Биология для 11 класса. 1 бөлім — Ковшарь А. Ф., Асанов Н. Г., Соловьева А. Р., Ибраимова В. Т., Куприй С. А.
Название: | Биология для 11 класса. 1 бөлім — |
Автор: | Ковшарь А. Ф., Асанов Н. Г., Соловьева А. Р., Ибраимова В. Т., Куприй С. А. |
Жанр: | Школьный учебник по биологии |
Издательство: | Атамура |
Год: | 2020 |
ISBN: | SBN 978-601-331-750-2, 978-601-331-751-9 |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 1
Биология: Жалпы білім беретін мектептің коғамдык-гуманитарлық бағы тындағы 11-сыныбына арналған оқулық. Екі бөлімді. 1-бөлім. А.Ф. Ковшарь, Н.Г. Асанов. А.Р. Соловьева. Б.Т. Ибраимова, С.А. Куприй. -Алматы: Атамұра. 2020. - 160 бет.
КІРІСПЕ
Құрметті оқушылар!
Бүл оқу жылында Типтік оқу бағдарламасы негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұн деңгейі бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 сыныпқа арналған биология курсын оқып білесіңдер. Бұл - мектепте биологияны оқып-үйренудің бесінші жылы.
11 сыныпқа арналған «Биология» пәнінің негізгі оқу мазмұны 10-сы- ныпта меңгерген бөлімдермен тығыз байланысты болғандықтан, еткен оқу жылының материалдарын үнемі қайталап отыру керек. Жаңа сабақтың басында тақырыпты тереңірек түсінуге септігін тигізетін сұрақтар мен алдыңғы сынып оқулықтарындагы параграф нөмірлері берілген.
Оқулық материалының бір бөлігі адам ағзасын, оның құрылысы мен қызметін, ал екінші бөлігі жалпы биологиялық заңдылықтармен танысып, оқып-білуге арналган.
Зертханалық жұмыстарды орындау барысында алуан түрлі жанды нысандардың ерекшеліктерімен, сонымен қатар өз ағзаларыңның қызметімен де жақынырақ танысасыңдар.
Параграф мәтінінің ішіндегі ирек сызықпен немесе қарамен берілген сөздерді мән беріп окыңдар. Мәтіннен кейін берілген терминдердің мағынасын түсінгендеріңді өзара тексеріңдер. Егер қиындық туындаса. оқулық соңында берілген қысқаша түсіндірме сөздікті пайдаланыңдар.
Ұсақ қаріптермен берілген қосымша мәтіндер есте сақтау үшін емес, танысып шығу үшін үсынылып отыр.
Параграф соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар күрделілік деңгейіне қарай құрастырылған. Білуге және түсінуге, сондай-ақ қолдануға арналған тапсырмаларды оқушылардың бөрі міндетті түрде орындауы тиіс болса, талдау, синтез және бағалауға арналған сүрақтарды іріктеп беруге болады. Сабақта пікірталас мүғалімнің ұйғарымымен өткізіледі. Егер пікірталас топтық ойын түрінде жүргізілетін болса, оған алдын ала дайындалу қажет.