте туралы грек аңызын бейнелейтін фаларлар нені білдіреді?
Сармат қоғамындағы әйелдің орны туралы баяндама әзірлеңдер.
Баяндамаға қойылатын талаптар:
- Тақырыпқа сәйкестік және оны терең ашу.
- Жоспардың болуы (мәтінді бөлімге, тақырыпшаларға бөлу)
- Мәтіннің стилистикалық тұрғыдан сауатты дайындалуы.
- Дәйектер мен сілтемелерді ретімен қолдана білу.
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.