Menu Close

Атамекен — Елшібеков Жанат

Аты:Атамекен
Автор:Елшібеков Жанат
Жанр:Қазақ көркем әңгімелері
Баспагер:Жалын
Жылы:1984
ISBN:
Кітап тілі:Қазақ
Жүктеп алу:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Бетке өту:

Бет - 3


Шайқас алаңы... Баяғы окоп... нақ өзі... Жаңбырмен еріген қар суы шайып, кеміре бергендіктен ордың қос қабырғасын бөренелермен өріп, табанына цемент құйып- ты. Тас баспалдақтар еріксіз төмен жетелейді. Окоптың жыланша ирелеңдеген жықпыл-жықпыл сүрлеуі жабық блиндажға апарады. Іші қап-қараңғы, сыздың дымқыл иісі байқалады. Бәрі-бәрі... бұдан қырың жылғы қиян-кес- кі айқасты еріксіз көлбеңдетеді-ау. Күн құрғатпай лек- легімен ағылып жататын адамдар үн-түнсіз батырлардың рухына тағзым етіп, бастарын иеді. Әр шалғайдан келген олардың қай-қайсысының жүзінен «Жиырма сегіз батыр­дың ерлік көрсеткен жері, осы!» дегенді жазбай аңға­расың.

108 МИНУТ ЖӘНЕ 211 ТӘУЛІК

СПУТНИК! Бұдан ширек ғасыр бұрын алғаш естіген осы бір сөздің мән-мағынасына үңіле бермейтін балық­шы аулының балалары жеті қараңғы түнде жарты әлемді жап-жарық сәулесіне шомылдырып, жылжып бара жат­қан домалақ денеге үрейлене қарайтынбыз. Бұрын-соң­ды көрмегендік болар, келе-келе көк жүзінде жарқырап жүзген алып шарды жиі-жиі тамашалап жүрдік. Балалық қиялымызға қанат бітіріп, ойымызды заңғарларға самғаг- қан «Спутник» деген жалғыз сөз аузымыздан түспейтін...

СССР Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі «Космос» павильонының табалдырығын аттаған мезетте- ақ көз алдыма жоғарыдағы сурет елестеген еді.

Түрлі-түрлі спутниктер, жобалар мен нұсқалар... Кос­мос корабльдері—«Восток», «Восход», «Союз». Авто­матты станциялар —«Венера», «Луноход», «Салют», кос- моновтардың киімдері мен тағамдары... Бәрі-бәрі бірден баурап алған.

Космос дәуірі, космос ғасыры деген сөздер бүгінгі жасампаз өміріміздің ғажайып сипаттамасындай асқақ естіледі. Космос десе көңілге туған топырақ төсіндегі Байқоңыр келері де анық. Ал Байқоңыр космодромынан ғарышқа самғап жатқан советтік батырлар Ұлы Отаньі- мыздың мақтанышы.

Адамзат баласының космосқа тұңғыш жол салғанына да ширек ғасыр. Осы уақыт ішінде совет космонавтикасы қол жеткізген жеңістер мен табыстар қиялмен пара­пар.

Павильонның үшкілдене бітер әйнекті зәулім күмбе­зінің нақ ортасына қойылған тұңғыш космос кемесі — «Востоктың» о жағына бір, бұ жағына бір шығып, кеткім келсейші! Жалғыз мен ғана емес-ay. Кермеге келуші өзгелер де «Востокты» тамашалайды. Оның да сыры алабөтен. Бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірген совет аза­маты Юрий Гагариннің «Ал, самғадық!..» деген әйгілі сөзі осы корабльдің бортынан естілді ғой. № 1 космонав­тың орбитада 108 минут болғаны баршаға мәлім. Бұл оқиға космос тарихында алтын әріппен жазылып қалды.

Ширек ғасырлық космос жолының өз баспалдақта­ры бар:

1957 жылдың 4 октябрінде ұшырылған Жердің тұң­ғыш жасанды спутнигінің диаметрі 58 сантиметр ғана

«Космос» павильионының күмбезі

Бүкіл одақтың Халың Шаруашылығы жетістіктері көрмесінде
Белгілі совет мүсіншісі Т. Мухинаның «Орақ пен Балға» ескерткіш)

шар, салмағы — 83,6 килограмм. Жердің екінші жасанды спутнигі алғашқыдан алты есе ауыр, контейнерлер мен ғылыми аппаратура орналастырылған ракета ұшырғыш­тың соңғы сатысы еді. Саңылаусыз контейнерлердің бірінде сынау мақсатында Лайка атты ит болды. Ол — Жер бетіндегі орбитаға ұшырылған ең алғашқы тіршілік иесі...

Телеграф лентасындай тақ-тұқ мұндай деректерді үздіксіз соза беру еш мүмкін емес. Әр ғарыш сапарының өз жаңалығы, өз жетістігі бар. Леонид Попов пен Валерий Рюмин космоста 185 тәулік болса, Анатолий Березовой мен Владимир Лебедев космонавтика тарихындағы 211 тәуліктік ең ұзақ ұшу сапарын аяқтап, 1982 жылдың 10 декабрінде туған Жерге аман-есен оралды.

«Космос» көрмесі... Бейне бір жұлдызды әлем дерсің.

Тебіреністі сәтте көкейге келгені:

— Иә, Байқоңыр космодромынан ғарышқа әлі талай- талай сұңқарлар самғай бередіі

ДОСТЫҚТА ЖОҚ ШЕКАРА

...АРУ АСТАНА түні шымылдығын түсіріп, көк күмбе­зіне жұлдыздарын жамыратқан шақта көтерілген әуе сұңқары бір орында тұрып қалғандай. Ұшқыр лайнердің аспан аясында қалқығанына да төрт сағат. Күбір-күбір басылып, салон ішін тыныштық билеген. Осындайда жү­ректі алып ұшырған ерекше сезім тұңғиық ой орманын шарлатады-ау.

Қиял құсы Революция бесігінің көгілдір Нева жаға­лауын аралап кеткелі қашан. Мыңдаған шақырым шал­ғайда жатқан Ленинградпен жүрегің бірге соғып, қатар тыныстағандай ғажайып күй кешесің. Міне, бұл жүрек­терді жалғаған ұлы достықтың құдіретті күші болса керек. Қазір де бұрын-соңды табаның тимеген жердің көзге оттай басылар суреттері тізбектеліп, жанарыңның алдында көлбеңдейді. Толқыннан маржан моншақтар шашқан Нева сылдыры, арындап көкке ұмтылған «Мыс салт аттының» сұлбасы, Смольный мен Қысқы Сарайдың асқақ бейнесі, зәулім мұнаралар... Ең ақырғы Ленинград- тың символына айналған ашпалы алып көпірлер мен көше шырақтарына дейін қаһарман қалаға жеткізгенше ынтықтырған. Сөйткенше қону алаңына құлдилаған күміс қанат астынан жарқ-жарқ жымыңдаған Нева оттары қол бұлғап шыға келді.

Мың-сан аспан шырақтары жерге түсіп кеткендей, зеңгір көктен бірде-бір жұлдызды іздесең таппайсың. Мінеки, Ленинградтың ақ түні бізді осылайша қарсы алған.

Көсем қаласының әр көшесі, әр алаңы, әр бұрышы көңілге ыстық. Мұның да жөні бар. Қаланың революция- шыл жұмысшы табы мен қазақ халқының туысқандық достығының тамыры тым тереңде. «Аврораның» ғаламат дабылынан бастау алған достық арналары — сан тарау. Бүгінгі таңда ленинградтықтардың қолтаңбасын Советтік Қазақстанның кез келген тұсынан көресің. 1933 жылғы 5 майдағы «Ленинград пролетариатының Қазақстанға өнді- рістік-техникалық қамқорлығы туралы» шартында да Нева жағалауындағы қала еңбекшілеріне көрсетер көме­гі мен қамқорлығының алуан бағытта жүргізілетіні айтылған.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары, со­циалистік құрылыстың соғыс алдындағы дәуірі, соғыс және одан кейінгі халық шаруашылығының қайта қалпына келтіру, коммунистік құрылыстың қазіргі жарқын дәуірі Ленинград жұмысшыларының Қазақстан еңбекшілерімен достығын бұрынғыдан бетер нығайтып, шыңдай түсті. 1934 жылдың өзінде ғана Қазақстан өнеркәсібін өркенде­туге көмек ретінде ленинградтықтар 3,5 миллион сомның машиналарын, жабдықтары мен түрлі техникасын жібер­ді. Ал соғыстың алдындағы бесжылдықтарда республи­када салынған барлық электр станциялары Ленинградтың «Киров» заводы, «Электросила», «Электроаппарат», В. Й. Ленин атындағы Нева заводы секілді ірі-ірі өндіріс ошақтарында дайындалды. «Гидроэлектропроект» тресі- нің ғалымдары Орталық және Оңтүстік Қазақстандағы, Шығыс Қазақстанның өзендеріне салынған су-электр станцияларының Алтай жүйесіне арнайы жобалар жасап берді. Сондай-ақ ленинградтың жұмысшылардың, инже­нерлердің қолтаңбаларын Қарағандының Орталық электр станциясынан, Ульба ГЭС-інен, «Прибалхашстрой», «Чим- кентсвинецстрой» трестері құрылыстарынан табасыз. Жезқазған мен Қарсақпайдың құрылысында Нева жаға­лауынан келген 60 инженер-техник ерен еңбектің үлгісін көрсетсе, Шымкент қорғасын заводының құрылысында

Сарай алаңында

Ленинград комсомолиясының өкілі—115 монтажшы алау жастыққа тән істерімен көзге көрінді. Қарағанды­ның, Риддердің, Балқаштың, Жезқазғанның, Ақтөбенің, Семейдің жұмысшы жастары Ленинградтың өнеркәсіп

Мыс салт атты

орындарында болып, тәжірибелі маман жұмысшылардан индустриялық еңбек шеберлігін үйренді.

Соғыстың отты жылдары Ленинград пен қазақстан­дықтардың арасындағы ежелгі достықтың болаттай беріктігін бүкіл әлемге тағы да паш етті. Қазақстандықтар құрсауда қалған Ленинград қаласын азат етуге бірінен соң бірі ағылды. Жыр алыбы Жамбыл Жабаев «Ленин- градтық өрендерім!» деп бүкіл қазақстандықтардың аты­нан өз үнін жолдады. Рота парторгы, аға сержант Сұлтан Баймағамбетов Ленинград майданының шешуші секун- дында дзот амбуразурасын денесімен жапты. Сөйтіп, жүрек жұтқан қазақ жауынгері ленинградтықтарға деген мәңгі сүйіспеншілігін көрсетті. Шығыстың батыр қызы Әлия Молдағұлова ленинградтық жауынгерлермен тізе қосып соғысты. Осы тұста жазушы Илья Эренбургтың

Революция штабы — Смольный

Ленинград түбінде тұтқынға түскен неміс солдатымен әңгімесі еріксіз еске түседі. «Бізге қарсы қорқынышты солдаттар шайқасты,— деді ол.— Оларды ешқандай оқ тоқтата алған жоқ. Кейіннен маған бұлардың қазақтар екенін айтты. Мен бұрын мұндай халықтың бар екенін білмейтін едім...»

Міне, бүгінде сол отты жылдарда шыңдалған ұлы достықтың нұрлы шұғыласы қазіргі сәулетті өмірімізді бұрынғыдан да нұрландыра түскен. Ленинград — Киров заводы мен Павлодар трактор заводы арасындағы өзара достық байланыс осы бір жарқын істің жалғыз ғана жар­қылындай болса керек.

РЕВОЛЮЦИЯ БЕСІГІ

ҰЛЫ ОТАНЫМЫЗДЫҢ бас қалаларының бірі — Ленин­град бүкіл әлемге әйгілі. Өзіне тән кескін-келбетімен, архитектуралық айшықты ансамблімен дараналар Рево­люция бесігі дүние жүзінің кез келген ең үлкен, ең әсем шаһарларымен иық тіресе алады. Нева жағалауындағы осынау әсем қалада бүгінде бес миллионға жуық адам тұрады. Сәулет өнерінің ең үздік үлгісімен салынған сән­ді ғимараттар— театрлар, музейлер, стадиондар қашан да өзіне шақырады. Мұнда 41 жоғары оқу орны, 16 театр, 47 музей, 801 кітапхана бар. Ал атақты Эрмитаждың көр­ме залдарымен жіті танысып, экспонаттарын егжей-тег- жейлі тамашалауға екі-үш апта уақыт кететіні баршаға белгілі.

Ленинградтың көпірлер қаласы аталуы да тегін емес. Қаланы иір-иір шарлаған Нева өзені мен Фонтанка, Гри­боедов каналдары бойындағы көпірлердің ұзын саны төрт жүзге жуық. Сол алуан көпірлердегі бір-біріне мүл­де ұқсамайтын нәзік нақыштар, әсем ою-өрнектер, ға­жайып бейнелер еріксіз назар аударады. Ал әр көпірдің өз тарихы, өз аты бар...

Революциялық өмірбаяны мол қаһарман қаланың әр тасы тарих шежіресіндей тіл қатады.

1917 жылы 25 октябрьде (7 ноябрь) таңертең «Авро- раның» радиостанциясы Владимир Ильич Ленин жазған «Россия азаматтарына!» деген үндеуін тұңғыш хабарла­ды. Сол күні 21 сағат 45 минутта «Аврора» Петропавл қамалынан алдын ала келісілген шартты белгі бойынша зеңбіректен оқ атып, Қысқы сарайға шабуыл жасады. Сөй­тіп, крейсер матростары Қысқы сарайды алуға қатысты. Ұлы Октябрь социалистік революциясының қасиетті ескерткіші саналатын «Аврора» музей-крейсерінің табал­дырығын аттаған сәтте ең бірінші ойға оралғаны әуелден білетін осынау даңқты оқиға еді.

— Иә, Отанымыздың жүрегі — Москваны Кремльсіз, Қызыл алаңсыз, ал Октябрь бесігі — Ленинградты Смоль- ныйсыз, «Аврорасыз» елестете алмаймыз. Смольный — XX ғасырдың ең басты оқиғасын дүниеге әкелген револю­ция штабы. Кемеңгер көсеміміздің Петроградтағы өмірі мен қызметіне тікелей қатысты қастерлі орындардың шоқтығы саналатын Смольныйға тұңғыш рет 1917 жыл­дың 24 октябрь күні түнде келді. Содан В. И. Ленин келер

жылдың мартында Совет үкіметі Москваға көшірілгенге дейін осында ғаламат ойларын жүзеге асырды.

Аты аңызға айналған «Аврора» крейсері Азамат соғы­сынан кейін жауынгерлік-оқу кораблі міндетін атқарды. Оның бортында жоғары әскери-теңіз училищелерінің курсанттары тәжірибе-сынақ сабақтарын өткізді. Совет Әскери Теңіз-Флотының болашақ командирлері ұзақ теңіз жорықтарына шығып, өз мамандықтарын жан-жақ­ты шыңдауға мүмкіндік алды. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында «Аврораның» Ораниенбаум қаласындағы қазіргі Ломоносов портында тұрғанын кейбіріміздің біл- мейтініміз анық. Осы жерден ол фашистерге қарсы зең­біректен оқ жаудырды. 1948 жылы жөндеуден өткізілген даңқты крейсер Ұлы Октябрь ескерткіші ретінде көгілдір Неваның Петроград жағалауына мәңгіге қойылды.

1956 жылдан бері корабльде Орталық әскери-теңіз музейінің филиалы жұмыс істейді. Бес залдағы мыңдаған экспонатты тебіренбей көру, толқымай танысу мүмкін емес. Әйгілі крейсердің шежірелі тарихы — революция­лық, жауынгерлік еңбек өмірбаяны болып сыр шертер түрлі деректер мен суреттер...

«Новое Адмиралтейство» кеме верфінде 1897 жылдың

Нева жағалауында
Даңқты крейсер «Аврора»

23 майында і-рангалы крейсер жасау қолға алынды. Оның құрылысына тәжірибелі инженер К. М. Токаревский жетекшілік еткен. Жаңа ғасыр таңында 1900 жылдың 11 майы күні кеме салтанатты жағдайда суға түсірілді. Сол кездің өзінде асқан көрегендікпен корабльге «Авро­ра» атауы (ежелгі Рим мифологиясындағы Аврора адам­дарға жарық әкелуші, таң шұғыласының құдайы) берілген.

Музей залдарын аралаған сайын көп естімеген соны деректерге жолығасың. Өмірбаянның беймәлім парақ­тарындай ерекше әсерге бөлейді. Мына бір үлкен карта- схемада «Аврораның» Солтүстік және Жерорта теңізде­ріңде, Атлант пен Үнді мұхиттарында, шетелдік порттарда Ява мен Суматра аралдарында болғандығы бейнелен­ген... Ал ғасырлар бойы торлаған қара түнек бұлтты ыды- ратып, арайлы шұғыла нұрын сепкен 6-дюмді зеңбірек пен радио станцияны әркім-ақ алақанымен сипап көргісі келеді. Жер шарының әр шалғайынан шыққан жол үнемі Нева үстіндегі музей табалдырығында тоқайласып жатады. :

«Аврораның» Ленин каютасындағы 1924 жылдың 1 июлінде тұңғыш рет пайда болған «Лебіздер кітабы» өте қарапайым. Оқушы дәптерінің елу бетінен ғана түп­телген бұл шағын кітапқа Совет Одағының елшісі А. М. Коллонтай ең алғашқылардың бірі болып өз қол­таңбасын түсірген екен. Міне, содан бері де талай жылдар тарих парағына айналды. «Лебіздер кітабы» бірнеше томдар басын құрап отыр. Оларды оқып шығуға да апта- лаған уақыттың кететіні сөзсіз. Алуан елдің тілінде тол­тырылған ғажайып кітаптан түрлі әріптер мен таңбаларды, иероглифтер мен белгілерді көресің. Әр жастағы, сан мамандық иелерінің жүрекжарды сөздері... Ақ пейілді ниеттері... Қай-қайсысы да жан толқытады, тебірентеді, ойға шомдырады... Рақатты күйге бөлеп рухтандырады. Халық комиссары А. В. Луначарский, неміс пролетариа- тының көсемі Эрнест Тельмен, Париж коммунасына қатысушы Густав Инар, әлемдегі тұңғыш космонавт Юрий Гагарин, үш мәрте Совет Одағының Батыры авиация маршалы А. Покрышкин, Карл Маркстің шөбересі Поль Лонге, Куба Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бірінші секретарь! Фидель Кастро, Чили Коммунистік партиясының Бас секретарь! Луис Корваланның ұлы Альберт Корвалан, қазақстандық ақын Олжас Сүлейме- нов, алматылық архитектор Мәлік Оспанов... туған рес­публикамыздан келген қарапайым еңбек адамдарының да қолтаңбаларын көресіз. Олар—целиноградтық ди­қан, қарағандылық турист, талдықорғандық оқушы, екі- бастұздық шахтер, жамбылдық шопан... Мың-мыңдаған автографтардың арасында Вьетнамнан, Монғолиядан, Үндістаннан, Италиядан, Канададан келген туристердің де лебіздері бар.

Балғын бөбектің ірі-ірі әріптермен толтырған тілек-ле- бізін сол күйінде келтіргенді жөн көрдік: «Мұнда Лена мен Дима екеуміз әке-шешемізбен бірге келдік. Біз «Аврораның», Бейбітшілік пен Күннің мәңгі тұратынына сенеміз!»

Қазіргі таңда Жер шары үстінде алаулаған Октябрь Туының тұңғыш рет «Аврора» төбесінде желбірегені қандай қуаныш, қандай бақыт!

НЕВА — ЕРТІС АРАСЫ

КӨГІЛДІР Нева мен қара Ертістің арасы мыңдаған шақырым жерді алып жатыр. Шалғайлығына қарамастан осы қос өзеннің арасын жалғастырған жол жүректерге әрдайым қуаныштар, жақсылықтар сыйлаумен келеді. Достықтың терең тамырына айналған жақсы дәстүрдің қайнар бастауы — Нева мен Ертіс жағасында бой көтер­ген трактор алыптары екені баршаға аян...

«Кировец» тракторларын шығаратын заводтың табал­дырығын аттаған сәтте көз алдымызға шексіз де, шетсіз көсіліп жатқан шалқар дала суреті көлбеңдеген. Қыр төсін еңбек дүбіріне бөлеген дала алыптары қаздай тізі­ліп, бір белден бір бел асып барады. Қара жердің қырты­сын тіліп түскен қыз бұрымындай тартылған жал-жал бо­раздалар... Алмас түрендерін күн нұрына шағылыстыр­ған «Кировецтер» ертеңгі молшылықтың берік негізін қалауда. Ал темір тұлпар тізгіндеген механизаторлар тәулік бойына бір бел шешпейді-ау...

Алты орденді «Киров заводы» өндірістік бірлестігі бүкіл әлемге әйгілі. Халық шаруашылығының сан алуан саласы үшін өнім өндіретін бұл завод еліміздегі ең ірі машина жасау және металлургиялық орталық болып табылады. Ұлы Октябрь жеңісі сыйлаған ондаған жылдар жемісін бірер ғана деректермен бейнелесек те жеткілік­ті. Ол — не бары жиырма аттық күші бар өте қарапайым «Фордзон-путиловецтен» қазіргі үш жүз аттық алып «Кировецтер». Осынау тракторларды бүгінде күн шұғыла- лы Советтік Қазақстанның кез-келген түкпірінен кездес­тіресің. Сондай-ақ, ол — «Қырым» тәрізді танкерлер мен «Арктика» секілді атом мұз жарғыштарына арналған аса қуатты турбиналар.

Көсем атындағы қаланың трактор жасаушылары жа­сап шығарған алғашқы тракторлар туған республикамыз­ға сонау жиырмасыншы жылдарда жеткізілді. Завод му- зейінде сақталған «Правда Востока» газетінің 1929 жыл- ғы 2 август күнгі санында жарияланған материалда «Фордзон-путиловецтер» Орта Азия мен Қазақстанның ауыл шаруашылық еңбеккерлеріне көмекке келді» деп жазылған. Мақаланың әр жолы көңілге айрықша жылы­лық ұялатады.

Осы деректің өзі мыңдаған шақырымдағы Ленинград трактор жасаушыларымен қазақстандықтардың достық

байланысының тым тереңде екенін айғақтайды. Бұдан алпыс төрт жыл бұрын РКП(б) VIII съезінде В. И. Ленин қиялдай көрінген өз арманы—ауыл шаруашылығына бірінші класты жүз мың трактор беруді айтқаны бөріміз­дің есімізде. Қазір біз көсем арманының салтанат құрға- нына шексіз қуанамыз. Бүгінгі трактор өндірісінің қуатын кешегі күнмен салыстыру әсте мүмкін емес. Тек өткен оныншы бесжылдықта кировтықтар алты жүз мың қыр алыбын шығарды. Ұлан-байтақ Отанымыздың түкпір-түк- пірінен екі жүз мыңнан астам «Кировецті» көруге бола­ды. Бұл тракторлардың алтын дәннен миллиард тауын

Павлодардың бүгінгі бейнесі

тұрғызып жүрген Қазақстан диқандарының сенімді қолғанатына айналғалы қашан?! Осы орайда есімі бүкіл елімізге белгілі қазақстандық даңқты механизатор. СССР Жоғарғы Советінің депутаты Кәмшат Дөненбаеваның мына сөздері еріксіз ойға оралады: «Қазақстаннан шал­ғай жатқан Нева жағалауынан тікелей өз атыма жіберіл­ген «К—701» тракторын алған кезде тағы да қуанышқа бөлендім. Ленинградтық бауырлар, Киров заводының жұмысшылары осындай тамаша сыйларыңыз үшін қазақ­ша айтқанда, мың да бір рақмет!» Сондай-ақ, ленин­градтық Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбектегі бақы­тын Қазақстан тыңында тапқан Социалистік Еңбек Ері

И. И. Ивановна есімі жазылған «К—701» тракторының за­водтың орталық алаңында салтанатпен тапсырылуы шы- найы достықтың жарқын көрінісін бейнеленді.

Тамаша дәстүр өз аясын үздіксіз кеңейте бермек. Партия мен үкіметіміз трактор жасаушылардың алдына аса жауапты, өте маңызды міндет қойып отыр. Таяу жыл­дарда Павлодар трактор заводында «К-701» тәрізді трак- торлар шығарылмақ. Ленинградтық конструкторлар мен инженерлер осы мақсаттағы алғашқы шараларды дер ке­зінде қолға алды. Павлодарлық трактор жасаушыларға үнемі көңіл бөліп отыратын олар өздерінде қуаты үш жүз отыз аттық «К-701» тракторының бесеуін арнайы жасаған еді. Бұл тракторлардың үшеуі Кубаньда, ал екеуі Солтүстік Қазақстанның машина сынау станция­ларында мемлекеттік байқаудан өткізілуде.

Міне, мұның өзі кешегі тұлпар тұяғы дүбірлеткен қа­зақ жерінің аз уақыт ішінде «ағаш соқадан—алып трак- торлар» өлкесіне айналғанын айғақтайды. Ертіс бойында бой көтерген Павлодар трактор заводының территория­сының өзі-ақ көп жайды аңғартады. Әрқайсысының ау­мағы ат шаптырым жерді алып жатқан цехтар мен түрлі корпустар біріне-бірі ұласып жатыр. Әр цехтың тіршілік- тынысымен жан-жақты танысып шығуға әжептәуір уақы­тыңның кетері анық. Сондықтан да завод жүрегі санала­тын бас конвейерге кірдік.

Цехтың іші қайнаған қызу еңбек. Үлкенді-кішілі транс- портерлер мен аспалы көтергіштердің бірқалыпты әуез­ді зырылы. Шаң-шұң темір даусы. Әр бөлшекті, әр тетік­ті тиісті орнына бекіткен адамдардың қимылдарына көз ілеспейді. Алғашқы қос шомбал біліктен басталған трак- тордың нобайы бірте-бірте зорайып, тұлғалана түскен. Киноленталардан ғана таныс трактор жасаушылардың өмірі әуелден баураған еді.

— Ертістегі трактор алыбының тарихы сонау бір тың көтерген 1956 жылдан басталады,— деп В. И. Ленин атындағы Павлодар трактор заводы өндірістік бірлестігі­нің бас инженері В. Т. Чава әңгіме өрбітті.

— Алғашқы жылдары біздің кәсіпорын комбайн мен тоңазытқыш шығаруға бейімделген-ді. Заводтың көз алдымызда қаз тұрып, қысқа мерзімде одақ көлеміне танылуы қай-қайсымыздың болсын мақтанышымыз. Бұ­дан ондаған жыл бұрын завод цехында болашақ қазақ­стандық тракторға арналған ең алғашқы жеті түрлі бөл­шектің жасалғанын көргендегі көңіл-күйді айтып жеткізу

еш мүмкін емес. Сондағы қуанғанымыз-ай! Кәсіпорын өміріндегі елеулі әр оқиға ұмытылмастай жадымызда сақталған. Соның маңыздысы—1968 жылдың 12 авгусы. Заводтың бас конвейерінен «Қазақстан» атты төрт трак­тор шыққан бұл күн республика өнеркәсібінің тарихына алтын әріптермен жазылды ғой.

Павлодар трактор жасаушылары бүкіл елімізді елең еткізген осы оқиғадан кейін не бары екі жыл ішінде «Қазақтсан» тракторын топтап шығарудың технологиясын толық игерді. Жас заводты бірер жыл төңірегінде отан- дық озық техникамен жарақтандырылған алып кәсіп­орындар қатарына тұрғызуда барлық одақтас республи­калар еңбекшілері өкілдері туысқандық көмектерін көр­сетті. Ал алыстағы Нева трактор жасаушыларымен өзара достық байланыс сол бір сын сәттерден бастау алса ке­рек. Иә, бауырлар құшағы, бауырлар қолтаңбасы қашанда ыстық-ay... Биіктен-биікке көтерген де сол берік достықтың тегеурінді серпіні...

Республика мақтанышына айналып отырған Ертіс бойындағы заводтан биылғы көктемде бес жүз мыңыншы трактор шықты. Павлодарлық трактор жасаушылардың алдағы алар асулары мен биік межелері де көп жайды аңғартады. Бұрынғы «ДТ-75» тракторы қайта жаңартылу­да. Болашақта «К-701» қуатты тракторлары күн дидарлы республикамыздың өзінен шығарылмақ. Маңызды мін­детті ойдағыдай жүзеге асыру үшін павлодарлықтар қазірден қажырлылық көрсетуде. Бұл күнде олар қазақ­стандық «К-701» шығатын заводтың құрылысын қызу қарқынмен жүргізіп жатыр. Кең көлемдегі әлеуметтік іс- шаралар да жүйелі әрі сан-салалы бағытта жүргізілуде...

Қара Ертістің әсем иінінде асқақтай бой көтерген трактор жасаушылардың Мәдениет сарайы кешкілік бұрынғыдан бетер құлпырып, жайнап кетеді. Трактор жасаушылар өздерінің жұмыстан кейінгі бос уақыттарын көбінде осында өткізеді. Алуан ұлт жастарының күміс күлкісі, музыканың әсем әуені түннің бір уағына дейін ұласады. Мәдениет сарайынан шыққан жұмысшылар жасыл желек көмкерген гүлзардың арасымен қайтып барады. Гүлзар бойын қуалай әдемі орнатылған Ленин­град көшелеріндегідей алты қырлы шырақтар көгілдір Неваның самаладай жарқыраған оттарын елестетеді. Сәулетшілердің үздік қиялынан туған тамаша ғимараттар осы бір тұстан тым асқақ, тым сұлу көрінеді.

МӘҢГІЛІК РУХ

РЕВОЛЮЦИЯ БЕСІГІНЕ жол түсе бермейді. Сондықтан Нева жағалауындағы қаламен егжей-тегжейлі танысқан жөн. Бәрінен бұрын мыңдаған шақырым шалғайдан ар­найы келгенде Жамбыл ата көшесін көрмей кету...

Көлденең қиылысқан көше бойындағы сұрғылт тас үйдің іргесіне кідіргенім сол:

— Іздегенің қай көше еді?— деді дауыс.

Қарсы алдымдағы шашын күміс қырау шалған биязы үнді әжейді бірден шырамыттым. Ең бірінші тілдескен адамым. Әлгінде қала орталығымен танысудың жөн-жо- сығын осы кісіден сұрап білгенмін. Сонда көмейіме жетіп келген басты шаруамды ішке бүккен күйі қала бергем. «Қалада не көп, көше көп? Қайсыбірін біле бермек...»

— Жамбыл көшесін білесіз бе?

— Білемін. Түу баста неге сұрамадың, қарағым? Бос әуре болмас едің,— деп әжей де мені танығанын білді­ріп жатыр.— Мына Фонтанканы жағала — бес-алты көше. Әйтпесе метроға түсе сал. Лып етіп жетіп барасың.

— Көп рақмет! Қаламен танысқаным дұрЫс болар, қазір тауып аламын ғой.

Әжей сілтеген көшемен ілгері тартып келемін. «Фон­танка жағалауы» аталатын бұл көше қаланың негізгі күре тамыры іспетті. Жағалауын қызыл гранит тастармен биіктете өрген өзеннің қос қапталы бірдей жарысқан үлкен көше. Көше сайын, бұрылыс сайын — көпір. Ал кө­пірлерді көмкерген шойын өрнек-бедерлер бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Фонтанкада ақ көбік жолақ қалды­рып ерсілі-қарсылы зуылдаған ұшқыр қайықтар мен «Метеорларда» тыным жоқ.

Көшенің шежірелі тарихы да жиі-жиі тіл қатып қояды.

«Кезінде бұл үйде декабристер бас қосып тұрған», «Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин өз өмірінің бірнеше жылдарын осы үйде өткізді», «Большевиктер баспахана­сы», «В. И. Ленин болған үй», «Лениздат», Ленинградтың академиялық үлкен драма театрының ғимараты... Бұл тізбек үлкен көшенің екі жағына алма-кезек ауысып жүре береді, жүре береді. Бір ғажабы мұның бәрін ешкім арнайы айтып, түбегейлі түсіндірген емес. Жол- жөнекей кездескен ескерткіш-тақталар мен белгілердің өздері-ақ сөйлеп тұр...

Осындай алақандай ғана тас тақтадағы бедерлі жазу

Жыр-плакаттар ілінген Ленинград көшелері

алып-ұшып келе жатқан жүректі ғаламат тебіреніске тү­сірген. Жазуды әлденеше рет оқыдым. «Неміс фашисте- рінің снаряды опырып кеткен». Белгі-тақтаның орнатыл­ған жері де көңіл толқытады-ай! Қаланы мың ораған Фонтанка өзенінің үстімен өтетін орталық көше бойында- ғы көпірдің гранит жақтауының опырыла ойылған тұсына шегеленген. Көпір үстіндегі адамдар шоғыры сәл сәтке сейілсейші. Ерсілі-қарсылы өтіп бара жатқан адамдар еріксіз мойын бұрады. Жалғыз ауыз сөзді жарыса оқиды. Үлкен де, кіші де күбірлейді. Тағы да оқиды...


Бетке өту: