Қазақ әдебиеті 11 сыныпқа арналған. Жаратылыстану-математика бағыты — Орда Г., Дәрібаев С., Сатылова А.
Название: | Қазақ әдебиеті 11 сыныпқа арналған. Жаратылыстану-математика бағыты |
Автор: | Орда Г., Дәрібаев С., Сатылова А. |
Жанр: | Казахская литература |
Издательство: | Мектеп |
Год: | 2019 |
ISBN: | |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 1
АЛҒЫ СӨЗ
Құрметті оқушылар!
Бұл оқулықта сендер ұлттық әдебиеттің XX-XXI ғасырлардағы жауһарлары - Сөкен Сейфуллин нің «Сыр сандық», Ілияс Есенберлин- нің «Қаһар», Асқар Сүлейменовтің «Бесатар», Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы», Смағүл Елубайдың «Жалған дүние», Мухтар Әуезовтің «Абай жолы», Тұманбай Молдағалиевтіц «Бауырлар». Таласбек Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы», Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармаларымен танысасыңдар. Көркем шығарма арқылы эстетикалық сұлулықты бойларыңа жинақтап, қазақ халқының өр дәуірдегі көркем шежіресін жасаған туындыларды оқи отырып, өткен тарихымыз бен бүгініміз туралы пайымдайтын боласыңдар. Әлем және қазақ әдебиетіндегі кұндылықтардың көркем бейнеленуіне сыни тұрғыдан баға беруге бейімделесіңдер. Қаламгерлердің туындылары арқылы ұлттық әдебиеттің жеткен биігін бағалауға қадам жасайсыңдар.
Әдебиет пәнінің мақсаты - ой-өрісі дамыған, көркем шығармадан түйгендерін өмірмен үштастыруға қабілетті, алған білімдерін көркем тілмен жеткізетін, ойьш әдеби нормаларға сай еркін жазатын, өз бетінше шешім қабылдай алатын, эстетикалық деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары тұлға қалыптастыру. Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдауға, сыни тұрғыдан бағалауға дағдыландыру. Поэзиялық шығарманы проза тілімен, прозалық шығарманы драмалық шығарма тілімен жазуға үйрету.
Әдебиет пәнінің міндеті - жалпыадамзаттык және ұлттық құнды- лықтарды ғаламдык мәселелермен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан шешіп, заманаун, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетаным қалыптастыру. Көркем шығармалардан алынған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданып, алған білімдеріңді әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазуға баулу.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы кешендерімен (Хрестоматия, Әдістемелік нүсқаулық) бірге берілген. Әдістемелік нұскаулықта мұғалімге арналған үзақмерзімді, ортамерзімді және қысқамерзімді сабақ жоспарларының үлгісі мен белсенді әдіс-төсілдер ұсынылған. Сондай-ақ. көркем шығарманы талдау жолдары, сыни мақала жазу үлгілері, графикалық органайзерлерді қолдану аясы және бөлім бойынша жиынтық бақылау жұмыстары берілген. Хрестоматияда оқытылатын көркем шығармалардың мәтіндері жинақталған. Көлемді шығармалардан ықшамдалған үзінділер берілген. Сонымен бірге қаламгерлердің басқа да туындылары қосымша ретінде ұсынылған.
Іске сәт, оқушылар!