Меню Закрыть

Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.

Название:Қазақстан тарихы для 5 класса
Автор:Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К.
Жанр:Школьный учебник по истории Казахстана
Издательство:Атамура
Год:2017
ISBN:978-601-306-753-7
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 18


§53. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫ

Құрметті оқушылар! Сендер Қазақстанның ежелгі тари­хын оқып бітірдіңдер. Осы сыныпта адам жаратылысынан бас­тап біздің жеріміздегі халықтардың арғы ата-бабаларының қалыптасып, дамуына дейінгі кезеңмен таныстыңдар.

Адамның пайда болуы мен өмірі. Ежелгі Африка ең алғашқы адам мен саналы адамның бесігі, адамзаттың отаны болды. Қазақстан жеріне қоныстану осыдан 1 млн жыл бұрын басталды. Қаратау тауларынан осы кезеңде өмір сүрген адам­дар — питекантроптардың қоныстары табылды. Кейінгі палео­лит пен мезолиттің аралығында Қазақстан аумағында «саналы» адам, оның ішінде палеоазиат қалыптасты.

Неолит дәуірінде адамдар табиғатпен үйлесімді өмір сүрді. Бүрынғысынша табиғаттың дайын өнімін пайдаланды, яғни терімшілікпен айналысты. Енді бір бөлігі табиғаттың байлығын өз пайдасына жарата бастады. Егіншілік (өсімдік өсіру) және мал шаруашылығы (қолда мал ұстау), қолөнер, оның ішінде қарапайым металл өңдеу пайда болды. Мұндай шаруашылық «ондіруші шаруашылық» немесе «неолит тоңкерісі» деп атал­ды. Адамдардың екі түрлі шаруашылықты қатар пайдаланып, дамытуын тарихшылар адамзаттың ірі жетістігі санайды. Бір тайпалар табиғатпен үйлесімде қалса, екіншілері табиғатты бағындырып, тұрмысын жақсарта түсті. Өндіруші шаруашылық ғаламшарымыздағы табиғи қорлардың азаюына әкелді. Қазір әлемдегі экологиялық қозғалыс аясында табиғи қорларды болашақ ұрпаққа жеткізу, балама қуат көздерін табу үшін күрес жүргізілуде.

Ата-бабаларымыз айналысқан шаруашылықтың алғашқы түрін ғалымдар «аграрлық экономикаға» жатқызады.

«Аграрлық экономика» деген не? «Аграрлық экономиканың» тиімді және тиімсіз жақтарын ойластырып көріңдер.

Шаруашылықтың бұл түрі табиғатқа тәуелді болды. Көп жылғы құрғақшылықтан адамдарға ашығу және жойылып кету қаупі төніп отырды. Өндіргіш шаруашылықтың шығуы адамдардың табиғатқа тәуелділігін ішінара азайтты. Егіншілер бір жолғы құрғақшылыққа шыдай алды, бірақ оның қайталануы аштық пен қоғамның күйзелісіне әкелер еді. Сондықтан адам­дар табиғат құбылысына тәуелділіктен шығудың, қауымды азық қорымен қамтамасыз етудің жаңа жолдарын іздеді. Ежелгі дүние үшін бұл — «агротехниканы» жетілдіру, яғни соқа, темір түреннің, суландыру жүйесінің ойлап табылуы еді. Адамдар канал, арықтар қазды, жердің ылғалын сақтау үшін танапты қопсытты, кей бөлігін бір-екі жылға тынығуға қалдырды. Мал өсірушілерде малды сұрыптау жүрді. Ежелгі авторлар сармат, сақ, скиф тайпаларының жергілікті табиғат ерекшелігіне сай әртүрлі жылқы және қой тұқымдарын өсіргенін айтады.

Ежелгі дәуірде қой мен жылқының жаңа тцқымын қалай өеіргені туралы не білесіңдер?

Бірақ адамдардың тұрмысын жақсартудың тиімді әдісі сау­да болып шықты. Ол ежелгі халықтар мен мемлекеттер арасын жақындастырды.

 Қалай ойлайсыңдар, не себепті сауда адамдардың турмысын жақсартудың тиімді жолы болды?

Отырықшы қоныстар мен қалаларда саудаға негізделген қолөнер түрлері қалыптасты. Адамдар ойлап тапқан жаңа дүниелерімен өзара алмасты. Осының бәрі ғаламшарымызда, оның ішінде Қазақстанда қоғамның дамуын тездетті. Қазақстан ежелгі өркениеттің бір орта­лығына айналды.

Этникалық үрдістер. Алғашқы кезде Қазақстан жерін палео- азиаттар немесе ежелгі азиат тайпалары мекендеді. Далалық, жартылай шөлейт және шөлді табиғи орта олардың сыртқы әлпетіне монғолоидтік тұрпат берді. Бұл тайпалар мезолиттік шаруашылықпен айналысты, олардың өмірі су жағасында өтті.

Өзен-көлдер тамақ табу үшін қолайлы еді. Ең алдымен, бұл балық аулауға, суат маңында топталып жүретін қабан, жолба­рыс тағы басқа аңдарды және су құстарын аулауға мүмкіндік берді.

«Неолит төңкерісі» адам санының тез өсуіне әкелді және ежелгі халықтардың қоныс аударуына себепші болды.

Неолитте адамның тез кобейіп, қоныс аударуы не себепті жедел жүрді?

Қола заманындағы әйел мүсіні (қайта қалпына келтірілген)

Б.з.б. бмыңжылдықтан бастап, Қазақстан мен Орталық Азияға арий, үндіиран тайпа­лары біртіндеп қоныстана бастады. Олар­дың сырт әлпеті еуропеоид өңдес еді. Б.з.б. 2 мыңжылдықта үндіирандықтар Алтай, Батыс Монғолия, Түрфан мен Тарым өзен­дерінің жағалауына жетті. Тарым өзені бо- йындағы жерлеу орындарынан ақсары өңді, сары шашты, үндіирандықтардың мумия- лары табылған. Олар «тарым мумиялары» деген атпен белгілі. Бұлар ежелгі дала тұр­ғындарының арғы ата-бабалары. Б.з.б. 165 жылы ғұндардың жеңісі үндіиран және ал­тай тайпаларының көп ғасырлық аражі- гін бұзды. Осы кезден бастап түркі-мон-

ғол халықтарының Қазақстан аумағы мен Орталық Азияға қоныстануы белсенді түрде жүрді. Адамдардың екі тұрпа­тының: азиялық еуропеоид (тұрандық) және ішкі азиялық мон- ғолоидтардың араласуынан «оңтцстік сібірлік» физикалық түр қалыптасты. Қазақстан мен Батыс Сібірдің халықтары осы физикалық түрге жатады. Араласу үрдісі ежелгі дүниеде ба­сталып, келесі ғасырларда жалғаса берді. Тарихта «таза» нәсіл мен халықтар болмайтыны осыдан-ақ түсінікті.

XX ғасырдың 80-жылдары генетик ғалымдар Жер бетін- дегі қазіргі адамдар бір анадан тарағанын анықтады. Біз бір ғаламшардың тұрғындарымыз және Жер бетіне баянды бейбітшілікті сақтауға міндеттіміз.

  1. Палеолит пен мезолит аралығында адамдардың қандай түрі қалыптасты?
  2. Ежелгі ата-бабаларымыз жүргізген шаруашылық түрін сипаттаңдар. Оның тиімді, тиімсіз жағы қандай еді?
  3. Сауда адам қоғамының дамуына қалай әсер етті?
  4. «Оңтүстік сібірлік» физикалық түр қалай қалыптасты?

Жұп болып талқылаңдар.

«Таза» нәсіл мен халықтар болмайды деген пікірге көзқа­растарыңды білдіріңдер.

Топпен жүмыс

I топ - 5-сыныптың оқу материалы бойынша тест тапсыр­маларын құрастыру. Тапсырмада маңызды даталар, оқиғалар, тұлғалар, терминдер мен түсініктер қамтылуы тиіс.

II топ — «Қазақстан ежелгі дәуірде» тақырыбына ақпарат­тық плакат әзірлеу.

III топ - «Қазақстан ерте темір дәуірінде» атымен ақпарат­тық плакат әзірлеу.

IV топ - «Қазақстан кейінгі темір дәуірінде» атты ақпарат­тық плакат әзірлеу.

Ақпараттың плакатты бағалау өлшемі:

  1. Көлемі;
  2. Ақпараттың ауқымдылығы;
  3. Тақырыпқа сәйкестігі;
  4. Материалды білуі;
  5. Везендірілуі.

Қосымша тапсырма

«Ежелгі Қазақстан тарихындағы ең маңызды оқиға» тақырыбына хабарлама әзірлеу.

Жазбаша тапсырмаға қойылатын талаптар:

  1. Тақырыпты ашуда маңызды ақпарат пен деректерді іріктеп алу.
  2. Тақырыпты жүйелі түрде баяндау (қорытынды жасау).
  3. Қосымша материалдарды пайдалану.
  4. Жұмыстың дербес орындалуы.

АНЫҚТАМАЛЫҚ СӨЗДІК

Ақинақ (арх. термин) — біздің заманымыздың бас кезінде пайдаланылған қысқа қылыш.

Археолог — адамзаттың өткен тарихын заттай деректер бойынша зерттейтін ғалым.

Археология — тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.

Археологиялық мәдениет (арх. термин) — ортақ аумағы мен белгілері бар бір кезеңнің материалдық ескерткіштері. Археологиялық ескерткіштер белгілі бір ерекшеліктеріне сәйкес жіктеледі.

Жерлеу ғүрпы (арх. термин) — мәйітті жерлеу дәстүрі.

Қабір шұңқыры (арх. термин) — қайтыс болған адамды жерлейтін орын.

Магия — діни сенімнің түрі.

Мәдениет — жекелеген қоғамның қол жеткен табыстар жиынтығы (оқулық бойынша).

Миграция — бір жерден екінші жерге қоныс аудару.

Оба (арх. термин) - ежелгі жерлеу орнының үстіндегі үйінді.

Оркениет — мәдени жетістіктер (оқулық бойынша).

Ру - бірге шаруашылық жүргізетін туыстас отбасылардың бірлестігі.

Тайпа - мемлекетке дейінгі рулар бірлестігі.

Тотем — табиғи нысандарға, көбінесе жануарларға табыну.

Тұрақ (арх. термин) — ежелгі адамдардың қоныстары.

Тарихи география

Алтай — еліміздің солтүстік-шығысындағы таулы өңір.

Есіл бойы - Есіл өзенінің жағалауы (Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысы).

Ертіс бойы - Ертіс өзенінің жағалауы (Шығыс Қазақстан мен Павлодар облысы).

Орталық Азия - Қазақстан мен Орта Азия елдерінің аумағы.

Орта Сырдария — Сырдария өзенінің орта ағысы (Оңтүстік Қазақстан өңірі).

Памир - Тәжікстандағы тау.

Паннония - Шығыс Еуропаның далалық бөлігі.

Парсы (Иран) — Каспий теңізінің оңтүстігіндегі ежелгі ел.

Понто-Каспий далалары — Солтүстік Каспийден (Қазақстан­ның Атырау облысы) Қара теңіздің солтүстігіне дейінгі аймақ.

Согды - ежелгі Тәжікстан.

Солтүстік Арал бойы — Арал теңізінің солтүстік жағындағы аумақ (Қызылорда облысының солтүстігі мен Ақтөбе облысының оңтүстігіндегі өңір).

Солтүстік Қара теңіз жағалауы — Қара теңіздің солтүстік бөлігіндегі далалар.

Тарбағатай - еліміздің шығысындағы таулы өлке.

Тобыл - Тобыл өзенінің жағалауы.

Төменгі Сырдария — Сырдария өзенінің төменгі ағысы (Қызылорда облысы).

Үстірт — екі теңіз аралығындағы геологиялық аймақ (Маңғыстау облысы).

Шыгыс Түркістан - қазіргі ҚХР-дағы Шыңжаң Үйғыр автономиялық ауданының аумағы.

Хорезм — Әмудария өзенінің төменгі ағысында орналасқан ел.

Ішкі Азия - Монғолияның қазіргі аумағы.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Ақышев КА. Есік қорғаны. - Мәскеу, 1978 (орыс тілінде).

Байпақов К.М.. Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т.С.

Қазақстан археологиясы. — Алматы, 1994 (орыс тілінде).

Бернштам А. Ғұндар тарихының очеркі. - Ленинград, 1951 (орыс тілінде).

Гумилев Л.Н. Хунну. Ежелгі замандағы Орта Азия. — Мәскеу, 1960 (орыс тілінде).

Жданко ТА. Орта Азия мен Қазақстандағы номадизм. - Мәскеу, 1968 (орыс тілінде).

Жумаганбетов Т.С. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихына арналған жаттығу сабағы: оқу құралы. - Алматы, 2000 (орыс тілінде).

Жумаганбетов Т.С. Ежелгі түркілердің шаруашылық жүр­гізуінің номадтық әдісі туралы//Қазақ Үлттық университетінің хабаршысы. Тарих сериясы. - Алматы, 2002, №3 (орыс тілінде).

Зайберт В. Ф. Ботай мәдениеті. - Алматы, 2009 (орыс тілінде).

Зайберт В. Ф. Орал - Ертіс аралығындағы энеолит. - Петро­павловск, 1993 (орыс тілінде).

Қадырбаев М.К., Қурманқулов Ж. Ежелгі Сарыарқа бақта­шылары мен металлургтерінің мәдениеті. — Алматы, 1992 (орыс тілінде).

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 1-том. - Алматы, 1996.

Қазақтар (көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтама- лық). - 1-том. - Алматы, 2003.

Маргулан Ә.Х., Ақышев К. А., Қадырбаев М.К., Оразбаев Ә.М. Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті. — Алматы, 1998 (орыс тілінде).

Өтенияз С. Аттила. - Алматы, 2000.

Сейдімбеков А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. - Алматы, 1997.

Смагулов О. Қола дәуірінен қазіргі кезге дейінгі Қазақстан тұрғындары: палеоантропологиялық зерттеулер. — Алматы, 1970 (орыс тілінде).

Смирнов К.Ф. Савроматтар. - Мәскеу, 1964 (орыс тілінде).

Таймагамбетов Ж.К. Қазақстандағы ежелгі тас дәуірі (негізгі мәселелер). - Новосибирск, 1993 (орыс тілінде).

Үлы дала мемлекеттері. - Алматы, 2010.

Хазанов А. Көшпелілер мен сыртқы әлем. — Алматы, 2000 (орыс тілінде).


Перейти на страницу: