Меню Закрыть

Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов

Название:Абай жолы 1 кітап
Автор:Мұхтар Әуезов
Жанр:Литература, роман
Издательство:
Год:1997
ISBN:
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 3


Сол шабыс қосылды ма, болмаса өзінің бала көңілінің сенделуі сондай ма, Абай бір уақытта жылау үстінде локсып-локсып булығып кеп, құсып-кұсып жіберді. Аш өзегі ақтарылғандай. Жаны да, денесі де қатарынан катты азап шекті.

Бірақ сонда да тоқтаған жоқ. Аттың жалын кұшып алып, тек қана құлап калмасты ойлап, шаба берді.

Жиреншеге жеткізбеген күйінде Көлкайнарға жетіп, шешесінің үйіне кеп түсті.

Үлжан тыста тұр екен. Баласы үйге такай бергенде өңіне көзін сат лып, тіксініп калды. Абайдың түсі кұп-қу, катгы өзгерген. Тіпті, Абай сиякты емес. Ұлжан: “Көзім бұлдырап түр ма?” деп кірпігін жиі қағып, кайта карады. Абай. Бірақ, тіпті, жат ренді. Баласы атын байлап қасына келгенде, жаңа байқады. Көзі де қып-кызыл боп ісіп кетіпті.

— Өй, Абайжан, карағым, не болды? Біреу тиген бе?—деп, ішінен: “әкесі ұрды ма?” деп те ойлап қап еді. Далада өзге кісі жоқ екен, Абай үндемей, шешесін құшақтай алды да, бауырына кіріп, өзінің ып-ыстық басын анасының төсіне басып, жабысып тұрып қалды. Жетімдіктен құтка- рардай анасы бар екен! Жылау артынан ыкылықаткандай, денесі дірілдеп, солк-солк етті. Бірақ бұл кезде Абайдың көзінде жас жоқ-ты. Бәрін жылап тауысқан. Енді жыламасқа, көз жасын ешкімге көрсетпеске бекініп, іштен катгы түйініп алған.

— Жөніңді айтшы, қарағым, не болды? Әкең ұрды ма?

— Жок, ешкім де ұрған жоқ, кейін айтам... Апа, төсек сап берші, жатқызшы! — деп, Абай шешесін құшақтап қысқан бойда, үйге қарай аяндады.

Сабырлы Үлжан осыдан әрі еш нәрсе сұрап тақымдаған жок. Үйде әжесін де, өзгені де үркіткен жоқ. Абай жайын бір жанға білдірмеді. Үлкен ақ үйдің оң жағына әкеліп, әжесінің жер төсегін жайлап берді де, шешіндіріп жатқызып, өзінің мол пұшпақ ішігімен жауып, қымтап қойды.

Әжесі:

— Немене, қарағым? Үшындың ба, әлде,—деп бірдеңе білгісі келіп еді, Үлжан:

— Ұшынған ғой. Тимейік. Жатып ұйықтап тұрсын, — деп, малшы қатын Катшаны шақырып ап:

— Түңлікті жауып, есікті түріп қойшы! Абайға күн түспесін! — деп ақырын ғана айтты.

Әжесі іргеге қарап жаткан Абайдың сыртына қадалып отырып, қабағын түйіп, тамсанып қойды. Ернін үнсіз ғана қыбырлатып сыйына бастады.

Таңертең Абайды ертіп кеткен Жиреншенің қайда екенін Үлжан білмеп еді. Тыста бағанағыдай тағы да ит шулаған соң, “тазысымен келген сол болар ма?” деп үйден шықты. Жиренше конак үйдің сыртына түсіп, атын байлап жатыр екен. Ұлжан үлкен үйдің жанында тұрып, Жиреншені өз касына шақырып алды да, жөн сұрады.

Жиренше таңертеңгі қоян куғаннан бастап Жексен аулында көргенін де, жолшыбай не болғанын да тегіс айтып болып:

— Абай қайда өзі? — деп еді, Ұлжан Абайдың жатып қалғанын айтып, Жиреншеге біраз наразы салқын жүзбен карады.

— Шырағым, сен бала емессің, естиярсың. Өзің барсаң бір сәрі. Ондай жаман, сұмдық жерге Абайды несіне апардың? — деп, “жаман”, “сұмдық” дегенді шынымен баса айтып: — Бала емес пе? Шошынар деп ойласаң нетті? — деді.

Жиренше сөз таба алмай ұялып, қысылып калды.

— Ұят болды. Өзім де өкіндім. Бірақ құдай ақына, өлігін көреміз деп ойлаған жоқ ем!

— Жарықтығым, ендігәрі Абайды бұндай жерге бастай көрме’ Тіпті, басың жас, үлкеннің ондай бәлесінен өзіңде аулақ жүр. Өзімен кетсін! Көріп-біліп нетесің? — деді.

Талай үлкеннің ішінде сөзін осындай байсалды кып айтқан, сондай өтімді, салмақты кып айтқан кісіні Жиренше бүрын көрмегендей болды.

Ұлжанның жай, салқын айтқан сөзі бұған ұрысканнан да, ұрған- нан да жеңіл тиген жок.

Қысылғаннан, біраз жер шұқып тұрып, қонақ үйге карай кайта бұрылды. Үлжан да өз үйіне беттеді. Жиренше еш нәрсеге айналып бөгел- мсстен атына мініп, тазысын жетектеп алып, кетіп калды.

Бұл — түс ауып бара жаткан кез еді.

Абай кешкі қозының жамырауынан оянды. Бүгін қойды кеш сауып болған ба, немене, ымырт жабылып қалыпты. Дүние у-шу, ызың-ызың... Бірақ соны көмескі, бұлдыр бір түс араластай болжайды. Басы мең-зең. Еті лапылдап, күйіп түрған сияқты. Аузы құрғап, ерні қатты кезеріп қапты. Құр тамсанады. Қасында шешесі мен әжесі отыр. Үлжан мұның маңдайына алақанын қойып, төмен карап отыр екен.

— Апа... Әже... Немене, мен аурумын ба осы?—деп, көзі жасаурап шешелеріне қарай аунап түсті.

— Иә, етің ыстық. Ауырған жерін бар ма?.. — деп, Үлжан сұрады. Абайдың аунап түскенде екі шекесі қатты шаншып, кысып ауырғандай болатын. Соны айтты.

Үлжан енесіне бағана Абай ұйықтап жатқанда бір жайды айтқан.

Екеуі де:

— Шошынған ғой, содан ұшынған ғой’ — деп байлаған-ды. Зере Жиреншеге де, үлкендерге де қатты ұрсып, жерге түкірген.

Абай шешелерінің күндізгі жайды білгенін байқады да:

— Әкем... Әкем!..—деп әкесін еске алып, күрсініп, кеудесін сипап, шешелеріне құпия кып шаккандай боп: — Не деген қатал, не деген қатты еді! — деді. Әкесі турасындағы іште жүретін көмескі, жұмбақ ауыр сезімдерін өмірінде сыртқа шығарып, ең алғаш адам баласына айтқаны осы. Әжесі шала есітті. Үлжан үн қатпай. Абайға жауап та айтпады. Бірак енесі бүган қадалып, тізесінен түртіп, “не дегенін айт” дегендей, ишарат еткен соң ернін Зеренің құлағына тақап:

— Әкесін айтады. Қатал екен, неге аямады дейді, — деді.

Әжесі ұкты да, күрсініп, Абайдын бетіне таман төніп кеп маңдайынан ұзақ иіскеп отырды.

— Айналдым, қарашығым, қоңыр қозым! — деп алып, — Аямайды, аямайды ол! —деп келіп, көзін жұмыңқырап, басын жоғары көтере берді.

— Я, құдая, зар тілегім босын. Бейуактағы тілегім. Осы қарашығыма әкесінің осы ит мінезін бере көрме!.. Тас бауырлығын бере көрме!.. Я, жасаған! — деп, құрысқан әлсіз қолдарымен әжімді, мейірімді жүзін сипап бата берді. Үлжан да ішінен “аумин” деп бата қылды.

Екі ана ортасында жаны ауырған бір бала. Бейуактағы үшеуінің құпия тілегі — зор шындықпен еміреніп тілеген тілегі осы еді.

Абай өзі де бетін сипап, ана тілегін барынша қабыл алып, бата қылды.

Өмірін, балалығын кайта талқандай, ішіне мол сәуле, игі сәуле кіргенден.

Біракол іші. Ал денесі әлі ауру. Көңілі сергиін деп еді, етінің қызуы мен басының шаншуы кайта меңдеді. Енді үшеуі де үнсіз, жым-жырт. Даладағы кой-козының шуы да алыстап барып сөнген болатын. Үй іші сияқты дала да бүгін дағдыдан тыс жым-жырт.

Осы кезде Абай мен анасының құлағына ерекше бір жат, суық үн естілді. Біреу:

— Ойбай, бауре-ем! Ойбай, бауре-ем, — деп ат койып келе жатыр. Бұл елде кісі өлгенде алыстан ат койып шабатын еркектердің салты бар. Сонда осылайша “ойбай бауырым” деп шабады. Үйдегі екеуініңде жүректері су ете түсті. Кәрі шеше бұл дауысты есті ген жоқ.

Үлжаннын көңіліне алғаш қорқыныш үстінде кеп қалған ой: “Осы үйдің біреуі жазым болды ма, әлде Құнанбайдың өзі жазым болды ма?” деп еді. Шошып, елен еткен бойында құлағын сыртка бұрды.

Үркіп калғандықтан аңғара алмапты. Тасырлатып шапқан ат даусы жок. Өзі жакын жерде және жаяудың үні. Абай бұрын білді. Даусын әдейі жуандатып зорайтып айқайлағанмен, баланың үні. Тіпті, дәл тентек Ос- паннын үні екен.

Ол даладағы ойыннан кайтып келе жатып, “жаман ырым” анау- мынау дегенге қарамастан, каннен-қаперсіз өтірік жылауды үдетіп:

— Ойбай, баурым Қодар!.. Ойбай, Қодар,—деп, санын сабап шауып келді. Қодардың өлімі барлық ауылға да, оған да естілген. Жаңа кешке жакын, бұлақ басындағы бір тақырға жиналған өзі құрбы балаларды бастап осылай ат коюды көп ойын кылған. Тақырдың ортасынан шұқыр казып, соған бір ку сүйекті әкеп бейітше томпайтып көміп қойып, жан- жақтан андыздап “ат койып”, ұзақ шуласқан.

Үлжан Абайдың сырқатының үстінде өзін жаңағыдай жаман шо- шыткан Оспан мінезіне катты ашуланды.

Күні бойы батпақ кешіп, аяғы әрі былғаныш, әрі күс-күс болған Оспанды:

— Бері келші, әй, балам’ Бері келші! — деп, ешбір сыр білдірмей, ұрыспай шакырды. Үрсып, зекіп сөйлесе Оспан мұндайдағы әдетіне басып, қаша жамандасып, қолға түспей қояды. Ол казір шешесіне қарай тарпылдап жүгіріп, дәл от басынан Абайдың төсегіне дейін бір-ақ секіріп, Үлжанның тізесіне соға дүрс етіп кеп түсті.

Шешесі мұны сол қолынан шап беріп ұстап алып:

— Сен жаңағы ат қойған нәрсені қайдан шығардың? Оның жаман ырым екенін айтпап па едім? Үйде бала ауырып жатқанда, өй, итқуар жынды неме? — деп, жұлқып калып етпетінен салып, құйрығына шапалақпен салып-салып жіберді.

Оспан әкесі ұрғанда жыламаса да, шешесі ұрған уақытта тігтгі жылауық. Әке жылағанға қарамайды. Ал шешесіне қарсы кейде бұның емі бар. Бас қорғаудың жылауы. Қазірде де бақырып, бар даусымен шырқап, азан-қазан қылды. Шешесінен босап барып сол жақтағы биік сүйек төсектің үстіне секіріп шығып, етпетінен жатып ап жылады. Бірақ бұл жолы канша жыласа да, оған кайысып, уатам деген шеше жоқ. Оны біледі.

Сондықтан аяк кезде козде жас болмаса да, өтірік анда-санда бір бақырып қойып жатыр. Өзіде жылауынан жалыға бастады. Енді тағы да ойнақы тентек мінезіне бой ұрып, жылаған боп жатып, әредікте қыска ғана:

— Ойбай, бау-рем! — деп кояды. Бір-екі рет қайырып көзінің астымен шеше жаққа карап жатыр, қозғалған кісі көрінбейді. Сондықтан тағы бір бақырып қойып, сонын артынан және бір тың бәлені шақырып, жынды ұлғайтты.

— Ойбай, бау-рем Абай! — деп қойып, сұңқетті. Абай басы ауырып жатса да, еріксіз күліп жіберді.

Оспан енді байқады. Шешесінің үлкен, толық денесі кайта қозғала бастады. Ол тұрғалы жатыр екен. Тағы бір тықырдың болатынын біліп, шешесі тұрып болғанша Оспан төсектен ырғып түсіп:

— Ойбай, бау-рем Абай’ Абай’ Абай’—деп есікке карай атқып берді. Шешесі тұрып алып ұмтылайын деп еді, болмады.

— Әй, кім барсың? Үста! Ұстап әкелші, ана жындыны’ — деп еді. Оспан есік алдында қайқаңдап, секіре-секіре түсіп, шеткі үйлер жаққа қарай жыта жөнелді. Тыстан шешесінің бұйрығын естіп, мұны ұстап әкелгелі тап берген үлкен ағасы Тәкежанды көріп қапты.

Абай осыдан бірталай, ұзақ ауырды. Алғашқы күндер біреу “ұшынған” деп, біреу “соқпа” деп, тағы біреу “сүзек” деп, әр түрлі топшылағанмен, дәл басқан ешкім болған жок. Әсіресе, ем істелген жок.

Жалғыз-ақ алғаш жығылған күннің ертеңінде, әжесінің бұйрығы бойынша, бір картаң қатын күн батарда Абайды далаға алып шығып, жаңа сойған қойдың өкпесімен қақты. Бетіне су бүркіп, үшкіріп:

— Кет бәлекет, кет! Көш баламнан, көш' — деп, батып бара жаткан қып-кызыл күнге каратып қойып, бірдеме ем істеген болды. Ұшыктаған еді.

Абай буындары қалтырап, басы айналып, зорға шыққан. Көзі бұлдыр тартканнан ба, әйтеуір, қазіргі бар дүниенің қызылы бұрын бұл көрмегендей бір түрлі ерекше көрінді. Ертегі ме, түс пе? Әйтеуір, бір басқаша ғаламның өзгеше суреті тәрізді.

Екі күн өткен соң ауыл Көлкайнардан Шыңғыска қарай көшті.

Бірталайдан бері ел-елдің үлкендері, шаруа иелері “жайлаудыңтоны жібіді ме екен? Көгі жетілді ме екен?” деп, өткен-кеткеннен ылғи сұрау салумен болған. Бауыр, бөктер көктегенмен, Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да, ерте көктемейтін. Кар қалың түсетін биік сырт. Бар Тобықтының мол сулы, кең жайлауы ұзақ өріс, мол қоныстары сол Шыңғыстың ар жағында.

Кұнанбай аулы көшкен шамада, айналадан өзге калың ел де дүрк көшкен. Ойдағы мол шалғынды қыстаулык жер: Жидебай, Мұсақұл, Шүйгінсу сияқты қорықтардан да ағылып көшіп жатыр. Әр ел тұс-тұсын- дағы Акбайтал, Көлденең, Жігітек, Шаткалаң, Бөкенші сияқты асу-асу- ларға карай беттеді. Шыңғыстағы кей асулардың аттары таудың сол түсын иемденген ру атымен аталады. “Жігітек”, “Бөкенші” деген сондай аттар еді.

Бөкенші асуына Қодар қыстауы мен Жексен қыстауының аралығын- дағы кен сайды өрлеп баратын.

Сау болса, Абай көшті көңілді өткізіп асыр салар еді. Көктемде

Шыңғыс асып жайлауға көшу үлкен атаулыға, әсіресе, шаруа адамдары мен жок-жітікке соншалык ауыр, ұзақ бейнет көрінгенмен, балаларға сейіл сиякты.

Абай да бұрынғы жылдар осы Көлкайнардан, сонау алыс, сырт- тағы Байкошкар өзеніне жеткенше он шакты көшіп баратын сапарды кызығы бітпес кан базардың көшкеніндей көретін.

Биыл да көшу солай. Жолдағы белгілі қоныстар: Талдыбұлак, Бар- лыбай, Қызылкайнар. Кей қонысқа таңертең кеп қона сала, кешке тағы көшеді. Үдере көшу. Кей қоныста бірді-екілі күн отырар-отырмастан кетеді: үлкен үйлер тігілмей — “ұраңкдй”, “абылайша”, “жаппа”, “итарқа" деген неше түрлі кішкене, тар, аласа күркелер тігіледі. Әркім өзі сүйген үйшігін тұрғызады. Жалпақ ел, бар ауылдар осы жайлауға көшу сапарында балалардың “ауыл-ауыл”, “күрке-күрке” деген ойынын ойнап жүрген сияқтанады.

Кыс пен көктем, күздеуде бір-бірінен алыс жүретін ауылдар осы сапарда коныс жағдайымен әлдеқайдан түйісіп, қым-қуыт араласып қонысады. Адамдары, малдары, күркелері де қосылып, бір ауылдан бір ауылды айырып та болмайды.

Өзгеге жеңіл болса да, осылайша болған көшу қойшы, козышы, жылқышыларға аса бір тынымсыз бейнет, масыл күндер болды. Біреудің жылқысына көш аттар, саяқ-сандырақтар кетіп қалған. Біреудің қойына бір ауылдың қозысы жамыраған. Қой мен қой араласып, шатасып кеткен. Осындай қарбаласта “бармақ басты, көз қысты” боп, талай момынның тоқты-торымы сотқар ауылдардың жемі боп жүреді.

Өзінікін жеуге үнем қып, кісіден кірген “қоспа”, “кірме” болса, соны түн баласында ақтармалап, шикілі-пісілі домалатып, қылгып салып отыратын малкорда бықсық байлар, талай бәле басы атқамінерлер болады.

Осы сапарда көп елдің қауырт көшімен қатар жаңағыдай үйіле қонуына себеп болатын тағы бір нәрсе: сыртта, алғашкы күндерде касқыр қатты болады. Елсіз болғандыктан осы өңірде, тау сыртында күшіктеген касқыр ел келгенше тышқан, суыр андумен күн көріп жүрсе, енді мал қаптаған уақытта, түн баласында тыным бермей кұйындай соғатын. Көп ауылдар түн бойы қотандарын атпен күзетіп, ауыл-ауылдың шеттеріне үзбестен лапылдатып оттар жағып отырып, айкай-шумен танды-таңға ұратын. Осының бәрі жайлауға көшу сапарын жайшылыктағы, өзге мезгілдегі, өзге тұрмыстың баршасынан басқаша қып жібереді. Күндіз болса барлық жұрт ат үстінде. Еркек атаулы көш бойында қолдарына найза, сойыл, айбалталарын ұстай жүреді. Бұл көріністе, жалпы көшу сапарын жортуыл-жорыққа, шеру мен аттанысқа ұқсатады.

Бірақ дәл биылғы жыл, жылдағыдай қайталаған осы көштер Абайға ең бірінші рет соншалык мазасыз бейнет боп өтті. Оны мендетіп жеңген ауру да жоқ. Бірак сау да емес. Жүрейін десе көзі қарауьпып, басы айналып, құлап қалады. Бұның ауруына карап, көшпей отыруға болмайды.

Үш күн, төрт күнде Үлжаннын үйіне бір-ақ соғатын Құнанбай, көбінесе, сұлу тоқалы Айғыздың үйіне қонады. Оқта-текте бәйбішесі Күнкенің қасында болады. Ол бөлек ауыл. Соның көшімен жүріп кетеді.

Баласының сырқатын алғашқы кезде бір рет сұрастырды да, кейін ұмыткан сияқтанды.

Абай атқа міне алмайды. Жүк арткан түйеге мінгізуге: “Жүк кұлап, түйе жығылса мерт болады” деп, шешесі оған да мінгізбеді. Кәрі әже мен ¥лжаннын ортасында жалғыз арба бар еді. Тегі, бұл ел көшпелі болған- дыктан арба дегенді білмейтін. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің — Құнанбайдың кәрі шешесінің көк арбасы десе де болады. Құнанбай аға сұлтан сайланған сапарында шешесіне:

— Көшкенде осыған мін! — деп, Қарқаралыдан әдейі әкеп еді.

Таулы жерде атпен жүру бұл күнде Ұлжанға да қиын болатын. Ол ұлғайып, еті ауырлап қалған.

Енді Абай жайын ойлай келгенде, Үлжан өз тыныштығын қойды да, арбаға, әжесінің қасына Абайды мінгізетін болды. Өзі бір жуас торы биеге мініп, ылғи осы арбаның қасында жүріп отырды.

Жайлауда Құнанбай аулының көбірек орнығып отыратын қонысының бірі — Ботакан ошағы. Көлқайнардан осыған кеп жеткенше жиырма шақты күн өтті. Сол жиырма күн ішінде жол бойы сүле науқас кал- пынан айықпаған Абай, енді-енді ғана анықтап тәуір бола бастаған сияқты. Өздігімен түрегеп жүруге, кіріп-шығуға да жарады.

Енді көңілі де айығып, бұрынғы балалық шаттығын да, ойын-ер- мегін де тапса керек еді. Бірак. ғажап! Биылғы жыл, әсіресе, соңғы көп күндер ішінде Абай балалықтың кызу ермегінен, қызығынан шеттеп, салқындап қапты. Тіпті, балалығынан айрылыңқырап қалғандай. Әлде, аурудан тұрғандығы ма? Немесе соңғы уақыттар көңілінен кешкен ауыр сезім, терең азап салдары ма! Әлде, тіпті, балалық өтіп, үлкендікке карай бой ұрғандығы ма? Аралықта белге соққандан бір дағдарыста қалған сиякты.

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы оскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала бозбалалык қалпына бейімденген. Бірак әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық, балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелее.

Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазірде каладан қайткандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір, бозғылданған. Сұйықтау қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. Ода ауырғандык пен күн көзінде болмағандыкбелгісі.

Абайдың осы сиякты калпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті.

Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы, әсіресе, әжесі. Одан қала берсе — шешесі.

Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады. Сонда ол ойланып отырып:

— Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? — деп, кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын кағып:

— Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? — деп, тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.

Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. “Еділ-Жайық”, “Жұпар қорығы”, “Кұла мерген” — бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кенже де, тіпті, көш бойы да Абай айтқыза беретін болды.

Бертін келе, тәуір болып алған соң, әжесінен тағы бір әңгімелер тапты. Ол осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі көргені, естігені жанындағы әңгімелер. Ел мен елдің шабысы, таласы жайында бірталай күндер айтты... Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Найманнын осы елге, осы ауылға шапқанын, сонда Бостанбек деген езінің асыранды баласы өлгенін және Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарымдай кісенде жатқан Қожамберді деген ақын жайын айтады. Соның көп өлеңін шұбыртады. Басқа да “Қарашор шапқан” сияқты шабысты, жортуылды айтады.

Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, өз шешесіне жабысатын. Үлжан да көп әңгіме білуші еді. Және ол көбінесе өлеңді сөзді жиі айтады. Оқымаған шешесінің әлі күнге ұмытпай, білдірмей, сақтап жүрген зейініне танка- лады. Нелер ескі заман жырларын, айтыс, өсиет әзілдерін де көп айтып береді. Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі де қаладан әкелген кітаптарының ішінен “Жүсіп—Зылиха” сияқты киссаларды окып береді. Әндетіп, макамдап қояды. Шешелеріне ұғымсыз болған түрік тілінің жеке сөздерін жолшыбай қазақшалап отырады. Осымен қайта көңілдендіріп алып, ескі әңгімелерді тағы айтқызады.

Зере ел шабысын әңгіме еткенде, сол істердің бәрін ел басына әлек салған, ұлардай шулатқан кесел күндей айтатын.

Кішкентай күнінен ертек-әңгімені көп сүйегін бала осы жазда, тіпті, көп есітіп, көп біліп алған сияқты.

Сондай шеше әңгімелеріне бар бейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ келіп қонды. Бірі — қартаң, бірі — жас қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жерде қуанып кетті. Ол былтыр жайлауға келіп, осы үйде үш күндей жатып, “Козы Көрпеш — Баянды” жырлап берген Байкөкше деген жыршы. Қасын дағы картаң кісіні Абай өзі білмегенмен, шешесі әбден таниды екен.

Қонақтармен жай сұрасып, амандасып болған соң Үлжан Абайға карап жымиып:

— Ал балам, әжеңмен екеумізді қажай беруші едің, әңгіме-жыр- дың дүкені, міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын! — деді.

Шоқшалау ғана ақсакалы бар келбетті келген, зор дауысты ақсары кісі Барлас Абайға салғаннан ұнады. Білгенін ішіне бүгіп, үндемей отырған өзге үлкендердей емес.

Барлас іле сөйлеп кететін жарқылдақ, ашық. Осы үйде талай күннен жатып жүрген ауыл адамы сияқты.

— Е, балам, “шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген” дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел — ел-дағы. Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға Байкөкше жалықпас! — деп, жас жолдасына қарап күліп қойды.

Жайлауға келіп конғалы бөгде қонақтар келгіш еді. Барлас Сыбан болатын. Жайлауға қоныстары жакындаған соң, жылдағы дағдысы бойынша осы ауылдарға амандаса келген екен. Жолшыбай Мамай ішінен Байкөкше қосылыпты. Ол - Барластың ақын шәкірті. Жылда осылайша қасына еріп, бірнеше айларды бірге өткізуші еді.

Үй іші тегіс қош алған соң, екі ақын да оңай шешілді. Осы түнде ас піскенге шейін Барлас “Кобылаңды батыр” жырын жырлады. Абайдын казак аузынан да, кітап ішінен де өмірі естіп білмеген ең бір сұлу, ең бір әсерлі, күшті жыры осы еді. Барлас жырын бітіріп, қол жуғалы қамданған уақытта Абай:

— Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен’ — деп, бағанадан бері өзін сүйіндірген ақынның атын білмек еді.

— Әріден келе жаткан деседі-ау, балам, бұның түбін. Бірак осы дәл әлгіндей қып айткан Кіші жүз Марабай деген ақын деуші еді Жанекең, — деді. Жанекесі — Жанакеді.

Қобыландынын коштасканы, Тайбурылдын шабысы, Қазан мен Кобыландының жекпе-жегі Абайды, әсіресе, елтіткендей болатын. Жатқанда көпке дейін алағызып ұйықтай алмады.

Ертеңіне Ұлжан Барлас пен Байкөкшені жібермеді.

— Жүрмеңдер. Асықпай әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіндер, — деді. Бұл - Абайдың тілегі. Абай бұрын тағылым, үлгі — кітапта; білім, өнер — медреседе гана деп түсінетін. Оған дастан шебері — Низами, Науаи, Физулиде; мұң нәзігі — Шайх-Сағди, Хожа-Хафизде, батыр жыры — Фер- доусиде көрінетін.

Казакта нелер “Баян — Көрпеш”, талай “Акбала — Боздақтар” барын аныкбілмеуші еді.

Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан ба немесе Барлас пен Байкөк- шенің кезектеп айткан жырларының кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып, ескектете желген әнінен бе? Бебеу каккан коныр, майда баяу домбырадан ба? Кдлайда болса, Абай бұл күнге шейін өмірінде дәл осы Барлас, Байкөкше баян еткен дастан, жырларға барабар еш нәрсе есітпеген сияқты болды.

Күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Екі ақын Ұлжан үйін барлық осы үлкен ауылға кан базардай қалың жиын үйі қып жіберді.

Бие байлап болғаннан кейін түске жақын, ауыл қымызға жиылады. Кыза отырып жыр тыңдайды. Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады. Немесе әредікте шешендер, ділмарлар айткан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады.

Ал ел айығып онаша қалғанда, Барлас өз жырларына Асанкайғы, Бұкар жырау, Марабай мен Жанақ, Шортанбай, Шоже, Сыбанбай, Балта, Алпыс ақын — бәрін коса, өзі күрбы өзге ақындар айткан жырларды термелеп кетеді.

Бұлардың ішінен заман зарын, көп мұңын шертетін сөздерді, әсіресе, бөліп айтады. Барлас біреуді мақтап, біреуден сұрап жырлайтын ақын емес.

Абай мен шешелерінің кешкі уақытта тыңдаған жырларының көбі: Барластың өзі сүйген құлақ күйі сияқты термелер болады. Мұндай кезде

Барлас Абайға күндізгі Барластан, тіпті, баска боп көрінеді. Қызықты, қызуды, қыздырманы ғана айтатын күлкіші, сауықшыл Барлас емес. Кешкі кездерде ол бір үлкен өсиетші кейде шерлі қарт сияктанады.

Сондай-сондай кездерде өзінің де ішін ашып:

Кулагың сал жырыма, Ойлана қара сырыма. Шат шадыман емеспін, Күр құландай жортқанмен, Күбылтып күй тартқанмен, Кайгыдан Барлас. қүры ма?! —

деп, өз жайын термелеп кетеді.

— Қайғысы не? — деп Абай кейде шешесінен сүрайды.

— Әйтеуір, үлкен қасиеті — болымсызды дардай ғып мақтай беретін әдеті жок екен. Ел ақтаған ақын емес қой. Сөзін ұғып ал осының! — деп коюшы еді Үлжан.

Тыңдай келе Абай Барластан тағы бір соны сөздер есітті. Ол осы заманның ұлығы мен бегін айтқан, сынап-мінеп айтқан сөздер. Бір терменің ішінде Барлас:

Ага сүлтан үлық бар, Елге малім қылықтар, “Өл” дегенде (ілмесең, “Жүр” дегенде жүрмесең. Малы қүрым қүрықтар. Кісен салып қүлыптар! —

деп бір кетті.

Абай әкесінің үйде жоғын еске алып, “келмей-ақ қоя тұрса екен”, “қыдыра түссе екен” деуші еді. Шынында да Барластар келгелі Құнанбай бұл үйіне кеп қонған емес. Ол бір топ үлкендермен ел аралап, жолаушылап кеткен. Үлжанның Барласты жібермегені де сол. Ақын мен әнші Құнанбай жоқта болмаса, мұның аулына онша үйір боп, бой жазып жата алмайтын.

Барлас “ұлық пен бек” дегенде кімді айтады? Онысын ашпайды. Бірақ Абай оның мұндай жырларын ылғи өзінше ұғады. Мысалдың көбін жақыннан іздейді. Бірақ бұл бала да сырын, ойын ешкімге ашпайды.

Старшын дейтін әкім бар, Пайдасын көрер жақындар. Калың елі тек жемі Боранды күн тиіскен Аш қасқырдай тақымдар...

Бұл — “старшын Майбасар” деп ойлайды Абай.

...Жарлы, зарлы демейді, Кеңінен ашып көмейді. Түгіменен түйесін Жүтам десе қай сорлы Калтқы балып богейді? Соны көріп ақынның Аса түсіп агы да, Ажымы да көбейді, —

деп “аһ үрғандай” боп кеткенде. Абай Барластың қайғысын да танығандай болады.

“Ел ұйткысы шайқалды” дейді. Бұрын Абайдын естімеген зар-шері сиякты.

Беті-түсі айқын болмаса да, әр заманда, өр жерде күңіреніп, қайғы шеруін тартып жаткан кәрі әжесі сиякты, көп жасаған, көп кайгыны көрген, үлкен бір шері бар. “Ол кім?..” дәлін, барын Абай біле алмайды. Бірак сол саналы қайғының әжесі мен анасы бар болса да, дәл өзінің әкесі Құнанбайдың, аға сұлтанның жоқ екенін аңғарды. Оның аузынан мұрат-максатын таратып айтқанын сезді, естімеді — естісем деп ынтыққан жоқ.

Осы жолы Абай әрі өзі ысылып, әрі шешесі аркылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермеді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас, Байкөкшемен біржолата дос, жақын боп алды. Бертін келе түнде ол Барластың койнына кіріп те жатады. Күндіз барышна күтеді. Мұның ұғымтал зеректігіне катгы ырза боп, шын сүйсінген Барлас бір оңашада, жай ғана тақпақтап:

Шыралш, ер жетерсің. Ер жетсең, сірә, не етерсің. Алысқа шырқап кетерсің. Шындасаң шыңга жетерсің, — деп кеп, Абайға домбыраны ұсынды.

— Міне, балам, осы менің батам болсын. Тіпті, шынымен мейірім түсіп айтқызып отыр, — деді. Абай ынғайсызданып қысылды да, үнде- меді. Бүл “Барластар ертең жүреді” деген түнде, ас алдында болған сөз еді.

Ертеңінде ақындар аттарын ерттеп, жүрерге тақағанда, Абай шешесін тысқа шығарып алып:

— Апа, екеуіне де жақсы қып тұрып сый беріп аттанды ршы! — деді. Үлжан үндеген жоқ.

Қонақтар кымыз ішіп болып, енді қоштасарға келгенде Үлжан Бар- ласка карап бір сөз айтатындай пішін білдірді. Қонақтар іркіліп калған еді.

— Мынау балам оқудан кайтқалы сүле наукас боп, арыла алмай қойып еді. Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем өкелгендей болдыңдар. Қадамы құтты қонақ болдыңдар’ — деді.

Абай, шынында да, дәл осы кезде өзін-өзі бар сырқаттан құлантаза боп арылғандай, нык бір кайрат жиып алғандай сезді. Шешесі үндемесе де, ашып айтпаса да, “білгіш, танығыш, сыншы” сияқты көрінді. Ол бөгелсе де сөзін бітірген жоқ-ты.

— ... Тағы да келе жүріндер. Анау көрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер. Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым. Ала кетіндер... Риза, қош боп аттаныңдар! — деді.

Абай тысқа шығып, Барластарды аттандырып жатып, енді көрді. Осы үйдің екі жылқышысы Беркімбай мен Жарқын Барласқа арнап бір семіз көк атты, Байкөкшеге арнап бір торы құнанды ноқталап ұстап тұр екен.

Екі ақын екеуін жетекке алып, тағы да “қош, қош” айтып, жүріп кетті.

Абай шешесіне дән ырза боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты. Үлжанның мол денесін қапсыра құшақтап, катгы қысып, бетінен, мұрнынан, көзінен кайта-кайта сүйді.

Қат-қабатта

1

Биыл Құнанбайдын өз ауылдары да, жақын ағайындары да күземді елден ерекше ерте алды. Және бұрын күздеуден бір кар жаудырмай көшпеуші еді. Қазірде карашанын ортасына жетер-жетпесте қыстауға қарай тартты.

Маңындағы Жігітек, Көтібақ, Топай, Торғай сияқты сыбайлас отырған аталас елдерге көші-кон-туралы жөн-жосығын айтігады.

Сүйіндік осыған қайран боп, Бөжейдікіне түстене келіп отырып:

— Туысқаныңның бұл сырын ұктын ба? Бұл не ғып биыл дедектеп кетті, ә? —деп еді.

Үйде Бөжей мен Сүйіңдіктен баска Түсіп бар. Кесек мұрынды, шоқша сакал, зор дауысты Түсіп Жігітектің Бөжейден соңғы басты адамының бірі болатын. Ол:

— Бүйтпеуші еді. Бұл не ғып жүр? Әлде күздеуінің оты тозды ма екен? — дегенде, Бөжей бұған барлай қарады да, мырс етті.

— Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді? Тұнып тұр, — деп Сүйіндік “Бөжейде бір сыр бар-ау” деп соған бұрылды да: — Бәсе, тіпті, мал тойы- ны да төтенше. Құлқын сәріден қыстауға барып, қыстыгүні несін жейді? Мұның күземді ерте алғаны да осы көші-қон есебі болды’ — деп дағдарып кап, БөжеЙге карап: — Әлде сен білдің бе? Айтсаңшы, — деп еді.

— Ақылдаспаса да соның көмген көмбесін сен табасың. Күпті қылмай, мүлдем, айтсаңшы!

— Құнанбай көктемде ерте көшсе, Уактың жерін шаба торитын. Жайлауға ерте көшсе, КереЙдін конысын көздейтін. Бірак кыска қарсы оның аты жетпес алыс жоқ. Әлде Тінейдін сары кұсындай өзіңе түсіп жүрмесе? — деп, Бөжей бір қауіптің шетін шығарды да, тоқтап калды. Сүйіндік Бөжей сөзінен тіксініп кап еді. Біракешбір жердің кисыны жоқ.

— Жаным-ау, айрандай аптап, күбідей күгттеп болды ғой. Жуан- таяқты қуды. Әнеттен алатынын алды. Көкшені де сырып салды. Енді кім қалды! Күзектегі Такыртұмадан сонау жайлаудағы Байқошкарға шейін отыз көш жерде ылғи соның көктемі, күздеуі, қыстауы мен жайлауы! Қоныс-конысының арасында, тіпті, түйенің қолтығы терлеп көшетін жырағы жоқ қой! — деді.

Ырғызбаймен салысса, Жігітекте де қоныс аз, өріс тар. Ел ортасының өзге сөзі бір төбе болғанда, Түсіп үшін осы жай өзі бір төбе болатын. Сүйіндік айтқан Құнанбайдын қоныстарын есіне алды.

— Тіпті, қозы көш жер сайын бір қоныс қой! — деді. Сүйіндік бұл жөнде Жігітекпен, әсіресе, мұңдас.

— Және қоныс болғанда кандай! Тұнып тұрған көк бастау, торғын- дай тұма, каска бұлақ, көк иірім көл.

— Жайлауға барса ғой, өзге бір ру ел бір бұлаққа үйіліп отырса, мұның әр аулы ұзын аққан әлденеше өзеннен үлеседі.

— Осының бәрін аз жылдың ішінде басып отыр. Енді тағы кай сыбаға!

— Бәсе, кай сыбага десеңші?!

Бөжей мына екеуін құр тыңдаумен отыр еді. Енді ыза болғандай бұрыла берді де:

— Е, е, сыбаға үлестіруші сен екеуің болсан, айтарсың? — деп колын сілікті. Бұл созді тыңдағысы келмеді.

— Айта берсең, арман көп. Осы сары аурудан не таптың? — деп, біраз кабағын шытып, Түсіпке түйіліп отырып: — Дәрменсізде арман көп. Бірак арман азық боп па еді? Айла таппас болғанда, айттың не, айтпадың не’-деді.

Түсіп енді түйсініп отыр. “Арман” дегені Бөжейдің өз ішін жеп болған. Ши бойында осы Түсіп пен Бөжейдің атақты атасы Кеңгірбайдың бейіті бар. Соның тұсындағы мол қорық — Жидебай, Барак болатын. Құнанбай қыстау етсм деп соны да алды... Бөжей сонда қатты қорланған. Өлісіп те көрмек боп еді. Бірақ Құнанбай дәл осы Түсіпті шақырып ап, ебін тапты. Түсіп Бөжейге кеп басу айтып, колын бөгеп қалды. Бөжейдің Құнанбайға қарсы жалғыз ашык серпіні сол еді. Соңғы жылдарда іште жүрген наразылығының көп себебі сол болатын. Со да өндімеді. Кейін Түсіпке талай рет зығыры қайнап, шынды айтысқанда:

— Құнанбаймен сөз біткен. Істен баска айла жок. Ер болсаң іске шыда! Ол болмаса дағдыңа бас, ұсына бер! — дей беретін.

Мұны Сүйіндікке де сездіретін. Және Жігітек ішіндегі бір таянышы Байдал ыға да айта жүруші еді. Әркайсысына осындай оңашада көзбе- көзде ғана сездіретін.

2

Күздеуден жеті көшіп отырып Қызылшокы, Қыдырта, Көлқайнар- ға жеткен Құнанбай ауылдары енді осы аралардағы кыстау-қыстауына тарамақ болатын. Бірак кеше таңертең Құнанбай бұйрық етіп:

“Хабар алмай көшпесін, тарамасын!” депті. Өзі қасына Майбасар- ды ертіп Шыңғыска кетіпті. Жер алыс болмаса да, Құнанбай күнұзын ат үстінде жүріп, кешке ғана қайтты.

Келіп түскені үлкен бәйбішесі Күнкенің аулы еді. Мұнда бүгін сыбаға әкелген әйел қонақтар көп екен. Ішінде Құнанбайдың токдл шешелері Таңшолпан бар. Акбсрдінің шешесі бар. Және кәрі жеңгесі Бо- пай да келіпті. Күнкеге бірі келін, бірі абысын есепті Ырсайдың шешесі, Жұманның шешесі, Жортардың шешесі сияктылар да бар екен.

Өзге жұрттан бөлініп көшкен бұл біртоп ауылдар—шетінен Ырғыз- бай руы. Ұзын саны жиырма шақты ауыл. Көпшілігі Ырғызбайдың тоқалдары мен Өскенбайдың тоқалдарынан тараған туысқандар болатын.

Осы абысын, жеңге, келін атаулының бір машығы — жылына екі мезгіл Құнанбай үйлеріне сыбаға әкелуші еді. Бір сыбаға көктемде. Қыстай қыдырып араласа алмай жүрсе, жазғытұры ең алғаш сыбайлас қонғанда Зере отырған үлкен үйден бастап, осы Күнкенің үйіне де бір-бір келеді. Қыстан сақтап шыққан сүрлерін әкеледі. Екінші рет казіргідей кыс- тау-қыстауға айырыла кешерде әкелетін.

Құнанбай кеп түскенше жапырлап сөйлеп, күлісіп, әзілдесіп жаткан әйелдер Құнанбайға Майбасар кеп есік ашқанда жым-жырт бола қалды. Еркектер төрге кеп отырған соң, тек Таңшолпан ғана:

— Мына шешелерің, жеңгелерің сыбаға әкеп, енді тарағалы отыр, карағым. Кәрі әжеңнің орны бір баска. Оныкі өз бетімен барып жатыр! — деп, Зерені де есіне алды. Барлык үлкен-кіші Зерені “кәрі әжең” де- гендіктен Таңшолпан да соңғы жылдар өз күндесін осылайша атайтын боп еді.

Құнанбай үндеген жок. Таңшолпан өр шешенің бірі еді. Келіншек кезінде жылкыға жау тигенде жайдакатқа мініп, колына найза ала шап- кан ерлігін жұрттың бәрі білетін. Өзінде үйелмен-сүйелмен төрт ұл бар. Ондай көп ұлы бар токал өзінен-өзі өр боп кететін әдеті. Таңшолпан Құнанбайдың үнсіз отырғанын жақтырмай, бір ырғалып койды да:

— Сыбағаны Күнкеге әкеп отырғанымыз жок. Балам да болсаң бас болдың — саған әкелгізіп отырмын. Ертең кыстау-кыстауға кетеміз де, кыс бойы інге кіргендей жатып каламыз. Қатынның күні со да. Жыл айнал- ғанша амандық тілеуім, балама берген батам. Содан басқа бізде не болу- шы еді!—деді.

Құнанбай шешесіне карап, үндемей бас изеді. Тағы біраз тұрып:

— Айырыла көшем деймісің? Ал, тегі, айырыла көшпесек, кайтесің? Тағы бір сыбаға жеп жүрмелік! — деп күліп койды.

Құнанбай күлгенге үй ішіндегі қонақ әйелдердің бәрі күлді. Ұзын бойлы, қара сұр, ашаң жүзді Күнке ерінің жылы шырайын пайдаланып:

— Мен бүгін теңдерді шешкізіп, ертең үйлерді тіккізбек едім. Осы тағы бір көші-кон бар ма? Мынау елді де, өзімізді де екіұдай еттіңіздер ғой! — деп Майбасарға қарады.

— Екі сыбаға жейді екесің, “екіұдай” деген сол бола ма екен! — деп, Майбасар қайнысы күліп койды. Жөн айтпады.

— Теңді шештірме, үйге де әбігер болма! Ертең тағы көшесің! — деді Құнанбай.

— Е, карағым, ол қай көш?—деп Таңшолпан таңданып, үңіле карап еді.

— Бәрін де бірге көшесің. Ертең ерте Шыңғыска көшеміз. Қоныс карап келдік. Ауылдарыңа соны айта барыңдар! Буынып-түйіне берің- дер, —деді.

Айтқандай, ертеңіне Күнкенің үйі алдымен түндігін сыпырды. Ырғызбайдын жиырма аулы тағы да дүрк көшті. Беттегені — Шыңғыстың жуан ортасы.

Көштер үздік-создық болмай, топтанып иіріліп алып, қалың нөпір боп қозғалды. Әншейінде көш деген қаз, тырнадай тізбек-тізбек болушы еді. Қазір де, алғаш жөнелгенде, мынау ел тобына лашын түйілген шүрегей үйректей ұйлығып, қарбаласып, ұйқы-тұйқы боп кетті. Құнанбай тан атар-атпастан асығыс бұйрық беріп:

— Малтықпай тез көшсін! Шұбалмасын! Қатар қозғалсын! Қауырт жөнелсін! — деп, кыска-қысқа әмірді ауыл басы сайын кісі шаптырып айтқызып жаткан. Дағдыдан тыс көштің, дағдыдан тыс көрінісі де осыдан еді.

Қызыл шоқыдан Шыңғыска қарай тартатын көш соқпақтың сол жағында, жағада бір жалғыз төбе бар еді. Құнанбай өз касына Майбасар, Қамысбайды ертіп және өзінің Күнкеден туған баласы Құдайбердіні алып осы төбенің басына барлық көштен, барлык атгылардан бұрын кеп шық-

ты. Астында шұбалаң құйрық торы аты бар. Дом боп жарап алған есік пен төрдей ұзын торы ат көлденең тұр. Қос құлағын қамыстай шаншыл- тып, арттағы нөпірге “бассаңдаршы!” дегендей қарайды. Құнанбай да көш-көштің алдынан кес-кестеп, бірдеме айтатындай боп тұр.

Әлі күн шыққан жок, елең-алаң еді. Жиырма ауыл жүктерін артып жатқанда жым-жырт, үнсіз қимылдаса, енді түйелерін тұрғызып, жөнеліп бергенде жамыраған қозыдай неше алуан үнге басты. Біресе жүк батқан түйе бақырады. Енесінен адасқан бота боздайды. Әр ауылдың өш иттері бір-біріне арсылдасады. Айқай салып шапқылаған аттылар, жүкші жігіттер көрінеді. Бала жылайды, шешелер ұрысады. Қиқулап айкай салып, мал қайырған малшылар, жас-кәрілер үндері әлсін-өлі келеді.

Көштер қауырт қозғалған уақытта Құнанбай Қамысбай мен Күдай- бердіге:

— Бар, екеуің тез барып осы барлық көштердің басты-басты кісілерін — үлкендерін, осында жиып келіндер! — деді.

Құдайберді мен Қамысбай бұл бұйрықты ести сала тебіне жөнелісті. Үзын бойлы, қыпша бел жас жігіт Құдайберді мен кең жауырын Қамысбай ойга түсе бере, көштің алдын көлденендеп, жарысып барады. Екеуі лезде барып, көш-көштін алдындағы еркектер тобына бір сәт бөгелді де, әрі қарай жосыта берді. Бұлар араласқан топтан бір-екі кісі дереу сыты- лып шығып, жалғыз төбеге қарай желе текіректейді. Құнанбайдын күтіп тұрғанын көріп, өбектеп камшыланып, асыға жүріседі.

Құдайберді арғы шеткі көшке жеткенше, Құнанбай қасына жиыр- ма-отыз аттылар жиылып калды. Қоңыр күздің бүгінгі күні желсіз, тынық. Аспан да ашық. Соңғы аттылар Құнанбай қасына жеткенде, балқыған темірдей боп ұшқын атып жарқыраған үлкен күн алыстағы Аркат тауы- ның иректелген жотасына міне бастады.

Көштің алдына көлденең түсіп, катпар-катпар болып Шыңғыс жатыр. Үзаққа, ұшан-теңізге созылып жаткан калың таудың биік жоталарын күн сәулесі бір сәтте алтынға малғандай қып рең берді. Таулар түндіктерін жаңа сыпырды. Аспанда караторғайлар самғап шырылдайды. Көш жолынан кашып ұшкан болу керек, қаулап кетті. Көш үстіндегі аспанды мың бұралған үнмен кернеді.

Биікте, көз ұшында, шалқар көш боп қиқулап, “қош, қош” айтқандай боп қалықтап бір топ тырна кетті.

Құдайберді мен Қамысбай астарындағы екі бозды танауратып тер- летіп, ен соңғы үш үлкен кісіні ертіп келгенде, жалғыз төбеде, Құнанбай касында, елу шамалы аттылар бар еді. Соңғы келген үшеудің ортадағысы — Кұнанбайдың тағы біртокал шешесінен туған Жақып. Кұнанбай мұның сәлемін алды да, тебініп кап, “жүр!” деді.

Барлық жиын жалғыз төбені дүрс-дүрс басып Шынғыска карай тартты. Көштер қиыс өтіп кетіп еді. Бірақ бұл топ әлі асыққан жоқ. Ат- тылардың калың ортасын ала Құнанбай келеді.

Екі жағында он шамалы үлкен туысқандар. Әкесімен туысқан Үркер, Мырзатай, Жортар сияқты ағалары. Тоқал шешелерінен туған Жақып, Майбасар сияқты тұрғылыстары және әлденеше інілер, немерелес туысқандар бар.

Құнанбай — өз басы бір шешеден жалғыз, бәйбішенің жалғызы. Қара шаңырақ иесі. Қалың дәулет пен өмір, билік иесі. Жаска да көп туысынан өзі үлкен. Сол себепті, үлкен әкесі Ырғызбайдан тараған осы мына жиырма ауылдың мынандай топтарының ішінен бірде-бір жан әлі күнге Құнанбайдың алдынан көлденең шығып көрген емес. Тіпті, өкпе- назы болса да, ашып-жарып айта алмайтын. Ал бірак Құнанбай сойыл соғарды, кол кимылды, тізе мен ызғарды керек кылған жер болса, бұл кауымның іркілетін бірі жок. Шоктай жиын — мықты топ. Жер алуда, ел алуда, оңайдан мал табуда бұлар Құнанбайдың кабагын қалт еткізбей түсінеді. Неше қабат бәйбіше-токал боп жатқанмен, Құнанбай бұлардың араларындағы араздық болса, лезде жойып отырады. Араздық ұста- ғанын әлденеше рет пайдадан, олжадан қалдырып, жазалап отырып, оз ыркына көндіреді.

.Өзара бірлігі — табыс екенін жете таныткан. Соны ұккалы осы Ырғызбай шетінен бай боп алды.

Соңғы уақытта, тіпті, ішінен атысып жүретін күндес қатындар да араздығын сыртқа шығара алмайтын боп алған. Олардың кәрісін де, жасын да қайнысы не байы, не баласы от басынан өрі шығармай тұншықтырып, басып отырады. Болмағанын не байына, не бір тентек қайнысына сабатып алып, өзгелері “шоқ-шоқ” деп те тұрысады.

Осымен бар ынтымағын Құнанбайға бағындырған жиырма ауыл дәл бір ұялас бөрідей еді. Қалың Тобықты ішінде ең колшыл, ең мыкты болатын себептері де осы. Кішкене шеңбері берік болған соң, содан арғы маңайдағы аталастан — Топай, Торғай, Көтібақты да бұлар өз ынтымағымен тартып, басып алып жүреді. Әнет, Жуантаяк, Сақ-Тоғалак, Көкше сиякты саны көп, сыбағасы жок руларды да өздерінің айналасына қоршау кып, шырғалап, шырмап ұстайды. Ондайлармен Ырғызбай іші бірен- сарандап құда, жекжат боп алып та, “ұзын арқау, кең тұсау” жасайды. Кейде әдейі өздері түртіп, бір бәлеге ұрындырып, одан тағы өздері құтқарып алған боп та бауырына тартады.

Аз ауыл Ырғызбайдың, кем койса, басқа жиырма атаның ішінде айқыш-ұйқыш, ілік-шатыс, қарға тамырлы тұзақ шырмауығы жатады. Осындай шытырманның ішінен жапа-жалғыз Кұнанбайды Құнанбай ететін күй туған. Ырғызбайдың мына тобы Кұнанбайды қоршап келе жатқанымен:

“Қайда көшіп барамыз? Неге көштік?” деген сөзді сұраған емес-ті. Дағды бойынша, “жаманға, залалға бастап бара жатқан жоқ! Күн ілгері көреміз” дескен.

Алды аяңдап, арты желіп отыратын ұзын торы ат өзге жиынның барлығын еріксіз бүлкектетіп, желдіріп келеді. Сонда да тап ортадағы торы аттың бас мойны өзге қатардан үздік шығып отырады. Жүріп келе жатқан топ намаздағы имамдай кып, аяңшыл торыны, зор денелі Құнан- байды алға салып келеді. Бірен-саран жастардың аттарының басы окыс ілгерілеп кетсе, қасындағы үлкендері зекіп, күбір етіп: “Тарт! Шегін!” деп тойтарып тастайды. Құнанбай жалғыз көзімен онды-солын шолып алған. Жиында Ырғызбайдан өзге жан жоқ екен. Әркайсысының ауылында көрші-қолаң, жалшы-жақпай, “бұратана — кірме” деген көп бол-

са да, бұл араға келтірмепті. Олар — сойыл соғар. Бірақ келеге әсте кірген емес. Құнанбай жіті жүріп отырып, тобын бастап, көштің алдына түсті.

Содан жиырма ауылдың жиырма басты адамына қазір Шыңғыс ішіндегі қай сай, қай қыстауға барып жетіп, шаңырақ көтеретінін айтып келе жатты. Сөзі ақылдасу емес — байлау. Атағаны — кесіп-пішіп қойған әмір менен бұйрық.

Алты күннен соң, осы Құнанбай ауылдары көшкен жолмен тағы бір мол көштер келе жатты. Бұл — Бөкенші мен Борсақтын көші. Бұлар да Қызылшокыдан өтіп, Шыңғыска кіргелі келеді. Малды көштер емес. Бірақ көшкен елінің саны көп. Жинақы боп, топталып көшпей, бытырап, ен жайылып, бет-бетімен келеді. Көш бойында ат мінген кісі аз. Әр көште бірен-саран еркектер мен көш бастаған картаң әйелдер ғана ат үстінде. Олардан баска бала-шаға, кемпір-шал және жас қатынның көбі жүк артқан түйелерге мініпті. Жылқысын отарға жіберіп, кыска арналған мінгішті шақтап алған елдерге ұқсайды.

Бірен-саран тайлаққа мінген, өгіз мінген еркектер де бар. Барлық қалың елдің ішінде екі-үш ауылдың көші алабөтендеу. Ол — Бөкенші руынан Сүйіндік, Сүгірдің көштері. Борсақ руынан Жексен көші.

Осы көштердің алдында Сүйіндік, Сүгір, Жексен және басқада кәрі, жастан жиырма шақты кісі оқшауырақ келеді. Бұл жиында әзіл-күлкі де, әңгімеде жок. Өңшең тон, шекпен киген сұрғылт топтың пішіні де, қазіргі күздің сұрғылт, жабырқау аспаны сияқты күңгірт, салбыраңқы. Әсіресе, Сүйіндік пен Сүгір, Жексен күпті сиякты. Көп жұрт соның аузына қарағанмен, Сүйіндік ақырын ғана:

— Бара көрейік. Жүзбе-жүз көрісейік. Жауабын өз аузынан естиік! — деді.

— Не де болса, бара көрейік те!

— Не жөн, не жолға сыйғызады екен?.. Өзінен естиік! — деп Сүгір мен Жексен де соны құптады. Бұл жиындағы жастар мен қартаң шаруалар түйіліп алған, катгы ашулы еді.

Құнанбай күздеуден ерте кайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс, күземді ерте алып көшіп еді. Жаз бойы Бөкенші мен Бор- сакка Құнанбайдың қабағы келіспеген. Қырына ала берген болатын.

Сүйіндік осыдан секем алып, әнеугүні Бөжеймен ақылдаса барса да, жауапка жари алмай кайтты.

Содан күздеуде кейіндеп калса да, ерте кеткен Ырғызбай ауылдары қайда түнеп, қайда қонып бара жатқанын сұрастырып отырып еді.

Қазірде Ырғызбайдың аталастары Топай, Торғай, Көтібак та осы Бөкеншінің артынан ілесе көшіп келеді.


Перейти на страницу: