Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.
Название: | Қазақстан тарихы для 5 класса |
Автор: | Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К. |
Жанр: | Школьный учебник по истории Казахстана |
Издательство: | Атамура |
Год: | 2017 |
ISBN: | 978-601-306-753-7 |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 17
VII ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНА ШОЛУ
§50-51. ЕЖЕЛГІ ТАЙПАЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ
Діни көзқарастар. Ру-тайпа одақтары кезінде көсемнің билігі едәуір өзгерді. Қола дәуірінде ол сайланып қойылса, кейінгі кезеңде жағдай жаңаша сипат алды. Жеке адамның қолына малдың шоғырлануы, қоғамның бай мен кедейге бөлінуі ұйымдасқан күшті билікті қажет етті. Мал шаруашылығы адамның ұжымдық еңбегін қалыптастырды. Сондықтан Еуразияның далалық аймағында, егіншілік аймақпен салыстырғанда тайпалық одақтар мен мемлекеттер ертерек пайда болды. Сақ, масса- гет және савроматтар кең-байтақ жайылымдарын қорғау үшін алғашқылардың бірі болып тайпа одақтарын құрды.
Сақ жауынгерлері жебелі садақ, шабу мен түйреуге ыңғайлы қанжар — ақинақ, ұзын семсер, найза, әртүрлі айбалталармен қаруланды. Сауыт-сайманы, қола дулығасы мен қалқаны болды.
Көсем билігінің маңызы ерекше еді. Сақтар мен савромат көсемдері қоғамда өз билігін арттыруға ұмтылды. Абыздар би-
лікті көсемдерге халқына қамқорлық жасау үшін қүдай береді деп түсіндірді.
Тиграхауда, савромат және ғүн көсемдері обаларының көлеміне қараганда олардың байлыгы мол болғаның аңғарамыз.
Көсемдерге оба, дала пирамидалары тұрғызылып, қасына орасан көп қазына қою арқылы оларға ерекше құрмет көрсетілді. Үйілген обаның үлкендігі адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайын, құдайлар әлеміне жақындығын білдірді. Үндіиран тайпаларының түсінігінше, билікті көсемдерге шығыстан батысқа күймемен күнделікті саяхат жасайтын Күн құдайы береді. Ғұндарда бұл көк құдайы Тәңірі саналды. Шаньюй өзін Тәңірі- нің ұлымын деп атады. Сол арқылы ол өз билігінің шексіз, құдайдың сыйы екенін атап көрсетті. Сақтар мен ғұндар ата- бабаларының аруағына сиынған. Қайтыс болғандардың көпшілігі өртелді, таңдаулы «құдіретті адамдар» ғана обаға жерленді.
Ғұн тайпаларының қабірлері үйіндісіз тұрғызылды. Бірақ мемлекеттің құрылу кезінде ғұн билеушілері оба тұрғызу дәстүрін енгізген. Шаньюйлер қабірінің үстіне биік обалар тұрғызған. Сонымен қатар ежелгі тұрғындар арасында пготемизм мен фетишизмге байланысты да көне сенімдер сақталған.
Жоларалық анықтамалық. Тотемизм австралия аборигендерінің «тотем» сөзінен шыққан. Адамның шығу тегін аңдармен байланыстырып, соған сиынуды білдіреді.
Фетишизм, ағылшынның «фетиш» - зат деген сөзінен шыққан. Кейбір рулар мен тайпалар жансыз заттарға: қасиетті жартасқа, бақыт әкелетін найзаға, алтын жебеге т.б. табынған.
Онер. Аң стилі. «Аң стилі» ескерткіштерінде қиял-ғажайып тіршілік иелері, аң аулау көріністері бейнеленген. «Аң стилінің» жарқын үлгілері Тува жеріндегі Аржан обасынан кездесті. Обаның диаметрі 120, биіктігі - 3 м. Жергілікті тайпа көсемінің қабірінен әлемдегі ең үлкен бүктеліп жатқан қабылан бейнесіндегі айылбас, таутекелердің мүсіндері, қабан кейпіндегі сабы бар қанжар, алтын тұмар, жебе ұштары табылған. Оба б.з.б. 8 ғасырға жатады. Табылған үндіиран өнерінің бұйымдары ежелгі болып есептеледі. Бұған қарап, скиф-сақ «аң стилі» Азия далаларында б.з.б. 1 мыңжылдықта қалыптасып, Үлы Далаға тараған деуге болады. Археологтер Алтай өңірін осы өнердің бастау алған жері деп есептейді.
Қола дөуірінде-ақ жергілікті шеберлер аң мүсіндерін жасаған. Жартастарға бүғы мен бүқаның т.б. аңдардың суреттерін салды. Суретшілер жартастарға аң аулау көріністерін, адамдардың тұрмысын бейнелеген. Жартастағы суреттерде көбінесе мүйізі иілген таутеке, бүғы, жылқы, садақ ұстаған адам жиі кездеседі.
«Аң стилі» өнері үлгілерімен тұран тайпалары Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысқан. Осы жерлерден сақтарға арыстан бейнесі, самүрық, «өмір ағашы» бейнелері тараған. Бұлар уақыт өте келе жергілікті жануарлар бұғы, қой мен түйе, қар барысы, жолбарыс, бүркіт бейнелеріне ауысқан.
«Аң стилінің» қолданбадық маңызы зор. Суреттер күнделікті тұрмыста пайдаланылатын бұйымдарға салынған. Сонымен бірге кейбір аңдар мифтік кейіпте бейнеленген.
Полихромдық стиль. 3—5 ғасырларда «полихромдық стиль» өнері дамыды. Оның таралуы ғұндармен байланыстырылады. Негізгі қолданылатын шикізат алтын мен қола болды. Бұл әшекейлер екі материалдан құралады. Біріншісі - негізгі, одан бұйым жасалады. Екіншісі — алтын, күміс, олар бұйымның үстіне жұқа етіліп жабыстырылған. Зергер басқа металды қосу арқылы әшекейді қымбат алтын немесе күміс етіп көрсетуге тырысқан.
Полихромдық стильге бұйымды әшекейлеудің әр алуан әдістері тән. Соның бірі - түрлі түсті асыл тас орнату. Мүнда алтын бұйымға асыл және жартылай асыл тастар жапсырылады. Түрлі алтын түйіршіктері немесе жіңішке сымдар бекітіледі. Сымды нәзік етіп өріп, зат бетіндегі ойықтарды арнайы жарқырауық әшекеймен көмкеру әдісі де полихромдық стильге жатады.
Б.з.б. 1 мыңжылдықтың басында шыққан полихромдық стиль біртіндеп аң стилін алмастырды. Б.з.б. 8-1 ғасырларда Қазақстанда полихромдық стильдің зерлеу мен түйіршіктеу әдісі белгілі болды. Осылай әшекейленген заттар Ертістің жоғарғы жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды) және Батыс Қазақстан (Бесоба) қорымдарынан, Алакөл ойпатындағы қабірлерден табылған.
Б.з.б. 1 мыңжылдықтың басында Алдыңғы Азия мен Шығыс Жерорта теңізінен тараған бүл күрделі де нәзік өнер Жетісу аумағына дейін жетіп, ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалып отырды. Бұл стильді зергерлер әлі күнге дейін қолданып келеді.
- Қола дәуірімен салыстырғанда темір дәуірінде адамдардың діни дүниетанымында қандай өзгерістер орын алды?
- «Аң стилі» қашан және қайда пайда болды?
- Полихромдық стильге не жатады? Сол кезеңнің өнер туындыларына сипаттама беріңдер.
- Сызбаны толтырыңдар.
Сұрақтар | Аң стилі | Полихром стилі |
Таралған уақыты | ||
Кім жасады | ||
Негізгі материалы | ||
Қолдану аясы | ||
Белгілі ескерткіштері |
Жұп болып талқылаңдар.
Полихром стилін қазіргі заманның зергерлері не себепті әлі де қолданып келеді? Мысал келтіріңдер.
Косымша тапсырма
Аң және полихром стилінде жасалынған темір дәуірінің атақты ескерткіштері туралы 7-8 минуттық таныстырылым әзірлеңдер.
- Таныстырылымның бейнеленуі тартымды, қызықты болуы, мәтіннен ауытқымауы тиіс.
- Мәтін жеңіл оқылатын және слайдтар соған сәйкес келуі керек.
- Тізім, кесте, диаграмма мен сызбалар таныстырылымда ретімен орналастырылғаны жөн.
Таныстырылымды қоргау:
- Таныстырылым материалын мүмкіндігінше толық меңгеру.
- Анық өрі түсінікті етіп жеткізе білу.
- Аудиториямен еркін қарым-қатынас орнату (қызықтыра білу, сұраққа сауатты жауап беру).
- Регламент сақтау.
§52. ЕЖЕЛГІ ЗАМАНДАҒЫ КЕРУЕН ЖОЛЫ
Сендер Үлы Жібек жолы туралы естіген боларсыңдар. Қазір Еуразия құрлығындағы Жібек жолын жандандыру үшін оның бағытымен жаңа жолдар салынып, көптеген археологиялық ескерткіштер қалпына келтірілуде.
Ұлы Жібек жолы туралы не білесіңдер?
Үлы сауда жолының бастаулары. Қазіргі археологиялық деректерге қарағанда б.з.б. 3 мыңжылдықтың өзінде «лазурит жолы» болған. Бұл жолмен Памир жоталарынан Таяу Шығыс (Ур, Лагаш) және Үндістан (Хараппа, Мохенджо-Даро) елдеріне сол кездің аса бағалы тасы лазурит (коктас) тасымалданған. Б.з.б. 2 мыңжылдықта «нефрит жолы» іске қосылды. Бүл минералды Қытай императорлары ерекше қастерлеген. Ол Шығыс Түркістаннан Кунь-Лунь ауданында өндірілген, Қытайда жібекке айырбасталған.
Б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасында осы екі керуен жолы (нефрит және лазурит) біріге бастайды. Бадахшанның көктасы Қытайға жетіп, Парсы елі мен Үнді алқабына Қытай жібегінен тігілген киімдер тарайды.
Б.з.б. 138 жылы Қытай елшісі Чжан Цянь ғұндардан жеңіліп, Солтүстік Үндістанға қоныс аударған тохар-юечжийлер тай- пасына елшілікке аттанады. Ол бұл тайпаларды Қытайдың Хань әулетімен ғұндарға қарсы одақ құруға көндірмекші болады. Чжан Цянь Орта Азиядағы Соғды мен Бактрия елдерінде болған алғашқы қытайлық еді. Сол жерлерде ол Қытай тауарына сұраныс көп екенін білді және қытайлықтарға таныс емес заттарды көрді. Әсіресе оны Ферғананың асыл тұқымды жылқылары таңғалдырады. Б.з.б. 126 жылы Қытайға оралған елші императорға Хань мемлекетімен Орта Азия елдерінің тікелей саудасынан түсетін пайда мол екенін жеткізеді. Халықаралық сауданың тиімділігін түсінген қытайлар Шығыс Түркістан, Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан аймақтарын осы тұрғыда біріктіруге күш салады. Б.з.б. 121 жылы Қытайдан Ферғана алқабына жібек пен қола айналар артқан алғашқы керуен жол тартты.
Орталық Азияда Жібек жолының жұмыс істеуі адамдар мен қалалар санының артуына да әсер етті. Үндіиран тайпаларын- да отырықшы-егіншілік пен қолөнер өнімдері сұраныстан артылып қалатын. Қола дәуірінде-ақ олар артық өнімдерін айырбастай бастаған. Ежелгі қалалар мен қоныстарда сауда орталық алаңда өткізілді. Уақыт өте келе ол жерлер арнайы сауда үшін жабдықталған базарларға айналды. Артық тауарлар көрші қалалар мен қоныстарға шығарылды. Қолөнерші, тоқымашылар, көзеші, етікші, зергерлер мен ұсталар егіншілермен өз өнімдерін алмастыра бастады.
Орталық Азияда сауда жолының тораптары пайда болып, Қытайдан Иранға, одан әрі Византия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африкаға дейінгі халықаралық сауда жолы қалыптасты. Б.з.б. 2 ғасырдағы Хань императоры мен Қытай көпестерінің мүддесі Орталық Азиядағы қолөнер мен сауданың дамуына ықпал етті.
Жібек жолының бағыттары. Үлы Жібек жолы Қытайдың қиыр батысындағы Гансу аймағының Дуньхуан қаласынан басталды. Бұл қала буддизм орталығы ретінде белгілі. Осы жерден жол оңтүстік және солтүстік болып екі айрыққа бөлінеді. Оңтүстік бөлігі Солтүстік Қытайдан Орта Азия арқылы, Таяу Шығыс пен Солтүстік Үндістанға жетті. Солтүстік бөлігі Қытайдың солтүстігінен Памир, Арал бойы арқылы төменгі Еділ мен Қара теңіз жағалауына барды. Ыстықкөл тұсында жолдың екі тармағы бір-біріне біршама жақындайды. Солтүстік жол мен оңтүстік жол көлді екі жағынан айналып өтеді.
Оңтүстік жол Сирия арқылы Византия мен Солтүстік Аф- рикаға дейін жетті. Солтүстік жол оңтүстік сілемінде Қырым жағалауын, солтүстік сілемінде Каспий теңізін байланыстырды. Бірақ осы тармақтың Солтүстік Кавказ жағы қауіпті болып жиі тоқтап қалатын. Алтын Орта билігі кезінде ғана бұл жол қауіпсіз болды. Үлы Жібек жолын Қытай үкіметі Мин әулеті билікке келгеннен кейін ресми түрде жапты. Осы кезде теңіз сауда жолдары дами бастаған еді. Шығынына қарамастан, теңіз жолы тиімді болды. Үлы Жібек жолы бір ғана бағытта болмаған еді. Шын мәнінде, сауда жолы бірнеше қатар тораптар мен тармақтардан тұрды.
- Үлы Жібек жолына сипаттама беріңдер.
- Үлы Жібек жолы қай қаладан басталды?
- Үлы Жібек жолының қандай бағыттарын білесіңдер? Сипаттаңдар.
- Картаға Жібек жолының бағыттарын түсіріңдер.
Жұп болып талқылаңдар.
Қазақстан тарихында Үлы Жібек жолы қандай рөл атқарды?
Қосымша тапсырма
«Үлы Жібек жолы - адамзаттың ұлы жетістігі» тақырыбында ауызша хабарлама дайындаңдар.
Ауызша хабарламаға қойылатын талаптар:
- Тақырыптың өзектілігін ашып көрсету.
- Қойылған мақсат-міндеттерді айқындау.
- Зерттеу ерекшелігіне тоқталу.
- Негізгі түйіндерді тұжырымдау.
Хабарлама мына талапқа сай болуы тиіс:
- Мазмұндылық, ойдың нақтылығы;
- Баяндаудың дәлелділігі, сенімділігі;
- Сөйлеудің мәнерлілігі.
Хабарламаның негізгі мазмұнын ашатын слайдты таныстырылым дайындау қарастырылады.