Меню Закрыть

Дүниежүзі тарихы для 11 класса. 2 бөлім — Қайырбекова Р. Р., Ибраева А. С., Аязбаева Г. Н.

Название:Дүниежүзі тарихы для 11 класса. 2 бөлім. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
Автор:Қайырбекова Р. Р., Ибраева А. С., Аязбаева Г. Н.
Жанр:Школьный учебник по всемирной истории
Издательство:Мектеп
Год:2019
ISBN:
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 1


Алғы сөз

Құрметті оқушылар!

Сендерге ұсынылып отырған "Дүниежүзі тарихы" оқулығы жаңар­тылған бағдарлама бойынша жазылған жене тарихты жаңаша көзқарас тұрғысынан қарастырады.

Бүгінгі таңда біз дамыған ақпараттық қоғамда өмір сүрудеміз, бүл адамзат өркениетінің жаңаша даму деңгейін көрсетеді. Ақпараттық қоғамда өндірістің ең басты өнімі ақпарат пен білім болып табылады. Сол себепті ақпараттық қоғамды үздіксіз білім алу қоғамы деп те атауға болады.

Елімізде жаңа ақпараттық қоғамның қалыптасу шарттарына байланысты өрі қоғамның әлемдік ақпараттық жүйеге енуіне орай, осы оқу жылында адамзат тарихы туралы оқып, қоғамдық негіздегі экономика, құқық, философия, әлеуметтану, саясаттану, әлемдік саясат, халықаралық қатынастар, дінтану, педагогика секілді пәндердің соңғы жетістіктерімен танысып, оны оқып игересіңдер. Оқулық төрт бөлімнен тұрады.

Оқулықтың «Өркениет: даму ерекшеліктері» атты бірінші бөлімінде экономикалық жүйенің тарихы, олардың дамуы мен сабақтастығы мемлекеттің дамуына табиғи-географиялық факторлардың әсері мемлекеттердің жаңа кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық қарастырылған.

Оқулықтың екінші бөлімі "Саяси-құқықтық процестер деп аталып,

онда құқықтың мемлекет пен азаматтық қоғамның да болуы мен қалыптасуы, қазіргі әлемнің саяси жүйесі және адамзат дамуының жаңа кезеңінде бейбітшілік пен қауіпсіздіктің сақталуы мәселелері қамтылған.

Оқулықтың "Қоғамдық-саяси ойдың дамуы’ атты үшіншіібөлімінде XX ғасыр мен XXI ғасырдың бас кезіндегі азаттық пен әділдік үшін күресіп, реформа жүргізуге ұмтылған тұлғалардың тарих тағы релі баяндалады.

Оқулықтың "білім мен ғылымның дамуы" атты төртінші бөлім де білімнің жалпыадамзаттық құндылық екені көрсетіліп бугінгі қоғамдағы ғылымның маңызы баяндалады, қазіргі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық прогрестің тарихи кезеңдері мен бүгінгі таңдағы жаһандық мәселелерді шешу жолдары берілген.

Сендерге қоғам үшін аса маңызды әрі қажетті пәнді оқуда жетістіктер мен табыстар тілейміз.

Құрметпен, авторлар


Перейти на страницу: