Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.
Аты: | Қазақстан тарихы для 5 класса |
Автор: | Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К. |
Жанр: | Школьный учебник по истории Казахстана |
Баспагер: | Атамура |
Жылы: | 2017 |
ISBN: | 978-601-306-753-7 |
Кітап тілі: | Қазақ |
Жүктеп алу: |
Страница - 16
§47. ҒҰНДАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Шаруашылығы. Ғүндар жазық далада мал өсірді, қыста Гоби шөлінің солтүстігін мекендеді. Жазда Оңтүстік Сібір мен Алтай тауларының етегіне дейін жетті. Археологиялық және жазба деректер дәлелдегендей, ғұндарда мал шаруашылығынан басқа да кәсіп түрлері болды. Ғұн қоғамында қолөнер, егіншілік, әртүрлі кәсіпшіліктер дамыды. Олар бекіністі қалалар тұрғызды, мемлекеттің бақылауындағы егін шаруашылығымен айналысты. Онда қытайдың әскери тұтқындары мен қашқындары жұмыс істеді. Қытайдың әскери тұтқындарын ғұндар астық өсіруді ұйымдастыруға пайдаланған. Ғұн қалаларындағы қоймалар әскерді астықпен қамтамасыз етті. Қытай әскері Орталық Монғолияға басып кіргенде, көптеген ұсақ қалалар мен қоныстар бар еді.
Ғұндар өз елінің азық-түлік қауіпсіздігіне аса зор мән берген.
Оңтүстік Сібірдегі Иволга қаласының жұртын қазған кезде ғұндарды тек мал өсірушілер деп танитын түсінік түбірімен өзгерді. Қала мен оның айналасынан құрал-саймандар, егістік алқаптары табылды. Олар тары т.б. дақыл еккен және үй маңында мал өсірген. Егістік алқаптары Гоби шөлінің оңтүстігінде, кейін ғұндар Қытайдан Ордос жеріндегі аумақты жаулап алғаннан кейін, солтүстігінде де орналасты.
Қоғамдық және мемлекеттік құрылымы. Ғұн қоғамы қалыптасар алдында 24 тайпадан тұрды. Мемлекет құрылған соң бұл тайпа- лардың жерлері 24 әкімшілік аумақ бірлігіне айналды. Мемлекеттің күш-қуаты артқанда ғұндарға жаңа тайпалар мен бүтіндей халықтар қосылды. Бірақ олар ғұн қоғамының толық мүшесі бола алмай, бодан (бағынышты) және одақтас мәртебесін алды.
Ғұн қоғамы мен мемлекетін басқаратын төрт ақсүйек ру бірлестіктің негізін құрады. Шаньюй осы рулардан әйел алуға міндетті еді, олардан мемлекеттік аппараттың басқару билігі түзілді. Олар ең жоғарғы лауазымдар мен қызметтерге тағайындалды, жауапты тапсырмаларды орындады. Мөде өзге рубасылар- ды мемлекет басқарудан шеттетіп, билікке өз
отбасы мен төрт атақты рудың мүшелерін қойып отырды.
Шаньюй қызметі ресми түрде сайланбады болды. Бірақ жоғарғы қызметке үміткер тек билеушінің отбасынан шығуы тиіс еді. Қызметке орналасудың да өзіндік жүйесі құрылды. Шаньюй отбасыңда билік жасына қарай, үлкен ағадан інісіне өтіп отырды. Мемлекеттік билік пен жоғарғы қызметті ұйымдастырудың мұндай жүйесі үлестік-сатылы жүйе деп аталды.
Шаньюй атқару, заң шығару сот билігін өз қолына алды. Бірақ оның билігі шексіз емес еді. Шаньюй қоғамның рухани басшысы бас абыз саналды. Тәңірге табыну мемлекеттік дін еді. Дегенмен ақсүйектер арасында әсіресе оңтүстік ғұндарда кейінгі дәуірде Қытайдың әсерімен конфуцийлік ағымы таралады. Дипломатиялық қатынас хаттарда шаньюй өзін Коктің (тәңірі) үлы деп атады. Ал Лаушан шаньюй кезінде бұл лауазым «көк пен жерден туған, ай мен күннің еркімен тағайындалған ғұндардың ұлы шаньюйі» аталды.
Ғұн әскері аумақтық белгі бойынша құрылды. Әр 24 әкімшілік аймақ белгілі бір әскер санын шығарды. Әскер аумақтық белгісі бойынша батыс және шыгыс қанаттарға, ал сандық жүйе бойынша ондық, жуздік, мыңдық туменге бөлінді.
Әскердің орталық бөлігін билеушінің руы нан шыққан кәсіби жасақ құрды. Батыс бөлігіне қарағанда шығыс бөлігі басымырақ әрі үлкен болды.
Шаньюй руының мүшелері, басқа ру өкілдері тәрізді, мемлекеттен мұраға тұрақты жер үлесін алмады. Олар қызметі жоғарылаған кезде лауазымына сәйкес жаңа үлес алып отырды.
Мемлекеттік билік жүйесінде маңызды мәселелер бойынша ұжымдық шешім қабылдайтын ежелгі дәстүр сақталды. Жылына үш рет белгілі бір уақытта ғұндар көк рухы Тэцірге құрбандық шалып, діни салтанаттар өткізді. Бүл жиын халық жиналысының (кеңес) міндетін атқарды. Онда ғұндардың өміріндегі маңызды мәселелер талқыланып, Сонымен бірге ат, түйе жарыстары өткізілді.
жауынгерлер күш сынасты. Барлық мереке жайылымдық мал шаруашылығының белгілі бір кезеңіне сәйкес өткізілді.
Билік жүйесінде ру көсемдері — ақсақалдар айрықша құқыққа ие болды. Бірақ Мөдеге дейінгі кезеңмен салыстырғанда, олардың билігіне шектеу қойылды. Өзара қырқысулар кезінде шаньюй аймақ ақсақалдарына бүлік шығарған басшыны өлтіруге бұйрық берген.
- Ғұндар шаруашылықтың қай түрімен айналысты?
- Ғұндардың қоғамдық және мемлекеттік құрылымына сипаттама беріңдер.
- Ғұн билеушісінің жоғарғы лауазымын, оның негізгі атқаратын қызметін атаңдар.
- Ғұн әскері қалай ұйымдастырылды?
Жұп болып талқылаңдар.
Ғұн қоғамының экономикасы қарапайым болды деген пікірмен келісесіңдер ме? Өз пікірлеріңді деректермен дәлелдеңдер.
Қосымша тапсырма
Венн диаграммасын қолданып, ғұн мен сарматтардың шаруашылығы, қоғамдық және мемлекеттік құрылымын салыстырыңдар.
§48-49. ХАЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУЫ
«Халықтардың ұлы қоныс аударуы» тақырыбын зерттеген тарихшылардың ортақ көзқарасы әлі де толық қалыптаса қоймады. Бірақ халықтардың батысқа қоныс аударуына ғұндар әсер еткенін барлығы мойындайды. Бұл қоныс аударуды «Бірінші қоныс аудару» деп те атайды, өйткені орта ғасырларда екінші рет қоныс аудару үрдісі өткен.
Ғұндар мен олардың ұрпақтары саналатын түркі-монғол халықтары алғашында Солтүстік Монғолия мен Оңтүстік Сібірді мекендеген. Ал б.з.- дың 2 ғасырында бүкіл Шығыс Түркістанға, Алтай, Тарбағатай аймағына, Орта Азияның шығысы мен Оңтүстік Қазақстанға таралып қоныстанды. Кейбір бірлестіктер Батыс Қазақстанда да қалыптасты. Жаңа жерлерде олар жергілікті иран тілдее тайпалардың бір бөлігін ығыстырды. Қалған бөлігін бағындырды. Бағынышты халықтар біртіндеп түркі тілдее халыққа айналды. Сырт әлпетінде монғолоидтық нәсіл белгілері басым болды. Ал жерінен қуылған халықтар басқаларды ығыстырды. Ішкі Азияда осы кезеңнен бастап азиялық еуропеоидтердің монғолоидтармен араласу үрдісі басталды. Кейінгі ғасырларда Монғолия мен Маньчжуриядан Еуразияның далалық бөлігіне қоныстанушылар көбейді. Бұл үрдістер Үлы Дала белдеуін мекендеген адамдардың сыртқы әлпетінің қалыптасуына әсер етті.
Ауғанстан мен Солтүстік Үндістан жеріндегі юечжилерді ғұн тайпаларының ығыстыруы «Халықтардың үлы қоныс аударуының» басы саналады. Тохарлар үнді, дравид тайпала- рын оңтүстікке қарай көшуге мәжбүр етті. Орта ғасырларға дейін Солтүстік Ауғанстан жері «Тохарстан» деп аталды. Бұл бірінші этникалық дүмпу еді. Б.з.-дың 2 ғасырында алан-ғұн бірлестігінің қалыптасуы оның жалғасына айналды.
Бірқатар тарихшы ғалымдардың хунну мен гцндар тарихын бөліп қарайтынын айттық. Хуннулардың мәдениеті өркендеп, мал шаруашылығы, егіншілік, сауда және өнер үйлесімді дамыды. Өзіндік жазуы да болды. Сол кездегі бірқатар елдермен дипломатиялық хат алмасулар жүргізді.
Жоларалық анықтамалық. Ортағасырлық деректерде «ғұндар» деп Еуразияның басқа бөлігіндегі эфталит (ақ ғұндар), қидарит (қара ғұндар). Орта Азия мен Үндістандағы хионит және т.б. мал өсіруші бірлестіктерді атаған. Византиялық және латын деректерінде «ғұн* этнонимі көшпелілердің жалпы атауына айналды және Қара теңіз жағалауындағы халықтарға қатысты айтылды. Мысалы, аварлар, венгрлер және басқалар. Еуропалық ғұндарды азиялық хуннулардан айыру үшін 1926 жылы тарихшы К.А. Иностранцев «ғұн» атауын ғылыми айналымға енгізді.
Еуропаға қоныс аударудың басталуы. 375 жылы ғүндар Дон арқылы өтіп, шығыс тоттардың тайпалық одағына күйрете соққы берді. Тоттардың билеушісі Эрманарих өзін-өзі өлтірді. Ғүндар солтүстік Қара теңіз бойындағы отырықшы халықты тонады.
Батыс готтар ғұндардан ығысып, Балқан түбегінің солтүстік бөлігіне, Шығыс Рим империясының алыс шет аймақтарына қоныс аударған. Олар өз кезегінде жергілікті тайпаларды батысқа қарай жылжуға мәжбүр етті. Ғұндар Дунай өзенінің бойындағы далалық аймақтарға - Паннонияға (қазіргі Венгрия және Румыния жері) қоныстанды. Бұл жер Ғұн мемлекетінің орталығына айналды. Сөйтіп, германдық гот тайпаларының шығысқа жылжуы тоқтатылды. Готтар көп, жақсы ұйымдасқан ғұндарға төтеп бере алмай, жергілікті герман тайпаларын ығыстырып, батысқа жылжи түсті. Герман босқындары Римнің шет аймақтарынан қорғаныш іздеп, сол кездегі Еуропаның адам аз қоныстанған жерлеріне жайғаса бастаған.
395 жылы ғұндар Константинополь қаласына жетеді. Император оларға сыйлық беріп, жыл сайын алым төлеуге уәде етті. Сол жылы ғұндардың кейбір жасақтары Оңтүстік Кавказ арқылы Тигр мен Евфрат аралығына басып кірді.
Аттила (Еділ). 434 жылы әкелері Мұңзықтың орнына ағайынды Бледа мен Аттила билік басына келеді. 445 жылы Бледа қайтыс болған соң, Аттила дербес билеушіге айналды.
Бул тарихи түлга жөнінде не білесіңдер? Бул есім сендерге қалай әсер етеді?
Жоларалық анықтаманық. Аттила (Еділ) шамамен 400 жылы туған. Әкесі Мұңзық ғұн билеушілерінің әулетінен шыққан. Аттила Оқтар мен Руа дейтін ағаларынан кейін билік еткен. Бүл ғұндарда
биліктің үлестік-сатылы жүйесі сақталғанын көрсетеді.
Бізге тарихтан Аттиланың Шығыс Рим империясына қарсы 441 және 447 жылдары жасаған екі соғысы белгілі. Екінші соғыста ол 200 мың әскермен Балқан түбегіне басып кіріп, Грекияның 60-қа жуық қаласын жаулап алған. Батыс және Шығыс Рим императорлары Аттилаға салық төледі, ал империяның солтүстік провинңиялары ғұндарға бағынышты болған. Мұның бәрі Атиллаға осы күнгі Франция жерінде орналасқан Галлияға қарай жол ашты.
Бірқатар герман тайпалары ғұндардан ығысып, Еуропаның орталығынан батысқа ағылды. Олар Пиреней түбегіне дейінгі аумаққа қоныстанды. Ғұндардың әскери қосындары бүкіл Еуропаны бойлай жорықтар жасады.
Герман және галл тайпаларының көсемдері өздерін қорғау үшін Риммен келісімге келіп, одақ құрды. 451 жылы біріккен герман-рим әскерлері ғұндарға қарсы шабуылға шықты. Ката лаун даласында өткен шайқаста екі жақтың да күші тең түсті. Бүл соғыс тарихта «халықтар шайқасы» деген атпен қалды.
Римдіктер осы шайқастан соң ғұндар шегараға жақындамайды деп ойлады. Бірақ Аттила 452 жылы солтүстік Италияға басып кіріп, Римге жақын келді. Император қаладан қашып кетті. Рим папасы бастаған қала ақсүйектері Аттиланы ерекше құрметпен қарсы алды. Рим қаласы қираудан аман қалды.
453 жылы Аттила қайтыс болып, оның мемлекеті ұлдары арасында бөліске түсті.
Еуразия тарихындагы ғұндардың орны. Ғұндар қалыптасқан кезде Еділ-Жайық бойын жайлаған тайпаларды біріктірді. Сол кезеңнің тарихи деректері көрсеткендей, ғұн ақсүйектері хуннулардан тарап, жергілікті алан, түрік финн-угор тайпа- ларымен одақ құрған. Еуропада оларға тағы бірқатар тайпалар қосылды. Сөйтіп, ғұндар өзіндік мәдениет қалыптастырған.
Ғұндардың атты әскері өте қуатты еді. Ғұн жауынгерлері әдейі кейін шегініп, дұшпанын тосқауылға тап қылатын скиф- тердің соғыс әдісін шебер пайдаланған. Бекіністерді алу үшін қамал бұзғыш құрылғыларды қолданды. Ғұн әскерлері тез арада ұйымдасып, бекіністерді оңай басып алатын.
Ғұндардың құрамындағы тайпалар венгр халқының этникалық бір бөлігіне айналды, олар өздерін ғұндар деп атады.
Ғұндар Римнің Еуропадағы үстемдігін жойды. Олардың жорығынан кейін еуропа халықтары қазіргі қоныстанған жерлерін тұрақты мекенге айналдырды. Ғұн шапқыншылығы Рим империясының құрылысын түбегейлі өзгертті, еуропалық қоғамның әлеуметтік қатынастарын жетілдірді. Қоныс аударған герман тайпалары Солтүстік Италияның роман тілдее халықтарын ығыстырды. Герман, галл тайпаларында ерте ортағасырлық мемлекет құру үрдісі басталды.
- «Хунну» және «ғұн» атауларының қандай айырмашылығы бар?
- «Халықтардың үлы қоныс аударуы» қашан басталды?
- Халықтардың үлы қоныс аударуының түйінді мәселесі неде?
- Этникалық ығысуға қай халық себепкер болды?
- Ғұндардың Еуропаға қоныс аударуы туралы әңгімелеңдер.
- Аттилаға, оның билігіне баға беріңдер.
Жұп болып талқылаңдар.
Ғүндар Қазақстан мен дүниежүзінің тарихында қандай орын алады? Кластер құрыңдар.
Қосымша тапсырма
«Аттила («Құдайдың қаһары») — ғұндардың көсемі» атты эссе жазыңдар.
Жазбаша тапсырмаға қойылатын талаптар:
- Тақырыпты ашу үшін маңызды деректерді таңдап алу.
- Түрлі суреттермен көркем безендіру.
- Негізгі ойды жүйелі түрде, нақты жеткізу.
Эссені бағалау өлшемі.
- Мәселенің мазмұнын ашу - 1 балл.
- Оз пікірін жеткізіп, оны дәлелдеу - 1 балл.
- Келтірілген дәлелінің нақтылығы - 3 балл.
- Жоғары балл - 5.