Атамекен — Елшібеков Жанат

Аты: | Атамекен |
Автор: | Елшібеков Жанат |
Жанр: | Қазақ көркем әңгімелері |
Баспагер: | Жалын |
Жылы: | 1984 |
ISBN: | |
Кітап тілі: | Қазақ |
Жүктеп алу: |
Бет - 2
— Мынау оң аяғымды соғыста тапсырдым. Қырық бірінші жылдың басынан үш жылды Батыс майданының соғыс даласында өткіздім. Қар жастанып, мұз құрсанған әрбір солдаттың майдан жолы таусылмайтын шежіре ғой. Отаны үшін мерт болған жауынгерлердің мәңгі ұмытылмайтын бейнесін көз алдымызға елестетіп, олардың өшпес ерлігі тұрасында сендерге — кейінгі ұрпаққа жеткізу азаматтық борыш. Осы мезет сендердің балбұл дидарларыңның өмірлеріндегі ең бақытты күндерің Жеңіс Туы жанындағы толғаныстарыңнан әкелер, даңқына деген адалдықты, олардың өлмейтін ерлігін өмір бақи қастер- лейтіндеріңе сенемін. Бәрінен бұрын «Өзің үшін және сол бір боздақ үшін!», яғни туған жер жолында қан майданда өз өмірін пида еткендер үшін жұмыс істейік деген ұрандарың менің кәрі жүрегімді қатты елжіретті. Кешегі окоптарда қалған жастық шағымды Рәбиғамның бойынан көргеніме мерейленемін. Ол өзіммен бірге Жеңіс Туының жанында суретке түсті. Тағы бір тебіреністі сәт — соғыстан кейінгі өмірімді бейбіт еңбек майданына арна-

ған өз басым бір кезде қан кешіп жүріп өткен жорық даласының топырағын қайта басып тұрғаным.
ҚЫЗЫЛ ТУ жаңа жеңістерге, тың табыстарға, биік белестерге бастай бермек.
ол бұдан отыз жыл бұрын Қазақстан тыңын тұңғыш игерушілердің шатырларында желбіреді;
ол тайгаға жастық қолтаңбасы боп түскен ғасыр күре тамыры БАМ бойында алаулады;
ол 1979 жылдың көктемінде мәңгі мұз аймағы Солтүстік полюсте алғаш жарқырады;
ол күні кеше ғана Жердің ең биік нүктесі Эверест шыңында асқақтады!
Қызыл Ту — Отанымыздың жарқын бейнесі. Біз оны әркез жүрегіміздің бір бөлшегіндей сезінеміз. Сондықтан да осынау Ту туралы толғаныс сәтінде көпшілік біле бермейтін тағы бір Қызыл жалауды еске түсіргенді жөн санадым. Ол Балқаш көлінің географиялық картада көрсетілмеген шағын ғана аралы — Жыңғылдықайырдағы балықшылар мекенінде ұлан жазға желбіреп тұратын қолдан жасалған Қызыл Ту....
Иә, біз мақтан етер, қасиеттеп қастер тұтар Қызыл Тудың үлкен-кішісі жоқ!
ЛЕНИН МАВЗОЛЕЙ!
ЛЕНИН МАВЗОЛЕЙ!
Астанаға жолы түскен әркім-ақ ең алғашқы таныстықты Кремль іргесіндегі осы қасиетті жерден бастары сөзсіз. Олар Владимир Ильич Лениннің Мавзолейіне лек-ле- гімен ағылған адамдар толқынына қосылады. Көсем дидарын көргенше тағатсызданады, ерекше сезім күйіне бөленеді. Қалың лектің сапынан Жер шарының әр шалғайынан келген алуан ұлттың өкілдерін, ақ басты қарт пен жайраңдаған жасты, балбұл жайнаған баланы көресің.
Бұл — есімі коммунизмнің символына айналған ұлы Ленинге, оның жарқын идеяларына деген миллиондаған жүректердің шексіз сүйіспеншілігі!
Біздің заманымыздан бұрынғы төртінші ғасырдағы грек өнерінің ең тамаша үлгісіне жататын Галикарнаста- ғы Мавсол патшаның атына байланысты туған мавзолей — қаза болған адамға арнап тұрғызылатын монументті ғимарат ретінде бүкіл дүние жүзіне таралған. Әлемдегі «жеті кереметтің» бірі саналған әйгілі Галикарнас мавзолейінің архитекторлары — Пифей мен Сатил. Қазіргі таңда сол кереметтердің кереметі — Ленин Мавзолейі деп мақтанышпен айтамыз. Оның ғаламатты- ғы — мұнда әкелер жолдың планетаның барлық нүктесінен бастау алуы. Алпыс жылдан бері толассыз ағылған адамдар тасқынында шек те, шет те жоқ.
Кремльдің қабырғалары мен биік мұнаралары, Қызыл алаңның архитектуралық әсем сәулеті гранит мавзолеймен әдемі үйлесім тапқан. ЛЕНИН деген сөз сонадайдан мен мұндалайды. Айрықша салтанатты. Бірақ әуел баста- ғы мавзолейдің тура қазіргідей болмағанын кейінгі ұрпақтың бәрі бірдей біле бермейді.
1924 жылдың 21 январы. В. И. Ленин қайтыс болған күн. Бүкіл еңбекші бұқараның, барша прогресшіл адамзаттың жүрегін қақ айырған қаңтардың қақаған азалы күндері... Партиямыздың Орталық Атқару Комитетіне сан мыңдаған телеграммалар мен хаттар келуде. Ильич денесін мәңгі сақтап, оның қадірлі дидарын көруге мүмкіндік беруді қоймай өтінген ұсыныстар мен тілектер еліміздің түкпір-түкпірінен үздіксіз түсіп жатты.
Солардың кейбіріне үңілейік.
«Біздің Ильич сияқты соншама ұлы, шын сүйіспеншілікке бөленген көсемнің бейнесін жерге көмуге еш уақытта болмайды,— деп жазды Москваның Рогожск-Си- монов ауданының жұмысшылары.— Біз Ильичтің денесін бальзамдап, шыны жәшікке салып, дәнекерлеп, бітеп жауып тастау керек дейміз. Сонда ғана көсемнің денесін жүздеген жыл бойы сақтауға болады...» Ал Донбасс шах- терлері жолдаған телеграммада: «Жансыз кезінде болса да сүйікті көсемді көру ауыр қазаға ұшыраған бізді аздап жұбатып, мұнан былай да аттаныстар мен жеңістерге рухтандырады»,— деп жазылған. Сөйтіп, азалы күндерде цехтар мен кеніштерде, деполар мен коммуналарда туған халық ойы жүзеге асты. Олардың өтініш-тілектері қанағаттандырылды. 22 январь күні академик А. И. Абрикосов Лениннің денесін бірінші рет бальзамдады. Ал 24 январь күні түнде сәулетші-академик А. В. Шусев жұртшылықтың ұлы көсеммен қоштасуына толық мүмкіндік туғызатын Мавзолей жобасын жасау жөнінде шұғыл тапсырма алды.
Уақыт өте тығыз. Не бәрі үш тәулік! Қызыл алаңдағы Октябрь жеңісі үшін қаза тапқан батырлар жерленген Бауырластар қабірінің арасына салынбақ Мавзолей құрылысы қолма-қол жобаланып, үш күннің ішінде аяқталуы керек. Аса маңызды, өте жауапты іске академиктен бастап, қарапайым жұмысшыға дейін аса құштарлықпен кірісті. Бір минут бел шешпей тер төкті. Әр сағат, әр секунд санаулы. Қаңтардың бет қаратпайтын сақылдаған сары аязы да қол байлау жасағысы келгендей өршелене түскен. Бірақ Ильич ескерткішін дер кезінде бітіру үшін табиғаттың дүлей мінезіне төтеп берген жұмысшылар жердің тоңын от жағып жылытып, динамитпен қопарды. Ызғырық суық желдің өтінде тұрып ағаш ұсталары қарағай бөренелерді жонып, сүргіледі. Ағаштан түйін түйген калугалық, рязаньдық, суздальдық хас шеберлер тәулік бойына тыным таппады. Түбіне жарық жөнді түспейтін терең жардың ішінде жұмыс та қиындай түсті. Жер қазу- шылар сонда да мойымады. Олардың айтатыны: «Күннің суықтығы қайтер дейсің! Бәрінен бұрын жүректі қарыған қайғы суығының зәрі жанға батады». Иә, адамдардың сүйікті Ильичке деген ыстық махаббаты барлық қиыншылықты жеңіп шықты. Белгіленген күні — 27 январьда — таңертең қарт Кремль қабырғасының жанынан ағаштан жасалған қара сұр Мавзолей бой көтерді.
Бұл Мавзолей қазіргіге онша ұқсамайтын. Шағын ғана үш сатылы пирамидамен аяқталатын текшенің биіктігі шамамен үш метр. Жер астындағы ұлы адамның денесі қойылған азалы залға апаратын екі есіктің оң жақтағысы- нан кіреді де, сол жақтағысынан шығады. Сатылы етіп бой көтерген Мавзолей көсем идеяларының мәңгілік символы іспеттес. Сәулетшінің ойы Қызыл алаңның ансамбль- дік сән-салтанатымен өзінше жарастық тапқан. Бір жарым айдың ішінде Ленинге 100 мыңнан астам адам келді.
Дегенмен монументті, архитектурасы жағынан көркем де келісті жаңа Мавзолей салу 1924 жылдың басында қайта қолға алынып, көп кешікпей 1 август күні еңбекшілерге өз есігін айқара ашты. Ағаштан салынғандықтан

мұның да түпкілікті тұрмайтыны белгілі. Ал ұлы көсемге орнатылар Мавзолейдің мәңгі болуы барша совет адамдарын сонау бір азалы күндердің өзінде-ақ мазалағанды. Сонымен жан-жақты үлкен ізденістен дүниеге келген Лениннің гранит пен мәрмәрдан асқақтай бой көтерген Мавзолейі он алты айдың ішінде қайта тұрғызылды. 1930 жылғы 7 ноябрь мерекесіне арналған салтанат Ленин Мавзолейі алдында өтті...
Біздің әрқайсымыз данышпан көсемнің қайырымдылығы, мейірімділігі мен кішіпейілдігін, ұстамдылығы мен биік адамгершілігін жан дүниемізбен ұғып, оның парасатты да ұлы тұлғасына әрқашан бас иеміз. МІнеки, сүйікті Ильичтің бойындағы осындай ізгі қасиеттерді оның гранит Мавзолейі айқын аңғартады. Ол қарапайымдылық пен ұлылықты бейнелейтін ұлы адамның өзіндей мейірімді де мерейлі. Мавзолейге қараған сайын оның келісті сыртқы келбетінен алуан-алуан сыр түйгендейсің. Бір кемерден бір кемер сатылап биіктеп барады. Осының өзі- ақ үлкен ой айтып тұр. Ленин өлгенмен оның ісі, оның идеясы өлген жоқ, біз Ленин жолымен биіктен биікке өрлеп барамыз деп тұрғандай. Алып ғимараттың әр тасында осындай сыр мен сымбат әсем келісім тауып, ойыңды өрбіте, қиялыңды шарықтата түсері анық.
Мавзолейдің қоңырқай көрінісін ашық ал қызыл түс — революциялық тулардың түсі басып, келер күндерге болашаққа сеніммен бастайды.
ЛЕНИН. Көзге оттай басылар осынау қымбатты сөзді Қызыл алаңда жүрген нөпір халықтың — ұлан-байтақ елімізді мекендеген сан алуан ұлттардың, сондай-ақ әр құрлықтан келген шетелдіктердің аузынан естисің. Ардақты да қастерлі есім қара лабрадорға қызыл кварцит- пен жазылған. Өте сирек ұшырасатын асыл-тас — лабра- дорды Житомир облысындағы Головин карьерінен әкелген. Салмағы 60 тонналық монолитті 1148 шақырым жерден жеткізу оңай болған жоқ. Бәрінен бұрын лабра- дорды алып келе жатқанда оның бетіне қылаудай сызат түсірмеу керектігі ерекше ескерілді. Асыл тасты ең жақын темір жол станциясы Горбашиге апаратын 16 ша- қырымдық төте жол шабындықты ми батпақ арасынан өтетін. Осы бір қиямет-қайым жол айрықша қажыр-қай- ратты болаттай беріктік пен төзімділікті талап етті. Арнайы жасалынған сегіз доңғалақты арбаға тиелген үйдей тасты екі «Коммунар» тракторы жималы жол арқылы сүйреді. Арба доңғалақтары батпаққа батып кеткенде қос тракторға қосымша бес тягач жегілді. Сөйтіп, сегіз шақырымды сегіз тәулік жүруге тура келді. Жолдың онан кейінгі бөлігі де оңайлықпен бас ие қоймағаны аян. Міне, сол лабрадор әлемге әйгілі даңқты есімді жұртшылыққа паш етіп, Мавзолей маңдайшасында жалтылдап тұр.
Иә, ұлы көсемнің ескерткіш ғимаратын тұрғызуға бүкіл ел құлшынды. Дүние жүзінің ешқандай жерінде кездеспейтін қызыл кварцит Карелиядағы Онега көлінің
жағалауынан жеткізілді. Мавзолейге пайдаланылған басқа да асыл тастар Отанымыздың әр шалғайынан тасылды. РСФСР мен Закавказьеден, Белоруссия мен Украина- дан, Өзбекстан мен Түркменстаннан, Тәжікстаннан граниттің сан түрі әкелінді.
Қарт Кремльдің іргесінен бой көтерген Лениннің гранитті Мавзолейі бұрынғыдан да сәулетті, бұрынғыдан да салтанатты болып көз қуантты. Бүгінде ол бүкіл халықтық мерекелерде әскери парадтар мен еңбекшілер демонстрациясын қабылдайтын мемлекеттік трибунаға айналып отыр.
Ленин Мавзолейіне кіре берісте құрметті қарауыл — қолдарына карабин мылтығын ұстаған екі солдат тұр. Бұл — еліміздің негізгі № 1 күзеті! Әлемде бұдан асқан

вахта жоқ. Кемеңгер көсеміміз мәңгі ұйқыға көз жұмған қаңтардың қақаған күндерінде-ақ еңбекші бұқара бірінен соң бірі құрметті қарауылға тұрған болатын. Содан бері алпыс жыл!.. Ғасырлар бойына тұратын № 1 күзеттің сақшылары да толқын-толқын буынға ұласа бермек.
Ленин Мавзолейінің тұңғыш сақшылары — Кремль курсанттары Г. П. Коблов пен А. В. Кашкин. Москва тұрғыны, отставкадағы генерал-майор Григорий Петрович пен Фрунзеде тұратын дербес пенсионер Арсентий Владимирович қырық жылдан кейін 1964 жылдың 17 сентяб- ріндө құрметті вахтаға қайта тұрды. Жан тебірентерлік оқиға. 1941 жылдың күзінде Москва үшін шайқаста қаза болған қызыл армияшы Павел Ражев тұрған № 1 күзетте жиырма жылдан соң оның ұлы ефрейтор Юрий Ражев тұрды. Екі мәрте Совет Одағының Батырлары А. А. Головачев, А. И. Родимцев, С. Ф. Шутов өздерінің даңқты жауынгерлік жолын Ленин Мавзолейі жанындағы № 1 күзеттен бастады. Күзет ардагерлерінің арасында полковниктер мен генералдар да көп-ақ.
Осылайша даңқты жол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. 1935 жылдан бері көсем Мавзолейі жанындағы құрметті қарауылды Кремль солдаттары атқарып келеді.
Күн көсемнің дидарын көру — әркімнің асқақ арманы. Астанаға келген үлкен-кіші Қызыл алаңға, Ленин Мавзолейіне жеткенше асығады. Ал олар жалғыз емес- ау. Тіпті жүздеген де емес... мың-мыңдаған... Ленин Мавзолейінде әдеттегі күндері алты-сегіз мың, ал жексенбі күндері 15 мыңға жуық адам болады. Құшақ-құииақ гүл шоқтарын қояды. Міңе, мұның бәрі пролетариат революциясының ұлы көсеміне деген шексіз сүйіспеншілікті айғақтаса керек.
ДУБОСЕКОВО НЕМЕСЕ № 251 БИІКТІК
БҰДАН бернеше жыл бұрын түсірілген осынау суреттер мәңгі естен шықпас сол бір командировканы күні кешегідей қаз-қалпында көз алдыма алып келген.
...Ұлы Жеңістің отыз жылдығы құрметіне орай ВЛКСМ Орталық Комитетінің шешімі бойынша еліміздің отыз мың комсомолец! Москвада Жеңіс туының жанында суретке түсті. Биік абыройға кенелген қазақстандық жастар бұл сапарда астана іргесіндегі алапат қан тегістер болған жерлерді де аралады.
Отанымыздың жүрегі — Москва түбіндегі кескілескен шайқастың жаңғырықтары мен іздері іспеттес—Воло- колам тас жолы-бағытындағы түрлі ескерткіш-белгі, 41- шақырымда тұрған тұғырдағы танк, гитлершілдердің ең соңғы табаны тиген жердегі белгі... Бәрі-бәрі... тіпті қара жолдың қос қапталында ойға шомған қысқы орман да отты жылдар жайынан тіл қатқысы келеді-ау.
Енді міне, қарсы алдымызда—Волоколам, Нелидово, Дубосеково, Горюны, Гусенево,.. Тарих пен аңызға айналған географиялық атаулар. Нелидово деревнясында- ғы гвардияшы-панфиловшылардың қабіріне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойысымен көк өрім өрендер автобусқа отырмастан Дубосеково разъезіне жаяу тартты. Алыстан аңсап жеткен жастар өз жерлестері 28 панфиловшы батырдың өшпес ерлік жасаған жерінің иек астында екенін естігенде мүлдем тұра алмаған.
Айнала ақ көрпеге оранған. Шыршалы тоғай көз ұшынан бұлыңдайды. Ақпанның сақылдаған сары аязын елер ешкім жоқ. Қолымдағы «Киевтің» объективі мұздап сіресіп қалмасын деген оймен бөкебаймен орап, қойны- ма тығып алғам. Лек-легімен қаумалаған жастар Виктор Николаевич Уваровты жүргізсейші. Бір кездегі миномет ротасының командирі, запастағы майор сөйлеп келеді. Қарт жауынгер жанарын сонау көкжиекке қадаған қал- пы, бір сәт үндемей тұрып та қалады. Тұс-тұстан қойылған сауалдар селі оның ойын отты жылдарға еріксіз шегіндірген еді. Ал зұлмат жаумен шайқасқан күндерді тебіренбей, толқымай еске түсіру қиын-ақ.
— Иә, фашистердің темір құрсаулы 50 танкісі тура осы тұстан лап қойды.»— Ол артына бұрылып қолымен Нелидово деревнясының батыс жағын алып жатқан тоғайды көрсетті.
— Бірінен соң бірі шұбырған темір тажалдарға тосқауыл жасап, алпауыттардың ешқайсысын алға бастырмаған 28 панфиловшы қаһарманның ғаламат ерлігі де осы жерде жасалды. Ал саяси жетекші Василий Клочковтың: «Россия кең-байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда— Москва!» деген сөзі, міне, мына окопта айтылған.
Осы мезет қазақстандық жастар бір минут тұрып, 28 панфиловшы-ерлерді еске түсірді. Олардың әрқайсысы алапат шайқас болған жердің суретін өздерінше көз

«Саяси жетекші В. Клочковтың Жер шарын шарлаған атақты сезі тура осы окопта айтылған» алдарына елестеткен. Ұлы Жеңістің алғашқы кілті болған мәңгі өлмейтін ерлік дүниеге келген Волоколам тас жолын жиектей созылған бөктердегі 28 гвардияшы-батыр- лардың бекініс окоптары, траншея, блиндаждары қаз- қалпында. Омбы қар астындағы № 1 және № 2 окоп жүлгеленіп жатыр. Қос окоптың арасына қойылған мәрмәр тақтадағы жазуды да бейжай оқи алмайтының анық: «Бұл жерде 1941 жылдың 16 ноябрінде 28 гвардияшы-панфиловшы батырлар Москва үшін шайқасты. Халқымыздың даңқты ұлдары фашистердің 50 танкісінің жолына тосқауыл болды. Шын жүрегімізден, мынау тіршілік атынан: Батырлардың даңқы мәңгі өшпесін!»— дейміз.
Қасиетті жеріміздің сүйемдей пұшпағын жау табанына тастағысы келмеген жиырма сегіздің сом тұлғасы, кескін- келбеті шетінен елестеп өткендей... Айрықша қақаған қарашаның суық күндері, түтін тұманына бөккен ауа... Өрт пен оқ дәрінің аңқыған иісі... Тынымсыз гүрсіл мен жарылыс...

№ 251-биіктікте болған кездесулерді объективке іліктіріп алғанша асығамын. Талдықорған облысындағы Лепсі станциясының жұмысшысы Ескермес Ерденбаев пен осы облыстың Киров ауданынан келген сауыншы Би- бікамал Әбдіқазымова қарт майдангер В. Н. Уваровтың
әңгімесін ынтыға тыңдауда. Ол әлгіндегі сөзін тағы да қайталаған: «Клочковтың әлемді шарлаған әйгілі сөзі тура осы жердө дүниеге келді». Бір ғажабы Бибікамал жиырма сегіз батырдың көзі тірісі, өзінің ауылдасы Киров поселкасында тұратын Иван Димидович Шадриннің қызықты да, тебіреніске толы әңгімелерін талай мәрте естіген. Енді міне, ол даңқты батырдың қаны төгілген, ғаламат оқиға өткен сол жерді өз көзімен көріп тұр.
...Дубосековоға кейіннен тағы да жол түскен. Бір кез- дегі қызыл гранит белгі тастың орнына 28 гвардияшы- панфиловшы батырлардың мәңгі өшпес ерлігіне арналған «Даңқ шебі» ескерткіш-тақта асқақтай бой көтеріпті. Әр- қайсысының биіктігі он метрлік 6 жауынгердің алып тұлғасы Нелидово деревнясы жағынан келетін күре тамыр — Волоколам тас жолы бойынан да, Москва — Рига бағытындағы Дубосеково разъезі төңірегінен де көзге шалынады. Бірі винтовка, бірі граната ұстаған ұландардың барлығы Батысқа бет бұрған. Алыс көкжиектен жанар аудармаған қалпы қатып қалған олардың сұсты жүзінен ерліктің, ерліктің шынайы белгісін байқайсың.