Меню Закрыть

География для 11 класса — К. Каймулдинова

Название:География для 11 класса
Автор:Каймулдинова К., Абдиманапов Б., Абилмажинова С.
Жанр:Школьный учебник по географии
Издательство:Мектеп
Год:2019
ISBN:
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 1


Алғы сөз!

Жаһандану қарқынды дамып келе жатқан әлемде география саласын- дағы білім сендерге іргелі және жан-жақты, маңызды мағлұматтар алуға мүмкіндік береді. Мұндай білімге ие бола отырып, ақпараттың өсіп келе жатқан ағынын сыни қабылдауға, осы ағында өз беттеріңше бағдарлауға, өздеріңе кажетті білім көздерін таңдауға және талдауға, іс-әрекеттеріңнің одан арғы траекториясын анықтауға қабілетті боласыңдар.

11-сынып географиясы мектептегі географиялық білім беру циклін аяқтайды және сендерде қоршаған орта туралы жалпы түсінік қалыптас- тырып. түрақты өзгеріп тұратын әлемде болып жатқан негізгі үдерістерді, табиғаттың, халықтың және Жер шары шаруашылығының өзара байла­нысын анықтайды. Бұл курс географиялық білімді жинақтап, жалпы, ғаламдық ауқымда да, аймақтық деңгейде де қазіргі заманның маңызды проблемаларының географиялық аспектілерін қарастырады.

Жаңа білімді игеруде сендердің алдыңғы сыныптарда және басқа да таби­ғи және гуманитарлық цикл сабақтарында алған білімдерің мен өмірлік тәжірибелерің, бақылауларың ерекше рөл атқарады. Ойлаудың, қиялдың және дүниетанымның жоғары деңгейі, талдау және логикалық қорытынды жасай білу оқулықтың мазмұнында, сондай-ақ шығармашылык және дербес тапсырмаларды орындауда бағдар алуларына көмектеседі.

Жоғарғы мектептегі географияның басты мақсаты - географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде, әсіресе аймақтық және жергілікті дең- гейлерде картографиялық, геоэкологиялык, геоэкономикалык, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған география­лық білімді, дағдылар мен іскерлікті қолдана білу.

Оқу материалын игеру географиялық ойлауды, пәндік мәдениет пен тілді дамыту, ғаламдық және аймақтық үдерістер мен құбылыстарды түсіну, деректерді өңдеу дағдыларын дамыту, әлемде ғылыми - жараты­лыстану саласындағы мамандықтармен танысу сияқты оның маңызды міндеттерін шешуге ықпал етеді.

Әрбір оқылатын тақырыптың мазмұнымен толық танысу маңызды. Барлық қарастырылған тапсырмалар мен сарамандық жұмыстарды орындаңдар. Әрбір тапсырманы және оларды орындау шарттарын мұқият оқыңдар. Оларды берілген тәртіппен орындауға тырысыңдар.

Жұмыстың басым бөлігі топтық орындау үшін қарастырылған. Топтық жүмыс уақытты үнемдеуге және оны орындаудың ең жақсы нұсқасын табуға көмектеседі.

11-сыныптың географиясын оқыту үшін 136 сағат қарастырылған. Оқытылатын материал 7 бөлімге біріктірілген. Негізгі мәтінмен қатар, қосымша айдарлар бар (негізгі үғымдар, глоссарий, талқылау тақырыбы, тұжырымдар).

Құрметті достар! Сендерге шығармашылық табыс, мықты білім және қызықты зерттеулер тілейміз!

Авторлар


Перейти на страницу: