Меню Закрыть

Атамекен — Елшібеков Жанат

Название:Атамекен
Автор:Елшібеков Жанат
Жанр:Қазақ көркем әңгімелері
Издательство:Жалын
Год:1984
ISBN:
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 9


Ендігі бір сәтте «Ұстаз-жетекші» шығармасына үңіл­ген едік. Суретші Айша Ғалымбаеваның бүгінгі өміріміз- дегі көкейкесті мәселелерге дер кезінде үн қосып, қа­ламын қолынан түсірмейтінін дәлелдейтін тың туынды бұл. Ұстаздық қозғалысы халық шаруашылығының бар­лық салаларында кең өріс алғаны белгілі. Қартинадан жас кеншілердің бейнесін бірден байқайсыз- Одан әрі үңіле түссеңіз шахтаға келген сол жас кеншілерге қарт жұмысшы ақыл-кеңесін айтып, тәжірибесін үйретіп тұрға­нын аңғару қиын емес. Жұмыс басталар алдында түйін­деп жеткізер жауапкершілікті еңбек ардагерінің кейпі- нен айқын сезесіз. Өз мамандығының қыры мен сырын жетік меңгерген қарт кенші бейнесі алдыңғы жоспарда, дараланып тұр. Оның жүзінен үлкенге тән байсалдылық­тың, нұрлы көзінен мейірбандықтың ұшқынын жазбай аңғарасың. Төңірегіндегі жас шәкірттері де ұстаздың әр сөзіне, әр қимылына байыпты назар тігеді. Әркім-ақ

олардың еңбекке деген айрықша құлшынысы мен ынта­сын суреттен жазбай таныр еді.

Әр жылдары салынған «Халық таланттары», «Батыр Ана», «Жол», «Көктем» секілді картиналар да есіңде ұзақ сақталар әсерлі дүниелер қатарына жатады.

Суретші ұлы мереке — Октябрьдің 60 жылдығын үлкен творчестволық шабытпен қарсы алды. Даңқты оқиғаға орай «Октябрьмен туған» атты картина жазды. Мұнда Октябрьдің құрдасы Айша апай өз өмірін негізгі тақырып еткен. Бүкіл творчествосының алтын арқауы — аналар мен әйелдердің жарқын өмірін әр қырынан талмай жырлап жүрген суретші мұнда да кең құлаш байқатады. Шебер қолдан шыққан сырлы бояулар сөйлеп тұр. Ал «Бейбітшілік» атты кесек туындысында бүгінгі сәулетті өмірімізді асқақ бейнелеуді нысана еткен. Оның «Достық туралы жыр» деп аталатын алғашқы бөлімінде белгілі қазақ совет ақыны Мэриям Хакімжанованың жиырма бес елден келген дүние жүзі әйелдерінің бір тобы алдында өз жырын оқып тұрған сәті сенімді де, әсерлі бейнеленген. Триптихтың соңғы тақырыбы — «Дас­тарқан». Қыл қалам шебері қазақ халқының қонақжайлы- ғы мен кеңпейілін көрсетуді ойлаған. Қазақ дастарқаны­ның басында бүкіл планетаға белгілі Испанияның көрнекті қоғам қайраткері Ибаррури отыр. Ортаңғы бөліктегі суретшінің өз бейнесі — Октябрь шұғыласына оранған бүгінгі қазақ әйелдерінің шынайы образы іспетті.

Ал көрнекті қазақ ғалымы Патшайым Тәжібаеваның портреті Октябрьдің 60 жылдығына арналған Бүкілодақ- тық көрмеде жоғары баға алды.

Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ССР халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның респу­блика кино өнеріне сіңірген орасан еңбегі — өз алдына арнайы сөз етер тақырып. «Қазақфильм» жасап шығар­ған көптеген көркем картиналардың қоюшы-суретшісі ретінде атқарған жұмыстары алуан-алуан әрі сан-салалы.

...Астана кеші бірте-бірте қоюланып, Алматы аспа­нында жұлдыз-шамдар жамырай бастады. Суретші әңгі­ме арнасын болашақ тақырыптары мен кейіпкерлеріне бұрған. «Картина дегеніміз—тұрған опера ғой. Оны орындай да, шырқай да білу керек. Алдағы уақытта республика диқандары жайында, өркендеген, өскен қа­зақ әйелдерінің — ғылым жұлдыздарының портреттерін жасамақшымын. Бұл — менің суретшілік асыл пары­зым...»

Сұлулық әлеміне саяхат

КЕРБЕЗ КӨКШЕ КЕЛБЕТІ

АҚ ЕДІЛДІҢ төменгі жағалауларынан асқаралы Ал- тайдың бауырына дейін үш мың шақырым жерді алып жатқан ұлан-ғайыр Қазақстанның солтүстігіндегі Батыс Сібір жазығы мен оңтүстіктегі Тянь-Шань сілемдері ара­лығының өзі екі мың шақырымға жуық. Сондықтан да республиканың физикалық картасынан алуан бояуларды ұшыратамыз. Бұл бояулар — мәңгі мұз құрсанған ақ сең­гір таулар мен ақ жал толқындары аспанға атқан теле- гей-теңіздер; егіні жайқалған, дән дариялары; нелер аңдар мен құстардың құтты мекеніне айналған миуалы орман-тоғайлар; сондай-ақ құм суырған далалар мен аптапты шөл-шөлейттер... Бәрі-бәрін кездестіресің. Көз­дің аясындай жарқыраған айна көлдер мен бүкіл жер бетін шимайлаған тіршілік артериясы — ұлылы-кішілі өзендер қаншама! Қай-қайсысы да өзіндік ерекшелікте­рімен дараланады, назар аударады. Қол бұлғап шақыра­тын да, табиғаттың осынау көрікті жерлері ғой.

Кәусар бұлақ, саф ауа, көгілдір көл, алуан арналы сарқырама-өзендер жағасындағы жасыл желекті орман- тоғайға жанар тоқтатқан сайын жомарт жаратылыстың ғаламат сыры, ғажайып бояуы бұрынғыдан бетер ынтық­тырар еді. Кең-байтақ Қазақстан өңірі жасыл жапырақты ну орман көлемін арттыруда, одақтағы алдыңғы қатарлы республикалардың бірі. Сонымен қатар 7 мыңның үстін­де шалқар көлі мен су қоймасы, 11 мың өзені, 150-ге жуық балық, 475 құсы мен 150 жануарлар түрлері тұ­рақты қоныс тепкен қазақ топырағы ешбір байлықтан кенде емес.

Қайталанбас сұлу табиғатымен тек республикаға ғана емес, бүкіл елімізге даңқты көрікті жерлер көп-ақ. Ос­ындай ең көркем де әсем табиғат аяларының ілкісі — көгілдір Көкше өңірі. Талай-талай ән мен жырдың алтын тиегі болған жер шоқтығы тамсандырар сұлу суретін әсте жоғалтпақ емес.

Кешегі көрікті Көкшенің бүгінгі келбеті де тым ажар­лы, тым әсем. Бұл маңға тұс-тұстан арнайы ат ізін салу- шылар легі жыл сайын көбеюде. Әсіресе суы бал, ауасы ем саялы Бурабай төңірегі еңбекшілердің бірден-бір тынығу аймағына айналып отыр.

...Әлгінде ғана тап-таза Көкше биігіне бұлт үйірілді. Сол-ақ екен күн күркіреп, оқтын-оқтын найзағай ойнады.

Кербез Көкше келбеті

Іле-шала үзіліп түскен жаңбыр моншақтары үдей баста­ған. Жан-жақтан жолаушылап келген бұлттар Оқжетпес- тің басын шалған бойы төмен сырғыды. Осы сәттегі ұшар басына жауын бұлты қонақтаған Көкше бейнесі оқ атқылап жатқан жанартауды елестетеді. Мінеки, тағы да шатыр-күтір аспанды қақ айыра күн күркіреді. Жаңбыр шелектеп құйды-ай! Табиғат біткен жауынға шомылып шыға келді. Лездің арасында аспан аясы шайдай ашы­лып, жаңбыр сап тыйылды. Бір-бірімен бой таластыра заңғарға қол созған қылқан жапырақты қарағайлардың бұтақтарынан сорғалаған мөлдір тамшылар тырс-тырс әуенін жуыр маңда тоқтатпайтыны белгілі. Сәкен аға жырлаған «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» бүгін де сұлу жүзін осылайша әлсін-әлсін жаңбырмен жуып ала- ды-ау!

Қалың қарағай орманын иір-иір шарлаған соқпақтар мен қия жартастардың жалаңаш төсіне өрмелеген кемер

Биші қайыңдар

жолдардың өн бойынан жолықтырар адамдар ағысында қисап жоқ. Олар — сейіл құрушылар мен тынығушылар, туристер мен пионерлер. Думаны мол жаз қызығы ертең­гі алакөбеден түннің бір уағына дейін ұласып, тәулікті жалғап жатады.

Бүгінгі таңда әйгілі Бурабай аймағында бірнеше сана­торий мен демалыс үйі, туристік базалар, пансионаттар мен пионер лагерьлері жұмыс істейді.

Шортанды көлінің жағасындағы «Шучье» санаторий­інің сыртқы көрінісіне ішкі безендірулері сай. Мұнда ты- нығушыларға жан-жақты жағдай жасалған. 500 орынды клуб пен асхана бар. Оқжетпестің бауырына орналасқан «Оқжетпес» санаторийі де әсемдігімен Одақ көлеміндегі демалыс орындарының қай-қайсысымен таласа алады. Мұндағы медициналық қызмет көрсететін емдеу корпу­сының үйі көз тартарлық-ақ. Республикамыздың әр түк­пірінен келушілер тек екі адамдық бөлмелерге жайға­сады. Жаға-жай тынығушылар көңілінен шығады. Соны­мен қатар мұнда клуб, жылжымалы галерея жұмыс істейді. Бурабай көлінің шығыс жағалауында «Жасөспі­рімдер», ал одан екі шақырымдай жерде бір-біріне іркес-тіркес «Бурабай» санаторийінің корпустары бой көтерген.

Сондай-ақ «Көкшетау», «Ботагөз», «Светлый», «Авто­мобилист» демалыс үйлері, «Золотой бор», «Рассвет» туристік базаларының өз қызығы, өз думаны толып жа­тыр. Бұлардың есігі жыл бойына айқара ашық. Бір мау­сымда «Оқжетпесте» 120 адам тынықса, «Бурабай» санаторийінде жаз айларында 800—1000 адамға дейін демалып, емделеді екен. Жалпы, Бурабай демалыс ай­мағында жыл сайын жеті мың адам емделіп, тынығады. Еліміздің түкпір-түкпірінен ағылып келіп жатқан сан ма­мандық иелерінің әр күнін әсерлі де көңілді, мазмұнды да есте қаларлықтай өктізулеріне барлық жағдай жасал­ған. Демалыс орындарының материалдық базасы жыл­ма-жыл нығайтылуда.

...Мың бұралған асфальт жол қиырдан қол бұлғаған кербез Көкшеге жетелеп келеді, асықтырып келеді. Сол қапталда айнадай жарқыраған Шортанды дөңгеленіп қа­лып барады. Сыңсыған қарағайлы орманның хош иісі кеуде кереді. Қарағай нуының арасынан ақ балтырлы биші қайыңдар шалынады. Екі-үш тәулік бойына себез- гілеген ақ жауыннан кейінгі таңғы ауа дымқыл. Көк күм­безінде шағала-бұлттар қалқып жүр. Көз ұшында шөк-

кен қалпы «Ақ бура» мұнартады, сәл беріректе «Жеке батыр» ұйқтап жатыр. Алақандағыдай ап-анық. Жыныс тоғай ішін шыр айналған жол бір кезде барып көгілдір Бурабайды жағалаған. Қарсы алдындағы табиғат көріні­сін кімде-кім жазбай таныр еді. Кинодан альбомдардан, газет-журналдардан сан мәрте көріп, қараған сайын кө­зің тоймайтын—таныс сурет. Қол созымда Оқжетпес асқақтайды. Сонау ұшар басындағы алып гранит тастан шебер қолмен қалағандай тас мүсін пілдің нақ өзі. Ерік­сіз таңдай қағасың. Оқжетпестің бауырында нелер сыр­ды ішке бүккен Жұмбақтас мен мұндалайды. Көл ортэ- сындағы осы бір ғажайып жартас та, әр қырынан әр бейнеге ұқсайды-ау. Бүйірінен қарағанда басына берет киген жас қызды көрсең, ілгері жүрген сайын әлгі қыз- бейненің де егделене түсетінін анық байқауға болады. Бірде имек ұзын мұрынды жезтырнақ мыстан кемпірдің кейпін елестетсең және бір қырынан толқындарды бел­ден турап бара жатқан әскери корабльді тамашалайсың. Бой сылаған мынау сұлу үш шоқы—«Апалы-сіңлілер» төңірегіне кербездене көз жүгіртіп тұрғандай, «Сандық- тас», «Сиыртас», «Кенесары үңгірі», «Махаббат сайы», «Кітап оқып отырған тас-мүсін...» Табиғат суретші қашаған таңғажайып туындыларды осылайша тізбелесек бұл өңірде көп-ақ. Тасты жарып заңғар шыңның жалаңаш төсіне өрмелеген қарағайдың айрықша қасиеті де назар аударарлық емес пе. Сыңсыған орман-тоғай ше?! Тау­сылмайтын жыр ғой. Табиғаттың төл байлығы—ұшқан құс пен жүгірген аң адам баласының қамқор алақа­нында.

ТАБИҒАТ МУЗЕЙІ

БОЗ АЛА таңнан жол қапшықтарын асынған демалу- шылар қызықты сапарларға — саяхаттар мен жорықтар­ға шығады. Серуен соқпақтарының бірі Көкшенің теріс­кей беткейіндегі Майбалық, Шабақты көлдеріне тартса, екінші сүрлеу биік жартастың басындағы «Кенесары үңгіріне» апарады. Тек жол бедерлерін жақсы ажырат­қандар ғана қалаған жеріне қиналмай жетеді. Өйткені тарам-тарам сүрлеу соқпақтар шыңға да шығарады, ну тоғайға апарады. Көкше алқабының табиғатымен жан- жақты танысу мақсатында ұйымдастырылар экскурсия­лардың пайдасы зор. Осындай адамдар легінің үздіксіз тоғысып жататын орны—Бурабай поселкесіндегі табиғат музейі.

Бурабай көлінің шығыс жақ жағалауына жайғасқан бұл ерекше музей бірнеше гектар жерді алып жатыр. Биік шарбақтармен қоршалған алаңқайлардың іші жап- жасыл шалғын, әне көкорайды кешіп, шаңырақ мүйізін шайқап бұғы жайылып жүр. Екінші бір бұрышта — бей­қам жатқан арқар. Шағын көлшіктегі аққулар маңғазда­на қалқиды. Құс еркесінің сұлу да сүйкімді қылықтарына көз тояттайды. Қарай бергің келеді. Одан ілгеріректе алаңқайларға жалғаса бөлек-бөлек етіп жасалынған тор- үйшіктердің мекендеушілері қарсы алады. Суыр, қоян, тиін, түрлі жыртқыш құстар... емін-еркін өмір сүруде. Хайуанаттар паркін аралап жүргендей әсер ұялатады. Екі қабатты музей үйінің қарапайым өзіндік архитектура­сы да назар аударарлық. Шағын-шағын бөлмелері тар­тымды. Музейдің ғылыми қызметкері әрі экскурсоводы Галина Вебер ықыласпен қарсы алып, музей тарихымен таныстырған.

— Иә, біздің музейге соққан кез келгеннің аузынан еститініміз жалғыз ауыз сөз—«хайуанаттар паркі ғой». Музей иесі де мақтаныш сезімін жасыра алмады.— Бу­рабай орман-аң шаруашылығына қарайтын табиғат му­зейі 1960 жылы ұйымдастырылды. Жақсы бастама қа­шанда өз өрісін кеңейте береді ғой. Бұл маңда пионер лагері болған еді. Болашақ музей экспонаттарын жинас­тыру— үлкен ыждаһаттылықты, жалықпай ізденуді та­лап еткені белгілі. Игі мақсатта жүргізген сол жұмыста­рымыз бүгінде жемісін көрсетіп отыр. Оның айғағы — осында келушілердің толассыз тасқыны. Музейдің іргесін

көтерудегі ең негізгі мақсат — сұлу Көкше өңіріндегі аң­дар мен құстарды, осы аймақта өсетін алуан ағаштар мен өсімдіктерді, өзен көлдерінде тіршілік ететін балық­тардың түрлерін жұртшылыққа таныстыру. Жан-жануар­лар дүниесі мен өсімдіктер әлемі өзара шоғырланып табиғат музейінің керегесін тікті. Алғашқы күннен-ақ табиғат музейі Бурабайға келушілердің бар ықылас-на- зарын қызықтыра аударды, жылына алпыс мыңнан ас­там адам музей-экспонаттарын тамашалайды екен. Көк­ше төңірегінде мекендейтін әр түрлі хайуанаттар, құстар мен қос мекенділердің біразын даладағы зоологиялық мүйістен көресіздер. Олардың барлығы қолдан қорек- тендіріліп, аялап бағылады. Музейдің бес залы бар. Алғашқы—құстар залына Көкше мен Бурабай аймағына, сондай-ақ кең-байтақ рес­публикамыздың әр түкпірінде тіршілік ететін неше алуан құстардың арнайы қатырылған терілері қойылған. Дүр сілкініп ұшып кететіндей... Әр құстың мекендейтін табиғи ортасы тамаша жасалынған. Шалқыған айдын-шалқар, сылдыраған су, балауса құрақтың сыбдыры... құстар қанатының суылы құлағыңа үздік-создық жетіп жатқан­дай әдемі әсерге бөленесің... Ұзын сирақ қоқи қаз, қауырсыны мың-сан құбылған сұлу қырғауыл, көкек, тауыс, кекілік, дуадақ, шіл, бөдене, орман «дәрігері»— тоқылдақ секілді тағы басқа құстардың түр-түрін табасыз.

Желден жүйрік жануар
Аққулар

Көл құстарымен, балықтардың түрлерімен екінші зал таныстырады. Үйрек пен қаздың небіреулері, аққу, қас­қалдақ, ләйлек, қалбағай, аққұтан, бірқазан... бәрі-бәрі бар. Ал балықтардан — шортан, сазан, табан, көксерке, шоқыр тәрізділерін көруге болады. Мына бір Шабақты көлінен ұсталған сегіз килограмдық сазан бұл өңірде сирек кездесетін олжа. Сондай-ақ «Қызыл кітапқа» ене-

тін құстардың өкілдері де көрсетіліп, әрқайсысының тұс-тұстарына олардың өздеріне ғана тән ерекшелік си­паттары жазылып қойылған.

Келесі залда — терісі бағалы аңдар. Олардың ішінде жыртқыш аңдар да кездеседі. Арқар, барыс, бұғы, аю, қабан, құндыз, қарсақ, борсық, ондатр... Қай жерде ме- кендегені, жасы, кейбір айрықша қасиеттерімен танысу­ға әбден болады.

Ауыл шаруашылығына арналған залдың маңызды да бай экспонаттары бірін-бірі толықтырып, музейдің ажа­рын ашып-ақ тұр. Дәнді дақылдардың сан алуан түрлері мен сорттарынан бастап, халық шаруашылығы үшін ма­ңызы зор ағаштардың белгілі-бір жекелеген бөліктері рет-ретімен орналастырылған.

Музейдің соңғы залы тұтасымен өсімдіктер дүниесі­не арналыпты.

Қазақстан жері сан алуан өсімдіктер түрлеріне мейлінше бай. Республика көлемінде техника саласына қажетті 350, дәрі-дәрмекке пайдалы шикізат беретін 250 және сирек кездесетін 758 өсімдік сорты бар. Осының өзінен-ақ біздің жеріміздің ерен өзгешелігін байқау қиын емес.

Өсімдіктер географиясының орасан байлығы ерік­сіз назар аудартады. Екі топқа бөлінген емдік өсімдік шөптер мен жеміс-жидектердің бәрі де қоршаған орта­мызда ұшырасады. Көкше өңірінде де алуан түрлі өсім­діктер кезігеді. Қарақат, бүлдірген, меңдуана, қалақай, итмұрын, таңқурай, қызыл шие тәрізді өсімдіктердің ер­екшеліктерін, қайсыбірінің емдік қасиеттерін көбіміз жете ажырата білмейтініміз ақиқат. Осы тұрғыдан келгенде музейдегі анықтама түсіндірмелер мол мағлұматтар береді.

Сондай-ақ музейдегі Бурабай аймағын бейнелеген нұсқаға қарамай өту мүмкін емес. Музей коллективінің жүйелі түрде жүргізіп отырған сан-салалы жұмыстары айтпай-ақ көрініп тұр. Төменгі қабаттағы арнаулы бір бөлме жас натуралистерге — табиғаттың кішкентай дос­тарына арналған. Мұнда орман-тоғайлардағы аңдар мен құстарға көрсетілетін жұмыстардың бағыт-бағдарлары жан-жақты түсіндіріледі. Қанатты достарға арналған үй­шіктерді қалай жасау керектігі әр түрлі үлгіде көрсетіліп қойылған. Орман-тоғайларда өртті болдырмау жолдары, тілсіз жаудан сақтандыру тәсілдерін насихаттаудағы игі істер де қуантарлық.

БАЙЛЫҚТЫҢ ҢАЙНАР КӨЗІ

КҮН КӨТЕРІЛІСІМЕН Көкше күмбезінде жалғыз верто­лет шыр көбелек қалқып жүреді. Алғашында аспан төрі­нен естілген тосын дауысқа елең етіп құлақ түресің.

«Құрметті тынығушылар, орманда жүргенде сақ болыңдар, өрт қаупін тудырмаған жөн. Орман — ел байлығы. Орман-тоғайлар — аңдар мен құстардың құтты мекені. Тілсіз жауға жол бермейік...»

Табиғатты аялаушылардың да жұмыстары қым-ғуыт. Оны қорғауға Коммунистік партия мен үкіметіміз үнемі назар бөліп жатқаны баршамызға белгілі. КПСС XXVI съезінің тарихи шешімдерінде, СССР-дің жаңа Конститу­циясында да рухани байлығымыздың бірден-бір қайнар көзі табиғат екені баса айтылған. Демек өзіміз өмір сүріп, тіршілік етіп отырған қоршаған орта — табиғат көркімен ұлан-асыр байлығы әрқайсымыздың, совет адамының ортақ мүддесі, ортақ игілігі.

Бүгінгі таңдағы бүкіл халықтық іске айналып отырған толғақты да көкейтесті проблемаға біздің республика­мызда да айрықша мән берілуде. Ұлан-ғайыр жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазақстандағы ондаған орман шаруа­шылықтарының арасында Бурабай орман-аң шаруашылы­ғының өзіндік орны ерекше.

Оның территориясы 65 мың гектар. Көгілдір Көкше, Жеке батыр тауларының саясындағы Бурабай, Шортанды, Жөкей, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл, Ақ көл, Майбалық секілді үлкенді-кішілі он екі көл мен шағын өзендер 800 гектар алқапта жарқырап шалқуда. Отыз гектардан асатын бау бағына мәдени өсімдіктер отырғызылған. Шаруашылықтағы табиғи жайылымдық­тарды қорғаумен қатар қорықшылар мен орманшылар ұзақ жылдар бойына тұрған ағаштарды санитарлық ем- деулерден өткізеді. Сынған, әбден қуарғандарын кесіп, орнына жаңа жас көшеттер отырғызады. Сондай-ақ аң шаруашылығы да қатар дамытылуда. Бұл өңірге жаңадан қоныстандырылған аңдар мен құстарды жергілікті табиғатқа бейімдеу оңай іс емес. Түрлі бағыттағы жұмыс­тардың бір сарасы орман-тоғайлардың арасындағы ашық алаңқайларға азықтық шөптер егу, бау-бақша өсіру, омарталардан бал жинау.

Басқа жерден әкелінген аң құстарды жерсіндіруде шаруашылық коллективінің іскерлігі жақсы жетістіктерге

Шаңырақ мүйізді маралдар
Мәуелі тоғайда

қол жеткізуде. Еліміздің түкпір-түкпірінен әкелінген арқар, бұғы, жабайы қабан Бурабайға әбден үйреніп кетті. Бүгінде олардың соңынан өрген төлдерге қызыға көз тастар еді әркім-ақ. Қыстың қаһарлы күндері шаруа­шылық орманшылары, аңшылары мен қорықшылары тектен-тек қол қусырып отырмайды. Қайта олар осы ай­мақты қыстаған жабайы аңдар мен құстарға ерекше қамқорлық көрсетеді. Орман ішінде бірнеше жерлерге жем науаларын қойып, алаңқайларға шөп жеткізумен айналысады. Д. Сәтбаев, В, Шурманов, Т. Әубәкіров, И. Подолько, Р. Рахматуллин, Д. Сандыров тәрізді ор­маншылар мен қорықшылар өз жұмыстарының қыры мен сырын жетік білетін жаз дидарлы жандар. Көк-жасыл ырғалған мәуелі орман-тоғай, жарқыраған айна көлдер мен өзендер, неше алуан қанаттылар мен аңдарды қорғап-көбейту бүгінгі таңның өзекті проблемасы болса, Бурабай орман-аң шаруашылығы коллективінің осы ба- ғыттағы жұмыстары қуана айтарлық. Тындырылған істер де сан-салалы.


Перейти на страницу: