Меню Закрыть

Слова назидания — Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

Название:Слова назидания
Автор:Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Жанр:
Издательство:
Год:
ISBN:
Язык книги:Русский, Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 6


кетпек ақылға, әдепке, ынсапқа дұрыс па?! Сахиб нигмәтке130 шүкіршілігің жоқ болса, әдепсіздік бірлән күнәкер болмайсың ба?

Екінші — бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кету де қаупі бар. Уа кәпірлерге жем болып кетуде, қайсыбір сабырсызы жолынан тайып, сабырмен бір қарар тұрамын дегені болып кетселер де керек.

Егсер де бұл жол жарым-жартыларына ғана айтылған болса, жарым-жарты раст дүниеде бола ма? Раст болса, һәммәға бірдей раст болсын, алалаған раст бола ма? Һәм ғадаләт бола ма? Олай болғанда, ол жұртта ғұмыр жоқ болса керек. Ғұмыр өзі — хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмәлат жоқ.

Бірақ әулиелердің де бәрі бірдей тәркі дүние131 емес еді. Ғашерен — мүбәшәрәдан132 қазірет Ғосман, Ғабдурахман бин Ғауф уа Сағид бин Әбуәқас үшеуі де үлкен байлар еді.

Бұл тәркі дүниелік: я дүние ләззатына алданып ижтиһадім шала қалады деп бойына сенбегендік: я хирс133 дүниеліктен қауымның көңлін суытпақ үшін, ренжуге сабыр етіп өзін фида қылып мен жаныммен ұрыс қылғанда, халық ең болмаса нәпсісімен ұрыс қылып, һәуа һәуастан134 әрбір арзуи135 нәпсідсн суынып, ғадаләт, уа мархамат махаббатына бір қарар болар ма екен деген үмітпенен болса керек. Олай болғанда о да жұртқа қылған артық махаббаттан хисап. Бірақ бұл жол — бек шетін, бек нәзік жол. Бұл жолда риясыз жеңілдіксіз бір қарар тұрып іздеген ғана кісі істің кәмәлатына жетпек. Бұл заманда надир136, бұған ғылымның да зоры, сиддық, қайраттың да зоры, махаббаттың халлақна да, уа халық ғаламға да бек зоры табылмақ керек. Бұлардың жиылмағы, қиынның қиыны, бәлки фитнә137 болар.

Басына һәм өзіне өзгешелік бермек — адам ұлын бір бұзатын іс. Әрбір наданның біз тариқатқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегеніменен бір болады. Хаким, ғылым — асылда бір сөз, бірақ ғарафта138 басқалар дүр.

Дүниеде ғылым заһири139 бар, олар айтылмыштарды нақлия деп те айтады, бүл нақлияға жүйріктер ғалым атанады.

Құдай Тағала ешбір нәрсені себепсіз жаратпаған, мұны ізерлеп "тәфаккару фиәла ллаһи" деген аятына бинаән140 бұл сұнғати қүдадан141 ізерлеп, құмар болып ғибратланушыларға тыю жоқ, бәлки сұнғатынан себебін білмекке құмарлықтан саниғна 142 ғашықтық шығар. Құдай Тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе, дәл сондай ғашықпын демек те орынсыз. Ғашық

мағшұқлыққа143 халиқ бірлән махлұқ ортасы мунәсибәтсіз144 Алла Тағаланың пендесін махаббат уа мархамат бірлән жаратқанын біліп, махаббатына махаббат бірлән ғана елжіремекті — Құдайға ғашық болды дейміз.

Олай болғанда, хикімет құдаға, пенде өз ақылы жетерлік қадәрін ғана білсем деген әрбір істің себебін іздеушілерге хаким ат қойдылар.

Бұлар хақ бірлән батылды айырмаққа, себептерін білмекке тырысқандары һәммасы адам баласының пайдасы үшін, ойын-күлкі түгіл, дүниедегі бүкіл ләззат бұларға екінші мәртәбада қалып, бір ғана хақты таппақ, әрбір нәрсенің себебін таппақ бірлән ләззаттанады.

Адаспай тура іздеген хакимдер болмаса дүние ойран болар еді. Фиғыл пәнденің145 қазығы — осы жақсы хакимдер әр нәрсе дүниеде солардың истихражы146 бірлән рауаж табады. Бұлардың ісінің көбі — дүние ісі, ләкин осы хакимдердің жасаған, таратқан уа айтқан істері "әддүния мәзрәғәтул- ахирет"147 дегендей, ахиретке егіңдік болатын дүние сол.

Әрбір ғалым — хаким емес, әрбір хаким — ғалым.

Ғалымдарының нақлиясы бірлән мұсылман иман тақлиди148 кесіп қылады. Хакимдердің ғақлияты бірлән жетсе, иман яқини149 болады.

Бұл хакимдерден мұрад — мұсылман хакимдері, болмаса ғайри діннің хакимдері,— әгәрше "фатлүбни тәжидуни"150 делінсе де, дүниенің һәм адам ұғлы өмірінің сырына жетсе де, діннің хақ мағрифатына жете алмағандар. Бұлардың көбі — иманның жеті шартынан, бір Алланы танымақтан ғайри, яғни алтауына кімі күмәнді, кімі мүнкір151 болып, тахқиқлай алмағандар. Егер бұлар дін ұстазымыз емес болса да, дінде басшымыз Құдайдың елшісі Пайғамбарымыздың хадис шарифі, "хайру н-нас мән йанфағу н-нас"152 деген.

Бұл хакимдер ұйқы, тыныштық, әуес-қызықтың бәрін қойып, адам баласына пайдалы іс шығармақлығына яғни, электрді тауып аспаннан жайды бұрып алып, дүниенің бір шетінен қазір жауап алып тұрып, от пен суға қайласын тауып, мың адам қыла алмастай қызметтер істетіп койып тұргандығы, уа хұсусан153 адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі — баршасы нәфиғлық154 болған соң, біздің оларға міндеткерлерімізге дағуа жоқ.

Бұл заманның моллалары хаким атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бәлки бұзық фиғыл, "әлинсан ғәддү ләма жәһилгә" 155 хисап. Олардың шәкірттерінің көбі біраз ғараб-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз

сөз бахас үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасил қылады. "Һай-һой!" менен, мақтанменен қауымды адастырып бітіреді. Бұлардың көбі әншейін жәһил156 түгіл, жәһиллар кібік157 талап болса, қайда хақ сөздер келсе, қазір инсапқа қайтсын һәм ғибраттанасың. Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген инсап, құры өзімшілдік һәм һәрбір өзімшілдік — әрбір адамды бұзатын фиғыл. Растың бір аты — хақ, хақтың бір аты — Алла, бұған қарсы каруласқанша, мұны ұғып ғадаләтпен тәптештеуге керек. Мұндай фиғылдардан күпір158 қаупі де бар. Және Пайғамбарымыз саллала Аллаһу ғалайһи уа салламнің "ақыр заманда бір жылдық, бір күн болар" дегенде сахаба-и кәрәмлар159 "бұл жылдық күнде намаз нешеу болар" деп сұрағанда: оның пәтуасын сол заманның ғалымдары білер деген сөзінен ғибратланып қарасаң, замана өзгеру бірлән қағидалар өзгерілмегін білдіргені мағлұм болады.

Бұл күндегі тәхсилғұлум160 ескі медреселер ғұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болады. Соған қарай Ғүсманияда161 мектеп харбия162 , мектеп рүшдиялар163 салынып, жаңа низамға айналған. Мұндағылар ұзақ жылдар өмір өткізіп, ғылымды пайдасыз ұзақ бахастар бірлән күнін өткізіп, мағишат164 дүниеде надан бір ессіз адам болып шыгғады да, харакетке лайығы жоқ болған соң, адам аулауға, адам алдауға салынды. Көбінесе мұндай ессіздердің насихаты да тасирсіз болады.

Дүниенің мағмурлығы165 бір түрлі ақылға нұр беріп тұратұғын нәрсе. Жоқшылықтың адамды хайуандандырып жіберетіні де болады. Бәлки дүниенің ғылымын білмей қалмақтық — бір үлкен зарарлы надандық, ол Құранда сөгілген: дүниеде кімде-кім өзіне өзгешелік бермек қасты бірлән малға махаббатын аударғандар дүниеде болмаса, ихсанда166 қолым қысқа болмасын деп һәм біреуге тамғылы167 болмайын деп, малға махаббатын аудармай, ізгілікке бола халал кәсіп бірлән тапқан дүние емес.

Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз. Мал бірлән ғылым кәсіп қылмақпыз. Өнер — өзі де мал, өнерді үйренбек — өзі де ихсан. Бірақ ол өнер ғадаләттан шықпасын, шарғыға168 муафих 169 болсын. Адамға халінше ихсанды болмақ — қарыз іс. Бірақ өзгелердің ихсанына сүйенбек дұрыс емес.

Моллалар тұра тұрсын, хұсусан170 бұл замананың ишандарына бек сақ болыңдар. Олар — фитна171 ғалым, бұлардан залалдан басқа еш нәрсе шықпайды. Өздері хүкім шариғатты172 таза білмейді, көбі надан болады. Онан асып өзін езі әһіл тариқат173 біліп және біреуді жеткізбек дағуасын қылады. Бұл іс олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткізбегі мұхал174, бұлар адам аздырушылар, хаттә дінге де зарарлы дүр. Бұлардың сүйенгені — надандар, сөйлегені — жалған, дәлелдері тасбығы менен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ.

Енді білініздер, перзенттер! Құдай Тағаланың жолы деген жол ниһаятсыз175 болады. Оның ниһаятына ешкім жетпейді. Бірақ сол жолға жүруді өзіне шарт қылып кім қадам басты, ол таза мұсылман, толық адам делінеді. Дүниеде түпкі мақсатың өз пайдаң болса, өзің ниһаятлысың, ол жол Құдайдың жолы емес. Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма ағып келе берсін деген ол не деген нысап? Не түрлі болса да, я дүниеңнен, я ақылыңнан, я малыңнан ғадаләт, шапағат секілді біреулерге жақсылық тигізбек мақсатың болса, ол жол — Құданың жолы. Ол — ниһаятсыз жол, сол ниһаятсыз жолға аяғыңды берік бастың ниһаятсыз Құдаға тақырып хасил176 болып хас 177 ізгі құлдарынан болмақ үміті бар, өзге жолда не үміт бар?

Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты киімін түземек, жүріс-тұрысын түзетпек болады да, мұнысын өзінше бір дәулет біледі. Бұл істердің бәрі өзін көрсетпек, өзін өзі базарға салып, бір ақылы кезіңдегі ақымақтарға "бәрекелді" дегізбек, "Осындай болар ма едік" деп біреулер талаптанар, біреулер "осындай бола алмадық" деп күйінер, мұнан не пайда шықты? Мұнша әуреленіп, сыртыңды бір сүйген кауымыңа ұқсатарсың? Сыртқа қасиет бітпейді, Алла Тағала қарайтұғын калыбыңа, боямасыз ықласыңа қасиет бітеді. Бұл айнаға табынғандардың ақылы қаншалык өсер дейсің? Ақыл өссе, ол түпсіз терең жаксылық сүймектік бірлән өсер.

Құдай Тағала дүниені кәмәлатты шеберлікпен жаратқан һәм адам баласын өссін-өнсін деп жараткан. Сол өсіп-өну жолындағы адамның талап қылып ізденер қарызды ісінің алды — әуелі дос көбейтпек. Ол досын кебейтпектің табылмағы өзінің езгелерге қолыңнан келгенінше достық макамында болмақ. Кімге достығың болса, достық достық шақырады, ең аяғы ешкімге қас сағынбастық һәм өзіне өзгешелік беремін деп, өзін тілмен я қылықпен өзін өзі артық көрсетпек мақсатынан аулақ болмақ.

Бұл өзін өзі артық көрсетпек екі түрлі!

Әуелгісі — әрбір жаманшылықтын жағасында тұрып адамның адамдығын бқзатын жаманшылықтан бойын жимақтық, бұл адамға нұр болады.

Екінші — өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады.

Үшіншісі — қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады.

Һәм өзі өзгеше боламын демектің түбі — мақтан. Әрбір мақтан біреуден асамын деген күншілікті бітіреді де, күншілік күншілікті қозғайды. Бұл үш түрлі істің жоқтығы, адамның көңіліне тыныштық береді. Әрбір көңіл тыныштығы көңілге талап салады.

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі — надандық, екінші — еріншектік, үшінші — залымдық деп білесің.

Надандық — білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік — күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан шығады.

Залымдық — адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.

Бұлардың емі, Халлақына махаббат, халық ғаламға шапқат, қайратты тұрлаулы, ғадаләт ісінің алды-артын байқарлық білімі, ғылымы болсын. Ол білім, ғылымды Құдаға мұқтәди178 болсын, яғни Құдай Тағала бұл ғаламды жаратты, ерінбеді, келісімменен, хикметпенен кәмәлатті бір жолға салып жасады, сіздердің ісіңіз де бір жақсылықты бина179 қылып, арқа сүйерлік шеберлікпенен болсын. Және Құдай Тағала әрине жаратты, бір түрлі пайдалы хикметі бар. Сенің де ісіңнен бір зарарлар шығып кеткендей болмай, көпке пайда боларлық бір үміт бар іс болсын. Бұларсыз іс іс емес. Бәлки бұларсыз тағат180 — тагат та емес.

Белгілі, Құдай Тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады, ешбір нәрсеге хикметсіз тәклиф181 қылмады. Бәрінің хикметі бар, бәрінің себебі бар, біздің ғауам 182 былай тұрсын, ғылымға махаббаты барларға себеп, парыздарды білмекке ижтиһат ләзім183, сіздер әрбір ғамал қылсаңыз ізгілік деп кыласыз, ізгілікке бола қасд 184 етіп ниет етесіз. Ниет оның парызынан хисап, Пайғамбарымыз салла Аллаһу ғалайһи уәсәлламнің хадис шарифі: "Инна йағмала — ағмал биннийат"185 деген.

Енді ниет еттіңіз таһарат186 алмаққа, намаз оқымаққа, руза тұтмаққа, бұл тағаттарды ниетіңіз заһирынан187 қалып сыр, ғибадатқа жетпегендігі кемшілік

емес пе? Сіздің батиныңсыз 188 таза болмагы ол иман болып, бұл заһир ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы гибадат — батиныңыздағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйырылған. Оның үшін ғұламалар иман екеу емес біреу, бір-ақ ізгі тағат бірлән нұрланады, тағат жоқ болса күңгірттенеді, бәлки сөну қаупі де бар деген. Егер надандар ол ғибадаттың ішкі сырын ескермей қалса, соны қылып жүріп, иманы сөнер деген.

Менің қаупім бар, олар хас189 осы ғибадат екен, Құданың бізге бұйырғаны, біз осыны қылсақ, мұсылмандық кәміл болады деп ойлайды. Ол ғибадат күзетшісі еді. Жә, күзетші күзеткен нәрсенің амандығын ойламай, бір ғана ояту тұрмағын, қасд қылса, ол не күзет? Күзеткен нәрсесі қайда кетеді? Мақсат күзетілген нәрсенің амандығы, тазалығы емес пе?

Ей, ишараттан190 хабарсыздар, қара! Бұл ғибадаттан бір үлкені — намаз, ол намаздан әуелі таһарат алмақ, онан соң намазға шұрұғ191 қылмак, ол таһараттың алды истинжа 192 еді. Мұны берік ойлап тұр. Аяғы екі аяққа мәсіх193 бірлән бітуші еді, бұлар һәммасы болмаса көбі ишарат еді.

Истинжада к...іңізді жаусыз, сіздің к...іңіздің ешкімге керегі жоқ еді. Онымен сезімді тазалыққа кіргендігіңді, кәміл ыхласыңды көрсетіп, ішімнің сафлыгының194 соңында халық көрер, сыртымды да пәк етемін һәм көзге керінбейтін ағзаларымды195 да пәк етемін, бұл пәктіктің үстінде Аллаға дұға айтамын деп әзірленесіз.

Енді намаздың аты — салауат, салауат дұға мағынасында деген.

Аяқта, мойнында болған мәсхлар — ол жумақ емес, өздері де жуулы деп керсетқен ишараты.

Намаздан әуелі құлақ қақтыңыз — егер Алла Тағаланы жоғарыда деп, мәкан испат196 етпесең де, бегірек созу әдепсіз болып, күнә дариясына ғарық болдым, яғни дүние әуесіне ғарық қылмай қолымнан тарт, яғни құтыларлық жәрдемдерінің ишараты.

Онан соң қиямда197 тұрып қол бағламақ — құл кожа алдында тұрмақ, бұқара патша алдында тұрғаннан артық Алланың қадірлілігіне 198 өзінің ғажиздығына199 ықрарының200 беріктігін көрсеткен ишараты.

Қыблага қарамақ — әрине, Құдай Тағалаға ешбір орын мүмкін емес болса да зияратын парыз еткен орынға жүзін қаратып, соңдағы дұғадай қабылдыққа жақын болар ма екен деген ишараты.

Онан соң кира'эт201 яғни сурәһи фатиха оқисың, мұнда бірақ сөз ұзарады. Ол фатиха сүресінің мағыналарында көп сыр бар.

Рұқуғ202 бас ұрмақ — алдында Құда хазірге ұқсас, ол да — ишарат.

Сәжделер 203 әуелі жерден жаралғанына ықрары, екіншісі және жерге қайтпағына ықрары, бас көтермек және тіріліп, сұрау бермегіне ықрарының ишараты.

Қадағату л-ахир204 — дұғаның ақырында Аллаға тахиат205, одан тәшәһһуд206 одан салауат, Пайғамбарымыз сәллаллаьу ғалайһи уәсәлләмгә айтпақ үшін ең ақырғы сәлем бірлән тауысасыз, яғни Алла Тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз. Ол дұға қазинасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да сәләмәтшілік тілеп һәм рақымет тілеп бітіресіз.

Жә, бұл сөзден не ғибрәтлендік?!


Перейти на страницу: