Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.
Аты: | Қазақстан тарихы для 5 класса |
Автор: | Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К. |
Жанр: | Школьный учебник по истории Казахстана |
Баспагер: | Атамура |
Жылы: | 2017 |
ISBN: | 978-601-306-753-7 |
Кітап тілі: | Қазақ |
Жүктеп алу: |
Страница - 15
§43-44. САРМАТТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІ МЕН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Сармат ақсүйектерінің обалары. Сарматтардың алып обалары қоғамның ақсүйектер мен қарапайым қатардағыларға бөлінгенінің дәлелі болады. Екі метрден аспайтын біркелкі оба үйінділермен бірге жеті метрлік обалар да кездеседі. Қабірдің ішіне қойылған құрал-жабдықтардың, заттар мен бұйымдардың саны мен сапасы әркелкі келген. Бір қабірде қой сүйектері мен қыш ыдыстар болса, басқаларында алтын, күміс, қола әшекейлер мен тұрмыстық заттар қоса көмілген.
Жайық пен Елек өзендерінің арасында кездесетін ақсүйек көсемінің қабірі үстіне үлкен оба тұрғызылған. Ол «Филиппов» обасы деп аталады, атауы оған жақын ауылмен байла
нысты қойылған. Обаның биіктігі — 7 метр, диаметрі 100-120 метр. Қабірдің айналасын қоршап дуал тұрғызылған. Қабір шұңқырының үстіне қабырғасы жуан бөренелерден қаланған шатыр түріндегі құрылыс салынған.
Ертеде оба бірнеше рет тоналған. Беделді адамдарды жерлегендер обаның тоналатынын алдын ала білген. Сондықтан бағалы заттар арнайы құпия жанама шұңқырларға қойылған. Олар тереңдігі 1 метрге дейінгі жай шұңқыр түрінде қазылған.
Екі құпия шұңқырдың үстінде жұқа алтын және күміс жапырақшалармен көмкерілген бұғылардың ағаш мүсіндері жатты. Қалған бөлігінде алтынмен зерленген ағаш ыдыстар қойылған. Бүл жерден күміс ыдыс та табылды. Екінші құпия бөлікке бұғы мүсіндерінен басқа алтын және күміс ыдыстар, алтын қаптырмалар жасырылған.
Өртенген ағаш құрылыстың қалдықтарынан қару-жарақ, ат әбзелдері табылды. Қабір шұңқырының оңы мен солында алтын жапырақшалармен апталған 5 ағаш бұғының мүсіні қойылған. Кіреберістегі орақ тәріздес 4 темір зат алтынмен қапталған, 4 дөңгелек тоға түсті ұнтақтармен зерлен-ген. Жерлеу бөлмесіндегі материалдың көпшілік бөлігі бағалы металдан, негізінен алтыннан жасалған. Олардың жалпы саны 600-дей. Бұл оба б.з.б. IV ғасырда салынған. Аралтөбе ескерткішінен сармат көсемінің қару-жарағы, әшекей бұйымдары табылған.
Б.з.-дың II ғасырындағы аландардың билік құра бастаған кезеңнің жерлеу ғұр- пында өзгерістер болғанын байқаймыз. Аландардың қабірлері терең емес, тар келген. Оба үйінділері аласа, 1,5 метрден аспайды.
Мәйіттің қабірде орналасу жағдайы маңызды этникалық белгісі саналады. Ерте және орта сармат мәдениеттерінде мәйіттің басы оңтүстікке, соңғы сармат кезеңінде негізінен солтүстікке бағытталған. Бұл бас құдайдың ауысқанын білдіреді.
Аландардың қылыштары 70-тен 115 см-ге дейін жеткен, жебенің ұштары темірден жасалған.
Ақсүйек аландардың бас сүйек пішіні өзгеріске ұшыраған. Бұл дәстүрді олар ғұндардан алған. Баланың басына дөңгелек құрсау кигізілген. Өскен сайын баланың бас сүйегінің желке жағы өзгереді. Киілген құрсаудың әсерінен желке тегістелмей, жоғары көтерілген. Ересек ер адамдардың өзгерген бас сүйегінің бір бөлігіне ғана шаш қалдырған. Қалған бөлігін тақырлап қырып тастаған. Төбесінде қалған айдарды екі немесе бір бұрым етіп өріп қойған.
Шаруашылығы мен тұрмысы. Сарматтардың мал өсірушілер екенін Страбон өзінің «География» еңбегінде айтып өтеді. Сарматтардың мал шаруашылығында қой - түліктің негізгі түрі болды. Сүйек қалдықтары сарматтардың скифтерге қарағанда қойдың ірі тұқымын өсіргенін көрсетеді. Сарматтар қойдан басқа жылқы мен түйе өсірді. Орал қаласына жақын жердегі обадан сармат жауынгерінің аяқ жағына ешкінің тұтас сүйегі қойылған. Сарматтар малдарын жазық жайылымдарда баққан. Жайық бойында көшіп-қонатын сарматтар қыстыгүні қары аз Солтүстік Каспий құмдарында қыстады. Дат тайпалары ғана Маңғыстау шегінен ешқайда шықпады.
Қыстаулар төңірегінде сарматтар жер жыртып, тары екті.
Не себепті сарматтар тары екті? Бүл дақылдың қандай ерекшелігі бар?
Күзеуге келген соң олар қыстау жанындағы егінжайдан өнімін жинап алды.
Кейбір обалар үйіндісінде кездесетін ағаш дөңгелектер күйме жасайтын қолөнершілердің болғанын көрсетеді. Маусымдық жайылымға көшіп-қону мүмкіндігі бар сарматтар өз мүліктерін арбамен тасымалдады. Тоқтаған жерде жүк түсіріліп, күйме дөңгелектене қойылды. Сөйтіп, ол түрғын үйге айналды. Ағаштан арба жасайтын қолөнерші отырықшы болуы қажет. Ағашты дайындау, кептіру, арнайы аспаппен өңдеу үшін көп уақыт кететін, сондықтан ағаш шеберлері мал өсірумен айналыспады.
Қыш ыдыстарға қымыз немесе шүбат құйылған. Бір қабірдегі ыдыстан қойдың ұсақ сүйектері табылды. Болжам бойынша, өліктің туыстары мәйіттің қасына сорпа қалдырған болуы керек. Сарматтардың келесі бір жерлеу орнында саз құмырада тарыдан жасалған ботқа қалдықтары сақталған.
Мереке кезінде әйелдер далап және басқа да бетгі әрлейтін бұйымдар қолданған. Сарматтардың ру-тайпа көсемдері денелеріне сиқырлы қорғаныш және діни мазмұндағы таңбалар салған болуы керек.
- Сарматтардың жерлеу дәстүрі туралы әңгімелеңдер.
- Апандар билігі орнағаннан кейін сарматтардың өмірінде қандай өзгерістер орын алды?
- Сармат тайпаларының негізгі кәсібін атаңдар. Неге кәсіптің осы түрі бүл жерде жақсы дамыды?
- Сарматтар мал өсіруден басқа немен айналысты?
- Сарматтардың шаруашылығы туралы қандай еңбекте айтылған?
- Діни мағыналық таңбалар не үшін салынған?
Жұп болып талқылаңдар.
Блум таным деңгейіне сәйкес, қарапайымнан күрделіге өту арқылы «Сармат тайпалық одақтары, қоныстануы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті» тақырыбы бойынша 10 сұрақ әзірлеңдер.
Қосымша тапсырма
«Сармат әлемі» тақырыбына таныстырылым әзірлеңдер.
Мультимедиалық таныстырылымга қойылатын талаптар:
- Тақырыпқа сәйкестігі;
- Көркем безендірілуі;
- Мәтіннің нақтылығы;
- Түрлі деректермен жұмыс жасау білігі.
Рәсімделуі:
- Таныстырылым үйлесімді, эстетикалық талапқа сай, безендірілуі мазмұнына сәйкес келуі керек.
- Таныстырылымның бейнеленуі тартымды, қызықты әрі мәтіннен ауытқымауы тиіс.
- Мәтін жеңіл оқылатын және слайдтар соған сәйкес келуі керек.
- Тізім, кесте, диаграмма мен сызбалар таныстырылымда ретімен орналастырылғаны жөн.
Таныстырылымды қорғау:
- Таныстырылым материалын мүмкіндігінше толық меңгеру.
- Анық және түсінікті етіп жеткізе білу.
- Аудиториямен еркін қарым-қатынас орнату (қызықтыра білу, сұраққа сауатты жауап беру).
Регламент сақтау.
VI ТАРАУ. ҒҰНДАР
§45-46. ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДЕГІ ҒҮН ТАЙПАЛАРЫ
Ертедегі тарихы. Б.з.б. 2 мыңжылдыққа қарай, түркі-мон- ғол халықтарының ата-бабалары Алтай таулары, Батыс пен Ішкі Монғолияның далалық және орманды далалық аймақтарына дейін жеткен. Бүл халықтардың негізгі мәдениеті Оңтүстік Сібір мен Солтүстік Монғолияда қалыптасты. Оларда жайылымдық мал шаруашылығы, қола металлургиясы, кейіннен темір өндіру, түрлі қолөнершілік кәсібі жақсы дамыды. Б.з.б. 1 мыңжылдықта түркі-монғол халықтарының мәдени жетістіктері сақ, савромат және басқа тайпалармен бірдей дәрежеде болды. Ежелгі жылнамаларда Қытай мемлекетінің шегарасына шабуыл жасап тұратын түркі-монғол тайпалары жөнінде айтылған.
Түркі-монғол тайпалары тарихқа мал өсіруші тайпалар бірлестігі - гүн (хунну) атауымен белгілі болды. Бет пішіні жөнінен ғұндар монғол нәсілді және түрік тілінің ежелгі диалектісін- де сөйлеген. Бірқатар тарихшылар хуннуларды ғұндардан бөлек қарастырады. Ғұндардың билеушілері хуннулардан шыққан, бірақ этникалық және мәдени жағынан ұқсастығы аз болған.
Ғұндар қазіргі қазақ, монғол, түрік, татар халықтары ата- бабаларын құраған тайпалар. Олар Ішкі Азияда алғашқылардың бірі болып өз мемлекетін құрды. Шын мәнінде, ғұн тарихы бастапқы кезеңде Қазақстан аумағынан тыс жерде өтті. Бірақ Қазақстан жерінің тарихын ғұндардың қатысынсыз қарау мүмкін емес.
Ғұндар өздерінің ерекше өркениетін жасай білді және Орталық Азия мен Еуропада ерекше орын алды. Бұл халық Оңтүстік Сібір мен Солтүстік Монғолия аумағын мекен етті. Шаруашылықтың негізгі түрі бақташылық, бірақ егіншілік, қолөнер, аң аулаумен де айналысты. Қоныстары орман, далалық аймақтарда орналасты.
Ғұндардың бүкіл тарихын Хань әулетінің жылнамаларынан білеміз. Сондықтан көптеген ғұн билеушілерінің есімдері бізге қытай нұсқасында бұрмаланып жетті. Б.з.б. III ғасырда ғұн мемлекеті қалыптасқанға дейін-ақ 24 түркі-монғол тайпаларынан тұратын одақ ұзақ уақыт салтанат құрды. Тіпті мұрагерлікпен берілетін жоғары билігі де болған.
Мөде шаныоіі. Б.з.б. 209 жылы Ғұн мемлекетінде билеуші өзгерді. Жаңа көсем Мөде тайпалық бірлестіктің билігін өз қолына алды.
Мөде шаньюіі лауазымын да иеленді. Ол көсем тағын тартып алып, орталық билікті нығайту үшін реформалар жасады. Мөде билікті күшейтті, шет аймақтарды басқару аппаратын құрды. Әскерді жаңа тұрғыда қайта жасақтады, рубасыларының бостандығын шектеп, ғұндардың орталық мемлекеттік ұйымын құрды.
Б.з.б. III ғасырда Ғұн мемлекеті қоғамда биліктің орталық- тандырылуы нәтижесінде қалыптасты.
Б.з.б. 209 жылы ғұндар мен олардың шығыстағы көршісі монғол тілдее дунхулардың арасында шегаралас жайылымға талас туды. Бүл мәселені шешу үшін Мөде шабуылға шығып, дун- хуларды талқандады. Осы оқиға Мөде мемлекеттік бірлестігінің нығая түсуіне жағдай жасады, оның беделі артты. Дунхуларды бағындыру маңызды іс еді. Тілдері бөлек, екі көшпелі халықтың ғасырлар бойғы бәсекелестігі тез әрі күтпеген жерден аяқталды.
Нәтижесінде ғұндар сыртқы саясатын табысты жүргізе бастады. Б.з.б. 203-202 жылдары ғұн жауынгерлері солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы соғыста ерте түрік халықтары - динлин және хакастарды бағындырды.
Жоларалық анықтамалық. Динлиндер ерте кезде Алтай аумағында өмір сүрген. Олар ежелгі түрік диалектісінде сөйлеген. Сырт келбеті сопақша жүзді, қоңқақ мұрынды, кекшіл көзді, жирен шашты келген. Ел аузында қазақтардың ата-бабалары да көгілдір көзді, ақсары болғаны туралы айтылады.
Ғұндар оңтұстік-батыстағы көршілері — юечжилермен де соғысқан. Юеч- жилер бір орталықты билігі бар, Алтай мен Шығыс Түркістанның иран тілдее көшпелі халқы. Юечжилер өз тайпа одақтарын ғұндармен бір кезеңде, яғни б.з.б. IV ғасырда құрды. Бұл бірлестіктің құрамына Алтай тауларында тұратын бірнеше ирантілдес тайпа енген. Олар осы аумақтағы туыстас тайпаларды ғана емес, үйсін және Тарым өзенінің маңайындағы иран тілдее отырықшы-егінші тайпаларды бағындырды.
Жоларалық анықтамадық. Тарым өзені Сырдария тәрізді Тянь-Шань тауларынан басталады, оның оңтүстігінен бастау алып шығысқа қарай ағады. Өзен бойында ежелгі қоныстар мен қалалар тұрғызылған. XX ғасырға дейін Тарым өзені жағалауының тұрғындары Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы халықтармен мәдени және туыстық байланыста болған.
Ғұндардың 30 жыл бойы жүргізген ауыр соғысы Мөденің ұлы Лаушанның кезінде аяқталды. Б.з.б. 165 жылы ғұндар юечжи тайпаларын біржолата жеңді. Олар Солтүстік Үндістан мен Ауғанстан жеріне қашуға мәжбүр болды.
Ғұндардың Қытаймен қарым-қатынасы. Ғұндар қытайдың Хань әулетінің солтүстік шегарасына бүтіндей иелік етті. Қытай императорларының оларды әскер күшімен тоқ- татпақшы болған әрекеттерінен ештеңе шықпады. Қытайдардың көп санды жаяу әскері дала тұрғындарының тез қозғалатын атты әскеріне қарсы соғыса алмады. Ежелгі дәуірде дала көшпелілерінің шабуылына төтеп беру үшін «Үлы қытай қорғаны» салынды. Бұл әскери құрылыс ежелгі қытайдың экономикасын тұралатты, берік қорған бола алмады. Ғұндар және басқа дала тайпалары қорғанды айналып өтіп, солтүстік аймақтарды ойрандады.
Б.з.б. 202 жылы Мөде шаньюй өз жерінде қытай әскерін жеңген соң алғаш рет бейбіт келісім жасалды. Император У Ди мен Мөде шаньюй бұл құжатты «тыныштық пен туыстық туралы шарт» деп атады. Бұл келісім бойынша ғұндар қытайдардан салық алып тұрды. Қытайдар намыстанып, бұл салықты «көршілердің қатал ауа райына жандары ашығаннан» берілетін «сыйлық» деп атады. Шарт бойынша олар өз ханшайымын ша ньюйге әйелдікке беруге міндеттенді. Қытайдың төңірегіндегі мемлекеттердің алдында ғұндардың беделі артты. Қытайлықтар Гоби шөлінің оңтүстігіндегі бірқатар аймақты беруге де көнді.
Бүл аймақтар арқылы ғұндар Қытайдың солтүстігін бақылап тұрды. Империяның шегаралық өңірлеріне үстемдік етіп, экономикалық маңызды орталықтарды бағынышты ұстауға мүмкіндік берді.
Б.з.б. II ғасырда Хань әулеті Шығыс Түркістанның қала мемлекеттері: Куча, Тұрфан, Хотан, Қашғар және басқа иеліктер үшін күрес жүргізді. Олар Үлы Жібек жолының бөлігіне бақылау орнатуға тырысты.
Хань мемлекетінің әскері үйсіндердің қолдауымен Орта Азияға басып кірді. Қытайдарға қаңлылар, осы аймақта қоныстанған ғұндар мен олардың одақтастары қатты қарсылық көрсетті. Соғыс б.з.б. 90 жылғы Яньжан шайқасына дейін созылды. Осы шайқаста қытайлар толық талқандалды және көп уақытқа дейін «Батыс өлкеге» дәмеленуден бас тартты.
Жоларалық анықтамадық. Бүл қытайдардың Қазақстан жеріне басып кіруінің алғашқысы және соңғы әрекеті еді. XVIII ғасырда Қытайдан біздің жерімізге жорық жасағандар - маньчжурлар болатын.
Ғұн империясының ыдырауы. Хань мемлекетінің билеушілері батыстағы жерлерді басып алуға ғұндардың бөгет болуымен келіскілері келмеді. Ғұндарға салық төлеу де ауыртпалық туғызды. Қытайлықтар ғұндарға қарсы көрші тайпалар және мемлекеттермен бірлесіп одақ құра бастады. Бұл әрекет жемісті өтті. Б.з.б. 71 жылы бір мезетте батыстан үйсіндер, шығыстан ухуандар, солтүстіктен динлиндер бір мезетте ғұн жеріне басып кірді. Ғұндардың 1/3 бөлігі қырылды, қалғандары ыдырап, бөлініп кетті.
Ғұндардың сыртқы саясаттағы сәтсіздіктері ішкі талас-тартысты туғызды. Соның салдарынан б.з.б. 52 жылы ғұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар ша- ньюй Хуханьенің бастауымен император Сюань-дидің қолынан бағыныштылық туралы грамота алып, қытайдың шегара бекіністеріне таяу қоныстанды.
Чжичжи шаньюй бастаған солтүстік ғұндар өз орталығын Жоңғария жеріне көшірді. Олар сол аймақтағы қытайдардың одақтастары үйсіндермен соғысып, бөлініп қалған хакастар мен динлиндерді бағындырды. Б.з.б. I ғасырда солтүстік және оңтүстік ғұндардың өз мемлекеттілігін қалпына келтіре алатын жағдай туындады. Бірақ қайтадан іштей қырқыс басталды. Одан кейін де «Батыс өлкеге» бақылау орнату үшін солтүстік ғұндар мен Қытайдың арасында үздіксіз соғыс жүрді. Ғұн мемлекеті
155 жылға дейін өмір сүрді. Сол жылы ғұндар мекендеген аймақта монғол тілдес Сяньби мемлекеті құрылды.
Бірақ ғұндар империясынан көптеген ұсақ мемлекеттер қалды. Соның бірі II-V ғасырлар аралығында Алтайда құрылған Юәбань мемлекеті. II ғасырда солтүстік ғұндардың бір бөлігі Жайық бойына қоныс аударды. Олар Батыс Қазақстанда IV ғасырда, яғни Үлы қоныс аудару басталғанға дейін аландармен бірге мемлекет құрды.
- Ғұн мемлекетінің тарихы бойынша хронологиялық кесте құрыңдар.
- Ғұндардың ерте тарихын әңгімелеңдер.
- Ғұн тарихының негізгі деректері қандай?
- Мөде шаньюйдың қайраткерлік ісіне баға беріңдер.
- Қытай мен ғұндардың қарым-қатынасы қандай сипатта өрбіді, нәтижесі қандай болды?
- «Үлы қытай қорғаны» жайлы әңгімелеңдер (қосымша материал пайдалану).
- Ғұн мемлекеті қашан, не себепті ыдырап кетті?
Жұп болып талқылаңдар.
тарихында қандай орын алды?
Ғұн өркениетінің ерекшелігі қандай? Ғүндар Орталық Азия мен Еуропа
Қосымша тапсырма
Мөдеге мінездеме жазыңдар.
Тарихи түлгага мінездеме беруге көмектесетін сұрақтар:
- Тарихи гұлға қашан, қай елде тұрды?
- Ол қоғамның қай тобына жатты?
- Өз ісінде қандай мақсат көздеді?
- Жеке басының қандай қасиеттері болды?
- Ойлағанына жету үшін қандай амал қолданды?
- Іс-әрекетін қалай бағалауға болады?