Абай жолы 1 кітап — Мұхтар Әуезов
Название: | Абай жолы 1 кітап |
Автор: | Мұхтар Әуезов |
Жанр: | Литература, роман |
Издательство: | |
Год: | 1997 |
ISBN: | |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 8
, .
Абай бұған күлді де:
— Олай болмас. Шыңғыс деген белгілі хан аты ғой, — деді.
— Бәсе, осы сөз менің де құлағыма бір тиген еді. Жадымда калмап- ты. Кәне, білсең өзің айтшы, шырағым, — деп, Сүйіндік Абайды тыңдағысы келді.
Жас қонақ Шыңғыс хан жайында өзі білген, есіткен әңгімелерін айтып кеп, ақырында өз көңіліндегі біраз долбарды қосып:
— Тауының “Шыңғыс", биігінің “Хан” аталғаны содан. Және сонау бір бөлек тауы “Орда” аталғаны да сол. Шыңғыс ханның мекен еткен қонысы екенін паш етеді. Қарауыл демек те сол кезден калған ат емес пе екен? — деп токтады.
Сүйіндік Абай сөзін қапы ықыласпен тындады. Алдындағы шайы ішілмей, кесесі суып кап еді. Тоғжан әкесінің соншалық тыңдағанын енді байқады. Ол Абайға таңдана карап, бірталайға дейін көз алмады...
Үй іші Абай айтқан жаңалықтарды қызыға тыңдап, көңілденіп кап еді. Асылбек, Қарабастар:
— Қисынды-ақ екен! — десті.
Шыңғысты былай койып, тақ осы Сүйіндік қыстауы Түйеөркештің қасында тұрған “Хан” биігін, онан соң Мамай қыстайтын анау “Орда" деген таудың бәрін де шешті. Соны осы күнге шейін неліктен аталғанын білмей жүру, мұндағы үлкеннің бәріне енді ғана орасан көрініп еді.
Сүйіндік Абайдың шынысын өзі әперіп:
— Жеп іш, Абай! — деп, енді қонағының алдына жент пен майды да, бауырсақты да молырақ ысырып қойды. Әкесінің жас қонаққа жасаған осындай бейілін де Тоғжан сезіп отыр.
Бірер мезгіл Абай өзіне қараған Тоғжаннын әдемі кара көзін байқады. Солғын карау емес, Абайды анықтап, түстеп, барлай қараған сиякты.
Абайдың да әйелге анықтап қызыға қараған жолы осы сиякты. Тоғ- жан ұзағырақ қадалып, көз алмай отырып акырын қызғылт тарткандай болды да, козін тайдырды.
— Көп жасаған білмейді, көп тоқыған біледі. Осылайша ұқканын, тоқығанын жақсы, балам’ — деп, Сүйіндік бір тоқтады. Абай осы сөзге жалғастырып:
— Өзіңіздей кісіден есіткен сөздер ғой. Сүйіндік аға! — деп аз отырып. — Рұқсат етсеңіз, осы өзіңіз айтқан кейбір сөздерді де өз аузыңыздан ұғынайын деп ем! — деп Сүйіндікке карады. Тұрпайы емес, сыпайы бастап, орамды келді. Сүйіндік:
— Е, сұра, айт балам! Не сұрамақ ең! — дегенде:
— Ендеше, осы жаңағы кіші Орданың тұсында Көжекбай, Құлжа- байдын жер дауына билік айтқан екенсіз. Сонда “Мен қойдың бөлігін бөлмеймін, құдайдың бөлігін бөлемін!” депсіз. Осының мағынасы қалай? Соны сұрайын деп ем! — деді.
Бұл сұраққа Қарабас, Әділбек, Асылбек те күліп жіберді. Тегі, Абай- дан басқаларына жөні мәлім болу керек. Сүйіндік Абай сұрағына аз тіксініп, қалта карап, ойланып қап еді.
— Шырағым, бұл сөзді әкеңнен ұғынсаң етті.
— Менің әкем баламен ашылып сөйлей бермейді ғой! Білесіз ғой.
— Бірақ жаңағы іске әкеңнің қатысы бар ғой! Оны білуші ме едің?
Қарабас, Асылбектер өлі күліп отыр. Олар Сүйіндіктің кашкалак- тағаны мен сыпайылық сактағанына және Абайдың жайсыз әңгімені қадала сұрағанына күледі.
— Әкемнін қатысы барын білемін.
— Ендеше, әкең аты араласқан сөзді ең әуелі әкеңнің өзінен ұғынға- ның мақұл!
— Бәрекелді! Сүйіндік аға, оныныз жақсы ақыл! Бірдк... сол билік тұсы, сіз бен менің әкем екі араңыздың суысқан тұсы болды дейді. Ол рас қой?
-Рас!
— Ендеше, сізбен калай араздасканын мен өз әкемнен ғана біліп қойсам, мына Әділбек пен Асылбек ағам сізден ғана ұғынып қойса, не болады? Анык шынға жете алмай, сыңаржақ кетеміз ғой. Бірден, адасамыз. Екіншіден, бала мен бала, мына біздер, сырттан кырбай, сырттан шалғай кетісеміз ғой. Сіз маған, менің әкем бұл кісілерге айтып отырса, таразының басы тең баспас па еді?
Сүйіндік те, үй іші де Абайдың мына дәлелдерін дұрыс көрді. Қарабас сүйінісіп кетіп:
— Дұрыс-ау, осынысы баланың? — деп, Сүйіндіктің әңгімесін айтқызуға бейімдеді.
— Балам-ай, алды-артымды орап алдың-ау осы сен, ә? — деп, Сүйіндік ақырын күле түсіп, екі ойлы боп қалды да Асылбекке карап.
— Ей, менің балаларым, мына бала қонағын тартымды жатыр-ау өзі, ойлаймысындар? — деп, жақсы жадырап, шын бейілденді. Тоғжан шай ішіліп болса да, дастарқанды жиғызбай, күлімсірей түседі. Жиі карап, Абай көзімен кездескенде, көптен бергі сыйлас танысына жасайтын ілтипат білдіреді.
Абай әңгімені алғаш өзі ойлаған жаққа бұрды.
— Сол менің әкеммен кырбай боп қалған жеріңізді өзіңіз ұғындырыңыз, Сүйіндік аға!
— Өтінсең, айтайын! Біле жүр! Сенің әкең Мамай ішінде Жаман- таймен көңілдес боп жүріп, өкіл күйеу болғанда екі жүз қой киіт киген.
— Өкіл күйеуі қалай?
— Өкіл күйеуі шын күйеу емес, тамыр есепті нәрсе.
— Онда “тамыр” деп неге аталмайды?
— Тамырлық құрбылас кісінің арасында болады. Ал жасы үлкен кісімен жас жігіт тамырласам десе, кейде осылайша өкіл күйеу боп аталады.
— Иә, сонымен?..
— Бертінде сол Жамантайдың баласы Көжекбай өзінің Құлжабай деген кедей ағайынымен жерге таласты. Мырза: “Соған билік айт, жер бөлігін айырып бер” деп, мені апарды. Мен екі жағының сөздерін ұғынып, өз көңілімше әділдігін топшыладым да: “Бөлік былай болсын” деп, жүріп отырдым. Сенің әкең өзі де басы-қасында. Арт жағымда Көжекбайлар- мен бірге келе жатыр. Мен бөлікті өз көңіліме сыйған әділетпен бөлмекпін. Байқаймын, жүрісім Көжекбайға жақпайды. Тыжырынып, жарыла жаздап келеді. Аздан соң мырзаға сыбырлап, жалпылдап айта бастады. Әкең сенің, Көжекбайды құп көрді білем, арт жағымнан саңқ етіп дауыстап: “Уай, алапес! Сен қалай жүріп барасың?” дегені. Мен екі жағына тең би емеспін бе? Ыза боп кетіп: “Уай, тәйір, қойдың бөлігін бөліп келе жатқаным жок, құдайдың бөлігін бөлемін” дедім, — деп тоқтап калды.
— Иә, сонан соң не болды? — деп, Абай ар жағын тағы айтқызбақ еді.
— Арғысын қайтесің сол, шырағым? Кетті ғой әйтеуір, қым-қуыт, шым-шуыт боп! — деп, Сүйіндік қолын бір-ак сілтеді де, айтпай қойды.
Абай қып-қызыл боп кетіп, шұғыл ойланып отырып калды. Шамға карап қадалып калган көздерінде сол шам отындай үлкен қызғылт, алыс от маздап тұрғандай. Тоғжан қонақтың мына пішініне енді жай ғана емес, тамашалап, қызығып қарады.
Сүйіндік үйінде Абайдың үндемей қалғанына ішінен күліп отырған да кісі бар. Ол Сүйіндіктің кіші баласы — Әділбек. Асылбектей емес, ол ожар, тоң мінезді болатын. Енді Абайдың аңырып, дағдарып қалған пішініне карап өз ішінен:
“Ал тілегенің сол болса, қарык бол!” деп, жымиып отыр.
Бірак Абай қатты ойланып қалғанмен, жасыған жок. Аздан сон және өзі бастап екінші бір әңгімені сұрады. Онысы - Сүйіндіктің тағы бір сөзі. Өскенбайға ас берген тұста айткан сөзі еді. Сүйіндік оны да айтпақ болды.
— Мырза өз әкесі Өсекене ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, калың елді жиды ғой. Тобықтының одан үлкен асы болған жоқ. Естіген шығарсың?
— Есітіп ем. Соған сізде бардыңыз ба?
—Әкеңмен ол кезде кырбай едім! Бармадым. Бірак Айдос, Жігітек- тен, тіпті, анау Мамай, Жуантаяктан да ел калған жок. Жұрттың бәрі көшіп, сонау Көкшетауға барып, ұлы дүбір мереке жасады ғой. Сонда Бөжей мен Майбасар келіспей каты. Майбасар —старшын. Жуантаяк- тың бір ұрылары Наймандағы Бөжейдің нағашыларына барып, көп жылқысын әкеп, кырып тастапты. Соның қуғыншысы келіп, Бөжейге: “Есемді әпер!” дейді ғой. Бөжей Майбасарға асылады. “Ақылдастыр, малын әпер!” дейді. Соған Майбасар: “Сандалып, не айтып жүрсің?” деп, ренжітіп тастайды. Бөжей өкпесінің басы осы еді ғой. “Ажарым өтпейтін болса, шашбауынды несіне көтердім?” деп өкпелеп қалады. Сүйтеді де, ас тарқамай көшіп кетеді. Бұған еріп Жігітек, Байшора, Жуантаяктан да кеткендер болды. Осы орайда, мен үйде жатып, бір-екі ауыз сөз айтып ем, қадағалап отырғанын со ғой.
— Не айтып едіңіз сонда?
— Білмексің ғой, оны да айтайын.
&зге егһ болганда, құдай жеке, Алдыңа ата анаң — ол бір Меке, Кырық үйліні қырық пышақ қылып едің, &з асың да бұзылды ау, Өскенеке? —
деп ем. Жұрт дегеннің ұмытпай жүргені со-дағы! — деді.
Абайға бұл әңгімеден әрі тағы бір әңгіме жатқаны ап-анық көрінді. — Мынаның ар жағы да бар ғой. Онысын айтсаңыз кайтеді? • — Ар жағың кайсы, балам-ау?
— “Кырық үйліні кырық пышақ кылдың” дедіңіз ғой! Ол би атамның ісі ме, жок, басқаның ісі ме еді?
— Абайжан-ай, қайдағыны айтқыздың-ау! Айыпты Өскенекеңнің өзі емес. Тағы сенің өз әкең еді. Енді сен маған осыны айтқызып-айтқы- зып, ертең әкеңмен екеумізді тағы араз кыласың-ау, сығыр! — деп, Сүйіндік күліп қойды.
— Жок, Сүйіндік аға, білейік деп сұрайым. Сіздің үстіңізден шағым жиям деп сұрамаймын ғой!
— Рас айтасың, балам! Ендеше, “кырық үйлі” деген анау Көкен тауы- ның бауырындағы Уақ болады. Сол ел ішінара араздыққа басып жүргенде Құнекең араласып, Қонай деген батырды сүйейді. Егес күшейіп келген кезде, Конайға акыл салып, жау жағын шапқызып жібереді. Капыда калған ел қарсыласа алмай, көл жағасындағы калың камыска кашып кіреді екен. Кұнекең қамысты өртетіп жібереді. Сонда өрттен қорқып, кашып шыккан елді куғызып жүріп сабатып, Конайға жеңгізіп берген еді. Осыны айтып ем! — деп әңгімесін бітірді. Абай осыдан соң өзге әңгіме сұраған жок.
Аздан кейін ет пісіп, жұрт асқа отырды. Абай мен Карабасты үй іші бөгде қонаққа санаған жок. Сол себепті күндегі дағды бойынша дастарқан айналасына Сүйіндіктің барлық балалары да, бәйбішесі де отырғанды. Әкесінің төменгі жағынан шешесімен екі ортадан отырған Тоғжан Абайға қазір бұрынғыдан да жақындай түсті. Абай бағанадан бері Тоғ- жанға бет алдынан қараса, қазір көбінесе қырынан көріп отыр.
Орташа келген қырлы мұрны енді анық көрінді. Кырынан қарағанда бір түрлі сүйкімді екен. Жұмсақ жұмыр иегінің астында жұқа ғана
біртолқындай боп, нәзік бұғағы білінеді. Жылтырап таралған шашы кап- кара калын өріммен ерекше аппақ, нәзік мойнына қарай құлап түсіпті. Үлкен де, кіші де емес, әшекей сырғасы діріл қағып, дамьы алмай сілкіне түсіп түр.
Әлденеден белгісіз себептен Тоғжан пішіні қызара түсіп, кайта сұрланады. Толқып кайтып тұрған ұяңдык па, басқа ма? Әйтеуір, озінше, өзгеше тыныс алып, лүпіл қағып тұрған бір сезім бар.
Қонақасыға әрқашан аса мырза атанған Сүйіндік үйі бүгін дс етті келістіріп асқан екен. Карабастыңөткір сары пышағы кыстан калган семіз жаяны да, алтындай сары уілдірікті де лып-лып сызып, жапырақтап жатыр. Жалғыз сүр емес, сары ала кып аскан екен. Кыс бойы борлаққа байлаған, жапада сойылған семіз қойдың жас сүбелері де бар екен. Бапты қып жемек болған семіз койды жай сойғызбай, үйткізіп алыпты. Жас ет, үйткен қойдың еті болғанда, мына табакка тағы да өзгеше дәм бітіріп, нәр берді.
Бірақ ас осындай бапты боп, үй іші тегіс ерекше көңілденіп жеуге кіріссе де. Абай жөнді жемеді.
Тоғжан да білезікке толы аппақ жұмыр білегін табаққа қарай сирек созады. Сүйіндік пен Асылбек Абайды кайта-кайта:
— Же, шырағым.
— Жесешш, Абай! Алмадың ғой!—деп, әлденеше козгап көріп еді. Абай жей алған жоқ.
Ет артынан Сүйіндіктің көптен сауғызып отырған кысырларының сары қымызы да келді. Оны да жақсы әңгімелесіп, ұзак отырып ішісті.
Бұл кештің соңғы кезінде Абай алғашкыдай емес, тартынып калған- дай баяу еді.
Үй иелері: “Жас қонақтың ұйкысы келді” деп, соған жорыған. Ақыры төсек салынатын боп барлық еркектер тысқа шықты. Абай көңілі бұл кеште өзгеше бір күшті сезімнің әсеріне толы.
Бұрын “ғашық жар" көп оқыған хикаяларда, көп-көп естілген ауызша әңгімелерде болса, бүгін Абайға ең алғаш рет кітап емес, әңгіме емес, өзінін анық, аппақ мүсінімен, күлкісі, қозғалысы, тынысымен “сол мен едім", “мен мұндамын” деп келгендей.
Сүйіндік әңгімелерінің артынан, әуел кезде көніліндегі тұнып жүрген бір ауыр сезім ренжіткендей, бірер төңкеріліп түсті де, кайта шөгіп калды.
Ол емес, тысқа шығып өз-өзімен қалғанда, жұлдызды аспанға аса бір рақат қуанышпен карап тұрып, кең тыныс алды.
Орталап калған ай батысқа таман сызылып барады. Биік те алысқа тартып барады. Жүректі де реніштен, лайдан құтқарып, сондайлыкбиікке, қазіргі бұлтсыз аспандай алысқа, тазалық рақатқа шақырып, жыракка меңзейді.
Түйеоркештен Шыңғыстың жакын биіктері жартылап кана көрінеді екен. Қарақошқыл таулар ай астында көкшіл мұнарға оранып, жым-жырт калгып тұр. Тау жақтан ақырын ғана жел желпінеді.
Қалың қой қыбыр етпей тыныштық алып, үнсіз ғана тына алады. Асылбек. Әділбектер жатуға кетті. Көгал сайда отырған бес-алты үйлі-
ак ауылдың түнлігі тегіс жабык. Ай астында ак үйлер де мызғып, калғып түр.
Сүйіндік пен Карабас аттардың маңында жүр. Абай мынадай көктем түнінен соншалык бір тазалык сезіп, таң лебін танығандай. Бұның жүрегі әдейі арналған таң лебін ерекше ұғынып сезінгендей.
"Махаббат па? Осы ма? Осы болса, мынау дүние, мынау маужы- раган тынысты нәзік түн... бесігі ғой. Сол сұлу саздың күлак күйі ғой”.
Сүттей жарық, айлы түн. Таң әлі жок. Бірак жоқ екенін білсе де, Абай әлдеқандай өзгеше “танды” сезеді. Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар — жүрек тайы. Кеуде толған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім. Соның шалқи түсіп шарықтауы көп. Лыпыл каккан канаттай токгаусыз құбылып, тыныштық ала алмай лепіреді.
"Нені айтады? Не деп түсінеді? Не сипатты бұл сезім? Не боп барам? Такат, сабырым кайда?”
Бойына тоңазығандай бір діріл пайда болды. Себепсіз дірілдейді. Жүрегі де тулап кеп, өз-өзінен қысылып, шаншып кеткендей.
"Таң... жүрек таңы... Сол таңым сенсің бе? Жарығымбысың, кімсің?”
Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр білегі жас баланың етіндей! Ақ торғындай мойны!.. Таң осы да... өзі ғой’
... Ак етің аппақ екен атқан таңдай!
Шынымен бар жанымен құлай табынған сүлуға карап, бар сезіммен үнсіз жырлап тұрған тәрізді. Тоғжанға арналған, ең алғашқы “ғашығым” деген жарына арналған жан жырының тұңғыш жолы осы еді.
Ойша екі-үш ауыз махаббат сәлемін айтып шықты. Бір түрлі оңай, ракат боп өз-өзінен құйылып тұрған тәрізді. Бірақ сол кезде Карабас үйге қарай шақырды. Екеуі тыста жалғыз қапты. Абай үйге таман келе жатып, жанағы өлеңін кайта есіне түсірейін деп еді, “Ак етің аппақ екен аткан таңдай!” дегеннен баскасы есіне әзір кайта түспеді.
Карабас пен Абай үйге кіргенде. Сүйіндік пен бәйбішесі биік төсекке жатып қалған екен. Сарғыш шегірен шымылдық үлкендердің жататын орнын қоршап тұр. Кен үйдің төріне екі қонаққа арналып төсек салынып жатыр. Одан басқа өзге кісі жататын жай сезілмейді.
Тоғжанның өз үйі баска ғой. Ол Сүйіндіктің кіші әйелі Кантжан- ның қызы екен. Жаңа үйге кірерде Карабас айтқан. Тоғжан, әрине, өз үйіне кеткен болу керек. Үйге кірген жерде Абайдың ойлағаны осы. Өйткені төсек салып жүрген — бағанағы шай кұйған сары келіншек.
Абай төрге қарай қозғала беріп еді. Бір уақытта шегірен шымылдық толқып барып қозғалды да, есік жақтағы шетінен шолпы сылдыры естіліп,Тоғжанныңәсем бойы көрінді. Колына бірторғын көрпені алып, бері шығып келеді екен. Асықпай, тіпті, ақырын қозғалады. Шолпысы- ның ендігі сылдырынан өзі қысылған тәрізді.
Келіншек Абай жататын төсекті баптап салып болып қап еді. Тоғжан колындағы торғын көрпені кеудесіне көтеріп, бауырына қысыңқырап тұрып, келіншекке әдеппен ғана бұйрық етіп:
— Аяғын, аяқ жағын биіктесеңші! — деді.
Абайға бұ да дәл өзіне ғана арналған, өзгеше ықылас сияқты көрінді. Бірдеме айтар еді... айтқысы кеп еді. Бірақ жүрегі лүпілдеп аузына
тығылғандай боп, түк сөз таба алмады. Құр ғана қызарып қысылды да, сырт киімін шеше берді.
Тоғжан ақырын, сыпайы ғана кеп, Абайдынтөсегіне торғын көрпені жазынкырап қойды да, есікке карай қозғалды.
Үнсіз бейіл белгісіндей үлкен ілтифат жасады. Бірак бары сол гана. "Шын-ак бары сол ма? Әлде, тіпті, бар қонаққа істейтін дағдылы сыйлық сиякты ма? Сол ғой!" Үлкен үйдің есігіне жеткенше Тоғжан ақырын басып. келіншекті ертіп кетіп барады. Кайта бұрылмайды.
Дәл шығар жерде гана өзінен бұрын есік ашкан келіншекті ілгері шығарып жіберіп, озі бір түрлі сұлу қозғалыспен сырт айнала беріп, төрге таман ақырғы рет бетін беріп, үй ішінен сыртымен шықты.
Тоғжан есікке қарай қозғалғанда, Абай қадалып, телміре қарап қалып, бешпетін екі иығынан шеше беріп еді. БіракТоғжан бір қарамағанға қайран боп, кеткенін қимагандай қалт тұрып қапты.
Енді Тоғжан есіктен шығар жерде бір сәтке коз қиығын тастағанда, Абайдың тапжылмай сілейіп тұрып қалғанын көрді. Бешпеті екі иығынан түсінкірепті де, аппак көйлегі ашылып тұр. Екі қолы бір нәрсеге таңқ- алғандай жазылып, ыңғайсыз түрде асылып қапты.
Абай дәл байқады ма, жок па? Бірак шыға берген Тоғжаннын аппак жүзі қайтадан тағы бір рет, соңғы рет қою қызғылтпен ду ете түскендей корінді. Және сонымен қатар жымия күлген ерні аппақ маржандай тістерін айқын көрсеткендей болды. Үнсіз күлкімен езу тартып кеткен сиякты.
“Бұл не, мыскыл ма, ұят мінез істедім бе?” деп, Абай оз-өзінен қысылып қалып, тез шешінді де, торғын көрпеге оранып, бүк түсіп калды.
Шолпы әуелі жиі сылдырлап, аздан соң баяулай бастап, тағы біраз- дан соң анда-санда бір ғана шылдыр ете түсіп ұзап барады. Абай өз жүрегінің аттай тулап соккан дүрсілін естіді. Шолпы үнін сол басып барады. Өзгеше ыстык қымбат шолпы ең соңғы рет бір шылдыр етті де, білінбей кетті. Түн тыныштығы ұрлап кеткендей, жұтып кетті.
Шамды Карабас өшірді.
Шам өшсін-ошпесін, Абайдың көз алдына қазіргі мезгіл, бұл сәт самаладай жарық. Шамның өшкенін байқаған да жок. Козі жұмулы, көңілі тыныштықтан, сабыр ойдан айрылған. Құйын үстіндегі алай-түлейде.
Бұл түнде таң аппак болып атқанша Абай бір секунд та коз ілген жок. Күн шығарда ғана азғантай мызғыды. Бірак үй іші оянғанда бірге оянып, ерте тұрды. Өңі сұрғылт тартып, жүдеп тұрды. Шай алдында тысқа шығып, далада бой жазып жүрген уақытта. Тоғжан жаткан үйді ойша іздеді. Сүйіндіктін үлкен үйіне жакын тұрған кішілеу ақ үй бар. Асыл- бектін отауы болу керек. Содан әрі алты канат ак үй тұр. Кіші үй сол болуға лайық. Абай қайта-қайта сонда қарайды. Бірақ ол үйдің түндігі жабық. Тоғжан да, шешесі де әлі оянбаған, тұрмаған сияқты.
Далаға Сүйіндік те шыккан еді. Әкесі тапсырған алык-берік жөніндегі сәлемді Абай сонда айтып, бұл ауылға келген жұмысын осы таңертеңгі уақытта бітірді.
Шай уақытында Тоғжан келген жоқ. Асылбек, Әділбектер де өз үйлерінде болу керек. Таңертеңгі мәжіліске араласпады.
Шаруа біткен сон, Қарабас ертеңгі салқынмен кайтайық деп байлаған. Сондықтан дастарқан жиылған сон, ол аттарды ерттегелі шығып кетті.
Абайдын бұл ауылдан кеткісі келмеді. Конағуар, жылы жүз, жақсы мінезді үлкендердің үйі аса бір сирек кездесетін, жайлы үя сияқты екен... “Осы ауылдың туысы, жақыны болар ма ем? Сұраусыз келіп, санаусыз конып, түстеніп кетіп жүрер ме ем?” дегендей. Бірақ кетпей болмайды.
Үйде Сүйіндік пен Абай және Сүйіндіктің бәйбішесі ғана қалған уақытта Сүйіндік Абайдан Зере жайын, Үлжан күйін сұрастырып отырып:
— Аналарыңа сәлем айт, балам! — деді.
Түннен бері үндемеген бәйбіше де Үлжанға сәлем айта отырып, Айғызды есіне алды. Содан барып Кәмшат есіне түсіп:
— Шырағым-ау, осы анада Бөжекен аулына жіберген кішкене қыз не жайда? Айғыз бишара қайтіп киды соны? Жылатып айырып, қайтіп кана жіберді екен? — деп, бір жағынан наразы боп, сұрастыра бастады. Абай амалсыздан сөйлеп, қысқа ғана жауаптар қайырды. Бәйбіше бүл жөнде шешіліңкірей бастап:
— Бөжейдің әйелі катыбас кісі еді. Өзінен де туған қызы көп, күтеді деймісің кішкене пақырды? — деп қынжылып отыр.
— Е, е, Бөжей бар емес пе? Қатыны ойламаса, Бөжей ойлайды ғой! Неге күтпесін! — деп, Сүйіндік майдаламақ болды.
— Әй, білмеймін! Ауыл-аймағымен тегіс-ақ: “Айыпқа берген қыз ғой. Малын қимай, жанын киды ғой айыпқа!” десіп, жаман сөздер сөйлейді деп есіттім ғой. Жас баланы жылатқандары бекерлік болған ғой өзі. Не десе де іштен шықпап па еді? Айғыз бишарада не сүлдер жүр дейсің? — деп, бәйбіше оз-өзінен босаңсып барып, жылап жіберді. Екі көзі жасқа толып, қып-қызыл боп, үндемей, мұңайып қалды. Анда-санда күрсіне түсіп, тамсанып кояды.
Абайға бұл ананың мейірімі, тіпті, бір қымбат адамшылық, шын рақымшылық боп танылды.
Жидебайдағы өз үйінде Кәмшат жайы осындай бір айықпас мұң, уайым боп алған-ды. Сондағы әжесі мен Айғыз және өз шешесінің осын- дай-осындай көзі жасты, көңілі қаяу болған көп шақтарын есіне алды.
Бірақ олар Кәмшатты құр сағынып, құр аяғаны болмаса, мына кісі айтқан суық сөздерді есітпеген сияқты.
Кеше Құлыншақ та, бүгін мынау ауыл да Кәмшат жайын ылғи “жетім жандай, күндікке, қорлыққа кеткен бишара, әлсіз сорлыдай” сөйлейді. Тегін емес-ау! Жидебайға қайтысымен әжелеріне осы есіткендерін айтып, Кәмшаттың күйін білдіру керек. Әке не десе о десін, бұны істемей болмайды. Абай осыған байлады. Жүрерде тағы да қымыз ішіп, жолға қарсы тоғайып ап, екі жолаушы атка қонды.
Сүйіндік үйінің жанынан үлкендерге “қош-қош” айтып, рақмет айтып кетіп бара жатып, Абай кіші үйдің түндігіне тағы карады. Түңлік әлі ашылмапты. “Тоғжан енді бір көруді ойламаған ба! Тұруға да, көруге де асықпаған ғой!..”
Бала жігіт көңілге ала кызған толқын алып, амалсыз тебініп жүріп кеггі. Ауылдан алыстанкырап бара жатқанда ен сонғы рет артына бұрылып, кіші үйлі тағы қимай карап еді. Үй жанында бір ойслдің бойы көрінді. Басына қара шапан жамылган, ақ көйлегінің етегі шұбала түскен, Тоғжан сияқты. Жаңа тұр»«ін ғой. Бірақ есіктен шыкты ла, Абай кеткен жакка қарамай, әрі қарай, көгал дөңге қарай ақырын басып жүріп кеггі.
Абайдың коніліне Тоғжанның шолпысы шылдыр-шылдыр етіп, ап- ашық естіліп бара жаткан сияқты. Өз жүрегінің лүп-лүп соккан катты толқын ырғағы.
Амалсыз ұзап кетті. Аты жақсы Түйеөркеш, жан мекеніндей өзгеше ыстық Түйеөркеш, мынау сәуірдің мынандай әдемі ашык, ракат сәскесінде, тым құрыса, “қош” демей де үнсіз қалды. Жұмбақ мінезді боп, сұлу мекен, сұлу жан калды. Тау ішінен шығып, Қарауыл өзенін қуалап, екі атты бөктерге қарай бұрылғалы келеді.
Ойга түсіп бір түрлі баяу келе жатқан Абай бір кезде арт жағынан дүрсілдеп кеп кдлған ат дүбірін естіді. Жүрегі тағы да түндегідей катты тулап, шұғыл бұрылып кап еді. Орынсыз үміт тез суынды. Сүйіндік үйінің адамы емес, бір толықша қара жігіт екен. Мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт жұпыны киім киген. Астында құнанша күзеген күрең биесі бар. Абайларға жақындай бере сәлем берді. Ашык-жарқын жігіт болу керек. Аппақ сұлу тістерінің баршасын көрсетіп, ақсия күліп келеді.
Жалғыз жүрген жолды көңілсіз көріп, алдыңғы жағында кетіп бара жаткан екі аттыны әдейі әңгімелесіп отыру үшін куып жеткен екен. Күрең биенің омырауы терлеп кдпты. Танаурап, демігіп келеді. Екі езуінде көбік те бар.
Қарабас пен Абай да жаңа жүргіншінің қосылғанын теріс көрген жок. Жай сұрасқанда бұл жігіт —Сүйіндіктің ауылдасы, Көмекбай баласы Ербол деген жігіт боп шыкты.
Қарабас Ерболмен оп-оңай білісіп, әңгімелесіп кеггі. Сөздерін тыңдап келе жатып Абай Ерболға шын ықыласпен қарап, әлденеден ыстық көре бастады. Өйткені Ербол Сүйіндік аулының аса жақын жігіті екен. Өзінің шешесі мен Тоғжанның шешесі Қантжан немере қарындас. Ол үйлерге бұл үнемі араласып жүретін өз кісісі боп шыкты. Әңгімешіл, күлегеш Ербол енді Абайға бар тұлғасымен ұнай бастады.
Аздан соң бұл екеуі көбірек әңгімелесіп, Қарабас шетірек калды. Абай Қарауыл бойында кұс көп екен деп, аңшылық мұратын білдіріп еді. Оған Ербол:
— Қаршығаң бар ма? Қаршығаң болса, қыдырып келсеңші! Мен қасына еріп жүріп үйрекке де, казға да кездестірейін, — деді.
Үйде Тәкежанның көк қаршығасы бар-ды. Абай көңіліне мынау сөздер үлкен медеу болды. Бағана Түйеөрксштен кеткелі: “Енді кайтып, қашан келем?.. Не сылтаумен келе аламын?” деп өздігінен бабын таба алмай келе жаткан бала жігітке мына Ерболдың айтқаны өте бір рақат табыс көрінді. Абай мен Ербол кұс жайына, аңшылык жайына ауыскан соң, тату құрбы сияктанып кеггі.
Екеуінің де айтар сөздері бітер емес.
Бірак бөктерге шыккан соң Ерболдын жолы бөлінетін боп еді. Ол оң жактағы Колқайнарға бұрылмақ екен. Шаруасы сонда. Абайлар болса, Шыңғысты бөктерлеп отырып, Қарашоқыға, Күнкенің аулына қарай тартпақ.
Ерболды киғысы келмеген Абай:
— Көлкайнарда тығыз жұмысың болмаса, бізбен бірге жүрсеңші! — деді.
— Е, е, не деп ерем? Не шаруаң бар дегенде не деймін?—деп, Ербол күліп жіберді.
— Шаруаңда жұрттың не ақысы бар! Қыдырасың, қонақ боласың! Құс саламыз...
Ербол Абай сөзіне қызыға бастап:
— Айтқанына қызығып тұрмын ?—деп аз ойланды да, — Ә-өй, бірак шаруам қалады ғой, болмайды! — деп, амалсыз байлау айтты.
Аздан соң Ербол Абайлардан бөлініп, Көлкайнарға қарай тартып кетті. Келгенінде күліп келгені сияқты, кетерінде де күле қоштасып айрылды. Абай бұның сол көңілділігіне қызыға карап қалды. Ерболдың алдында түк бөгет жок. Тілесе, Тоғжанды күнде көреді. Жақыны, туысы. Тоғжанға сондай жакын болудың өзі де бакыт сияқтанып, Абай мына жігіттіңсондай халін кызғанады. Ербол болса, айнымас кызыкгы көңілмен желе жортып, ұзап барады. Тоғжан турасындағы ең соңғы үміт — соншалық ыстық көрінсе де ұзап барады.
. 2
Абайлар Қарашокыға түс ауа жетті. Күнкенің үлкен үйінде мол жиын бар екен. Кермеде күміс ер-тоқымды көп аттар тұр.
Қарабас Абайға бұл жиынның алыс ел емес, осы маңның өз адамдары екенін айтты. Аттарынан таныған.
- Жуантаяқ, Топай, Ырғызбай ішінің кісілері. Күндегі жиын ғой. Бірақ мынау жүруге қамдалып, жаңа ерттелген аттар ғой. Түстікті жеп қойган екен, құр қаппыз! — деді.
Абай сәлем беріп үйге кіргенде, кең үйдің іші лық толған кісі екен. Биік төсектің алдында, бар жиыннан иығы асып, ақ көйлегінің омырауын ашып тастап, төс жүнін көрсетіңкіреп әкесі отыр.
Тарқауға айналып, киініп алған үлкендер, дәл кетер жерде қымыз ішіп, Құнанбайдың соңғы сөздерін тындап отыр. Бір тізелеп жүгініп, тымақтарын киіп отырған кісілер де бар.
Үйдегілер Абайдың сәлемін алғанмен, амандық сұрасқан жок. Төсектің аяк жағын ала, жорға Жұмабайға қымыз сапыртып, құйғызып Күнке отыр. Абай соның қасына кеп отыра бере әкесінің соңғы сөздерін есітті.
— ... Қыбыр-жыбыр бар, білемін. Бірақ “онымыз жоқ” деседі екен ғой. Ал сенейін. Сенемін деп, жаза шексем де сенемін! — деп сұрлана түсіп, зілденіп, — Құлақпен есіткеннің бәрін бекер дейін, көзбен көргенді ғана шын дейін. Көзім көргенше шыдайын. Мен деген дос! — деп, Құнанбай жалғыз көзімен қадала карап, төрден босағаға шейін бір шолып шықты. Содан кайта төрге өрлеп, дәл қасында отырған Жуантаяқ Топайдың
картаң адамдарына көз кадап отырып, — Мен деген дос, мен шыдағанша сен де шыда! Тек жалғыз-ак, мен козданған күні “бірге қозданам” деп шыда! Соны істесең, құдай ырза, мен ырза. Әзірге менің колка, тілегім осы-ак! — деп токтап калды. “Жүрушілерге рұксат" деген сиякты кып тұжырып еді.
Бар жиын төрден босағаға шейін күп-қүптап:
— Дегенің болсын’
— Айтқаның болсын!
— Серт уәдеміз айтылды ғой’
— Тұр дегеніңе тұрамыз!— десіп, жапыр-жұпыр костап калды. Абай оз ішінен:
“Баталасу сиякты-ау! Бір нәрсеге ел қамдап, серттесу үшін шақыр- ган-ау!” деп ойлап, жаңағы “дос” деген сөзді есіне алды.
Бірак төрден босағаға шейін бұ да карап өтіп, бір нәрсеге іштей ойланып қалды.
Мынау “дос” деп әке атаған кісілері, бұрын Абай аз білетін немесе, тіпті, танымайтын кісілер. Бұрын мұндай жиын ортасында "дос" деген атпен Байсал, Қаратай, Бөжей, Сүйіндік, Түсіп сиякты кісілер отырушы еді.
... Бүгін оның бірі жок. Анада өзі барған Құлыншақта жоқ. Баска- ша бір екшеу ғой. Олардың үстіне тағы да мол дос жию ма? Болмаса, тіпті, соларды екшеп тастаған ба? Әлде, дүмбілез бірдеңелер бар ма?..
Абай Қарқаралыдан қайтқалы ел іші қыстыгүні татулықпен, Кәмшатты жылатып берумен “бітті, тынды” деп білетін. Содан кейін үлкен сыбыс та шыққан емес. Ішінара не күңкіл барын сұрастырған да емес-ті.
Қонақтың көбі жүріп кетіп, екі-үш ақсақалды ғана Құнанбай қонал- кага ұстап қалды. Көпшілік кетсе де әкесі толық босамады.
Абай өзінің Сүйіндікке барған жұмысын көпке шейін айта да алмады.
Ақыры бір әредігін тауып, әкесімен сөйлесіп, міндетін ада қылды. Енді бүгін мұнда қонбай, Жидебайға қайтсам деп ойлап еді. Әкесіне сол ниетін айтқанда Құнанбай:
— Немене бұ, қуыршақ ойнайтын қыз ба едің сен, шешеңнің қасынан шықпайтын? Менің қасымнан сол қатындардың қасы артық болды ма? Мұнда болсаң ел көресің, сөз үғасың, тәлім-тәрбие аласың. Онда не табасың? —деді.
Абайға бүл сөздер оншалық даусыз хакикат болып танылған жок. Ішінен: “Сіз ата болсаңыз, ол — ана. Бала ата-ананың тағылымын бірдей алып өседі” деп ойлады.
Бірақ әкесіне тура жауап айтқан жоқ.
— Үйде қаршыға бар еді, биыл кұс мол екен. Жидебайға барып, азырақ қаршыға салайын деп ем, — деді.
Құнанбай бұл жеріне дауласқан жок, түсінді. Бірак:
— Тағы бірер күн аял қыл. Ертеңдер сені Байдалыға жіберіп алғалы отырмын. Содан әрі кайтарсың, — деді.
Абай амалсыз көнді де, бел шешіп жайланып, осы өгей шешесінің үйінде қала тұратын болды.
Байдалы Абайдын көп сөйлеспеген кісісі. Кешелер ол да Құнанбай- мен араз кісінің бірі еді. Енді соған жібермек.
Әуелі Құлыншаққа жіберді. Ол Құнанбайға өкпелі. Сүйіндік болса, ол да бұрыннан ренішті адам. Кеше түні бойғы әңгімеде Абай өз әкесі туралы үлкен кісілердің аузынан ен алғаш сын сөздерін есітті. Ол әңгімелердің ішінде талай-талай мәндер жатыр. Сүйіндік те Құлыншақтай өкпелі адам. Ал енді міне, тіпті, Бөжеймен тізе қосып, әрдайым жаулықты мықты ұстап жүрген Байдалыға жібермек. Оның Құнанбайға қарсы араздығы катты бекіп қалған тон сияқты емес пе еді? Көңілі жібіді ме, қабағы жадырады ма? Абай білмейді.
Енді соған бармақ. “Осы калай” деп, біраз ойлана түсіп, Абай өз әкесінің ішін түсінгендей болды. Тегі, әкесі өзіне жау адамдарға Абайды әдейі жіберетін болар, “Жау барын көрсін, түсін танысын. Тани келе, көре келе, әкесіне достығы, тілеулестігі күшейсін” деген болу керек.
Абай осыны ұкты да, катты толқып, қиналып ойланды. Шытырман. Бір сәтке Абай өзі көлденеңнен карап, шытырман ішіне жалғыз, құралсыз, әлсіз күйде еріксіз кіріп бара жаткан өзін көргендей болды.
Өзін-өзі ойша екіге бөліп, осылайша көлденең көзбен көре жүретін әдет Абайда әр кезде болушы еді.
Екі күн өткен соң, Құнанбай Абай мен Қарабасты Байдалыға жіберді. Құлыншақ пен Сүйіндіктей емес, Байдалы бұларға жылы шырай бермеді. Сырты үп-үлкен ақшыл үйге Абайлар кіре бергенде-ак Бай- далының бір нәрсеге катты ашуланып, айқайлап жаткан үні естілді.
Үй іші әбігер екен. Босағада малшы қатын үлкен күбіге іркіт пісіп тұр. Бір жағынан кең қазанда күрт қайнап жатыр екен. Үй іші ыстық. Дәл Абайлар кіре бергенде Байдалы бір кішкене қара пұшық қызды май құйрықтан шапалақпен ұрып:
— Құдай сілегір, кетші былай, құдай сілегір. Тыныштық бермедің ғой, ссн-ак! — деп, жылатқан бойында итеріп тастады. Қыз отқа құлай жаздап, әрі шошып, әрі ашуланып булыға жылады. Басында шыр етіп шыңғырса, енді ішегі қатып көкпеңбек боп, долдана жылайды. Көзінің жасы да, сілекейі де шұбырып жатыр.
— Әпкет’ Әпкет мынау қараң ошкірді’ — деп, Байдалы катынына бұйрық етіп, үйден айдап шықты.
Үй ішінің осы жанжалының уақытында Абайлар сәлем беріп кіріп, төрге шығып отырысты.
Байдалы сәлемді ондап алған жоқ. Амандасуы да солғын болды.
Құрт кайнатып жаткан үйдің қазаны бос болмайды. Ет асқысы келмеген үйге ол бір жақсы сылтау болатын.
Абай мынау ыстық үйде, мынадай тырысқақ ашушаң кісінің үйінде ет асым уақыт отыруды өз басына жазадай санап еді. Сондықтан еттің сәті болмаса, тіпті, қарсы емес. Ішінен Қарабасты мысқылдап:
“Ал бәлем, шоқ! Түстік болмаса, түбің түсетіндей көруші ең’ Көрермін осы үйден же ген інді!” деп, жымия түсті.
Шынында, Қарабастын бір қиыны — “түстік” пен “конакасы” жайын озге дүниенің бәрінен бұрын ойлап, өзгеше көңіл бөлетін. Кейде Абайдын қонбайық деген аулына: “Қонайық, бұл үйдің сүрі мол” деп,
тағы бір кезде: “Түстенбейік, жүріп кетейік” деген жерінде: “Түстенейік, бұл үй конақасыға мырза” деп, қайдағы Абайдын ішін пыстыратын көңілсіз, сүйкімсіз бір үйлерге еріксіз аялдататыны болушы еді. Екеуінің көп жүргенде көбінесе үғыспайтын жерлері осы болатын.
Бүл жолы Абай көңіліне Байдалының ниеті де сай келген сиякты. Үлкен қара сақалды, суық түсті Байдалы қонақтардың бетіне қарамай, мойнын есік жаққа бұрып отыр. Аздан соң күбі піскен қатынға карап:
— Қымыз әкел, ас ауыз тигіз мыналарға! — деді.
Қарабас белдігін шешіп, кішкене орнығыңқырап отыра бастап еді, Абай үйдің шырайын одан бұрын біліп, бел шешкен жоқ-ты. Кішірек ағаш тегенеге құйылған қымыз келген уақытта Байдалы өзі сапырып, өзі құйып, қонақтарға бір-бір шараны берді де:
— Барыстарың қалай? Не шаруамен жүрсіндср? — деді. Абай өзі келген шаруасын сол арада айтты.
Әңгіме тағы жер жайынан. Құнанбай ел жайлауға шығардан бұрын, былтыр өзі Қарашоқыдан көшірген Бөкенші, Борсаққа Жігітек жерінің жапсарынан жайлау берген болатын. Сол ретте осы Байдалының Қар- шығалы, Қопа деген қоныстарына “Сүгір мен Сүйіндік ауылдары қоса қонсын, бірге жайласын!” — депті. Абай қымызын ішпей алдына қойып отырып, сол шаруаны айтып шықты.
Бұл сөзді есіткенде, Байдалы қабағын түкситіп жіберіп катты түйілді. Абайға жауап бермей, зілдене қарап, қадалып калды. Абай Байдалының көзінен жасқанған жоқ. Бала жүзінде ашуда, араздықта жок. Тек: “Мынау кісі қалай қарайды?” деген тәрізді кінәсіз таңдану ғана бар.
Байдалы кірпік какпай, шұғыл ойланып, үнсіз отырып, ақырында: — Құп болсын! Қонсын Сүгір мен Сүйіндік, не деуші едім! — деді. Қайратты, шапшаң, ер адамның байлауы сиякты. Езбеді. Жақтырмаса да, күйіп отырса да, амалсыз байлауын бір-ақ кесіп, бір-ақ түйді. Сөз бітіп кап еді. Бірталай уақыт үй іші үнсіз болды. Абай қымызын ішіп болып, рақмет айтып, енді жүргісі келгендей ажар білдіргенде ғана Байдалы ырғала түсіп, сөйлей жөнелді.
— Айтқанына көндім. Бірақ сөз ұғушы ма едің өзің? Әкеңе айтар сәлемім бар. Бұлжытпай жеткізуге жараймысың, жоқ па?
— Ойдағыңыздың бәрін айтыңыз, ақсақал! Жеткіз дегеніңіздің бір ауызын қалдырмай апаруға уәде қылайын. Мен тек екі арадағы сәлемшімін. Дегеніңізді жеткізбей кетсем, я бұрсам, қиянат болмас па еді? Мойнымда қарыз қалдырмаспын!
Байдалы мына сөзге әбден канағат қылды. Бала көргені — бала емес тәрізді.
— Ендеше, жаттан айтсам, сырттан айтқан болады. Саған айтсам, әкеңнің өз көзіне айтқаным! — деп, аз бөгелді де, — “Татуластық, табыстық” деп ек кеше тамам Арғынның тобында. Сол татуласқан сиқым осы ма? Тәтті күнде тағы артыма қалжуыр байлайтын болса, анадағы араздықтан мұның несі озды? Не жаздым! Сенің әкеңе не жаздым осы мен, Жігітек? Атаң Ырғызбайға атам Кеңгірбай оң батасын беріп, би сайлап еді. Өз баласы, өз туысы жок емес еді ғой сонда. “Осы болсыншы” деп бермеп пе еді? Ал бұл болса, бүгін мінеки, алысқа абыройы асса, айна-
лып кеп Жігітекті жаныштайды. Жақынға жауықса, жағалап кеп тағы Жігітекті жентектейді. Бір жібімей кеткені ме үстіп? Шапка түрте-түрте барып, ақыры бір күн “Өлермен бол да, отқа түс, сонынды көрмей тоқтамаймын!” дегені ғой мұнысы. Қоймас болса, сол қолқасын алар. Алмай тынбас сенің әкең! Осыны айт! Бір мен емес, “Жігітек сәлемі” деп айт осыны! Ал мына жерін алсын, бір бұл емес, тағы тапсын, тағы алсын! — деп, қолын бір-ак сілікті де тоқтап калды.
Үй іші жым-жырт. От әлі маздап жанып жатыр. Үлкен казанның астын қызыл жалын дамыл алмай жалап тұр. Әуелде толтыра құйылған іркіт қазір бірер қайнап қалған екен. Кемерінен орта түсіп, шымыр-шы- мыр қайнайды. Жаңағы Байдалының ашулы сөздерінің тұсында Абай көзі қазан бетіне түсіп еді. Қоюланып бара жатқан ыстық құрттың ортасы кей кезде көпіршік атып, сақылдап қайнайды. Сол көрініс тап Байдалы ашуындай. Қайнауы жеткен ашу — кызуы жеткен құрттай. Бір жер емес, қазан беті әр тұстан бұрқ-бұрк етеді. Ол-дағы осы елдегі әр жерден шаң беріп жаткан Құлыншақ, Сүйіндік, Бөжейлердің ашулары сияқты.
Шынында, жаңағы аз ғана сөз талай терең түкпірдің үстін басты. Талай түйінді түртіп өтті. Талайдан теріліп жүрген келісі ұзын дау, себебі мықты кінәлар жатыр.
Абай Байдалы сөзіне орай айтпақшы емес. Бірак жақсы, жаман деп сыр да берген жок. Сәлемдерін ұғып болып, Байдалыға кош айтпақ болып еді. Қамшысын ұстап, тымағын киді. Осы кезде Байдалы тағы бір ырғала түсіп: “Әлі де тыңдап кет!” дегендей белгі етгі. Абай тымағын қайта қолына алды.
Қазір Байдалы біржолата өзгерген сияқты, кең, баяу, байсалды үнмен тың әңгіме бастады. Абайға енді күлімсірей қарайды. Бұл пішіні жаңағы Байдалыға, тіпті, ұқсамайды.
Үлкендердің әр алуан кең мінезі, терең сыры болатыны бар ғой. Бірақ тап мынадай, ашуы мен сабырын оңай жұмсап, оңай тежеп, оп- оңай бұрып салып отыратын шын ұстамды адамды Абай осы Байдалыдан ең алғаш рет көріп отыр.
Жаңағы ашумен күйген Байдалы енді майда қоңыр үнге түсіп:
— Осы өздерің көріп жүрген Қаратай бар ма? Тап соның ішінде көп қойма жатыр, не керек! Шіркін,тек кана азғантай Көкшеден шыкты ғой. Егер Олжайдан туса, өрісін көрер ең! — деп, біраз отырды да... — Тақауда, әнебір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар — барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы: “Жә, өзіміз көргенде мырза кім?” дегенге келді. Жұрт ойланып калды. Байсал күншуақта жаткан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп сырт карап жаткан. Жаңағы сөзге ол катыскан жоқты. “Мырза кім?” дегенге Қаратай жауап беріп, “Мырза — Құнанбай” — деді. Тағы біраздан соң ол жиын: “Шешен кім?” деді. Тағы Қаратай жауап беріп, “Шешен — Құнанбай”—деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: “Жақсы кім?” десті. Әлгі Қаратай және жауап беріп: “Жақсы — Құнанбай” — деді. Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп: — “Уай, Көкше, не оттап отырсың өзі?” - деп, Қаратайға қадала түсіп, — Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнан-
бай екен! Ендеше, не көкіп алысып жүрмізонымен?”—деді. Соған Қара- тай іле жауап беріп: — “Уай, тәйір-ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ак, “не кылайыны” жок кой, сондықтан кетіп жүргем жок па?” - деді. - Сөз ұғатын бала сияктысың ғой! — деп, Байдалы осы тұста Абайға сығырая карап отырып, — Дәл осы сөзді сенің әкең естімеген болар. Осыны да айта баршы. Кешірімі, мейірімі жок екенін Көкше неше жерде көрді, білмеймін. Бірак Жігітек соның жоғын күнде көреді. “Кештім” дегенін бірде-бір көрмей-ак кеттік кой! — деді.
Жол бойында ешбір жерде Абайдың аялдағысы келмеді. Оңай емес, әлдеқалай емес, бүгін естігені ерекше. Байдалының аулынан ұзанкырап шығысымен Қарабаска:
— Жүр, жарысайық! — деп тебіне жөнелді.
Қарабас жарысты оншалыкжаксы көрмеуші еді. Бірақ Қарашокыға күн барда жету үшін катгы жүрмесе болмайды. Және бұның астындағы — ақтабан кара бедеу, каскыр соккан жүйрік бие болатын. Аймандай аттан күйі де төмен емес.
— Ал жүре ғой! — деп, о да жөнелді.
Екі жолаушы ұзақ шапты. Аймандай ат пен кара бедеу кезек озы- сып, катгы желісіп келеді. Өзі озған кезде, Қарабас: “Тоқтайық!” деп іркіле берсе, Абай қуып жете беріп:
— Тоқтама, жөнел! Жөнеле бер! — деп, атына қамшы баса береді. Қарабас өз ішінен: “Мына балаға Байдалы сөзі дөп тиді-ау! Ширығып келе жатқаны соЛ-ау!” деп ойлаған.
Күн бата берген кезде аттарын кан сорпа кып Қарашокыға жетті.
Ауыл сыртында кішкене тастақ төбе бар еді. Құнанбай Майбасар екеуі сонда отыр екен. Абай аттан түсе бере, шылбырын Қарабаска тастады да, аял қыл мастан әкесіне карай тартты. Құнанбай ауылдан кашаң отырса да, бұлардың катгы жүріп келгенін аттарының сонау алыстағы ажарынан байқап еді. Қара бие ауыздығын шайнап, тыныштық ала алмай кермені сүзе тартып тұр. Құнанбай көзіндей, мал сырын бұлжытпай білетін көреген көзге сол белгінің өзі де жеткілікті.
Бірак ол жайға Құнанбай онша шіміркенген жок-ты. Тегінде, балаға “ат кинайсың, шаруа күйзелтесің” деп ұсақ мазасыздық жасамайтын. Сондықтан баланың біреуі атгыңаяғын кетіріп немесе зорықтырып өлтіріп койса да ұрыспаушы еді. Абайға мұндай дүниелік жайында еш уақытта тарлық еткен емес-ті. Қазірде де катгы жүрістерін жай балалық желік, жарыс кой деп білген.
Бірақ ол өз бетіне. Ал мынау Абай үйге кірмей, асыға басып дөң басына келеді. Жақындап келген уақытта әкесі қадағалап карап еді. Баласының екі көзі от шашып, беті кызғылгтанып, танауы да желбірей түседі. Барлык жас ажарында бал-бұл жанған бір құбылыс бар. Әншейіндегі салмақты, қоңыр баяу Абай емес.
Баласы тақап келгенде, Құнанбай:
— Немене, балам? Неден ширықтың, жөніңді айтшы! — деді.
Абай әкесінің төменгі жағына отыра беріп, өз ішіндегі көңіл күйін дәл талқанына кайран калды.
Отырысымен көп күттірген жок. Бүгін Байдалыдан есіткен сөздерді бұлжытпастан, жалғыз түйірін калдырмастан түгел айтып шыкты.
Әкесінен көз алмай карап отырып сөйледі. Құнанбай басында мұны аса салқын тыңдады. Тек “Жігітекті жаныштаудан тоқтамады ғой'”, “Бо- саспады ғой!” деген сиякты Байдалы дауына жеткен жерде ғана қабағын лезде қатты түйіп ап, Абайға тіксіне қарады. Баласынып өзіне барлап: “Осының өзі кандай?” дегендей.
Абай әке көзінен жасқанған жоқ Байдалының дауын соншалық зілді, ұтымды күйде айтумен катар, мына бала өз сұрағын да осы араға қосып отырған сиякты. Әке мен бала ең алғаш рет шындасын бет ашыса- тын белге келгенден еді.
Бірак Құнанбай өз баласы туралы скіұшты болуын тез жойып, Байдалы сөзінің салмағына көз салып кетті. Есітті, ұқты. Жалғыз-ақ түк шіміріккен жок. Ашумен демігіп, ернін шығарды. Өз байлауы өз ішінде. Жауап айтқан жок. Абай әкесіне осы сәлемді әкелгенде, тым құрыса, бір шешілер, бір сөйлесер деп еді. Ол болмады.
Байдалының алғашқы сөзін естіртіп бір тоқтаған еді. Одан тың сөз тумаған соң, Абай аз отырып, Байдалының соңғы әңгімесін айтты. Бұл Абайдың, әсіресе, “жауап айтар, не айтар екен?” деп асығып күткен жайы еді.
Құнанбай баласының осы көңілін аныктаныды, білем. Қаратай мен Байдалы үшін болмаса да, өз баласы мен өз туысы үшін бір жауап керек. Ол, тіпті, аналардың орайын беру үшін, әсіресе, керек.
— Қаратай жүйрік кой. Жер таниды. Айтқаны шын болса керек. Бірақ оз топшылауым бойынша, адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады. Мен өмірде ұстаған нәрсемді берік ұстанам. Жақсылық — кісінің айнымас табандылығында деп білемін. Соның түбінен мін шығатын кез де болатын шығар’ — деп, үндемей түнеріп отырып калды. Дау айтқан кісі жок.