Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 28


КӨПКЕ БАҚЫТ

СЫЙЛАҒАН АДАМ БАҚЫТТЫ

- Біз, Өтеп екеуіміз 1946 жылдың 7 карашасында Гурьев каласында отау тіктік. Отау дегенім, әрине, тым әсірелеп айткандық. Өйткені мен келін болып табалдырығын аттаған үй біреулердің күнкөріс үшін жалдап отырған, Степной көшесіндегі өрі жатаған, әрі жұпыны үйлердің бірі еді. Ортасын аласа пеш бөлген осы аядай баспананы он адам: ата енем, олардын екі інісі, Өтептің ағасы Қойшығара, інілері Өтәлі, Салтанат, Мақаш және бір жиен мекендеп келсе, олардың қатарын он бірінші тұрғын ретінде мен толыктырдым.

Ол кездің жағдай талғайтын кез емес екені белгілі. Ел-халык согыс лаңынан өлі де арылып үлгермеген, майданға аттанғандардың бірі оралса, бірі оралмаған тұс. Хабар- ошарсыз кеткендер каншама?! Сонда да көптің көңілге медеу етер бір жұбанышы бар. Ол-соншама ұзак күттірген, соншама кымбатқа түскен бейбіт күн. Кәрі де, жас та ең алдымен соны шүкіршілік етіп, соның тілеуін тілейді.

Тагдыр табыстырған біз де солардың сапында жұбайлык өмірімізді бастап кеттік. Өтеп 1917 жылы Караша айында осы қалада туған ғой. 1938 жылы мұнай техникумын бітірген. Ескене мұнай кәсіпшілігінде екі ай жұмыс істер-істеместе Армия катарына шақырылып, Фин соғысына, одан соң Үлы Отан соғысына басынан аяғына дейін катыскан. Ленинград майданындағы қанды шайкастын как ортасында болган. Өскери ұшкыш ретінде истребительдер полкінде кызмет еткен. Жеті жыл от- жалын кешіп, елге аман-есен 1945 жылы бір-ак оралған. Келген бетте облыстық партия комитетіне, өнеркәсіп бөлімінің нұсқаушылығына жұмыска шақырылган. Екеуміздің таныстығымыз да сол жылы басталды.

Мен көп балалы отбасында өскен үш қыздын бірі едім. Бір ағам, бір інім болды. Каланың Жамбыл атындағы орта мектебінде білім алып, педагогикалық училищеге окуга түстім. Оны 1941 жылы бітіріп, Балықшыда, кейін тұрғын калашыкта пайдалануға берілген Гоголь жөне Орджоникидзе атындағы мектептерде еңбек жолымды одан әрі жалғастырдым. Міне, осы соңғы мектепте жұмыс істеп жүргенімде екі жак ортак тілегімізге орай кұдандаласып, жастык дөурен шежіресінің жана беттерін парактауға кірістік.

Күннің атуынан батуына дейін кайнаған жүмыс. Ол обкомда, мен мектебімде. Үйге оралып, басымыз біріккен кезде де тыным жок. Ол жата калып бірнеше бет кағаз жазады, мен бума-бума дөптер караймын, сабаққа әзірленемін. Арасында киліге кететін, шеті мен шегіне көз жетпейтін үй шаруасы тағы бар. Бөріне үлгероем деп капыласын. Өлбетте, жаңа түскен келінге сыншы көп. Оның кадірі ерін ғана сыйлаумен емес, ата-енесімен, өзін қаумалаған туған-туыс, жекжат-жұрагатпен тез тіл табысып, ұзак түсінісіп кетуімен багаланып, өлшенбекші.

Міне, осы тұрғыдан алғанда мен өзімді бақыттылар санатына қосамын. Себебі, ата-енемнің матан деген көзқарасы мен ілтипаты, пейілі мен ниеті ілкі күннен-ақ оң, ак және ашык болды. Білгенімді мактан тұтты, білмегенімді үйретті. Өтептің үлкенді- кішілі бауырлары да сол үрдістен ауыткымай, камкор қолдарын созды, қолганатқа айналды.

Қысқасы, олардың Өтепке деген көңілдері ерекше ыстык, кұшактары ерекше кең болды десем, маған да сондай биік деңгейдегі сый-сияпат бұйырды. Сондыктан да шығар, егер біреу-міреу Өтеп, оның туыстары және өрбіген ұрпағымыз, өскен өркеніміз жайында бірдеңе сұрай калса, әуелі атам мен енем, олардың бәріміздің бойымызға дарыткан, саиамызға сіңірген өнеге-өсиеті туралы, аз ба, көп пе, әйтеуір бірдеңе айтуды өзім үшін әркез борыш санаймын.

Атам өте момын, ауыл-аймакка сыйлы, ақылды, жанашыр, ешкімге бакастык ойламайтын адам еді. Ондай жанды бүл өмірден тіптен сирек көрдім десем мүлдем асыра айткандық болмас. Ол кісі өз ұлдарын бір-бірінен алаламай, бөлмей өсірді. Бірін екіншісіне төлімгер етті. Әрқайсысына үлкен жүрегінен жылы ұя тауып беріп, сол үяны кете-кеткенше суыткан жок. Осыларға байланысты еске жиі оралатын кымбат сәттер, қызыкты окигалар әбден жеткілікті.

1947 жылы 15 карашада атамның тұнғыш немересі Нүрлан дүниеге келді. Сол ортак балапанның таңдайына анасы ретінде ак сүт тамызып, уызга жарыткан мен болсам да, бағып-кағуындағы біраз бейнетті мойнымен көтерген ізгілікті адам атам болғанын күдайдан да, баскадан да жасыра алмаймын. Аймалап, айналып-толғанып бесікке бөлеу, айналып- толғанып бесіктен шешіп алу, күндактау не киіндіру ол үшін еш киын шаруа емес-ті. Кейде «сабағыңнан кешігерсің, Нұрланжанга қарайлама» деп, аталған міндеттерді аткаруға өзінен-өзі сұранып тұратын. Тіпті, үйдің жақындығынан ба, Нүрланды еміздіру үшін тура мектепке келетін. Мүндай оқыс жөйтті оқушылар жіберсін бе, бәрі бірдей дүр ете козғалып:

- Апай, Сіздің үйдегі атайды карадыз. Бөпені әкеліп тұр, - деп жамыраса үн катады.

Терезеге көз салсам, шынында да мектептін бұрышынан көз сүзіп тұрған атамды көремін. Құндакта-Нүрлан. «Шегінетін жер жок» дегендей, амалсыздан далаға шығамын.

Одан арғы әңгімеміз былайша өрбиді:

- Ата, мұныныз не, ұят емес пе? Окушыларым сізді көреді де шулай жөнеледі.

- Несі ұят. Мына Нұрлан ашығып калды. Ал, окушыларың бүл шаруаны көрмей-ак койсын.

 -Қалайша көрмейді, көреді. Хабар беруші де солар.

-Қой, қой, шырағым, уакыт оздырма. Ана «мұғалімдердің бөлмесі» деген бөлме бар емес пе, сонда апарып емізе сал. Мен күте тұрамын...

Міне, осылай.

Атам сірә да үйде байланып отырмайтын. Бір күні Қойшығараға, екінші күні Өтөліге, тағы бірде Салтанатқа кететін. Одан кейін «Мақашқа барып келемін» деп асығып аттанып, «кой сендерді, мына Нұрланжанды сағынып қалдым» деп капылып келіп жататын. Асылында баланы шексіз сүйген, балаға жүрегі елжіреп, ниеті кұлаған жанға тежеу салу кұр далбаса секілді. Баскаларды қайдам, атамның біраз қылыктары мені сол кезде-ак осындай тұжырым жасауға мөжбүр еткен.

Бір күні мектептен орал сам, атам балалар бөлмесінде:

-Әй, Бетен қарағым, келдің бе, мына Саламат бірдеңесін оксата алмай жатыр жөне маған ұрсып жатыр, - деп дауыстайды. Сұрастырсам, мәселенің мәнісі мынада болып шыкгы: үйге талсырманы тезірек орындап, далаға, ойынға шығып кетуді ойластырған Саламат атасын көмекке шакырып, «ата, мына мөтінді окып, маған мазмұнын түсіндіріп жібер» дейді. Ескіше окудан өзге сауаты жок атасы не істесін, екі иығын алма-кезек көтеріп, басын шайкайды. Сонда амалы таусылған Саламат:

-Қалай білмейсің? Өзің ата болып калайша оқи білмейсің, - деп біраз реніш білдіреді.

Ата мен баланың риясыз көңілін білдіретін мұндай окиғаларды мен ешкашан үмытпак емеспін.

Жалпы балажанды касиет, әкесінен дарыды ма, әлде туа біткен мінез бе, Өтепке де төн еді. Онын көршінің балаларымен ерінбей-жалықпай сөйлесіп тұратыны, сонын ішінде тулымшағы желбіреген кішкентай кызды көтеріп алып, аймалай еркелететіні көз алдымда. Сонда ойлаймын, «мына тәмпіш мұрынды не үшів жаксы көреді екен» деп. Ол да көз алдымызда өсіп жетілді. Қазір мен секілді зейнеткер кемпір. Мүмкін оның жадында өзін соншама кадірлеген адамның бейнесі сақталып калған шығар... Неге екенін кайдам, мүмкін өзіміздің төрт «атка мінеріміздін» тілекшісіне айналар бір нөзік жанды аңсағаны шығар, кызға ерекше ыкыласты болды. Қойшығара кайнағаның тұңғышы Нұрзиланы көргендегі куанышын айтып жеткізе алмайтын секілдімін: алып келеді, алып кетеді, көтереді, кұшақтайды. Сөйткен Нүрзила да төрт баланык анасы, келін түсіріп, екі кыз ұзатып отыр, үш немересі бар. Егер Өтеп ғүмыры жетіп, Нұрлан мен Нағимасының Самалын, Нүрберген мен Күләшінін Данасын, Айшасын, Саламат пен Светасының Анарын, Әнуарбек пен Жұмазиясының Динасын көрсе кайтер еді... Өтепке шөбере түгілі бір немеренін маңдайынан иіскеу бакыты бұйырмады ғой...

Ол төрт тұяғын жекіп, ұрсып не тұкыртып көрмеген адам еді. Жұмыстан колы калт еткенде оларды шакырып алып, «халдерің қалай?» деп жиі- жиі сұрап тұратын. Ал, балалары оның көзкарасынан барлык жағдайды тез анғара коятын. Атасының баласы атанып, салкамдау өскен Саламат та «ана жакта папаң бар» десен, аяғыньщ ұшынан басып, дереу өз бөлмесіне еніп кететін және отыра сала сабағына өзірленетін. Асылы, балаларымыздың бойы мен ойын әу-бастан әкемізді, анамызды ұятка қалдырмайыкшы, намысты қолдан бермейікші дейтіндей үлкен жауапкершілік билеген сыңайлы. Бәрі де жоғары білім алды. Қатарларынан озык кетпесе, кейін калған жок.

Олар үшін алдарында өнеге тұтар ағаларының болғаны да зор куаныш. Мәселен, Салтанат пен Макаштьщ катар жүріп, мұнай техникумын, одан әрі Москвадағы Губкин атындағы мұнай институтын, Өтәлінін Москвадағы сырттай оқытатын Бүкілодактык политехникалык институтты үздік дипломдармен бітіріп, ел таныған, халык кадірлеген азаматтар атануы, негізгі кәсіби мамандыктарына коса, бірінің әнге, екіншісінің ғылымға, үшіншісінін сурет пен шахматка әуестігін мен осы күнге шейін нағыз үлгі мен тірек мектебі деп есептеймін. Өтеп әкесін аға деп өтті. Ал, ағалары мен інілерін абзал қасиеттеріне байланысты ерекше қадірледі, үнемі камкорлап, канаттандырып отырды. Олар да Өтепті, мені риясыз көңілмен сыйлады, күрмет тұтты. Өйткені, бәрін үйлендірген, бөлек үй етіп шығарған Өтеп екеуіміз ғой. Баяғы Степной көшесіндегі үйдін иесі бізді бір жылға жетер-жетпесте үйінеп шығарып жіберді. Бөріміз ұбырып-шүбырып Колхоз көшесіне көшіп, тағы бір үйді жалдадык. Үлкенді-кішілі бойдақтардын аяктарына тұсау салудың бастамасы сол жерде басталды. Қойшығара кайнаға үйленіп, бөлек шыкты. Сең козғалды... Екінші бір толкында Өтәлі, Салтанат, Макаш аякганды. Сойтіп бір шанырактан бес шаңырак шыкты. Қойшығара кайнаганың еншісіне Салтанат, Қыдыр кайнағаның еншісіне Өтөлі, біздің еншімізге Мақаш бұйырды. Атамның ұйғаруы бойынша Макаштын шанырағына «отау үй» немесе «үлкен үй» деген, маған «нөмірі бірінші келін» деген атак берілді... Осындай күкыктағы мен қазір абысындардын бәрінің атын атаймын. «Абысын тату болса, ас көп» деген, ауызбіршілігіміз мол, сыйлымыз...

Иә, адамның пешенесіне жазылғаны үнемі корлык көру немесе азап шегу болмаса керек. 1947 жылдың күзінде Ленин, казіргі Азаттық көшесінен үш бөлмелі үй алдык. Босанып, перзентханадан шығып, сол үйдің табалдырығын Нұрланмен бірге аттаған күнімді ең бакытты күндердің бірі деп есептеймін.

Маркұм енем мінезі каттылау, бірак жүрегі елжіреген адам еді. Келін боп түскен сәтте-ак оның жүзінен шаршау, кажу белгісін анык аңғардым және өзімше: «Соғысқа үш ұлын аттандырып, бар ауыртпалыкты көтеру, сарғая күту кай анаға оңай тисін-ау» деп, іштей түйін жасадым. Кей күндері енем мүңайып: «Бәтен, мен өлейін деп отырмын» дейді. Ондайда не айтарымды білмей кысылып каламын, бойымды дереу коркыныш билейді. Селден кейін есімді жиып, «шеше, бір жерініз ауырып отырса, айтыңыз және өзінізді күтіңіз. Шаруаны өзім-ак тындырамын» деп көңілін демеген боламын. Үрсып тастар ма екен деген болжаммен жүрексіне тіл катып, жасын сұрағанымды да ұмыткан жоқпын. Сонда кайтарар жауабы «кой, картайдым» дейтін бір ауыз сөз. Не бәрі елу екіде екенін бірде-бір рет тісінен шығарған емес. Қалай болғанда да мен ол кісіге ауырлык түсірмеуге тырыстым.

Біз үшін ең кат нөрсе су еді гой. Оның жауапкершілігі Мақаш екеуіміздің мойнымызда. Макаш он да он бес-он алтыдағы бозбала. Сірә, соған орай сырт көзден ұялатын шығар, менен суды іңірде, не түнде тасуды өтініш етеді. Сөйтіп мен иінағашпен, ол шелекпен бөшкеміз толғанша су тасимыз. Жастык па, әлде міндет күші ме, аяғым ауыр екенін де ұмытып кетемін.

Сөйткен енем он алты жылдан кейін ауыр наукасқа шалдығып, Қосшағыл кәсіпшілігінде жұмыс істеп жаткан кенже ұлы Макаш пен келіні Жонастың колынан біздің колымызға келіп тұрды. 1963 жылдын көктемінде әбден нашарлады. Мен мектептен жалакы төленбейтін демалыс алып, күтім жасауға кірістім. Ара-арасында Өгөлінің Бөтимасы көмектеседі. Сезіміз ауыр болмасын, бір күні енем: «Үшінші қатардан сүйреп, мені кайда көмбексівдер» деді. Ішкі тілегін түсініп, Теңдік елді мекенінде тұратын тұңғыш үлы Қойшығараның үйіне жеткіздік. Бес күннен кейін көз жұмды. Бөріміз жиылып, соңғы сапарға аттандырып салдьгқ.

Бұл кезде Өтеп Маңғыстауда «Қазақстанмұнай» бірлестігі бастығынын орынбасары болып, Өзен мен Жетібай секілді алып мұнай кеніштерін игеруге, жаңа алаңдарда барлау-бұрғылау жұмыстарын өрістетуге, мұнайшы мен барлаушы кауымының мекен-жайларын жайгастыруға белсене кіріскен-ді. 1964 жылы оқу жылын аяктап, Актау каласына біз де көштік.

Оған дейінгі он сегіз жыл ішінде Өтеп, онымен бірге біз-бүкіл өулет талай өмір сокпагынан өттік. Ол 1948-1950 жылдары Мақат аудандык партия комитетінде екінші хатшы болды. Одан соңғы екі жылда Алматыда, Казахстан Компартиясы Орталык Комитеті жанындағы партия мектебінде оқып, оны бітірген бетте облыстык партия комитет! өнеркәсіп- транспорт бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалды. Кейін Жылыой аупарткомында бірінші хатшы, Гурьев қалалык Кеңесінде төраға міндеттерін абыроймен аткарды. Отан алдында сіңірген еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Бірнеше рет аудандық, қалалык, өлкелік партия, Кеңес органдарына мүшеліккке, депутаттыкка сайланған ол Қазақстан Компартиясынын VIII, X съездеріне делегат болып катысты.

Атанған лауазымдарға, құрмет пен сенімге Өтеп өзінің биік адамгершілігімен, еңбеккорлығымен, адалдығымен, принципшілдігімен кол жеткізді деп ойлаймын.

Ол өмірдің мәні еңбекте деп білді. Мұктаждың мұңын есту мен жок-жітіктін кемін толтыруды касиетті парыз санады. Сондыктан болар, «Бәленшеге қол ұшын беру керек», «түгеншеге жұмыс тауып беру керек» дейтін сөздер оның ауызынан жиі естілетін. Өрине, оның бәрі туысы, немесе ағайыны емес еді.

Ал, жұмысбастылығы адам айткысыз. Анау қалалык Кеңесте жүргенде төңертеңгі сағат алты- жетілерде түрып, жұмысқа кетеді.

-Ау, сені алакөбенде кім қуып барады, - деймін.

Ондайда жауабы біреу: «Объектілерге барып, кеше берген тапсырманың орындалуын тексеруім кажет». Сол кеткеннен сағат сегізде бір оралады. Қырынып, жуынып, бірер аяқ шөйін ішіп, жұмыс орнына кетеді де, кешкі жеті-сегіздерде қайтып оралады. Бұдан кейін де байыз тапса неғылсын. Олай істемейді. Тамактанып алады да, тағы объектілерді аралауға аттанады. Сұрастырсан, өлгі объектілердің саны жүзге жуықтайды. Ішінде әйелдер босанатын перзентхана да бар. Келген бетте мана өзімен бірге ала келген папкілерді актаруға кіріседі. Мұнысын «почта карay» деп атайды.

Кейде не айтар екен деп:

-Мынанын бөрі қыздардан келген хат-ау шамасы, - деймін.

-Иә, кыздардан келген хат. Кел, шетінен оки бер, - дейді.

Әрине, менікі әзіл. Ол күн құрғатпай кұшакка кысып әкелетін калың папкілерде талай адамның тагдыры, накты шешімін куткен талай өзекті мәселе бар. Телефонмен айтылып, телефонмен бітіп жаткан шаруа каншама?!

Бірде үйге жаңағы әйелдер босанатын үйден телефон соғылды.

-Өтеп Балғымбаевич керек еді, әйелім босана алмай жатыр, - дейді.

Еріксіз күліп жібердім.

-Ол кісі дөрігер емес кой.

-Дәрігер емесін білемін. Көмегі керек. Бас дөрігер Марченкоға телефон соғып, менің өйелім мен жарық көргелі тұрған шаранаға тиісті жәрдем беруін сұраса болғаны... Өйтпесе...

Келген бойда Өтепке бұл хабарды да, телефон соғушының аты-жөнін де, «перзентханадағылардын дұрыс жәрдем көрсетпей жатканы маскара жағдай екен» деп, өзімнін ішкі сезімімді де бұлжытпай жеткіздім.

Өтеп басын шайкап-шайкап біраз отырды да, Марченкога телефон шалды. Сол күні кіндігі кесілген бала казір бізге жалғас №24 үйде тұрады. Үш перзентті.

Өтеп өз камынан өзгенін камын жоғары коятын. Болса езіме ғана болсын дейтін өзімшілдіктен аулак еді. Мына бір мысал соның дәлелі: Үмытпасам 1954-1955 жылдары «Ембімұнай» бірлестігінің басшылары үшін Жайык өзені жағасынан төрт оңаша үй (особняк) салынған-ды. 1962 жылы Гурьев халык шаруашылығы кеңесі (Совнархоз) таратылып, өлкелік халык шаруашылығы кеңесі кұрылды да, бірталай басшы кызметкерлер Актөбе каласына коныс аударды. Сөйтіп жағадағы төрт оңаша үйдің үшеуі босап калды. Соған орай оларға кіремін деп таласушылар саны да көбейді.

Қалалык Кеңестің төрағасы болғандыктан Өтепке жаңағы жайлы қоныстың бірін иеленуге болатын еді. Жоғарыдагы басшылардан ондай ұсыныс айтылған да. Бірақ Өтеп баска жолды таңдады. Арнаулы шешім шығарып, үш үйге бірдей өкпе ауруына шалдыккан балалар шипажайын орналастырды. Бұл жаксы тұрмысқа ерте ұмтылғандар үшін едөуір соккы, ал дімкәс балалар мен олардың камкөңіл ата-аналары үшін айта катарлықтай камкорлык әрі сыйлык болды.

Мына бір көз көріп, кұлак естіген жай да ешкімді бей-жәй калдыра алмас. 1962 жылдың мамырында кала аумағына жаңбыр нөсерлете жауды. Бірнеше сағатка емес, бірнеше күнге созылды. Сол сәттерде қаланың көптеген түрғындарымен бірге Өтеп те қатты мазасызданды. Күні-түні каланы аралаумен, жапа шеккендерге шұғыл көмек үйымдастырумен болды. Өйтпегенде ше? Ескі каланың көп үйі шикі тастан, камыс бумаларынан тұрғызылған, іргетастары жок. Онын үстіне жерасты суы жакын. Ол жаңбыр суының жер кабатына тез сіңіп кетуіне копе-көрінеу тежеу.

Осынау мазасыз күндердің бірінде үйге кеш оралды. Келген бетте карауындағы жауапты кызметкердің біріне телефонмен шұгыл тапсырма бере бастады. Әңгіменің қысқаша мазмұны төмендегідей:

-Доссор көшесіндегі №6 үй аса кауілті жагдайда. Бүл жөніңде аткару комитеті комиссиясының акті бар. Ертеннен калдырмай соның негізінде өкім даярлау кажет. Өкімде алты отбасына үш тәулік йпінде пәтер беру немесе жекеменшіктегі пәтерлерді жалдау «Казакстанмұнай» бірлестігі коммуналдык базасының, Казахстан теміржолының, Петровский атындағы зауыттың, «Гурьев» шипажайынын, №5 автобазаның басшыларына міндеттелсін. Өкімнің орындалуын бакылау кұқығын өзімде калдырамын.

Бұдан соң ол басшылардың атак-жөндерін, жапа шеккен отбасылары кұрамының канша адамнан түратынын нақпа-нак айтып шыкты.

Іскерлік пен ізгіліктің, адамдарға деген қамкорлык пен жанашырлыктын белгісі осылар емес пе?! Әкесінің осы секілді абзал қасиеттері әсіресе Нұрланның тұла бойына шашаусыз сіңген. Нұрбергенде де сол. Бәрімізді калыда калдырып, отыз сегіз жөне елу жасында бакилык дүниеге асығыс аттанған Өнуарбек пен Саламат та колы ашык, құшағы кең азаматтардың сапынан көрінді. Қай' кайсысы да мавдай тіреген жанға колдан келетіннің бөрін жасап, алғыс арқалады, әлі де аркалайтын шығар. Олар ешкімге арамдық ойлап көрген емес.

Атап көрсетер бір жәйт - Өтеп арманшыл еді. Арманшыл, адал достары мен жолдастары көп еді. Алдағы күндерге үлкен үміт артатын. Егер алпысыншы жылдарда кала, тіпті облыс өмірінде елеулі маңызы бар күрделі мәселенік бірі Жайык өзені үстінеп көпір тұрғызу болды десек, Өтеп сол болашак көпір кұрылысына басшылык жасасам, пайдалануға берілгенін өз көзіммен көрсем дейтін. Тағдыр колын оған жеткізбеді. Оның арман-тілегін ізбасарлары іске асырды. Оған да шүкір.

«Жастық шактың кадірін, жаска келіп таныдым» дегендей, бұл күндері мен Өтептін өмірден өткен, катары жыл откен сайын сирен бара жатқан жолдастарын жиі еске аламын. Аяғым жеткен жерде олармен кездесіп, сырласуға асығамын. Бұған мені Өтептің рухы итермелейді. Макат пен Доссорда Кәмешев Қадір дейтін азаматпен, оньщ отбасымен жете танысып, етене араласып едік. Сол Қадір өткен жазда кайтыс болды. Абдоллаев Нығметпен, Қуанов Тоңбаймен, Есенғалиев Есқалимен катты сыйласканбыз. Тоңбаймен Доссордан кейін Маңғыстауда тағы кездестік. Ал, Ескали Өтеппен майдандас, партия мектебінде бірге окыған кимас жолдас болатын, былтыр онымен де қоштастық. Қүлсарыдағы Медеубаев Құбашпен, Огай Кипонимен, Атырауда Жиенбаев Сырыммен, Досмүхамбетов Жолдаскалимен бірге өткізген күндерді қалай ұмытарсың. Көзі тірі бөйтерек бейнелі Өтебаев Сафи ағамыздың, Өтептің күрдасы Қүдабаев Қуаныштын орны ерекше бөлек. Бүлардың әркайсысынан, көнекөз қариялардан әр кезде есте каларлык ұлағатты сөздерді көп естідім. Олар: «Ерлі-зайыпты тату болса, шырагы жанар. Татулыкты кадірлендер» дейтін. Шынында да шырағымыз жанды. «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын. Жаксы келінсін. Енді алтын керегенін тірегі - алтын әже атан» дейтін. Құдайға шүкір, немере- шөберелер бұл күндері «алтын оже» деп еркелейтін дөрежеге жеттік.

Бір өкініштісі-касымда екеуміз бірлесе жаккан шырақтың жарығын бірге көретін, немере- шөберелеріміздің «алтын ата», «алтын әже» дейтін төтті сөздерін бірге еститін Өгеп жоқ. Біз өмір қызығын тек кана жиырма жыл бір ай бірге көре алдык. Бір жаксылығы - коян-колтық өткізген сол күндердін бәрі де шаттыкка, бакытка толы болды.

1957 жылы Нұрбергенді ерітіп Сочиға демалыска бардық. Бұрын курортқа барайык дегенде бірде балаларды, бірде карттарды сылтау етіп ермей қалатынмын. Келсек, ғажаптың борі осында. Табиғаты тамьглжып тұр. Аясы жүзі жайнаң қаккан адамдарға толы. Арасынан таныстарымыз да, жаңа достар да табылды.

Өтепке айттым:

-Бүдан былай курортка барсаң мені тастамайсын.

Содан тастаған жоқ. Тек кайтыс болатын жылы ғана оку жылы басталып кеткендіктен калып койдым... Келген бетте оның айтқаны:

-Енді курортка сенсіз бармаймын.

Бүл мені мөңгілікке жалғыз калдырып кетердегі қоштасу сөзі екен. Алты күннен сон - 1966 жылдың 24 желтоқсанында кырык тоғыз жасында жүмыс үстінде көз жұмды.

Тағдырдын жазғаны солай болғандықтан көнеді, көндігеді екенсін. Артында ұлағатты ұрпағы калғанын місе тұтыл, болашақтарына бақыт тілейді екенсін.

Елі мен жеріне сінірген еңбегін еске түсіріп, өнегесі өмірлі бола түскенін жан жүрегіңмен қалайды екенсін.

Жаратқан иемізден осы тілектерді қабыл етуді сүраудан баска не амал істейміз...

Акылгөй Өтеп, азамат Өтеп тірісінде көшбасшы болып, бізді талай киын өткелден аман алып шығып еді, енді рухы акжол, сәулелі соқпакпен береке-бірлік биігіне бастай береді деген сенімдемін.

Иә, қайран Өтеп ағамыз жар таңдауда да жаңылыспаған екен. Онын аяулы Бәтені - кеше де, бүгін де басқалардың бакытын ойлап, өз ғұмырын сарп етуді максат еткен, кабырғасы бүтіннің көтерілерін, сүйегі бүтіннің өсерін істе дәлелдеген алтын діңгек. Ол бәрінен де бұрын жанашыр, кадірлі, камқоршы, алаканы аялы ардақты ана. Осындай аналар жөнінде: «Ана - жүрек, жүректі құдірет де, Ана - тірек, тіректі кұрметте. Ана - шьщың, шынына сағынып жет, Ана - күнін, күніңе табынып өт» десек, ешкашан жанылыспағанымыз.

АБЫРОЙ АРҒЫМАҒЫНДАҒЫ АЗАМАТ

Кейінгі отыз жыл ауқымында Мақат ауданының билік тізгінін мінез-құлкы, таным-түйсігі, көкірек- сарайы әр қилы талай адам ұстады десек, солардын жасамысыньщ да, жасының да Бәкенді арка тұтқаны, акылшы санағаны, оған қапысыз сенгені таңданыс тудырмай қоймайды.

Сонда Бәкеңіміз кім?

Бәкеңіміз - сонау отыз тоғызыншы жылдын жаңбырлы көктемінде қазыналы өлкенің кара шаңырағы Доссорда кіндігі кесілген, тоқсан үштің қарашасы мен желтоқсанының өліарасында Макат ауданы әкімінің орынбасары кызметін иеленген Демегенов Бағыт Шоныкұлы. Ол Доссордағы Абай атындағы орта мектепті бітіріп, №3 мұнай айдау стансасында оператор мамандығын меңгерді. Екі жыл шынайы өмір мен еңбектің ащы-түщысын таныды. Содан соң білім куып, Атырау педагогика институтына келді де, оның қабырғасынан үздік дипломмен түлеп ұшты. Тағы да екі жыл сол каладағы №7 мектепте ұстаздық етті.

Облыс комсомол комитеті оны өз аппаратная шакырып бір жыл шындады да, 1966 жылы Мақат ауданы жастарына жетекші етіп жіберді.

Бағыт Шоныкұлы біржола шығармашылык жолга түсті. 1968 жылдан 1973 жылға дейін аудандык «Мұнайшы» газеті редакторының орынбасары лауазымында еңбек етті. Одан әрі тура жиырма жыл аудандык партия комитетінде насихат-үгіт, ұйымдастыру бөлімдерінің меңгерушісі, партия комиссиясының торағасы, аудандык кеңесте төрағаньщ орынбасары, төраға кызметтерін абыройлы аткарды.

Міне, Бәкеңнің өмірнамасы осы ғана. Бір Караганда тым кыска да карапайым. Бірак, Бәкеңнің жан дүниесіне ет пен сүйектен жаралған көп пенденін бірі ретінде тереңірек үңілсек, оның кісілік келбетінін сабырлылыктан, табандылыктан, ізденімпаздыктан, білімпаздыктан сомдалғаны, азаматтык ажарынын әрдайым адами адал касиеттермен ашыла түскені айкын аңғарылады. Бәкең ізденімпаз болмаса, білімдар болмаса, жоктан бар жасап, мұражай ашпас еді, «Қазакстан мүражайы», «Ерлікке-ескерткіш», « Байбакты Ата» кітаптары авторларының бірі, жауапты шығарушысы атанбас еді.

« Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дегендей, өз басым Бөкеңді «Мұнайшыдагы» бес жылдык редакторлык кызметімнің тұсауын кескен шынайы тәлімгер санаймын. Сөзі кесімді, киялы жүйрік, каламы қарымды каламгерлігі өз алдына бір шежіре.

Бәкең казірде де кемел күйде.

Иә, абзал ағаның сәуле шашып түратын жаркын жүзі мен селеудей селдіреген күміс шашын керіп, өзін қаусыра күшақтауды аңсаған тұста есіме Ізтай (Мәмбетов) акыннын:

Толқытып жанды, тулатып түгел жүректі,

Сагыну керек сагынар кісің барында, -

деген өлең жолдары түсіп, абырой арғымағындағы азаматтың кіндік қаны тамған қасиетті топыракка қарай тартып кеткім келеді де тұрады.


Перейти на страницу: