Меню Закрыть

Атамекен — Елшібеков Жанат

Название:Атамекен
Автор:Елшібеков Жанат
Жанр:Қазақ көркем әңгімелері
Издательство:Жалын
Год:1984
ISBN:
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 10


Бурабай орман-аң шаруашылығының өзекті іс-тәжіри- белерін облыстың басқа да орманды алқаптарына кеңі- нен тарату мақсатында Зеренді ауданында көлемі он мың гектардан асатын орман-аң шаруашылығы аймағы ұйымдастырылды. Қазірдің өзінде мұнда ондаған гектар жерге жас көшеттер отырғызылған. Осындағы жабайы шошқаның бірі Бурабайдың өзінен, ал екіншісі Қырғыз- станнан әкелінген. Болашақта бұл аймақта бұлан мен тау ешкісі де көптеп өсіп-өнетін болады.

МАҢ ДАЛАДА ЖАЙҚАЛҒАН ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК

ҚАЗІРГІ ТҮЛЕГЕН, жаңарған Маңқыстау өлкесінде ор­тақ қазына — табиғат байлығын халық игілігіне айналды­ру ісі осыдан жиырма жыл бұрын қолға алына бастаған болатын. 1962—1964 жылдары Маңқыстау түбегіне Вол­гоград қаласындағы Бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу институтының профессоры Ф. И. Касьянов жетекшілік ететін ғалымдар тобы келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде Үстірт жерінде 800 мың гектар, ал Бейнеу ауданының оңтүстігіне қарай 100 километр қашықтықта 40 мың гектар көлемінде сексеуіл қоры бар екендігі анықталды. Осы кезде «Казгипрозем» институ­ты да бұл үлкен табиғат байлықтарын игеру, қорғау және көлемін ұлғайту сияқты жұмыстарымен айналыса баста­ған. Сондай-ақ, 1976 жылы «Союзгипролесхоз» институ­тының Шучинск қаласындағы филиалы бұл өңірді тереңірек зерттеумен айналысып, жұмысты жандандыра түсу шараларын қолға алды.

Иә, осыдан ширек ғасыр бұрын жайқалған жасыл бақ түгілі қазіргі ақ шаңқан қала—Шевченко орналасқан Каспий жағалауы да көз тоқтатар ноқаты жоқ жалаңаш жапан дала болатын. Бір кездегі тұлдырсыз өлкенің қазіргі құлпырған келбетін көрсең, шіркін!..

Байлығы тасыған Маңқыстау кереметін әлемге айғақ етуге асығып, еліміздің түкпір-түкпірінен түбек төсіне сан ұлттың өкілдері келіп, оны көркейтуге, гүлдендіруге ат салысты. Сан ғасыр бойын сырын ашпай жатқан бұйығы өлке осылайша ұлы дүбірден оянып, дүр сілкінді. Әсем қалалар мен көрікті поселкелер бой түзеді. 1973 жылы Маңғышлақ Гурьев облысынан енші алып, өз алдына шаңырақ көтерді. Облыс орталығы Шевченкода тамаша тұрғын үйлер комплексі бірінен соң бірі жедел бой түзе­ді. Микроаудандар санының өзі он беске жетті. Бейнелеп айтқанда, қала шабуылға шығып, дала шегініп барады. Атыраудың жағасындағы ақ шағала шаһармен бірге Жаңа Өзен мұнайшылар қаласы, Жетібай, Шетпе посел- келері де жыл өткен сайын өсіп, құлпыра түсуде. Қай қаланың, қай поселкенің болмасын сыртқы келбе­тінің ғажайып әсем көрікке ие болуы көгалдандыру жұ­мыстарына тікелей байланысты екендігі белгілі. Сөйтсе- дағы климаты аса құбылмалы — жазы аптапты, қысы қатал, топырағы құрғақ әрі тұзды келетін аймақты жасыл

Жасыл желекке оранған Шевченко қаласы

желекке орау оңай болмады-ау. Маңқыстау түбегінің табиғатына төзімді ағаш отырғызуға болатындығы анық- талғаннан кейін барып Шевченко қаласында Қазақ ССР Ғылым академиясының экспериментальдық ботаника бағы ашылды. Тәжірибе бағының ең басты өзекті жұмы­сы— Маңқыстау түбегінде өсіруге болатын өсімдіктер, көшеттер, ағаш түрлерін анықтау, ағаш тұқымдарын сорттау, олардың питомник жағдайында өсіп-өнуін зерт­теу. Сонымен қатар отырғызылған ағаштардың жерсініп

кетуін қадағалау болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, бұл — өнім әзірлеп беру ісімен шұғылданатын ағаштар­дың барлығы да сол жердің табиғатына қарай ботаника бағында дайындалуы керек.

— Қазақ ССР Ғылым академиясының ботаника инсти­туты жасақтаған үш отряд Маңқыстау түбегіне келіп, үш бағытта, яғни Шевченко, Жаңа Өзен және Тұщыбек бағытында түбегейлі зерттеу жұмыстарын жүргізді. Со­дан бері ондаған жылдар өтіпті,— дейді Маңғышлақ экспериментальдық ботаника бағының директоры М. Қон- ғанбаева.— Бәрінен бұрын маңдай теріміздің текке төгілмегені қуантады. Біз ең алдымен Маңқыстау түбегі­нің табиғаты мен жер бедеріне орай төзімді ағаш түрлерін отырғызуды қолға алдық. Соның нәтижесінде облыс көлеміндегі бірқатар қалалар мен поселкелер көгалдандырылды. Мәселен, Жаңа Өзен қаласында бес гектарға жуық жерде қырық түрлі ағаш өсіп тұр. Шев­ченко қәласындағы орталық паркті айтпағанның өзінде оныншы микроаудандағы қырық гектар жер түгелімен ботаника бағына берілген. Онда жиде, жыңғыл, сексеуіл, қарағаш, арша, қарағай, тораңғы, дүзген, тұт секілді алуан түрлі ағаш пен өсімдіктер өсіріледі. Тұщыбек тынығу- сауықтыру орнындағы жасыл желек те маңқыстаулықтар- ға жақсы мәлім. Форт-Шевченко қаласы мен Ералиев, Шетпе поселкелерінде жайқалған ағаштар, гүлзарлар бір кездегі «шөлейт», «аптап» тәрізді анықтама,мен түсінді­рілетін түбектің күні ертең-ақ абат аймаққа айналатынын паш етуде. Қазір түлеген түбектің қалалары мен поселке­лерінде жергілікті табиғатқа орай іріктелген ағаштардың 64 түрі өсіп тұр. Жүзден астам түрі тәжірибеден өтуде. Бұл өсімдіктер саялы көлеңке болумен бірге, аңызақ жел мен шаңнан қорғауда, ауаның ылғалдылығын реттеуге әжептәуір ықпал жасап отыр.

Азғана уақыттың ішінде атқарылған қыруар жұмыс­тар өлкені көгалдандыру ісінің болашағына айқын көз жеткізеді. Мұны қазіргі атқарылып жатқан істер де дәлелдейді. Мәселен, экспериментальдық ботаника бағы­ның қызметкерлері — терек, қайың сияқты сымбатты да көрікті, бірақ Маңқыстау жерінің табиғатында отырғызы- ла бермейтін ағаштарды сорттау, жерсіндіру жұмыстары­мен түбегейлі айналысуда. Он бірінші микроауданның территориясында отырғызылған жоғарыдағы ағаштың түрлері жаз бойына жайқалып тұрады. Болашақта басқа микроаудандарға да теректер көптеп отырғызылмақ.

Ботаника бағының қызметкерлері қалалар мен посел- келерді көріктендіретін әр түрлі көшеттер өсірумен бірге, жеміс-жидек ағаштарын да сынаудан өткізіп жүр. Маңқыстау ауданының Октябрьдің елу жылдығы және Бозашы совхоздарында бірнеше ондаған түп алма, ал­мұрт, алша сияқты жеміс ағаштарын отырғызған. Ең алдымен тәжірибе бағында сынаудан өткізілгендіктен бұл ағаштар бірден-ақ жерсініп кетті. Көгалдандыру туралы сөз қозғағанда, осы салада талай тер төгіп жүрген жеке бағбандардың есімдерін ерекше атаған жөн. Өмір­лерінің денін аялап ағаш отырғызуға, мәпелеп гүл өсіруге арнаған жаны жайсаң жандар бұл өңірде көп-ақ. Солар­дың бірі — Маңқыстау ауданындағы Ильич атындағы совхоз бағының тәжірибелі бағбаны Дила Саймағамбе- тов. Оның негізгі мамандығы — мұғалім. Мектепте ұзақ жылдар бойына химия, ботаника, биология пәндерінен сабақ берген. Сөйтіп жүріп туған жерінде түрлі ағаштар мен өсімдіктер өсірумен үздіксіз айналысады. Бұл кәсі­бін ол Ұлы Отан соғысынан жараланып келгеннен кейін де жалғастыра береді. Өзін ерекше ынтықтырған бағ­бандыққа біржолата бағыт бұрады. Ерінбей, жалықпай жүріп, Астраханьнан жүзім шыбықтарын әкеліп егеді. Алма, өрік, шабдалы, шие, тұт секілді жеміс-жидек көшеттерін әкелу үшін Диланың арбамен сонау Гурьевне де әлденеше рет барып-қайтқанын жерлестері жақсы біледі. Тәжірибелі мамандардың ақыл-кеңесін үзбей тыңдап, өзара пікір алысудан да жалыққан емес. Үздіксіз ізденіс өз жемісін сыйлады да. Қарт бағбанның ұзақ жылғы тәжірибесі маң далаға жеміс-жидек ағаштарын өсіруіне болатындығын дәлелдеп берді.

Дила Саймағамбетов 1957 жылы тұңғыш рет бір гек­тардан астам жерді өңдеп, оны құдықтан су тартып суарады. Содан соң жеміс ағаштарының алғашқы көшет­терін рет-ретімен отырғыза бастайды. Еңбегі зая болған жоқ. Қазір шөл далада бес гектар жерде он бес түрлі жеміс ағашы ырғалып тұр. Олардың арасында бау-бақ- шалық жемістер де баршылық. Құрметті демалыстағы қарт бағбан өзінің сүйікті бағын иесіз қалдырмады. Әлі де тың, әлі де қайратты ол өз өнерін кейінгі жас жеткін­шектерге үйретуде. Қарамағында он шақты адам жұмыс істейді. Қазір бақта он мың түп жеміс ағашы бар. Оны электр насостармен суарады. Жасыл желек өсірушілер жыл сайын он мың килограмм өнім алып, совхоз тұрғын­дарын жеміс-жидекпен қамтамасыз етіп отыр. Міне,

мұндай бақ осы ауданның Октябрьдің 50 жылдығы атындағы совхозында да жаз бойына жайқалып, қыр самалымен тербеліп тұрады.

— Мен ширек ғасырдан бері осы бақта еңбек етіп келемін,— дейді құрметті бағбан Тілеген Қалмағанбе- тов.— Гурьев қаласындағы ауыл шаруашылық технику- мын бітірдім. Бақтың алғашқы шыбығын да өзім шаныш- қан болатынмын. Мұнда қазір алма, өрік, жиде, шабда­лы, шие, алмұрт сияқты әр түрлі 1500 түп жеміс ағашы бар. Жыл сайын ондаған мың килограмм өнім алып жүрміз.

— Форт-Шевченко қаласының тұрғыны С. Тәжібаев- тың да қаланы көгалдандыруға қосқан өзіндік үлесі мол. Осы өңірде айдауда болған украин халқының ұлы перзенті Тарас Шевченко қондырған алып ағаштың төңірегінен оның өз қолымен отырғызған сан түрлі ағаштарын көргенде әдемі әсерге бөленесіз. Табиғат жанашырларының өркенді де өнегелі істеріне сүйсінерің анық. Шевченко қаласындағы экспериментальдық бота­ника бағының ғылыми қызметкерлері арнайы тәжірибе жасап, құмды жерлерге де ағаш отырғызуға болатынды- ғын дәлелдеді. Ең алдымен көшетті отырғызып, оның түбін арнайы дайындалған смоламен бекітеді. Бұл шөлейт- тегі жас шыбықтың құм суырған қатты желде құлап қалмауына жәрдемдеседі. Тәжірибе ағаштың еркін өсуіне ешқандай кедергі жасамайтындығын көрсетті.

Сондай-ақ осы өңір табиғатына арнап еменді жерсін­дірудің алғашқы байқау сынағы үлкен үмітке қол создыр- ғандай. Хивин алқабынан жиналған емен жаңғақтарының екпе көшеттері еркін өсіп келеді. Керісінше, мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдіктер шөл далаға бірден тамыр жайып кете алған жоқ. Қазір тәжірибе бағында қылқан жапырақтылардың алпыстан астам түрі сынақтан өтуде. Әрине, табиғаты қатал құла-түзге ағаш өсіру оңай шаруа емес. Бұл тарапта ботаниктерді болашақта қыруар істер, соны ізденістер күтулі. Қуаныштысы — қазыналы Маң­қыстау түбегін көгалдандыруда игерілген озық тәжіри­бенің өміршендігі, қол жеткізген мерейлі табыстардың молдығы. Кешегі маң даладан жасыл желекке оранған миуалы бақты, бір-бірімен бой таластырған балғын ағаш­тардың теңізден соққан самалмен әсем ырғалғанын, саялы гүлзарлардың сыбдыр қаққанын көргенде қалайша қуанбассың?! Көкейіме келгені:

— Аялы алақандарыңнан айналайын, Адамдар!..

АЯЛЫ АЛАҚАН

МҮЛГІГЕН ОРМАН ұйқысынан оянғалы қашан. Қызыл қарағайдың ұшар басынан бозғыл сәуле төгіледі. Ертең­гі ауа дымқыл. Ағаш біткен мөлдір шықтан маржан моншақтар тағып алыпты. Күн сәулесіне шағылысып үздіксіз жалт-жұлт ойнайды. Таңғы шық — алтын күздің алғашқы белгісі-ay. Тас төбеде шыр айналып орман тыныштығын торуылдаған сыңар қаршығаның үздік-соз­дық шаңқылы ғана естіледі. Тоқылдақ та өз кәсібіне кірісіп кетіпті. Ағаш-қоңырауын дамылсыз соғып жатыр. Мынау әлдеқайдан талып жеткен «дүк-дүк» сол орман «шипагерінің» ісі. Дыбыс шыққан бағытқа жүре берсең тура үстінен түсеріңе күмән жоқ.

Осы бір төңірегіндегі ғажайып жанды суретке — «Орман ертегісі» деп ат қояр еді әркім-ақ. Бірнеше күн қатарынан таңмен таласа оянып жүрсек те сырлы бояу одан бетер ынтықтырып қойған. Күнбе-күн көзімізбен көріп тамашалайтын әлгі өзіміз атаған ертегінің бір кейіпкерін іздейміз. Ол—тиін. Бізді қызықтырғаны — адамға үйірсегі.

Таңертеңгілік осы маңнан айналсоқтап шықпайтын сұр тиіннің көрінбей кеткеніне, міне, төртінші тәулік. Жола­майтын себебі бар екен. Алақанында жаңғақ шағып отыр­ған бейкүнә тиінге әлдекім қолындағы темекісінің қып- қызыл шоғын басып алыпты. «Шиқылдап зыта жөнелді- ай!»— деген бейтаныс жанның күлкісі де бізге сондай ерсі көрінген. Ауыз ашқанымыз жоқ. Ол өзінің өрескел қылығын қас-қабағымыздан жазбай аңғарған тәрізді. Қателігін жуып-шайған болды...

Ағаш басы қозғалған секілді. Жапырақтар сыңғыр- сыңғыр қақты.

— Жел тұрады-ау, шамасы,— деймін сыбырлап қана.

Қасымдағы серігімде үн жоқ. Заңғар қарағайдың сонау басына тесілген күйі көз алар емес.

Тағы да бұтақтардың дыбысы естілді. Үзіліп түскен жалғыз жез жапырақ ауада қалқып жүр. Жерге түскісі келмейді-ay. Жанарымда сары күз елестеген осы сәт. Шынымен-ақ жарқын жаздың қоштасқаны ма!? Және бір түйетабан жапырақ үзіліп түсті. Сап-сары алтын жапырақ. Оқушы кезімізде кітаптарымыздың беттеріне салып қоятын күлгін сары жапырақтың өзі.

Серігімнің кенеттен шыққан даусы ойымды бұзып жіберді.

— Бе-ла... бе-ла...

Қасына қалай жетіп барғанымды байқамаппын. Қара­ғайдың басынан жұдырықтай ғана тиінді іздеймің.

Бұтақтан бұтаққа бұлт-бұлт секірген сүйкімді сұр тиін сырғып төмен түсті. Неше күн сарыла күткен қонағымыз көзі жәудіреп қарсы алдымызда тұр. Маңайына сақтық­пен көз жібереді. Фотоаппаратты ыңғайлай бастадым. Жанымдағы серігім қалтасынан шекілдеуік алып, алақа­нына салды. Қанша қорыққанымен адамның қамқор қолын қимай қайта оралған жәудір көз сұр тиін мамық құйрығын әсем иген күйі шекілдеуіктің біреуін алып

Құсбегі
Аялы алақан

шақты. Фотоаппарат шырт ете түсті. Қас қағымдағы оқыс дыбысқа елең еткен сұр тиін анадай жерге барып ұзақ отырды. Біз де ұзақ күттік. Бұл жолы жылы алақанның табын анық сезгендей емін-еркін шекілдеуікке мойнын созды. Фотоаппараттың шыртылына да назар аударар емес. Шекілдеуікті жалғыз талдан алып шаққан ол бір кезде бұлт етіп алақанға отырған. Шекілдеуікті бірінен соң бірін шағып, бейжай рақаттанған сүйкімді тиінді суретке түсіре бердік, түсіре бердік...

МЕЗГІЛ СУРЕТТЕРІ

ҚАҢТАРДА ЖАУҒАН ЖАҢБЫР

ҮШ ТӘУЛІК бойына үздіксіз жапалақтаған ұлпа қар тізеден жоғары. Теңізден тұрған ызғырық жел қар құйы­нын олай-бұлай қуғыштап та байқаған. Бірақ көз сүрінгі- сіз көкше мұздың бетімен безек қағып жөнелетін ақ түтектің жөні басқа еді. Азғана уақыт үйіріп соққан қар ұшқындары жол табанына бейне бір толқынды тізбек сызып үлгеріпті. Арагідік қасқа жол бойында жарысып отырар төбешіктер өз алдына бір-бір ақ таулардай елестейді. Етегінен бастап ұйыған қар жалдары өз өрне­гін сызып, биіктеп барады. Ауыл сыртындағы қабаттасты- ра тұрғызылған осынау аппақ шөмелелер көк жасыл тоғай бауырында отырған ақ шаңқан киіз үйлі ауылды көз алдыңа әкеледі.

Кешелі-берлі жауған қар табиғат біткенді «көрпесі­мен» мықтап қымтап тастаған еді. Іңірде басылған қар со­ңынан хабар берген шыңылтыр аяз кімге болсын «қаң­тардың әр күні әдетінше шытырлақ болса керек» дегіз- ген де. Әсіресе қора-қопсысының қасынан шыға алмай, кеш қараңғылығын қоюлатқан Шаруа-адам төбеге қарай­ды. Ондағы ойы — ертеңгі күннің жайы. Көк күмбезінің әр жерінен қадау-қадау көрінген жұлдыздар білінбей ме өзі. Қалайша жарқ-жұрқ күліп ойнамайды.

— Қаңтардың қақаған аязды күндері енді ған бастал­ды емес пе? Әр нәрсе өзінің уақтысымен, мерзімімен, оның үстіне биылғы қысты әркім-ақ өзінше топшылап, «қаһарлы» болатын шығар деп ойлаған. «Желтоқсан желіп өтті, қаңтардың қай күні болсын-үлкен сын». Та­банда бұзылған күннің райы түйінді істің нүктесін осылайша қойғызған да мазасыздандырған. Қызыл шұнақ аяз буып тұр. Таңмен таласа оянған ауыл үстінде таңғы оттар жы­мыңдайды. Мұржалардан жаппай жарыса тіп-тік көтеріл­ген түтіндер тым биікке қол созып жатқандай. Түн түңлігін түріп, қаңтардың боз ала таңы хабар жеткізгелі қашан. Түнімен әйнек біткенді сызғылап шыққан шыңыл­тыр аяз тіптен білінсейші. Кім ойлаған мынадай майда шуақты. Бозғылт тұманның біртіндеп-біртіндеп айыға бастағанын күткендей-ақ, қыр астынан алтын кірпіктер

Тынығу

ойнап шыға келген. Күн көтеріліп келеді. Ауада әлде­қандай шуақ білінеді. Әлдеқайдан жылы жел ескендей. Толық шар боп көтерілген күннің сәулесіне шағылысқан мың-сан шыны сәулелер көз қариды, қаратпайды. Жарқ- жұрқ. Әр жүректердің түйгені: «Бүгін тағы да қар жауа- ды, қаңтар қарсыз, аязсыз болуы мүмкін емес».

Жоқ... Түс ауа ұшқындаған қар жаңбыр боп себелей бастағаны. Терезе әйнектерін тырс-тырс тамшылар қақты үздіксіз. Ғажап — қаңтарда жауған жаңбыр! Жазды күнгі үн-түнсіз бір ғана әуенмен себелеп тұратын әлгі ақ жауынның өзі. Тек күн күркіремейді. Тас төбеде шуағын молырақ төгіп күн күледі. Жылға-жылғамен ежелгі арна­сын қуалай аққан қар суы ебіл-себіл. Бір тәуліктің ішінде көктемнің шуақты күнін жеткізген табиғаттың таң қаларлық құбылысына қайран қалған көне көз қариялар; «Балқаш өңірінде қаңтарда жаңбыр жауып, қардың көктемдегіше ағыл-тегіл еруін кездестіруіміз осы шы­ғар»,— дегенді айтады. Мөлдір тамшылар ертеңінде де күн ұзаққа билеп жатты. Бұ кезде жер әжептәуір ала-құ- лаланып қалған-ды. Сынап бағанасы минус пен плюсті қатар екшеп тұрды. Іргедегі теңіз үстінде балықшылар 15 градустық аязда көкше мұз астынан су ырыздығын сүзіп жүрсе, қыр астында күнгейді бетке алған отар өріп барады. Отар соңындағы салт атты шопанның көңіл күйі де жайдары. Бұта түбінде ери қоймаған тоқымдай қар үстінде ұзақ шоқиып отырды...

Тағы да күн көтерілісімен қаңтар шуағы мөлдіреп төгіліп тұрды. Сақылдаған сары аязды күндер бәрі-бәрі алда еді...

ҚЫСҚЫ КЕШ

...ЫМЫРТ ҮЙІРІЛЕ қылаулаған қар ұшқындары үздіксіз жапалақтайды. Мың-сан ақ «көбелек» жерге түскісі кел­мей, ауада ұзақ қалқиды. Ағаштардың сидам-сидам бұтақтарына жапырласа қонақтап жатыр. Айнала лезде ұлпа мамыққа оранып шыға келген.

Әр маусым өзіндік қайталанбас бояуымен айшықты. Ендеше, қыс көркі — ақша қар ғой. Қолыңды қалай тос- қаныңды да аңғармайсың. Бейне бір салмақсыздық әлеміндегідей алақаныңа жеп-жеңіл қонақтаған ұлпа қардың әп-сәтте моншақтап шыққанын ғана көресің. Іле алақаныңды қайта жазасың. Ал адамдардың пәк көңілін- дей аппақ қар жапалақтап жауып тұр.

Жымыңдасқан кешкі шырақтарға шағылысқан қар ұшқындары одан бетер сәулеленіп шалынады. Тымық кештің қоңырауындай күміс күлкілер де алақандай ауыл аспанын шарлап кеткен. Жарқын да көңілді дауыстар. Әншейінде іңір қараңғылығы қоюлана үйді-үйіне тараса­тын балғындар, енді міне, іргедегі құлама төбе басына топталған. Сыңғыр-сыңғыр күлкіні ағыта жүріп, бірі аққала тұрғызса, қайсыбірі сырғанақ сайға қар тауын тұрғызып әуре. Шана сүйретіп, шаңғы байлағандар да бар. Мәре-сәре. Осынау думанды сәтті бүлдіршіндердің әрқайсысы тағатсыздана күткен еді...

Желтоқсанның алғашқы аптасында оңтүстік өңірінде ақ түтектетіп, жауған қар жер-көкті тізеден көміп таста­ған болатын. Қыс ашулы басталды. Қар суырған боранмен сақылдаған сары аяз біріне-бірі ұласты. Торғайлар бүрісіп ауладан шықпай қойса, суықтан қорғанған ор қояндар түн бойына қора маңын торуылдайтын болып алды. Үй­лердің мұржаларына қалғып шыққан кептерлерді қал- баңдаған қара қарғалар дерсің. Қыр балаларының қыс- тайғы ермегі — омбы қарды белуардан кешіп қоян жымына дұзақ құру. Сонымен бірге табиғаттың жас дос­тары қанаттыларды өз қамқорлығына алады. Ағаштардың ұшар басына қысқы «үйлер» орнатып, қар қалың жауған күндері құстарға түрлі жем әзірлейді. Қыстың ызғарлы күндері ұзақ тұрмады. Қаңтар туысы­мен мүлдем сынық мінез байқатқан. Аяқ астынан күн жылып, кешегі омбы қар селдетіп еріді-ай келіп. Осын­дай күндер бірінен кейін бірін алмастырды. Міне, шуақты күндер аптаға ауысты. Жер бетінде іліп алар шөкімдей

Еліктің лағы

де қар қалмаған. Жұлдызсыз аспан төрінде пышақтың қырындай боп туған жаңа ай күн санап қалыңдап, биіктей түсті. Мұндай ашық түндерді қыс мезгілінде өте сирек ұшырататының айдан анық.

Әлгіндегідей емес, қар ұйытқып бората бастаған. Бас­қан қадамың сықыр-сықыр етеді. Шыңылтыр аяздың бар өнерін ұзақ таңға әйнек бетіне өрнектеп шығатын шағы да есік қақты-ау... Ауыл аспанында ойнаған кешкі оттар шаңытып, тым шалғайдан қол бұлғайды. Қысқы кеш тұңғиық ойға шомған.

Аппақ қар жапалақтап тұр...


Перейти на страницу: