Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов
Название: | Абай жолы 1 кітап |
Автор: | Мұхтар Әуезов |
Жанр: | Литература, роман |
Издательство: | |
Год: | 1997 |
ISBN: | |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 20
Ұзақ әңгіменің бірінде Абай Ақбасқа Балағаздардың ісі ұрлық емес, шабынды емес деп, көп дәлел айткан. Жерінен айрылған, малынан ажыраған, жұткд ұшыраған аш-арық халықты айтты. Жұттың көпшілікке неліктен ауыр болып, аз ғана топка неліктен жеңіл өткенін білдірді.
Балағаздардың мал алғанда, кедейден көптен алмай, жуаннан, мық- тыдан алғанын және қолдарына түскенді кедейлерге, аштарға беріп отырғанын жеткізді. Әңгіме осыған келгенде Ақбас үлкен ойға кетті.
Көп елдердің тарихынан, кітаптарынан хабары зор білімпаз адам бұрынғы замандардың әңгімелерін есіне алды. Европа ескілігінен Робин Гуд, Карл Моор, Жакерия, орыс әңгімесінен Владимир Дубровский, Сохатый... баршасы да ойына түсті.
Осы әңгіме болған күні Абайды түн ортасына шейін жібермей, мейлінше сөйлетгі. Ендігі ақылды да басқаша айтты.
Сонымен абақтыда отырған Балағаз, Әділхандар жауабы да жаңа арнаға түсті. Артынан қуған катын-бала да арыздарын бір сағаға сарка-
тын болды. Сөйтіп, аз күн ішінде Қаумен, Үркімбай, Базаралы, Қаракдн сиякты айкын жаламен тізілген адамдар ақталып калды.
Жігітек сүйінші тілеп, кісі шаптырып жатты.
Тәкежан осы хабарды білісімен, Абайға кісі салып: “Тыйылсын, бұл кай қастығы?!” деп ашу айтқан екен. Абай:
— Біз ата-ананың алдында туысқан болысуға жарасақ, со да жетер. Мынандай ажал аузына, қыл көпірдің үстіне ел-жұртты өзі айлап келген соң. менен жөн сұрамасын!., — деген.
Осы жауабын келтіріп, тағы да көп шағым айтып, Тәкежан Құнанбайға кісі шаптырып еді. Әкесі Абайға: “Тез кайтсын! Болыс болмаймын леген өзі болатын. Енді Токежанды ақсатпасын! Аяғын тартсын!” деп сәлем айтыпты.
Бірак бұл сәлем Абайдың барлық істі аяқтап калған кезінде келді. Тоқтата алған жоқ.
Уезд бен облыстың ұлықтары Ақбасқа барлық жұмысты ұттырмады. Өз қолдарымен іс қылмаған бір топты босатқанмен, Балағаздар жағын, Әділ хан ісін қатты ұстап калды. “Ашаршылық, жоқшылықтан туған амалсыз қимыл” деген сайын катая берді.
Ресей ішіндегі көп жерден шығып жаткан крестьян қарсылығы ояз бен жанларалдың көз алдына елестеген. Бір ойлан, бүндай іске барынша катты жаза қолданбакта болған: патшалықтың зәрлі законы ондай жерге барынша кадалмакка керек.
Тек қана өздеріне сыры мәлім емес сахара уақиғасы болғандыктан және іздеуші жұрт көбейіп кеткендіктен барып, батыл қимылдай алмады. Тайсала соқты. Бірақ соның өзінде де отыз кісінің ішінен он шақты адамға жаза берді. Басында ол жаза да сұмдық болатын. Балағаз, Әділхан- дар өмірлік каторгаға бұйырылады деп еді.
Акбас пен Абайлар барды салып жүріп, көп жеңілдік тапты. Балағаздар каторгаға бармайды. Үркітке жер аударылатын болды.
Қалада жаткан барлық ағайын енді Балағаздармен қоштаскан уакьгг- та жылап айрылысты. Бірақ көріспейміз деген жоқ. “Аз жылдар өткен соң, ел ішіне ораласыңдар, келесіңдер" деп, алдағы күнге үміт артып ұзатты.
Абай енді елге кайтпақ еді. Соңғы рет Ақбаспен көріскелі келгенде, карт адвокат Абайға акыл айтты:
— Сен жас болсаң да ақылды адамсың. Халқыңа жаның ашиды екен... Оның зор қасиет. Бірақ сол елің мен өзіңнің қамыңды шын ойласаң, білім жарығына ұмтыл! Оқу ізде! — деді.
Бұл сөздер Абайдың өз арманының дәл үстінен түскен сөздер.
— Оқуға жаным құмар. Бірак кайтіп оқимын? Школға түсуге ұлғайып кеттім... Басқа оқудың жолы бар ма? Акыл айтыңызшы! — деген.
Адвокат көп мәслихат берді. Ең әуелі үлкейгендік бөгет емес екенін айтты. Жасы қырыққа келіп те білім іздеп, өз-өзінен ізденіп, ғалым бо-
лып шыккан кісілер бар екен. Солардың аттарын атады. Және оқуды школға түспей оқуға болатынын да айтты.
Абай тез уақытта қайта келмекке уәде берді. Адвокат частный оқытатын учитель тауып бермек болды. Жалғыз-ақ Абай өзі бұдан былай' өздігінен көп ізденіп, кажымай, кадалып окуға бекіп келсін. Сонда бұған білім есігі оңай ашылатынын сойледі.
Жас жігіт талайдан бері көкейін тескен бір түйіннің шешуін талқандай боп, қуанып кетті. Енді ауылга барып, үй ішінен рұксат алып, пұл қамдап, тез уақытта қайта оралмақ боп елге кайтты. Көптен бері жас көңіліне жат боп кеткен көтеріңкі кызу мен сергек желік тауып қайтты.
Жидебайға келген соң, Абай көп бөгелген жоқ. Ділдә мен шешесінің рұқсатын оңай алды. Басқа кісілермен ақылдасқан жок. Соңғы күндер қала жакка Мырзаханды жөнелткен. Соятын соғым жіберді. Ұстауға пұл керек. Соған арнап, мұндағы соғым терілері мен бірен-саран ірі қара айдатгы.
Енді өзі де жүргелі отыр.
Осы жазда Ділдәнің үшінші баласы туған-ды. Кішкентай, ақсары- лау келген Әбдірахман қазір күлуге, талпынуға жарап қапты. Абайдың ең алғаш бейіл бере бастаған баласы осы. Өзінің еті де, түсі де ақшыл келген. Бет бітімі дөңгелек емес, сопақтау және жұқалаң. Қасы, көзі қиылып тұр. Бар тұлғасында нәзік келген бекзадалық бар.
Ділдәнің бар баласы, рең жағынан Абайға тартпай, шешеге тартып келеді. Бәрі де ақшыл сарғыш. Бірак мына бала сонымен бірге туысты, сүйкімді. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты. Көп сөз айтысқан жок. Татулық, тілеулестік аркасында кабакпен танысқан. Сөзге сараң, сырға сырдаң Ділдә бір-актілек айтты:
— Кәрі шешең бар, жас балаларың бар. Бізді ойламасаң да, соларды ескер. Көп сарғайтпай келе жүр’ — деп күлгең-ді. Оншалык күрсініп, қиналып қалатын емес. Ондайға Ділдә шорқак. Ішінде көп нәрсе жүрмейді. Жүрер болса, қатқыл мінез, қатандау үнмен оп-оңай айтып қалып отыратын. Абай әйеліне кешіріммен қарап, иығынан қақты да:
— Мен желік іздеп бара жаткам жоқ. Адамшылық қасиетін іздеп барам!.. Соны үккайсың’ — деді.
Әбдірахманды киіндіріп тұрып, көтеріп қолына алып, шешесінің үйіне келді.
Бұл шақтарда недәуір қартайып калған Үлжан баласының жүзінен көз алмай, көп карады.
Әбдірахманды өз қолына алып иіскеді де, Ділдәға берді. Аз ғана күрсініп калып, Абайды да өз касына тартып, бетінен сүйді. Куаң тартқан жүзінде ана жүрегінің терең бір толқыны сезіледі.
— Қарағым, әжең марқұм сені жалғызым деуші еді. Айналасын- дағы өзге өрен-жараны бір төбе болғанда, сен оған бір төбе едің. Есінде бар ма, жоқ па? Сырқаттанып жаткан шағында, зауал уақытында бір тілек айтып еді. Осы карағыма өзгелердің тас бауыр, катыбас мінезін бере көрме
деген еді. Сол сөзді айткан анаң да кетті!.. — деп токталынкырап калды.
Әжесі айткан жаңағы сөз Абайдың есінде болатын. Қазірде өз шешесінің біраз өзгертіп айтқанын да түсінді. Ұлжан тағы да ойланып отырып:
— Заман сенікі, майдан сенікі. Соларынның балуаны бол. Қай жолмен жүрсең мүратың орындалады. Оны енді бізден де өзің артык тани- тын болдың. Аяғыңа оралғы боламыз ба? Жолың болсын’ — деді.
Абай анасын бала күндегідей құшақтады да, үндемей қоштасты. Ербол екеуі тысқа шығып, атка мінерде, барлыкауыл ере шықкан. Дәл жөнелер кезде Үлжан ат үстінде тұрған Абайды өзіне қарай шақыртып алып:
— Абайжан, Тойғұлының аулына бара кет. Әкелерің құда түсе кетіпті. Осы ауыл тегіс барсын деген екен. Мен қайдан сүйретіліп жүрейін. Бірак сен бармасаң, тағы да бізге ренжиді. Жолшыбай аз аялдап кете берерсің’—деді.
Абай баруға уәде берді. Сонымен, барлық жұртпен тағы да ұзақ- үзақ қоштасып, жүріп кетті.
Үлжан айткан Тойғұлының аулы дәл жолда емес. Бұл арадан қиғашырақ, Орда тауының бөктерінде. Бірақ Семей жаққа Жидебайдан гөрі кірісірек.
Тойғұлы — Мамай руының үлкен байы. Түбірлі, шоғырлы жердің бір шоқысы еді. Сонымен Құнанбай осы қыста құда болатын бопты. Қыс жаксы, мал күйлі болғандыктан, Тойғұлы құдаларға уақыт айткан екен. Қыз алатын Құнанбай жағы. Енді құда түспекке, қонақ боп кайтпаққа, сол Тойғұлы аулына Құнанбайлар барыпты.
Абай мен Ербол да келді. Құнанбай касындағы ылғи қарт серіктері: бастығы Қаратай, жорға Жұмабай, Жакып сияқтылар. Тойғұлының үш тамы лық толы жиын. Күлкі, кызу дырду көп. Абайлар Құнанбай отырған үйге кіріп, үндемей әңгіме тыңдады. Сөздің көбін Қаратай бастап отыр.
Үлкендердің әңгімесі әр саққа соғып кеп, бір кезде заман мен заман арасын салғастыруға ауысты. Қаратай өздерінің жас кезін айтып, әкелер заманын еске алып кеп, бүгінгі заманның азғанын, бүгінгі адамның құнарсыз боп, жұтаң тартып бара жатқанын айтты.
Абай осы тұста мырс беріп күлді де, қиғаш сөйледі:
— Бұрынғы заманның жақсылығы со ма, қатар отырған бір туыскан елдер бірін-бірі шауып, шаншып, сойканнан арылмаушы еді. Кемпір-шал, катын-бала тыныштықпен ұйқы ұйықтап, түгелімен асын іше алмаушы еді. Осы тұрған Сыбан мен Тобықты арасында, Тобықты мен Семей арасында жалғыз-жарым қатынаса алмаушы еді. Алып кетеді, жұлып кетеді деп, ылғи ғана жасанып жүруші едіңдер... Сол заман да жаксы ма екен? — деген.
Қарттар көнген жоқ. Ол күндерден әр түрлі қасиеттер тауып: барлықты, байлықты да санады. Бұрынғы адамның бітімді келетін ірілігін де айт-
ты. Көпшіліктің сөзіне Құнанбай қосылып кеп, тағы бір салмақты дәлел тастады.
— Дәурен ұзаған сайын, ақыр заман белгісі айқындай бермек. Адам құлқы өзгеріп, азғындай түседі. Біздің заманымыз өзге-өзгені қойғанда, пайғамбар заманына жақынырақ. Бір табан жакын болса, іл кім артықта болар’..—деген.
Абай осы сөзге іле жауап берді. Қазіргі күйде бұның көңілі, шабыты келген ақындай боп, шарпысуды, каржасуды тілеп отыр Жайнап сергі- ген ойы да қиынға, биікке мегзегендей болатын.
— Жақсылық пен игілікке алыс-жақын жок. Алатаудың басы күнге жакын. Бірақ басында мәңгі кетпес мұз жатады. Ал бауырында неше түрлі іұл, жеміс, неше алуан нәубсттер өседі. Жан-жануарлардың баршасы содан қуат алады. Сіздер пайғамбарға Абуталыптан жакын емессіздер. Ол әкесі еді. Бірақ Абуталып кәпір болатын! — деді.
Үй тола жұрт күле беріп, басылып калды. Құнанбай катты зекіп калып:
— Жә, тоқтат! — деді.
Абай таңқалып, алақанын жайды да, үндеген жок.
Қарттың бәрі өздерінің қатты жеңілгенін сезді. Үй іші осыдан сон күлкіден де, бейпіл әңгімеден де іркіліп, томсарып калды. Абайға ішінен сүйсінген кісі Қаратай қасында отырған Жақыпты түртті де, күңк етіп:
— Мынау өзі аттатар емес! Бас салып, карап түр ғой! — деп калды.
Аздан соң ет желінді. Абай мен Ербол енді жүрмек боп киіне бастады. Құнанбай да тыска шықты.
Шығысымен Абайды шақырып алды да, жакын жердегі тастақ төбешікке кеп отырды. Әке мен бала оңаша. Көптен бергі бетпе-бет кездесулері осы.
Құнанбай салқын жүзбен, кінәлай қарады:
— Сен оқыдың да, білім алдың, ұстаз көрдің. Біз надан өстік. Бірак сол білімің жұрт алдында ата сыйлауды неге білдірмейді саған? Көп көзінше таласып кеп, әкеңді сүрінткенде не мұратқа жетпексің?
Әкесі жеңілгенін біліпті. Енді суық жүзі солғындап, үлкен бойы басылып, кішірейіп қалған. Әлдеқандай бала сиякты, кінә тағып, өкпе айтып отыр. Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы — әдеп пен сый екені рас. Абай бұған дауласқысы келмеді.
— Ол кінәңыз орынды. Айып менде екені рас. Ғафу етіңіз! — деді.
Осымен сөз біткен шығар деп ойлады. Бірак әкесінің тағы да бір айт- пағы бар екен. Ол азырақ бөгеліп отырды да, кайта сөйледі.
— Орайы келгенде айтармын деп жүр едім. Сенің басыңнан үш түрлі мін көремін. Соны тыңда’ — деді.
Абай:
— Айтыңыз, әке! — деп, Құнанбайдың жүзіне тура қарады да, тосып калды.
— Ең әуелі, арзан мен қымбаттың паркын айырмайсың. Өзіндегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдаксың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.
20—449
Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Доска досша, каска касша қырың жоқ. Ішінде жаткан сыр ұшығы жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйірілмейді. Үшінші, орысшылсын. Солай қарай ден қойып барасын. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің’ — деді.
Бұл сөздердің түкпірін Абай оңай таныды. Жас жігіттің өз жүрегін- дегі нәрім мен барым деп жүргендеріне шабуыл жасалып отыр. Әкеге ермей, өз өмірін өзгеше бетгетем дегендегі көп сырлары осы арада болатын. Баласының басындағы басқалықты Құнанбай да танып, тауып айтты. Бірак Абай ендігі өз ішін дүниенің қай күшіне болса да кондірмек емес Намыскер жүректің ызалы толқыны білінді. Жана үйде отырған шакта пайда болған шабыт, кызу кайта келген еді. Бұл тұста әкесін аяп қала алмайды. Сөйлеп кетті:
— Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам. Ең әуелі, жайдак суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жал- ғыз-жарымға ғана пайдасы тистін шыныраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдак су болғанды артық санаймын. Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сиякты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы “ай” десе өргізіп, “шайт” десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сиякты болды. Алдына тас лақтырып “шөк” десең, аңырып барып кана бұрылады. Ал қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады... Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады... Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы - білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма?.. Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірак қасиет болмас... — деді.
Құнанбай тыңдап болды да күрсініп койды. Шарасыздық ажары білінді. Бірак үн катқан жок. Сөз осымен біткен еді. Абай қоштасты да, жүріп кетті.
Дөң басында ауыр оймен жалғыз отырып қдлды Құнанбай қиналған күйде. Тағы жеңілді. Баладан ғана жеңілген жоқ. Ендігі өмір мендеп барады. “Әлсіредің, тозарлық шағыңа жеттің” деп тықсырып кеп, шетке қағып барады.
Өз баласының аузынан естіген үн, сол бір — “дәуренің өтті" деген суық сарынның қатаң лебі еді.
Абайдың Акшоқыға соға кететін жұмысы бар-ды. Ордадан шығып, солай қисая жүрді. Жол жок. Бірақ қар жұқа болатын. Ербол екеуі сар желіп отырып, Есембайды бауырлап кеп, Тақырбұлак түсындағы жолға түсті.
Бір шакта каладағы оқудан қайтып келе жатып, ауылды аңсап, асығып шапқан көк жазығы осы еді. Қазірде аппақ суық қар басқан. Алыстағы
жоталар мен айналадағы өлкелерде панасыз, жүдеу. Айыклас ауыр мұңға баткан. Бүл күнде Абай көңіліне панасыз, кемтар көрінетін бар сахарасының, бар халқының күйі де осы реңдес. Бір кезде нанғыш, таза бала жүрегі барлык рақат, бақыт осы қырда, ауылда деп алас ұрған болса, казір Абай кайта жортып келеді. Енді біраксондағылай үміт, бакыттілегін кала- дан іздеп, соны аңсап келеді.
Бұл уакьпта Абайдың жасы 24-ке шыккан-ды. Коз алдынан өзі шегіп өткен жылдардың бірталай күйлері шұбатылып оте берді. Байкал клраса, өмірдің бірталай кат кабагынан, шытырманынан, бел-белесінен отіпті. Бір шақта орге басып, енді міне, қияға карай да өрлеп келе жаткан тәрізді. Осындай оз тірлігінің бұраң жолын көрді.
Қияға калам бас каны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы такыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болтан. Сондай бір өмір гүл шашқан. Енді бұл күнде сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас куатка толыпты. Қазір отан қыс пен аяз да, тіпті, тау дауылы да катер болудан калған еді.
ды. Не себептен екені белгісіз, бүндағы біраз көріністердің кейінгі басылымдарға енбей калганы және алынып тасталғаны бар. Өйткені көпшілігінде жазушының оларды сызгандагы не басқадай белгілері кездеспейді. Олардан не көркемдікке, не мазмүнга нүксан келтірерлік ешқандай олқылык-шиюлік байқалмайды, көркемдік өзгерістер енгізуге әрекеттенген! де кездеспейді. Бүлардагы елеулі бір өзгеріс деп 1950 жылдарға дейінгі басылымдардағы Дулатқа қатысты жерлердің идеологиялық көзқарастың талабына сәйкес өзгертілгенін, баскалау күрылгандыгын, оның аты Барласқа ауыс- тырылганын және ондагы ойларға өзгешелеу сарын енгізгенін айтуға болады Алғашқы қолжазбасында Дулатка:
Сырымды менің сурасаң. Туманың суық суынан, Кеудеме қайсы толган соң Түнық жырмен жуынам. Соргалаөан нөсердей Жырын тыңда Дулаттың, Ага султан, қазының Ел сілкінді ісіне. Ауылдың атқамінері Жемтікке қонган күшіген. Майырдың алса буйрыгын, Борбайга қысып қуйрыгын. Елпысыгы жортады, Өзі елді қорқытып.
Алдына тусіп томпаңдап, Жарлылардың торпагы, Бір торпаққа он балып Пысықтардың ортасы. Қарашысын алымы Бай-кедейге бірдей боп, Шаңыраққа салынып. Ел уйтқысы шайқалып . Төгіліп судай аққаны-ай!—
дегенді айтқыздырып еді, кейінгі Барластың аузына мынадай сөздерді салды.
Кулагың сал жырыма, Ойлана пара сырыма. Шат-шадыман емеспін, Қур қуландай жортқанмен, Кубылтып күй тартқанмен. Қайсыдан Барлас, қүры ма?! Ага султан у лық бар, Елге молім қылықтар.
"Өл" дегенде өлмесең, ‘Жүр’ дегенде жүрмесең. Малы қүрым қурықтар. Кісен салып қулыптар. Старшын дейтін екім бар, Пайдасын көрер жақындар. Қалың елі тек жемі Боранды күн тиіскен Аш қасқырдай тақымдар...
Жарлы, зарлы демейді, Кенінен салды кемейді. Түлмснен түйесін Жүтам десе цай сорлы Қалтқы- болып бөгейді. Соны неріп аңыннын Аса түсіп агы да, Ажыми да көбейді.
Бүл жерде де өлеңге гана емес, ондағы ой желісінің мазмұнына да озгсргулер енгізіп отыр. Бүган барудагы себепті жазушының мына бір создерінің өзі-ак көрсетіп түр: "Қазір екі түрлі орынды себеп, дәлел бойынша мен Дулататын романнан мүлде «шіремін де, оның орнына жаннан шыгарылган, жиын бейне ретінде суреттелетін — Барлас леген ақын атын қолданамын. Бүның бірінші себебі, 1951 жылы қазақ тарихы мрн қазақ әдебиет тарихын зерттеуден жіберілген идеялық-саясатгық өрескел қателіктер жөнінде партиялық әділ сын, қаулы-қарарлар туды. Осы ретте менің өзімнен де зор қателіктер болганын партия сыны әділ, айқын ашты. Соның бірі осы Дулат, Шор- танбай сиякты феодалдық-хандық салт-сананың жоқшыларын зиянды түрде дәріптей зерттеу болатын.
Әдебиетшілік зерттеу жөнінде бүрын мен ойлаган қателік пікірлер “Абай" романының осы түсында жаңагыдай кертартпа сананың халыққа жат бірнеше ақындарының атын орынсыз атауды тугызган. Дулат соның бірі болғандықган өшіремін, бүрынгы қатемді түзеу ретінде өшіремін. Бүл - бірінші себеп.
Екінші себеп, романдагы бейнеленген Дулат образы осы кітаіггагы бар сөз, мінезі, әрекеті бойынша өмірлік, тарихтың нақтылы материалдан алынган образ емес. Автордың өзі жасаган, еркін суреттелген, жазушылық қиялдан туған образ болатын. Абайға жас күнінде жақсы осер етерлік халық ақынын көрсетем деп, көп жақсы сы- патгарды жаннан шыгара жазган болатынмын. Бүган ертерек кезде Дулатгікі деп сеніп жүрген едім. Енді бүл жөніндегі шындықтар ашылғанда, Дулатта зиянды санадан басқа қасиет қалмайды. Сондықтан ендігорі тарихтагы теріс, жагымсыз алам Дулат атынан өзім тудырган тың образды тазартып, арылтып алу үшін бүрын ойдан шыгарылган образга енді ойдан шыгарган адам атын бердім. Және бүрын фольклор қолжазбасынан алынган Дулатгікі деп фальсификация жасалып жүрген жалалы өлеңдерді де алып тастадым. Өзім жасаган шартты образ Барласқа енді өзім жазган ауызша өлеңдер қостым. Кейінгі беттерде Шортанбай сияқты кейбір аттарды да осын- дагы айтылған себеппен әдейі өшірдім, өзгерттім”.
Бүндай ой, бүндай шешімге итермелеу 1947 жылы республиканың Орталық Партия Комитетінің “Қазақстан Ғылым академиясының Тіл жоне әдебиет инспггу- ты жүмысындагы өрескел қателіктер жөнінде" деп аталатын қаулысынан кейін басталып еді. Ұлтшылдықты, жау ниетгегі адамдарды әшкерелеу, саяси-идеялық қателіктер іздеу бүл түста да тоқталмаган, 1951 жылы "Правда" газртіндегі “Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік түргыдан зерттеу" атты мақала оны, тіпті, өршітіп жіберді. Дүрыс болмаса да жогарыдағыдай сөздерді жазуға барғыздырды, іюманына жоспарланбаған, мүлде ойында жоқ өзгерістер енгіздірді. “Өзімнің Абай жөніндегі енбектеріммен байланысты бір топ мәселелерді сынап өту нәтижесінде өзімнің ендігі қарызым деп білетінім, Абай жайындагы шыгармаларымды ерекше зер салын, негізгі түрде налагалап қайта қарап өтуім керек және қажет түстарымда қайта түзеп жазуым шарт. Бүл жөндегі міндетгерімді романдардың кайта басылу қарсаңында орындамақпын. Және де Абай жөніндегі романдарымның соңгы кітабы “Абай
жолы" романының екінші кітабын идеялық көркемдік жагынан мінсіз толық етіп аяқтауым шарт.
Г.үл жөнде сын ретінде Кснесары мен Абайдан бұрынғы доуір ақындарын көрсегудегі талаптардан басқа, Абайдың озінің төңірегінде болған Көкбай, Шұбар, таты басқалар сиякты адамдардың бейнесін сыпаттауды да қатты зер салып, кайта карап өтпекпін. Бұрынғыдан да әшкерелей түсіп, олар жайынан қатал үкім шыта рып. Абайдың жасырын жаулары етіп суреттеуім тарт" ("Менің кателерім", “Әуеэов үйі" мөдени-гылыми орталығының қолжазба қоры, М 521 папка, 7-бет).
Осындай амалсыздықтың шараларына 1932 жылы барса, міне, енді тағы да қайталанып отыр. Ол кезде жана құрылыс, жаңа бетбұрыс, алгашкы бесжылдықтар ісін жүзеге асырутыларға арнап шыіармалар жазамын десе, бұл жолы өмірлік көзқарас, багыт ұстанымдарына идеологиялық талапқа сай өзгерістер енгіземін деп, тагы да өзін өзі айыптап, өзін өзі жоққа шыгаруга дейін барды - бүл қиянаттың ең ауыр жаты - жүзеге асырсам-ау, жаңа өрістерге қадам бассам-ау деген ойлары мен жоба- жоспарларынынбыт-шытын шығарып, одан жаңылдырып-жаңылыстырып жібергендіп еді.
Эпопеяның бірінші кітабы 1943 жылы Жазушылар одағының ұйымдастыруымен өткен үлкен жиында талқыланды. Баяндаманы белгілі әдебиет сыншысы Есма- гамбет Ысмайылов жасады. Сол баяндама да, өзге ой-пікір білдірушілердің көпшілігінің сөздері де басшылықтың кас-қабагына қарай өткен сияқганды. Ондай талқылау жазушыны канагаттандырмады, ешқандай көмек, сеп-септігін тигізерлігі көрінбеді. Шыгарма табиғатын доп басар ойл ардың көрінбегендігі көңіліне бір түрлі жабырқаушылық туғызды. Осы бет, осы багытпен жиын өзінің аяқталар жеріне келді-ау деген көзде гана бөрімен бөлек қияга өрлегенден ойды Ғабит Мүсірепов айтты. Қаншама қайталап оқысам да ылги жаңа бір ой, жаңа бір көркемдікті, бұрын байқамай кеткен тереңдікті табам дегендей, шығарманың көп-көп қасиеттерін көргендігі, оны шын көңіл, . шын шынайылықпен ашқандыгы жиын тынысына өзгеше леп. жеңілдік әкелді. Сонда ол ең негізгі деп екі ескертпесінің барын білдірді. Біріншісі — Қодар өлімі казак табиғатына сәйкеспейтін, ойысы басқа жүрт көзіне қатал, мейірімсіз етіп көрсететін көрініс десе, екіншісі — жігіттердің келіншектерін айырбастаулары туралы болды. Екінші ескертпені жазушы қабыл алып, 1942 жылдан кейінгі басылымдардың ешқайсысына жібермей қойды. Сондағы келісім беріп, алып тастаганы мыналар еді:
"Осындай көп елдің баршасын қамтыган дырду, желіктің айрықша бір айғағы сияқты аса тосын бір жаңалық шықты. Ол әңгіменің ортасындагы адамдар Құлыншақтың немересі Манас пен Жігітек ішіндегі соның құрдасы — Қарахан болатын.
Көп қуаныш ішінде Манас пен Қарахан қуанышы, тіпті, бір бөлек, өзгеше боп көзге түсе беретін. Бүлар ат үстінде болса бірде сабаласып, жарысып, бірде аударысып, бірде сол ат үстінен қүшақтасып, қосыла ән салып кетеді. Торғай мен Жіптеқгің үлкендері бүл екеуінің қызығына қарап, айрықша ырза боп сүйсіне түсетін.
Кешкі уақытта қоналқага да екеуі жүбын жазбай бірге түседі. Айналасына оралып, қошамет қып жүрген өзге күрбы-қүрдастары да көп болды. Сонда желікті, дырдулы топ бір күні Қарахан үйіне кеп түсті Жиынға арнап, сақтап отырган мол қымыз бар екен. Аса бір күшті қою қымыз... Күзгі қымыздың өзгеше баптысы екен. Келген жүрт сілейе ішіп, қатты қызып алып әнге басты.
Жекелеп айткан, қосылып шулаган дырду ортасында бір кезде Манас секіріп барып, күрдастық ретімен Қараханның сары қызыл келіншегін құлақтап алды да, касына отыргызды. Ерікке қоймай өзімен бірге ән салгызып отырды. Әнге соншалық
үста, қалжыңға жүйрік, өзі оңды, ашык-жарқын келіншек Манаска өзгеше үнап еді. Ол Қарахан көзінше бүл келіншекті күрдастык жолмен аймалап сүйіп отырып, бір кезде Қараханды қасына шақырып алды да:
— Уай, Қарахан’ Осы екеуміздің достығымызда шек бар ма? — деді
Қарахан:
— Жоқ’ — деді.
— Ал қуанышымызда... Майбасарды сабаған, Қүнанбайды қуган қуанышымызда шек бар ма!
— Оған да шек жоқ’
— Ендеше, сол қуаныштың айта қалғандай бір серпінін екеуміз неге көрсетпейміз?
— Ал аташы, көрсетті!
. — Мен айтайын, тек сертте түрамысың?
— Сен мені жарға жықпассың! Тәуекел, турайын!
— Олай болса, екеуміз өзгеше бір туысайықшы!
— Ол қалай? Сенде де, менде де бала жоқ’
— Бала қажет емес!
— Енді қайтелік? Тамыр десе тамырмыз’ Дос десе доспыз!
— Тапшы, кәне, ер болсаң, тапшы! — деп, жүрттың бәрін өзінің жүмбагымен таңдандырып, Манас біраз отырды.
— Таппадым, қүрдас! Қысылып түрмын!
— Өзің таппасаң мен табам, дегеніме еремісің?
— Ердім!
— Шын ба?
— Өлсем де ердім, мә, қолым! — деп, Қарахан желігіп келіп қолын берді Бүл, тегінде, аса морт, оңай күлап кеткіш қызба жігіт болатын.
Манас осы түста екіленіп көтеріліп ап:
— Уа, осындай қуанышта өзгеше бір ерлерше қуанайық! Айта калгандай іс істейік! Кел, екеуміздің мал басты араластырған өзгеше туысқандығымыз сол болсын. тура екеуміз қатын айырбастайық! — деп салды.
Қараханның қатыны бүл сөзді ойын көріп күле беріп еді. Бірақ Жігітек пен Тор ғайдың қымызға қызған желөкпе жігіттері мәз болып, сүйсіне күліп:
— Уай, ер-ай, мынау ердің сөзі ғой!
— Уа, мынау шын айта қаларлық серпін ғой!
— Тек қолдарыңнан келсін!
— Ей, екі батыр, тек ер болыңдар да, істеңдер осыны! Дәл мынау күндерде соны кешпейтін жан жоқ’ — десіп, бар жиын қау көтерді Қарахан осыған қызығып кетіп, атып түрып:
— Бердім сертімді! Көндім ендеше! Ал бісмілда. аллауакбар! Кел, халайық, куә бол! Мынау қатын саған бак берсін! Сенікі маған адал болсын! Ал мінеки! — деді
Қараханның қатыны не дерін білмей үнсіз аңырып, мелшиіп қалды.
Екі жігіттің осы уәделері уәде боп, сөз шынға шықты.
Манас пен бар қүрбысы осы түнде Қүлыншақ үйықтап жатқанда сол ауылға барып, әдемі қара сүр келіншекті оятып киіндіріп ап, жөндерін айтпай Қарахан аулына әкелді. Оны осында тастап, Қараханның келіншегін қарсылығына қарамай киіндіріп, қүшактап көтеріп алып. Манастың алдына өңгеріп берді.
Сөйтіп, бір-ақ кеште не үлкендеріне, не қатындардың өздеріне бір ауыз сөз «алмай екі жақсы келіншекті дәл мініп жүрген аттарындай айырбастап алысты да қоя салысты.
Ертеңінде үлкендер оянып біліскен, үркіскен кезде мезгіл етіп кетіп еді.
Екі аусар жігіт сол түппін ішінде екі келіншектің жылауына, каріауына, қарсылығына қарамай үйленісіп қойғанды.
Құлыншақ таңертең Манас шымылдық ішінде ұйықтап жатқанда бүлінген болды. Өзін жүртсөкпесін дей ме? Болмаса келінін қимай ма? Әйтеуір, даурығып, қамшы алын.
— Не дейді мына қаншелек?! — деп, Манасты үрмай, шымылдықты бір-екі тартып кетті. Онысы ашу емес, үшық-ұшық боп шықты Сол күні кешке ею көзі білеу- дей болған келін қолынан ас ішіп отырды ("Абай", Алматы, 1942, 225—228 б.).
Сөйтіп, жанала екі ескертпенің бірі - Қодар өліміне қатысты айтылғанды кабыл алмады. Ел арасына кенінен танымал бүл оқиға өзін көп ойлаиып-толғанута салға* ны, оның шын сырына көз жеткізу үшін талай адамдардың әңгімелеріне қүлақтүргені бар, барып-барып түсінгендей болды да, казіргідей суреттеп жеткізу тоқтамына келді.
"Қайтқанда" тарауы қолжазбада "Оқудан қайтқанда" деп аталғаны болмаса, басылымдардың барлығында да тараулары сол өзгеріссіз күйінде қалды. Қолжазбада да, 1942 жылгы басылымда да “еді" сөзі өте жиі қолданылатын, бірақ соңынан оларды көп азайтты, кейде баска сөздермен алмастырды. “Жолда" аталатын тарауын- дагы “Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек. Абайды қасына ерте жүрсін лепті. Бүл хабарды үй іші үн қатпай тыңдады да, тегіс томсарыл қалды" деген сөйлемдер 1955 жылгы басылымнан бастап едәуір кеңейтілді, толықтырылды:
"Ертеңтүске жакын Абайды ұзақ жолга аттандырғалы жакындары тегіс сыртқа шықты. Семіз қүла торы атты күміс ер-тоқыммен ерттеп, Абайды соған аттандырғалы Жүмагүл үстап түр екен. Абай ең алдымен корі әжесімен қоштасып:
— Қош, әже! — деп кеп. екі қолымен әжесінің кішкене көрі қолын қысты. Әжесі Абайдың маңдайынан иіскеп түрып.
— Әруак қолдасын, жолың болсын, Абайжаным! —деді. Өзгелермен алыстан ғана “қош, қош" десіп Абай атына қарай жүре берді. Шешесі Жүмагүлдың қолынан торы аттың тізгінін алып Абайды:
— Кел! — деп шақырып алып, “бісмілда" деп өзі аттандырды. Баласы атқа қонып, жүруге ыңғайланып тізесін қымтай бергенде, Үлжан өзінің үлкен ақ саусақтарын торы аттың жалына салды. Бір нәрсе айтатын сияқты. Абай осыны аңғарып анасының жүзіне қарағанда. Үлжан бүган біраз көз салып түрып:
— Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола береді. “Күндестің күлі күндес" дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақүл — қайдан білдің. Әкең дүшпан десе, сен әділ бол. Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жанашырдан айрылма, — деді.
Абай жүріп кетті. Артына бірнеше бүрылып қарағанда аналары үйге кірмей үзак қарап түр екен. Шешесінің соңғы сөзі Абайдың қүлагына әлі естіліп түрган сияқты. Қазірде бұның жаны ашыған тілеулесі Вожей" ("Абай жолы". Алматы. "Жазушы". 1989, 74-бет).
Бөлек-бөлек қағаздарға, кейде дәптер беттеріне жазылған қосымшаларын қай түстан орын алатындыгын көрсетіп отырған. Ал көркемдігі Жоғары көріністерден енбей қалғандарын барлык қолжазбалар мен басылымдарды мұқият салыстырып, анықтап барып қалпына келтірсе де артықтық етпейді. Мәселен, Жанақ ақынға бай-
ланысты окига қолжазба мен 1942 жылгы басылымда барда, кейінгі жарияланымда- рында жоқ. Сол кейінгі жарияланымдары “Садақ Қадырбайдың айтуында жай ақын емес. Өзшше бір көреген жан сияқты" дегенмен гана шектелген, Садақ деп отырғаны — Жанақ. Жанақ ІІІөже, Марабай сияқты Абайдың ете жоғары бағалаған ақындарының бірі. Мүмкін роман оқиғасына тікелей араластыгы болмаған соң қысқартқан да шығар, ал оның қасиет дарыган ақын екенліпн мыналардың өзі-ақ көрсетіп түр.
“Соның мысалына осы Сыбан ішінде болған бір оқиғаны айтты. Жанақ Най- манның қалың бір тобына келсе, көп қазы мен төренің басын қосқан жері екен. Жүрт ақылдасып жатқан кез болса керек. Жанақтың астына мінген шүбар аты бар екен. Соны шідерлеп отқа қойып, өзі топ ішіне келеді. Аты жайылып жүріп оқшау отырған екі-үш жіптпң тұсына барыпты. Әлгі жігіттердің біреуі шүбарға көзі түсіп отырғанда, шүбар аузын арандай ашып есінейді Жігіт жантайып жатып байқап капты. ІІІүбар- дың таңдайында бармақтай қалы бар екен. Осыны белгі епн жанаты жігіт шүбарға дау салады. Жанақты қазының алдына апарып “Мына шүбар ат иенікі, тай күнінде жоғалған болатын. Таныдым. Өзіме алып берсеңдер екен' деп арыз етеді. Жанақ: “Өз малым, құлынынан мәлім еді, бекер айтасың' деп дауласса, жігіт тоқтамайды. "Сенің тайыңның белгісі не?" дегенде таңдайындағы қалын айтып: “Нанбасаңдар аузын ашып көріңдерші. Соным өтірік болса, иенікі болмай-ақ қойсын' депті және осы аттың өзінікі екеніне жанын береді.. Жүрт қарап жібергенде жігіттің айтқаны дәл шығады да, қазылар шүбар атты жігітке бұйырады. Жанақ сол арада ер-тоқымын алып, атты беріп жатып:
Жанын берген Жанастың шұбарын жер, Мына адам бүл шү барды менікі дер. Жақсы атыңды жаманга сатңан жанның Бар ңүдай озің біліп жазасын бер, —
дейді. Жігітке ат тиді. Олай олжаға қуанып кеткен жалақор сол арада беліндегі бел- беуінің бір ұшын шұбатып, шүбар аттың мойнына байлап жетектей жөнелді. Белбе- уінің бір үшы өзінің белінде буулы екен. Топтан шығып, әудем жерге барғанда жолда бір кішкентай су кездеседі. Жігіт өзі содан секіріп өте береді, бірақ шүбар ат дол осы кезде үркіп кеп кетіп, кейін шегініп қалған екен. Жігіт жаңағы суды шалп еткізіп шалқасынан құлайды. Соған ат мүлде үркіп ортқи жөнеледі. Жігітті сүйреп тепкілеп, быт-шыт қып кетеді. Сөйтіп, даукес жігіт өліп қалады. Сонда жаңағы жүрт Жа- нақтың жаңағы сөзін есіне алып, көрі ақынға шұбырып кеп кешірім сұрайды. “Ат сенікі екен, ақ адал малың екен, жаным, қайтып ал" дейді. Бірақ Жанақ: “Атымның құны толды, алмаймын" деп сол елден атсыз кетіітгі. Міне, Жанекеңде осындай оқшау ірілік бар еді" дейді Сабырбай" (М 2 папка, 401—402-бет).
Жалпы, жазушы өзінің қажетсіз деп талқандарын сызып тастап отырса, енді бір тұстарда үзақ-үзақ жөндеу, түзеулеріне үіптастырады. Еңбектенудің сондай процестері екінші және үшінші кітаптың қолжазбаларынан мол кездессе, олар бірінші кітаптың түпнұсқасынан оншалықты байқала қоймайды. Өзгертіп, жөндеулердің жиі қайталануы әрюм-әрюмдердің өр килы пікір-үсыныстарды айтуынан соң болған сияқты.
Араб әрпінде жазылған бірінші кітап қолжазбасының көп тұстарын айырып оқу көп қиындық туғызады. Сарғыш, сапасы нашар осы бір қағазда да ұлы туынды жатыр-ау деген ой көкейден кетпей түрып алады. Бірінші кітаптың осы араб өрпіндегі жазылғаннан басқа нүсқасы жоқ. Ал екінші немесе өзге кітаптарының біраз тараула- 377
риның алдымен жоспарлары жасалған, онда не айтылып, не қамтылатыны көрсетілген және оларда еңбек етуінің қилы-килы саты жолдары мейлінше көрінісін тапкан. "Татьянаның кырдагы әнінен" басқа кітап болып шыкканга дейін онын "Оқудан қайтқанда", “Қат-қабатта", "Шытырман’ деп аталатын тараулары "Әдебиет жене искусство’ журналының 1939 жылгы 6-7-8, 1940 жылты 10-11-сандарында, осылар- ділі Анна Никольская мен Теміргали Нұртазинніңаударуыиджғы үзінділері “Октябрь", "Литература и искусство Казахстана’ журналдары, “Казахстанская правда" мен “Литературная газетанын' беттерінде жарияланып еді. Осыларға Караганда, жазушының романын жазумен қатар орыста аудармасын да бірге жүргізіп отыргандыгы көрінеді
Көп шындық көріністерді өзінің суреткерлік сүзгісінен өткізді де, ел пайым- дауындагы әңгімелерді әбден саралап, салыстырып барып көркемдеп беруге тырысты. Тоқпамбет, Мүсакүл окигалары соның мысалына жатады.
Құнанбай Тобықтының старшыны, ага султаны қызметін атқарып жүрген кезінде касындагы жакын атарманы Бөжей болады. Бөжеймен күрдас Майбасар "Орныңды маған қи" деп жүріп, ақыры оны Қүнанбаймен араздастырып тынады. Ол күндерде Көкшені Қаратай. Көтібакты Байсал, Торғайды Қүлыншақ, Кішекеңді Түсіп билеп түрган, олардың бөрі де Құнанбайға қарсы жаққа шығады. Солар бар. атакты би Қисық, тагы басқалар бар — Қаратай аулында топ құрып отырғанда Аргын-Най- манның шешені, жақсысы кім деген сөз шытып калады. Қисык "Кім шешен?" дегенде, Қаратай отырып "Құнанбай шешен" дейді. Байсал бір қарап қойыгтгы. Біраз өткенде "Мырза кім?" дейді, тагы да Қаратай "Құнанбай' дейді. Сол кезде Байсал "Не оттап отырсын, ендеше неге алысамыз" дейді дауыс көтеріп. Қаратай "Мен Құнанбайдың өзге мінін табам ба, жалғыз-ақ. "негылайыны" жоқ қой’ дейді Отырған топ Қаратай сөзді бұрып алды деп тарап кетеді. Құнанбай бұл әңгімені естігенде "Онысы рас, аламның не нәрсе қасиеті болса, сол нәрсе міні де" дегенді айтыпты. Сол бөліну, сондай топ құрудың соңы барып-барып Тоқпамбетгегі төбелеске жалғасады.
Тоқпамбет — Бөжейдің қыстауы. Ерегіспен Құнанбай жағы әуелі олардың аттарын қуып алысады, соңынан ауылга шабады. Сонда Түрсынбай, Балағаздар бір- біріне қарсы балта алып жүгіріседі. Жеңген Қүнанбай Бөжейден бастап тығылғандардың барлығына дүре соқтырады. Будан туған даудың арты Қарқаралыдагы бас қосуға барғыздырады да, ол жерден бала алмасатын болып қайтысады. Араздық мұнымен бітпейді. Қүлыншақ балаларының атшабарды, Майбасарды сабауы себеп болып, Мүсакүл оқиғасын тудырады. Қүнанбай қолы Жидебайға, Жігітек қолы Мүсақүлга жиналады. Ат құйрығын сүзіп алып, шабысып, қақтығысуы үш күнге созылады.
Екі араның ұшынған дауына бітім сұрап Төтгімбет, Баймұрын жүреді. Бірак Қүнанбай "Көк шекпенді кигізіп, бойын кездетіп айдағанда тоқтамасам, одан бері тоқтамаймын’ деп ырык бермей кояды. Бүл сөзді естіген Бөжей. Байсалдар "Көк шекпенді біздің мырза пішкен жоқ. төңірім пішкен. Кімге бүйыртса сол киер” дейді.
Бітім сүрап барганда Құнанбайдың өлгідей дегені үшін Баймүрын карсы жақты бие сойып шақырады да, Қүнанбайды шақырмайды. Сонда Аргыннын ақ серкесі Алшынбайга Қүнанбай "Менің жауыма неге асын береді?" дейді. Бұны естіген Баймүрын Алшынбайға келіп “Шолақ байтал Тобықты менің теңім бе еді, менің асымды билемек пе!’ деп, "Аргынга сөзін бермеді!" деп ашуланып, атын басқа сабап кетеді. Омбыға айдалуына осы себеп болады. Айдалып бара жатып жақын кісілеріне “Артымнан арыз бармасын, не сұраса да беріңдер" дейді Олар Мүсакүл, Балы, Шүқыркү- дык. Мүздыбай сиякты сұраған он бес қыстау және есепсіз көп мал береді Артынан
арыз бармай аман-сау оралған Құнанбай он бес қыстауды қайта қайтарып алады. Жанжалға себепші болған Наданбай мен Түрсынбайды Жетісуға жер аударады. Садырбайдың үйін Әсерге, Мүңсызбайдың үйін Жортарга қосады.
Бірінші кітаптың соңы мына бір әңгімелер изегін негізге алумен түйінделеді. Құнанбай айналасы Бүгылының Асаубайы дегеннің аулына құдалық жолымен барады. Онда Тобықтының жақсы мен жайсаңдары дегендей өңшең пысық, сөзшеңдері жиналады, өткен де. кеткен де, заман ағымының беталысы мен жастар мінезі де сөз болады, сөзден сөз, әңгімеден әңгімені туындатып Қаратай отырады. Соның ағынына еріксіз ілесіп кеткен Абай бөрінің алдын орап сүріндіре береді, бір-екі жерде килі- гемін деп Құнанбайдың да беті кайтады. Жүрт тарап, өздерімен-оздері оңаша қалғанда ол реніші мен ашуын “Маған тиген саған да тиген екен. Алдыма кісі шығармаймын деуші едім. Шіркін, Қаратай-ай! Бөжеймен араз қып еді, сені мен мені де керістірді, енді халык көзінше менімен таласпа!" деп білдіреді. Осылардан туындатып романда Қүнанбайга мынадай сөздерді айтқыздырады: "— Ең әуелі, арзан мен қымбаттың паркын айырмайсың Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың Бүлдай білмейсің Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың Жайдақсың Жайдак суды ит те, қүс та жалайды. Екінші, дос пен қасты сараптамайсың Досқа — досша. қасқа — касша қырың жок. Ішіңде жаткан сыр үшыгы жоқ. Жүрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйірілмейді. Үшінші, орысшылсың Солай қарай ден қойып барасың". Алдыңғы екеуі дерек айтушылар әңгімелерінде бар да. соңғы “орысшылсың" дегенді жазушы өз жанынан қосты.
Енді барлық басылымдар мен түпнұсқаны мұқият салыстыру нәтижесінде 1989 жылы жарық көрген нұсқаға мына секілді түзету, толықтырулар енгізіліп, баспаға ұсынылып отыр.
Қайтқанда
“Тегі, алдыңғы ата бізден бақытты да. Бүндай лағнетті өз тұсында көрмегт" ('Абай жолы’, 1-кітап. “Абай’, 'Жазушы", 1989,17-бет), "Сонда Құнанбайдың оң жағында отырған" (19-бет), "малқорда бықсық байлар' (39-бет), 'Бірақ осы дәл әлгіндей кып айткан Кіші жүз Марабай деген ақын деуші еді Жанекең, - деді Жане- кесі — Жанақ еді" (42-бет), “Асанқайгы. Бұкар жырау, Марабай мен Жанақ. Шор- танбай, Шөже, Сыбанбай, Балта. Алпыс ақын" (43-бет), “Бірак сол саналы қайғының әжесі мен анасы бар болса да. дәл өзінің әкесі Құнанбайдың. аға сұлтанның жоқ екенін аңғарды. Оның аузынан мұрат-мақсатын таратып айтқанын сезді, естімеді — естісем деп ынтыққан жок" (44-бет).
Кат-қабатта
"... ауылдары қайда түнеп, қайда қонып бара жатқанын' (51-бет), 'Аздан соң бөктер тауды аралап өтіп. Қарашокының бауырындагы көк алаңға шықты' (51-бет), "Бәрін жиғанда да Құнанбай әуелі әр елдің ру басыларын касына алып отырып, арттағы көпшілігіне сол ру басылармен өз атынан сәлем айтып жиғызган. Көтібақ Байсал мен өз атынан айрықша сәлем айтып, шапқыншы қылып та Көтібактың өз жігіттерін жұмсап еді
Соңғы уақытта да өзі Қарашоқыны алганнан бері Құнанбай Байсалға бір уәде берген. Шыңгыстагы қыстауы аз. саны мол Көтібактың жерін мол айтпақ еді. Көтібақ
Жігітекпен жерлес. Бүрын бар Тобықгыны билеген Кеңгірбай тұсында Шынғыс ішінен жақсы, күйкалы қыстаудың бәрін басып алып, өлі нық баурап келеді. Енді басы өскен, малы өскен және ол күндерде жер есесі дүрыстап тиме ген Көтібақгы сол Жігітектен жер әперіп ырзаламақшы.
Жаз ортасынан бері жатып алды. Бөжейден жырып алып бауырына тартқанда, әсіресе, айқын сездіріп, қызықтырып қоятүғын. Сол Байсалдың өз сыбағасына арнаған бір қыстау болатын, ол қыстау бүгін Бөжей отырған атақты Тоқпамбет.
Құнанбай әзір өз басы алар жерін алганмен Байсалды жайлатқызган-ды. Оның бер жағында Байсал Жіптек жерін келемен, жолмен алатын шығармыз деуші еді. Күнанбайдан "әперемінді" естігенде Байсал да үндемейтін. Екеуі бірге жасасып, қабақпен үгысатын болғаннан бері, тегінде, Байсал үндемесе ол көнгені. Қарсы болған жерінде ол қолма-қол бір-ақ томырылатын. Мына жолы өлі күнге сол үндемеумен келеді. Көпбақты жаздан бері Құнанбайдын дегенінен шет жамылдырған емес. Билетіп, ыркына көнін, түсімді беріп көрейін — қайда, қалай апарар екен деп байлаған еді.
Ал соңғы екі-үш күннің іші шатасып, шиеленісіп барады. Енді Тоқпамбет зорлықпен тимесе, берекемен тиегін емес. Зорлықпен жылатып тартып алып береке таба ма? Және, әсіресе, Жігітек әрі көп, өрі аталы мықты ру. Өзінде Кұнанбаймен тіресіп жүрген Бөжей бар. Ол Көтібаққа ата қыстауын ұзақ бауратып, құтты қоныс қып қоя ма? Зорлықтың да қайта оралар орайы болмай ма? Сонда Бөжей Байсалға Тоқпам- бетгі байырғы, тұрақты қыстау етіп неғып шыдап отырады? Негылса, зорлықпен алғанның түбі қайыр болар деп айту қиын. Бір алуын алса да, артынан аударып тастап жібермесе.
Міне, бүгінгі күн үндемей, ауыз ашпай Құнанбай қасында жүрген Байсалдың іші осылай еді" (64-бет).
Жолда
"Кең үйдің іші қүлазыгандай. Дағдыдан тыс оңаша" (69-бет).
Шытырманда
"... тағы басқа оқымысты кісілер арқылы үйде отырғанда оқып отырам деп’ (105-бет), "де бел шешіп жайланып, осы өгей шешесінің үйінде қала тұратын болды’ (120-бет), "және жайлауға қарай тартқанда бұл елдің үдере көшем деп жаппалап қонып отыратын әдеп бар. Көңіл қосылар күн болса, жарық айлы түндерде ерке жардың оңаша жаппасына кіру ертепдей рақат қой. Өзі көрмесе де, Абайдың өзге ересек жігіттерден көп естіген рақат шагы осы болушы еді’ (127-бет).
Қияда
"Абай бүл келген елдің бәрін көріп, жай-күйлерін сұрастырып, тегіс жайластырып шықты" (226-бет)," Асылбектермен айрылыспай, бірге сапар шегетініне Абай көңілденіп қалды. Ерболды осыдан соң сөйлеткен жоқ’ (241-бет), “Елдің ауыртпалығын жете біліп, толық таныған жас жігітті қазірде Қадырбай өзінің бір түргылас замандасындай танып еді" (242-бет), "Жұт артынан ел атаулы елдігінен айрылып,
індет көрген малдай болып қалатынын көз көріп жүр" (242-бет), “Ойлары бар ма? Сондайлық баянсыз тірлік үстінде отырып іргелі елмін деп қайтіп айтады. Жел қуган канбак болмай, ол болудың шаруасын ойлаган бар ма? Осы туралы’ (242-бет), "ау- маган киіз туырлык, айнымаган төрт түлік — баршасы да’ (243-бет), "Ендеше, осы дүниедегі бар жүртгы өзінен кем санайтын казак, дәл сол дүниедегі ең панасыз жүрт екен’ (243-бет), "Жүрттан үлп алмай, өзгеге бермеген - сол біздің халык. Себебі не? Себебі, жалгыз, оқшау жасап' (244-бет), “Бірак сонда да жүректе жалын жоқ. ойында байлау да жок’ (249-бет), “Күдайбердінің сөзі рас. Қүнанбай Абайды болыс сайламақ болатын’ (263-бет).