Меню Закрыть

Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.

Название:Қазақстан тарихы для 5 класса
Автор:Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К.
Жанр:Школьный учебник по истории Казахстана
Издательство:Атамура
Год:2017
ISBN:978-601-306-753-7
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 2


§ 2. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІ ОТАНДЫҚ ТАРИХШЫЛАР

Ежелгі Қазақстан тарихын зерттеушілер. Отанымыздың тарихын зерттеушілерді галымдар деп атайды. Ежелгі уақыт­та Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпалардың өмірі мен тұрмысы туралы археологиялық деректерден білеміз. Х.А. Алпысбаев, А.Г. Медоев, А.М. Оразбаев сияқты археолог- тер тас дәуірін, Ә.Х. Марғұлан, М.К. Қадырбаев, В.Ф. Зайберт мыс және қола дәуірін зерттеді. Темір дәуірін С.С. Черников, К.А. Ақышев және т.б. зерттеді. Орта ғасыр дәуірін Б.Е. Көмеков, Т.Н. Сенигова, К.М. Байпақов және т.б. қарастырды. Ғалымдардың шығармашылық ізденістері арқылы іргелі ғы­лыми жаңалықтар ашылды. Олардың ізденімпаздығы, Қазақстан тарихының құпиясын ашуға деген құлшынысы, ата-бабаларымыздың басынан өткен оқиғаларын білуімізге мүмкіндік туғызады.

География — тарих сахнасы. Сендер еліміз әлемдегі 200- ден астам мемлекет арасында жер көлемі бойынша 9-орын алатынын білесіңдер. Қазақстан Республикасының аумағы көптеген халықты біріктіріп келді. Ежелгі уақытта да солай еді. Қазақстанның көне және ежелгі тарихын оқу барысында қазіргі аумақпен шектеліп қала алмаймыз. Мұнда халықтар басқа өңірден де келіп қоныстанды. Біздің тарихымыз - дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі. Сондықтан оқулық авторлары Қазақстанның қазіргі шегарасынан тыс тарихи, географиялық ұғымдарды қолданады:

  • Шыңжаң қазіргі Қытай Халық Республикасының солтүстік-батыстағы жері. Қазақстанмен шегаралас Түрфан алқабы мен Тарым өзенін қамтып жатыр. Бүл өлке ежелгі мәдениет пен өркениет пайда болған жерлер болатын.
  • Алтай сілемдері, Саян. Қазақстанның шығыс бөлігі. Бұл - қазіргі уақытта төрт мемлекетке (Қазақстан, Ресей, Қытай және Монғолия) бөлініп тұрған қарапайым ғана тау емес. Осы аумақта қазақтың бүгінгі физикалық түрі, түркі, монғол және финн-угор тілдерінің қазіргі диалектісі қалыптасты.
  • Есіл, Тобыл, Ертіс аймақтары. Ежелгі уақытта адамдар осы өзендердің жағалауында көшіп-қонып жүрді.
  • Орал маңы. Бұл аудан Оңтүстік немесе Далалық Орал маңы деп аталады. Еділден Орал өзеніне дейінгі аумақты және оның жағалауларын алып жатыр.
  • Оңтүстік Орал. Оралдан Ембі (Жем) өзеніне дейінгі аумақ. Батыс Қазақстан, оны «Орал-Каспий дәлізі» деп те атайды. Ежелгі дәуір мен орта ғасырда Азия халықтары дәл осы аумақ арқылы Еуропаға өтуге талпынса, Еуропа халықтары Азияға енуді көздеген.
  • Орта Азия. Қазіргі Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан аумағы. Ежелгі уақытта Орта Азияның шұрайлы алқаптарында көне мәдениет ошақтары қалыптасқан.
  • Қазіргі Иран мен Ауганстан аумағы. Қазақстан аймағын мекендеген халықтар барлық уақытта әрдайым тығыз байла­ныста болды.
  • Таяу Шыгыс. Еуропаға қатысына орай осылай аталады. Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл аймақтардың ежелгі өркениеті әлемге қазіргі иудаизм, христиан және ислам дінінің негізін таратты.
Ә.Х. Марғұлан

Ә.Х. Маргүлан — академик, зерттеуші- галым. Әлкей Маргүлан 1904 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданын­да дүниеге келген (1985 жылы қайтыс бол­ды). Әкесі — Хақан мен анасы - Нұрила өз заманының көзі ашық, сауатты адамдары еді. Олардың үйінде ақындар мен жыршы­лар, зиялы адамдар жиі болатын.

Болашақ ғалым бастауыш білімді ауыл мектебінен алады. 1915 жылы үш сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. 1917 жылы Ресей империясы екі төңкеріс жасап, Азамат соғысы басталады. Алайда соғысқа қарамастан Ә. Марғүлан 1919 жылы мұғалімдер курсына оқуға түседі. 1920 жылы ол ауылына оралып, мектепте сабақ береді. Жас мұғалім демалыс уақытында әйгілі тарихшы-өлкетанушы Ә. Диваевтың экспедициясына қатысады. 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына оқуға түседі. Осы оқу орнында болашақ акаде­мик, геолог Қаныш Сәтбаев, жазушы Мұхтар Әуезов оқиды. М. Әуезов 1928 жылы Ә. Марғұланды өзімен бірге Ленинградқа (қазіргі Санкт-Петербург) оқуға түсуге шақырады. Бұл қалада Әлкей Марғүлан бірден үш жоғары оқу орнында - Шығыстану институты, Материалдық мәдениет институты (кейіннен Архео­логия институты) және Өнер институтында оқиды. Ол кезде үлгеретін студентке бірнеше жерде оқуға рұқсат етілетін еді. Әлкей Марғүлан осы жағдайды пайдаланып, сапалы білім алып шығады.

1930 жылы Қазақстан Халық Ағарту Комиссариатының жанындағы жаңа әліпби комитетінде ғылыми қызметкер бо­лып қызмет етеді. Сонымен қатар КСРО Ғылым академиясының материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясына аспирантураға түседі.

1934 жылғы сталиндік репрессия жылдары жала жабылып, түрмеде отырады, бірақ көп ұзамай ақталып шығады. Еліне оралып, аспирантурадағы оқуын жалғастырады, кандидаттық диссертациясын қорғайды. 30-40-жылдары КСРО Ғылым акаде­миясы жүйесінде қызмет етеді.

1945 жылы филология ғылымы бойынша докторлық диссер­тация қорғайды. Осыдан кейін ғалым археологиямен кеңінен ай­налыса бастайды.

Кеңестік археологтер Қазақстандағы ежелгі қалалар мен тұрақтар өте аз еді деген жаңсақ түсінікте болды. Олар «Ежелгі уақытта біздің жерімізде тек жабайы аңшылар, одан кейін ешқандай мәдениет қалыптастырмаған көшпелілер өмір сүрген» деп есептеді. Әлкей Марғұланның Сарыарқа даласына жасаған экспедициясының барысында ежелгі қалалар кеңінен зерттелінді. Отырар, Тараз, Сайрам, Сығанақ және басқа көне қалалар мен тұрақтар Қазақстан аумағы әлемдегі өркениеттің қалыптасқан орны болғанын дәлелдеуге мүмкіндік берді. Ака­демик «Қазақстанның солтүстігі мен шығысында да ежелгі қалалар мен тұрақтардың орны сақталған» деген ғылыми бол­жам айтты. Бүгінгі зерттеу жұмыстарының нәтижесі ғалымның бүл пікірін растап отыр.

1946 1974 жылдар аралығында Ә.Х. Марғұлан Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі әрі ұйымдастырушысы болды. Ол кейінгі қола дәуіріндегі ірі өркениет ошақтары - Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашты, андрондық мәдениеттің жерлеу салттарын зерттеді. 1958 жылы Ә. Марғұлан ғылымға қосқан зор жетістіктері үшін «академик» болып сайланды. Ол бар өмірін Қазақстан тарихын зерттеуге ар­нады, үлттық археология мектебінің негізін қалады. Қазақстанда Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты құрылды. Ака­демик Ә.Х. Марғұлан кейінгі ұрпаққа 14 томнан тұратын үлкен ғылыми мұра қалдырды.

  1. Ежелгі Қазақстан тарихын зерттейтін ғалымдарды атаңдар.
  2. Неліктен бұл ғалымдардың еңбегін жоғары бағалаймыз?
  3. Тарихи географиялық ұғымдарға сипаттама беріңдер.
ҮғымАумағыЕскерту
   

4. Кестені толтырыңдар.

Хронологиялық дәуірлерКім зерттеді?
Тас дәуірі 
Мыс және қола дәуірі 
Темір дәуірі 
Орта ғасырлар 

Жұп болып талқылаңдар.

Ә.Х. Марғұланның алемдік деңгейдегі атақты ғалым болып қалып­тасуына қандай тұлғалық және адами қасиеттері көмектесті? Акаде- миктің ғылыми ерлігі неден байқалады?

Қосымша тапсырма

«Қазақстанның аса көрнекті тарихшылары» тақырыбы бойынша ауызша хабарлама әзірлеңдер.

Ауызша хабарламага қойылатын талаптар:

  1. Тақырыптың өзектілігін ашып көрсету.
  2. Қойылған мақсат-міндетті айқындау.
  3. Зерттеу жұмысының ерекшелігіне тоқталу.
  4. Негізгі түйіндерді тұжырымдау.
  5. Ауызша хабарламаға берілетін уақыт - 7 минут.

Хабарлама мына талапқа сай болуы тиіс.

  1. Мазмұндылық, ойдың нақтылығы;
  2. Баяндаудың дәлелділігі, сенімділігі;
  3. Сөйлеудің мөнерлілігі.

Хабарламаның негізгі мазмұнын ашатын слайдты таныстырылым дайындауға болады. Таныстырылым слайдтарын мәтінмен толтырма­ған, күңгірт түсті фонда ірі әріптерді қолданбаған жөн екені туралы кеңес береміз.

§3-4. АДАМЗАТТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Алғашқы адамдар. Алғашқы адамдардың физикалық бет әлпеті маймылдың жетілген түріне жақын келеді.

Шыгыс Африка аймағынан ағылшын антропологтері - Р. Дарт пен Л. Люис алғашқы адамдардың 3 млн жыл бұрынғы тасқа айналған сүйек­терін тапқан. 1994 және 2009 жылгы археологиялық жәдігерлер Африка- дағы ең алғашқы адамдар 4,4 млн жыл бұрын өмір сүргенін айғақтайды.

Адамзаттың қалыптасу тарихы әдетте үш кезеңге бөлінеді:

  1. Епті адамдар (homo habiles) - австралопитек түріне жа­татын ең алғашқы адамдар. Ғалымдардың болжамы бойынша, австралопитөктер ғана тастан құрал жасаған.
  2. Тік жүретін адамдар (homo erectus) - синантроп пен пите­кантроп, неандертальдықтарға жататын алғашқы адамдар.
  3. Қазіргі адамдар, саналы адамдар (homo sapiens). Оның ежелгі түрі - кроманьондық адам.

Адамзат антропогенезінің (ағылшынша антропос — «адам», генезис — «шығу» дегенді білдіреді) арғы тегіне, әдетте «австра­лопитек» («оңтүстік маймыл» адамы) жатқызылады. Олар маймылдың ең жетілген түрінен төрт белгісі бойынша ажы­ратылған:

  1. тік жүруі;
  2. қару-жарақ жасай білуі;
  3. бас бармақтың басқа саусақтардан 90 градус бұрышпен ор­наласуы;
  4. ми көлемінің үлкендігі.

 Айтылғандардың қайсысын негізгі белгі деп санайсың? Өз пікіріңді дәлелде.

Ұзақ жылдар осы белгілер қазіргі адамдар мен ежелгі адамдардың негізгі айырмашылығы болып есептелінді. Бүгінде бірқатар маймылдардың құралдарды әзірлеп қолдана алаты­ны анықталып отыр. Олардың кейбір түрінің тік жүретіні, бас бармақтары да адамға ұқсайды. Сондықтан алғашқы адамдарды маймыл тәріздестерден ажырататын белгі — мидың көлемі. Ең дамыған, ересек маймылдың көлемі 400 см3-ден аспайтын болса, қарапайым австралопитектің миы 650 см3-ден асып түскен.

Адамдардың арғы тегіне жатқызылып жүрген тіршілік иелері архантроп, палеантроп деген жиынтық атаумен беріледі. Питекантроп тік жүретін адамдар тобына жатады. Сүйек қалдықтарын зерттеу арқылы питекантроптардың ми көлемі 900 см3-ге дейін жеткенін, маңдайы тайқы, қабақ үсті сүйегі шығыңқы болғанын, тік жүргенін білеміз. Иек сүйегінің жетіл- мегендігі олардың сөйлей алмағанын дәлелдейді. Синантроп- тардың ми көлемі 1000 см3-ден асқан.

Ежелгі адамдардың ғаламшарды біртіндеп әрі ұзақ уақыт игергені белгілі. Олар мыңжыл-дықтар бойы ғаламшардың жылы белдеуі бойынша орын ауыстырып отырды. XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап, бұл теорияға қарсы пікір айтушылар болды. Якутиядағы археологиялық зерттеулер Лена өзенінің жағасында мерзімі 3 млн жылға жуық палеолиттік тұрақтарды тапты. Бұндай деректер Қазақстан аумағындағы тұрақтарды қазу кезінде де табылды. Көріп отырғанымыздай, алғашқы адамдар Еуразия құрлығының солтүстік аймағын жылы климатты өлкелерден айтарлықтай ертерек игерген.

Питекантроп

«Саналы адам» Адамның төменгі түрден жоғары түрге өтіп, жетілуі, яғни шығу тегі мен қалыптасуы эволюциялық тұрғыда жүзеге асырылды.

Қазіргі заманғы антропология ғылымында австралопитек- тер, питекантроптар және басқа маймыл тектестер адамның дамыған биологиялық түрі ретінде сипатталады.

Адам тәріздес маймылдардың көптеген түрі адамға айна­лу үрдісіне қатысты. Саналы адаммен қатар жер бетінде неан­дертальдықтар да мекен еткен. Олар көп уақыт қазіргі адам­дардың тікелей тегі саналып келді. Алайда генетикалық зерттеулер неандертальдықтардың саналы адамдардан айтарлықтай алыс жатқандығын көрсетті. Неандертальдықтар саналы адам­ның арғы тегі болмай шықты.

Неандертальдық адам

Неандертальдықтар күркелерде (шалаш) тұрды, тастан жасалған қаруларды қолданды. Олардың дене бітімі еңкіш, қайратты келді. Неандертальдықтардың қа-бақүсті сүйегі шығыңқы, маңдайы тайқы, жақ сүйегі ірі, кеспелтек денелі болған. От жаққан, жабайы аң-қүс аулаған, жеміс-жидек жинаған. Қарапайым қару жасаған, діни түсініктері қалыптасып, жерлеу рәсімдерін атқарған. Неандертальдықтар тас дәуірінің соңына қарай жойылып кеткен.

Алгашқы адам шектестердің, ішінен неліктен саналы адам ғана аман қалғаны туралы ойларыңды айтыңдар.

Түр-тұлғасы бүгінгі біздерге ұқсайтын саналы адам осыдан 40-35 мың жыл бұрын қалыптасқан. Алғаш рет сүйегі Фран- цияның Кро-Маньон үңгірінде табылғандықтан, саналы адам кроманьондық деп аталады. Саналы адамдар табиғатқа бейім әрі қиындықты жеңе білетін еді. Бірқатар адам тектестер табиғаттағы тепе-теңдікті сақтап, бейімделуге тырысты. Алайда олар уақыт өте келе жойылып кетті.

  1. Адамзаттың қалыптасу тарихы қандай кезеңдерге бөлінеді?
  2. Саналы адамның басқа адамдардан басты айырмашылығы неде?
  3. Кестені толтырыңдар.

Адамзаттың даму барысы

Адамның түріАнтропологиялық мінездемесіКәсібі
Епті адамдар Тік жүретін адамдар Саналы адамдар  

Жұп болып талқылаңдар.

Адамның пайда болуы туралы көзқарастар.

Қосымша тапсырма

«Адамның қалыптасуы» тақырыбына әңгіме жазыңдар.

Бағалау өлшемі:

  • Мәселенің мазмұнын ашу - 1 балл.
  • Оз тұжырымын айтып, оны дәлелдеу - 1 балл.
  • Тұжырымы мен оған келтірілген дәлелінің мазмұны сипатын ашу — 3 балл.
  • Жоғары балл - 5.


Перейти на страницу: