Меню Закрыть

Биология для 11 класса. 2 бөлім — Абылайханова Н. Т., Қалыбаева А., Пәрімбекова А.

Название:Биология для 11 класса. 2 бөлім
Автор:Абылайханова Н. Т., Қалыбаева А., Пәрімбекова А.
Жанр:Школьный учебник по биологии
Издательство:Мектеп
Год:2019
ISBN:
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 1


КІРІСПЕ

XXI ғасыр — биология ғасыры. Бұл адамзат Жер бетіндегі тір- шіліктің тағдырына жауап беретін тірі тіршіліктің бір бөлігі екенін түсінген кезде, биологиялық білімнің дамуымен және заманаун жаңа экологиялық ойлаудың қалыптасуымен анықталды. Заманауи биологиялық көзқарастың қалыптасуына сендерге "Биология” оқулығы көмектеседі. Бұл оқулықта биосфера мен экология, биомедицинаның заңдылықтары мен жетістіктері, биотехнология мен биоинформатика туралы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар жасуша, тірі организмнің өсуі мен дамуы, түқымқуалаушылық пен өзгергіштік, тіршіліктің моле­кулалық негіздері мен заттар тасымалы, қоректену, қозғалыс секілді өмір сүру функциялары да қарастырылады.

Оқулық жаңартылған бағдарлама бойынша құрастырылған және мұғалімдерге арналған "Әдістемелік нұсқау” ұсынылады. Оқулықта оқылатын бөлімдер бойынша биологиялық білім негіздері мазмүндалған және олар биологияның тірі тіршілік туралы ғылым ретінде күрделілігі мен көпқырлылығын көрсетеді. Сонымен қатар тірі тіршілік прин- циптерін зерттеуге өз өмірін арнаған ғалым биологтердің орасан зор еңбектері келтіріледі. Оқулықтың мазмұны биология ғылымының классикалық және ең соңғы жетістіктеріне негізделеді.

Биология ғылымы терминологияға негізделген өз тілімен ерекше ленеді. Терминдердің басым көпшілігі латын және грек сөздерінен келіп шыққан, біз осы сөздердің аудармасын келтіреміз және алғаш рет енгізіліп отырған терминдерге түсінік беріп отырамыз.

Ең маңыздысы, сендер оқу материалын түсініп қана қоймай, сондай- ақ алған білімді тәжірибеде қолдана білуге үйренесіңдер. Бүгін ешкімге құпия емес, қоршаған ортаның ластануы мен адамдардың денсаулығының алаңдатушылық туғызып отырған жағдайын көбіне негізгі биологиялық заңдылықтарды білмеуімен түсіндіруге болады. Биология бойынша білімдеріңді жетілдіру үшін қосымша әдебиеттер оқындар. Тапсырмалар мен сұрақтардың ойластырылған жүйесі оқыған материалды пысықтауға және өз білімдеріңді тексеруге мүмкіндік береді.

Әр параграф оқыту мақсатын айқындау мен онда оқылатын негізгі түсініктерді түсіндіруден басталады. Параграф соңында сендерге оқылған материалды ұғынуға көмектесетін сұрақтар мен тапсырмалар бар. Оқушыларға интернетте еркін жұмыс Істеуге және ақпараттық кеңістікті бағдарлай білуге, жаңа ғылыми ақпаратты өздігінен іздеп үйренуге мүмкіндік беретін көптеген тапсырмалар бар.

Биологияны оқи отырып, сендер өз организмдерің, өз өмірлерің кез келген вирус, микроорганизмдерден бастап биосфераға дейінгі ор- ганизмдер бағынатын заңдылықтар аясында болатынын түсінулерің қажет.

Авторлар


Перейти на страницу: