Слова назидания — Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Название: | Слова назидания |
Автор: | Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы |
Жанр: | |
Издательство: | |
Год: | |
ISBN: | |
Язык книги: | Русский, Казахский |
Страница - 5
37. Отыз Жетінші Сөз
- Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
- Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өні қашады.
- Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.
- Кісіге біліміне қарай болыстық қыл: татымсызға қылған болыстық адамды бұзады.
- Әкесінің баласы — адамның дұспаны.
- Адамның баласы — баурың.
- Ер артық сұраса да азға разы болады.
- Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
- Өзің үшін еңбек қылсаң өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың.
- Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол — көп, ендеше, көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, женге сал.
- Адам баласын замана өстіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват.
- Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
- Дүниеде жалғыз қалган адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?
- Жамандықты кім көрмейді. Үмітін үзбек — қайратсыздық. Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та кайдан баяндап қалады дейсің! Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді!
- Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Егер де аузынан қара қан ағызса, домбыт мақтаншақ я қорқақ.
- Қуанбақтық пен бақ — мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к...н ашпайтұғын, ақылы бойында қалады.
- Егер ісім өнсін десең, ретін тап.
- Биік маңсап — биік жартас.
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады.
Екпіндеп ұшып қыран да шығады.
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.
Дүние — үлкен көл,
Заман — соққан жел,
Алдыңғы толқын — ағалар,
Артқы толқың — інілер, Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер.
- Бақпен аскан патшадан, Мимен аскан қара артық; Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық.
- Тоқ тіленші — адам сайтаны, Харакетсіз сопы — монтаны.
- Жаман дос — көлеңке, Басыңды күн шалса, Қашып құтыла алмайсың; Басыңды бұлт шалса, Іздеп таба алмайсын.
- Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас. Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол.
- Қайратсыз ашу — тұл, Тұрлаусыз гашық — тұл, Шәкіртсіз ғалым — тұл.
- Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң — өзің ғана тілейсің.
38. Отыз Сегізінші Сөз
Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері тұғралы біраз сөз жазып ядкар35 қалдырайын. Ықылас бірлән оқып, ұғып алыңыздар, аның үшін махаббатың толады. Махаббат — әуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нәрселер бірлән. Мұның табылмақтығына себептер — әуелі һауас сәлим36 һәм тән саулық, бұлар туысынан болады, қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады, Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады.
Ғылым-білімді әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла Тағаланы танымақтық өзің танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат37 дәфгы мұзарратларны38 айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Аның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады я ол балалары өздері барған болады — ешбір бәһра39 болмайды.
Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымга да, ұстазға да, хаттә40 иман иғтиқатқа41 да қиянат бірлән болады. Бұл қиянатшылар жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман. Олардың адамшылығының кәмелат42 таппағы — қиынның қиыны. Себебі, Алла Тағала өзі — хақиқат жолы. Хақиқат бірлән растық — қиянаттың дұшпаны, дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме? Көңілде өзге махаббат тұрғанда хақлықты таппайды. Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбік, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады. Ол — Алланың ғылымы емес, һәмманы білетұғын ғылымға нттықтық, өзі де адамга өзіндік ғылым береді.
Аның үшін ол Алланың өзіне гашықтық керек. Ғылым — Алланың бір сипаты, ол хақиқат, оған ғашықтық өзі де хақлық һәм адамдық дүр. Болмаса мал таппақ, мақтан таппақ, ғиззат-хұрмет43 таппақ секілді нәрселердің махаббаты бірлән ғылым-білімнің хақиқаты табылмайды.
Мал, мақтан, ғиззат-хұрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды һәм көрік болады. Егер де адам өзі оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады. Енді хақиқат сүйіп, шынды білмек құмарың бар болса,
- есткерткіш, есте қалу
- жақсы сипат
- пайдалыны алу
- зарарлыны кешіру, қашыру
- пайда, нәтиже
- тіпті нану, сену
- жетілу, толығу
- қадір, сый
адамдыққа лайықты ықыласты құлагыңды қой. Әуел дін исламның жолындағы пәңделер, иманның хақиқатын білсін. Иман дегеніміз бір ғана инанмақ емес, сен Алла Тағаланың бірлігіне, уа Құранның аның сөзі екендігіне, уа Пайгамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллаллаһу ғалайьи уәсәлләм44 аның тарамынан елші екендігіне инандық. Жә, не бітті? Сен Алла Тағалаға Алла Тағала үшін иман келтіремісің я өзің үшін де иман келтіремісің? Сен иман келтірмесең де Алла Тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Я өзің үшін иман келтірсең, жә инандың. Ол инанмақтық бірлән қалса, саған пайда бермейді. Аның үшін сен өзің инанмақтығыңнан пайда ала алмадың: пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл иман болады. Пайданы қалайша алуды білмек керек.
Сіз "Әменту биллаьи кәма һуә би исмайһи уа сифатиһи"45 дедіңіз. Ол есім аллалар46 һәмма ол Алла Тағаланың фигыл ғазимләрінің47 аттары, олардың мағынасын біл һәм сегіз сифат затиялары48 не деген сөз кәміл үйрен. Өзіңді аның құлы біліп, өзіңді мүслім49 ат қайып, тәслим50 болғаныңа раст боласың да. Өз пиғылдарыңды соған өз халіңше ұқсатуды шарт қыл. Алла Тағала ұқсай алам ба деп, надандық бірлән ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ — дәл бірдейлік дағуасы бірлән емес, соның соңында болмақ. Аның үшін Алла Тағаланың сипаттары: Хаят51, Ғылым, Құдірет52, Басар53, Сәміғ54, Ирада55, Кэлам56, Тәкин57.
Бүл сегізінен Алла Тағаладағыдай кәмәлат-газамат58 бірлән болмаса да, пендесіңде де әр бірінен өз халінше бар қылып жаратыпты.
Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәрра59 аттас сипатымызды олАлла Тағаланың сегіз ұлығ сипатынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақ бірлән біздің атымыз мүслим бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды һәм ол аттары бірлән ағламланған60 фиғыл Құдаға фиғлымызды ертпек не бірлән табылады, қалайша табылады, аны білмек керек. Ол — Алла Тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж емес, біздің ғақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлән тағрифлап61 танымаққа керек. Егер де ол сипаттар бірлән тағрифламасақ бізге мағрифатулла62 қиын болады. Біз Алла Тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін
емес. Заты түгел, хикметше ешбір хаким ақыл ерістіре алмады. Алла Тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз — өлшеулі. Өлшеулі бірлән өлшеусізді білуге болмайды. Біз Алла Тағала "бір" дейміз, "бар" демеклік те — ғақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол "бір" демеклік те Алла Тағалаға лайықты келмейді. Аның үшін мүмкінаттың63 ішінде не нәрсенің үжуді64 бар болса, ол бірліктен құтылмайды. Әрбір хадиске65 айтылатұғын бір кадимге тағриф болмайды. Ол "бір" деген сөз ғаламның ішінде, ғалам Алла Тағаланың ішінде, Құдай Табарака уатағала кітаптарда сегіз сүбутия 66 сипаттары бірлән, уа тоқсан тоғыз Әсма-и хүсналар67 бірлән білдірген. Бұлардың һәммасы Алла Тағаланың затия68 сүбутия уә фиглия69 сипаттары дүр.
Мен мұнда сіздерге төртеуін білдіремін. Оның екеуі — ғылым, құдірет. Сегіз сипаттан қалган алтауы — бұларға шарх70. Ол алтауының бірі — хаят, яғни тірлік.
Алланы бар дедік, бір дедік, ғылым құдіреті сипаты бірлән сипаттадық. Жә бұл бірлік, барлык ғылым, құдірет олуда71 боларлық нәрселер ме? Әлбәттә, ғылым құдіреті бар болады: хаяты — мағлұм, бірі — ирада, яғни қаламақ. Ғылым бар болса, қаламақ та бар. Ол еш нәрсеге харакет бермейді. Һәммаға харакет беретұғын өзі. Ол ирада — ғылымның бір сипаты кәлем, яғни сөйлеуші деген: сөз қаріпсіз, дауыссыз болушы ма еді? Алланың сөзі — қаріпсіз, дауыссыз. Енді олай болса, айтқандай қылып білдіретұғын құдіреті және басар, сәмиғ, яғни көруші, естуші деген. Алла Тағаланың көрмегі, естімегі біз секілді көзбенен, құлақпенен емес, көргендей естігендей білетұғын ғылымның бір сипаты.
Бірі тәкуин, яғни барлыққа келтіруші деген сөз. Егер барлыққа келтірмегі бір өз алдына сипат болса, Алла Тағаланың сипаты өзіндей қадім, һәм әзәли72, һәм әдәби73 болады да, һәмишә74 барлыққа келтіруден босанбаса, бір сипаты бір сипатынан үлкен я кіші боларға жарамайды. Олай болғанда ғылым, құдірет сипаттары секілді босанбай, һәр уақыт жаратуда болса, бір ықтиярсыздық шығады. Ықтиярсыздық Алла Тағалаға лайықты емес. Оның барлыққа келтірмегі — құдіретіне ғана бір шарх. Бұл ғылым, құдірет екі сипат бірлән сегіз сипат бұзылмастан түгел болады. Ол ғылым кұдіретте ешбір ниһаятсіз75 ғылымында ғафлят 76 , құдіретінде епсіздік я нашарлық жоқ. Саниғын
сұнатына77 қарап білесіз. Бұл көзге көрінген, көңілге сезілген ғаламды қандай хикмет бірлән жарастырып, қандай құдірет бірлән орнастырған, еш адам ұғылының ақылы жетпейді.
Бірақ пендесінде акыл-хүкімші, қайрат, қуат қызмет қылушы еді. Соған қарап ойласаң: Алла Тағаланың сипатында солай болмаққа тиіс. Бірак әуелде айтқанымыз: ғылым, кұдірет — біздің ұғуымызга ғана екі хисап болмаса, бір-ақ ғылымды құдірет болуға тиіс. Олай болмаса, сипаттар өз орталарында бірі тәбиғ78 , бірі мәтбуғ79 болады ғой. Бұл болса, тағриф раббыге80 жараспайды.
Сегіз сипат қылып және ол сипаттар "ла ғаиру уә лә һуә"81 болып, былай айтуда, бұлардан бір өз алдына жамағат яки жамиғат шығып кетеді. Бұл болса келіспейді. Егерде сипаттарды әрбірін басқа-басқа дегенде, көп нәрседен жиылып, ынтымақпенен Құдай болған болады. Бұлай деу батил82, бір ғана құдірет пендеде болған қуат: құдірет, ғылым ақылдан басқа болатұғын еді, Алла Тағалада болған құдірет — ғылым һәм рақымет. Ол — рақымет сипаты, сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да Алла Тағаланың Рахман83 , Рахим84 , Ғафур85, Уадуд86, Хафиз87, Сәттар88, Разақ89, Нафиғ90, Уәкил91, Латиф92 деген есімдеріне бинаән93 бір ұлығ сипатынан хисаплауға жарайды. Бұл сөзіме нақлия94 дәлелім — жоғарыдағы жазылмыш Алла Тағаланың есімдері. Ғаклия95 дәлелім Құдай Тағала бұл ғаламды ақыл жетпейтін келісіммен жаратқан, онан басқа бірінен-бірі пайда алатұғын қылып жаратыпты. Жансыз жаратқандарынан пайда алатұғын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатұғын ғақылды инсанды96 жаратыпты.
Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтын қылып, һәм олардан Махшарда97 сұрау бермейтұғын кылып бұлардың һәммасынан пайда аларлық ақыл иесі қылып жаратқан.
Адам баласынан Махшарда сұрау беретұғын қылып, жаратқандығыңда һәм ғадаләт, һәм махаббат бар. Адам баласын құрт, құс, өзге хайуандар сипатында жаратпай, бұл гузәл сипатты беріп, екі аяққа бастырып басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып өзге хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңгайлы екі колды басқа қызмет еттіріп, аузына қолы ас бергенде, не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, исін алып ләззаттанғандай қылып ауыз үстіне мұрынды қайып, оның үстіне тазалығын байқарлық екі көз беріп, ол көздерге нәзіктен, зарардан қорғап тұрарлық қабақ беріп, ол қабақтарды ашып-жауып тұрғанда қажалмасын деп кірпік жасап, маңдай тері тура көзге ақпасын деп, қаға беруге қас беріп, оның жүзіне көрік қылып, бірінің қолынан келместей істі көптесіп бітірмекке, біреуі ойын біреуіне ұқтырарлық тіліне сөз беріп жаратпақтығы махаббат емес пе? Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз емес пе?
Ғақыл көзімен қара: күн қыздырып, теңізден бұлт шығарады екен; ол бұлттардан жаңбыр жауып, жер жүзінде неше түрлі дәндерді өсіріп, жемістерді ендіріп, көзге көрік, көңілге рахат гүл-бәйшешектерді, ағаш-жапырақтарды, қант қамыстарын өндіріп, неше түрлі нәбатәттәрді өстіріп, хайуандарды сақтатып, бұлақтар ағызып, езен болып, өзендер ағып дария болып, хайуандарға, құсқа, малға сусын, балықтарға орын болып жатыр екен. Жер мақтасын, кендірін, жемісін, кенін, гүлдер гүлін, құстар жүнін, етін, жұмыртқасын; хайуандар: етін, сүтін, күшін, көркін, терісін; сулар: балығын, балықтар икрасын, хатта ара балын, балаузын, құрт жібегін — һәммасы адам баласының пайдасына жасалып, ешбірінде, бұл менікі дерлік бір нәрсе жоқ, бәрі — адам баласына таусылмас азық.
Миллион хикмет бірлән жасаған машина, фабрик адам баласының рақаты, пайдасы үшін жасалса, бұл жасалушы махаббат бірлән адам баласын сүйгендігі емес пе? Кім сені сүйсе, оны сүймектік карыз емес пе?
Адам баласы қанағатсыздық бірлән бұл хайуандардың тұқымын құртып, алдыңғылар артқыларға жәбір қылмасын деп, малды адам баласының өзінің қызғанышына қоргалатып, өзге хайуандарды бірін ұшқыр қанатына, бірін күшті қуатына, бірін жүйрік аяғына сүйентіп, бірін биік жартасқа, бірін терең тұңғиыққа, қалың орманға қорғалатып, һәм әрбірін өсіп-өнбекке құмар қылып, жас күнінде кішкене уақытында шафхат сәхәрі98 бірлән бастарын байлап қамкор қылып қоймақтығы, адам баласына өсіп-еніп, теңдік алсын емес, бәлкі адам баласының үзілмес нәсіліне таусылмас азық болсын дегендік. Бұл хикметтерінен һәммасына һәм мархамат99, һәм ғадаләт заһир100 тұр екен.
Біз өз ортамызда бұл мархамат ғадаләтті иманның шартынан хисап қылмаймыз, ал аның үшін мүсілим болғанда, Алла Тағалаға тәслим болып, Оның жолында болмақ едік, болғанымыз қайсы? Бұл екі ай мен күннен артық мағұлым тұрған жоқ па?
Бүл фигылы қүданың101 ешбірінде қарар қылмаймыз, өзгелерде болғанын жек көрмейміз, өзіміз тұтпаймыз, бұл қиянатшылық емес пе?
Қиянатшылыққа бір қарар тұрған адам я мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман.
Алла Табарака уатағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. "Тафаккару фи'ал иллаһи"102 деген хадис шарифтің "инна Аллаһу йухиббул мұқситин"103 деген аяттарға ешкімнің ықласы, көңілі менен ғылымы жетіп құптағанын көргеніміз жоқ. "Ата марру ан-Наса би-л — бирри уа ахсану. Инна Аллаха йухиббу-л-мухсинин"104, "уа аллазина амэну уэ амилу с-салихати л-алаика асхабул жаннатиһум фиһа халидун"105 деген аяттар Құранның іші толған ғамалус-салих106 не екенін білмейміз. "Уа әллазинә амэну уә ғамилу с-салихати фә йуәффиһим үжурәһүм уа аллаһу лә йүхиббу залимин"107 аятына қарасаң, ғамалус-салих залымдықтан дидди108 болар. Олай болганда, ғадаләт рафғат109 болуға кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның хиясы жоқ, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген, Пайғамбарымыз саллаллаһу галайһи уасәлламнің хадис шарифі "мән лә хаяүн лаһу уә ла иманун лаһу"110 деген дәлел дүр. Енді белгілі, иман құры инаныш бірлән болмайды, ғадаләт уә рафғат бірлән болады. Ғәмалус-салих ғадалләтті мархамәтті болмақ күллі тәнбірлән қылған кұлшылықтарын ешбірі ғадаләтті мархаматты бермейді. Көзің күнде көреді намаз оқушы, руза тұтушылардың не халәттә екендіктерін, оған дәлел керек емес.
Бәлки ғадаләт барша ізгіліктің анасы дүр. Ынсап, ұят бұл ғадаләттән шығады. Аның үшін ғадаләтті адамның көңіліне келеді: мен өз көңілімде қылық менімен, сондай-мұңдай қылықтармен мүғамәла111 қылса екен деп ойлап тұрып, өзім сол қылықтармен мүғамәла қылмағандығым жарамайды ғой деп, сол өзі әділет те һәм ынсап та емес пе? Ол һәмма жақсылықтың басы емес пе? Жэ, олай хұлық112 пенен сол ойды ойлаған кісі Халлақына113 шүкірді неге ойламайсың?
Шәкірліктен114 ғибадаттың бәрі туады. Енді зинһар115 ғадаләт, шапағаттан босанбаңдар. Егер босансаң, иман да, адамдық та, һәммасы босанады, Аллаяр софының бір фәрдәдән жүз фәрдә бижай116 дегені басыңа келеді.
Енді біздің бастағы тағриф бойынша Құдай Тағала ғылымды, рақымды, ғадаләтті, құдіретті еді. Сенде бұл ғылым, рақым, гадаләт үш сипат бірлән сипаттанбақ: ижтиһадің 117 шарт еттің, мұсылман болдың һәм толық инсаниятың118 бар болады. Белгілі жәуанмәртлік үш хаслат бірлән болар деген сиддық119, кәрәм120, ғақыл — бұл үшіндән сиддық, ғадаләт болар. Кәрәм шафағат болар, ғақыл мағлұм дүр, ғылымның бір аты екендігі, бұлар әр адамның бойында Алла Табарака уатағала тәхмин121 бар қылып жаратқан. Бірақ оған рауаж122 беріп гүлдендірмек, бәлки адам өз халінше кәмәлатқа жеткізбек, жеһәтінде болмақ.
Бұлар — өз ижтиһадің бірлән, ниет халис123 бірлән ізденсең ғана берілетін нәрселер, болмаса жоқ. Бұл айтылмыш үш хасләттің иелерінің алды — пайғамбарлар, онан соң — әулиелер, онан соң — хакимдер, ең ақыры — кәміл мұсылмандар. Бұл үш түрлі фиғыл құданың соңында болмақ, өзін құл біліп, бұл фиғылдарға ғашық болып, тұтпақты пайғамбарлар үйретті, әулиелер оқыды, ғашық болды. Бірақ, ұхрауи124 пайдасын ғана күзетті. Ғашықтары сол халге жетті, дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты. Бәлки хисапқа алмадылар.
Хакимдер дүниеде тиетін пайдасын сөйлейді, ғибрәт көзімен қарағанда, екісі де бірінен-бірі көп жырақ кетпейді. Аның үшін әрбірінің сөйлеуі, айтуы басқаша болса да, Алла Тағаланың сұңғатына қарап пікірлемекті екісі де айтты. Пікірленбектің соңы ғибратланбақ болса керек. Бұл ақыл, ғылым екісі де өзін зорга қисабламақты, залымдықты, адам өзіндей адамды алдамақты жек көреді. һәм екісі де мархаматты, шапағатты болмақтықты айтып бұйырды, бұл рақым болса керек.
Бірақ менің ойыма келеді, бұл екі тайфа әр кісі өздеріне бір түрлі нәпсісін фида қылушылар деп.
Яғни пенделіктің кәмәлаты әулиелік бірлән болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып "һу"125 деп тариқатқа126 кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім іздейді?
Хәрами127, макруһи128 былай тұрсын, Құдай Тағаланың қуаты бірлән ижтиһад акылың бірлән тауып, рақатын көрмегіне бола жаратқан, берген ниғмәттеріне, онан көрмек хұзурға129 суық көз бірлән қарап, ескерусіз тастап