Атамекен — Елшібеков Жанат

Название: | Атамекен |
Автор: | Елшібеков Жанат |
Жанр: | Қазақ көркем әңгімелері |
Издательство: | Жалын |
Год: | 1984 |
ISBN: | |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 4
Алыста қалған сонау сұрапыл жылдар мен қаһарлы күндер Жамбыл атындағы көшеде қайта жаңғырған. «Жамбыл көшесі» деген сөз көзге оттай басылды. Әр үйдің маңдайшасына, әр үйдің бұрышына көрнекті етіп
ілінген екі ауыз сөзге көз жүгірте көшені бойлап келемін. Іркес-тіркес асқақтаған зәулім үйлердің көне тас кірпіштері ежелгі көшелердің бірі екендігін аңғартады. Соңғы архитектуралық үлгімен бой көтерген көп қабатты үйлердің көше бет ауласындағы кіші-гірім саябақта қатар-қа- тар орындықтар тізілген. Шуақтағы орындықта екі кемпір өзара әңгіме шертіп отыр.
Апыл-тапыл басқан екі-үш бүлдіршін топ-топ кептерлерді қуалап мәз. Пыр етіп көтерілген көгершіндер үйіріліп, сонадайға қайта қонады. Сырттай бәрін бақылап тұрмын.
Осы көшенің қай тұрғынымен сыр өрбітсем екен деп тұрғанымда, арғы бетте кеудесінде колодкасы жарқыраған жүрісі ширақ үлкен кісіні көріп қуанып кеттім. «Соғысқа қатысқан болар»,— деп ойладым іштей.
— Сәлематсыз ба? Сәл кідірмес пе екенсіз?..
— Жәйша ма?— деп күлді ол.
— Сіз осы көшеде тұрасыз ба? Аты-жөніңіз?
— Петр Александрович Говорин,— деп ол қолын ұсынды, Біздің Жамбыл көшесі шағын болғанымен «Фонтанка жағалауын «Заградный» проспектісіне қосып жатыр. Көшенің басталар тұсында көлденең тұрған үлкен ғимарат — академиялық драма театры. Ал ана бір қыз-жігіттер кіріп-шығып жатқан үй № 122-кешкі жастар мектебі. Бұл көшеде бұдан басқа да толып жатқан мекемелер бар. Москва полиграфиялық институтының Ленинград филиалы, Темір жол транспорты өнеркәсібі Ленинград территориялық бірлестігі, түрлі азық-түлік дүкендері, «Тройка» рестораны да осы көшенің бойына орналасқан.
— Жамбыл Жабаевты білетін боларсыз?..
— Неге білмейін, ол кісіні танимын да. Жамбылдың «Ленинградтың өрендерім!» атты әйгілі өлеңін соғыстың отты жылдарында жатқа айтып жүрдік қой.
«Ленинградтың еренімі Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді, Бұлағымдай көремін»,—
деген өлең жолдардың жүрегімізге өшпестей жазылғаны аян. Тоғыз жүз күн құрсауда қалған қаһарлы қаланың жау жүрек қорғаушыларына қажымас қайрат, жасымас жігер, ғаламат рух берген де осы бір жалынды шумақтар! Ал ол рух мәңгілік еді! Жамбыл жыры Ленинградтың бүкіл көшелерінде плакат болып, үлкен суретімен қоса ілінге-

ні бүгінде баршаға белгілі. Әлгінде оны танимын дегенім де осы болатын.
Петр Александрович екеуміз ежелгі таныстарша лезде шүйіркелесіп кеттік. Он жетісінде өз еркімен Смоленск облысындағы Язма станциясынан майданға аттанған ол талай-талай қиындықтарды бастан кешірген екен. Оның омырауындағы «Отан соғысы», «Қызыл ту» ордендері мен ондаған медальдары от кешкен жылдардың белгісіндей жарқырайды. Қарт майдангер әлі де еңбек сапында. Куйбышев аудандық тұрғын үй басқармасына қарасты № 3 тресте жұмыс істейді. Оның ұлы әкенің ерлік ісін бейбіт өмірде жалғап жур. Александр Антарк- тиданы зерттеуге қатысқан «Полюс-24» ғылыми-зерттеу экспедициясында болыпты. Қарт майдангерді қоштасарда ескерткішке суретке түсіріп алдым.
Көшенің келесі басында тұрмын. Топ-топ кептерлерді қуалаған кішкентай бүлдіршіндердің ойын қызығына әбден түскені анық байқалады. Пыр-пыр ұшып қонған кептерлер көше аспанында тынымсыз қалқиды.
HYPEK
КӨГІЛДІР ТАУЛАРДЫҢ қолтық-қойнауын қуалаған асфальт жол мың бұралып, заңғарға өрмелейді. Жол асқақтаған сайын қарт Памирдің ұшар басын күн сүйген мұзарт шыңдары тым жақыннан қол бұлғайды. Тасты тіліп түскен таспа жолдың кей тұстары тіп-тік құз шыңырауды жағалап өтеді.
Көкпеңбек реңкі көк жүзімен астасқан беткей-беткей- ді қоныстанған ақ шаңқан ауылдар біріне-бірі ұласады. Ұзындығы 524 километрге созылған Вахш өзені алыстан көз тартады. Ағыны аса қуатты тау өзеніне мыңдаған жылдар бойына ешқандай күштің билік жүргізе алмағаны анық. Жол-жөнекей кесе-көлденеңдеп шыға келген тау- тастың өзін алмастай тіліп, тек ілгері ұмтылатын өзеннің асау аңғарын табиғаттың тылсым күші де бөгей алмады. Жер сілкінісінен пайда болған тас тосқауылды бұрқ-сарқ қайнаған күйі жуып-шайып, я болмаса ұрымтал тұсынан оп-оңай тесіп шыға келеді. Міне, су мамандарын мазалаған да Вахштың осынау мінезі. Олар сан ғасырлардан бері тізгін ұстатпаған тентек өзеннің халық мүддесіне қызмет етуін ойластырды. Ақ парақ бетіндегі қым-қиғаш сызықтар, түрлі түсті таңбалар, мыңдаған гектарға толқыған астық теңізі, қалалар мен қыстақтардың аспанында жарқыраған нұр теңізі боп елестеді.
Адам ойынан құдіретті ештеңе жоқ-ay! Кешегі бұлдыр қиял кешікпей шындыққа айналды. Ағысының күштілігі жағынан Вахш ұлы өзендердің бірі — Волгадан әлденеше есе асып түседі. Міне, басын мұзарт шыңдардан алған осы долы өзенге бұғалық түскелі қашан...
— Вахшта бой көтерген су-электр станциясының атақ-даңқы бүкіл елімізге лезде тарап кетті. Бүкіл одақтық екпінді құрылыс деп жарияланған алғашқы күннен бастап, Нүрекке Отанымыздың түкпір-түкпірінен сан алуан мамандық иелері ағылып келіп жатты. Әрине, жүрек қалауын білдірушілердің дені — жастар. Алып құрылыс алаңында айрықша қарқынмен еңбек көрігін қыздырған алуан ұлттың өкілдері сапында қазақстандықтар да тер төкті. Құрылысшылар, электриктер, гидролог- тар, монтажшылар өздеріне жүктелген қай жұмысты болмасын асқан жауапкершілікпен атқара білді.. Электр станциясының бірінші кезегі 1972 жылы іске қосылып, өнім бере бастады. Советтік энергомашинаның ең таң-
даулысы қатарына жататын тоғыз агрегаттың соңғысы мерзімінен бұрын КПСС XXVI съезі қарсаңында іске қосылды,— дейді инженер Валерий Мигуренко қарсы алдымызда көсіліп жатқан Тәжікстанның энергетика жүрегі — Нүрекке көз тастап.
Жігіт ағасы жасына жеткен инженердің әр сөзі, жайма-шуақ мінезі бірте-бірте баурап алған. Су станциясының жалпы қуатын, ондағы агрегаттар мен түрлі жаб-

дықтардың сипаттамасына дейін егжей-тегжейлі тоқталып, түсіндіріп бәйек.
Нүректің барлық тоғыз агрегатын монтаждаған ол Сібірде салынған бірнеше гидро-энергетикалық құрылыстарға, Асуан плотинасын тұрғызуға қатысқан екен. Әріптестері де оны «өз мамандығының хас шебері» деп орынды құрметтейді.
Биіктігі Эйфель мұнарасымен пара-пар, аумағы елу
алты миллион куб, бейнелеп айтсақ қырық Хеопс пирамидасына тең келетін көлемді алып жатқан Л. И. Брежнев атындағы Нүрек ГЭС-нің плотинасын бұл күнде космонавтарымыз Тәжікстан территориясынан ұшып бара жатқанда ғарыштан ап-анық ажыратып жүр емес пе. Шындығында мұндай ғаламат плотина күні бүгінге дейін ешқандай жерде, ешқандай елде салынған жоқ.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманында адам баласын елең еткізу оңай емес. Сөйтседағы Орта Азия- дағы ең ірі — қуаты 2,7 миллион киловаттық Нүрек ком- лексімен танысқан әркімнің-ақ таңдай қағары даусыз. Бәрінен бұрьін, ГЭС-тің жер асты құрылыстары ерекше назар аудартар еді. Электр станциясы құрылысы барысында салынған туннельдердің жалпы ұзындығы 40 километрге жуық! Сондықтан да болса керек нүректік- тер әзіл-шыны аралас:
— Біздің жер асты шаруашылығымыз Одақта Москва метросынан кейінгі екінші орынды иеленеді,— дейді.
Айтса айтқандай, адамдардың ерен еңбегінің арқасында ондаған жылдың ішінде жас қала—Нүрек өмірге келді. Күні кешегі төрт үй ғана тұратын биік тау қойнауында советтік архитектураның соңғы үлгісімен таласа бой көтерген небір ғимараттар сап түзеді. Білім ошақтары мен кітапханалар, кинотеатрлар мен универмагтар, сауда алаңдары мен тұрмыстық қызмет көрсету орталығы, энергетиктердің мәдениет және демалыс паркі... бәрі-бәрі бар. Елуге жуық ұлттың өкілі тұратын жас қаланың болашағы бүгінгісінен де жарқын.
Гидролог-ғалымдардың есептеуінше тау өзенінің жыл сайынғы жалпы энергетикалық потенциалы — 118 миллиард киловатт-сағат. Нысаналы мақсат—осынау қыруар байлықты бірте-бірте ел игілігіне асыру. Таяу уақытта Нүректің қатарына Вахш бойында салынып жатқан Бай- лазин және Рогун ГЭС-тері қосылады.
Молшылық мұхиты болып жарқырар нұр теңізінің шұғыла шашқан оттары осылайша біріне-бірі ұласа бермек...
Өскен өлке өркендері
ҚАЗАҚСТАН — ҒАЖАПСТАН!
ҚАЗАҚСТАН... Осы бір жалғыз ауыз сөзді айтқанда көз алдыңа ұлан-байтақ өлкеміз елестейтіні хақ. «Бір көкжиектен екінші көкжиекке жеткенше күн де шалды- ғып қалатын шығар»,— деген бейнелі сөздің тектен-тек айтылмағаны белгілі. Шын мәнінде шалқар даламызды — шығысынан батысына дейін Күннің жүріп өтуіне үш сағат уақыт кетеді екен, ал мұның өзі көп жайды аңғартса керек.
Ат тұяғының дүбіріне қанық қазақ топырағына да революция екпіні іркілмей жетті. XX ғасырдың ұлы оқиғасы ғажайып өзгерістер ала келді.
Қазақстан жыл озған сайын құлпырып, гүлдене түсті. Аз мерзімнің ішінде-ақ аймағы абат, жері жәннат, жиделі байсын өлкеге айналды. Күн дидарлы республикамыз-



дың келбетін осылайша танымастай өзгерткен жылдар жемісін қазіргі таңда кез келген жерден ұшыратасың:
ол — құла түзде бой көтерген ақ шаңқан қалалар мен ауылдар;
ол — сайын дала төрінде асқақтаған алып заводтар мен фабрикалар;
ол — тұлдырсыз шөлде толқыған жасанды теңіздер мен алыптардың жүрегіндей лүпілдеген қуатты электр станциялары;
ол — төскейінде отар-отар, үйір-үйір, табын-табын төрт түлік өнген береке өлкесі;
ол — сәулет өнерінің ең үздік үлгісімен салынған бірегей ғимараттар;
ол — оқу-ағарту мекемелері мен ғылыми лабораториялар, мәдениет Сарайлары мен театрлар, тұрмыстың кызмет комбинаттары мен спорт комплекстері.
Бүгінде «жүз тілдің планетасы» атанып отырған Советтік Қазақстан керкіне көз тоймас сұлу табиғатымен де айрықша дараланады. Әсем табиғат саяларына орналасқан жүздеген демалыс орындары өз тынығушыларын жыл бойына құшақ жая қарсы алады. Әрқайсымыздың мерейімізді шарықтатып, шалқытатын да туған республикамыздың осынау қарышты қадамы болса керек. Оның ал қызыл туында бес орден; үш Ленин ордені, Октябрь революциясы және Халықтар Достығы ордені жарқырайды. Еліміздің ең жоғарғы наградаларының әрқайсысы қазақстандық жұмысшылар мен колхозшылардың, ғалымдар мен мамандардың, партия және совет қызметкерлерінің орасан зор күш-жігерін, ерен еңбегін айғақтайды. Мерейіңізді тасытып, көңіліңізді өсіреді. «Менің Қазақстаным!» деген сөзді әркез мақтанышпен айтамыз да! Сондай-ақ, бүкіл Совет халқының тыңдағы және космостағы ерлік өлкесіне айналған Қазақстан даңқы әлемге әйгілі. Қазақ жеріне табаны тиген шетелдіктердің таңдай қағып, ақтарыла айтқан сырларын өз құлағымызбен естіп, тебірене жазған лебіздерін өз көзімізбен оқып та жүрміз.
Жүрекжарды тілектің тобықтай түйіні — Қазақстан- Ғажапстан!