Меню Закрыть

Қазақстан тарихы для 5 класса — Кумеков Б.

Название:Қазақстан тарихы для 5 класса
Автор:Кумеков Б., Жұмағанбетов Т., Игілікова К.
Жанр:Школьный учебник по истории Казахстана
Издательство:Атамура
Год:2017
ISBN:978-601-306-753-7
Язык книги:Казахский
Скачать:
VK
Facebook
Telegram
WhatsApp
OK
Twitter

Перейти на страницу:

Страница - 8


II ТАРАУ. ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІ. САҚТАР

§20-21. ДӘУІРДІҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ

Жайылымдық мал шаруашылығы. Б.з.б. 1 мыңыншы жы­лынан Қазақстан тарихында жаңа кезең басталады. Ол б.з.-дың VI ғасырына дейінгі аралықты қамтиды. Археолог-галымдар оған Ерте темір дәуірі деғен атау берсе, тарихшылар Ежелгі Қазақстан деп атайды. Бұл кезең күрделі тарихи өзгерістермен сипатталады. Еуразия құрлығының барлық аумағында кошпелі немесе номадизм деп аталған жайылымдық мал шаруаигылыгы дамып, кең тарала бастады. Бұл адамның жылқы малын мініс көлігі ретінде пайдалануының нәтижесінде жүзеге асырылды. Жер бетінде темір өндіріліп, күнделікті өмірге енгізілді.

Малды қолға үйрету б.з.б. 10 мыңжылдықта басталды. Б.з.б. 1 мыңжылдықта мал шаруашылығы өз алдына жеке кәсіп түрі ретінде бөлініп шықты. Егіншілік және бақташылықпен айна­лысатын тайпалар арасында еңбек бөлінісі қалыптасты. Бүған дейін де бақташылықпен ғана айналысқан тайпалар бар еді, бірақ олар аз болатын.

Бұлай бөлінудің басты себебі — табиғи-климаттық жағдайға байланысты адамдар еңбекке мамандана бастаған еді. Қола дәуі­рінің соңында, бұрын атап өткеніміздей, адам саны артты. Қазіргі Қазақстан аумағында егіншілікпен шұғылдануға жарамды жер­лердің аз болуы жергілікті тұрғындарды шаруашылықтың өзге саласын таңдауына мәжбүр етті. Бүл уақытта қола дәуірі тұр­ғындары барлық аумақта қоныстанып, отырықшы-егіншілік кә­сібімен айналысатын еді.

Еуразия құрлығының дала өңіріндегі артып келе жатқан адам санын азықпен қамтамасыз ету үшін мал басын көбейту қажет болды. Қола дәуірінде Еуразияның бос жатқан далалы алқаптары игеріліп, қыста азығын қар астынан тұяғымен аршып жеуге бейімделген мал түліктері өсіріле бастады. Адамдар енді бос жат­қан иесіз жерді, қуаңшылық өңірлерді игере бастады.

Осылайша, б.з.б. 1 мыңжылдықта жайылымдық мал шаруа­шылығы, бір жағынан, табиғи-климаттық жағдайға, екінші жағынан, адам санының артуына байланысты қалыптасты.

Аттың жүгені, қола ауыздықтар

Әйгілі зерттеуші И. Я. Златкиннің пікі­рі бойынша: «...Көшпелі мал шаруашылы­ғының шығуы мен дамуы ауа райына емес, адам санының өсуіне байланысты болды, малды асырап-бағу бақташының жаңа еңбек жағдайына бейімделуіне мәжбүр етті».

Қола дәуірінде тайпалар малды бір жайы- лымнан екіншісіне ауыстырып, баққан. Та­биғи көші-қон мезгілі жайылымдық мал бағу уақытымен және маусымдық төл алу, жүн қырқу, құдық қазу сияқты еңбек түрлерімен сәйкес келді.

Жайылымдық мал шаруашылығы сақ, сар­мат, скиф және басқа халықтарда жылқыны мініс көлігі ретінде пайдалану нәтижесінде дамыды. Атқа мінген бақташы ендігіде мал­ды ұзатып жаюға, жүздеген шақырым жерге баруға мүмкіндік алды.

Адам атты басқарып отыратын металдан жасалған ауыздық ойлап тапты. Атқа міну дәстүрі отырықшы-егіншілікпен айналыса- тындарға дала халықтарынан таралды. Дала­лықтар алысқа шабатын сәйгүлік, жауынгерлік қазанат тұ­қымдарын өсірді. Асыл тұқымды жылқылар ерекше қорғалды. Қытайлықтар Ферғана өлкесінде көгілдір түсті асыл тұқымды жылқы туралы естіп, оны қолға түсіру мақсатымен арнайы са­пар ұйымдастырған. Асыл тұқымды жылқылар сол кезде де және бүгінгі күні де өте жоғары бағаланды.

Жайылымдық мал шаруашылық түрлері. Ғылыми әдебиет­терде жайылымдық мал бағу немесе көшпелі бақташылық ша­руашылықтың бір түрі ретінде сипатталып келді.

Шындығында мал шаруашылығының Қазақстан аумағында жайылымдық, тау етегіндегі жазық далалық, тебінді-өрістік түр­лері болды. Мал шаруашылығының мұндай салалары жер бедері мен бақташының әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты еді.

Қазіргі қазақстандық тарих ғылымы Қазақстан аумағында ша руашылықтың бүл түрі үстемдік еткен кезде де, егіншілік кәсібі сақталынып қалғанын анықтады. Сондықтан Қазақстанның барлық тұрғындарын түгелдей дерлік «көшпелі» деп айту дүрыс емес.

Сол себепті бұған дейін айтылып келген «көшпелі мал шаруа шылығы» ұғымын біз «жайылымдық мал шаруашылығы» деген атаумен ауыстырдық.

«Көшпелі мал шаруашылығы» және «жайылымдық мал шаруа шылығы» терминдеріне қатысты өз пікірлеріңді білдіріңдер. Қайсысы дцрыс деп ойлайсыңдар?

Жайылымдық мал шаруашылығы малға жеке отбасылық меншікті заңдастырды. Оның нәтижесінде қоғамда әлеуметтік теңсіздік орнықты. Бай шаруашылықтардың арасынан ру-тайпа көсемдері шықты. Біртіндеп қоғамдағы билік дәулетті адамдарға ауыса бастады.

Мал шаруашылығында жыл бойы қой мен ешкі, жылқы өсірілді. Осы түліктер тебіндеп жайылатын, яғни қыста қардың астынан шөпті тұяқтарымен аршып жей алатын еді.

Жоларалык анықтамалық. Малдың үш түрі ғана түяғымен қар астындағы шөпке тебіндеп жайыла алады. Олар қой мен ешкі, жыл­қы. Сиыр тебіндеп жайыла алмайды, сондықтан оған арнап жемшөп, қысқы азық даярланады.

Сиырды әдетте кедей отбасылар ұстады, себебі олардың маусымдық көшіп-қонуға мүмкіндіктері жоқ еді. Сиыр сүтті көп берді. Кедейлер негізінен сүт тағамдарымен қоректенді.

Жайылымдық мал шаруашылығының басты түлігі қой еді. Қой күтімді аса қажет етпейді, тез өсіп-өніп, жүн мен төрі, етті көп береді, суық пен ыстыққа төзімді келеді.

Ерте темір дәуірінің басты жаңалығы - адамдардың темір өңдеуді меңгеруі дедік. Б.з.б. 1 мыңжылдықта адамдар метео- риттік темірді ғана білді. Темір алтыннан да қымбат бағаланып, Көк құдайының сыйы есептелінді.

Көшпелілердің тұрмысы

Қола дәуірінің соңында адамдар жер бетінен темір кенін тапты. Темір біртіндеп кең таралған металға айнал­ды. Еңбек құралдары мен соғыс қару­лары сапасы мен беріктігі жағынан басқа түсті металдардан асып түсті.

Мал шаруашылығымен айналыс­қан дала тұрғындары темірді отырық- шы-егіншілік кәсібімен айналысатын халықтармен бірдей меңгеріп алды. Темірден жасалған еңбек құралдары бақташы тайпалардың күнделікті тұр­мысында кең қолданылды. Ат әбзел­дері мен қару-жарақ жасауда пайдала­ныла бастады.

Қола дәуірінің, кен қорыту пештері темірді балқытуға да пайдаланылды. Бірақ мұндай темірде қоспалар да жетерлік еді. Бұл оның сапасына кері әсер етті. Біртіндеп адамдар тәжірибе жинақтап, темірді балқытпай қыздыру арқылы еңбек құралдары мен қару-жарақ жасайтын болды. Темірді ендеудің бұл тәсілі қазіргі күнге дейін қолданып келеді, оны металды «салқын өңдеу» деп атайды.

  1. Темір дәуірі шаруашылығында қандай өзгерістер орын алды?
  2. Б.з.б. 1 мыңжылдықта жайылымдық мал шаруашылығының қалыптасуына қандай факторлар әсер етті?
  3. Темір дәуірінде меншіктің қандай түрі пайда болды?

 Жұн болып талқылаңдар.

Қазіргі қазақстандық тарих ғылымында «көшпелі мал шаруашы­лығы» атауының орнына неліктен жаңа ұғым — «жайылымдық мал шаруашылығы» термині қолданылады?

Қосымша тапсырма

«Дәуірдің негізгі сипаттамасы» тақырыбында ауызша хабарлама дайындаңдар.

§22-23. САҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЗБА ДЕРЕКТЕР

Дала өркениетінің қалыптасуы. Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен айналысатын тайпалар қола дәуірінде ортақ этникалық негізде біртұтас мәдениет қалыптастырды.

Белгілі қазақстандық антрополог О. Ысмағұлов үндіиран- дық сақтардың арғы тегі андрондықтар екендігін дәлелдеп шықты. Ежелгі Иран аумағында өркениетті мемлекет құра бастаған парсылар далалық үндіирандықтарды жинақы атаумен «тұрандықтар» деп атады. Парсы деректері тұрандықтардың отырықшы ирандықтармен үнемі жауласып өткенін көрсетеді.

Бұл кезеңде атты әскер үлгісінде жақсы қаруланған, «сақ- скифтік аң стилі» мәдениетіндегі жетілген тайпалар бірлестігі қалыптасты. Ерте темір дәуірі тұрғындарында металл өңдеу кә­сібі дамыды, сауда гүлденіп, ірі жетістіктерге жетті.

Парсы деректеріндегі сақтар бейнесі

Тайпаның бай үстем тан өкілдері - өмірші-көсем, әскербасылар мен абыздар ақсүйектерге айналды. Үлкен «патшалық» қорғандар, яғни көсемдерді қымбат бұйымдары, қару-жарағы, әшекейлерімен қоса жерлейтін күрделі қабірлер тарала бастады.

Даланың бақташы тұрғындары жайлы жазба деректер. Ер­тедегі мал шаруашылығымен айналысқан ірі тайпалық бір­лестіктер туралы жазба деректер өте аз кездеседі. Олар жайлы біз тек парсы, рим, грек жазба деректерінен біле аламыз. Бұл деректер өз уақытының энциклопедиясы сынды тарихи, гео­графиялық еңбектерде сақталған.

Томирис. А. Дүзелхановтың суреті

Иран аумағында үлкен Бехистун жартасы орналасқан. Сол жартасқа Ахеменид әулеті билеушісінің жазбалары қашап жазылған. Ежелгі парсы империясының билеушілері солтүстік шегарадағы мал шаруашылығымен айналысатын тайпаларға үнемі дерлік жорықтар ұйымдастырып отырған. Парсы патша­сы I Дарийдің осындай бір жорығында сақтарды жеңіп, көсемін тұтқынға алғаны жазылған.

Грек тарихшысы Геродот грек-парсы соғыстары тарихын жа­зып қалдырған. Геродоттың мәліметінше, парсы патшасы Кир әскерімен Сырдарияға келіп, массагеттердің көсемі Томириске (Тұмар ханым) елші жібереді. Парсылар массагеттердің бағы­нуын талап еткенмен, сақ көсемі одан бас тартады. Кир Томирис- тің ұлы Спаргаписті қапыда қолға түсіреді. Спаргапис тұтқын­да өзін-өзі өлтіреді. Үлының өлімі туралы хабарды естіген Томи- рис үлкен әскермен Кирге қарсы аттанады. Б.з.б. 529 жылы Сыр бойында қанды шайқас өтіп, парсылар қатты шығынға ұшы­райды. Геродоттың айтуынша, патшайым Томиристің сарбазда­ры жаяу және аттың үстінде соғысқан. Аңыз бойынша, Томирис парсы патшасы Кирді өлтіреді. Қан толтырылған торсыққа оның басын салып: «Сен қанға тоймаушы едің, енді тойғаныңша іш!» — деген екен. Геродот бұл оқиғаның негізінде аңыз жатқанын баса айтады.

Кирдің Орта Азияны жаулау саясатын оның ізбасары I Да­рий (б.з.б. 521—486 жылдар) жалғастырды. Антикалық автор Полиэн I Дарийдің үлкен әскер жасақтап, сақ жеріне енгенін жазады. Сусыз шөлден I Дарий әскерді қиындықпен алып шыға­ды, алайда жорық сәтсіз аяқталады. I Дарий әрең дегенде дала­лық тайпаларды күшпен бағындырып, салық төлеуге мәжбүр етеді. Сақтардың бір бөлігін өзіне қосып алады. Парсы әскері құрамында сақтар Мысыр мен Грекияда соғысады. Фермопиль- дегі шайқаста ерлігімен көзге түседі. Платея түбіндегі ұрыста батырлықтың таңғажайып үлгісін көрсеткен сақтар барлық грек-парсы соғыстарына қатысқан.

Парсы әскері

Сақтар сонымен қатар Ахеменидтер мемлекетін бағындыр­ған Ескендір Зүлқарнайынмен (Александр Македонский) де соғысқан. Ескендір б.з.б. 330-327 жылдары Соғды астанасы Маракананы (Самарқан) басып алып, Сырдарияға бағыт алады.

Сырдария бойындағы қалаларды бағындырады. Ескендірдің бұйрығымен Сыр бойында Александр-Эсхата (шеткі Алексан­дрия) аталған қала тұрғызылады. Қаланың салынуы жергілікті тайпалардың мазасын кетіреді. Олар гректерді өзеннің екінші жағында тұрып садақпен ата бастайды. Сақтардың күтпеген жерден бас салатын қолайсыз шабуылдары Ескендірдің әскерін кері шегінуге мәжбүр етеді.

Сақ тайпаларының көсемі Аршак парсы жерінің бірқатар аймағын басып алып, Парфия мемлекетінің негізін қалады. Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстандағы үндіирандық тайпала­ры бақташылық пен егін шаруашылығын ұштастырған іргелі өркениет құрды.

  1. Сақтардың тарихына қатысты қандай жазба деректер бар?
  2. Қазақстан аумағындағы сақ тайпаларының орналасуы қандай деректерде айтылған?
  3. «Сақтарихы бойынша жазба деректер» кестесін толтырыңдар.
Дерек атауыАвторыМәліметтер
   
   

4. Ескендір Зұлқарнайын Қазақстан аумағында қай уақытта болды?

5. Сақтардың парсылар және Ескендір Зұлқарнайын әскерімен шайқасы туралы баяндаңдар.

Жүн болып талқылаңдар.

Сақтар көрші халықтармен қандай қарым-қатынас жасады?

Қосымша тапсырма

«Әлем тарихындағы сақ тайпалары. Сақтардың парсы және Ес­кендір Зұлқарнайын әскеріне қарсы күресі» тақырыбы бойынша ауыз­ша хабарлама дайындаңдар.

Ауызша хабарламаға қойылатын талаптар:

  1. Тақырыптың өзектілігін ашып көрсету.
  2. Қойылған мақсат-міндетті айқындау.
  3. Зерттеу жұмысының ерекшелігіне тоқталу.
  4. Негізгі түйіндерді тұжырымдау.
  5. Ауызша хабарламаға берілетін уақыт - 7 минут.

Хабарлама мына талапқа сай болуы тиіс:

  1. Мазмұндылық, ойдың нақтылығы.
  2. Баяндаудың дөлелділігі, сенімділігі.
  3. Сөйлеудің манерлілігі.

Хабарламаның негізгі мазмұнын ашатын слайдтармен көркем безендірілген таныстырылым дайындау қарастырылады.


Перейти на страницу: