Камни заговорили — Мырзатай Жолдасбеков
Название: | Камни заговорили |
Автор: | Камни заговорили — Мырзатай Жолдасбеков |
Жанр: | Литература |
Издательство: | |
Год: | 2003 |
ISBN: | |
Язык книги: | Русский |
Скачать: |
Страница - 12
ПАМЯТНИК В ЧЕСТЬ КЮЛЬ-ТЕГИНА
ПАМЯТНИК В ЧЕСТЬ ТОНЬЮКУКА
БОЛЬШАЯ НАДПИСЬ В ЧЕСТЬ КЮЛЬ-ТЕГИНА
НАДПИСЬ В ЧЕСТЬ ТОНЬЮКУКА
ПАМЯТНИК В ЧЕСТЬ КЮЛЬ-ТЕГИНА
ПАМЯТНИК В ЧЕСТЬ ТОНЬЮКУКА
Переложение на казахский язык Мырзатая ЖОЛДАСБЕКОВА
КУЛТЕГIН КIШI ЖАЗУ
Тәңірідей, тәңіріден жаралған
Түрк білге қаған,
Бүл шаңта отырдым.
Сөзімді түгел естіңдер:
Бүкіл жеткіншегім, үланым,
Біріккен әулетім,халқым,
Оңымда шад, апа бектер
Солымда-тархан, бүйрың бектер Отыз.
2. Тоғыз оғыз бектері, халқы.
Бүл сөзімді мүқият тыңда.
Терең үқ.
Ілгері-күн шығысында,
Оң жаңта-күн ортасында
Кейін-күн батысында,
Сол жақта — түн ортасында
Осының ішіндегі халыңтың бәрі
Маған қарайды,халықты
3. Осынша көп еттім.
Егер ңазір баяғы
Кексіз түрк ңағаны
Өтүкен қойнауында отырса,
(онда) елде мұң жоң.
4. Ілгері — Шантүң жазыққа дейін жауладым,
Теңізге сәл жетпедім.
Түстікте-Тоғыз
Ерсенге дейін жауладым,
Тибетке сәл жетпедім,
Батыста-Інжу өзенін кеше
Темір қақпаға дейін жауладым.
Терістікте-Байырқы жеріне дейін жауладым,
Осыншама жерге дейін жорыттым,
Өтүкен қойнауының нағыз иесі жоқ еді, біра ел түтатын жер осы
Өтүкен қойнауы еді. (Дәл) осы
жерде отырып, табғаш
халқымен табыстым.
5. Алтынды, күмісті, дақылды,
жібекті соншама шексіз беріп
жатқан табғаш халңының сөзі тәтті,
бүйымы асыл еді. (Олар)
тәтті сөз, асыл қазынасын беріп,
жыраңтағы халыңты (өзіне)
сонша жаңындатар еді. Жақын
қонып, сосын (олардан) әдепсіз
қылықты үйренуші еді.
6. Ақылды кісілерді, батыл
кісілерді табғаштар қозғай алған жоң.
(Егер) бір кісі алданса (онда)
руы, халқы түқымына деиін
қалмас еді.
Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып
Түрк халқы, қырылдың,
Түрк халқы жойылдың,
Түстікте Шүғай қойнауы түгіл,
Түн жазығына қоныстансақ десуші ең.
Түрк халқы, жойылдың.
7. Сонда өш адамдар былай иландырып еді:
“Жырақ болса, жаман сыйлық берер,
Жаңын болса, жақсы сыйлық берер” — деп.
Осылай иландырып еді.
Білімсіз кісілер сол сөзге нанып,
Жаңын барып, көбің қырылдың.
8. Ол жерге барсаң,
Түрк халқы, өлімнгісің.
Өтүкен жерінде отырып.
(Казынаға) керуен жіберсең,
Еш мүңың жоқ.
Өтүкен қойнауында отырсаң,
Мәңгі елдігінді саңтайсың сен,
Онда түрк халқы тоқ.
Ашсың ғой сен,
Аштықта тоқтықты түсінбейсің,
Бір тойсаң аштықты түсінбейсің.
9. Соның үшін алдандың,
Қағаныңның тілін алмадың,
Жер-жерге бардың,
Әбден алқындың, арылдың.
Сонда қалғандар жер-жерге қаңғып
өлімші босңын (боп еді).
Тәңірі жарылқағандықтан,
Өзімнің баңытым бар болғандықтан,
Қаған отырдым.
Қаған болып,
10. Жоқ, кедей халыңты көп көтердім,
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым.
Осы сөзімде өтірік бар ма?
Түрк бектері, халқы, бүны тыңдаңдар!
Түрк халңын жиып,
Ел болғандарыңды мүнда бастым.
Жаңылып, көшкендеріңді де мүнда бастым.
11. Барлық сөзімді айтар
Мәңгі тасқа бастым.
Бүған қарап біліңдер,
Түрк халңының қазіргі бектері —
Таққа кіріптар бектер,
Сендер жанылғышсыңдар ғой?
Мен мәңгі тас...
Табғаш қағаннан бәдізші
аддырдым, жазу жазғыздым,
Менің сөзімді бүзбады.
12. Табғаш қағаны ішкі өңірден
бәдізшілерін жіберді.
Оларға бөлекше мазар салдырдым,
Іші-тысына жазу жазғыздым, тас қалаттым.
Көңілдегі сөзімді.
Он оқ үлдарына, таттарға дейін,
Бүны көріп, біліңдер,
Мәңгі тас қалаттым.
13. (Бүрын) бүл аялдама болса,
Қазірде аялдама жер болса,
Сол аялдама жерге
Мәңгі тас қалаттым, жаздырдым.
Бүған ңарап мынаны біліңдер —
Ол тасқа... тым
Бүл жазуды жаздырғанның
аты Йоллығ тегін