Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.
Название: | Қазақстан тарихы для 5 класса |
Автор: | Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К. |
Жанр: | Школьный учебник по истории Казахстана |
Издательство: | Атамура |
Год: | 2017 |
ISBN: | 978-601-306-753-7 |
Язык книги: | Казахский |
Скачать: |
Страница - 3
§5-6. ПАЛЕОЛИТ. ЕЖЕЛГІ ТАС ДӘУІРІ
Дәуірдің сипаттамасы. Адамның пайда болуынан ежелгі тас дәуірі басталды. Б.з.б. 2,6 млн — б.з.б. 12 мың жыл аралығын қамтитын ежелгі тас дәуірі үш кезеңге бөлінеді: 1. Ерте палеолит (б.з.б. 2,6 млн б.з.б. 140 мың жылдар аралығы). 2. Орта палеолит немесе мустье (б.з.б. 140-40 мыңжылдықтар). 3. Кейінгі палеолит (б.з.б. 40-12 мыңжылдықтар аралығы). Палеолит кезеңдері бір-бірінен тастан қару жасау әдістерімен ерекшеленеді. Қазба жұмысы барысында палеолиттік тұрақтың жоғары қабатынан табылған құралдардың ұқыпты жасалғаны байқалады.
Палеолитте еңбек құралдары түрлі тастардан жасалынған. Шақпақ және әктастар кескіш құрал ретінде пайдаланылды. Олардан тас пышақтар мен соғыс қаруларын, базальт пен құмдақ тастардан еңбек құралдарын жасаған.
Ежелгі тас дәуірінде ауа райы ұзақ уақыт суық және жылы болып тұрған. Алғашқы адамдар тас дәуірінің бас кезінде шыққан. Питекантроптар мен австралопитектер қаумалап аң аулаған. Олардың санының көбеюі өмір сүрген ортасында өзара бәсекелестікке жеткізді.
Алғашқы адамдар үңгірде түрып, тас құралдарды пайдаланған. Алайда қазіргі кезеңде ежелгі тас дәуіріндегі тұрақтар таудан алыс орманды, жазық жерлерден де табылды. Адамдар үлкен құрастырмалы күркешатырға ұқсас көшпелі баспаналар тұрғызған.
Тас құралдың көмегімен ағаш пен сүйектен тұрмыстық бұйымдардың он даған түрін дайындаған. Тас құралдар үлкен жетістік саналып, ұрпақтан ұрпаққа киелі мұра ретінде беріліп отырған.
Ежелгі адамдар үшін нағыз сынақ кезеңі палеолит кезеңінің ортасында басталды. Жер бетінде ауа райы күрт салқындап, муз басу дәуірі орын алды. Мұз басу дәуірі бұдан 250 мың жыл бұрын басталды. Жер бетінің көп бөлігін қалың мұз қабаты басып қалды. Датғалымдарының айтуынша, мұз қысқа уақытта жер бетін үш рет басып, еріген. Б.з.б. 14-13 мыңыншы жылы қазіргі Арктика шегарасына ауысқан.
Қалай ойлайсыңдар, мүз басу дауірі адамдардың өміріне қандай өзгеріс әкелді?
Мұздың бірнеше метрлік қалың қабаты шамамен Солтүстік Қытай, Оңтүстік Қазақстан, Орта Азия, Кавказ, Кіші Азияға дейінгі Солтүстік жартышардың үлкен бөлігін басып қалды. Адамдардың өмір сүру ортасы жоғалып, олар қар мен мұз жапқан аймақты тастап кетті.
Мұз басу дәуіріндегі ежелгі адамдардың суық ауа райына көндігуіне тура келді. Бәрінен бұрын суық ауа райына неандертальдықтар мен синантроптар бейімделді. Мұз уақытша қайтқан кезде адамдар босаған аумақтарды игере бастады. Мұз қайта басқан уақытта тундраның шегарасына кетіп қалды.
Алғашқы қауым адамдары жабайы жылқы мен мамонт, жүндес мүйізтұмсықтарды, солтүстік бұғыларын, бұқаларды аулаған. Бұл кезде табиғат бай, ал оны мекендейтін адам саны аз болатын.
Мектеп оқушыларына кейінгі палеолит адамдарының бейнесі ретінде маймыл тәріздес, мығым денелі, киімнің орнына иығына аң терісін жамылған, қолына жуан шоқпар ұстаған қаһарлы адамдар елестейді. Үзақ қыс пен қысқа мерзімді жаз жағдайында неандертальдықтар мен синантроптар киімсіз болса, суыққа шыдамай өлген болар еді. Заманауи ғылыми жетістіктерінің нәтижесінде адамдардың бүгінгі Сібір тұрғындары сияқты жылы киім кигені анықталды. Үңгірде емес, жиналмалы үйлерде тұрғанын, тасқа сурет салып, діни ғұрыптарын атқарғанын дәлелдеп отыр. Тас дәуірінің
діни орындарының бәрі бізге жеткен жоқ. Үңгірдегілері ғана сақталған. Олардың қатарында Оңтүстік Оралдағы Капова, Испания мен Франциядағы ғажайып суреттер салынған үңгірлерді атауға болады.
Қазақстандағы алғашқы адамдар. Қазақстан аумағында алғашқы адамдар бүдан 1 млн жыл бүрын пайда болып, аймақты игере бастаған.
Бұл кезеңде қандай жагдайлар Қазақстан аумагын игеруге қолайлы болды?
Мұз басу дәуіріне дейін Қазақстан аумағында ауа райы жылы болғаны белгілі. Орта Азия мен Орта Шығыс белдеуі бойынша биік таудың болмауы Қазақстан аумағына Үнді мүхитынан келетін субтропикалық ауа райының жыл бойы сақталып тұруына қолайлы әсер етті.
Бұл кезеңде алғашқы адамдар жер бетінің үлкен аумағын қоныстанды. Аңшылықпен айналысқандықтан, оларға үлкен аймақ керек еді.
Қазіргі уақытта қазақстандық археологтер Қаратау мен Үстірттен алғашқы адамдардың тұрақтары мен еңбек құралдарын тауып отыр. Қаратаудағы Ш. Уәлиханов атындағы және Тәңірқазған, Бөріқазған тұрақтары мен Үстірттегі Шақпақата- дан табылған тас құралдары бұдан 1 млн жыл бүрын жасалған.
Қазақстан жерінен табылған ең көне тас құралдар - бір жағында жүзі бар, балтаның алғашқы түрі — чоппинг, бір немесе екі жағынан өңделіп, қыр салынған унифас пен бифас, тастың жан-жағынан шауып алғанда қалған өзегі - нуклеустер деп аталады. Ағаш шауып, аң етін кесіп, тері өңдеуде чоппинг пайдаланылған.
Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың сүйек қалдықтары табылмаса да, олардың іздері қалған аймақ жеткілікті.
Жердің геологиялық тарихында тау жоталарының түзілуіне байланысты елеулі өзгерістер орын алды. Жер қыртысының күшті қозғалысы ұлы таулар: Алтай, Тянь-Шань, Тибет, Гима лай жүйесінің түзілуіне әкелді.
Бүл өзгерістің салдары қандай болганы туралы өз ойларыңды айтыңдар.
Ежелгі тас дәуірінде Қазақстан жерінде жылдың жылы және салқын мезгілдері ауысып тұратын далалық шөлді, шөлейт табиғи орта қалыптасты. Алғашқы адамдар ауа райының бұлайша өзгеруіне бейімделді. Сол уақыттың тұрақтарынан жабайы аңдардың (жылқы, бөкен т.б.) сүйектері, тас құралдар табылды. Мұз дәуірі аяқталғаннан кейін Қазақстан аумағын саналы адамдар игере бастады.
Балама пікір. Кейбір зерттеушілер «Африкаға алғашқы адамдардың бейнесі негроидтарға емес, монғолоидтарға жақын» деп есептейді. Монғолоидтардың тіс құрылымы ежелгі неандертальдықтар мен тік жүретін адамдарға (homo erectus) ұқсас. Монғол өңдес адамдар арктикалық тундрадан бастап экваторлық ылғалды ормандарға дейінгі аумақта өмір сүруге бейімделген. Ал негроидтық нәсілдің балалары жылы ауа райына ғана бейімделген. Олар солтүстік ендікте суыққа шыдай алмай, Д витаминінің жетіспеуінен мешел ауруына жиі шалдыгады. Алғашқы адамдар қазіргі африкалықтарга ұқсаса, олар Жер шарының барлық аумағына қоныстанып, игере алмас еді.
Бүл пікірге өз ойларыңды білдіріңдер.
- Палеолит қандай кезеңдерден тұрады?
- Мұз басу дәуірі қашан басталған?
- «Қазақстан аумағындағы палеолит тұрақтары» кестесін толтырыңдар.
Тұрақ атауы | Аумагы | Табылған еңбек құралдары |
- Қаратау тұрағынан табылған алғашқы еңбек құралдары қашан жасалған?
- Жердің геологиялық тарихында қандай өзгеріс орын алды?
- Өткен тақырыптардың мазмұны бойынша «Алғашқы адамның пайда болуы» кестесін толтырыңдар.
Салыстыруға арналған сұрақтар | Дәстүрлі көзқарас | Бүгінгі зерттеу нәтижелері |
Алғашқы адамның пайда болған уақыты | ||
Жер бетіне таралып, қоныстануы | ||
Алғашқы адамның қалыптасу кезеңдері | ||
Алғашқы адам миының жетілу себептері | ||
Киімі | ||
Тұрағы | ||
Алғашқы адамның физикалық түр- түрпаты |
Жұп болып талқылаңдар.
Алғашқы адам тектестердің арасынан суық ауа райына неліктен неандертальдықтар жақсы бейімделді? Ауа райына бейімделгіш болса да не себепті неандертальдықтар жойылып кетті?
Қосымша тапсырма
Интернет қоры мен қосымша деректерді пайдалана отырып, «Палеолит дәуіріндегі Қазақстан» тақырыбында ауызша хабарлама дайындаңдар.
Ауызша хабарламаға қойылатын талаптар:
- Тақырыптың өзектілігін ашып көрсету.
- Қойылған мақсат-міндеттерді айқындау.
- Зерттеу жұмысының ерекшелігіне тоқталу.
- Негізгі түйіндерді тұжырымдау.
- Ауызша хабарламаға берілетін уақыт - 7 минут.
Хабарлама мына талапқа сай болуы тиіс:
- Мазмұндылық, ойдың нақтылығы;
- Баяндаудың дөлелділігі, сенімділігі;
- Сөйлеудің мөнерлілігі.
Хабарламаның негізгі мазмұнын ашатын слайдты таныстырылым дайындауға болады. Таныстырылым слайдтарын мәтінмен толтырмаған, күңгірт түсті фонда ірі әріптерді қолданбаған жөн екені туралы кеңес береміз.
§7. АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Адамдар тобыры. Жануарлар тіршілік ету үшін табын не үйірге бірігеді. Шөпқоректі жануарлар үнемі топ-тобымен жүреді. Жыртқыштар, мысалы, қасқырлар ірі жануарларды аулау үшін қыста үйірге топтасады, бірқатар аңдар бүл уақытта қысқы ұйқыға кетеді.
Ежелгі австралопитектер алғашында табиғи құралдарды пайдалана алмаған. Австралопитектерге ірі жыртқыш аңдар шабуыл жасап, қырып кетіп отырған.
Австралопитектердің мүндай қауіп-қатерден аман қалуына қандай жағдай әсер етті?
Алғашқы адамдар шағын топтарға бірігуге мәжбүр болды. Олар жыртқыштардан бірге қорғанып, жабайы аңдарды топтаса жүріп аулады. Тамақ талғамайтын еді.
Алғашқы адамдар уақыт өте келе тас пен таяқты пайдалануды үйренді. Бүл дағдысын одан әрі жетілдіріп, отты қажетіне жаратуды меңгеріп алды.
Отты пайдалану арқылы алғашқы маймыл тектес адамдар жануарлар әлемінен бөлініп шыға бастады. Өз ұрпағын қауіп- қатерден сақтап, оларды тамақпен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Алғашқы тобыр 20-30 ересек жандардан құралып, ұрпағын жыртқыш аңдардан ғана емес, ежелгі адамдардың басқа да топтарынан қорғайтын.
Балалар өсіп, есейген сайын адамдар тобырының құрамы да өзгеріп тұрды. Алғашқы адамдардың күш-қуаты мығым ересектері өз топтарын құратын. Өмір сүру ұзақтығы 20-22 жастан аспады. Адамдар тобыры шағын болғандықтан, шөпқоректі жануарларды аулады, олардың жыртқыш жануарлардан айырмашылығы аз еді. Құрамы жиі өзгеріп тұрса да алғашқы адамдар тобыры қауымдық қоғамның бастапқы түрі болды.
Алғашқы қауымдық қоғам. Питекантроптар кезеңінде адамзаттың алғашқы қауымдық қоғамы қалыптасқан. Тобырлық кезеңнен айырмашылығы - қауым 3-4 мыңдай адамнан құралған. Онда көсемдер мен абыз, беделді аңшылар, қарапайым қауым
мүшелері болды. Олардың арасында күрделі әлеуметтік қарым- қатынас орнықты. Осы кезеңнен бастап алгашқы қауымдық қогам заманы басталады.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас жекеменшіктің болмауымен, жекелеген адам немесе отбасылардан жоғары тұратын қоғамдық мүдденің үстем болуымен ерекшеленді. Алғашқы қауымдық қоғамда адамдар өздері жасаған жеке дүниелері: киім, аң аулау үшін әзірленген қарулар мен күркелерін ғана иеленді. Аңшылық, терімшілік, балық аулаған кезде жиналған азық-түлік қауым мүшелері арасында тең бөлініп отырды.
Алғашқы адам биологиялық түр ретінде пайда болғанмен, әлі толық қалыптаса қоймаған еді.
Қалай ойлайсыңдар, неліктен солай болды?
Адам баласы ұжым, қауыммен бірге ғана адам ретінде қалыптаса алады. Қоғамнан тыс олар сөйлеуге дағдылана және еңбек құрал-жабдықтарын пайдалана алмайды.
Қауым мүшелері арасында тыйым салудан олардың қарым- қатынастарын реттейтін заң ережелері келіп шықты. Бұл әлеуметтік қатынастардың туындап, қоғамның пайда болуына әкелді.
Алғашқы қауымдық қоғамда жынысына қарай белгілі бір еңбек түріне мамандану үрдісі қалыптасты. Ерлер аң аулады, әйелдер күркелер мен кепелер тұрғызды, терімшілікпен айналысты, тұрмыстық заттарды дайындады, ұжымдық асты әзірледі. Ал балалар үлкендерге көмектесті, есейе бастағанда ересектер өміріне дайындалды.
Алғашқы қауымдық қоғам қоныстарының төңірегінде қауымның тұрақты пайдаланатын жері болды.
Тас дәуірінің тайпалары мен рулары. Біртіндеп үлкен алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастады. Бір бөлігі негізгі мекендерден кетіп, жаңа қауым құрды. Жаңа қауым бір-бірімен шаруашылық және туысқандық қарым-қатынасын үзбеді. Бұл мезолит (орта тас дәуірі) кезеңінде күшейе түсті. Ауа райы жылына бастады, қар мен мұздың еруі сол дәуірдегі адамдардың аралдарда тұруына да қолайлы жағдай жасады. Шаруашылық және туыстық белгісі бойынша бірнеше отбасы бірігіп, ру құрады.
Палеолит қауымының мүшесі жақын туысына үйленсе, енді рулық бөліністің орнауына байланысты неке екі рудың арасында жүзеге асырылатын болды. Бұл қан араласуынан туындайтын аурулардың азаюына, бала санының көбеюіне, ру мүшелері санының артуына жеткізді.
Алғашқыда екі руды тек неке қатынасы байланыстырды, алайда біртіндеп алыс-беріс ұлғая түсті. Шаруашылық дағдысы және ортақ тіл, мәдени құндылықтармен алмасу ірі бірлестік
тердің негізін қалады. Осылайша, мезолитте тайпалық одақ қалыптасты.
Неолит — жаңа тас ғасырында Жер шарының жекелеген аймақтарында шаруашылық түрінің жаңа ошақтары шыға бастады. Олар: егіншілік, бақташылық және металл өңдеу кәсіптері еді. Неолит пен энеолит (мыс-тас) дәуірінде өндіргіш шаруашылықтың нығаюымен бірге адамның шығу тегін анықтау аналықтан әкелік белгіге ауыса бастады. Ортақ шаруашылық жүргізетін үлкен патриархаттың отбасы қалыптасты.
Тайпа ру көсемдері арасындағы келісімшарт негізінде құрылды. Тайпаға өзара туыстық жақындығы барын сезінген адамдар тобы кірді.
Тайпа - саяси одақ еді. Мұндай одақты бір көсем басқарды. Көсем тайпаға дұрыс басшылық етсе, ұрпақтары да көсем бола алатын. Қоғамда көсемнің жеке тұлғасын дәріптеу, шығу тегін құдаймен байланыстыру үрдісі орныға бастады. Мәселен, түркі халықтары арғы тегін киелі ұғым Көк бөрімен байланыстырды. Ғұн әміршісі өзін Коктің үлымын деп есептеді. Тайпа мүшелері өздерінің артықшылықтарын дәріптейтін аңыз- әңгімелерге сенді. Тайпалардың құдайдың қалауымен жаратылғаны туралы аңыздар кең таралды.
- Адамдар тобыры мен алғашқы қауымдық қоғамды салыстырыңдар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылығы неде?
- Тас дәуірі адамы қанша өмір сүрді? Мұны қалай түсіндіруге болады?
- Тас дәуірінің кезеңдерінде адамзат қоғамында қандай өзгерістер орын алғаны жайлы кесте толтырыңдар.
Тас дәуірінің кезеңдері | Қауымдағы өзгерістер |
Палеолит Мезолит Неолит |
Жұп болып талқылаңдар.
Неліктен алғашқы қауымдық құрылыс адамзат қоғамының көне үлгісі саналады? Дәлел келтіріңдер.
Қосымша тапсырма
«Алғашқы қауымдық қоғам» тақырыбында әңгіме жазыңдар.
Тарихи тақырыптагы әңгімеге қойылатын талаптар:
- Материалды терең меңгеру.
- Тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен терминдерді дұрыс қолдана білу.
- Өздігінен шығармашылық ізденіс жүргізу.
- Өз ойын нақты әрі жүйелі түрде жеткізу.
- Тақырып бойынша қосымша деректерді пайдалану.