Меню Закрыть

Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов

Название:Абай жолы 1 кітап
Автор:Мұхтар Әуезов
Жанр:Литература, роман
Издательство:
Год:1997
ISBN:
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 19


Соны байқаған Балағаз, біраздан соң атын тежеп, артын болжаған. Қуғынның алдында әктеп жүрген Ырғызбай жігіттері екен. Төлепберді мен соның інісі Елеусіз және Жұмағұл көрінді. Қашқын жігіттер қолға түспейтіндерін ұккан болатын.

Абылғазы мен Балағаз екеуі өз жолдастарын Шыңғыстың бір тар- лау өзегіне салып, жөнелтіп жіберіп, қастарына жалғыз Әділханды алып, бір тұмсықтан тосып калды.

Жау алыста деп еркін шауып келе жаткан Төлепберділер үздік-соз- дык келе жаткан. Балағаз қуғыншының алдындағы Жұмағұл мен Елеу- сізді ілгері өткізе беріп, тиіп кеп кетті. Екі жігітке карсы бұлар үшеу боп араласқан. Қайын сойыл, кара шоқпарлар екі-үш-ак рет айкыш-ұйқыш тиісті. Әрі мықты, әрі айлакер Балағаздар Жұмағұл мен Елеусізді мең- детіп кетті. Ес жиып, айкай салуға да мұрша бермеді. Балағаздың өзі мен Абылғазы ана екеуінің сойылдарын ұшырып-үшырып жіберіп, бір-бір- ак салып ұрып жықты.

Екеуінің астындағы аттарын да іліп алып, тартып кетті.

Қуғыншының алдын оп-оңай ұйпап алып кеткен жауларға отряд енді беттей алмай калды. Барлык топ ұйлығып тұрып-тұрып, сол арадан кейін кайтты.

Бірақ тек қайтпады. Қашқындар атшабардың басын жарып, атын алып кеткендіктен, кайта жүрген сапарда бүл отряд момын елді шапты.

Жігітек ішіне келіп, бейбіт отырған Қараша, Қаумен ауылдарының ірі караларын куып кетті. Жалғыз бұл ауылдар емес, көршілес Үркімбай, Каракандардан да мал алды. Әр үйдің бір-бір бұт артарын, жапа-жалғыз сауындарын куып кетті. Бұндай істер де бұл күнге шейін болып көрген емес-ті. Не көрсе, айыпкердің өзі көретін. “Қолы еткеннін мойны көтереді" десетін. Токежан жана сұмдық бастап, кемпір-шал мен қызыл қарын жас баланың талшығына да шеңгел салды.

Кешке шейін осы хабарды тегіс есті ген Жігітек ауылдары үрпиісіп қалды. “Заман не боп барады? Күн райы калай бұзылды? Ит ашуын тырнадан алғаны ма?” деп тіксінді. Сыбайлас Көтібак, Бөкенші де мынау қимылдарды ұнатпады. Әсіресе, батқаны — жазықсыз Қауменнін жаза шеккені. Бұның Балағаздан безіп шыққанын жұрттың бәрі есіткен. Ал Үркімбай, Қаракандар болса, тіпті, жазықсыз.

Кімнен көрерін, не деп көрерін білмесе де, калың ел: ‘Таты бір бәле түйілді” деп, күңкілдеп қалысты.

Болыстың кеңсесін Тәкежан Мұсақұлға әкеп, өз қыстауына құрғанды. Айналасында тілмаш, старшын, атшабарлармен бірге, Майбасар, Жакып сияқты ақылшылары көп. Топыры мол. Бұл жиын Балағаздың қылығына кіжіне түсіп, Жігітек ішіне істеп отырғандарын орынды сыбаға деп білді.

Осыдан үш күн өткен сон, отряд кайтып кетті. Бұлар кешелер тағы шығып, іздеп көрсе де Балағаздарды кездестіре алмаған. Тегінде, жұртты сескендіріп, қашқындардың жүрегін шаптықтыру үшін шығарылған отряд еді.

Жана ұлықтың қокан-локысы істелді. Енді кайтқанына болыс та қарсы болмаған. Оларды жөнелтіп жіберіп, қазірде “піргауар” жиып, қағаздарын мығымдап, қалаға шағым жолдағалы жатыр.

Тәкежанның әскер әкелгенінен Абай жиренген болатын. Қалын елді өрекпіткен соткар қылықтарын Жидебайға келуші жұрттан есітіп, Абай атка мінген-ді.

Мұсақұлға келсе, Базаралы да сонда екен. Ол Абай көзінше Тәке- жанға салмақ салды.

— Алыссаң, тентек деп бізбен алыс. Онсыз да титығына жетіп отырған момында нең бар? Қатын-баламызды аштан кырам демесең, алғаныңды кайтар! Жалғыз-жарым сауын мен тірлігі осы сен әкеткен аз ғана қарада тұр. Жайымызды ұқ, ағайын... — деп еді. Тәкежан оң сөйлеспей, ашуға басты: “Әлі түк көрген жоқсың. Балағаз, Абылғазыны ұстамай басылмаймын. Елге әрекет салып отырған мен емес. Солар!” — деген.

Базаралы ыза болды.

— Ендеше, Балағаз ұсталғанша тамам елді көгендеп, тізем десеңші. Тәкежан бұған қарсы дүрсе қоя берді.

— Әлі сен қайдан ара ағайын боп шықтың? Өзіңді би ететін кім осы? Балағаз үшін айыпкер етпей, кепіл етпей отырғанымды неге ағайындық деп білмейсің? Шынға келсең, мен айтайын, Балағаз тыйылмайтын болса, ендігі отка сен күйесің. Құтылмайсың!

Бұл зілінен Базаралы қорыққан жок.

— Ой, жараткан тәңір, акыл иесі болған естиярмен сөйлесіп отыр екем десем, жаңылыппын ғой. Сен де бір атарман екесін ғой. Бүйткенше, атшабарың Жұмағұлдан жауап алып, кайта беруім екен ғой! — деді де, тұрып кеггі.

Абай Тәкежаннын терістігін айтып, сөйлесіп кормек елі. Ағасы: "Араласпа, килікпе” деп катты серіпті. Осы кеңседе отырып, Абай бүгін әзірленіп жаткан қағаздарды байкады.

Барлык мор, піргауар, кол мен танбалар Жігітек жігіттерінің сорына әзірленіп жатыр екен. Сол кеште Семей каласына үкілі почта жөнелді. Оны да білді.

Осы білгенін Базаралыға айтып кеп:

— Бүл дүлейлер тағы бір мол бөлені шақырып отыр ғой. Тағы да бір Тоқпамбет, Мұсақүл шатағын көрмей тынбас! Тек ел жасымасын да, қорықпасын, Базекс! Ұшык-ұшык, өлі дауыл емес!., — деді.

Базаралы өзінің амалсыз келгенін айтты. Малынан айрылған аш- арыкосыған кеп салмақ салып, ең болмаса, барып арылып кел деген екен.

Абай Базаралыны тоқтатып койып, Майбасар, Жакып, Тәкежан үшеуін оңаша шығарып алды да, катты ашу айтты:

— Еркекпен еркекше алысудан жеңілесің де, катын-балаға батыр- сисың. Кеше өзі жұтап кап, өзі аштыкка ұшырағалы отырған елдің ау- зындағы сусынын алып, не беттеріңмен отырсың?! Осымен ең әуелі сот алдында басын кетпей ме? Тамам елді дүр сілкінтіп отырсың. Осының- нан кайтпай, аман отырып көрші, кәне? — деп, Төкежанды коркьггып сөйледі. — Сендердің берген ақылың осы ма? Тым құрыса, сендер ұялсаң нетгі! Қайтартыңдар казір елдің малын! — деп, Майбасарға бұйыра сөйледі.

Тәкежан Абайдың бұл бұйрығына ішінен ыза болды. Бірақ қарсыласуға бата алмады. Әкесінің әнеугүні Абайға болыс бол деп, көп жа- бысканы есіне түсті. Егер мына жолда Тәкежан теріс боп, Абайдікі оң боп шықса — қатер көп. Құнанбай ұлыкгыкты бұдан алып, Абайға беріп қоя ма, кайтеді? Тым құрыса, әкенің беті анық болса екен. Ал әзірше, ол жақтан хабар жоқ. Жігітекке істегенді мақұлдай ма, жоқ па, мәлім емес. Сол себепті Абайға жауап қатпады. Ойланған кісі болды.

Қалайда, Абай салмағы осал тиген жок. Майбасар мен Тәкежан болмаса да, Жакып ойға түсті. Бұл өзгелерге оңаша ақыл салғанда:

— Балағаз, Абылғазыны ұлыққа қуғызғалы отырмыз. Солардың қағазын мықтап бол да, Семейге тез жөнелт! Тентек деген азды куайық! Шығара қуайык! Мына малды қайтарайық! — деген. Осымен Базаралы бұл жолға келген жұмысын тындырып, жазықсыз елдің малдарын алып кайтты. Бірақ Жігітек ішіне Тәкежаннан естіген қорлық сөздерін айта келді.

Балағаздардын үстінен катты кағаз кеткенін де айткан.

Базаралының өзімен тілдеспейтін Балағаздар осы күндерде Қарашаның аулына күндіз-түн кісі жіберіп, хабар-ошар алып тұратын.

Арада үш күн өткенде, Шыңғыс ішіне бір тосын хабар тарады. “Семейге Тәкежан болыс жөнелткен үкілі почта таланыпты. Тобықты жерінде емес. Уак жерінде, Мұқыр деген жардың тұсында ұшырапты. Енді бәле молайды” деген лақаптар дүңк-дүңк шығады.

Тәкежанның Балағаздарды көрсеткен калың қағаздары анық үкілі почтамен жөнелтілген. Ол почтасы үш салт атты. Екі қоржындары мен мойындағы былғары сөмкелері қағазға толы. Тымақтарының мандайла- рына үкінің бір тал канатын жапсырған Жұмағұл, Қарлық және бір атшы жігіт Мұсакұлдан шыга сала, шапқылай жөнелген. Жол бойынан лау мінгенде дегбірсіздсніп: “Үкілі”, “Үкілі почта” деп қолды-аяққа тұрмай, дігір салып мінетін.

Дәл осы шапқыншы бір күн, бір түн жүріп, енді соңғы түн ішінде Семей түсеміз деп келе жатқанда, Мұқыр жырасына жеткен.

Сол уақытта карсы алдарынан кара жолмен келе жатқан үш салт атты көрінді. Шауып келе жаткан атшабарларға аналар тұпа-тура келді де. бір-бірден араларына сұғылды. Сөйтті де бір сәтте Жұмағұлдарды жағадан сарт-сұрт ұстай алып, аттан жұлып-жұлып түсірді. Алысады деген ойда жок. Шапқыншылар бөгде жолаушы деп селкос келе жаткан. Және катгы талып шаршағандықтары да бар-ды. Енді аттарынан қалай ұшып түскендерін байқамай да қалған.

Үш жігітті үш-ак жігіт алды. Беттерін кара шүберекпен таңып алған жаулар бір ауыз үн катқан жоқ. Почтаның бар қоржынын, бар сөмкесін тартып алды да, жөнеп берді.

Бұл қимылды істеген Әділ хан болатын. Өзі төртбақ келген айлакер, мықты Әділхан осы почтаны әдейі андыған-ды. Жұмағұлдарды ң арттарынан куып отырып, жаңа кешке аналар Күшікбайға түсіп, шайға аял- дағанда ілгері өтіп кеткен. Қасындағы жолдастары Найманнан келген екі ер жігіт. Үшеуі өз жұмыстарын оп-оңай жайлады да, Шыңғыска карай кайта тартты.

Закон жағынан қарағанда, бұл істің арты жаман болатынын және қашқындар халіне пайдасы аз іс болатынын Әділхандар есептемеген.

Тәкежан шағым айдапты, почтасы бүгін кеткелі жатыр дегенді өз аулына кеп ести сала, Әділхан ызаменен қайнап кетіп, қуа жөнелген.Тіпті, арттағы Балағаз, Абылғазыға да ақыл салмаған.

Бірақ істелер іс істеліп калды.

Шыңғыс сыртында Сыбан мен Тобықты жайлауының жапсарында жатақта жататын үш кедей аулы бар-ды. Балағаз бен Найман жігіттерінің бір мекені сол. Бүл ауылдар осы күзде тегіс ашаршылыққа ұшырап, каклан құрып, тышқан аулап, сорлап тұрған кезінде Балағаздар айқасты.

Келді де тоқтық әкелді. Сауын сиырлар мен мінер аттар да берген.

Осы ауылдың шеткі бір үйінде Балағаз, Абылғазылар жатқанда Әділхан жетті.

Жігіттер Әділханга мақтау айтып, өкінбеске бекінді. “Енді болыс калаға тағы шабады. Малтығып жүріп, әнеугідей отряд шығарады. Оған шейін итім жатсын ба? Үш-төрт күн ат тынықтырып, азық қамдап, сай-

ланып алайық та, Найманға тартайық. Аз күнде қарда бекиді. Жаз шық- канша Найман ішінен кайтпаймыз. Оған шекті жұмыс та ескіреді” десіп, байлау жасасты.

Бірақ Құнанбай есебі бұлардан тақысырақ екен. Ол Тәкежанмен қоса Ырғызбайдың үлкендерін жиған. Бұлар ғана емес, Байсал, Сүйіндіктерді де шақыртып алды.

— Аскан екен Балағаз! Жерге клклай, тынбзенын! Енді ара түсер кім бар екен? Қолымнан алып корсінші! Сол кашкыннын борін де айдауда шірітем! Осыны істемесем, Құнанбай болмай кетейін! — ден жаман қалшылдады.                                                                                                            4

Жиған жұртқа ақыл салған жок. Байлауын айтуға, баталасуға шақырыпты. Осы күні дәл сол жиынға көз қылып, Тәкежанға “калаға шап” деді. “Отряд әкел, қырғын корсін бұл тентек ел” деп бұйырған-ды.

Жұрт тарап кетті. Барлық үлкендер Балағаз ойлағанды ойлап, қаладан ұлық пен отряд келетінін күтті. Бірак сыртқа осындай лақап шашып жіберіп, Құнанбай дәл осы түнде отыз кісілік қол қамдады. Бұл түн Әділханнын Балағаздарға жаңа жеткен түні.

Отыз жігіттің қастарына бес-алты тазы қосып беріп, қаруларын іштеріне тыққызып, Құнанбай бір-ақ сағат ішінде Шыңғыстың сыртына карай суьгг жүргізіп жіберді. Балағаздың жатағын Тәкежандар білмесе де, Құнанбай үйде жатып біліп алған-ды.

Тек бұл уакьггка шейін түк сезбеген кісі боп жата беретін.

Құнанбайдың сол жөнелткен жігіттері тан аппақ атып келе жатқанда, жан-жақтан саулап барып, үш қыстауды қоршап алды.

Балағаздың күзетке қойған жігіті иек артпадан тазы ертіп шығып жатқан атгылардын барлығын аңшылар екен деп ойлаған. Шыңғыс сыртында қар бекігенше түлкі куып жүретін аңшылар бола беруші еді. Солар деп селқос калды.

Сөйтіп, бұл күнге шейін ерлік пен жырындылыққа ешкімнен осал соқпайтын Балағаз, қапыда оп-оңайдан тұзаққа ілінді.

Қуғыншы қолдың басы - Ызғұтгы. Үлкен өткір сапыны жалаңаштап ап, Балағаздар жаткан үйге бар жігітімен бір-ақ қаптады. Келсе Балағаздың көзі ұйқыда жатыр екен. Бар жігіті тегіс бейқам. Жиыны он адам.

Ызғұтгы сапынын сыртымен бөксеге ұрып оятқанда, Балағаз басын төсектен жұлып алып:

— Қап, сорлы қылған тәнір-ай, не қара басып еді?! — деді.

Барлық сөзі осымен бітті. Тегіс тұтқын болды.

Тыска шығарып.он жігітті екі-екіден мінгестіріп жатты. Әр тұтқынға үш-төрт жігіттен кепті.

Балағаздың желкесіне Ызгұтгының өз сапысы үнемі төнумен болды.

Құнанбай қолы үрдіс жүріп, Шыңғысқа тартты. Он жігіттің ішінен осы күн кешке жол бойында жалғыз Абылғазы ғана қашып құтылды.

Ол өзінің артындағы жігітпен күбірлесіп, ақылдасып ап, кейіндей берген. Қасында қатарда келе жатқан Құнанбай жігіті кешеден бергі

жүрістен талып, қалғып келеді екен. Шоқпарын да колына ұстамай, тақымына қыстырып койыпты.

Жол бір бұраң сайға, тастақ жерге жеткенде, Абылғазы жаңағы жігіттің шоқпарын бір-ак тартып алып, атынан жұлқып жіберіп, төңкере тастап, өз атының үстінен анау босаған атқа жалғыз-ак карғыған.

Құлап түскен жігіт, енді есін жиып. екінші тұтқынның астындағы жаман шабдардың тізгінінен ұстай алды да, айғай салды.

Бұл кезде Абылғазы аттың басын кейін бұрып ап, ағыза жөнелген.

Алдыңғылар хабарланып, шуласып жүріп, ақыл тапқанша, Абылғазы ұзап кетті. Кеш қараңғылығы да қоюлап келе жаткан. Ызғұтты біре- уін куамыз деп, көбінен айрылармыз деп, ілгері тарта берді... Жалғыз-ак енді колдың артына өзі түсті.

Барлык топты шоктай қып иіріп айдап отырып, Бөкенші асуынан асырды. Қарашокыдағы Құнанбай қыстауының тұсымен өтпекші. Сол маңға жақындап келгенде, Төлепбердіні Құнанбайға жөнелтті. Ұстап әкеле жаткан хабарды айтумен бірге, Құнанбай қашқындарды көрем дей ме екен? Алатын жауабы бар ма екен? Соны сұраткан.

Құнанбай Төлепберді хабарын есітті де, қысқа ғана бұйрық берді.

— Мұсақұлға алартыңдар. Тәкежан мен тілмашқа айт, дәл осы бүгінгі түннен қалдырмай, Семейге жөнелтсін. Тегіс арбаға мінгізіп, күзетін мықтап отырып, абақтыға апарып, бір-ақтабыс етсін. Айналсоқтап, жалтақтамасын! Сыбаға сол! — деді.

Тәкежан Семейге кетпеген-ді. Кешегі жиында Құнанбай жұрт көзінше оған бұйрық бергенмен, артынан: “Өзің барма, кісі шаптыр” деген.

Кеңсесіне қашқындар келісімен Тәкежан асығыс қимылдады. Құнанбайдың айтқанын дәл орындап, осы түн ішінде барлык жігіттерді Семейдің абақтысына жөнелтті.

Сөйтіп, ел-жұрт Балағаздардын ұсталғаны туралы анык, толық хабар алып болғанша, тұтқындар ұзап кетті.

Бұл күндерде Құнанбай мен жаңа болыстың мінезі — тырнағына тышқан ілінген мысықтай. Гүрілдеп айбар шегіп, жота жүні үрпиіп, түстерінен от шашып тұрған. Сөйлесе, шеттерінен қалшылдап сөйлейді. Жазықсыз тепкі көрген, ыза шеккен кісі болады. Екі-үш күннен бері айналаның барлығына:

— Почта талапты Әділхан!

— Не деген сұмдық! Неткен қастық?

— Аяспайтын жаулық қой! Қазынаның қағазын жойып, Тәкежан басы бәлеге ілінсін дегені ғой!

— Шатаққа ұшырап, жоқ болсын дегені! Мұндай сұмдықты көрген бар ма? — десіп, дабыл қағып жатты.

Бірақ ішкі сырға, шынға келгенде, сол өрекпулер каншалык бақырауық даңғаза болса, солғұрлым жалған болатын. Құйындатып, қара бо- рандатып келгендегі анык мақсат басқада жатыр. Бұл күнге шейін каншалык дауласып жүргенмен, бұл елдің ортасында біреуге-біреу абақ-

тыға салғызу, жер аударту, каторгаға айдату сиякты істерді істеп көрмеген.

Ертең ес жиғанда, барлық ағайынға сұмдық боп көрінетін іс осы екенін Құнанбайлар таниды. Сол жат қылықтың бетін бүркеу үшін жаңағы жалған шуды басымдатып отыр.

Бұрын өз тұсында мұндайлык істі істемеген Құнанбай, Балағаздар карсысына келгенде, баска қырға мінді. Өйткен себебі, Жігітектің мына жастары бастаған істің түбінен ол аса катты сескенген.

Балағаздар ісін Құнанбай өз ішінде ұрлық деп бағалаған жоқ, тамырды, түбірлі наразылық, қарсылық деп білді. Анада Базаралы айтып кеткен сөз бен Балагаздардың қылықтары астыртын астасып жатыр. Копке тимей жеке жерлерге тиетіні және, әсіресе, Ырғызбайдай оқшау топтарға соқтығатыны соны көрсетті. Әлсіз бен көпке тимегендіктен, қалың ел арасында сүйсінушілер көбейіп барады.

Ашаршылық, жоқшылық қамау ыңда отырған жұрт енді осыған ден койып кетсе, не болмақ? Мұндай ойларға байланған сайын, Құнанбай үрке беретін. Балағаздарға барды салып, көртөккен себептері сондайдан туған. Ел жүрегін шайлыктырам, түнілтем дейді. Бір жағын жаза, бір жағын кінәга сүйеп отырып, үркітіп тыям дейді.

Бірақ осы сырды Құнанбай өз ойында құпия сақтағанмен, ел ішінде сезгендер де болды.

Көпшілік Балағаздарға істелген қаттылықты қостаған да, ақтаған да жок. Айдатып, байлату сұмдық деп білген. Арада дел-салда калған Байсал, Сүйіндік сияқтылар бар. Бұлар өз малдары алынып, қаза көргендер. Сондықтан Балагаздардың тентектігін сол өз нысанасынан бағалады. Көпке де бой ұрмады. Болыстар ісін іштерінен ақтауға да бата алмады. Белге соққандай болатын.

Құнанбайдың бұл күндерде астыртын құлақ салып катты баққаны -Жігітек іші, әсіресе, Байдалы.

Қалын Жігітек айкын наразылыкка беттеді. Болыс тұтқындарды қалаға жөнелтті деген соң, Байдалы да бетін ашты. Өкініп, катты қиналып отырып, ашу айтты.

— Үялар, ойланар шағы жок екен ғой Құнанбайдың! Өз қолымен, агайын ауқымымен жазаласа, ара түсер кісі бар ма еді. Елге, жұртка не дейді? Қаскырша өз күшігін өзі жегені ғой. Жігітектің ендігі жасына да жендет боп шықты ғой тағы’ — деген.

Есітсе есітсін деп айтты. Бір емес, бірнеше рет айтқан. Құнанбай осы күйді біле сала, баспақ болды. Енді алдыңғыдан да үлкен зәр жұмсап, сонымен баспақ.

— Жігітек ұрлыкка жерік боп, ұрыға серік болайын деген екен. Ендеше, қашқындарға мүйізі сырқырайтынның бәрі жаза шексін! — деп, Тәкежанға жорға Жұмабайдан сәлем айтып жіберді.

Тәкежан, Майбасарлар сол сәлемнен соң, Жігітек ішінен он жігіт емес, отыз кісі тізді. Қараша. Қаумен, Үркімбай, Қаракан бар. Анау жолда малдарын айдап кайтқанның бәрін тіркепті.

Ол ғана емес. Бүл екеуі Базаралыны да көзеп берді. Өзара ақылдасқанда Майбасар:

— Поштанын таланғанын ойлаймысың? Есіңе алшы’ Пошта жүргізілетін күні Базаралы келіп, барды біліп кеткені кәне’ Сол жолы өз еліне бара сала, Әділханды аттандырған да сол. Көзбе-көз айтып кеткен қияс сөзі әлі есімнен кеткен жок’ Осы бәленің тап ортасында жүрген Базаралының дәл өзі. Оның сырты момын, іші қу! — деген.

Тәкежан өзінін де Базаралыдан әлденеше рет көрген тізесін еске алды.

Сөйлелгей, тапап кеткенден боп жүретін омырауы бар. Балағаз айдалып кетсе, ертең артынан жоқшы боп шығып, бүлік шығаратын да сол. Сондықтан Майбасарды құптап:

— Ақылыңыз көкейіме әбден қонады. Қадағанда нағыз катгы қадайтын сол! — деп, Базаралыны бірге көрсетті.

“Жігітектен отыз кісі хатқа тізіліпті!” деген хабарды есіткенде, Байдалы өз аулына Базаралыны шақыртып алды. Екеуі оңаша отырып, көп сөйлесті. Байдалы көптен бері ішке жиып жүрген бір ойын ашты.

— Бала күнімнен бері қарай, ылғи ғана капылыктан шеккен өкінішті білем. Құнанбайдың өртіне түскенде, ұдайы опық жеумен түспедім бе? Бүгін, міне, тағы сол баяғы сорым ғой. Жаз бойы Құнанбай ұры атан- дырды деп, өзіміз де Балағаздарды ұры-қары санап, қоса куып келмедік пе? Бүгін ойлап, болжасам, сорлылар ұрлық емес, өжеттік бастап жүр екен ғой. Ежелгі бір кеселге кекесін көрсеткен екен. Аш-арыктың ішінен бұларды марғаған бір жан көрдің бе? ¥ры демеймін! Әктеп шыққан өз тәнім, өз бауырым деймін! Бүгін соны Құнанбайдың мынау ісі біржолата танытып отыр. Қаумен, Үркімбайға шейін көрсетіпті. Тағы кім бар? Кімді аман қойды дейсің? Елдіктен кеттік пе? Тағы да кетіскеніміз бе? Жок, жарым жолдан қайтара ма? Тәкежан, Майбасардың шалалығын өзі де қостай ма? Не дейді? Жігітек сәлемі осы! Сен қазір атка мінде, Құнан- байға барып кел. Тілің жетеді. Кеудендегі отың да жетеді. Істегенім — істеген дейтін болса, аянба! Барды айтып кел! — деді.

Байдалының бар мінез, бар сөзін мақұл көріп, Базаралы атқа мінді. Бірақ әуелі Қарашокыға бармай, Мұсақүлға қарай тартты. Өйткені, Жігітектен көрсетілген отыз кісінің кім-кім екенін бұл жақ әлі білмейтін. Жалғыз ғана Қаумен, Үркімбайлар барын еміс естіген.

Жолшыбай Базаралы болыс кеңсесіне барам деген ниетін өзгертіп, Жидебайга соқты.

Абай үйде екен. Кешелер Тәкежан мен Майбасардың жаңа желіктерін есітіп:

— Жаман баксының жын шакырғанындай тантырап, жұрт берекесін кетірді-ау, мыналар! — деп көп қынжылған-ды.

Бүгін Ерболды Мұсақүлға жіберген. Тізімде кімдер барын білмек.

Базаралы жаңа келіп, өзі жүрген жайларын айтып отырғанда, Ербол кайтып келді. Қап-қара боп түтігіп, ренішпен келді. Бірақ Абай жөн

сұрағанда іркіліп, бөгеліп калды. Базаралыдан қымсынады, көрініп тұр. Абай салмақ салып:

— Есіткен-білгеніннің бәрін айт, несін іркесін? —деген. Содан сон ғана шешіліп:

— Мына Тәкежан, Майбасар ма’.. Құртар бұл елді, өртемей тынбас, —деп алып, тізімде бар кісілерді санай бастады. Ұрлыққа, ұрыға өмір бойы шиыры қосылып көрмеген талай кәрілер мен жастар бар екен.

Абайға бәрінен сұмдық көрінгені — Базаралы жайы.

— Не дейді?! Не көкиді мынау әңгі соқырлар?.. — деп кдтты ашуланды.

Базаралының өз жайын есітіп отырғаны осы болатын. Кейіс, реніштен түк белгі берген жок. Қайта сақ-сақ күлді. Абай мен Ербол танка- лып, мұның түсіне қарасқанда, көкшіл тартып сұрланған ыза көрді.

— Бір окініпггі Байдалыдан есітіп ем бүгін. Ендігі өкініш өзіме кепті. Тобынан жырылып жалғыз жорытқан көк қасқырдай менікі не әуре де- сенші? Тәкежандар ұры атандырмасын деп, бүққан боппын. Балағаздар үры емес... бұзық емес еді, Абай. Бар қылықтарын есітіп, біліп жүрсіндер. Жұртқа мәлім, сүмелек үры ма еді солар? Айтындаршы... — деп Абайға қарады.

— Үры емес.

— Бұзық емес. Айтқаның рас! — деп, Абай мен Ербол қатар қостады.

— Ендеше, солардың тобында болмай, кеткенде бірге кетпей, мен не сандалып жүрдім... — деп, Базаралы тоқырап қалды.

Ерболдын да өз өкініші бар. Бүгін Тәкежандардын түрін көріп, жол бойы осыны ойлап келген.

— Әтген, Абай-ай, кеше әкең болыс бол дегенде болмаймын деп, бас тартқаныңды кайтейін?! Тым құрыса, елге жаның ашыр еді. Мынан- дай сұмдық істстпес едің ғой. Не көріп, не болып отырмыз енді, міне? Үйде отырып ұялғаннан жерге кіресің. Қолдан келген жақсылығың со ма? Айтпай кайтіп шыдайын? —деді. Базаралы Ербол сөзін дұрыс көрген.

— Онысы рас. Тым құрыса, адалыма ара түсер едің ғой! — деді.

Абай үндеген жок. Болыс болмағанына өкінейін деген жоқ-ты. Бірақ өз басын әке салмағынан кұтқарам деп, Тәкежанға карсы болмағанына өкінді.

Бір шешеден туған бауыр деп аталса да, қазірде Тәкежан соншалық суық, жаттай көрінеді. Бұдан бұрын да талай кездесті. Басқан сайын үғысу емес, аралары алыстап барады. Әлі де алдағы күнде көп шайқасатын кас-кайрат сол сиякты сезілді. Соның басы осы болар ма? Бұдан былай бұйығып отыра алмайды. Базаралыны аяйды. Оның айналасын- дағы жазықсыздарды аяйды. Сол аяғаны шын болса, бел шешіп араласып, тартысып көреді. Қазірде іштей байлаған байлауы осы. Базаралының сөзінен сон аз үндемей отырды да:

— Базеке, адалына ара түспесем, азамат болам ба? Тәкежаннын күші елде емес, қалада екен ғой. Ендеше алдағы күнді сол қалада сынайық.

Мен ертең Семейге жүрем! Осы істерін аястағанша жоқшының бірі мен боламын! — деді.

Базаралы Абайға ырза боп, шын сүйсіне қарады.

Бұл ауылдан іздегенін алған сияқты боп, көңілденіп кетті. Қолма- қол жүрмек болды. Аска кара дегенге карамады. Тез аттанды да Қарашокыға тартты.

Ел орынға отыра Құнанбай аулына келген-ді. Нұрғаным үйлері қонақсыз оңаша екен. Бірак Құнанбай Базаралы келді деген хабарды есті- генде, өз үстіне кіргізген жоқ.

— Анау, қарсы үйде болсын, ас-суын сонда беріндер! — деген.

Қонақ үйде жалғыз отырып, қызметші катыннын қолынан шай ішті де, Базаралы Құнанбайдың өз үйіне кіріп келді. Сыртқы киімі жок. Беш- петшең, жалаңбас келген.

Нұрғаным ертекші еді. Құнанбай жас тоқалына ертек айтқызып, аяғын сипатып отыр екен. Жігіт сәлемін салқын алды.

Бірақ Базаралы бүл келісінде Құнанбайдың кабагын бағайын деп келген жок. Отыра сала сөзіне кірісті. Түсінде қымсыну жок. Ағы — ақ, қызылы — қызыл боп, жайнап отыр. Ызасы мен адалдығы бұны жанып салғандай. Жарқыраған жүзіне жатық шыққан сөзі де сай.

Нұрғаным бұның жүзіне қадала карап отырып, бір ағарып, бір қызарды. Базаралының әуелгі айтқаны Тәкежан қылығы туралы. “Елдің жазықсыз кәрісін, жетпеген жасын қосақтап тізіп, сорлатқалы жатыр. Құнанбайды кәртайды, естімейді дей ме, болмаса тұғырдан тайды, әмір құдіреті жүрмейді дей ме? Осындай әкенің көзі тірісінде, сол Тәкежан, Майбасардың соншалық іске батылы кайтіп барады?” деп сұрау салды.

Құнанбай жауаптасуға сараң. Тек қана “Тәкежанға бардың ба, өзімен сөйлестің бе?” деген.

Базаралы оған бармағанын, бірак барлық жайға қанып ап, ең алдымен осында келгенін айтты. Тізімдегі адамдарды санады. Байдалының айт дегенін жеткізді. “Тәкежан өз бауырын өзі жейтін бөрі” болғалы отыр. Кеткеннің бәрі өлімге кетеді. Бұл ағайыннан құтылатынына Тәкежанның көңілі сенсін. Тіпті, жандарына кебіндерін де бөктеріп жіберсін. Мұнда аш-арық боп калатын панасыз бала-шағаның көрін де казсын. Бірақ осындай аямастық жаулықтың орайы болар деп ойлай ма, сірә, жоқ па?” деп бір тоқтады.

Құнанбай барлық сөз аңғарын ұкты да, жақтырмады. “Күш айтқалы кепсің ғой! Күш дегенді кісі тілмен танытпайды. Көргенің Тәкежан екен, бар да сонымен сынас!” деген.

Айтыс қысқарған сияқты. Базаралы ең соңғы түбірлі сөзін айтты да, жұмысын бітірді. Ол сөзі кесесу болатын. “Тәкежан дегеніне жетсін, аямасын! Тегінде ниетте бір, істеген іс те бір. Жалғыз-ақаямас қастыққа орай, айықпас өштік болады. Болғанда, айыпкер Жігітек болмайды. Атадан нәсілге кетер жаулық осы арадан басталды”. Обал-сауабы кімнің мойныңда екені көрінді. Айтып, арылып шықпағы осы ғана... Өз жаны-

нан айтпайды. Үйелменді ел Жігітек бар. Сол айтқызып отыр. Осыны Кұнанбайға жеткізіп кетуге ғана келіпті... Білдіргені осы.

Құнанбай тыңдап болды да:

— Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айт- тын. Енді осымен тоқталайық’ — деді.

Базаралы шығып кетті, Құнанбай жалғыз козін жұмды да, қабағын түйіп, ойланып калды. Әйеліне казіргі түсі қыраулы қыстай, жат сезілді. Барлық жүзінде жойылмас таңбадай боп, кәрілік табы айқындап түр.

Нұрғанымның жақсы ертегісін кайгалаткан жок. Сипатып отырған аяғын да жиып алды. Өзге Тобыкгыға бермеген еркіндік беріп еді База- ралыға. Қазір содан катгы тізе коріп калган сиякты. Жас жігіт, адалдық ақтығымен ектеп тұр. Шындап ойласа, Тәкежандардың шектен асып жатқан істері бар.

— Өзгелер бір төбе, Базаралы бір төбе емес пе еді? Аянышты білсе, нетті шіркіндер? — деп күрсініп қалды.

Жігітекке арналған ашудың бір ұшығы өзінде жатқаны рас. Бірак Базаралы сиякты адамдарды атап берген Құнанбай жоқ болатын. Қазір мына жігіттің өз басын кимағандыктан, бір сәтке қынжылып калып еді. Артынан қайтадан қатайып кетті. Жаңағы Базаралы Жігітектің тобынан келді. Сол топтың ашу мен кегін ұстанып қапты. Ол жер осал емес.

Құнанбай осымен екіұдай боп отыр. Астан кейін Базаралы карсы үйге жалғыз жатты. Екі-үш күннен бергі ашуы Құнанбайға айткан сөздермен біраз жеңілейген сиякты. Алдыңғы күнде ызаға толы, ұйқысыз түндер болатын. Сонымен төсекке басы тиісімен ұйыктап кетті.

Қай мезгіл екені белгісіз. Бірақ кап-қараңғы үйдің ішінде бір кезде сескеніп оянды. Байкаса, дәл касына біреу кепті.

— Ой, бұ кім? — деп еді.

. — Сескенбе, менмін! — деген үн есітті. Нұрғанымның үні екен.

— Бәтір-ау, мынау жынды неғып жүр?! — деп, Базаралы басын көтеріп алды. Нұрғаным сасқан жоқ. Салмақпен ақырын ғана күліп қойып.

— Токта, саған менің көңілім сен жоғында қосылған... Мырзаның өз тілі коскан! — деді де, Базаралыны катгы құшақтап кеп, сүйіп алды.

Жігіт те бұдан әрі үн каткан жоқ. Екеуі өзгеше бір ыстық жалынмен үш кайтара сүйісті. Содан кейін Нұрғаным тез тұрып кетуге айналып еді, Базаралы кия алмай, бірге түрегеп:

— Жаным-ай, жай тұрған жүрегімді астан-кестен еттің ғой. Енді несіне кетесің? — деп тағы құшақтады. Бірақ Нұрғаным енді бұдан тартынып, босанкырап алып:

— Қайда жүрсең, аман жүр! Жаным да, тілегім де бір сендік, Базе- кем! — деп, тағы бір рет асығыс сүйді де, жалт беріп жүріп кетті. Келгені мен кеткенінің арасы бір ғана сәт. Жалғыз-ак, сол сәттің ішінде Базара- лыға бар дүние төңкеріліп түскендей көрінді. Нұрғаным да кеудесіне сыймастай қуаныш әкетті. Ол қуанышы — өмірінде ең алғаш татқан әйелдік махаббаттың қуанышы болатын.

297

Кұнанбай әнеугүні Базаралының сымбатын мақтап, туысына сүйсінген еді. Бүгін кешке, дұшпан көзі болса да, бұндайлык азаматқа аяныш керектігін айтты. Осы екі кездің екеуінде де қырқылжың қарт өз аяғының қаншалык шалыс басылғанын, қалайша жансақ кеткенін сезген жок еді.

- 5

Абай мен Ербол қалаға кеп жатқалы бірталай күн өтті. Құнанбай балалары қалаға келсе, Тінібек байдың үйінде жатушы еді. Семейге Абайдан бұрын келген Тәкежан сол құданың үйіне түскен екен. Қасында Майбасар мен тілмаш, атшабарлары бар. Қоршап жүрген топыры көп. Соны көріп Абай мен Ербол Семей қаласының өз ішінен пәтер алды. Орталық тұста Кәрім дейтін момындау саудагер бар еді. Балалары жок, ерлі-катын- ды екі бас. Үпі бөлмесі бар екен. Сол үйге түсті.

Кала арасы салт аттыға соншалық қолайлы емес. Бұрын баларак кезінде қалада оскен Абай, сол қаланың ыңғайына икем, салт атты қойды да, шана жегіп жүретін болды.

Қазір Ербол мініп келген семіз көк атқа кәшаба шана жегіп, екі жігіт қатар отырып, сар желдіріп келеді. Күн ашық болғанмен, шытқыл аяз екен. Көше бойының шыныланып калған қалың кары, көк аттың тағасы тиген сайын сықырлай түсіп, кірш-кірш етеді. Бұлар Семей қаласының даңқты адвокаты Ақбас Андрейдікіне келеді. Алғаш келе жатқаны осы.

Жігітек адамдарының ісіне Абай Семейге келісімен белсене кірісті. Бүл уакьпта кала толған Тобыкты. Әсіресе, қуғын көрген Жігітек пен қуғын салушы болыстар жағы қаптап жүр. Болыстар бұрын көрсетілген отыз кісінің жайындағы сөздерін “расқа шығарамыз, барарына барғызамыз” деп сотқа да, ояз бен “жандаралға” да қағаз тоғытып жүр екен.

Жігітек кісілерінің әзіргі бастығы Бөжейдің баласы — Әділ. Бірак оның өзі де, ақылшылары да кеңсе тәртібі мен қағаз тартысын білмейді. Ерте келсе де, жөн таба алмапты. Абай, ең алдымен, солардың ісін түзу беітетгі. Ұстауда жаткан Балағаз, Әділхандардың катын-баласы атынан арыздар жолдады. Болыс қағаздары баратын жерлердің бәріне енді жарыса түскен карсы сөздер бар.

Тәкежан да есік-тесікті көп білмейді. Онысы Абайға мәлім. Бірак оған кіріс-шығысты оңайлататын кісі — Тінібек. Абай жакын арада сол Тінібекке кісі салып:

— Тәкежан Құнанбай баласы болса, менің де жөнім сол. Біздің болыс осы жолы абырой алатын, жақсы ат табатын іспен келіп отырған жок. Өзін де, әкесін де жаманатқа ұшыратып, қарғыс алатын іске басты. Тінібек орынды кезде болысқан. Бірақ дәл бүл жолы жалған намыс дегенді айтып, ағайынның обалына қалғалы отырған Тәкежанға болыспасын! Шын достық ойласа, кайта тыюға себепші болсын! — деген.

Мұнысы - Тәкежан жағын әлсіретем деген іс. Тінібек Абайга өзі кеп сөйлесіп, біраз іркіліп калды.

Осымен катар Абай істеткен бір жұмыс — адвокат жалдау. Облыстың үлкен адвокаты Акбас казірдс Балагаздардың ісін алып, жоктаушы- лардан арыздар жиып, соны өзі ондеп жазып, тиісті жерлерге беттетіп жаткан.

Абай мен Ербол Ертіс жагасындагы жалғыз қабат тас үйдін терезесінің алдына келіп тоқтады да ішке кірді.

Ақбасты бұлардың алғаш коргені осы. Бет ажарында оншалык кәрілік белгісі болмаса да, шашы аппак, сакал-мұрты бурыл кісі екен. Бойы зор, бас бітімі ірі келген, келбетті. Түсі ойлы кісідей салкын. Көзілдірік аркылы көрінген мөлдір көк көздері салмақты сабырмен, барлай қарайды.

Бұл үйде Ақбастан баска кара мұрт, таңқы мұрын тілмаш отыр екен. Абаймен уақыт байласып, әдейі кеп тосып отырған. Ол мінезі жеңіл, білімге шолақ адам. Бірак облыс сотының тілмашы осы. Біртәуірі.орыс- шаға жүйрік деседі.

Абай Ақбаспен амандасып отыра беріп, үлкен бөлменің ішіндегі кітаптарға қаралы. Мол үйдің төрт қабырғасы бірдей иін сүйесіп тұрған көрікті кітаптар. Барлық әңгіме бойында Абай осы көріністен көз ала алмай, кайта-кайта айналып карап отыр. Бір үйден, бір кісінің қасынан мүншалык көп кітап көргені осы.

Ақбасқа Абай арыз ұсынды. Ерболмен екеуі қол қойып, Жігітек кісілерін актаған екен. Бұлардың, әсіресе, арашалайтыны — Базаралы, Каумен. Үркімбай сиякты жандар.

Тілмаш арыз жайын айтып болған соң, Акбас Абайдың аты-жөнін сұрады. Жас жігіт өзін Қүнанбаевпын дегенде, адвокат жалт қарап, таң- данынкырады да, алдыңғы арыздарды қолына алып, бірдемені іздей бастады.

Оны танландырған нәрсе, болыс пен бүл жігіттің ортак фамилия- сы. Осы жөнін айыра сұрап кеп, Абайдың Тәкежан болыспен туысқан екенін білгенде, адвокат, әсіресе, таңырқай түсті. — Сенің туысқаның бүларды куып отырса, сен кеп ақтайсың да қорғайсың’ Бұл қалай?—деді.

Абай тілмаштан ұғынды да:

— Рас, болыс менің бірге туған ағам. Сондай жакын кісі болған- дыктан қасында отырып, жаман істерін анық көріп, толық таныдым. Жұртқа істеген әділетсіз зорлық, қиянатын көрген соң, үндемей отыруға шыдамадым. Адамшылық карызы осы деп. әдейі өзім тіленіп келдім. Ұлық та емеспін, акы алған қуғыншы да емеспін. Жауапкер Қауменовпсн бірде- бір ілік жалгасым да жоқ. Мына жолдасым Ербол да солай. Екеуміз тура көлденең, бөгде кісінің куәлігін айтпакка келдік. Арызымыз соның жайы. Егер ұлыктар, соттар барлық істің хақикатын білем десе, осы біз сияқты көлденең, қалыс ағайыннан шындықты сұрау қажет деп білеміз. Біздің арызымызда осы жайды анықтап, дәлелдеп жазуыңызды өтінеміз! — деді.

Бүгінгі шаруаның үлкені осы. Абай сөздерін Акбас жаксы ұғынды.

Ұғынды да Абайдың жүзіне ырза боп карады. Адамшылық дейді, карыз дейді. Көшпелі, жабайы халықтың адамы болса да, мұның аузын- да үлкен сөздер бар.

Акбас білімді, тіс қаккдн адам болғанмен, казак арасына жаңада келген. Бұл халықты білмейтін. Өзі бір кезде “Петербор” тұрғыны болатын. Сол жақта, жасырақ кезінде, патшалық өктемдігіне наразы болған қау ымдарға азырақ араласкан. Сондайдың салдарынан Петерборда тұра алмайтын боп, жылжып кетті. Бертін заманда алғашқы кауымынан да ажырап, жалғыз калды.

Содан кейін шетірек жерлерде адвокатгығын қайта жүргізуге рұқсат алып, тыныш тіршілікке көшкен. Коп уакьгг Еділ бойында, Орал тауларында жүріп, соңғы екі-үш жылдың ішінде Сібірге орналасқан. Өзі ғылымға бейім, окымысты адам болғандықтан, Ақбас енді казақсиякты елдің әдет-ғұрпын, заң-дәстүрін жиыстырып, тексерсем деп жүретін. Шен дәрежесі үлкен болмаса да, бұл шаһардың білікті, басты адамы осы.

Жаңағы арыз жөнінен Акбас берген бірнеше сұрауларға жауап айтып болды да, Абай тағы кітаптарға қадалды. Қайран боп, сүйсініп отырып.

— Шіркін, жасау мен жиһаз асылы мынау екен ғой. Жарастық қандай, қасиет қандай! — деді.

Тілмаш Ақбасқа Абай сөздерін аударып берді.

Осы уақытта Абайдың көзі жакын жердегі жақсы мұқабалы бір топ кітапқа түсті.

— Мынау закон кітабы ма екен? Не жайдағы кітаптар екен, ө?.. — деп ойлана сөйледі. Ол кітаптар Пушкиннің томдары еді.

Акбас әуелде ұғындырмақ боп: “Ол закон емес, поэт жазған сөздер...” деп келді де, артынан қолын сілкіп:

— Сен білмейсің... оны білу қиын! — деді.

Өз ойынша: “Поэт, киргиз сиякты елде жоқ болар, сондықтан ондай ұғым да жок болар!” деп, сөзді қысқа қайырған.

Абай тілмаштан білмек болды. Ол “поэт” деген сөздің қазақша не екенін ойлап көрмеген екен.

— Әнші... Әнші кітабы... — деп, Ақбас сияқты қысқа қайырды.

Абай әнші деген сөзге тоқтай алмай:

— Қалай дейсіз? Әнші дейсіз бе!—деп түсіне алмады. Тілмаш Абайды керексіз сөзден тоқтатпақ болып:

— Сен білмейсің, ұкпайсың деп айтады мына кісі, — деді.

Абай намыстанып калып, мысқылдай күлді.

— Япырм-ай, бұл кісі болса, білімді адам. Біз де бір жұрттың сөз ұғарлық басы бар жастарымыз дейміз. Адамға адамды жанастыратын тіл- ау! Сол болмағандықтан бірімізге біріміз оп-оңай ұғындырарлық жай- ларды қиын асудай көріп отырғанымызды қарашы! Қазірде екі адамзат

емес, екі маклұқ тәріздіміз. Мұжыктың мәстегі мен сахараның түйесі кездескендей ме, калай? — деді.

Ербол күліп жіберді. Абай сөзін Ақбастың білгісі келді. Тілмашка Абайдын өзі де: “Осы сөзімді жеткізші” деген.

Ақбас Абайдың сөзін түгел естіп болды да, күліп жіберді.

— Рас, бұл дұрыс айтады! Мәстек түйеден үркеді. Түйе де оған жоламайды. Біздің хал солай екені рас!., — деп, тағы күлді де, — жалғыз-ақ, сен екеуміз ғана сондай емеспіз. Қазір Россия патшалығындағы закон- тәртіп пен қырғыз сахарасының арасындағы барлык тұтас халдін өзі сондай. Сен жақсы айттың! — деді.

Осыдан кейін Ақбас пен Абайдың кездесулері көп болды.

Өйткені, қырдың аласапыраны молайып кетіпті. Жігітектен көрсетілген отыз кісінің тағы бірнешеуі ұсталып кеп, абақтыға түсіпті. Базаралы, Қараша болса, кашып жүр деседі.

Елдегі әрекет асқындап кеткен соң, Байдалы да қалаға келген. Әр жерге түртініп жүріп кеп, бір күн Абайға шынын айтты.

— Қарағым, Абай-ай, көшеде жүрсек атымыз үркіп, каласына сый- майды. Үйіне беттесек, есігінен тон-күпіміз сыймайды. Жалтыраған тақтайынан көн етігіміздің табаны тайғанайды. Адамына тілдесейік десек, саңырау мен мылкаудай боп, ымдасудан әрі бара алмаймыз. Бұл кыр сорлыға кала деген қамау екен ғой. Жалтыр мұзға айдап салған кәрі түйедей, мүгедек боп жүргеніміз, мінеки... —деген.

Отырған жұрт күліп тыңдады. Бірак Байдалы күлдіріп айтса да, күйігін айтты. Абай осыдан соң Жігітек тобын өзі бастап, өзі басклрып ЖҮРДІ.

Енді бар жаңалықты Ақбаспен ақыл қосып, тауып жүр.

Тәкежандар тың адамдарды тоғытып жатқанмен, істің беті адвокат кіріскелі дұрыстыққа қарай ойыса бастады.

Жақында адвокатка Абай шешіп берген бір түйін үлкен құрал боп, барлык жұмыстың бетін өзгертіп келеді.


Перейти на страницу: