Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов
Название: | Абай жолы 1 кітап |
Автор: | Мұхтар Әуезов |
Жанр: | Литература, роман |
Издательство: | |
Год: | 1997 |
ISBN: | |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 1
М. Әуезовтің дүниежүзіне танымал роман-эпопеясы. "Абай жолы" – қазақ прозасын жаңа биіктерге көтеріп, әлем әдебиетіне жоғары эстетикалық талғам мен көркемдік қуат әкелген шоқтығы биік шығарма. Бұл туындыда Әуезов қазақ халқының ұлттық болмысын, дәстүрі мен мәдениетін терең әрі жан-жақты ашып көрсетті. Ол ұлы ойшыл Абайдың бейнесін, оның шығармашылық және қайраткерлік тұлғасын әдебиетте айрықша даралықпен бейнеледі. Шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н. Тихонов, Б. Матип және басқалар "Абай жолы" роман-эпопеясын жоғары бағалап, оны әлемдік әдебиеттің жауһары деп атаған.
Қайтқанда
1
Үш күндік жолдын бүгінгі, сонғы күніне бала шәкірт барын салды.
Қорықтан күн шыға атка мінейік деп асыккан-ды. Бұны каладан алып кайткалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпаста өзі оятып тұрғызып еді.
Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. Кей-кейде өзіне таныс Көкүйірім мен Буратиген, Такырбұлак сияқты коныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады.
Арттағылар — Байтас пен жорға Жұмабай:
— Мына баланың ауылға асығуын-ай!
— Сорлы бала қыстай іш құста болып калған-ау, — деседі. Бала шәкірт ұзап кеткенде бұлар да еріксіз желе шоқырактап шауып отырып қуып жетеді. Жорға Жұмабайдын тақымында қара шоқпары бар. Байтас- тың да аяғының басына ілген ұзын қайың сойылы бар-ды. Тақырбұлақ тұсына келгенде Байтастар баланы жеке шабудан тежеп:
— Енді бізден ұзап кетпе’ Анау Есембайдың жырасын білесің ғой!.. Үры жатады... —деді.
— Сені мен бізді манадан көріп отыр! “Қокыракгап жалғыз шабатын неме екен, түсіріп, атын әпкел өзінің!” — дейді де, сені төбеден бірақ нұқып, мына бәйге бестіңді алады да кете барады, — деді Жұмабай да.
— Е, сендер ше? Сендер беріп жібересіңдер ме?
— Ойбай, бізде не қауқар бар? Біз екеу-ақ...
— Олар самсаған сары қол. Бұл Есембайда ұдайы жау жатады. Тек бізді өзіміздің елдің адамы деп аман қалдырмаса, жер жаман,—деп Жұма- бай шошыта сөйлегісі келеді.
Баланың қытығына ти егіні осы жері.
— Әйтеуір, сендерден дәрмен жоқ екен. Ендеше бірге жүрдім не, жеке жүрдім не? Ал кеттім! — деп соктырта жөнелді. Бүл — Такырбұ- лактан өте бергенде бастағаны еді.
Содан жаңағы қауіпті деген Есембайға жеткенше, артына бірде-бір қараған жоқ. Көз ұшына кетіп ұзап алып, ылғи жапа-жалғыз шауып отырған.
Жолдың бүл тұстары ылғи белес-белес болатын. Осы қазіргідей боп жұрт Шыңғыска, жайлауға карай көшкенде елсіз боп қалатын жер. Алыстан жолды бағып отыратын тұрғылары бар. Так иек артпадан, өкпе тұстан жүргіншіге жауды қоян-қолтық, кұшактастыра түсіретін ұры сай, жасырын жыралары да бар.
Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауыскан-ды. Ол сондықтан бүгін, ауылға жететін күні үлкендерді еріксіз қатты жүргізудің айласын талқанына дән ырза. Күні бойы осылай етуге байлаған.
— Бала деген қорқар болар еді. Ес бар ма өзінде, пәруардігер, — деп, Байтас бабын таба алмай басын шайқайды.
Жұмабай әбден болмаған соң:
— Кап, мынаның баласы!.. “Мен бөрінің бөлтірігімін” деп келеді- ау! Қой, не де болса қалмайық енді. Байтас, жүр! — деп шаба жөнелді. Екеуі де жарыса бастады.
Байтастың мінгені Құнанбайдың кара жал бурыл аты, дәмелі бәйге аттың бірі еді. Жұмабайдың астындағы да сол Құнанбайдікі — Найманкөк деген, үлкен ақ көк ат болатын. Екеуі жарыса жөнелгенде, амалсыз егеске түсіп, “мен озам, мен озаммен” тепкілесіп, созыла берді. Бір белден асып, екінші белдің өріне қарай токтамай жарысып келе жатты. Осы өрде бурыл ат есік пен төрдей алға түсе беріп еді. Белге шығып алып шауып келе жатып қарағанда, бала көрінбеді. Бұлар тағы да сілтесе бермек болды. Сөйтіп, осы белдің ойына қарай құлай бергенде, жорға Жұмабай арт жағынан, сол иығы тұсынан тасырлатып кеп қосылған бір дүсірді есітті. Дәл Есембай биігінің тұсы. Және дәл Есембай жырасының өзі екен.
— Әй, кәпір, содан қосылған жау болды-ау. Баланы алып, бізді баққан екен-ау! — деп, ақ көк апы тепкілей берді. Артына корқактай қарап, шала бұрылып, көз қиығын тастап көрді.
— Мас көзіңді, мас! — деп, әзірейілдей төніп келе жатқан бірдеме. Атын да, кісісін де болжай алмады. Әдейі танытпайын деп, бет-аузын танып алыпты. Бүл өңірдегі күндіз шабатын ұрының әдеті. Байтаста үн жоқ, өз бетімен замғап барады. Қолды болса, болатын жорға Жұмабай.
Енді не де болса жанды қармайын деп, тақымындагы шоқпарына жабысты. Соны суыра беріп: “Әй, анау да көк желкеден ұрады-ау!” деп, жасқаншақтан келе жатыр еді.
Қуғыншы ойлағандай-ақ шоқпарды жөндеп суыртпады. Тақымынан толық шығарып алғанша бастырмалатып кеп, Жұмабайдың калың қара тымағын көзіне карай баса кигізіп жіберіп, сол сәтте шоқпарға жармасты. Жұмабайдың басын көтеріп, тымағын түзеуге де мұршасы келмеді. Тартысуға да қорғаншақ, шабуға да мүгедек болып қалды. Сөйткенше. жырыңды жау мұның жаңағыдай сасқалаңымен пайдаланып, шоқпарды да тартып алды.
Енді ақ боз ат та бірдемеге тіреліп токтағандай, Жұмабай зорға дегенде бойын түзеп ап. жаңа ғана тымағын кейін қайырып кап еді. Қараса, бұның шоқпарын тартып ап, ак боз аттың алдынан көлденең шығып, казір ішек-сілесі кдтып, үнсіз күліп тұрған бағанағы бала шәкірт. Өзі айтқан “Құнанбайдың бөлтірігі” — Абай екен.
Баладан қорыққанына Жұмабай ұялды да, ыза болды.
— Өй, балам-ау, мына жер — жау жатағы. Бұл ұрының ойнағына кеп алып, жаман ырым бастағаның не қылғаның? — деді.
Байтас та күлген бойында кайта оралып келеді екен.
Абай өзінен үлкен кісінің қорыққанына қатты ырза елі. Жұмабай- дың неге ашуланғанын ұғын тұр. Қоңыр жүзі қызарып, төмен қарап қысыла күле беріп, бөркін айналдыра бастады. Кәдімгі “жолбасар" ұрыларша шапан-бөркін айналдырып киіп, мұрны мен аузын қызыл орамалмен таңып алып, Жұмабайды куғанда тағы сол ұрыларша “дауысымды таныт- паймын” деп, мыңқылдап сөйлеп бұйрық берген. Байтас қорықса, қорықпаса да сыр алдырған жок. Сондықтан Жұмабайдың ашуын алыстан танып, мәз болып күліп келе жатып:
— Құла бестінің төбелін де жок қыпты, қарай гөр өзін! — деді.
Жұмабай да жаңа байқады. Бала бестінің төбелін саз балшықпен баггастырып тұрып сылап қойыпты. Жұмабай кісілікті кісі. О да күлкі бола бергісі келмейді. Енді бұ да уақиғаны ойынға айналдырғысы кеп, мысқылдап:
— Өй, ұқсамасаң тумағыр! “Ұры Тобықты, ұры Тобықты!” деп Ке- рей, Уақ зар қағады. Қаршадай баласына шейін ұры болудың жөнін жете біліп тұр. Зар қақпай кайтсін Керей, Уақ!., — деп өзі де күлді.
Жұмабайдың қалаға бұ жолы не жұмыспен барғанын Абай дәлді білмейді. Бірақ оның Байтаска айтқан бір сөзінде Құнанбай тапсырған бір жұмыспен барып келе жатқаны мәлім боп еді. Абайдың бұрыннан байкауынша, бұл - Құнанбайға қадірі бар кісі. Абайға ашуланып, ренжіп барса, алдымен әкесіне шағады.
Осыны еске алып кеп, Абай енді күлкіден тыйылып, жаңа қатарласқанда:
— Жол ұзақ. Ұйқы ашар болсын деп ойнап ем, ғайыпқа бұйырмаңыз, Жұмеке! — деді. Енді тіпті сыпайы. Сызылып тұр.
Жұмабай жас баланың пішініне ырза болып қарады да үндемеді. Байтас Абайды құрбысындай қағытып:
— Жарайсың, “ғайыпқа бұйырмаңыз”. Сенің мынауың, менің: "Көшкенде жүк артамын сары атанға, айтамын не бетімді Ойке апама?!” деген өлеңім сияқты болды-ау! — деді.
Абай жете түсіне алмады.
— Қалай дейсің, Байтас аға? Ойке апа деп кімді айтасың?
— Е, Ойке апаны білмеуші ме ең? О несі екен?!
— Бәсе...
— Бәсе, Ойке апа деген біздің қатын. Былтыр ала жаздай серілік құрып, ел қыдырып, кыз-келіншекпен сауық-сайран салмадым ба? Содан аяғы қызық бітіп, үйге қайтатын да мезгіл жетті. Енді қатынға қалай қарарға да, не деп барарға да бет жок. Сонда әдейі бетінің зәрі кайта берсін деп, “Не бетімді айтамын Ойке апама...” деген өлеңімді өзім ауылға бармастан бір-екі күн бұрын айтқызып, жолдастарымды жіберіп жатып ем. Сол осы күні мәтел боп кетіпті, — деді.
Абай да, Жұмабай да қызығып тындасты. Өзі сері, әнші, сұлу Бай- тасқа екеуі де — бірі кәрі, бірі жас бала — кызғана да, тамашалай да караған
еді. Абайдың көз алдына Ойке деген жеңгесі де, Байтастың былтыр жаз- дағы әншіл, сауықшыл жолдастары да толық елестеді. Есті ген әңгімесінің бәрін еңсесімен ынтыға тыңдайтын бала, бұрын Байтаспен сырлас, әңгімелее болмаса да, жанағының аяғы немен тынғанын білгісі кеп, қызығып келе жатты. Байтастың күрбыдай калжындағанын пайдаланып:
— Ал Ойке апаңа не бетіңді айттың сонымен, Байтас аға?.. — деп жабыса түсті.
Байтас бұған күліп, енді іріленіп қарап:
— Не бетімді айтушы ем? Сорлы катын алыстан әнмен арыз айтып жатқанға шыдасын ба? Келсем, алдымнан өзі шығып, атымды байлап жатыр, — деп, Жұмабай жаққа карап, иек қағып қойды.
Абай үндеген жок. Ішінен “алдаған екен ғой” деп байлады.
Сол әңгіме жүргіншілердің таңертеңнен бергі қатты жүрісін Най- манкөктің ақырын бүлкегіне әкеп салған еді.
Бала шәкірт ауылға асыққан, лепірген күйіне кайта келіп, тағы да тебіне жөнелді.
— Уа, кой деймін, бала! Ат зорықтырасың!
— Жапа-жалғыз ұзап кетіп, жауға жем боласың! — деп, екі жолдасы тағы тежей бергісі келді.
Бірақ қаладан, жабырқау медреседен жаңа құтылып, енді үйіне, ауылға жетуге асыққан бала шәкірт ол сөздерді тыңдайын деп ойысқан жоқ.
Үлкендер қорыққан Есембай да, тіпті, ұрылар да Абайға сондай- лық жат, суық боп көріне алмады. Үры десе, осы елдің өздеріндей казактары. Көп болса, киімдері, ер-тұрманы ғана жаман; қолдарында сойылдары ғана бар. Ондай ұрылар жайында Абайдың естіген әңгімелері соншалық көп. Кейде, тіпті, сарытоқым ұры болған — ел ішіндегі үлкендердің өз аузынан естіген әңгімелері де ұмытылмайтын. Кайта бір кездесіп, дәл жауға шапқан пішіндерін көрсем деген іште жүрген ынтықтығы да болатын.
Ал “Қарауыл биігі анау, жасырын жырасы мынау” деген Есембай — Найзатастар болса, ол Абайдың өз аулының аса мәлім қоныстары. Көктем мен күз уақыттарында, жылында екі рет осы жерлерге Құнанбай ауылдары келіп қонып, ұзақ уақыт отырып, жайлап та кететін. Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі — барлығы да соншалық таныс, жақын. Тіпті, былтыр бокырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде дәл осы қоныстан, Есембайдан кеткен болатын. Сонда тайға шапқан, асық ойнаған құрбы балаларымен жаяу жарыс жасап, асыр салған ең соңғы бір ыстық қоныс осы болатын. Қыс бойы ауылды, елді сағынғанда есінен кетпейтін соңғы күндері дәл осы Есембайда өткен.
Енді кеп: “Бұл жерде ұры бар, сұмдық жер, бөле жаткан жер” деген сөздің кандайы болса да көңілге дарымайды. Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мүнарланады. Барлық айналадағы кең дүниеге, әсіресе, мынау өзі туған сахара, өлке-белдеріне соншалық бір туыскандык ыстық сезіммен, кешіріммен де қарайды. Жабыса, сағына сүйеді. Үзілмей, катаймай, бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын
қоңыр жел кандай ракат. Осы желмен құлпыра, толқып, су бетіндей жыбыр кағып шалкып жаткан алкүрен көде мен селеу далалары... дала емес — теңіздейі кандай’ Сол даладан көз алмай, тоя алмай үнсіз телміріп, ұзак- үзак карайды. Шамасы келсе, бұл жерлерді құбыжық көру емес, үрке қарау емес, құшағын керіп аймалар еді. Сылап-сипап: “Мен сені сағындым, өзгелер жаман жер десе, мен олай демеймін. Тіпті, қойнына тыққан ұры-мұрыңмен де жатсын, бөтенсің демеймін” деп қараған сияқты.
Тағы да шапқылап, кара үзіп, алыстай берді. Болмайтын болды.
— Артында калып, майырға ерген лаушыдай кашанғы текіректейміз. Бұл қорлықты көргенше кел, Жұмеке, бізде апын басын коя берейік, — деп, Байтас бурыл атты ағыза жөнелді. Жұмабай да еріксіз шапты.
Аздан соң Абай бұларды тосып алып, енді үшеуі бірдей ұзак-ұзақ жарысуға айналды.
Корыктан шыққалы таңертеңнен бері бөгелместен тартқан үш салт атты, аттарын қан сорпа қылған калпында, кешкі екінді кезінде Көлқай- нардағы Құнанбай аулына, Абайдың өз шешесі Үлжанның отырған аулына кеп жетіп еді.
Көлкайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кен қоныс емес. Жайлауға қарай, Шыңғыс аскалы беттеп келе жаткан елдің үш-төрт аулы қоныпты.
Бұның бәрі “Құнанбай аулы” деп аталады. Өзінің аулы мен жақын туысқандарының ауылдары.
Көлемі аз бұлактың айналасына жиі қонған ауылдардың үйлері де, шұбыртқан малы да. адамдары да кешкі мезгілде ыю-қию араласып жаткан сиякты. Жер ошақтардан шыккан түтіндері де біріне-бірі қосылып ұласып, тұтасқан көкшіл мұнардай тарайды. Үрген иттер, мал қайырған айкайлар, маңыраған кой, қозы шулары араласып жатыр. Кешкі суға келе жаткан қалың жылқының кісіней шапкан дүбірі, шаң-тозаңы болсын немесе оқта-текте азынай кісінеп, үйірін іздеп шапқан, мінуден босаған жас айғырлар дауыстары болсын — барлығы да осы отырған ауылдардың осы кештегі тіршілік тынысын білдірген сиякты. Баланын барынша сағынған көрінісі. Казір жүрегін аттай тулатып, соншалық қуантып, еркін алған көрінісі. Жүргіншілер бұлақтың дәл қасына ең жақын қонған ауылға келе жатыр. Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі ауыл — Абайдың екі шешесі Үлжан мен Айғыздың аулы.
Осы ауылдың шеткі үйлерін сырттап, кешкі жайылымға, батыс жакка карай жана өріп бара жатқан бойдақ қойдың ішін аралап, ортадағы үлкен үйлерге қарай беттеп келе жатқан үш аттыны бұл ауыл тез таныды. Әсіресе, қораның ортасында қосақталған қойды сауып отырған қатындар бұрын көрген екен. Етектерін белдеріне қайырып түріп алған, алжапқыш тартқан қалыптарымен, қолдарына шелектерін ұстасып, жүргіншілерге қарап:
— Қалашылар, калашылар келеді!
— Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы, — деді бір картаң қатын.
— Бәсе, Телғара ғой... жаным-ау, мынау... Телғара! Әпкеме айтайыншы, —деп, тағы бір жас катын, жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан.
Сағынған баласының келер мөлшерін Байтас кеткеннен бері шешесі Үлжан да есептеп, осы бүгінге ұйғарып жүр еді. Қырықтың ішіне жаңа кіріп, семіз тартып калган сары-кызыл бәйбіше жаңағы дауыстарды түгел естіді. Өз үйінен шығарда, төрде отырған енесі Зерені де хабарландырып, сүйемелдеп ерте шыкты.
Құлағы көптен мүкіс тарткан кәрі әжесінің ен бір жақсы көретін немересі Абай-ды. Оны есінен шығармай, дұғасына кіргізіп, тілеуін тілеп отыратын.
Атгылар үйдің сыртына келе бергенде алдарында, сол үлкен үй мен күншығыс жағына тігілген қонақ үйдің екі арасында бұларды күткен бір топ жан тұр екен. Жаңағы шешелерден баска: жеңгелер, көрші үйлердің қатындары, бірен-саран тыста жүрген шал-кемпір, онан соң осы ауылдың барлық үйлерінен шығып, жүгірісіп келіп жатқан балалар бар. Бұл топка қарай ауылдың үлкендері де жан-жақтан дабырлап сөйлеп, ағылып келіп жатыр.
Осы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған карай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:
— Әй, шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр... Сәлем бер’ — деді.
Абай жалт карап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар — әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып калған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін үқты да, әкесіне карай тез бұрылды. Байтас пен жорға Жұмабай да анадайдан аттарынан түсіп жаяулап жетектеп, Құнанбайға қарай келеді екен. Бірақ өңі сұп-сұр, зор денелі, бурыл сақалды Күнан- байдын жалғыз көзі бұларда емес. Батыс жақтан 4-5 атты жолаушы келеді екен. Арты Қыдырдан шыққан жолаушылар тәрізді. Өздері өңшең толық денелі, үлкендер сияқты. Құнанбайдың бүгін әдейі тосып отырған адамдары болу керек. Ол соларға карап түр.
Байтас пен Жұмабай тақай бергенде, Абай да касына кеп қалып еді. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жок. Баласын касына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға карап алып:
— Балам, бойың өсіп, ер жетіп калыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойындай боп білімінде өсті ме?—деді. Кекету ме, жоқ, күдік пе? Немесе шынымен жай білгісі келгені ме?
Бала ес білгеннен бері карай әкесінің қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрі бақташыдай бағып, танып өскен. Әкесі де бұл баласының сондай сезгіштігін өзге балаларынан артық санаушы еді. Ұялган- ды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Ол сабырлы, момын пішінмен:
— Ш үкірлік, әке,—деп біраз тұрды да, — ат барған сон, дәріс тәмам болмаса да, казіретгің рұқсатын, фатикасын алып кайттым, — деді.
Тіпті, ересек адамша сойлеп қапты. Баланын бұл ерте әзірлеген жауабы еді.
Әкесінің қасында тұрған Майбасар мен соның атшабары екен. Майбасар - Кұнанбайдың токал шешесінен туған інісі. “Терт тоқал” туысқандарының бір тоқалынан осы Майбасар. Бұны биыл Кұнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін, осы Тобықтыға болыстық старшын еткен-ді.
Майбасар Абайдың жауабын ұнатып тұрып:
— Өзі,тіпті, көшелі кісі боп қапты! — дей беріп еді, Кұнанбай оның сөзін аяктатпастан Абайға:
— Бар, ана шешелерің жаққа бар, амандас, балам! — деді.
Абайдың күткені де сол еді. Әлі тосып, бар қозғалысын алыстан қарап, әңгіме етіп тұрған шешелерге карай бұрылғанда, Абай қайтадан өзінің жасына лайық қуанышты бала қалпына келе қалды. Арт жағында жорға Жұмабай Абайдың бүгін оны қорқытқанын әңгіме қып жатты. Бала енді асығып, өз шешесіне қарай жақындай беріп еді, Жүманның қатыны. Калика деген бір жеңгесі:
— Телгара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! — деп, мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді. Тағы бір жеңгесі — Ызғұт- тының қатыны Тобжан да сүйді. Содан кейін үлкен қатындар және осы топтағы үлкен еркектің, ағалардың да бір-екеу і сүйіп жатыр. Абайды шын балаға айналдырып жіберген осы сүйістер еді. Ол қысыл у п қызарғанмен, кашып құтыла алатын емес. Наразы боларын да, құптарын да білмеді. Бірнеше үлкен қатындардың көзінен жас та көрінді.
Барлық үлкеннің құшағына амалсыз кезек-кезек кіріп болып, енді сытылып, шешесіне қарай баса берді. Абайдың өз шешесі Үлжан мен екінші шешесі, сұлу жүзді — Айғыз қатар тұр екен.
Бала топтан шыға бергенде, Айғыз күліп:
— Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, — деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді.
Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Капы бір қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымды салқындық шешесіне де көптен бергі мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпсуші еді. Бірақ бауырына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін катты-катты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы!.. Үлжан көп ұстаған жоқ.
— Әжеңе бар, әнеки! — деп, үлкен үйдің алдына қарай бұрып жіберді. Кәрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.
— Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! — дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, “жаман неменің” артынан лезде: — Карашығым, қоңыр қозым... Абай жаным... — деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті.
Әжесі құшақтаған бойында үлкен үйге кірген Абай ымырт жабыл- ғанша осында болды. Шешелері бұған біресе қымыз, біресе тоңазыған ет, біресе шай ұсынып тықпалай берсе де, баланын бойына ас батпады. Жөндеп ішкен де жоқ. Күні бойғы аштығы да ұмытылған сияқты.
Ас бере отырып, бойлары үйреніскен сайын шеше, жеңгелері баладан:
— Елді сағындың ба, кімді сағындың?
— Молда болдың ба?
— Окып болдың ба? — деген сияқтыларды кдйта-кдйта сұрасады. Абай езге сұрақтарға жонді жауап берген жок. Жалғыз-ак кімді сағындың дегенде.
— Оспан кайда? Ол қайда жүр? — деп өзінін кіші інісін, тентек Оспайды бірнеше рет сұрап еді.
Үлжан басында ол сұрауын елеусіз калдырып, артынан тағы бір айналғанда:
- Е, жүр-дағы, жынды неме. Бүгін осында маза бермеген сон, эжен екеуміз куып шықхамыз, — деп әжесіне нұскады.
Әжесі өзіне байланысты бір нәрсеге ишара кып отырғанды коріп:
— Не дейді? Не деп жатырсыңдар, естімедім, — деп еді, Абай Оспан жайын айтып кел, катгы сойлеп:
— Әже-ау, былтыр мұндай емес ен... Құлағына не болған, неге есті- мейсін? — деді. Көптің ортасында отырса да, еріксіз жапа-жалғыз боп оқшауланып калган әжесіне жаны ашып, кұшактап алдына жантайды.
Әжесі түсінді де, аз ғана босансын:
— Балам-ай, әжеңде куыс кеуде болмаса, не сымбат калды? — деп, өзінін дағдылы мүң-шынына карай беттеп еді. Баласы қимады.
— Жазыла ма өзі? Емдесе кайтеді? — деді.
Үй іші де, әжесі де құр күліп кдна қойды.
Кәрі шеше күле отырып, баласының талайы кайтпасын дегендей кып:
— Үшкірсе, кейде ашылып калады. Үшкірген жағады, —деді.
— Үшкірсе, мына балаң молда боп келді ғой. Үшкірт балаңа,—деп Айғыз күлді.
— Үшкірсің, баласы үшкіріп берсін.
- Сорлы кәрінің көніліне о да болса демеу ғой!..—деп үйдегі үлкендер. әсіресе, жеңгелер Абайдан шын бірдемені дәметкендей.
Абай бұған ішінен ыза болды. “Үшкіру, ішірткі жазу, клеила оқу" молдалыктын ел үйренген дағдысы екені рас. Бала көңіліне катгы жиренішті көрінетін балгер, кұшынаш сиякты. бақсымен тен молда, қожа аз емес. Абай соны еске алып, өз жайын мыс қылдаған дай болып, аз күлімсіреп отырды да. бір кезде оқыстан, әжесінің басын құшақтай ап, сыбырлай күбірлеп, бір нәрсені шұбырта жөнелді. Жұрт аңыра карап отырып, басында дұғалық оқып жатыр екен деп еді. Кәдімгі молдадай шарт жүгініп алып, түсін томсартып жіберіп, шешесіне төніп отырып:
КҺ раушан, кв* гауһар.
Лалллдек бет ушы ахмар. Гамагы кардан он биһ тар. Кашың. қудрат. к.али шага. -
деп, көпшілік ұг.і қоймайтын өлеңді шұбырта беріп, даусын “тэбарак" оқыған молдаларша ұзайта созды.
Мубода болса ас бір каз.
Тамаша ыллса юіма т.- Кетіп куат. юмылып кез! Бойын сас сал баю нига?! —
леп кеп. көзін жұмып, ернін жыбырлатып, әжесінің құлағын ашып "су-ф!" леп койды. Бұл өзінін биыл осы көктемде Науаи, Физулкді окып жүріп
Мұхтар Әусюа Кайтқанда
жазған өлеңі болатын. Отырғандар әлі де дел-салда. Күдік етушіден де, шын дұғалык екен деушілер көп. Бала солардын шама-шаркын танып, мыскыл еткендей боп алданкырап келді де, енді шынын танытпак боп, даусын ашык етіп қатайтып алды. Тағы да көзін жүмып, түсін томсартып, құран аударған молдадай, ілгері-кейін теңселе беріп:
Үшады бозша тораш кедені ықтап. Басасың аягыңды нықтал нықтап. Кәрі лжем естімейді, нана берсін, Берейін елеңіммен шын ушықтап,-
деп кеп, тағы да “су-ф-ф!” деп қойды. Үйдің іші енді сезіп, ду күлісті. Сонғы өлеңнің тұсында әжесі де түсінген. Ол үні өшіп, сүйсініп күліп, баласын арқаға кағып, маңдайынан иіскеді.
Абай күлместен, мысқылдай қарайды. Әжесіне жабысып отырып: — Калан, кулагың ашылды ма? — деді.
— Е, жаксы боп қалды. Өркенің өссін, балам! — деп әжесі алғыс айтты.
Үлкендер бала мінезіне бір күліп, бір таңданып сүйсініп калды. Кара сүр бала көптің көзі бір өзіне қадалғанға енді қысылыңқырап, қызарып еді. Бірақ көзінде жайнай жанған от білінеді. Өзге балаларының ажарынан бөлек, қызулы, саналы оты бар сияқты.
Үлжан тартымды болумен катар, сыншы да ана. Баласының жаңағы мінезіне біраз ойлана карап отырды. Биыл денесі оскелендеп калган баласы мінез жағынан да ересек тартқан сиякты. Үлжан көппен бірге күлген жоқ еді. Енді байқай отырып, ақырын мырс етті де:
— Балам-ау, қаладан молдалык әкеледі десем, нағашыңа тартып кайтканбысың, немене? — деді.
Үлкендердің бәріне бүл өте түсінікті еді. Жаңағы бала мінезінің дәл шешуі сиякты болып, кайта күлдірді.
— Бәсе, Шаншар?
— Битан, Шитан!
— Тонтекеннін жиенімін деп тұр ғой! — десіп, Абайдың нағашыларын есіне алысты. Өлеріңде: “Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас!” деп кеткен Тонтай сөздері де көптің есіне түсті.
— Апа-ай, енді баксы-күшынаш боп, елтірі-сенсең жинағанша, Тон- текеңе тартқаным көш ілгері емес пе? — деп Абай іле жауап берді.
— Жарайды, ендеше, ер жетіп қапсың, балам, — деді шешесі.
Дәл осы кезде Майбасардын атшабары кеп кірді. Бүл бағана, кеште Күнанбайдың қасында тұрған қаба сакал, кара Қамысбай еді. Келді де:
— Абай, шырағым, сені әкең шақырып жатыр, — деді.
Үй іші де. Абай да үн қатқан жок. Бағанадан бергі еркін, ойнакы, бала мінездін бәрінен тартынып, бойын жиып, бала шәкірт үндемей үйден шықты да, әкесі отырған үйге келді.
Қонақ үйі шешелер үйіндей емес, сыртынан да салкын, үнсіз. Абай есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашык дауыспен, айкын етіп сәлем берді. Үлкендер де мұның сәлемін дауыстап алды. Кісі көп емес, Құнан-
бай мен Майбасар, Жұмабайдан баска осы өңірдегі Тобықтының белгілі үлкендері: Байсал, Бөжей, Каратай, Сүйіндік екен. Және осылардың жанына ерткен жас жолдасы тәрізді Байсалдың немере інісі — бала жігіт Жиренше бар. Абайдан жасы үлкендеу болса да, ол кұрбыша ашына еді.
Әкесінің бағанағы кешке күткен кісілері осы үлкендер болды. Абайдың бала күнінен сезетін бір жайы: мұндай кісілермен, әсіресе, дәл осы төрт-бес кісімен бас косу ел ішінде басталатын бір үлкен істің, оқшау істің белгісі болатын. Оларды әкесі ежелгі дағдысы бойынша әдейі шақыртып алған сияқты.
Бұрын ондай сөздеріне Абай араласып та, тыңдап та көрмеген. Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. Бір ойдан Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен деп те ойлады. Бірақ еш нәрсенің қисынын таба алмады.
Абай келіп отырысымен анау үлкендер бұдан кала жайын, оқу жайын, саушылығын сұрастырды. Өзге үлкендер ішінде Абайға, әсіресе, көңіл бөлген сөзуар, жарқын жүзді Каратай. Ол Абайды көре отырып, Кұнанбайдың өзге жас балаларын да еске алды.
— Осы, ана Ыскак бір жошын! Бір түрлі пысык та сергек неме! — деді.
— Ол әлгі Күнкенің қолындағы ма? — деп сұрап алып, Бөжей:
— Рас, құлдырап тұр! — деді.
— Иә, рас-ау, соның оты бар! — деп Байсал да қостады. Мұның бәрі қиялап айтқан Кұнанбайдың қошеметі.
Үндемей түйіліп, сұп-сұр боп отырған Кұнанбай ол сөздерге көп шіміркенген жоқ. Қайта, теріс көргендей мойын бұрып, Абайға қарап:
— Одан да, не күтсеңдер де осы жаман қарадан күтсендерші!—деді.
Кұнанбайдың мына баласын осында шақыртып алып отырған және жаңағыдай етіп бұларға танытқалы отырғанын өзгеден Каратай бұрын аңғарған. Ол дағдылы, майысқақ ептілікке салып, енді Кұнанбайдың жаңағы бетімен Абайды сөз қыла бастады. Бөжей мен Байсалға қарап:
— Сендер мұның сүндетке отыртканда не дегенін естіп пе едіңдер?— деп, аз күліп алды. Абай өзінің балалық, шалалық мінезінің бірін мынадай суық пішінді үлкендердің ортасына салғалы келе жатқан Қаратайға, тіпті, ырза емес еді. Қысылып, ұяла бастады. Бірақ тоқтатар шарасы жоқ. Сондықтан бар тапқаны — ол бала өзі еместей, үндемей сазарып қалды.
Каратай күле отырып:
— Сүндетке отырғызғанда, ауырсынып жылап жатып: “Кұдай-ай, бұл қорлықты көргенше, қыз кып неге жаратпадың!..” депті. Сонда шешесі: “Ақылсыз балам-ау, қыз болсаң бала таппас па едің, содан киын боп па?” десе, мынау: “Ойбай, онысы тағы бар ма еді?” деп, жылауын тыя қойып, шыдай беріпті, — деді. Үлкендер акырын мырс-мырс күліп қойды.
Кұнанбай естімеген сияқты, ешбір белгі бермеді. Бұл сияқты сөз оны мен Байсалдардың қабағына қарағанда ұзаққа бармайтын тәрізденді. Абайға жайлысы сол болып еді. Әйтпесе, үлкен адамша орталарына шақырып ап, акымақ бала кып қойып күлгендеріне ырза болайын деген ойы жоқ.
Сөйткенше, сырттан Оспан кіріп келді. Кішкене інісі. Ауылға келгелі көп сұраса да, көре алмаған тентек, содыр інісі.
Ол сәлем беруді ұмытқан жоқ. Бірақ әкесі мен өзге ешкімге қарамастан, келе Абайды құшақтай алды. Өзінің де ен жақсы көретін туысқаны Абай еді. Екеу інін арасы 5-6 жас. Сондықтан Абай қазір де оған аға есепті. Оспан келе бергенде бұ да құшағын жайып, бетінен сүйді. Үлкендер бұлардың жаңа көріскенін сезіп, мына мінездерін кешіргендей. Бірақ келесі минутта-ак Оспан өзінің тентектігін танытып, абыройдан айрыла бастады. Ол “қайда жүрдің” деп ақырын сұраған Абайға жүресінен отырып, ағасының мойнынан құшақтап, өзіне қарай тартты да, құлағына бір нәрсе сыбыр етті. Бұнысы бір қатты нашар боқтық сөз еді. Шеткі үйде өзінің ағасы Тәкежаннан үйреніп кепті. Сағынған ағасымен ең алғаш тіл қатқанының өзі осы. Абай сескеніп, құлағын тартып кап:
— Өй, не дейсің? — дей беріп еді, Оспан атып тұрып, мұны бас салып құшақтап:
— Айтпа, айтпа деймін анаған’ Айтушы болма, анаған!..—деп, әкесі жақты нұсқап, Абайдың аузын аштырмай, шалкалатып жыға берді.
Абай бір жағынан еріксіз күліп, екіншіден қысылып, бойын жиып алайын деп еді. Денесі кесек, қолы қайратты Оспан түрегеліп алып, шал- қалата жығып салды. Және соның үстіне, ұртына тығып жүрген бір сілекейлі қатты нәрсені әп-сәтте Абайдың көйлегінің омырауын ашып, жалаңаш етіне тигізе тастап жіберді. Абай сескеніп, тітіркеніп ырши берген. Үлкен кісі сиякты боп отырған шәкіртті, мына бала бір сәтте кішкене балаша алыстырып, арпалыстырып жіберді.
Оспан оның тітіркенгеніне мәз болып, әкесін ұмытып, сақылдап күліп:
— Бақа! Бака салып жібердім көйлегіңе, — деп, Абайды бұрынғыдан да жаман тітіркендірді.
Құнанбай өзінің арт жағында отырған балалардың не қып жатқанын байқамаған. Енді тентек Оспаннын дағдылы мінезі құтырып, үдей бастаған соң ашуланып, шұғыл бұрылып, жалт қарады. Жана байкады. Алпамсадай болған, асау кара баласы, Абайдың кеудесіне мініп ап тұрғызбай жатыр екен.
Құнанбай өз алдындағы мына бейбастақтыққа капы ашуланып, Оспайды сол қолымен өзіне қарай жұлқып сүйреп алды да, жақтан тартып- тартып қалды. Оспан екі беті нарттай жанып, үлкен көздерімен әкесіне шоқтай кадалып, сазарып тұрып алды. Үрғанына титтей міз баққан да, қалт еткен де жоқ. Бұның бәрін көріп отырған Сүйіндік Байсалға күбір етіп:
— Жаным-ау, қасқыр бала мынау ғой’ — деді.
— Құж десеңші. Мынадан ба, мынадан шығар-ау! — деп Байсал да күңк етті.
Құнанбай атшабарға қатты әмір етіп:
— Бар, алып кет, қарғыс тигенді! — деп, Оспанның бетін бұрды да, итеріп қалды. Бала сүрініп құлай бергенде, атшабар да кармап көтере берді. Оспан дәл сол әкеден құтыла беруді күткендей атшабар енді көтеріп алғанда, үйдегінің бәріне естірте, арт жағынан жел шығарып, “тырқ” еткізді де кете барды. Майбасар Қаратайға көз тастап, бір езуін тартып, басын шайқады.
— Қап, мына абыройсыз, бар абыройдан бір-ақайрылды-ау! — деді. Қонақтардың кейбірі ақырын күліп қалды.
Қаратай, Байсалдар Оспанның кетісін өз іштерінде “корқып кеткен жок, егесіп кетті” деп бағалаған.
Құнанбайдың бұрыннан да түйіліп, айтар сөзін бастамай ызаланып отырған калпы бар еді. Мынау тұста тағы да суынып, түнере түскендей болды. Үй іші бірталай жым-жырт отырып қалды.
Сонымен, біраз томсарып отырып барып кайта қыбырласканда Құнанбай ойдағы сөзін бастады.
2
Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде кызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйтқып, шалқи түсіп, кейде лапылдап, жалпылдай жанады. Қырын отырған әкесінің үлкен, кесек пішіні Абайға жартылай ғана көрінеді.
Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді.
Абай әкесінің сөз желісін, түп мәнісін түсінген жоқ. Кейбір мақалдарын ғана таңдана шешіп отыр. Осы бар үлкеннің мұндай жердегі салты бойынша, әкесі де тұспалдап, орағытып, ұқтырмай сөйлейді. Бір сөзімен бір сөзін жалғастыруға Абай үлгірмей, адасып қап отыр. Өзіне салса, жаңағы көңілді үйге, шешесінің жанына қазір кетер еді. Бірақ әкесі шақырған соң енді шығып болмайды.
Сондықтан бір уақыт ол әке сөзінің сыртын, ағымын тыңдайды. Кейбір өзі білмейтін қиын, жаңа сөздерін ұстап қалады. Әлдекімге қаптап, зіркілдеп сөйлеп отырған әке сөзі кейде бұған бір жортуыл, шабуыл үстіндегі шұбырынды, ұзақ сарын сияқтанады. Кейде ұғымсыз сөзден іші пысып, әкесінің пішін, тұлғасына қарап, қадалып қалады.
Тегінде, ертекші, өлеңші не басқа әңгімеші адамға талай уакыт тап- жылмай тесіле карап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі әдеті еді. Адам пішіні әрдайым бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Әсіресе, әжімі мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тәрізді. Ол кей адамның айғыз-айғыз әжімінен, салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан немесе бояуы оңған көздерінен, өр алуан сакал-мұртынан — өзінше неше түрлі жанды, жансыз дүние сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан сызаты көп тас па? Я, селдір тоғай ма? Не көде-көкпек пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кетіп отыратын адам мүсіндері болады.
Әкесінің ат жақты келген, ұзын сопақ басының құлақтан жоғарғы жері каз жұмырткасындай көрінеді. Онсыз да ұзын, үлкен бетіне, ұп-ұзын боп дөңгелей біткен сақалы қосылғанда, басы мен беті бір онірдей. Сонда Құнанбайдың жалғыз сау көзі, оның көтеріңкі жал-тұмсығының сол иығына шығып алып, қалғымай, сақшыдай бағып, осы өңірді қалт етпей күзетіп тұрған сияқтанады. Қоя берсін, салғырттығы жоқ сергек, катал күзетші.
Жалғыз көз шүнет емес, томпақша. Тесіле, сыздана қарайды. Кірпігін де сирек қағады. Иығына бота ішігін жамылып, шалқия отырып
сөйлеген Құнанбай осы үйде әркімге қарамайды. Қарсысына таман отырған Сүйіндікке ғана қадалып сөйлейді.
Сақал-шашы бір реңдес, қара бурыл Сүйіндік оқта-текте бір қарап қойғаны болмаса, Құнанбайға тесіле қарамайды. Көзін төмендете береді. Абайға оның пішіні — көп кездесетін, әңгімесі аз пішін сияқты. Бөжей де оншалық өзгеше емес. Түсі ақ сұр келген, өзі қоңыр сакдлды, кесек мұрынды Божей — осы отырғанның бәрінен де сұлу. Бетінде әжімі де аз. Бірақ Абайдың көзін оған көп тартатын бір нәрсе — бұның бітікше- леу, кішкене келген көздері.
Кұнанбай ұзақ сөйлеп отырған кезде Бөжей қыбыр етіп қозғалған жоқ. Көзін де төмен салған калпынан бір көтермеді. Сондықтан онын ұйықтап отырғаны, я ойланып отырғаны мәлім емес. Қалың етті, салбы- раңкы қабағы кішкене көзін көрсетпей, тасалап алған сияқты.
Құнанбайға бұлардың ішінен көз алмай, қырандай карап отырған — дәл төрдегі Байсал. Қызыл жүзді, жирен сакдлды Байсалдың денесі ірі, қапсағай. Кокшіл түсті үлкен көздері — әрі салқын, әрі сыр берместей сабырлы.
Бұлардан баска барлықсалкын,томсарған жандар ішіндегі еңжан- дысы, ең шапшаң, кағылезі Каратай мен Абай касындагы Майбасар.
Үлкендер тобына бір жақтан, әкеден төмен отырып, телміре кара- ған Абай болса, дәл осы тәрізденіп, барынша бой салып карап отырған - ана шеттегі жас жігіт Жиренше.
Бұл - Көтібақ ішінде Байсалдың жақын туысканы Шоканың баласы. Байсал әрдайым қасына ертіп жүреді. Әрі жігіті, әрі сөз ұғып, адам болар деген жасы. Ол әңгіме атаулыны көп біледі. Қызық қып айтады. Өзі күлдіргі. Абайды еркелетіп те коятын кезі бар-ды. Қазіргі осы жиында Абайдың оңаша кездесуді іздейтін жалғыз ыңғайлы көрер адамы осы.
Бірақ оның шыны ма, я әдейі үлкендерге көз кыла ма, әйтеуір, қазір Құнанбай сөзінен басқа бар дүниені ұмыткан. Сонымен бірге Абайды да былай қоя тұрған сияқты.
Жиренше қабағын бір шытып, қозғалақтап калды. Абай енді байка- ды, әкесі сөзін аяқтап келеді екен.
— Қодар сұмның қылығы сырт елдің алдында менің бетіме салық болса, осы елге, өз келеңе келгенде, осы отырған бәрімізге салық. Мынау отырған сендерге салық! — деп аз тоқтап, Сүйіндікке қадалып отырған жалғыз көзін енді төрдегі Байсалға аударды. Одан өзінің оң жағында отырган Бөжейге қадалды.
Бірақ Бөжей мен Байсал мызғыған жоқ. Өзге отырғанның барлығы сөздің салмағы мен түйінін өз арқаларынан сезгендей боп қозғалақтап, ырғалып қалысты.
— Ендеше, өлімнен ұят күшті. Ел көрмеген сұмдыққа, ел көрмеген жаза керек? — деп Құнанбай байлауын айтты. Қайта босар түрі жоқ. Тас түйін боп бекініп, түйіліп алған көрінді.
Отырғандар осы күйді танып калды. Құнанбайдын бұлай беттеп алғанда кайта оралар қайырымы жоқ, оны бәрі біледі.
Не айтысып, шарпысып кету бар. Немесе іштен қоштамаған уақытта Байсал, Бөжейдің бір тәсілі: міндет, мысалды Құнанбайдын өзіне баста- тып, артын өзіне тастап кететін әдеті бар-ды.
Жан күйер жер болмағанда, олар осы соңғы мінезді көп қолданатын. Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін.
Бірақ Құнанбайдың мына сөзі үндемеске де қоймайды, үндеуге де жібермейді. Дел-сал етті. Үй іші бірталай уақыт жым-жырт отырды.
Қодарды Абай білмеуші еді. Оған бұл ат әуелі — “Қозы Көрпеш — Баянның" Қодарын елестетті. “Сұм" дегеніне қарағанда да, былтыр Байкөкше ақын бұның шешелеріне жырлап берген Қодардын бейнесі сиякты. “Қодар деп соған ұқсаған біреуді әдейі сол атпен айтып отыр ма” деп ойлады.
Жым-жырт жиынның ішінен алдымен сөйлеген — майысқақ Қара- тай. Ол:
— Сұмдық екені рас. Үлы-қызыңның басына бермесін. Шын бол- ганда, кәпір кауымында кететін іс қой бұл, — деп, “Қодардың айыбы шын ба, бекер ме?” деген өз ойларындағы күдікке ептеп қана бір соғып, қиялап салды. Қодардың бүл жиындағы аталасы — Сүйіндік. Құнанбай бағанадан зіл салғанда, әдейі соған шұқшиған. Оны да жұрттың бәрі біліп отыр. Қодар қылығының орайын алдымен өз туысына “айыпты”, “сорақы" дегізіп өз аузынан айтқызып алу Құнанбайға да керек.
Ал Сүйіндік сол сөзді оп-оңай, бір айналмай айтып салса, ертеңгі тауқымет бұнда. Және алдымен Қодардың сол Құнанбай айтқандай айыптылығына да көзі жеткен емес. Ол Қаратайдың шапшаңдығынан бір пайда да талқандай болды. Әсіресе, оның “шын болғанда” деген босаң тастаған жерін ұстады да:
— Осы айыбына көз жетсе, тұрғызып қойып бауыздайық. Бірақ сол шынына жеткен жан бар ма?., — дей беріп еді. Құнанбай серпіліп, ілгері ұмтыла түсті.
— Ей, Сүйіндік,—деп киіп кетіп ұрыса сөйледі,—албасты да кабакқа қарай басатын. Қыры жоқ, қасиеті жоқ басшы болса, ыбылыс, жын иектемей нетеді. Адал десек, аман десек, жан берейік, ақтайық, акыретге айыбын өз мойнымызға алайық. Бірақ менің екі бірдей жаным жоқ. Майысар болсаң, жаныңды да берерсің. Беремісің, жаныңды?! — деп, сарт етіп өзіне жабыса түсті.
Сүйіндік Құнанбайдың бағанадан бергі зіліне енді ызалана бастап еді.
— Е, тастай алмай жүрген жаным жок! Терге демесем, жанымды ала кой деп кепілге келіп пе екемін,—деп томсарып қалды. Мұның қолынан келген бар қарсылығы осы еді. Баж еткенмен ықтап кеткен сықылды. Құнанбай сезді де, енді жүйемен ұтпақ боп, қуғынға салды.
— Тергесең, Қодар сұмдығын аңыз кып, көпке жайып әкеткен елді терге. Ел тұрсын, кешегі жиында бетімізге былш еткізіп, жарып айткан жатты терге. Соған да жеткен. Бар да “өтірік” деп соны иландырып келші. Ел аузына қакпак болып көрші. Бірак ол қолыңнан келмейді. Ендеше, не ер бол да, ақта! Немесе илан да, жазала! Тек, жарықтығым, дүмбілезіңді көрсетпе, былқыл-сылқылынды аулақ әкет! — деді.
Енді Сүйіндік те үндей алмай қалды. Аз бөгелген соң бағанадан Құнанбайға сыр алдырмай, салқын ғана карап отырған Байсал:
— Қара деп жазалаған күнде, мұның жазасы не болмақ, — деп еді, Құнанбай:
— Жазасы - шариғат жолы. Шариғат не бұйырса, сол болады. Мұндай сұмдыққа казак айткан жол жок. Тегі, алдыңғы ата бізден бақытты да. Бұндай лағнетті өз тұсында көрмепті. Кесігін де айтпапты, — деді.
Құнанбай бұған шейін ашумен, зілмен кеп, енді осы тұста күйзел- гендік күй көрсетіп, осымен жиынның қабырғасын клйыстырғысы келген.
Бәрі де тіреліп калды. Ат тұмсығы бір бітеу, меңіреу қабырғаға тірелген сияқты. Жалтара алмады да, үндеспеді.
Аз ойлағанда Бөжей өз ішінен “шариғат та жөнге, шынға карайтын шығар, ақай жок, нокай жоқ, көрінгенге бұйда бере бермес” дегендей.
Бірак бұл ойын айтса, Құнанбай тағы бойлап тартып кетеді. Сондықтан үндеген жок. Тағы да шапшаң Қаратай:
— Ал шариғат бұл Кодар қылығына не бұйырады екен? — деді.
Құнанбай бағанадан төмен отырған жорға Жұмабайды енді ғана еске алғандай бұрыла қарады.
— Мына Жұмабай қалаға барып, Ахмет Риза хазіретген фатуа сұрап келді. Жазасы дарға асу депті.
— Дарға? — деп Қаратай үркіп калды.
Бөжей Құнанбайға ажырайып, тіксіне қарап еді, аямас түсі айқын екен.
— Барлық байлау осы болғаны ма? Итте болса, бауыр емес пе еді? — дегенде, Құнанбай қынжыла түсіп:
— Оны бауыр дегеннің бауыры езілсін! Шариғатпен шарпыспак- пыз ба? Қодар емес, қүтпаным болсын, кайтпаспын да, тынбаспын, — деді. Енді бұғалық әкететін, бойлауық жеріне жеткен екен. Бөжей іші мұздай отырып:
— Көзің жетсе, мейлің білсін,—дей салды да, ойдағысын ішке бүгіп калды. Байсал үн қатпаған күйде жым-жырт. Құнанбайды ақтамаса, Бөжейді де құптаған жок.
Сүйіндік те осы топтың дағдылы мінезіне басты.
— Ел де сенікі, ел ішіндегі тентек те сенікі. Қашқанның да, куған- ның да келетіні өзіңсің. Тек, не бұйырсаң да тергеп алып, бұйырғайсың. Қалғанын өзің біл, — деді. Бұл Бөжейдің кабагын баққан болатын. Өзі калай көшерін айқын біле алмай, “соның бір білгені бар шығар” деген есеппен жалт берді.
“Тергеп алып, білгеніңді қыл” дегенді, аяктап келгенде әркайсысы да бір-бір қайырған-ды.
Бірақ бұл сөздері — сүйей салды. Бағанадан бергі сөзде Құнанбай- мен аралары арбасып боп, айтыспай-ақ іштей жер танысып калган.
Бөжей білсе, Қодар жайы — Құнанбайдыңтағы бір қыры. Осал емес, үлкен қыры болғалы түр. Қайда беттер екен? Неге ссғар екен? Не де болса, енді салмағын Құнанбай өзі көтеріп алатын болады. Бұлар жалпылдап қостаған жок. Оны Құнанбай білетіндей болды. Түбінде, дәл осы отырған кісілер осы жөнде ұстасса да қисыны бар.
Сүйіндік, Бөжей жағының ойы осы болса, Құнанбай да өз есебін алдын ала өзі өлшеген бетпенен ішіне ірікті. Жаңағыдан әрі жазылған жок. “Пәлен етем” деп кесікті байлауын да айтпады.
Осы отырған бес-алты адам дәл қазіргі күйінде пәлен мың үй Тобықтының талай түйін, шытырман жайларын осы араға жиып әкеп отырған адамдар, іштерінде көп қалтаға көп есептер салып кеп отырған атқамінерлер.
Кұнанбай аға сұлтан болды да, өзгелерінің қатарынан озғындап кетті. Онда әкімдік бар. Сыртқа да, ұлыққа да жақындық бедел бар. Әрі қолы ұзын, малды. Сөзге жүйрік, мінез бенен іске де алғыр. Осының бәрі, оз ортасын бойымен басып жыға беруге себеп болатын.
Бірақ Кұнанбайдың мықты жері Тобықты іші болса, әлсіз жері де осы Тобықтының ішінде. “Кұс канатымен ұшып, құйрығымен қонады”. Сол қанаты мен құйрығы ел ішінде өзі тұстас ру басылар. Осы Байсал, Бөжейлер.
Осылар соңғы бір жыл бойында бұрынғыдай ашык-жаркын емес. Іштей КүнанбаЙмен аңдысып калган сиякты. Оны Кұнанбай біледі. Бірақ осындай қып қосарына ілестірсе болғаны. Түбі, бөрінің де бағатын таразысы — ел. Сол елдің алдында байлауды Кұнанбаймен бірге байласқан осылар болған соң жетті. Күйсе, Кұнанбаймен бірге күйеді. Ал ішінде не жатыр, оны білмейді. Олай болса, Кұнанбайдың да сырты бұлардың ішін білмеген, елемеген кісі тәрізді болатын.
Тобықты көп рулы коп ел болғанымен, барлық үлкен шеңберінің таразысы осы отырған бес-алты адамның руларымен өлшенеді. Әсіресе, ру басы осы адамдардың өздерімен салмақталады. Сонда Кұнанбайдың оң жағында отырған Бөжей — қалың Жігітектің адамы. Бұрын орталарынан Кенгірбайдай теріс азу, мықты биі шыққан ел. Бертінде ұрыншақ, қолшыл болып және барымташы жортуылшы жігіт көп шықты. Шетінен сөзуар, сотқар Жігітек. Байсал да сондай мол ру — К өті бактың тұрғысы. “Токпак жалды торы” деп атағанда, үйірі қалың айғырдай, көптігінен атанған. Бұл, әсіресе, мал көбейтіп, жерді мол қамтуға тырысатын, көптігіне сеніп, анау-мынаудан онша қысылып-қымтырыла қоймайтын ауылдар. Сүйіндік - осы ағайынды елдер ішінде ең азы Бөкеншінін кісісі. Мал, дүниеге шағыны да осылар. Бөкеншінін кірмелеу туысы - Борсак. Жаңағы бұлар сөз қылған Кодар — сол Борсак болатын.
Кұнанбай болса — Ырғызбай руынан. Бүл — бас жағына келгенде Жігітектен де, Көтібактан да аз. Бірақ әрі малды, әрі көптен бері Тобық- тыны билеп-төстеп келе жатқан ауылдар.
Туыс жағын алғанда, Бөжей мен Сүйіндіктен гөрі Құнанбайға Байсал жақын. Сойыл соғарға келгенде, қолға, санға келгенде Кұнанбайдың мықтап сүйенетіні сол Байсал елі — Көтібак. Оны әлі күнге өз ырқынан шығарған емес.
Каратай болса, бұлардың барлығына алыстау. Ара ағайын тәрізді Көкше деген рудын атқамінері. Аз да болса пысық және шөре-шөреде жүргендіктен бір мүшеден қалмай ілесіп отыратын.