Меню Закрыть

Алгебра және анализ бастамалары для 11 класса — А. Е. Әбілқасымова

Скачать:
Название:Алгебра және анализ бастамалары для 11 класса — Әбілқасымова А. Е.
Автор:А. Е. Әбілқасымова, З. Ә. Жұмағұлова
Жанр:Школьный учебник по алгебре
Издательство:Мектеп
Год:2019
ISBN:
Язык книги:Казахский, Русский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 1


АЛҒЫ СӨЗ

Құрметті оқушылар! Сендерге ұсынылып отырған оқулық 10-сыныпта өткен “Алгебра және анализ бастамалары” курсының жалғасы болып табылады.

11-сыныпта сендер алғашқы функция, анықталмаған және анық­талған интеграл, қисықсызықты трапеция, n-ші дәрежелі түбір, рационал көрсеткішті дәреже, логарифм, көрсеткіштік және ло- гарифмдік функциялар ұғымдары және осы ұғымдардың қасиеттерімен танысасыңдар. Сонымен қатар, дәрежелік функция, математикалық статистика элементтері бойынша білімдеріңді кеңейтесіңдер.

Иррационал теңдеулерді, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешуді, сонымен қатар, жазық фигуралардың ауданын анықталған интеграл арқылы табуды үйренесіңдер.

Оқулық б тараудан, 22 параграфтан тұрады.

Әрбір параграфтың алдында жаңа білімді меңгеруге арналған тірек ұғымдар берілген.

Материалды меңгеру процесіне оқушыларды белсене қатыстыру мақсатында параграфтың ішінде өздігінен орындауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылған.

Параграфтың соңында оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тиянақтауға арналған сұрақтар берілген.

Жаттығулар тобы А және В деңгейінен тұрады. А деңгейіндегі тап­сырмалар толығымен орындалғаннан кейін В деңгейінің тапсырмалары қарастырылады. Сонымен қатар, 10-11-сыныптардағы алгебра және ана­лиз бастамалары курсын қайталауға арналған жаттығулар ұсынылған.

Өзін-өзі тексеру үшін әрбір тараудың соңында тест тапсырмалары және математикалық сауаттылық бойынша тапсырмалар берілген.

Оқулықтың соңында глоссарий, сондай-ақ, жаттығулардың шешімін тексеру үшін есептердің жауаптары келтірілген.


Перейти на страницу: