Меню Закрыть

Ғибратты ғұмыр — Қ. Сұлтанғалиев

Название:Ғибратты ғұмыр
Автор:Қ. Сұлтанғалиев
Жанр:Казахская проза
Издательство:«А-Полиграфия» ЖШС Ақтөбе
Год:2003
ISBN:9965-691-36-3
Язык книги:Казахский
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 27


ҰШАР ҚАНАТ ШЫРҚАУ ШЫҢДЫ АҢСАЙДЫ

Адам болмысы қызык та күрделі. Ол өзінін камшының сабындай қыска тірлігінде талаймен танысып, талаймен дәмдес, мұңдас, жүмыстас болады. Бірак, сол талай жүздеген жанның басым бөлігінің бұл жалғаннан бір-бірінің ішкі жан дуниесін, немен тыныстап, нені ойлайтынын, неге күштар екенін жете сезініп, терең танып біле алмай өтетіні неден екен?

Мүмкін, оның бір-ақ себебі бар шығар. Өлгі жұмыр басты пенделер көкіректерін айқара ашып, шын көнілден сырласпайтын шыгар. Өйтпесе калтарыста калар кұпия болмак емес...

Жакында ғана өзіме біраз жылдан етене таныс «Атырау мұнай өңдеу зауыты» акционерлік коғамы әкімшілік департаментінің директоры Қанат Қабденүлымен, оның тәлімгерлерімен бүкпесіз сырласу менің көзімді соған жеткізді. Жасы елуге иек арткан азаматтың осыған дейін көпті көріп, көпті танып, көпке танылып, бүгінгі және келешек ұрпақ үлгі өнеге тұтарлыктай өмірбаян жазып үлгергені мені айырыкша сезімге бөледі. Қолыма калам алғызган да сол сезімнің өсері.

* * *

Соңғы бірер жыл төңірегінде Қанат Қабденұлының кызметтік өмірінде қиқуды көбейтіп, мазасыздык отын маздатқан жәйттердің жиі төбе көрсеткені. Олар былайғы жұртка белгісіздеу болғанымен, акционерлік коғамның үлкен үжымында әбден әйгіленген оқиғалар.

Ілкіде кику мен мазасыздыкты талай жыл зауыттын қамкорлык аясында көркейіп, өркен жайған әлеуметтік-тұрмыстык объектілердің кейбірін жеке тұлгаға, кейбірін өз шокпарын өзі көтере алмай тұралаған қала шаруашылықтарына еншілеп беру секілді жедел наукан тудырған-ды. Қанат оған жатыркай караған жоқ. Өйткені оны екі өкпесін нарык тапшылығы кысып, алкына бастаған зауытты мойнына байланған «кәрі жіліктерден» арылтып, арашалау десе де болғандай еді. Бірак, ұзак калыптасып, үйыса жымдаскан жүйені күрт кесудің бір зардабы мен залалы болмай калмасын сезген Қанаттың осы тұста іштей катты күйзелгені де рас.

«Сөйту керек» нұскауымен саябакты, «бүйту керек» нүскауымен балалар бакшалары мен жатакханаларды түп көтере өзге бір қожайынның колына өткізе салудың ақыры жақсылыққа соқтырмады. Зауыттыктар елу жылға жуык жас сөбидей мәпелеген саябақ бір жылға жетер-жетпес уакытта сөнінен де, салтанатынан да айырылып қалды. Суық қолдылардын сусылдаған суык арасы оның қатарын өткен кыста-ак аяусыз сиретіп кетті. Балалар бакшасы мен жатакханалар жаппай жабылып калды...

Ал, зауыттың соңғы жылдарда әлеуметтік- тұрмыстык салаға мықты көціл бөлгені, оның тек зауыт ұжымы емес, бүкіл кала халкы үшін орынды игілікке айналғанын екінің бірі біледі. Тұрғын калашыкта тіреулер аркылы тартылған магистралды су, жылу құбырлары, жаңа да қуатты жылу пункті, бірнеше дүкен мен наубайхана, алғашында бөлім болып кұрылып, кейін баскармаға, зауыттың еншілес кәсіпорнына айналған жүмысшыларды жабдыктау қызметі, осы заманғы үлгімен салынған база-дүкен, шұжык цехы, т.б. соның дәлелі. Егер зауыттыктардың ақыл-ойы, мандай терімен салынған осы секілді игіліктер кім көрінгеннің қанжығасына байланып, төрк етіле берсе, кімге ұтыс, кімге ұтылыс? Аталмыш жұмыстардың әрі бастаушысы, өрі жүзеге асырушысы есебінде басы-касында жүргендіктен де ұтылыска ұрыну Қанаттын кабырғасына баскалардан гөрі көбірек жөне қаттырак батады, оны тынымсыз ойға жетелейді.

Қанаттың пайымдауынша жылжымайтын мүліктің тағдыры да адам тағдырына ұқсас. Оларға да аялы алакан, алды-артын ойлай білетін, іске усынақты, колы узын қамкоршы керек. Олай болмаған жағдайда жетімсірейді, азып-тозады.

Сонау 1960 жылы отыз жеті жастағы әкелері Қабден кенеттен кайғылы казаға ұшыраганда он бес жастағы Талап, он бір жастағы Қанат, екеуінін соңына ерген үш кыз жетімдікті мойындап, жартыкеш көңіл күй кешті емес пе?

Қабекең он сегіз жасында Үлы Отан соғысынын от-жалынына түскен еді. Он тоғыз жасында Сталинград шайқасында бір аяғынан айрылып, елге мүгедек болып оралды. Ол кез мүгедекпін деп кол кусырып, жан бағатын заман ба?! Қабекең орта біліммен орта мектепте мұғалім, директор кызметтерін аткарды. Кейін өз тілегімен шаруашылыкка сұранып, колына жылқышы кұрығын ұстады. Еткен еңбегі еш кетпеді. 1947 жылы 24 жасында Социалистік Еңбек Ері атанып, омырауына Алтын жұлдыз, Қанаты дүниеге келген 1949 жылы Енбек Қызыл Ту орденін такты. Бұдан кейінгі еңбек жолы ұжымшар баскармасы төрағасынын орынбасары, кеңшар директорының орынбасары кызметтерінде абыройлы жалғасты.

-Әкем білім тапшылығын сезініп, окысам дейтін. 1957 жылы соның сөті түсті. Аудан басшылары оны Шымкент каласындағы партия мектебіне окуға жіберді. Онда үш жыл оқыды. 1960 жылы аудандык партия комитеті бюросында жана жүмысына бекіп, куанышпен кері кайтқан жолда мерт болды. Өзен үстінде калтылдақ кайык аударылып, жасанды икемсіз аяк кармануына мұрша бермей, оны терең тұнғиык батырып әкетті. Соғыс кия алмаған жас гүмырдың аякасты тілсіз жау - судың күрбаны болғаны тек бізге емес, оны білетіндердің баршасы үшін ауыр кайғы болды. Оны ел-жүртынын сонгы сапарға күцірене шығарып салғаны өлі күнге көз алдымызда, - дейді Канат.

Иә, ол кезде, казіргі Қанат секілді Қабекеңнің алдында да іске асырсам дейтін жоспарлар мен жобалар тіптен көп еді. Ол баскарған шаруашылығымды коркейтсем, үздіктер қатарына коссам, Талабым мен Қанатымды окытып, азамат етсем, солардан немере сүйсем, үш кыз - үш карлығашымды құтты үясына кондырсам дейтін. Қүдай коскан косағым Зейнеп екеуіміздің өміріміз соған жетсе дейтін. Сүм ажал оған бұл жоспар-тілектерін орыпдауға мүрша бермеді. Бар тауқымет Зейнеп ананын мойнына түсті. Буындары енді-енді беки бастаған Талап пен Қанат оған кол канат болды, оны жерге каратпауды борыш санады, пысыды.

Талап әкесі білім алған Шымкентте химия- технология институтын, артынан республика Ішкі Істер Министрлігінің Караганды каласындағы жоғары мектебін бітіріп шықты. Қазір ішкі істер кызметінін генерал-майоры, Казахстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің зан институтының бастығы.

Канат та Армия катарынан оралған бетте Талаптың жолын куамын, әкенің ізін басамын деген ниетпен Шымкентке келіп, химия-технология институтына окуға түсті. Оны 1975 жылы бітіріп, жолдамамен Атырау мұнай өңдеу зауытына жүмысқа келді. Күні бүгін осы зауытта департамент директоры.

Жетпіс бес жастағы Зейнеп ана: «Сонау бір кезде жесірлік пен жетімдіктің кебін кигенде Талапжаным мен Қанатжанымнан немере сүйіп, мамыражай өмір кұшағында отырамын ба, отырмаймын ба дейтін едім. Құдай тілегімді берді. Екеуінен бес немере көрдім, пюбере сүйдім. Үлкендердін аузынан «Өз баланды өскенше бағасың, немереңді өлгенше бағасың» дегенді жиі естуші едім, сол айтқандары расқа айналды. Сәулежаным окуға түскенде танымайтын жат жерде жүдеп-жадап калар деп Алматыға бірге кетіп, сол жақта тура үш жыл түрғаным бар. Дипломын алдырып бірге келмек уәдемді орындай алмадым. Қан кысымы шыдатпады», - деді күтты шаңырағының төріне озған таныс- бейтанысына мерейлене тіл катып.

Жастығында тойып секірмеген кейуананың енді тоңып секірмесі анык. Сапура келіні ардактап, көңіліне қылау түсірмей баптап отыр. Канатым болса, панам болса дейтін ұлы бір «улеттің Қанатынан асып, елдің камын ойлайтын, елдің сөзін сөйлейтін Қанатқа айналып, күн сайын касынан табылып, аймалап, камкорлап отыр.

* * *

Канат сырласу сәтінде: «Менін зауыттағы, тіпті одан тыскары кездегі омірімнің куәсі мың сан адам. Алайда, солардын ішінен еңбектін есігін ашқан сәттен бастап өздерін тәлімгер санап, алдарында басымды иген үш ардагер: Фазыл-аға Мұхамбетов, Зекеш-аға Жетімеков, Махмұд-аға Бердиев есімін бөле- жара айтамын жене солардын көмейі мен көкейінен шыккан лебіздін әрдайым шынайы боларына кұдайдай сенемін», - деген-ді.

Апырай, біз талайды - кейбіреулердін бір биікке көтеріліп алған сон төлімгерді де, колтығынан сүйегенді де, тіпті жарты кұртты бөліп жеген үзеңгі достарын да тез ұмытып, көзге ілмей кететіндерді, оларға керісінше кейбіреулердін өзі аласада, көлеңкеде жүрсе де өзіне үміт артқандардың кадір-касиетін үмытпау өз алдына, олардың бөріне бірдей жұдырыктай жүрегінен үлкен орын беріп, ұлғылайтынын, ардак тұтып, аспанға көтеруге асығатынын көріп те, біліп те жүрміз ғой.

Осы тұрғыдан алғанда Қанаттың мына бір меңзеуінен кісіліктің де, кішіліктің де нышаны айкын айғарылғандай-ақ.

Акыры үш аксакалдын Қанат туралы Канат өз анасынын омырауынан емген ак сүттей ак ниеттің актарылғаны мені қатты таңкалдырып қоймай айырықша қуантты.

Жасы жетпісті алқымдаса да қимылы ширак Факен бізді төріне оздырып, жедел өңгімеге көшті. Ол былай дейді:

-Қанаттын зауыттағы еңбек жолы №2 цехта операторлыктан басталды ғой. Сосын зауыт баскармасында диспетчер, 1976 жылдын желтоксанында біздін №1 цехка VI дөрежелі оператор болып келгені есімде. Цехтағы кондырғы қатаң режим мен мол тәжірибені, кырағылык пен сактыкты талал ететін, 480- 520 градус температурада, 50-55 атмосфералык кысымда жүмыс істеп, кара майдан бензин, т.б. өнім шығаруға арналған американдық кондырғы еді. Қанат әуел бастан- ак бұл қондырғы жөнінде түсінігінің терең еместігін жасырған жоқ. Сөйтті де іске тез араласты. Бәрін де білуге тырысты. Моселен, кондырғыны тоқтатып, жөндеп, кайта іске косу үшін артык-кемі жок кырық алты түрлі күрделі жүмыс аткарылуы тиіс десек, оның сол қырык алты операцияны көңіліне тез токып алуы, акыл-кеңес сұрауды тіптен ар көрмеуі мені катты сүйсінтті. Қайта-кайта бұрк ете калатын өртке тоскауыл қоюға айырықша күш салды. Келесі жылы цех бастығының орынбасарлығына өсті. Екі жылдан кейін цех тізгінін қолға алды.

Ол технологияны жетілдіруге, жаңалык пен жетістікті өндіріске енгізуге, өндіріс мөдениетін көтеруге кұштар болды. Өнімді де сапалы істін сенімді кепілінің бірі адамдарға колайлы тұрмыстык жағдай туғызу екенін де естен шығарған жок. Сөйтіп ол біздің көз алдымызда сауатты инженер, іскер басшы ретінде калыптасты. Оның тура біздің цехтан облыстык партия комитетінің өнеркәсіп-транспорт бөліміне менгерунші, калалык Кеңес төрағасының бірінші орынбасары кызметтерін абыройлы аткарғанын зор мәртебе санадық.

Кейіи, 1992 жылы туған зауытына кайта оралып, зауыт директорынын тұрмыстык мәселелер жөніндегі орынбасары ретінде кызметке кіріскенде оның бұрынғыдан да ширап, ширығып, кемел тартып, мол төжірибе жинақтағанына, принциптілігіне, көрегендігіне тағы да куө болдым. Зауыт цехтарындағы әкімшілік-тұрмыстық корпустарынын, асханалардың салынуындағы оның инициативасын, жаңа түрғын үй кұрылысы тапсырылып жатканда ен алдымен өндіріске еңбегі сіңген, жәй-күйі камкорлық күткен адамдардың пәтер алуына, зауыт жұмысшылары сәбилерінің тұрғылыкты жерлердегі балалар бакшаларына орналасуына зор мән беретінін бөле-жара айткым келеді.

Өзін сабырлы да салмакты ұстайтын Зекеш- аға Қанат жөнінде байыпты әңгіме қозгауға ерекше зейін білдіріп, өз бауырынан шыккан ұлы туралы сөз козғап отырғандай елжірей сөйледі.

- Кімнің кім екені, кім болмағы алғашкы өрекеті мен сөзінен де белгілі. Мен оны келген бетте- ак ұнатып калдым. Өзі қатарлылардың кай- кайсысынан да пысық, ыждагатты көрінді. Ал, адамдармен тіл табысуы мен зеректігі, қажетінде жұмсак, кажетінде қатан мінез таныта білетіндігі цех бастығының орынбасары, цех бастығы кызметтерін атқарған тұста оған көп бедел әкелді. Махмуд Бердиевтен кейін цехта басшы тұрақтамай, ол өндіріске шаш етектен зиян келтірді. Бірде сальниктен, бірде флянцтен ақкан бензиннен өрт шығып, қапыламыз да жатамыз. Қондырғы толык куатында жұмыс істемеген сон кандай өнімділік болсын. Сөзінде салмак, ісінде нәтиже аз Денисов, Кузменюк секілді басшылар өздері бас болып жауапкершіліктен кашатын. Өндірістен кашык жүретін. Қатаң тәртіпті талап етпейтін. Қанат осының бәрін орын-орнына коя білді.

«Қанатжан, крекингті толык меңгергің келсе жөндеу жұмыстарынын басы-касында бол», - дейміз. Айтқанымызды екі етпейді. «Қанатжан, шаршаған шығарсың, кетіп калма, бізбен бірге тамак іш», - дейміз. Кетпейді. Бірге болады.

Сол кезде крекинг кондырғысынан шықкан бензин тұтынушыларға жөнелтілсе, крекинг газы химия зауыты үшін таптырмас шикізатқа айналды. Асылында адамдар киын жұмыста бір-бірін кадірлеп, ағайын-туыстай болып кетеді екен. Жалпы бірінші цехта сол күннен калған әдемі қағида бар. Онда үлкенді сыйлау, кішіні камкорлау - ортак парыз. Қанат сол игі дөстүрді калыптастырған, жалғастырған басшы. Ол камшыны суға малған немесе аузы былапытқа толы басшылар санатынан емес. Жаңа тұрпатты, сыпайы, медениетті басшы. Кейін оның ісін сауатты маман Бекесов Темірғали жемісті жалғастырып әкетті, - дейді ол.

-Мен Қанатты диспетчер болып жүрген кезінен білемін. Зауыттың бүкіл тыныс-тіршілігін реттеп отыратын сол орталықта оның бойынан терең білікті, үлкен жігерді, ыждагат пен тиянактылыкты, жастардың көбінің бойында кездесе бермейтін байсалдылыкты танып-білдім. Цех басшылығына барған тұста алғырлығын, ет тірлігін, адамгершілігінін молдығын көрсетті. Қазір зауыт басшылырында көмегі әзір, жанашыр жан ретінде әркімнің жанына жакын.

Ол облыстык партия комитетіне жүмыска шакырылғанда арнаулы бөлімде істейтін маған әдейі келіп, сыпаттау - пікір жазып беруімді өтінгенін, сонда жазған пікірлерімнін енді-енді өсіп келе жаткан жас маманға серпін бергеніне жене оның сенімімді актай білгеніне, ақтап келе жатканына әбден разымын.

Оның қызы Сәуленің заң институтында, ұлы Саматтың техникалык гимназияда окып жатканынан хабардар едім. Жуыкта тұңғыш ұлы Бекзат мұнай жене газ институтын бітіріп, әкесінің құтты кадамының ізі калған біздің №1 цехқа операторлыкка орналасты дегенді естідім. Мен үшін бұл да қуаныш. Бекзат өкесіне ұксап зауыттың сенімді тірегінін бірі болып, есейіп ержетсе, нұр үстіне нұр, - дейді Махмуд- ага.

Міне, біз жүздескен үш карттың Қанат және оның ортасы жөніндегі пікірі осындай. Үш карт - үпі арна, үш тағылым. Зауыттың ашылуынан бергі елу төрт жылда үлгі-өнегелері кастерлі мектеп болған осынау жандардың касиетті шаңырактарынан талай сырға қанығып кайткдн жолда Қазкенов Нұртай-ағаға кезіктім. Ол да зауытта жасамыс іс тындырған белгілі адам - казак тілін окып-үйренушілер курсын алғаш ашушы.

Нұрекеннің де іні Қанатка, басшы Қанатка деген көңілі ерен көрінді.

-Көз жанарым төмендеп, еңсем түсіп жүрген тұста телефонмен айта салған өтінішімді жатсынбай: «Ақсакал, жедел емделіңіз, зауыт өз ардагерлерін ешуакыт қамкорлыксыз калдырмайды. Сіздер үшін колдан келгеннің бәрін де жасаймыз» деген-ді. Сөзінде тұрды. Операция шығынын өтеуге тікелей көмек етті. Қазір онша көп ілгерілеушілік болмағанмен жаксы адамдардың жанашырлығынан кос жанарым жаркырап кеткендей өсердемін. Қазакта: «Қуана білмегенге кұт конбайды, бағалай білмегенге бак конбайды, табына білмейтін кауымнан пайғамбар шыкпайды» деген аталы сөздер бар-ды. Қанат куана білсін. Басына бақ консын! Пайғамбар болу міндет емес, азаматтың абзалы болу парыз, соны жеткіз, - дегені.

Тамаша тілек емес пе?

Өлбетте, Қанат пайғамбар емес. Сондыктан оны ет пен сүйектен жаралған, бірак пендешіліктен ада, алып тынысты зауыттың үлкен күндізінде де, үлкен түиінде де көппен колтықтасып, көппен бірге жүріп, бірге түнейтін сенімді әріптес, саликалы басшы десек, кандай өдемі, кандай жарасымды.

Өз ортасында азаматтык келбеті мен қасиетінен жаксы із калған, көпке жаксылык тілеген, жақсылыкты сөзбен емес, іспен дәлелдеген жаннан артык кім бакытты болуы мүмкін. Демек, нагыз бакыттылардың бірі - Қанат. Ал, бакыттың төркін жұртында оны танығандар мен енді танитындар, оны бүрын түсінгендер мен енді түсінетіндер көп болса, Қанаттың ұтпу үшін жаралган кос канаты қияға самғай бермек.

Жиырмасыніиы гасырдың ірі ойшылы Альберт Камю: «Мен бөтен біреулердің қүпиясына қүштар жан емеспін, Бірақ әлде біреулердің агынан жарылган мойындауларын тыңдап көруге болады» деген ғой. Сол айтқандайын, жақында гана маган «әлде біреу» деуге аузым бармайтын бір абзал жанмен дидарлсып, сырласу қүрметі тиді.

Ол өмірден тым ерте озган халқымыздың ардақты азаматы Өтеп Балгымбайүлының зайыбы, үлагатты үстаз Бәтен Тәңірбергенқызы Сәрсенова еді.

Ортақ әңгіме жубайлық гүмыр, жүбайлық сыйластық төңірегінде өрбіп, ата-енемен, туған- туыспен, абысын ажынмен қарым қатынас, бауыр ет- балага ынта-ықылас қақындағы терең тебіреніске уласты, Сол терең тебіреніс мені мынандай. түжырым жасауга итермеледі:


Перейти на страницу: