Меню Закрыть

Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.

Название:Қазақстан тарихы для 5 класса
Автор:Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К.
Жанр:Школьный учебник по истории Казахстана
Издательство:Атамура
Год:2017
ISBN:978-601-306-753-7
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 15


§43-44. САРМАТТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІ МЕН ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Сармат ақсүйектерінің обалары. Сарматтардың алып оба­лары қоғамның ақсүйектер мен қарапайым қатардағыларға бөлінгенінің дәлелі болады. Екі метрден аспайтын біркелкі оба үйінділермен бірге жеті метрлік обалар да кездеседі. Қабірдің ішіне қойылған құрал-жабдықтардың, заттар мен бұйымдардың саны мен сапасы әркелкі келген. Бір қабірде қой сүйектері мен қыш ыдыстар болса, басқаларында алтын, күміс, қола әшекейлер мен тұрмыстық заттар қоса көмілген.

Жайық пен Елек өзендерінің арасында кездесетін ақсүйек көсемінің қабірі үстіне үлкен оба тұрғызылған. Ол «Филип­пов» обасы деп аталады, атауы оған жақын ауылмен байла­

нысты қойылған. Обаның биіктігі — 7 метр, диаметрі 100-120 метр. Қабірдің айналасын қоршап дуал тұрғызылған. Қабір шұңқырының үстіне қабырғасы жуан бөренелерден қаланған шатыр түріндегі құрылыс салынған.

Ертеде оба бірнеше рет тоналған. Беделді адамдарды жер­легендер обаның тоналатынын алдын ала білген. Сондықтан бағалы заттар арнайы құпия жанама шұңқырларға қойылған. Олар тереңдігі 1 метрге дейінгі жай шұңқыр түрінде қазылған.

Екі құпия шұңқырдың үстінде жұқа алтын және күміс жапы­рақшалармен көмкерілген бұғылардың ағаш мүсіндері жатты. Қалған бөлігінде алтынмен зерленген ағаш ыдыстар қойылған. Бүл жерден күміс ыдыс та табылды. Екінші құпия бөлікке бұғы мүсіндерінен басқа алтын және күміс ыдыстар, алтын қап­тырмалар жасырылған.

Өртенген ағаш құрылыстың қалдықтарынан қару-жарақ, ат әбзелдері табылды. Қабір шұңқырының оңы мен солында алтын жапырақшалармен апталған 5 ағаш бұғының мүсіні қойылған. Кіреберістегі орақ тәріздес 4 темір зат алтынмен қапталған, 4 дөңгелек тоға түсті ұнтақтармен зерлен-ген. Жерлеу бөлмесіндегі материалдың көпшілік бөлігі бағалы металдан, негізінен алтыннан жасалған. Олардың жалпы саны 600-дей. Бұл оба б.з.б. IV ғасырда салынған. Аралтөбе ескерткішінен сармат көсемінің қару-жарағы, әшекей бұйымдары табылған.

Сармат көсемі. Киімі мен қару-жарағы. Аралтөбе

Б.з.-дың II ғасырындағы аландардың билік құра бастаған кезеңнің жерлеу ғұр- пында өзгерістер болғанын байқаймыз. Аландардың қабірлері терең емес, тар келген. Оба үйінділері аласа, 1,5 метрден аспайды.

Мәйіттің қабірде орналасу жағдайы маңызды этникалық белгісі саналады. Ерте және орта сармат мәдениеттерінде мәйіттің басы оңтүстікке, соңғы сармат кезеңінде негізінен солтүстікке бағытталған. Бұл бас құдайдың ауысқанын білдіреді.

Аландардың қылыштары 70-тен 115 см-ге дейін жеткен, жебенің ұштары темірден жасалған.

Ақсүйек аландардың бас сүйек пішіні өзгеріске ұшыраған. Бұл дәстүрді олар ғұндардан алған. Баланың басына дөңгелек құрсау кигізілген. Өскен сайын баланың бас сүйегінің желке жағы өзгереді. Киілген құрсаудың әсерінен желке тегістелмей, жоғары көтерілген. Ересек ер адамдардың өзгерген бас сүйегінің бір бөлігіне ғана шаш қалдырған. Қалған бөлігін тақырлап қырып тастаған. Төбесінде қалған айдарды екі немесе бір бұрым етіп өріп қойған.

Шаруашылығы мен тұрмысы. Сарматтардың мал өсірушілер екенін Страбон өзінің «География» еңбегінде айтып өтеді. Сарматтардың мал шаруашылығында қой - түліктің негізгі түрі болды. Сүйек қалдықтары сарматтардың скифтерге қарағанда қойдың ірі тұқымын өсіргенін көрсетеді. Сарматтар қойдан басқа жылқы мен түйе өсірді. Орал қаласына жақын жердегі обадан сармат жауынгерінің аяқ жағына ешкінің тұтас сүйегі қойылған. Сарматтар малдарын жазық жайылымдарда баққан. Жайық бойында көшіп-қонатын сарматтар қыстыгүні қары аз Солтүстік Каспий құмдарында қыстады. Дат тайпалары ғана Маңғыстау шегінен ешқайда шықпады.

Қыстаулар төңірегінде сарматтар жер жыртып, тары екті.

Не себепті сарматтар тары екті? Бүл дақылдың қандай ерек­шелігі бар?

Сармат ыдыстары

Күзеуге келген соң олар қыстау жанындағы егінжайдан өнімін жинап алды.

Кейбір обалар үйіндісінде кездесетін ағаш дөңгелектер күйме жасайтын қолөнершілердің болғанын көрсетеді. Маусымдық жайылымға көшіп-қону мүмкіндігі бар сарматтар өз мү­ліктерін арбамен тасымалдады. Тоқтаған жер­де жүк түсіріліп, күйме дөңгелектене қойылды. Сөйтіп, ол түрғын үйге айналды. Ағаштан арба жасайтын қолөнерші отырықшы болуы қажет. Ағашты дайындау, кептіру, арнайы аспаппен өңдеу үшін көп уақыт кететін, сондықтан ағаш шеберлері мал өсірумен айналыспады.

Қыш ыдыстарға қымыз немесе шүбат құйылған. Бір қабірдегі ыдыстан қойдың ұсақ сүйектері табылды. Болжам бойынша, өліктің туыстары мәйіттің қасына сорпа қалдырған болуы керек. Сарматтардың келесі бір жерлеу орнында саз құмырада тарыдан жасалған ботқа қалдықтары сақталған.

Мереке кезінде әйелдер далап және басқа да бетгі әрлейтін бұйымдар қолданған. Сарматтардың ру-тайпа көсемдері дене­леріне сиқырлы қорғаныш және діни мазмұндағы таңбалар салған болуы керек.

  1. Сарматтардың жерлеу дәстүрі туралы әңгімелеңдер.
  2. Апандар билігі орнағаннан кейін сарматтардың өмірінде қан­дай өзгерістер орын алды?
  3. Сармат тайпаларының негізгі кәсібін атаңдар. Неге кәсіптің осы түрі бүл жерде жақсы дамыды?
  4. Сарматтар мал өсіруден басқа немен айналысты?
  5. Сарматтардың шаруашылығы туралы қандай еңбекте айтылған?
  6. Діни мағыналық таңбалар не үшін салынған?

Жұп болып талқылаңдар.

Блум таным деңгейіне сәйкес, қарапайымнан күрделіге өту арқылы «Сармат тайпалық одақтары, қоныстануы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті» тақырыбы бойынша 10 сұрақ әзірлеңдер.

Қосымша тапсырма

«Сармат әлемі» тақырыбына таныстырылым әзірлеңдер.

Мультимедиалық таныстырылымга қойылатын талаптар:

  1. Тақырыпқа сәйкестігі;
  2. Көркем безендірілуі;
  3. Мәтіннің нақтылығы;
  4. Түрлі деректермен жұмыс жасау білігі.

Рәсімделуі:

  1. Таныстырылым үйлесімді, эстетикалық талапқа сай, безендірілуі мазмұнына сәйкес келуі керек.
  2. Таныстырылымның бейнеленуі тартымды, қызықты әрі мәтін­нен ауытқымауы тиіс.
  3. Мәтін жеңіл оқылатын және слайдтар соған сәйкес келуі керек.
  4. Тізім, кесте, диаграмма мен сызбалар таныстырылымда ретімен орналастырылғаны жөн.

Таныстырылымды қорғау:

  1. Таныстырылым материалын мүмкіндігінше толық меңгеру.
  2. Анық және түсінікті етіп жеткізе білу.
  3. Аудиториямен еркін қарым-қатынас орнату (қызықтыра білу, сұраққа сауатты жауап беру).

Регламент сақтау.

VI ТАРАУ. ҒҰНДАР

§45-46. ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРДЕГІ ҒҮН ТАЙПАЛАРЫ

Ертедегі тарихы. Б.з.б. 2 мыңжылдыққа қарай, түркі-мон- ғол халықтарының ата-бабалары Алтай таулары, Батыс пен Ішкі Монғолияның далалық және орманды далалық аймақтарына дейін жеткен. Бүл халықтардың негізгі мәдениеті Оңтүстік Сібір мен Солтүстік Монғолияда қалыптасты. Оларда жайылымдық мал шаруашылығы, қола металлургиясы, кейіннен темір өндіру, түрлі қолөнершілік кәсібі жақсы дамыды. Б.з.б. 1 мыңжылдықта түркі-монғол халықтарының мәдени жетістіктері сақ, савромат және басқа тайпалармен бірдей дәрежеде болды. Ежелгі жыл­намаларда Қытай мемлекетінің шегарасына шабуыл жасап тұ­ратын түркі-монғол тайпалары жөнінде айтылған.

Түркі-монғол тайпалары тарихқа мал өсіруші тайпалар бір­лестігі - гүн (хунну) атауымен белгілі болды. Бет пішіні жөні­нен ғұндар монғол нәсілді және түрік тілінің ежелгі диалектісін- де сөйлеген. Бірқатар тарихшылар хуннуларды ғұндардан бө­лек қарастырады. Ғұндардың билеушілері хуннулардан шыққан, бірақ этникалық және мәдени жағынан ұқсастығы аз болған.

Ғұндар қазіргі қазақ, монғол, түрік, татар халықтары ата- бабаларын құраған тайпалар. Олар Ішкі Азияда алғашқылардың бірі болып өз мемлекетін құрды. Шын мәнінде, ғұн тарихы бас­тапқы кезеңде Қазақстан аумағынан тыс жерде өтті. Бірақ Қа­зақстан жерінің тарихын ғұндардың қатысынсыз қарау мүмкін емес.

Ғұндар өздерінің ерекше өркениетін жасай білді және Орталық Азия мен Еуропада ерекше орын алды. Бұл халық Оңтүстік Сібір мен Солтүстік Монғолия аумағын мекен етті. Шаруашылықтың негізгі түрі бақташылық, бірақ егіншілік, қолөнер, аң аулаумен де айналысты. Қоныстары орман, далалық аймақтарда орналас­ты.

Ғұндардың бүкіл тарихын Хань әулетінің жылнамаларынан білеміз. Сондықтан көптеген ғұн билеушілерінің есімдері бізге қытай нұсқасында бұрмаланып жетті. Б.з.б. III ғасырда ғұн мемлекеті қалыптасқанға дейін-ақ 24 түркі-монғол тайпаларынан тұратын одақ ұзақ уақыт салтанат құрды. Тіпті мұрагерлікпен берілетін жоғары билігі де болған.

Мөде шаныоіі. Б.з.б. 209 жылы Ғұн мемлекетінде билеуші өзгерді. Жаңа көсем Мөде тайпалық бірлестіктің билігін өз қолына алды.

Мөде шаньюіі лауазымын да иеленді. Ол көсем тағын тар­тып алып, орталық билікті нығайту үшін реформалар жасады. Мөде билікті күшейтті, шет аймақтарды басқару аппаратын құрды. Әскерді жаңа тұрғыда қайта жасақтады, рубасыларының бостандығын шектеп, ғұндардың орталық мемлекеттік ұйымын құрды.

Б.з.б. III ғасырда Ғұн мемлекеті қоғамда биліктің орталық- тандырылуы нәтижесінде қалыптасты.

Б.з.б. 209 жылы ғұндар мен олардың шығыстағы көршісі монғол тілдее дунхулардың арасында шегаралас жайылымға та­лас туды. Бүл мәселені шешу үшін Мөде шабуылға шығып, дун- хуларды талқандады. Осы оқиға Мөде мемлекеттік бірлестігінің нығая түсуіне жағдай жасады, оның беделі артты. Дунхуларды бағындыру маңызды іс еді. Тілдері бөлек, екі көшпелі халықтың ғасырлар бойғы бәсекелестігі тез әрі күтпеген жерден аяқталды.

Нәтижесінде ғұндар сыртқы саясатын табысты жүргізе бас­тады. Б.з.б. 203-202 жылдары ғұн жауынгерлері солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы соғыста ерте түрік халықтары - динлин және хакастарды бағындырды.

Жоларалық анықтамалық. Динлиндер ерте кезде Алтай аумағында өмір сүрген. Олар ежелгі түрік диалектісінде сөйлеген. Сырт келбеті сопақша жүзді, қоңқақ мұ­рынды, кекшіл көзді, жирен шашты кел­ген. Ел аузында қазақтардың ата-бабалары да көгілдір көзді, ақсары болғаны туралы айтылады.

Ғұндар оңтұстік-батыстағы көрші­лері — юечжилермен де соғысқан. Юеч- жилер бір орталықты билігі бар, Алтай мен Шығыс Түркістанның иран тілдее көшпелі халқы. Юечжилер өз тайпа одақтарын ғұндармен бір кезеңде, яғни б.з.б. IV ғасырда құрды. Бұл бірлестіктің құрамына Алтай тауларында тұратын бірнеше ирантілдес тайпа енген. Олар осы аумақтағы туыстас тайпаларды ғана емес, үйсін және Тарым өзенінің маңайындағы иран тілдее отырықшы-егінші тайпаларды бағындырды.

Бас сүйегі өзгеріске ұшыраған ғұн жауынгері

Жоларалық анықтамадық. Тарым өзені Сырдария тәрізді Тянь-Шань тауларынан бас­талады, оның оңтүстігінен бастау алып шы­ғысқа қарай ағады. Өзен бойында ежелгі қо­ныстар мен қалалар тұрғызылған. XX ғасыр­ға дейін Тарым өзені жағалауының тұрғын­дары Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы халықтармен мәдени және туыстық байланыста болған.

Ғұндардың 30 жыл бойы жүргізген ауыр соғысы Мөденің ұлы Лаушанның кезінде аяқталды. Б.з.б. 165 жылы ғұндар юечжи тайпаларын біржолата жеңді. Олар Солтүстік Үндістан мен Ауғанстан жеріне қашуға мәжбүр болды.

Ғұндардың Қытаймен қарым-қатынасы. Ғұндар қытай­дың Хань әулетінің солтүстік шегарасына бүтіндей иелік етті. Қытай императорларының оларды әскер күшімен тоқ- татпақшы болған әрекеттерінен ештеңе шықпады. Қытай­дардың көп санды жаяу әскері дала тұрғындарының тез қоз­ғалатын атты әскеріне қарсы соғыса алмады. Ежелгі дәуірде дала көшпелілерінің шабуылына төтеп беру үшін «Үлы қытай қорғаны» салынды. Бұл әскери құрылыс ежелгі қытайдың экономикасын тұралатты, берік қорған бола алмады. Ғұндар және басқа дала тайпалары қорғанды айналып өтіп, солтүстік аймақтарды ойрандады.

Б.з.б. 202 жылы Мөде шаньюй өз жерінде қытай әскерін жеңген соң алғаш рет бейбіт келісім жасалды. Император У Ди мен Мөде шаньюй бұл құжатты «тыныштық пен туыстық тура­лы шарт» деп атады. Бұл келісім бойынша ғұндар қытайдардан салық алып тұрды. Қытайдар намыстанып, бұл салықты «көршілердің қатал ауа райына жандары ашығаннан» берілетін «сыйлық» деп атады. Шарт бойынша олар өз ханшайымын ша ньюйге әйелдікке беруге міндеттенді. Қытайдың төңірегіндегі мемлекеттердің алдында ғұндардың беделі артты. Қытайлықтар Гоби шөлінің оңтүстігіндегі бірқатар аймақты беруге де көнді.

Бүл аймақтар арқылы ғұндар Қытайдың солтүстігін бақылап тұрды. Империяның шегаралық өңірлеріне үстемдік етіп, эконо­микалық маңызды орталықтарды бағынышты ұстауға мүмкіндік берді.

Б.з.б. II ғасырда Хань әулеті Шығыс Түркістанның қала мем­лекеттері: Куча, Тұрфан, Хотан, Қашғар және басқа иеліктер үшін күрес жүргізді. Олар Үлы Жібек жолының бөлігіне бақылау орнатуға тырысты.

Хань мемлекетінің әскері үйсіндердің қолдауымен Орта Азияға басып кірді. Қытайдарға қаңлылар, осы аймақта қоныс­танған ғұндар мен олардың одақтастары қатты қарсылық көр­сетті. Соғыс б.з.б. 90 жылғы Яньжан шайқасына дейін созылды. Осы шайқаста қытайлар толық талқандалды және көп уақытқа дейін «Батыс өлкеге» дәмеленуден бас тартты.

Жоларалық анықтамадық. Бүл қытайдардың Қазақстан жеріне басып кіруінің алғашқысы және соңғы әрекеті еді. XVIII ғасырда Қытайдан біздің жерімізге жорық жасағандар - маньчжурлар бола­тын.

Ғұн империясының ыдырауы. Хань мемлекетінің билеу­шілері батыстағы жерлерді басып алуға ғұндардың бөгет болуы­мен келіскілері келмеді. Ғұндарға салық төлеу де ауыртпалық туғызды. Қытайлықтар ғұндарға қарсы көрші тайпалар және мемлекеттермен бірлесіп одақ құра бастады. Бұл әрекет жемісті өтті. Б.з.б. 71 жылы бір мезетте батыстан үйсіндер, шығыстан ухуандар, солтүстіктен динлиндер бір мезетте ғұн жеріне ба­сып кірді. Ғұндардың 1/3 бөлігі қырылды, қалғандары ыдырап, бөлініп кетті.

Ғұндардың сыртқы саясаттағы сәтсіздіктері ішкі талас-тар­тысты туғызды. Соның салдарынан б.з.б. 52 жылы ғұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар ша- ньюй Хуханьенің бастауымен император Сюань-дидің қолынан бағыныштылық туралы грамота алып, қытайдың шегара бекі­ністеріне таяу қоныстанды.

Чжичжи шаньюй бастаған солтүстік ғұндар өз орталығын Жоңғария жеріне көшірді. Олар сол аймақтағы қытайдардың одақтастары үйсіндермен соғысып, бөлініп қалған хакастар мен динлиндерді бағындырды. Б.з.б. I ғасырда солтүстік және оңтүстік ғұндардың өз мемлекеттілігін қалпына келтіре алатын жағдай туындады. Бірақ қайтадан іштей қырқыс басталды. Одан кейін де «Батыс өлкеге» бақылау орнату үшін солтүстік ғұндар мен Қытайдың арасында үздіксіз соғыс жүрді. Ғұн мемлекеті

Ғұндардың ыдырауы

155 жылға дейін өмір сүрді. Сол жылы ғұндар мекендеген ай­мақта монғол тілдес Сяньби мемлекеті құрылды.

Бірақ ғұндар империясынан көптеген ұсақ мемлекеттер қалды. Соның бірі II-V ғасырлар аралығында Алтайда құрылған Юәбань мемлекеті. II ғасырда солтүстік ғұндардың бір бөлігі Жайық бойына қоныс аударды. Олар Батыс Қазақстанда IV ға­сырда, яғни Үлы қоныс аудару басталғанға дейін аландармен бірге мемлекет құрды.

  1. Ғұн мемлекетінің тарихы бойынша хронологиялық кесте құрыңдар.
  2. Ғұндардың ерте тарихын әңгімелеңдер.
  3. Ғұн тарихының негізгі деректері қандай?
  4. Мөде шаньюйдың қайраткерлік ісіне баға беріңдер.
  5. Қытай мен ғұндардың қарым-қатынасы қандай сипатта өрбіді, нәтижесі қандай болды?
  6. «Үлы қытай қорғаны» жайлы әңгімелеңдер (қосымша мате­риал пайдалану).
  7. Ғұн мемлекеті қашан, не себепті ыдырап кетті?

Жұп болып талқылаңдар.

тарихында қандай орын алды?

Ғұн өркениетінің ерекшелігі қандай? Ғүндар Орталық Азия мен Еуропа

Қосымша тапсырма

Мөдеге мінездеме жазыңдар.

Тарихи түлгага мінездеме беруге көмектесетін сұрақтар:

  1. Тарихи гұлға қашан, қай елде тұрды?
  2. Ол қоғамның қай тобына жатты?
  3. Өз ісінде қандай мақсат көздеді?
  4. Жеке басының қандай қасиеттері болды?
  5. Ойлағанына жету үшін қандай амал қолданды?
  6. Іс-әрекетін қалай бағалауға болады?


Перейти на страницу: