Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов
Название: | Абай жолы 1 кітап |
Автор: | Мұхтар Әуезов |
Жанр: | Литература, роман |
Издательство: | |
Год: | 1997 |
ISBN: | |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 2
Осы отырған ру басылардын мінезі, артта жүрген үлкенді-кішілі атқамінер, аксакал, қарасакалының бәріне де мінез, тәсіл бола жүреді.
Кұнанбай касындағы қой көздеу, сұлуша Майбасар старшын болды да, өз достарынан да, Кұнанбайдың жақындарынан да ажырай бастады. Казір Кұнанбай алдында, жастан бергі дағдысы бойынша, үндемей
------- Мүхтар Әуеэов Кайтқанда----------------- отырғанымен, бұл ерен бүлік, соткар адам. Құнанбайдың ұлыктығына бак масы болған Ырғызбайдың басы осы.
Бүгін Бөжейлердің Құнанбаймен іштей суысуына себепші болған да осы Майбасар.
Бұдан екі ай бұрын зыкысы әбден шыккан ел Божейді салып, Құнан- байдан: “Майбасарды орнынан түсір” деп тілеп еді.
Құнанбай Майбасар мінезін білсе де түсірмеді. Ол өзінің кара күші, зілі сияқты болатын осындай бір Майбасардың жүруін мақұл көрді. Үлкен бір есебі: “Анау, жұртты шақар айғырдай мойын салып қуып ықтырған уақытта, ел арыз айта өзіме келеді, өз бауырыма қайырып беріп отырады” деп топшылаған.
Қодар жайындағы сөздердің артын Құнанбай ашып шешкен жоқ. Аналардың емеурінін есітті де, қалғанын үндемей бітірді.
Аздан соң сөзді басқа жаққа көшіріп, осы көктемде мал тойыны кандай, шөп шығымы кандай, көші-конның мезгілі кандай болатынын айта бастады. Биыл да, бұл отырған барлығының кеңесі Шыңғыс сыр- тындағы Бақанас, Байкошкарға шейін көшіп барыспақ. Ол — Керей қонысы болса, сол Керейге мінбелей барып қонып, екі өзенді тағы да жылдағыдай баурай бермек болысты. Тобықтының осы жуандары малы аз ғана Керейден сол екі өзенді жылма-жыл қона жүріп, тартып алмақ ниетте болатын.
Бұл әңгімелерге келгенде барлық бағанағы томсарған жиын шешіліп, жазыла сөйледі.
Осы кезде Жиренше Абайға ым қақты да, тыска шығып кетті. Абай Қодардың қылмысы не, өзі кім екенін білмеген калпында болатын. Ол жалғыз-ақ, “дарға асу” деген жерде, ішінен бір түрлі тіксініп қалды. Әкесіне сене алмай, сескене қарап, “соны істейді-ау” деп бір ойлады. Бірак байқап, болжап көрсе, дар деген қырда, бұл елде әсте болмаған нәрсе. Естіп көрген де емес. Ол мұның түсінігінде Һарон-Рашит халифа заманында, әлдеқайдағы Бағдат, Мысыр, Ғазнада ғана болатын жаза си- яқтанады. Сондықтан “дарға асу” деп жай айтылған болар. “Ол болмас, болмайды!” — деп байлаған еді.
Сонымен бірге, әкесі Жұмабай жайын айтканда да, Абай кайран болды. Қала мен жолда талай күн бірге болған уақытта бірде-бір сездір- сеші!
“Фатуа”, “Дарға асу” деген үкімдерді жасырып алып келе жатып Абаймен жарысады. Қалжыңдайды, ойнайды. Еңді түк көрмегендей, үндемей отырған түрі де мынау. Бүгін күнұзын Абаймен құрбысындай жарысып келгеннің де бірде-бір белгісі жоқ.
Соған қарап Абай үлкендердің осындай, іші катпарлы, қиын жататынын ойлады. “Үлкен болсам, осылардың мінезін әрдайым біліп, танып тұратын болсам” деп, сол үлкендікке тағы да бір қызыккан, асыккан еді. Абай үлкен болуға, тегі, көп асығатын, қызығатын.
Енді есіне түсті. Жұмабай калада бұған түсініксіз біраз мінездер істеген. “Қазіретке сыйға апарам, Құнанбай жіберді” деп, қысырдың бір семіз кара көк құнаншығарын жетектеп жүрген-ді.
Абайдың молдасы және мешіттің имамы Ахмет Ризаның үйін сұрап
алып, артынан Абайға “молданың үйіне ертіп жүр” деп, бұны бірге де ала барған.
Екеуі асау көк күнанды жетектеп бара жатқанда, бір төбелеской, тентек Сағит деген баланың бұларға істеген қырсығын да есіне алды. Қазір нығызсып отырған Жұмабайға карап, жымиып күліп қойды.
Бұлар қақпасының жанынан өте бергенде Сағиттерезеден көре сала жүгіріп шығып, тас лақтырып, айғай салған. Асау құнанның үркетінін көріп алған соң, онан да жаман құтырып еді. Қақпаға қайта жүгіріп кіріп, шыбық алып шығып, бұғып келіп асау құнанды шаптан да түртіп қалған. Сонда көк құнан ышқына шапшып, безе жөнелгенде Жұмабай айрылмаймын деп тырысып көріп еді, тай сүйреп, дедектетіп әкетіп, Жұмабайдың аяғы тарп-тарп етіп каздандап, тымағы, тақиясы да ұшып түсіп калған- ды. Басының жалтыры да көрініп, Абай еріксіз күлген-ді. Асау тоқтамаған соң, шылбырды беліне орап алған Жұмабай шалқайып табандап тартып, көше бойының құмын боратып, тағы да рәсуа болған. Бұл тұста Сағитка қосылып Абайдың да ішек-сілесі катып еді.
Жұмабай көк құнанды зорға тоқтатып алған соң, Абай Сағипы маң- айлатпай қуып жіберіп, сол бәледен Жұмабайды да, құнанды да өзі құтка- рып шыққан.
Бұлар казіретгін қорасына кіріп, асау құнанды ат қораға байлағанда, казірет өзі көріп, сыйлық екенін іші біліп, үн қатпаған болатын.
Кейін үйге кіргенде, Жұмабай Құнанбайдан сәлем айтты да:
— Мына баласына — өзіңіздің шәкіртіңізге фатихасын сұра деп еді, — деген.
.ч Қазірет:
— Бәрәкалла, бәрәкалла... бирахматика я архамәррахимин, — деп отырып, Абайға қол жайып бата берген-ді.
Содан әрі казіретпен не деп жауаптасудың бабын таба алмаған және, тіпті, шүлдіреген, кітапшылаған тілін үға алмаған Жұмабай тағы бір ойдағы әңгімесін тұпа-тура, қолма-қол бастап еді. Онысы Құнанбайдың айткан сәлемі екен. Сұрап кел деген бір үлкен сөзі екен. Осы жөндерін айтты да, Жұмабай Абайға бір, казірстке бір карап:
— Бірақ ол жайын оңаша, құпия сөйлее деп еді. Балам, сен... — деп, Абайға оқтала бергенде, казірет те сезіп, Абайға:
— Ибраһим, сіз хазір мәдрәсәгә кайтыңыз, балам. Бәс ауылға кайт- мас бұрын минга кіріп, фатихамны алып кетіңіз, — деді. Абай шығып кеткен.
“Сокалап отырып, ойдағысын жеткізіп, жаңағы фатуаны сонда алып шыққан екен-ау, бұл” деп ойлады.
Өзін керек еткен сөз бен шырайды көрмеген соң, енді Абай да Жи- ренше кеткеннен кейін, біраздан соң ақырын сусып, тысқа шықты. Бұл уақытта Жиренше соңғы атқа шідер салып, отка жіберіп жатыр екен. Есік ашылған жерден Абайды көрді де, ақырын дауыспен:
— Абай, бері кел, мұнда кел... — деді.
Абай бұған жетер-жетпестен:
— Өй, Жиренше, жаңағы осы Қодар кім? О не қылған? Айтшы, — деді.
и — Кодар — жақыны жоқ, жалғыз үйлі бір Борсак.
К — Ол қайда?
— Е, ол мына Шынғыстың ет бөктерінде, Бөкенші асуының бауы- (рында.
і — Ал ол не қылған?
[ — Сол биыл қыстыгүні жалғыз баласы өлгеннен кейін, келінімен
жакын бопты дейді. Ана кісілердің сұмдық деп отырғаны сол.
— Жақын? Қалайша? ., .,..
— Не қалайшасы бар? Шөккен дейді...
— Не дейсің?
— Е, сығыр, шеккенді білмеуші ме ең?.. Бура мен інгенше?.. Білесің?..—деп, Жиренше өте бір тұрпайы қозғалыстар жасады. Ол үлкендер арасынан әбден іші пысып шығып, енді салқын далада азырақ ойнақы күйге кеп тұр еді. Абайды күлдірмек болатын. Бірақ Абай күлер емес. Көңілінде қатты қобалжу бар.
— Сол рас па екен? — деп, Абай қадала сұрады.
— Бәсе, сол анық-танығы мәлім емес... Бірак ел өсек кып әкетіпті. Сүйіндіктің, жаңағы, анығын білейік деуі сол ғой, — деп, Жиренше салмақты болып сөйлеп еді.
— Ендеше, бекер жала-дағы? *
— Тіпті, солай десетіндер де көп. Бірақ әнеугүні Құнекең мына Сыбан ішіне топка барса, сонда Солтабай төре осыны бетіне салық кыгггы. Мына кісі төреге насыбайды тастасаңшы дегенде, анау: “Мен насыбайымды тастайын, бірақ Шынғыстың бөктеріндегі шашты сайтанынды сен де тыйсаңшы!” деп, бетінен алыгггы дейді. Соған намысы келіп, Құнекеңнің қатуланып отырғаны әлгі ғой, — деді.
Абай әкесінің жаңағы “дарға асу” деген жердегі аяздай суық пішінін еске алды. Үндемей біраз тұрып, қабағын шытып, қатты күрсінді де, айналып жүріп кетті. Күрсінуі ауру дененің қиналған ыңқылына ұқсағандай болды. Шешесінің үйіне карай беттеді. Жиренше баска да бірдеңелер сөйлеспек боп, бөгемек еді, қайырылған да, үндеген де жоқ. Кете берді.
3
Келіні жаңа ысытып әкелген, құрт қосқан қонақ көжені анда-санда бір ұрттап отырып, Қодар:
— Қарағым, Қамқа, бүгін күн жұма ғой осы? — деді.
— Жұма, бейіт басына барып, құран оқып қайтайықшы, — деді де, Қамка күрсініп алып, — Құданың құдіреті, бүгін түсіме балаңыз бір түрлі боп кірді, —деді.
— Пәке паруардигар’ Паруардигар’ — деп, мол келген батыр кеудесін как жарған шерді Қодар да шығарды. “Түс шіркін, жұбаныш па, тәңір-ай’” Бүгін өз түсіне де Құтжаны — жалғызы кірген еді. Бірақ Қамқа түсті кәдімгідей медеу көреді. Айтсын. Бала көңілі, тым құрыса, соны- сымен уанған болсын. Тыңдайды.
— Осы дәл өңімдей, үйдің сыртына кеп аттан түсіп, асығып, жайраңдап кіріп келді. Келді де: “Әкем екеуің жылай бересің... Зарлай бе-
ресің. Мені шын өлді деймісіндер? Ал мен, міне, келдім... Тіпті, өлгем жоқ... Қойшы, Қамка! Кабагыңды ашшы!” деп, осыбіртүрлі сай-сүйегімді босатты!.. —деді.
Осы кезде Қамқаның да, Қодардың да көздерінен үнсіз жастар біртін-біртін сорағытып ағып отыр еді.
Жым-жырт үйде Қамқаның құлағына тыс жақтан бір ызың естілді. Қазіргідей таңертеңгі уақытта мұның құлағына осымен бірнеше рет, осы бір ызың естіледі де тұрады.
Қаны қашып, аппақ сұр болған бетін төр жаққа, атасы жакка бұрып, қадала тыңдады. Екі көзі жаска толып, қызарып тұр. Аш бетінде көк тамырлары білінеді.
— Шыңғыстың бөктер желі ғой, қарағым.
— Ызыңы несі?
— Қораның төбесі ашылып қалыпты. Оның да тозығы жеткен емес пе? Тесіктерден сорайып шығып тұрған ескі қамыстар бар. Сол құрғыр жел соқса ызың салады ғой, — деді.
Аздан соң екеуі де тысқа шықты. Тозығы жетіп қалған жалғыз қоңыр үй, жапа-жалғыз кішкене, ескі шым қораға ықтап тұрғандай. Маңайда баска не қыстау не бірде-бір киіз үй де, тірі жан да жок. Көшерлік өз көлігі жоқ болған соң, Қодар ешкімнен көлік те сұрамаған, қыстаудан да ірге аударып жылжымаған.
Бұрын баласы: “Жатақ боп жатамыз ба?” деп көлік әкеп, көп ел ойға көшсе — ойға, қырға көшсе — қырға ілесе беретін. Мал тойыны, шаруа есебі дейтін емес. Әйтеуір, құр жас болған соң дүрмектен қалмау сияқты. Онда Қодар өзі де, “тым құрыса, аққа тәуір болармыз, біреуден там-түм сауын сауармыз” деп, елге ергенге қарсы болмаушы еді.
Ал биыл ағайын өзі білмесе, балам өліп еді деп, енді жатка телмір- гендей көлік сұрап жүруді лайық көрмеді.
Қамқа да, өзі де Құтжанның жас қабірін құлазытып, жалғыз тастап, “жайлау бар еді, сайран бар еді” деп кеткісі келмеді. Күндіз-түні егілген жаспен, еңіреген зарлылар арысын тастап кетерлік дәрмен де таба алмас еді.
Бұларда мал дейтін мал да шағын. Азын-аулағы болса, осы қыстау маңын қысы-жазы жесе де, Бөктер шөбінің тұмсығын сындыра алмайды. Жалғыз үйдің қолындағы бары — жиырма-отыздай ешкі-лақ, қой- тұяқ пен бір бұзаулы сиыр, екі торпақ болатын. Осы малды бағарлық бұт артары бір гана қоңыр ат. Құтжанның қоңыр аты.
Баласы өлген соң Қодар қыстыгүні осы ел ішінде кірме боп, әркімде жалда жүретін бір шал жиені Жәмпейісті өз қолына алып еді. Жәмпейіс- те қатын да, бала да, баспана да жок. Өмірі шыр бітпеген сорлы еді.
“Екі жарты бір бүтін болайық. Кімге сенеміз? Иық сүйесіп күн көрейік” деп, Құтжанға құран оқи келгенде Қодар Жәмпейіске зарын шақты да, қолына ұстап қалды. Қазір қоңыр атпен бар қара-құраны қосып жайып жүрген сол Жәмпсйіс.
Малда аланы жоқ. Үйде де мінбелеп тұрған шаруа жок. Сондықтан өмір мен уақыт бүгілдірген бір кәрі, дерт пен зар бүгілдірген бір сорлы боп, екі шерлі баяу басып, бейіт басына қарай аяңдады.
Жарқыраған май күні бір түрлі боп нұрланып, тамылжып тұр. Аспанда ұсак кана ақ мамык бұлттар қалқиды. Айналадағы жазық пен төбешіктің бәрі де алкара көк. Аласа, тықыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған. Қызғалдақ, жауқазын, сарғалдақ, бәйшешек дегендер кызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып, жайнайды. Гулеп ұшқан көбелектей көп бояулы, неше алуан...
Бөктер желі таңертең әрдайым Шыңғыс аса соғатын қоңыр салқын күйінде. Қазірде де күн қызуын жеңілдетіп, майда қоңыр лептей үріп тұр. Бірақ бұл жарастық, бұл жастық кімдер үшін?
Әлдекімнің рақаты, әлдекімдердің қызығы, сайраны үшін болар. Жалғыз-ак, мынау екі каралылар үшін ол жокка тән.
Бұлардың алдында, кішкене көк төмпешік үстінде құбыла жақгағы серек тасы шошайған жалғыз жас бейіт қана тұр. Көздері де, көңілдері де сонда.
Дүниенің көктемі Құтжанның былтыр ғана осындай кезде, күліп жайнап жүрген аман шағын, сау шағын еске түсіреді. Еске түсіреді де, тағы да толқып келген кұсамен басады. Жүрек басынан запыран, зәр төгілгендей болады.
Қодар батыр денелі, алпыска жаңа кірген, бурыл карт еді. Жалғыздық пен осы қаралылык иықтан баспаса, өмірдің мұны мойытар өзге күші жоқтай.
Ол жасында найзагер батыр болған. Осы жасына шейін өз қасиетін жоятын жаман аттан да аулақ.
Жуан кім, көп кім, бак масы есер кім? Ешбірін де ол білмейтін. Өз өмірі, өз үй ішімен, өз айранын ішіп күн кешетін.
Үйден шығып, әлдебір сөзге, сыпсыңға да араласпаушы еді. Сондықтан алысты қойып, ағайын ішінде де бұны білетін жан аз. Өзі де аз ғана Борсақтан, Бөкеншіден басқа жұртты танымайтын.
Соңғы алты ай ішінде барлық жалын атқан қайғысы — жалғыз баласы Құтжан жайы.
Ендігі үміт не? Құлазыған қу өмірде тірек не? Ойлағанмен тапкан емес. Таппасын білген соң, соңғы кезде оны ойламайтын да.
Жалғыз жанкүйері мынау қайғыдан сөніп бара жаткан, санадан солған бейшара келін. Оның алды немене? Не болады? Бұны шешуге тоналып қалған көңілі баспайды. Батылы бармайды. Бөтен боп кете ме деп ойлай бастаса, Құтжаны бір өлген емес, екі өлгендей көрінеді.
Келіні Қамқа мен Құтжан арасының тәттілігі өзгеше еді. Бұл бейшара жетім қыз екен. Құтжан сонау алыстағы Сыбан ішіндегі нағашыларын іздеп барып, содан алып қашып келген. Бұнда да артына оралар, ие шығар туыс жоқ. Сондықтан ба, әйтеуір, Қамқа Құтжан мен осы үйдің тілеуіне бар ынтасымен құлаған еді. Қодар соны танып, Қамқаны дәл өз ішінен шыққан Құтжаннан бірде-бір кем сүйген емес. Оның да, бұның да тең ортақ әкесі болды.
Біртоға, кесек мінезі бойынша, осы көңілін өле-өлгенше сақтаумен көрге бірге әкетемін деп сенуші еді.
Бірталай күн болды, Жәмпейіс тауда, көрші ауылдардың қойшыларымен кездесіп, сондағы естіген сөзінен бірдемені бықсытып айта
бастағанда. Қодар толық түсінбей, түсінгеніне ыза боп, түсінгісі келмей тойтарып тастаған, айтқызбаған. Естіген сөздеріне қарағанда, басы аман, өсекші ағайын тек отыра ма? Соның шырғасы ғой:
— Бүл Қолар неге қыстаудан шықпай, інге кіргендей жатып алды? — деседі дейді.
Тағы бір кезде:
— Осы Қодардың келіні нені үміт қылып отыр? Не ойлаған ойы бар? — деп сүрастырады дейді.
Осындайға келгенде Қодар мұндай жыбырдын ішкі зәрін, суығын сезгендей болған. Оның өз топшылауы бойынша, бұндайдың арты жесір катынға әмеңгер іздеу. Мал шығармай, біреудің үйіне тегін катын кіргізіп беру. Қодар малына ие болатын мұрагерді іздеу, соны табу.
Бұндай жай өтірік ағайын — болмыс, жанкүйер — болмыс атқамінер кулардың күлшына кірісетін сыпсыңы.
Қодар елге жоламай, елдің келуін де тілемей қойғанда, әсіресе, осындайдан қоркатын. “Тым кұрымаса, баламның жыл уақыты жетсін” деп, оның ар жағын тіпті ойламай, жауып коюға тырысатын.
Енді, міне, өмір аязының алдыңғы лебі болып, Жәмпейіс арқылы, қойшылар арқылы келіп жатқан сұм салқын сол ғой деп үккан-ды.
Қодар қиналып, қатуланған соң, Жәмпейіс өз есті генін тегіс айтқан жоқ. Және айтам десе де, өзі сөз білмейтін, сөзін кісіге ұғымды кып айта алмайтын аса бір орашолақ адам еді. Сонысынан тағы жасқанып, Қодар- ды кинамайын деп койған-ды.
Бірақ бір күні далада бір кәрі қойшы бұған сұмдық айлы.
— Қодар келінімен жақын дейді. Сен не білдің? — деген-ді.
Бұған Жәмпейіс жаман түршігіп:
— Онбай кетейін, естіген сұмдығым емес. Тарт... Тарт көпір, мына сөзіңді, тарт’ — деген. Актағаны ма? Жок, жай шошығаны ма? Біліп болмайды.
Бірақ жаңағы сөзді бастаған кәрі қойшы өзі де сұмдықтың адамы емсс-ті. Өз ішінен: “Мына бақыр білсе, бүйтпес еді. Тегі, не аналар аман да. не мынау түк біліп, сезбеген ғой” деп ойлаған. Кейін де осы көрші қойшы Әйтімбет Қодарға анда-санда қатынасатын кедей-кепшіктен жа- ғалатып сұрау салып, жаңағы жаладан Қодарды аман деп ұйғарды.
Бірак жақындағы жарлы-жақыбай солай дегенмен, осы өсекті кайта- қайта шығара беріп, көпке жайып кеткен бір “көз” тағы бар. Не қылса да Әйтімбет Жәмпейістен алғаш сұраған кезден бастап, осы жала Қодарға оралып соға беретін бітпес жала болды.
Қодарда соңғы күндерде Қүтжан дертінен бөлек өзгеше бір ыза бар. Онын себебі, осыдан үш күн бұрын Сүйіндік бір кісі жіберіпті. Оңаша алып сөйлескен Бектен деген бір сөзуар көсе бұған әрнені шарлап кеп:
— Ел аузына кім каклак болады? Кдн көтеріп әкетігггі. Жаны ашыған жақсы да сол өсекті басам десе, баса алмапты, — деп, Сүйіндікті атап, оны бір мақтап қойған. Содан тағы біраз орағытып кеп:
— Жаман айтады... Сені мен мына келініңді жаман атқа тағады! — деп былш еткізгенде, Қодар:
— Өй, жаным, не шатып отырсың? — деп, Бектен көсені таптап тастардай болады. Анау бірак безбүйрек кайтпас екен.
— Сол сөзге иланып алған Құнанбай, саған катгы жаза бұйыратын түрі бар. Сүйіндік өз бауырын кисын ба? Саған мені әдейі жіберіп отыр. Сөз айқындап ашылғанша тая тұрсын, бір жерге жалтара тұрсын дейді, — деп келген.
Қодар ыза мен корлыктан өлердей боп булығып, орнынан атып тұрып:
— Уа, кет, жоғал! Құдайдың кәрін көріп болған Қодар Құнанбайдың кәрінен коркар деп пе ең? Жоғал әрман! — деп айдап жіберген.
Осы сөз бүгін де Қодарды ызаменен қайнатады. Бірак Қамқамен бұл жайды сөз қылуды ойлаған емес. Өзінің әкелік жүрегі өзіне мәлім. Балалық жақындығы Қамканың да өзіне мәлім — берік. Сол кайғы үстінде күндегі бір-біріне мұң айту, күрсіне отырып зарларын шағу, еке- уін әбден келін мен ата халінен кетіріп, ортақкайғыдағы ене менен келін- дей немесе әке мен баладай жақындатқан. Адам мен адам боп танысып, табысқан-ды. Бірак өзге көп жайды екеуі де ірікпей, бүкпей ашық сөйлессе де, жаңағы сұмдыкты жарылмаған уыздай сорлы, шерлі баласына айтуға бірбеткей Қодардың батылы да бармас еді.
Екеуі ақырын аяңдап бейіт басына келді. Қодар құран оки білмейді. Камка да оқыған емес. Бірақ екеуі де өзді-өзі ішінен Қүтжанға тілеуін, зар болғанын, арманда калдырғанын айтады. Әрқашан жанкүйер жақын қабіріне ыстық-ыстык жастар төгеді. Қайта-қайта бас қояды. Үндемей иіндері тиісіп, көздерін алмай, ұзак-ұзак отырысады. Бұл қабірдің әр тасы екеуіне санаулы. Әлдекалай жел ұшырып түсірген шөп-шалам болса, оны алып тастап немесе топырағының ойсыраған, копсыған жері болса, соны қайтадан түзеп оңдай отырысады. Тағы да бірталай уақыт отырып қалып еді. Бір кезде бұлардың сырт жағынан дүрсілдетіп келіп қалған бірнеше атгының дабыры естілді.
Қодар да, Қамка да бұрылған жоқ. Аттылар мінбелеп кеп түсіп жатты. Бұлар бес кісі екен. Бастығы Майбасардын қара сакал атшабары — Қамысбай. Қалғанының екеуі — Бөкенші, екеуі — Борсақ. Қамысбай аттан түсе бере:
— Көрдің бе, жәдігөйді! — деп күңк етті. Қодар мен Қамқаны бұл күйде көреміз деген жок еді. Мынадай сарылып отырған кайғыны көргенде, өзге болса жүрегі шайылар еді. Қасындағылар аттан түсуден де іркілген- дей болатын. Бірак Қамысбай “шаш ал десе, бас алатын”, Майбасардың өзінен аскан бүлік, бұзакы, канкүйлының өзі.
— Түсіндер! — деп бұйырды да, бәрін аттан түсірді. Борсактың да оны қостайтын біреуі табылды. Ол Жексен дейтін дәукес шалдың інісі — Жетпіс еді.
— Көрден бас бұрмауын, көрде басы калғырдың! — деді Жетпіс те.
Қодар мыналардың әдейі келген жайын байкап, бұрылды да, сабырлы суык жүзбен:
— Нелерің бар, жандарым? — деп еді.
Қамысбай тепсініп кеп:
— Неміз болушы еді? Сендерді ұлықшақыртып жатыр. Мына Қара- шоқыда елдің игі жақсысы жиналып отыр, тосып отыр! — деді.
— Жақсың кім? Ұлығың кім өзі?
— Ұлығым старшын Майбасар, бастығы — Құнанбай. Мына келінің мен екеуіңді жауапқа шақыртады. Тұр, жүріңдер!
— Сандалып жүрмісің? Не ақың бар?
— Не дейсің? Әкім шақырса, ақың не деймісің?
— Құдай жүзін көрмегір, мынау кім өзі әкіреңдеген’ — деп, Қамқа қаны қайнап, катгы ашуланды.
— Құдай жүзін көрмейтін сендерсің, қос қара бет! Сенсің, шашты сайтан! — деп, Қамысбай бастырмалатып, камшы үйіре бастады. — Жүр, ал! Алып жүр’ Мінгіз ана атка екеуін де! — деп, қастарындағы жігіттерге бұйрық етті.
Төрт жігіт әуелі Қодарға қарай ұмтылды. Қодар:
— А, құрыған құдай, нең бар еді?—дей беріп, касына бұрын барған екі жігітті койып-койып жібергенде, біреуі мұрнын басып ұшып түсті. Бірак сөйткенше болмай, калған төртеуі жабыса кетіп, даяр шылбырмен колын сыртына қайырып, байлап алды. Қамқаны да сүйретіп отырып, аттың жанына алып кеп, Қамысбайдың алдына мінгізді.
Қодардың артына Жетпіс мінді. Ол да еңгезердей мықты жігіт. Жалма-жан аттарына тегіс міне сап, күншығыс жақтағы Қарашокыны беттеп, тұмсык аса шаба жөнелісті. “Шабар қылыш, атар оқ, бұлармен сөйлесер сөзде жоқ. Не де болса ұлығымен бір тілдесермін” деп ойлап еді Қодар.
Өзімен аталас болса да, жол бойы артындағы Жетпіспен де бір ауыз тіл катқан жок.
Шынында, Қодар мен Қамқаның осы сорына себепкер болған да дәл осы Жетпіс пен соның ағасы даукес, бәлеқор Жексен.
Олар Қодардың ең малды ағайыны болатын. Басында Құтжан өлген соң, осы көктемде жұрт Жексенді кінәлай бастады.
Қодар аталас жақыны еді. Әрі кедей, әрі жалғыз, жетім-жесір боп калды. Соган колы ұзын Жексен қарайласса нетуші еді? “Кешерге көлік бермей, бір қорага жалғыз тастап кетті” деп кінәлаған-ды. Осы сөзді бір емес, екі емес, есіте берген Жексен, ең әуелі өзінің болыспауына сылтау етем деп:
— Сол құрғырдан көңілім тіксініп жүр, болыспайын демеймін, бірақ шошып қалдым, — деп, Бөкенші-Борсактың жиынында ең алғаш бәле сөздің басын бір шығарған.
Артынан Сүйіндік осы сөздің мәнісін сұрағанда:
— Келінімен жақын екен ол көпір... Маған не қыл дейсің? Қасыма алып жүрсем, ертең бетіме түкірмеймісің? — деп ақталған-ды.
Алғашқы бір дақпыртты осымен жұртка жайып жібергеннің бірі енді Сүйіндік те болды.
Бірақ басында өздері жайып жіберіп, кейін осы өсек еріккен қызыл ауыздың бәрін кернеп кеткен уақытта Сүйіндік тағы бір келіп, Жексен- нен енді анық дерегін сұраған. Жексен қыстыгүні — Құтжанның жетісі болған күні, Қодар айтқан бір сөзді дәлел қылды.
Қодар қайғыдан сандалып, жаны күйіп отырып:
— Маңымда тұлдыр жоқ. Құдай маған қылды ғой. Кәпір өтсем де енді кәрінен аянарым жоқ. Құдай маған қылса, менің құдайға қыларым сол... — деген.
Осыны Жексен өз бетімен топшылап, “бұл құдайға не қылады?” деп, жүріп-жүріп кеп, ақыры: “Мұнысы келіні болды!” деп байлаған-ды.
Содан бері өсекті өзі таратуына тағы бір себеп — “Қодарда біраз жер.бар. Мұның қыстауына ен жақын, жерлес адам сол. Әйтеуір, жайы біткен неме ғой. Елден кудырып жіберіп, жерін де басайын!” деген арғы түкпірде жатқан есебі еді.
Осыдан ұшқындаған сөз Құнанбайға жетіп, одан “Сыбанның жиынында Солтабай Тобықтыны мазақ етіп сөйлепті” дегеннен бері қарай, Сүйіндік бәленің ұлғаятынын біліп, Жексеннен кайта кеп сұрастырған. Жалғыз Жексен емес, маңайдан да сұрау салды. Көрші ағайын, бастығы Әйтімбет қойшы боп, өз еркімен осының анығына жетуді ойлады. Сөз бақпаған момын ағайынның бәрі де Қодарды қараламады. Қайғы шеккен, дертті күйін ғана айтушы еді.
Бірақ Жексен мен мына Жетпіс болса, сол қайғының өзін де:
— Әдейі істеп жүрген сырты. Сүйтпей коя ма? Бәлені түн жамыла бастайды ғой, — дес кен-ді.
Өзі анығын білмеген және ол анық болса, осыны сылтау кып Құнанбай Борсак, Бөкеншіге бір нұқсан келтіреді деп есептеген Сүйіндік сырт кісімен сөйлескенде:
— Осы сөз бекер болар, — деген. Құнанбай алдында да соны нык ұстармын деп еді. Бірақ Құнанбай ырық бермеді.
Оның үстіне жақында Қодарға өзі әдейілеп жіберген Бектен көсе жолшыбай Жексен аулына соғып, тіпті бүлдіріп кайтты.
— Қодар “Құдай да, Құнанбай да керек емес. Не қылсам өз еркім, менде не ақыларың бар?” деп куып шықты. “Құдай маған қылса, мен құдайға қылдым” дегені, дәл сол бәленің өзі болды! — деп ентелетіп, төндіріп келген-ді.
Құнанбай жағынан ықтап кайтқан Сүйіндік, көзі жетпесе де байлау етті. Сонымен, ақыры, Қодар күйі кеп бұған соқты.
Жолшыбай “келінімен тілдестірмеймін” деп, Қамысбай Қодарды алдына салып, өзі әдейі оқ бойы жер артта, іркіле жүріп келе жатыр.
4
Қарашоқы Қодар қыстауынан алыс емес. Шынғыстың үлкен биігінің бірі. Соның бауыры әдемі, тоғайлы өзен болатын. Тал-терегі болсын және тау қайыңы — кисықша қызыл қайың болсын, барлығы да көктеп, жайнап тұр. Бұл ара бір құйқалы, жақсы қыстау. Бөкенші, Борсак ерте кеп, осында орнап қап, әлі бауыр басып келеді.
Ырғызбай ішінен, әсіресе, осы Қарашоқыға кызығушылар көп болатын. Бұнда отырған ауылдар Борсак Жексен аулы. Ол Борсакка әлдеқандай көрінгенмен, өзге жұрттың келесінде бұта құрым болатын.
Жиын осында екен. Жексен аулы төрт үй. Өзенге мінбелеп, төніп тұрған бір тіп-тік жартастың түбіне қоныпты. Осы араға Қодар мен Қамқаны алып келе жатты. Тыста:
— Келе жатыр. Алып келе жатыр... Әне, Қодар... — деген үндер естілген соң, Жексен үйінде отырған Құнанбай бастаған топтың бөрі тыска шыкгы. Тұмсыкасып келе жаткан Қамысбайлар келгенше, мұндағы
барлық жиын бір араға карай екшеліп, ауылдың сыртына барып топтанды. Сол арада клзыкка бұйдалап байлап, шөгеріп койған бір үлкен, биік кара атан жатыр. Беліне шом салып, екі өркешінің арасын жоталап биіктепті де, соның үстінен бастыра бір ашамайды орнатып, мыктап шандып, танып тастапты.
Камка жиыннан шошып кетті. Жолшыбай сұрамаса да, енді ауылға такала бергенде Қамысбайдан:
— Жаным-ау, адам баласысың ғой... Осы айыбымыз не? Не қылмақсындар? Айтып өлтірсеңші? — деген.
Бұған шейін “ләм" деп жауаптаспай келген Қамысбай енді ғана тіл катгы. Бірақ тілі зардей еді:
— Анау атаңмен — Қодармен жақын болғаның үшін қазір екеуің де жайрайсың’ — деді. Ол осыны айтып, “Қамқа не дер екен?” деп еді, байқаса, Қамқада үн жок. Бір ғана ыңыранды да, сылқ етіп, аттан құлап барады. Қамысбай өзі де аттан жығылып кала жаздады. Қамқаны құшақтап, қысып алды да, желіп отырып, жиынның алдына келді.
Алдыңғылар Қодарды түсіріп жатыр екен. Бұ да кеп Қамқаны сүйемелдей ұстап тұрып, өзі бұрын түсіп, артынан келіншекті түсірді. Қамка түскен жоқ. Былқ етіп құлап жығылды да, талған бойында жерде сұлық жатып қалды.
Қодардың алдында жүз қаралы жиын түр. Ортасыңда Құнанбай, Бөжей, Байсал, Карагай, Сүйіндік, Майбасар — бәрі бар. Алдағы осылар да, артында ентелеп тұрған — ақсақал, қарасақал. Әр рудың, көп рудың адамдары. Ылғи атқамінері ғана. Ішінде жұпыны киімді біреу жоқ.
Қодар сәлем бермеді, өзі таңулы. Ішінде удай қайнаған ыза мен ашу бар.
Жиын ортасында жалғыз көзі бұған оқтай қадалып тұрған Құнан- байды танып, соған карап түйіліп, қатты акырып:
— Уай, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді? Бұ не қырсығын?.. — дей бергенде Майбасар бастаған әулекі жуандар:
— Тарт тілінді’
— Қысқарт’
— Жап аузыңды! — деп арс-арс етті. Құнанбайға жаңағы Қодарша зекіп сөйлеген қарсылык сөздерді олар естіген емес.
Қодар аз үндемей тұрып, аналар басыла бергенде:
— Ел-жұртка масқара етіп, кор етіп, анау соқыр көзіңнің құнын менен алайын деп пе едің’ — дегенде, Құнанбай:
— Шығартпа үнін! Жоғалт көзін! — деді.
Майбасар да ілесе:
— Өй, қуарған көк төбет! — деп, қамшы үйіріп кеп кап еді.
Қодар саспастан тұрып, қарсы ақырды.
— Иә, мен көк ит болсам, сендер көп итсің! Жабыларсың, таларсың да жерсің! — дегенде, Қамысбай мен бағанағы төрт жігіт Қодарды сүйрей жөнелді. Сүйретіле бара жатып, Қодар зор дауыспен барынша шырқап:
— Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан, кара бет?! — деп, қанталаған көзімен Құнанбайға бұрылып, атып жіберердей қарады.
Бірақ осы кезде мойнына шылбыр түсіп калып еді. Төрт жігіт жетектеп жылдам тартып, анадай жаткан кара атанның оң жағына апарды. Басына кап сияқты бірдеңені жаба салды. Бес-алты кісі тапжылтпай, түйенің қабырғасына басып, жығып ұстап тұрды. Қодар тағы лағынат айтып айқайлай беріп еді, сыртынан бір катгы күш тарпып, серпіп жібер- гендей болды. Тұрып бара жатқан түйенің қабырғасы қаққан екен. Осыдан әрі мойнынан “лық” етіп, темірдей қысып, жанын суырып әкетіп бара жаткан таудай ауыр күш басты. Жалған жапырылып, үстіне кеп құлады... Көзінің оты жарқ етті де, сөніп бара жатты. Жиында үн жоқ. Түйенің ар жағына Қодармен тең кып аскан Қамка түйе тұрысымен бір сәтте үзіліп кетті. Оны бәрі көріп тұр. Қодар бір жиырылып, бір созылып, тез өле алмады... Батырға біткен зор денесі созылған уақытында, бұрынғысынан да ұзарып нар түйенің бойына теңелгендей, аяғы жерге тиер-тимес- тей болды. Түйені тұрғызып, бірталай ұстап тұрғанда жиын әлі үн қатпады. Екі жанның өлім азабын өз үстіне арқалап тұрған түйе де үнсіз.
Дәті шыдамаған Байсал кейін бұрылып, шетке шығып кетті. Сөйлегендер болса, сыбырмен ғана сөйлейді. Қаратай Бөжейге күбір етіп:
— Өле алмай қиналды-ау, бақыр’ Бейшара, жаңа білдім, арыс екен ғой’ — деді.
Бөжей мұның бетіне катгы сұрланған жүзбен, ажырайып карады да:
— Арысыңды, ендеше, арыстан жеді, — деп сырт айналып кетті.
Жұрт сыбырлап:
— Өлген жоқ, әлі өлген жоқ... — десе берді.
Қодардың денесі, шынында, әлі тітіркенгендей дірілдеп қап, кейде тартыла түсіп қояды.
Құнанбай жұрттың күбірі көбейіп бара жатқанын енді сезді. Өлтіргеннен де қинау бататын тәрізді. Оң қолымен катгы ишарат қып, түйені шөгер деп бұйырды.
Түйе шөккенде Қамқа серейіп сұлық түсті де, Қодар өлмеген екен, бүктетіліп түсті. Сол арада жұрттың есін жиғызбастан, Құнанбай қасын- дағы құзды көрсетіп:
— Шық алып, мынаның басына’ Құлатындар содан көпірді! Бітсін сонымен’ — деді.
Бағанағы Қамысбай мен сол жігіттер үнсіз Қодарды түйенің үстіне көлденең салып, арқанмен байлады да, тау басына тарта жөнелді.
Бұл құздың арғы сырты жазаң. Көлбей біткен бетегелі жазаң болатын. Тосып тұрған жұрттың ішінен бірен-саран дәті шыдамағаны сусып кетейін деп еді, Құнанбай:
— Ей, таркама түге! Токта былай! — деп саңқ етіп, зілді бұйрық берді. Жұрт кайта иірілді.
Аздан соң құздың басына ереуілдеген жаяулар шықты да, ойдағы жиынға карады. Құнанбай түрегеліп, окшауырақ шығып, қолын төмен сілікті, “таста” дегені. Жоғарыдағы төрт жігіт Қодар денесін қаумалап, ілгерілі-кейіндітолкытып тұрып, бір кезде тастап жіберді. Бұлтас—бауыр жағы ойылғандай шұқшиған тас еді.
Азап пен қорлық шеккен онсыз да өлі дене, жолшыбай бір тасқа сокластан тұпа-тура ағып кеп, ауыр салмақпен күрс етіп бір-ақтүсті. Қазір
де шоктай жиылып калган топтың как касына кеп кұлады. Шетірек тұрған кісілерге естілгендей боп, ақырын ғана күтір етіп сүйек-сүйегі сына түскендей болды.
Дәл осы кезде Жексен аулына төменгі тоғай ішінен шығып, қатты жүріп кеп, екі салт атты түсіп еді. Денелері ықшам, біреуі бала бейнелі. Олар аттарын шеткі үйге байлай сала, жылдам басып келе жатқан Абай мен Жиренше болатын.
Аттан түсе бере бұлар тас басына тегіс аңырып, карап тұрған жиынды көріп, өздері де солай кадалды. Бір кезде шекпенінін етегі канатгай боп шалқи шашылып, құлап келе жатқан дене көрінді. Жиренше атты байлай сала топка карай жүгіргенде. Абай көзін басып отыра кетті... Бітті, өлді...
Мезгілімен жетсе, әкесіне өмірінде бірінші рет жалынып, аяғын құшса да өлтіртпей алып қалмақ еді. Кешігіп қалды. Енді топтың ішін көрмек емес. Атына кайта жүре берейін деп еді. Бірак дәл осы кезде, үнсіз тұрған жиын жақтан жапыр-жұпыр дауыстар естіліп калды.
— Сен ал’
— Е, сенше?
— Ал өзің? — десіп, кау-кауласып тұрған жұрт қолды-колына бір- бір кесек тас көтеріп алыпты. “Төбелес пе” деп еді. Солай басты. Бұл төбелес смес-ті. Кодар құдасымен Құнанбай:
— Әлі жаны шыққан жок. Енді анау көпірден өз жанымызды актап, аулақ әкету үшін кырық рудың кырык кісісі кесек атсын. Ал осы жиын- дағы әр атаның баласынан бір-бір кісі кесек алыңдар қолдарына’ — деген.
Өзі алдымен алды да, Бөжей мен Байсалға карап жердегі тасты нұсқап: “Алыңдар!” деді. Бұйыра айтты. Аналар бағынды да тас алды.
— Міне, шариғат бұйрығы. Атыңдар кесектеріңмен! — деп, алдымен өзі лақтырып, Қодардын жонынан ұрды. Бөжейлер алған кезде тасты біреу алып, біреу алмай тартынынкы еді. Жаңағы дабырлаған дауыс сол тас алдырып, ұрғызудың бұйрықтары екен.
Абай жеткенше жұрт бірі артынан бірі тас жіберіп ұрып жатыр. Топтың шетіне Абай келе бергенде Жиренше колынан ұстай алып, бетіне бетін тақап: .
— Ананы қара! Мынау ұрғалы жатқан шалды қара! Осы Қодардын жақыны. Өзі шал. Өзі Борсак. Жексен!.. Бұған не жок екен, көк төбетке?! —деді.
Абайға нағыз өлтіруші осы сияктанды. Ентелей ұмтылып, Жек- сеннін желке жағынан тақай бергенде, Жексен Қодардын өлігіне карап:
— Кет, бәлекет, жүзі кара! Кет! — деп, үлкен тасты жіберіп калды. Қодардын денесін Абай жана көріп еді. Бас сүйегі мылжа-мылжа болыпты. Жүрегіне қан төгілгендей қайнап кеп:
— Өй, кәрі малғұн! — деп, Жексенді желкеден қойып жіберді.
Жексен Қодарды ұрған біреудің топшысы тиді ме деп сырт айналып қарағанда:
— Не деген имансыз едің, кәрі төбет?! — деп тұрған Құнанбайдын баласын көрді. Абай сырт айналып кете беріп еді, Жексен бұған зекіп:
— Өй. бала!.. Ой, сен өзің! — деп тұрып, дауыстап: — Мен бе екен?.. Ер болсаң, әне... әкең! — дей берді.
Жұрт: “О не, о не?” десіп жатты. Абай жылдам басып атына жетті.
Белдеуден атын шешіп жатып, осы үй ішінде жылап отырған көп жанның үндерін есітті. Әйелдер көрінеді. Бірі солқылдап, бірі ыңырсып, бірі сыбырлай сөйлеп жылайды. Дауыстарын шығара алмай, қыстығып жылаған қатындар.
Еркектер бұл ауылдың бар әйелдері мен баласын осы үйге ерте бастан каматып қойған. Солар екен. Катты қорқытып қойған болу керек, дауыстарын шығара алмай жаншылып, егіліп жылайды. Бұ да Абайға оқтай тиді. Тыңдауға дәті шыдамай, атына міне берді.
Осы кезде Құнанбайға Жексен шаққан болу керек, әкесі Абайға айқайлап:
— Ей, құдай ұрған, тұра тұр! Көрермін бәлем! — деді. “Үстандар, алып келіңдер” деп айта алмай қалды. Абай атына міне сала, ауылға қарай шаба жөнелді.
Артынан мұны қуып жеткен Жиренше:
— Әй, Текебай тентек... Текебай тентек’ — деп ат қойып апты. Бұлар ойға қарай жосытып кете барды.
Жиын болып, кісі өлтіріп, ел ортасында құлақ естіп, көз көрмеген сұмдықты өз қолдарымен істеп шыққан топ, атка міне сала, жан-жаққа шашырай тарады. Үнсіз, жым-жырт айрылысты.
Жалғыз-ақ Бөжей ғана Сүйіндік, Қаратаймен бірге үшеуден-үшеу боп оқшау кетіп бара жатып, күрсініп:
— Ер өлтіргенге құн сұраушы ең. Енді құн сұрамақ түгіл, өкпе-кінә қылар да мұршаң жоқ. Өлтірген — өзінсің. Қырық рудың адамы кесек атып өзің өлтіріп отырсын, не бетіңмен үн шығарасың? —деді.
Каратай танып келеді, Бөжейдіңтүп есебінің көбін Құнанбай бұзып кетті. Бөжейге, әсіресе, Құнанбайдың осы айласы батқан тәрізді. Каратай соны ескеріп:
— Шариғаттың шын бәлесін түпке сақтапты ғой. Бұл шариғат та айлаға құрық бере беретін болды ғой. О да Құнанбайдың қойны-кон- шында десейші, — деді.
Сүйіндік басылып, шошып калғандай екен:
— Құрсын! Тек бәле осымен бітсін, тынсын десеңші’ — деді.
Бөжей көп арбаскандықтан, Құнанбай тәсілін түкпірлей танушы еді:
— Біту, тыну ма? — деп күрсінді де: — Бөкенші, Борсак қашан айттың деме, шылбырды Қодар мойнына салған жоқсың. Бұйырса, осыме- нен өз мойныңа да салған боларсың, жазған! — деді.
Әрқайсысы да осы ойдың соңында еді. Үндемей салбырап кете барысты.
5
Абай мен Жиреншенің бүгін бұл бәленің үстінен шығамыз деген ойы жок болатын. Үлкендер, тегі, көпшілік құлақтанбасын деп, бүркеп ұстаған болу керек. Ешбір ауылда бұндай сыбыс айтып, сыр берген жан білінген емес.
Жиренше таңертең Құнанбай аулына бір әдемі тарғыл тазы ертіп келді.
Келуі — ауылды азан-казан кып, бала-шағаның көбін тыска еріксіз шығарған. Бұл шудың басы тентек Оспан болған.
Жиренше тазысымен конак үйдің сыртына такай бергенде, Оспан анадайдан көріп калып:
— Айтак, айтак, жеңдер. Ойбай, жеңдер, әне Жиреншенің тазысын’ Жолдаяк, Бөрібасар. Бөрібасар’ — деп, Құнанбай үйінің көп сары аласын ұран шакырғандай ғып өре тұрғызған.
Жиренше Оспанның бүлдіретінін алыстан біліп:
— Өй, Оспан’ Айналайын’ Қдлкатайым... кой! Қоя ғой’ — деп сонша токтатпак болып еді, Оспан:
— Бөрібасар... һайт! — деп сақылдап күліп, секіріп ырғып, бар итін тарғыл тазыға қарай каптаткан болатын.
Осы кезде қонақ үйге жетіп қалған Жиренше атын тастай беріп, тазы итін мойнынан ұстап тұра қалған. Бірақ жеті-сегіз сары ала, әрбір үйдің ығынан кұлшынып, құтыра шығып, “гүр-гүр” етіп кеп, қоршап алды. Үйге де кіргізбей, табан аудырмай да қойған еді. Оспан Жиренше “қой” деген сайын сақ-сақ күліп, иттерін өшіктіріп:
— Ар..р!.. — деп өзі тап-тап беретін. Бірақ өңшең кексе тартқан иттер Оспанның күнде осындай сан рет жоқ шатаққа бастай бергенінен мезі болған ба, тазыны жұлмады. Құр ырылдауы мен арсылдауын ғана молайтып тұр.
Үлкен үйде отырып, осы шуды естіген Үлжан бәйбіше таңертеңгі асын ішіп отырған Абайға:
— Шыкшы, Абайжан’ Қушы анау иті құрғырды’ Тағы бүлдіріп жүрген әлгі жынды неме ғой! — деп, Абайды тысқа шығарып және үйге кірген бір жас әйелді де жұмсаған. Абай Жиреншені айырып алып, тазысымен екеуін конак үйге қарай алып жүрген. Бұлар сонда кіре бергенде, жаңа тапқан қызығы шұғыл біткенге наразы боп қалған Оспан арттарынан бұғып кеп, дәл үйге кіре берерде Жиреншені қылтадан катгы шымшып алды. Анау ит екен деп, ытқып, шошып кеткенде төбесін маңдайшаға соға-моға конак үйдің төріне барып бір-ак шыккан. Оспан оған да сақылдап күліп:
— О, коркак, коркак, — деп мазақ еткен.
Мойнында салдырмақ қарғысы бар, қара ауыз, тарғыл қаншық Абайға бір түрлі сұлу көрінді. Жұтынып тұр, жылмаң қағады.
— Аты не? —деді Жиреншеге.
— Желқұйын.
— Аты да әдемі екен.
— Аты емес-ау, өзі де қоян дегеніңді тап құйындай ұйтқытып соғады! —деді.
Бұл Желқұйын туралы өз аулындағы бір үлкен аңшының айтқан сөзі еді. Жиренше осыны үнемі айта жүретін.
Абайды сол сөз бен Желқұйынның жаланып тұрған түрі катгы қызықтырды.
— Қоянға шығамысың? —деді.
— Жүр, атың бар ма? Мен сол коянға шығып барам.
Осымен екеуі Абайдын құла бестісі ерттелгенше кымыз ішіп алды да, күнбатыс жактағы Қызылшокы деген ұсақ адырға карай желе жортып, тартып кеткен.
Бұлар Қызылшокыға кіре бере алғаш келген екпінімен бір коянды бездіре куып еді. Алыстан кашкан қоян оңай жеткізбей, екі-үш кырка- дан асқанда ғана Желкұйын талдырып жетіп еріксіз алған-ды. Осыдан басқа қоян тез көрінбеген. Соны іздеп табамыз деп, екеуі Қызылшокы- ның Шыңғыс жаққа қараған шеткі тұмсығына шейін барып калыпты.
Осы араға келгенде Шынғыстың Қарашокы тұсынан шығып келе жаткан бір салт атты кездескен. Ол Майбасардың тағы бір атшабары Жұмағұл болатын. * .,
Сол Жиреншеге қарап:
— Сендер одан да ана Қарашоқыға барыңдар. Бүгін сонда Қодарға бір сын болады. Жұрт жиналып жатыр’ — деген.
Жиренше кдтгы ентелеп:
— Е, немене, Қодар мен келіні қайда? —дегенде:
— Жаңа Қамысбай бар, бес жігіт боп ұстап әкелгелі кетті. Жиын Жексен аулында, — деді. Жұмағұл атын қамшылап, асыға шауып кетті. Жиренше осыны естіген соң Абайға:
— Барайық, көрейік! Жүр! Ал жүр! — деп, ойландырмастан еліктіріп алып кеткен.
Көргені әлгі. Енді қайта беттеп, тоғайлы өзенді құлдилап желе шауып келеді. Абайдың іші мұздап, жүрек қаны, жан тамыры дір-дір қағып, қалтырап үріккендей. Кімнен, неден үркеді? Әсіресе, әке... әке істеген мінез, әке колындағы қаннан үркеді. Өз әкесі... қатал, кәрлі әкесі!..
Абай Жиренше сөздеріне жауап та айтпайды. Өзенді бойлап бөктер таудың ішінен жуықта шыға алмады. Жол болса, жалғыз аяқ. Екеуі қатар жүре алмайды. Абай алға түсіп, желе шоқытып келеді. Әлі қалмай жүрген Желкұйын екеуінің алдында. Жолдың ыңғайсыздығы әңгімені тыятын жөні бар еді. Бірак Жиренше Абайдын артынан өкшелеп қалмай отырып, сөйлей берді.
Ол жаңағы Жексен аулында бір-екі кісімен тіл қатып, оны-мүны естіп алған екен. Соны айтады. Ауырған адамдай қалтырап, жүрегі қатты кобалжып келе жаткан Абай Жиреншенің бар сөзін ұкпаса да, бір-екі жерін анық аңғарды.
Тегі, жиын ішінде бүгін екі сөз ауыздан-ауызға көшкен тәрізді. Екеуі де Қодар сөзі деп айтылған. Біреуі бұрып алған сөз де, біреуі дәл өз сөзі. Соның алғашқысы Қодарды кінәлаушы сөз. Бүгінгі катал жазаның дәлелі, тірегі.
Ол: “Құдай маған қылса, мен құдайға қылам!” депті деп, өлтіруші- лердің қайта-қайта айтатын сөзі.
Екіншісі аз айтылған. Бірак о да жиынға тегіс жеткен. Тегіс іште, есте қалған сөз. “Мен көк ит болсам, сендер көп ит... Таларсың да жерсің!” деген сөзі.
Абайды қатты толкыткан осы сөз болды. Ол жаңағы қатындардың жасырын зарын да еске түсірді. Жиреншенің алдында келе жатып еңіреп коя берді.
Артта келе жатса да Жиренше Абайдың жылағанын байкап кап:
— Өй, өй, Текебей тентек’ Сен не ғып келесің’ — деп катарласкысы келді. Абай жаска толы көзімен Жиреншенің торы каска атының басы мұның үзеңгілік тұсына келіп қалғанын көрді де, тебініп кап шаба жөнелді.
Бұл уақытта екеуі де бөктер таудан құтылып шығып, жазыққа түсіп еді. Абай Құлабестініибасын Колкайнар жакка бұра бере, камшы басты.
Жиреншеге көз жасын көрсетпегісі келді. Анау да шапты. Бірак Абай жеткізетін емес. Ол ок бойы ұзап кетіп бара жатып, өз-өзіне ерік беріп, өксіп-өксіп жылап келе жатыр.
Көп жылдан бері Абай жылаған емес еді. Токтай алмай егіліп жылады. Ағындап ұшып келе жаткан бестінің екі жағында көделі, бетегелі көк дала тасқын судай зулап жөнеліп, артқа карай күлдырап ағып кетіп жатыр. Екі құлағын бітіргендей боп, дыңылдап соққан екпін желі Абайдың көзінен аккан жастарды қат-кат тамшыдай, жаңағы көде мен бетегеге ұшырып түсіріп келеді.
Абай бұрынғы жас бала күнінде мұндайды аңғарып сезінген де, таныған да емес. Енді байкады. Көздің жасында адамды барлық өне бойымен өзіне карай кұлата тарткан бір өзгеше ыстық күш бар екен. Үлкен құз биіктің басына шыққанда, бір сәт ойға карай кұлап кеткің келетін сияқты, өзіне тартқыш, ұғымсыз күш. Бала жүрегінде бұл шақта көп сезімінің алай-түлей құйыны соккандай.
Бұнда қорлықпен өлгендерге барынша жан ашыған мейірбандық та бар. Өлтіргендерге ыза мен қарғыс та бар. Сонымен бірге, әсіресе, бір- бірімен шарпыскан сезім: “әке” деп жамандыққа кимау бар да және сол “әкеден” шошып, үрку бар.
Барлық ішін тенселте сіліккен бала жанын ойран етіп, сескенте тітіреткен сезім.
Жылап егілуі, бір сәтте, медресе, дін халфелер айтуы бойынша^ айыптылардың күнәсіне өтесін сиякты, соның кешірімін тілеген сияқты жалбарынудың жасы ма деп еді. Бірақ одан тез түңіліп кетті.
— Ол емес!
Өйткені олар дін атынан, әсіресе, имам берген фатуа бойынша істеп отыр ғой. Кімге шақпақ? Құлазығандай жапа-жалғыз! Өзін бір ең панасыз, ең сорлы жетімдей сезінді. Іштен тағы да бір үлкен, ауыр толқын бүктетіліп, булығып кеп, бала жүрегін жаныша ұрғанда, ол бұрынғысынан да катты, аса катты бір өксікпен, солқылдап жылап жіберді.
Дауыстап жылады. Жиреншеге білдірмеймін деп, әлі де ағызып шауып келе жаткан.