Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов
Название: | Абай жолы 1 кітап |
Автор: | Мұхтар Әуезов |
Жанр: | Литература, роман |
Издательство: | |
Год: | 1997 |
ISBN: | |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 17
Үлжан Абайдың осы уақытқа шейін аса бір катты ойға түсіп, азып кеткенін байқап жүрген. Әженің қырқын беріп, жұртты таратқан сон, баласын оңаша алып отырды да:
— Сен осы бір калың шыңға батып кеттің-ау! Жүдеп кеткеніңді байкаймысың? Жас адам уайым соңына өйтіп сарылса, пайда таппайды. Енді тоқтал. Бойыңды жи. Ерболды шақыртып ал да атка мін, ел қыдыр. Сергіп кайтшы’ — деді.
Ербол Абайға келгенде, Асылбектің бір сәлемін ала келді. Бірта- лайдан бергі сыйластық бойынша Сүйіндіктің Асылбегі Абайды қонаққа шақырыпты.
— Шешесі кайтыс болғалы үйден шықпады ғой. Біздің ауылға келіп, қонақ болып кайтсын’ — депті. Сонымен екі жігіт Сүйіндік аулына сый қонақ боп келді.
Баяғы Жәнібекте, сол белгілі әдемі көк өзекте отырған ауылға Абайлар жақындап келгенде, үй сыртына бұларды қарсы алып Асылбек, Әділбек шықты. Қастарында Дәркембай да бар екен. Қонақ жігіттер әуелі Сүйіндіктің үлкен үйіне кіріп, сондағы кәрілерге сәлем берді.
Бәйбішесі мен Сүйіндік осыдан он шақты күн бұрын Зереге бата оқып кайтқан. Қазірде Үлжанның денсаулығын сұрастырып, аз сөйлесіп, амандық біл істі. Содан кейін: “Жастар кең отырсын, еркін сауық етсін” деп, Асылбектін отауын әзірлетуге бұйрык берісті.
Отау онсыз да әзір еді. Абайлар сонда келді. Тыста да, отауда да Абайды көрген үлкен-кіші жылы сөйлейді. Сыйлағысы келгендей. Соның бірі — Асылбектің келіншегі Қарашаш. Үлкен жағынан, әсіресе, сондай жарқын жүзбен қарайтын Дәркембай. Ол Зеренін аруағынан айналып, Үлжанды мақтап, Абайдың кішкене балаларының аттарын атап, амандықтарын сұрап, оралып жүр. Жазғытұрғы жұттан бері Абайды аса жақсы білген Борсак, Бөкенші бұл ауылда бірталай адам екен. Бәрі де Жиде- бай, Мұсакұлдың қонағы боп өткендер. Бәрінің де қазіргі ажарында ырзалық пен алғыс, құрмет бар.
Борсақтын бір шалы:
— Шырағым, жұрт көрген жұттан аманмын деп отырмын. Қарыздарым — бір құдай, содан соңғы — өзіңсің’ — деді.
— Құдайға шүкір! Сауын мен акка ешкімнен олқы емеспіз. Тіпті, сол он бес күн ішінде қорыққа тығылған елу ауылдың бәрін байқадым... Өзді-оз ортасында анық күйлі дәл солар бопты! — деп, Дәркембай да шаттанып сөйледі.
Үй ішінде Абайға сыпайы амандасқан Қарашаш аса бір жакын жанның ілтифатын сездіреді.
Бұрынырақ бір кезде Абайға сырттан томырылып, ызалы боп жүрген Әділбек тс қазір ол мінезін ұмытқан сиякты. Өзі жүріп, есік ашып, Абайдың камшысы мен тымағын кереге басына өз қолынан ілді.
Бұл ауылдағы осындай барлық бейіл, бар ажар Абайға дәл бір өз туысының, жакын жанының үйіне келгендей жылылық, достық белгісін білдірді. Тегінде, Жігітек, Көтібақ сиякты өзге жакын елдермен салыстырғанда, Абай Бөкеншіні әрқашан артық көруші еді. Бұл ауылдардың адамында өзгеше бір мінезділік пен адал момындық бар. Және жақсы көрген адамынан қолда барын аямайтын шыншыл бейілі бар.
Қонақшыл жастардың жақсы отауында үш күн бойы ән салып, сауық жасап жаткан кезінде Абай жаңағы мінезді, әсіресе, Асылбек пен Қарашаштан көрді.
Асылбекті Абай көптен бері “Асыл аға” дейтін. Сол Асылбек бұл күндерде Абайға аса бір сүйікті, жакын аға боп кетті.
Бірак осы күндер бойында Абай өн салып, қалжың айтып, келелі кеңес те сөйлеп жүргенмен, өз ішінде жабырқау. Ол жайын өзге жанға сездірген жок.
Соншалық кадірлі, ыстық көрінген Сүйіндік аулы, Жәнібекке келе берген кештің өзінде-ақ Абайға бір толқын салған. “Арман!” деген аты
бар, орны толмас бір жара. Кеудеден ок отіп кеткен жер сиякты ошпес, бітпес уайым. Бәрі де бір Тоғжанның ардақты атымен, нұр жүзімен, шыншыл таза жүрегімен байланысқан мұң болатын.
Абай сң алғаш келген күні Сүйіндіктің үйіне кірген жерле сол "жарын” жоқтады. Бар дүние орнында. Бар адам сол халінде. Бұл жерде, бұл манда Тоғжан жогын білсе де, Абайға мынау ата ананың үйі казір океп Тоғжанын да көрсететін сияктанған. Есік ашылса, сол кіріп келетін сияқ- танып, үйде отырған шағында күлағына алыстан шылдырлаған шолпы үні келгендей болатын.
Асылбек отауына қарай басып, ең алғаш табалдырықтан аттап кіріп келгенде, Абайға осы отаудың оң жағы тағы да бір бақыт шымылдығын котерердей көрінген. Сол ак жібек шымылдық, сол биік сүйек төсек, сол жасау тегіс орнында. Сондағы достар қолымен, мынау Қарашаш, Ербол қолдарымен, тықырсыз ашылған бөгетсіз достық есігі де мінекей.
Аса сырлас, нәзік жақын болып, Абайды көп барлайтын Қарашаш та міне. Бірақ бұл күнде достықтың осындайлық ыстық ұясының бәрі де дәрменсіз. Абай өзі қандай шарасыз болса, олар да сондай. Тоғжан жоқ.
Өмірде әсте ұмытылмас, кадірі кемімес жаксы Тоғжан Абай жүрегін осы күндерде тағы да бір өзіне тартты. Ендігі — сағыныш пен өкініш. Әлдеқайдан кабысканы белгісіз, бірак жақында Абайды сондайлық жүдеткен ана уайымы мынау жердегі, мынау шактағы сағыныш уайымымен жалғасып, бірлескендей болды. Екеуі де жазықсыз тазалығымен, адал шындығымен табысса керек.
Сыртымен ән салып, калжың айтып қойса да, Абай анық байқаған көзге жиі-жиі жабырқай береді. Үндемей күрсініп калады... Бүл үйде жас жігіттің дәл осы күйін іштей танып жүрген Қарашаш қана. Ол Абайдың күрсінуінде өзгешелеу терең күйік бар екенін байқайды. Жас жігіт кәрілерше “аһ-уһ" демейді. Бірак ақырын күрсінгенімен, демі дірілдеп барып, кеудесінен лықсып шыккандай болады. Өксік сиякты жалынды леп бар. Көп жылап қиналғанның артынан келетін дәрменсіз күрсін тәрізді.
Қарашаш кейде Абайға кабак шытып қарайды да, жаны ашиды.
Үшінші күні үйдің бір оңаша кезінде Қарашаш өз төсегінің жанында түрып, Абайға:
— Абай, калкам! Осы сен менің Еркемді ұмытпағансың-ау! Жайлауынан ел кеткендей, иесі кеткен жұртқа келгендей болдың ба? Байка- дым-ау, мен соны! — деп, аз ғана қызарды да, сыпайы жүзбен күле қарады.
— Жеңеше, рас! Таныдың, несін жасырам! Көңілің сол күнде де жүйрік еді. Дос жүрегің әлі орнында екен. Сондықтан таныдың ғой. Бір сәтін ұмытсамшы! Барлық көргенім көз алдымда. Көңілімнен арылмайтын бір ой бар... Тоғжан кіріп келіп, маған деген өкпе-назын айта жөнелетін сияқтанады да тұрады! — деді.
— Екеуіңнің жолың да, жөніңде бөлек еді, қимаймын! Еркем сорлы нені айтпап еді маған? Шын ғашық еді ғой өзіңе!.. Кетерінде оң сапар
тілеген жоқ. Өлім тілеп кетті. Өзіме сонысын да ашып айтты ғой, — деп, Қарашаш бір сыр сөйледі.
Екеуі де шарасыз ауыр мұңға батып, үндемей жүдеп калды.
Абайдың коз алдына Тоғжанмен ең соңғы айрылысар шағы соншалық ап-ашық, айдай айқын боп келді. Как касында тұрғандай, жаңа ғана болып өткен хал сиякты.
Тоғжан сол бір желсіз, тыныш кеште, жым-жырт сайда ымырт жабылар шақта Абайды өзі іздеп келді. “Жетсін!” деп шақыртқан да өзі болатын. Күйеуі соңғы рет келіп, алып кстерінің алды. Бүгін-ертең құда, күйеу жетеді деп отырған кез болатын.
Бұл күнге шейін соншалық арлы, ұялшақ болған, нәзік қорғаншақ болған Тоғжан, дәл сол кеште бір түрлі өсіп, бекіп келді. Жалынды, арманды сөздерін шешен қып айтты. Көзінде жас, денесі дірілдей түсіп айтқан-ды. Әр кездегі үйреншікті ерке әдеті бойынша, Абайдың төсіне бетін басып тұрған-ды. Бауырына кіріп, құшақтай тұрып, нелер айтпады?..
Екеуінің сүйіскен жылдары ұзақ. Бірак көріскен кызығы, кездескен рақат шақтары, тіпті, аз екен. Тоғжан сол үшін өкінгенін, қатты күйіп назаланғанын айткан, өмірге, тағдырға, зорлық құдіретке ренішін айтқан. Жылап, оксіп, назаланып келген кезінде, арман асқан шағында, сол кеште лағынат та айткан. Абай Тоғжанды жұбата алмай, ет жүрегі елжіреп кайтқан. Көз алдында жылап кетіп бара жаткан Тоғжан тұр. Басына жамылған қара жібек шапаны мен ақ көйлегінің етегі де есінде. Шапан астынан тұншыға сылдыраған шолпысының да мөлдір үні құлақта тұр. Әлі өшкен жок...
Абай тағы да бір күрсінді де:
— Есіл Тоғжан, ұмытпаспын... ұмытпаспын’ — деді.
Карашаш Абайды осы ауылдың досы ғана емес, аса бір ыстық күйеуіндей көріп қимады. Сондықтан Асылбекке өзінше бір оқшау ақыл салды.
Мұның төркіні Сыбан ішінде Кадырбай ақынның аулы болатын. Солар жақында Асылбек пен Карашашты шақыртқан екен. Абайларды аттандырған соң, бүл отаудың иелері сонда жүрмек еді.
Абайдың басына Асылбектің достығы шын екенін таныған Карашаш, сол өзінің төркініне Абайды ала барайық деген.
Асылбек бүл сөзді естісімен макүл көрді де, ар жағын өзі молай- тып, жақсы түсініп кетті. Абайға: “Кыдырып кайтайық. Онда да бірталай жатамыз. Кадырбай қандай кісі екенін өзіңде білесің. Осы сапар жаман болмайды. Тура бірге барайық!” деген.
Абай Сүйіндік аулын өзіне өзгеше бір жақын көріп, Асылбек, Кара- шаштардан айрылғысы келмеп еді. Оңай көнді.
Тек сол сөздің байлауы болып қалған соң, бір оңашада Ербол Абайға:
— Осынымыз лайық па екен өзі?.. Төркіндеп барған қатынға еріп жүру қалай болады? Екеумізді ел күлкі етпес пе екен осы? — деп еді.
Ербол мұны өз басы үшін емес, Абайдың абыройы үшін айткан. Абайлай ел аузына ілініп, жаксы аты шығып келе жаткан жігітке “Мұнысы несі?” деп, біреу-міреу күле ме? Ерсі көре ме дегені еді.
Абай оны елеген жок. Ерболдың иығына бір колын салып күлді де:
— Өй, төйір, Кадырбайдың мәжілісінде боп, ұстаздығын көреді сксміз. Оның өзі кайда жатыр? Ал касына ерді десе, еретініміз кім? Сондай жаксы, сондай ұмытылмас Карашаш екен. Ол гатымайды деп кім айтты? Кімнің аузы барады екен? — деді.
Асылбектермен айрылыспай, бірге сапар шегетініне Абай көңілденіп калды. Ерболды осыдан сон сөйлеткен жок. Сөйтіп, арада төрт күн өткен сон, бір топ ажарлы жастар ортасына Карашаішы алып, Кадырбай аулына кеп түсті.
Тобыктыдан келген жас қонақтарды бұл ауыл жақсы карсы алды. Кадырбайдың үйіне қонақтармен бірге ілесе кірген үлкендер де, бала- шағада көп. Бөгде кісілерді тамашалап, елдерінің жайын білу, хабар-ошарын есіту үлкен-кішінің бәріне де қарыз сиякты. Карашашты қоршаған жеңгелер мен қыздар да аз емес.
Кадырбай өзі үйде екен. Оны Бөжей асынан сон, Абайдың екінші көріп отырғаны осы. Ақын картайып қапты. Бұрынғыдай толық, көрнекті емес. Сакал-шашынын ағы көбейген. Әжімдері тереңдеп, барлық ажары қуаң тартқан жүдеу. Тек қана үлкен жазық маңдайы мен келбетті мұрныңда ғана бұрынғы кесек бітім белгісі бар. Кадырбай әуелі Асылбек, Карашашпсн амандасып алып, соның артынан Абай мен Ербол жайын сұрады.
Абайды танымай қапты. Оның Кұнанбай баласы екенін білген соң ғана ана жылғы көргендерін еске алды. Астағы бірталай жайларды кеше ғана көргендей сөз қылып кеп:
— Бөжей асы бұл өңірдің ұлы дүбір асының бірі боп еді. Конақ атаулы ырза боп, алғыс айтып аттанып еді, — деді.
Кадырбайдың көбінше өзі сөйлеп, қонақтардан оқта-текте ғана жұт жайын, кәрілер жайын сұрастырды. Абай өздігімен жазылып сөйлеген жоқ. Кадырбайдың сұраған сөздеріне орнықты, қысқа ғана жауаптар беріп, сыпайылық сақтап отырды. Бірақ үй иесімен әңгімелесу, мәжіліс құру міндеті қазіргі халде Абай мойнында. Өйткені, Асылбек бұл ауылдың күйеуі болғандықтан, оншалық шешіліп кете алмайды. Кадырбай да өзінің сөздерін, сұрауларын Абайға карап айтады.
Көршілес екі елдің адамдары бас қосса, биылғы жыл ен үлкен әңгімесі жұт жайы болатын.
Бүгінгі кеш бойында Абайдан Кадырбайдың сұрағаны да сол. “Мамырдың жұты” Тобыктыны каншалык күйзелтті? Катты жұтаған кай рулар? Жеңіл құтылған кім? Ашаршылық жок па? Ақ жағы калай? Сауыны тәуір ел бар ма? Осының бәрін кадағалап сұрайды. Бар Тобықтының ішін бұрын жаксы білгендіктен, казір де сол елдің шетте жүрген бір азаматы сияқты оңай танып, тез болжап отыр. Сұраулары — сүле науқастың тамырын ұстап отырып, соның ұйқысы, ішер асы, ауырған жайы туралы сұрақ салып отырған емшінің сұраулары сиякты.
Абай Тобықты ішіндегі алыс-жақын елдің бөрінің жайын толық айтып берді. Күдіксіз, бөгетсіз айтады. Асылбек пен Ербол да жаңа байқады. Жас жолдастары қазіргі күнде Тобықты ішінде қанша мал калды? Кімде калды? Кай ру қаншалық шығын шығарды, бүрын несі бар еді? Баршасын тура, хатқа түсіріп алғандай біледі екен. Салыстырып айтқан сандары мен елдің күйзеу халдері Тобықты жайын Кадырбайға түгел та- ньпты.
Көршілес, туысқан елдің ауыр жайларын Кадырбай күрсіне түсіп, қиналып тыңдады. Жүдеп, мұңайып отыр. Басын шайқап, таңдайын ка- ғады.
Өз елі де солай. Мамырдың кесек қары Сыбанды да тұралатып кеткен. Осы Кадырбайдың өз айналасы да казір “тақ-тұктың” үстінде.
Акынның дәл оз үйі бұрын да бай болған емес-ті. Бірак биылдан бұрын қымызы, сойысы жеткілікті болушы еді. Қазір аман калған ағайыңнан сұрастырып, азғантай ғана бие сауып отыр екен. Бұл жақтың күйзеу- лік халін Кадырбай да толық айтты. Өз күйін де жасырған жок.
Елдің ауыртпалығын жете біліп, толық таныған жас жігітті қазірде Кадырбай өзінің бір тұрғылас замандасындай танып еді. Кұлак есіткен жердің аманы жоқ екен. Мал баққан барлық сахара тегіс аш-арық, көтерем сиякты. Сол көп уайымын кең шолып, шерленіп кеп Кадырбай:
— Бұлаң кердей бүлыксыған ел едің. Бір-ак боран бүрістірді де кетті. Енді, міне, қатты дауыл астында кдлг-құлт еткен бұтадай болдық та калдык кой!— деді.
Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.
Бұл уақыттарда кешкі шай ішіліп болып, тыста мал сойылып жаткан. Алғашкы кезде қонақтармен бірге кірген көршілер казір тарап кеткен болатын. Қарашаш қасында отырған қыздар да көп еді. Қазір шайдан сон олар да тарады. Енді сол көп қыздардың ішінен бөлініп калған бір ғана ұзын бойлы, ақ сары қыз бар. Сұлу денелі, ашық нұр жүзді әсем бойжеткен. Жіңішке 'кап-кара қасы Абайға алдымен байқалды. Кейбір кішкентай қозғалыстарымен Тоғжанның қасын еске түсірген. Ұзынша боп біткен, үлкеңдеу келген коңыркай көздері саналы сияқты. Анда-санда күле карап, жалт етіп қалғанда, әлдеқандай көп шұғылалы, мол сәуле төккендей болады. Сопақша біткен сұлу жүзінде жүкалаң, әсем қызылы бар. Мұрны мен маңдайы бүл қыздың Кадырбай қызы екенін дәл таны- тады.
“Кадырбайдың ақын қызы” деп аталатын Қуандық осы екен.
Ауыл үйдің қонағы тарағанша, Қуандық үй ішінің ұзақ шаруасына алданып жүрді. Шай жасап, қонақтарды күткен де өзі болатын. Шешесіне болысып, тыста сойылып жаткан мал жакка да барып қайтады.
Қонақтар мен әкесінің әңгімесі үзілінкіреген кезде Қуандық Қара- шашпен сөйлеседі. Шай үстінде барлық жұртқа ашық үнмен тіл қатып:
— Ішіңіздер! Ішіңіздер... Аз іштіңіз! Жеп ішіндер! — деп, анық үй иесіндей бейіл көрсеткен.
Әке алдында именіп, жаскднып, ұяң сөйлейтін кыз емес. Шайдың дастарқаны жиылып болған кезде, мал да сойылып болып, ет асылғанды. Үй ішінің қарбалас жүрісі саябырлады да, барлык үлкен-кіші қонақтардың айналасына жиылды.
Қазірде көбірек сөйлеп отырған — Абай. Қуандық Абайдың атын бұрын да естіген болатын. Өзіне жақынырақ отырған Қарашаштан енді анықтап тағы сұрап алды.
Жігіт қонақ әр сөзін байыпты қып, шешен сөйлейтін сиякты. Абай биылғы жұттың ауыртпалығын бұрынғы жұттармен байланыстырып, желілеп сөйлейді. Киіз туырлықты казактың баяғыдан бергі айыкпас касы, арылмас соры сол. Осыны екінің бірі біледі. Жұт артынан ел атаулы елдігінен айрылып, індет көрген малдай болып қалатынын көз көріп жүр. Бірақ атадан бала, баладан нәсіл сол көргеннен өнеге алары бар ма? Бұл бәледен қүтыларлық жол бар ма? Ойлары бар ма? Сондайлық баянсыз тірлік үстінде отырып іргелі елмін деп қайтіп айтады, жел қуған қаңбақ болмай, ел болудың шаруасын ойлаған бар ма? Осы туралы арғы-бергіде “ел қамқоры” деп аталған жандардың, елге жаны ашып, жол айтқаны, жөн сілтсгені болды ма? Қадырбай соны біле ме екен? Осыны сұрады.
Қадырбайға бұл сұрақтар тосын көрінді. Ойланыңқырап отырып, тақпақтап, мәтелдеп кетті. “Баянсыз бак, тұрлаусыз тіршілік... Бар дүниеде тозбақ бар. Иісі аңқыған бәйшешегің де күзі жетсе қуарады... Әл- куатың кеткенде, алма бетте суалады” деп, дүниенің кезегін, баянсызын айтты.
Абай бұл сөздердің шешендігін бағаласа да, ішкі нәрін қанағат қылған жоқ. Қазақ деген калың ел, іргелі ел, оның тірлігінің де айнымас берік тұрағы болу керек. Бәйшешектің тірлігі адам тірлігіне місе, мысал болмайды деп еді. Қадырбай ел дегеннің бәрінің тірлігінде де тұрақсыздық бар екенін айтып, қазақ тірлігі өзгеден артық тірлік деп бағалады.
Абай бұған да тоқтамады. Өзге елде өнер барын, өнер деген таусылмас азық, жұтамас байлық екенін айтып кеп:
— Ойлап, байқап қарасаңыз, осы дүниедегі бар жұртты біздің казақ шала біледі. Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар еді. Сонау Адам-ата заманынан бері қарай бір елдің өнегесіне бір ел ортақ боп келген. Соның талқанын бойына жапсырып, үлгі етіп, өрбіп өсіп келген. Біз болсақ, сол көп үлгіден кенде, көп өнерден кенже калғамыз. Баяғы заманнан бері айықпаған жұт, аумаған киізтуырлық, айнымаған төрт түлік — баршасы да сондай артта қалғандык салдарынан. Ендеше, осы дүниедегі бар жұртты өзінен кем санайтын казақ, дәл сол дүниедегі ен панасыз жұрт екен, —деді.
Қадырбай мен Қуандық мына сөздің тұсында бір-біріне қарасты да, іштен ұғысқандай болды. Қадырбай өзге әкелердей емес. Баласына ақыл сала сөйлейтін және қызбала демей Қуандыққа да сүйенетін тәрізді.
Бұл кештегі ұзак өнгіме мен кейбір жарыссөздер ылғи ғана сол жаңағы “ел”, “елдік” деген жайдан болды. Сонда кәрі акын жас жігіттен неше алуан соны сөз есітіп кеп, іштей қатты толғанып калды.
Әншейінде кандай үлкендермен кездессе де оңай ұғысатын жайлар бар еді. Сол баяғыда шешіліп койған, “айдан айкын” деген сөздің барлығына мына жігіт баскаша қарайды. Дау айтады. Айтқанда, тауып айтып, тізе көрсетіп токыратып кетеді.
Келесі күні кымыз үстіндегі мәжілістерінде осы әңгімелер және де сөйленді. Қуандық дауға араласқан жоқ. Бірак бүгін ол Абай сөздерін көбірек қостайтын болды. Әкесінің кейбір дауларын кабыл алмай күледі де:
— Әке, қонақтың сөзі ұтымды ғой, — деп қояды.
Тағы бір кезде “осы сөзге тоқтау керек-ау!” деп те қойды.
Бұл тұс Абайдың кешеден бергі әңгімені екшеп кеп тоқыраткан жері болатын.
Бүгінгі елдің тірлігін, кәсібін көп сынаған Абайға Қадырбай жаңағы бір кезде:
— Ендеше, өзін не дейсің? Елді бұдан былай немен ел бол дейсің? Сынадың, мінедің ғой! Ал енді шығар жолын бар ма? Сонынды атап көрші!—деген.
Абай осыған орай:
— Елге өнер, білім керек. Оқу,тәрбие керек. Ендігі заман кең жайы- лыс, ұзақ өріске сеніп, калың ұйқыны қуат біліп жататын заман емес. Өзге өнерлі елден оқып, үлгі алудың заманы, — деген.
Бұл байлау Абайдың осы дау үстінде тапқаны емес, көптен бергі оңаша ойларының сарқып келген жері. “Ел үшін сол керек және, әсіресе, өзі үшін де жалғыз жол, даңғыл жол — сол!” деп білген болатын.
Қадырбай “оқу, тәрбие — ата мен бабаның тәрбиесі. Балаға соны білмек — бәрінен де асыл" деп, дауласа бастап еді, Қуандық сол тұста жаңағы өз байлауын айтқан.
Осыдан кейін Қадырбай өзі тоқырап қалып, кайта ойланды. Ойланып кеп, үндемей отырып барып, ақырында:
— Шынға бақсақ, сенің сөзің әділ екен, балам. Бетің де, арманың да көкейіме қонады. Ендігі заман солай болса, болғаны-ак! Сенің айтып отырғаның осы өз буының мен келер ұрпақтың тілі болар. Тек, бірак кімге барасың? Жұрттан үлгі алмай, өзгеге бермеген - сол біздің халық. Себебі не? Себебі, жалғыз, оқшау жасап, үлгі-өнегесін кайтіп аласың? Сол жолда заман адастырмаса болғаны да! — деп сөзін аяқтады.
Кдрт ойшы көп қарсыласты. Бірақ байытттап барып, шын мақұлдады.
Осыдан кейінгі екі күн, екі түн бойындағы әңгімеде Абай Қадыр- баймен дауласқан жоқ. Бірак аса бір ықыласты, ұғымтал тыңдаушы боп отырып, ылғи ғана Қадырбай көрген ақындар жайын сұрастырған.
Қадырбай бүл мәжілістер тұсында даңғыл жолға түскендей боп, жазылып кетті. Кейде соқтырып, өлең айтып кетеді. Өзі жаңылып ұмы- тыңкырап калған жерлер болса, жалт етіп Қуандыққа қарайды. Әрі сұлу, әрі майда мінезді Қуандық әкесінің мүдірген жерлерін тез айтып, есіне түсіріп жібереді.
Бұрын талай естіген сөздерін әлі де құмарланып, сүйсініп тыңдаған ажар көрсетеді. Жалғыз айтыс-талас сөздер емес, елдің мұңын-шерін айткан ойшыл ақындардың сөздерін де Қуандық жаксы ұккан екен.
Қарт ақын әр сөзінің тұсында әлдебір ертегідей алыс ақын Садаққа соға береді. Бала кезінде өзіне өзге ақындардан өзгеше көрінген сол Са- лекең екен. “Көргені мен білгені ұшан-теңіз. Ол кісінің айтканы мен жеткізгенінің мың да бірін білмейміз. Тегін емес, кеудесінен нұр саулаған акын сол еді, жарықтық!” деп сөйлейді.
Садақ Кадырбайдың айтуында жай ақын емес. Өзінше бір көреген жан сияқты.
Лбай осы орайда Кадырбайдың сол Садакпен айтысканын сұрап еді. “Садак пен баланың айтысы” дейтін Арқаға мәлім айтыс. Сондағы бала осы Кадырбай болатынын Абай жақсы білуші еді. Бірақ Кадырбай ол сөзге көп тоқтаған жок.
— Біздің Садекенмен айтысар шамамыз кәне? Әншейін бір жалғыз ауыз сөздінтұсында болымсызтоскдуыл айтқаным ғой. “Айтысты, женді” дейтін сөз емес. Тек қана Сыбанның Шүмек бастаткан он алты ақынын жеңіп отырған соң, мұндағы елдің намыс етіп, көтеріп әпкеткені... — деді де, басқа әңгімелерге көшіп кетті.
Кадырбайда үлкен мінезділік, кеңдік бар. Өзімшіл емес. Мактан гөйлеген "шыға шаппа” емес. Сонысы және жалғыз Кадырбайдың өзінде емес. Осы кәрі акын есіне алып отырған Садақта, Шүмекте, Барласта да бар сиякты. Кадырбай өсиеттерінің түбіне бойласаң, акындык — дары- ған күш, үлкен қасиетті жаксы акыннан калған айшықты сөз, тегінде, заманның қасіретін айтады екен.
Көргені мен естігеніне көз салып, көп ойлап кеп топшылағанда, Кадырбай осыны түйіпті.
— Сол сарынның бәріне кейде ақырын жатып, кұлак салып байып- тасам, бір шерге бір шер ұласып, қосылып жатады екен өзі. Көкейкесті күйін тыңда, күңіренген жырын тыңдашы. Абай, сен кешелер бір орынды сөз айттың, балам. Осы елдің өткенінің бәрі де, тегінде, өзі кешкен өміріне сүйсіне алмай кеткен екен. Көп сарынның ішінде басымдап, әктеп келіп жататын бір сарын бар. Сонысы қуаныш пен шат-шадыман, мәре- сәре емес-ау! Көптен көбінше заман уайымы, заман дерті-ау. Арыдағы арманын айт, кешегі осы елде болып өткен мамырдың жұтын айт. Бұл туралы да осы күні көп ақын зар төгеді... Бәр-бәрі де шат болған елді аз көреді. Шаңырағы күйреп жаткан күйзеулікті айтады ғой. Сол текке айтылып жаткан жоқ. Сен айтқандай панасыз, айласыз болғандыктан туып жатыр. Жалын аткан көптің дерті айтқызып жатыр ғой!—деп, Кадырбай бір үлкен түйін түйді.
Содан кейінгі әңгімелерде Абаймен екеуі жас-кәрі демей, аса жаксы үғысып кетті.
Арғы-бергіден тағы да көп сөздерді сұрастырып кеп, Абай Кадыр- байды енді анықтаныды. Сонау бір жас күндерінде Абайдың аса жақсы көрген ақыны Барлас еді. Беріде Шөжені білді. Балтаны көрді.
Казір бірнеше күннен бергі әңгімелер тұсында Абай Кадырбайды солармен көп салыстыратын. Ойы дана, мінезі майда, жолы даңғыл карт ақын Абайдың бұрын көрген ақындарына кейде ұқсап, кейде ұқсамай кететін сияқты. Енді кеп екшегенде, солардың бәрі мен Кадырбайдың шындап барып, тереңдеп туысып жатқанын ұкгы.
Осыны ұққан сайын, барлық осы кәрілерді жанындай жақсы көре бастады. Өз халқының ішінде өзгеше бір ғазиз, жақсы жандар осылар сиякты.
Жаңа Кадырбай айтқандай, арғыдан бері қарай терсе, елдің үлкен арқалығы осылар сиякты. Бір сәтте мынау сүлу картты Абай өзінің әкесін- дей түсініп, іштей тағзым етіп, шындап тұрып бас иді.
Жай әке емес. “Малынды бақ’ Дәулетіңді асыр’ Ұрпағыңды өсір! Өзгеге өктем бол!”дейтін әке емес. Ой-сананыңәкесі. Тағылым мен таза жолға бастайтын әке сияқты.
Абай Кадырбайға алғыс айтты. Ұстаз алдынан алмаған азық алғанын айТгы.
Бірнеше күн осындай келелі кеңеспен өткен еді. Абай бұл уақытта Кадырбай касынан екі елі айрылған жок.
Бірақ енді дәл Абайдың өзі болмаса, Асылбек пен Ерболдар және, әсіресе, Куандық, Карашаштар да басқа ермек іздей бастаған. Олар: “Отауға барайық. Азырақ сауық құрып, көңіл сергітейік” дескен.
Кадырбай өзі де жастарды өз мәжілісінен “азат” етуді ойлаған екен.
Төртінші күн кешке жакын қолына домбыра алып отырып:
— Шырақтарым, сендермен сөйлесіп өзім де сергіп калдым. Бірақ біз от орнына шөгіп қалған карт бурадай болдық. Канша айналып, қармансақ та, кәрі әженің бала уатқан гөй-гөйіндей күй басады. Сендер оған қашанғы мүлги бересіңдер? Тілегің, талабың алдында. Біздің ту болса, жиырылып ойға түскен. Енді дөң басына да шыға алмайды. Сендерге ол жол емес. Өрлейтін өр, қиялайтын қияларың алдында. Соған бас, содан кайтпа!.. Үнемі уайым ойлама!.. Сауықта құр! Шалқып қал! Көрмегеніңнің бәрін көр!.. Тек беттерің кайтпасын! — деп, біраз отырды да...— Енді, сауык құрыңдар! Мен сендерді аз сөзбен шығарып салайын! — деп, домбырасын күңіренте тартып жөнелді.
Жастар тегіс телміре карап, үн тындап кап еді. Аздан соң Кадырбай әндетіп кетті. Даусында аса бір кең тыныс бар екен. Боздаған нардай үлкен толқын шығады. Жас шағында бұл ақынның ірі әнші болғаны сезіліп тұр. Бүгінгі сазында кешеден бері өзі айтқан “көкейкесті” толғау бар. Арман салқыны келеді.
Жастарға қазіргі айткан сөздері “әз ағаның” тілек батасы сиякты. “Жаксы балам, асыл інім, адам бол! Артыңа өнеге қалдыр! Кысылған халқың, қаумалаған қарындасың, бауырыңнан пана табар бәйтерек болыңдар!” деп сөйледі.
Коныр кеште, осындай саналы бір саз тартқан карт акынның әні де өзгеше болатын. Әсіресе, қайырмасы баска. Ол Кадырбайдың көп жылдан бергі тауып алған, аумас, айнымас қайырмасы.
Күңірене толқып, нақыстап кеп, анда-санда: “Елім! Елім!.. Ғлім-ау, елім!” —деп қайырады.
Абай осы қайырмадан қатты әсер алды. Барлық үлкен тұлғалы Кадырбай сол бір қайырмадан танылғандай. Өзінің асыл жүрегін анық ашқандай. Қасиетті ата, халық атасы боп биіктеп шығып, шарықтай түсті... Абайдың жүрегі алғысқа толы. Қарт ағаның өні тоқтағанда, жас жігіт сұп-сұр боп, қатты толқынып қалды. Осы халінен айыға алмай, Қадыр- байдың жүзіне қадалып капты. Тамағына лықсып кеп тұрған шер толқыны бар.
Абайдың қатты өзгерген жайын Қуандық байқап отыр екен. Әкесінің домбырасын ептеп сусытып алды да:
— Шығарып салар әніңіз “Сауық құр!” деп тұрған жоқ. Тағы да: “Сарыла түс!” деді ғой, әке! Дәл бұл жолы сол тіліңді алмаспыз. Біз енді ойын ойнаймыз. Білдің бе? — деп күліп жіберді.
Осы мінезі үй ішін тегіс көңілдендіріп, сергітіп әкетті. Абай да Қуан- дықтың соншалық сергек, ерке күлкісіне таңкалды. Шаттық пен сауықтың жаны да, сөнбес шырағы да дәл осы еркін сұлу, жас қыз сиякты. Дәл осы сәтте, осы күңгірт кеште Қуандық Абайға үлкен бір қуат, екпін суретін көрсеткендей болды.
Мынандай жанның маңында күңгірт кеш те, жабық көңіл де болмау керек. Оның аты — үлкен үміт. Әрі сұлу, өрі сенімді, мықты үміт. Оның бас иер күші жоқ.
Отауға барған соң, қонақтар қасына коп кыз, келіншек пен жас жігіттер жиылды. Ойын-сауық аса қызу боп басталып, таң аппак атқанша солғындаған жоқ. Бұл түнде ұзақ әсем ән де шырқалды. “Орамал тастау”, “Хан жақсы ма”, “Мыршым”, “Белбеу соқ”, “Ләппай тутәлә” сиякты күлдіргі ойындар да тегіс ойналды.
Әр ойынның арасында қыздар мен жігіттердің кезек шырқаған айтыстары, өн жарыстары да көп. Сыбан ойыншы, сауыкшы ел болатын. Әсіресе, осы ауыл — Қадырбайдың әкесі Ақтайлак заманынан бері қарай айтыс пен әннің қан базары. Кішкентай күнінен бері сол калың думан ортасында өскен Қуандық мынадай ойын-қызыктың жаны есепті. Өзіне серік, дос қыздары да көп.
Сыбан мен Найманның ескіден келе жатқан әдеті қыздарын жастай ұзатпайтын. “Сыбан қызындай үйде қартайтамысың?” деген сөз, өзге көршілес елдерге мәтел сияқты болған. Қадырбай ауылында, мынау отауда сондай жетіп отырған, жасы отызға тақап калған қыздар біреу-екеу емес, әлденешеу. Соның бәрі шетінен қалжыңқой, ашық. Ойын-сауыққа жаны құмар, шетінен әнші, өлеңші боп шықты.
Бар жиынды бастап отырған Қуандыктыңөзі. Оның тамаша күлкісі әрдайым сыңғырлап шығып, күйдей созылып, жұрттың бәрін еліктіріп отыр. Қуандық ойын үстінде жігіттерді аямайды. Мәз болып күліп отырып, қызара түсіп, катты жазалайды.
Өзіне жаза тартатын жер келсе де саспайды. Күлкісінен жазбай, міз бақпай отырып, бар жазаны оп-оңай көтеріп кетеді.
Осы кеште Абай мен Қуандык катар отырып, әзілмен, әнмен, айтыспен де көп жарысты.
Ең алғашкы айтысты Қуандык өзі бастаған.
Арнап сөйлеген кісісі — Абай. Бұрын айтыска көп салынбаған Абай әуелі ән жағына салмак салып, сөздерін ойланынкырап, бөгеліңкіреп айтып отырды. Сыбан ішіне Арканың көп сұлу әндері жайылмаған екен. Абай соларды айтумен және ырғак, накысын жаксы жеткізумен Қуандык әнін баса берді.
Алғашкы бір қағысулары осымен өтіп, ойын арасында айтыска тағы оралып келгенде Қуандық ән айтпай, термеге түсті. Айтыстың әні емес, сөзін сарапқа салайық дегені. Абайдың құлақ күйі сияқты бір жеңіл, жортпа термесі болатын. Ол да соған түсіп, енді Қуандыктың өзіндей жылдам шығармаға ауысты. Барған сайын Абай бойын кең салып, шешен айтуға, шапшаң айтуға оңай төселіп барады. Ендігі айтысты өзі де тілегендей. Бойына екпінді сергек бір жалын біткендей болды. Бірінің сөзі бірін жанып салып, екі жасты анык шабытқа шақырып отырды.
Қуандыктың екі көзі күлімсіреп, ақша беті бал-бұл жанады. Жас жігітпен өз жарысын рақат деп білген тәрізді. Бұл жастардың айтыс сөздері сыпайы қалжыңмен бір-бірін мақтау. Жігіт сол әзіл құрмет арасына “махаббат”, “ғашық от” деген сияқты жайларды араластырып, тұспалдай береді. Қыз болса: “Сыпайы құда, сый азамат, келген сапарыңды құрмет етем. Затың жақсы, өзің жақсы. Әншейін бір әлдекім емессің. Екеумізге де жарастығы сыпайы сыйластық” деп бейнелейді.
Көп көзінше ашық айтысқан әзіл құрметтері осы. Бірақ жай отырып, акырын сөйлескенде, сұлу қыз бен мәнді жігіт осы кеште көбірек ұғысып еді.
Оған басшы болған Қуандык. Жұрттың дырду-думаны молайып, бір жерде ән шырқап, бір жерде күлкі-тартыс басымдап, керіс боп жатқанда Қуандык Абайға мойын бұрып: — Өлең байғұс көп орамға келе бермейді. Жұрт көзінше не дейін, Абай? Көңілімнің айтпағын әнім іркіп қап еді. Шын сөйлессем, саған айтар сырым көп’ — деген. Осы сөзінің өзін де күліп отырып, жұрт көзінше сезікті етпей айтты. Ашық сөйлеп, батым келіп, Абайға өзгеше көңіл бөлетінін білдірген. Екеуінің іштей ұтысулары бүл кеш емес, алдыңғы күндерде-ақ мәлім сияқты еді.
Абай Қуандыктыңақсаусақтарын катты кысып отырып, екі бірдей жүректің жан тамырлары бір сокканын сезді.
— Екеуміздің жүрегіміз бір соғады-ау! Көремісің? Айтқанына қуандым. Мені де өзіңдей көр! — деп калды.
Осыдан соң бұлардың әрбір күлкісі, әзіл сөздері, қабақ қимылдары — барлығы да сондайлык бір тәттілік, қуаныш белгісін көрсетіп отырды. Ойынды сылтау етіп бір рет сүйіскенде, бұлардың жүздері де шын ләззаттан белгі беріп, бір-біріне ып-ыстықбоп тиісті.
Осы түннің қылаңдап атқан таңында, қонақтар тарай бастаған шақта, Қуандык Абайды шеткі үйге қарай жөнелтті.
Жұрттың бәрін таратып, жайғастырып болған соң, сол үйге өзі де
келген еді. Шеткі үй оңаша екен. Ішінде бір ғана төсек бар. Иесі картаң әйел ерте тұрып кеткен сиякты. Екі жас ыстык құмарлықпен, жалындап табысты. Тығыз жерде, тар уақытта кездескендіктен екеуі де үнсіз еді. Қалтқысыз келіп, іркілмей қосылған құшақтары бұларды сол үнсіз, жым- жырт толқын ішіне лезде тартып әкетті.
Осыдан соңтағы да бірнеше күн ойын-сауықболды. Абай мен Қуандық арасы тең жастардың жаксы достығына айналды. Бірақ бары сол ғана. Екеуі іркілмей табыскднмен, жалындаған махаббат тумады. Абайға Қуандық оңаша кездескеннен гөрі, жүрт көзінше көп ұнайды. Оқшау жерде Қуандыктын ашықтығы әлдеқандай кекселік сияктанып, жігіт жүрегіне қатаң тиеді.
Қуандыктын Керей ішінде қайын жұрты бар. Күйсуі бірнеше рет келіп кеткен екен. Өзінің бұрын алған қатыны бар. Қуандық соған тоқал боп бармақ. Қайындап келген кездерінде калындык оны сүйе алмады. Әрқашан салқын қалатын. Сол мұңдарын Абайға сөйлеп кеп, сұлу қыз өзгеше бір тілек ойлағанын айтып еді. Абай жауап айтпай ойға түсті. Бірнеше баланын анасы болған Ділдә бар. Рас, Қуандық Абайдың теңі. Тәрбиесімен, өнерімен, ақыл парасатымен де өзгеше жан. Сөз жок.
Әлі күнге өз өмірінде кездескен әйелдердің ішінде Абайдын өнерлі, сұлу, қайратты қыз көргені осы.
Бірак Қадырбайдын ренішінен аттап өту, Ділдәнің балаларын ұмыту оңай істер емес. Осының бәрінің үстіне, Қуандықты ақылы сүйсе де, жүрегі оншалык бой тартпайды. Осы күндердің өзінде де Абайдың көңілінен Тоғжан ұмытылған жоқ. Қайта мынандай шешен, ашық, атақты Қуандыкпен тайталаскандай боп, көз алдына шын сүйгені елестей береді. Абайға ол әкелген ғашықтық, ол ұсынған жүрек, ол берген нәзік ләззат бұл дүниеде кайта оралып келместей. Онымен тең жан тумастай, табыл мастай еді.
Тоғжан есіне түссе, Абай тар төсекте де Қуандыктан тартынып, құшағын ірке береді.
Қуандыктын Абайды сүюі де жігіт мінезіне орай сиякты. Ыстық оттан да, құрметтеген сыйластық көп. Бірақ сонда да Қуандық тілегінен кайтқан жок. Абай өз ақылымен дәл байлауын айта алмалы да, Қуандық- тың өзіне ақылдасты.
Егер Қуандық рұқсат етсе, осы жайды Қарашаш пен Асылбекке айтып, солар нені ұйғарса, соған байласайық деп еді. Қуандық карсы болған жок.
Қарашаш пен Асылбекке Абай бөлек-бөлек сөйлесіп еді. Баяғыдан Абай басына тілеулестігі күшті Қарашаш мына сөзді қуанып тыңдады да, тез қостады.
Бірак бұл қанша мақұл көрсе, Асылбек соншалық жатырқап, қарсы шықты.
— Бүл іс болмайды. Қолдан келмейді. Жазығы жоқ Алшынбай қызын Құнекең ренжіте алмайды. Алшынбайдан кетісем демесе, саған рұқсат етпейді. Қуандық кайын жұртына жаманатты болады. Соның бәрі
жиылып кеп кәрі Қадекеңе дерт болады. Менен баска кісі естімесін. Осы арада қалсын! — деп, Абайға катты салмаксалды.
Сондай сөзді Қуандыкка да өзі айтты. Сөйтіп, екі жас алғашқы ойла- рынан басылып калды. Бірақ айрылысар күнгі соңғы кездескен сағатында Абай мен Қуандық келер күнге үміт артып қалатындарын, өлі де ойланып көретіндерін айтысты. Екеуі аса жақсы сыйластықпен өзгеше тату дос болысып, бір-бірін қимай айрылысты. Сертпен кетісті.
Қадырбай аулынан кайтып. Тобықты жайлауына жеткенше арада екі күн өтіп еді. Қарт ақынның қонақшыл досжар үясын Абай оңай қия алмады. Жақсы мекеннен ұзаған сайын Қуандыктын да бар мінезі қадірлі көрініп, кымбат тартты. Бірақ сонда да жүректе жалын жоқ, ойында байлау да жок.
3
Биылғы жайлау — жылдағы жайлау емес. Жаздың өзі күздей жабырқау, жүдеу болды. Күн райынан емес, халықтың көңіл шырайынан солай болған. Құнанбай сияқты атқамінерлер өз ауылдарына жылдағы- дай топ жия бермейді. Бұрын Ырғызбай ішін кернеп жүретін кау-көрік сөздер, ұркеппе желіктерде саябыр. Қоныс, өріс ретінен таласатын жөн жок. Ырғызбай ортасы сияқты Байдалы, Байсал, Сүйіндік, Қаратай сиякты аз ғана жұрт болмаса, көпшілікте мал аз. Сырттың калың көгін аясын ба! Тұтып тұрған актығын аясын ба?
Соктықкыш жуандар, содырлы сайқалдар кімге көкірек керсін? Қайта көптің бәрі аш-арықбоп мойыл калғандыкган, жаңағы аман қалғанның барлығы биыл тыныш, жым-жырт жүргенді тәсіл етіпті.
Көп үшін қынжылған кісі бол. Көп алдында күрсіне түсіп, халықтың аман күнін айткыш бол. Сорпа-суың мен быршыған іркітіңнен, сау- мал-шалабыннан да қарайласқан боп жүр. “Аш-арығымды асырап жүрмін” дей бер... Биылғыдай көпті күйзелтіп, топты томсарткан жылдарда сондайлык майысқақ, маймақ келсе жарайды. Кедейі мен момынын аман күнде аунатып жел, ауыр күнде осылайша алдаусырату керек.
Міне, көп үстінен жеген көбегендердің, “сүт үстінде қаймақ” атанғандардың ендігі ебі сол. Айланың киіз кітабынан алған сабақтары осы болатын.
Онысына орай, осы жыл көп те бөлек. Қалың ел аса суық түсте. Сөз аз. Бірақ кабактан кейіс, қияс айықпайды.
Сондықтан Тобықты жайлауларында бұл жазда бір де бір той болмады. Әдетте, бұл кезде талай рет атшабыс болушы еді. Биыл, тіпті, құнан да жарыспады. Келін түссе, кыз ұзатылса, бала сүндетгелсе — бәрі де болымсыз ғана жаяу желікпен, бірер табақ етпен тарқайды.
Дәл осындай ерекше сарылған тыныштық ортасында, соңғы уақыттарда бір үлкен дақпырт шықты. Ол — жау білінуі, жылқы ұрлануы.
Жайлау күндерін аяқтап, жұрт күзекке қарай бет ала бастаған болатын. Бірер қоныс кейіндеп те көшкен. Сол уакытга айналасы бес күн ішінде Майбасар жылқысынан, Жақып пен Ырсай жылқысынан және
Құнанбайдың өзі отырған аулынан жиырма шақты семіз ат жоқ боп шықты. Бір ауылдан бір ауыл хабарланып, осы жоғалған мал жайы ен жайлауға тез тарап жатты. Азын-аулақ талшығы бар ауылдың бәрі де күзетін сақайтты.
Бірак ұрылардан із-тоз жок. Бүл сиякты көп ел құлақтанған қауырт ұрлық ұзак жатпаушы еді. Біреудің үйінде жас тері көрініпті. Біреуден мезгілсіз сойылған ірі қараның кан соктасы көрініпті, боршасы байқалыпты десетін сыбыстар оп-оңай шыға кдлушы еді. Қазір олай емес. Суға батқандай жым-жылас.
Әуелде Құнанбай мен Жакыптар өзара ойласқанда: “Бұл жау көршілес Керейден шықты немесе Найман, Сыбаннан келді” деп топшылаған. Әсіресе, қоныс аралары ұзарып, жайлау-жайлаудан қайтысатын кез келген соң: “Әдейі осы уақытта істеп отыр. Мойынды қашыққа салып кетеміз деп осылай етті’’ дескен.
Құнанбай көші-конды бөгеп отырып жаңағы үш-төрт рудың баршасына да жоқшылар жөнелтті. Ызғұтты, Майбасар, Ырсай бастаған топ- топ кісілер үрдіс жүріп, ат сабылтып, талай жерлерді аралады.
Бірақ көрші елдің ешкайсысынан дерек білінбеді. Елсіз жерлер- дегі карауыл биіктерге, киын-киын шатқалдарға барып жер шалған Төлеп- берді, Бурахан, Қамысбай, Жұмағұл сияқты пысық, сергек жігіттер де із- тоз білген жоқ.
Құнанбайдын көп ауыл, көп жігіттері осылайша өре түре телген кездердің өзінде, дәл сол Ырғызбай ішінен тағы да бес жылқы жоқ болды. Тіпті, жалғыз Ырғызбай емес, енді Байсал, Сүйіндіктен де төрт бие алынды. Аздан соң Көтібақ, Бөкенші де жок қарауға кірісті.
Шебер ұрлық сонда да білінген жоқ. Тек қана, түн асса: “Алып кеггі”, “тағы әкетті” деседі де, кала береді.
Құнанбай ыза болып, өзі атка мінсе де, жауы кім екенін біле алған жок. Жоқшының бәрі кайтып келді. Қарауыл биіктердің басында күн сайын сарылып қадалған шолғыншылар да кайтты. Бос кайтты. Тек қана ендігі шара: түн күзетіне сақ болу еді. Құнанбай барлык ауылдарын катар қондырып, бірге көшіріп, шоктай қып, жиын ұстады. Сөйтті де үдере көшіп тарта берді.
Өрттен қашкандай боп асығып жөнелді. “Тым құрыса, жаудың беті баскаға бұрылар, бізді қуа бермес. Сонымен толас көрерміз!” деп ойлаған.
Қаша көшу азын-аулақ ем болғаны рас. Соңғы күндер Жігітек, Көтібак ішінен ұрланған малдардың хабарын көбірек жеткізеді. Бірак сонда да Ырғызбай түгел аман калған жок. Екі тай мен бір семіз байтал тағы жоқбоп шыкты. Осы кезге жеткенде Құнанбай: “Енді білдім, таны- дым”деді.
Бірак “білдім” дегенімен, айыпкерінің атын атаған жоқ. Тек кана жауды: “Алыстың жауы емес, іштің жауы” деп байлаған. *
Байсал, Сүйіндіктерге мұндай ой келген жоқ. Екеуі де өлі күнге құр дағдарып, құр санын соғып жүр. Құнанбай оларға: “Іздесін, іздей
берсін” деп сәлем айтты. Бірак өз топшылауын білдірмеді. Осы кезде көрші руларға бірнеше кісіні жай ғана жансыз етіп аттандырған.
Ол кісілерге тапсыратын сөздерін де бір өзі ғана білді. Осындай бұйрықтармен жіберген адамдары да окшау кісілер. Ойда жок жандар.
Мысалы, Жігітек ішіне, Қарашаның аулына жібергені кәрі кемпір. Сол ауылдағы бір жалғыз үй кірмемен сүйек шатысы бар кемпір екен. Көтібақ ішіне де сондайлық елеусіз кедей шалды жіберді. Торғайға жібергені де бір шал түйеші болатын. Бұл кәрілер әсте сұрау салмайды. Тіпті, мал жоғалғанын да білмейді. Жай әншейін құдай деген жандар ғана болады. Жалғыз-ак барған ауылдарының үйді-үйлеріне ертенді-кеш кіріп, ішкен-жегендерін байқайды. Барлық тапсырылған міндет осы ғана.
Сол шебер айланың арқасында, аз уақыт ішінде Құнанбай жауын тапты. Көп жылқыны алатын алғыштардың ұясын білді.
Сөйтіп, ендігі зіл салмағы түсетін жер—тағы Жігітек. Оның ішінде Қараша, Қаумен айналасы болды.
Құнанбай бұл жолы тұспалмен, ой жотамен соқтыққан жок. Бұрынғыдай емес, дәл мынау тұста кінәсі орынды болатын. Жігітектің бірнеше жігіттері шын айыпкер еді.
Әңгіме Балағаз бен Абылғазыдан басталған. Балағаз - Базаралы- ның ағасы. Жігітек ішіндегі намыскер, отты, пысық жігіттің бірі. Абы- лғазы - Қарашаның баласы. Қарашаның өзі сияқты, көп балалары да шеттерінен соткар, кияс болатын. Ертерек кезде Құнанбай мен Бөжей арасын ұшқындырып жіберген бір уақиға осы Қарашадан басталып еді. Оған Қауменнің де қатынасы болған. Көпке мәлім Тоқпамбет төбелесі әуелі осы Қараша, Қаумендердің екі атшабарды сабауынан басталғанды. Содан бері Мұсақұл төбелесі сиякты, Бөжейдің асы сияқты үлкен жиындардың бәрінде Қараша мен Қауменнің ер жеткен азамат балалары көп аузына ілініп, көзге түсе беретін. Шетінен намыскер, өркөкірек және мықты, отты.
Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты сұлу, әрі шешен жүйрік. Жігітек ортасы мақтан еткендей атпал азамат, атан бітімді жігіт еді. Ерлік пен мықтылығы да сай.
Бірақ биылғы мамырдың жұтынан кейін осы бір топ жігіт елден ерекше жарым көңіл боп жүрді.
Қалың елмен бірге Жігітек көпшілігі де катгы жұтаған. Жер аз болған тапшылықтан жұтады. Сол көптің ішінде “ак сирақ” боп қалғанның бірі — осы Қараша, Қаумен ауылдары. Базаралы, Балағаз, Абылғазы, Әділхан сияқты жігіттерде тек кана бір-бір ат қалды.
Жаз бойы бұлар үйден шыққан жоқ. Аштықты да, кемтарлықты да көп көрді. Кісіге барып, көз сүзіп сауын сұрауға, жалпетек болуға намыстары жібермеді. Керек десе, Байдалыдай туысқанға да барған жоқ. Кәсіп етейін десе, мынандай жұтап калған елдің ішінде түк нәрсенің орайы жок. Жалғыз айла — жалға жүру.
Бірак ол бір ғана өз бастарын асырау болмаса, катын-балаға талшық емес. Өмір бойы жалшылықта жүрсе де, көсегесі көгерген қойшы,
жылқышы, түйеші жок. Алатын акысы құр ғана “ішіп-жем” болғандық- тан, талай жандар атадан бала, баладан немереге шейін үнемі кісі босағасын тоздырумен өтіп келеді.
Жігіттер жаз бойы көргенде, не көрді? Ашыккан баланы корді. Қан- шырдай кдткдн шеше мен жеңгені, катын-қалашты корді. Айнала күрсіну де күнірену. Осы жайларға сол жігіттер айла таппай, қарғыс айтатын. Жалғыз-ақ төменшіктеп, жасып айтпайды. Іштегі ызамен, кыжылмен айтатын. Барлығының сондай күйін Базаралы жаксы айтып беріп еді. Бір күн кешке дөң басында бір топ жігіттің ортасында отырып, ызалы мысқылмен сөйледі.
— Ел еру болса, шаңырағына жоқшылық кеп шеру тартады. Коші- кон болса, әке-шешең, катын-балаң ақтабан шұбырындыға ұшырайды. Жалғыз сиырға артқан ашамайдың үсті де арман бопты. Құдайдың бізден аяған несі калды?.. — деген.
Осы жазда дәл осы жігіттерге Базаралы көп-көп күйік айтқан. Аман қалғанның тетігі неде? Жұтағанның жайы неден? Әділетсіздік қайсы? Ол кандай тон киіп, қалайша тіл қатып келеді? Солар туралы түкпірлеп, ойлаған ойларын айтатын.
Сондай әңгімелер тұсында Балағаз бен Абылғазы тыным таппай, әбігер боп калушы еді. Базаралыға кадалып кеп: “Ақыл-айла тапшы, бет нұсқап, жол көрсетші’ Істерлік іс бар ма? Соны айтшы?” дей беретін. Бірақ Базаралы ол сұрақтарына жауап айта алмаған.
Акыры ендігі өмір өзгеше боп кетті. Балағаз бен Абылғазы екс- уінін түнделетіп атқа мінетінін Базаралы көпке шейін білген жоқ. Ен алғашқы кезекте Майбасар жылқысы жоғалды. Одан кейін Жакыгтган алынды. Осының жаманат сияқты хабарын алып жатқанмен, Базаралы елең қылмаған. Үшінші кезекте Ырсай жылқысы алынды. Дәл осы орайда Базаралы бір түнде ұйықтай алмай, аунақшып жатып, таңға жакын тысқа шығып кетті. Көпке шейін үйге кірмей, далада болған.
Үй сыртындағы көгалға барып, таң салқынына төсін төсеп, жапа- жалғыз ойланып отырып кап еді. Жап-жакын жерде көрші ауыл бар-ды. Қарашаға қараған төрт-бес үй болатын. Сол ауылдың Ақтөс дейтін бір сак қаншығы болушы еді. Тан жана ғана сызып атып келе жатқанда Базаралы Ақтөстің үргенін есітіп, елең етіп қалды. Шабаланып тұрып, оқыс үрді. Анық кісі көргенде үретін үрісі.